Қызба



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Қызба
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер
Қызба деп әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстык, компенсациялық қүбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады. Дене қызымы организмнің тіршілігін сипаттайтын белгілі тұрақты физиологиялық көрсеткіштің бірі болып келеді. Ол организмнің күрделі термореттеу механизмдерімен қамтамасыз етіледі және қалыпты жағдайда 36,5-37°С деңгейінде ұсталып түрады. Организмнің термореттеу механизмдері жогары деңгейге көтерілгенде дене қызуы пайда болады.
Бұл кезде пирогендік (грек. ругеіоз — ыстық, … ген-туындататын) заттардың әсерлерінен термореттеу орталықта-рының әрекеттерінің өзгеруі дене қызымының көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу механизмдері бұзылмай сақталып, жогары деңгейге көтеріледі.
Қызба пайда болу себептеріне қарай инфекциялық жөне бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Иифекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жануарлардың, мгійда саңырауқүлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан құйылу, аллергия, ісік өсу, цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. Мысалы, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда крупозды пневмония қызбасыз және ауыр түрде өтеді. Бұл организмнің жалпы тезімділігі төмендеуімен, энергия түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен, зат алмасу қарқынының төмендеуімен және эндогендік пирогендердің түзілуі бүзылуына байланысты. Қызба дамуында пирогендерден басқа заттардың да, әсіресе гормондардың, маңызы үлкен. Тиреотоксикоз кезінде жүқпалы аурулар тым қатты ет ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады.
Дене қызымының бір деңгейде ұсталып тұруы денеде орталық нерв жүйесінің әрекеттерімен қадағаланатын жылу өндіру мен оны сыртқа шығару процестерінің тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі.
Жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтары алдыңғы және артқы гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар өзара тығыз байланыста болады.
1.Ахметов Ж.В.Патологиялық анотомия. Алматы-2003.127-155.

2.Струков А.И. патологиялық анатомия.жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.

3.Хасенова К.Патологиялық физиологиядан дәрістер жинағы.Түркістан 2005.

4.Нұрмұхамбетұлы Ә.Патофизиология:оқулық.Алматы-2007.

6.Интернет желісі.

7. "Основы физиологии человека" Агаджанян, Власова, Ермакова.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы : Қызба

Орындаған: Тәтіғали А.Д
Тексерген: Нуркенова М.К

Семей 2015 жыл
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Қызба
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер

І Кіріспе

Қызба деп әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстык, компенсациялық қүбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады. Дене қызымы организмнің тіршілігін сипаттайтын белгілі тұрақты физиологиялық көрсеткіштің бірі болып келеді. Ол организмнің күрделі термореттеу механизмдерімен қамтамасыз етіледі және қалыпты жағдайда 36,5-37°С деңгейінде ұсталып түрады. Организмнің термореттеу механизмдері жогары деңгейге көтерілгенде дене қызуы пайда болады.
Бұл кезде пирогендік (грек. ругеіоз -- ыстық, ... ген-туындататын) заттардың әсерлерінен термореттеу орталықта-рының әрекеттерінің өзгеруі дене қызымының көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу механизмдері бұзылмай сақталып, жогары деңгейге көтеріледі.
Қызба пайда болу себептеріне қарай инфекциялық жөне бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Иифекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жануарлардың, мгійда саңырауқүлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан құйылу, аллергия, ісік өсу, цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. Мысалы, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда крупозды пневмония қызбасыз және ауыр түрде өтеді. Бұл организмнің жалпы тезімділігі төмендеуімен, энергия түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен, зат алмасу қарқынының төмендеуімен және эндогендік пирогендердің түзілуі бүзылуына байланысты. Қызба дамуында пирогендерден басқа заттардың да, әсіресе гормондардың, маңызы үлкен. Тиреотоксикоз кезінде жүқпалы аурулар тым қатты ет ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады.
Дене қызымының бір деңгейде ұсталып тұруы денеде орталық нерв жүйесінің әрекеттерімен қадағаланатын жылу өндіру мен оны сыртқа шығару процестерінің тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі.
Жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтары алдыңғы және артқы гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар өзара тығыз байланыста болады.
Қызбаның сатылары

Қызба үш сатыда өтеді:
1. температураның көтерілуі сатысы (stadium incrementum)
2. температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы (stadium decrementum)
Қызбаның әр сатысынды организмде дене қызымының реттелуі әртүрлі болады.
Температураның көтерілу сатысы. Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (крупнозды пневмония, грипп, безгек, бөртпе сүзек т.б.), кейдке біртіндеп, бірнеше күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т.б.) көтерілуімен басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады. Шеткі қан тамыр тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төмендейді. Бұлшық еттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндірілуі күшейеді. Жиырылған қылтамырдарда қан айналымы баяулауына байланысты тері бозарып, суыйды. Арқаның, қолдардың, кейде жалпы қаңқа еттерінің талщықтарының еріксіз жиырылулары болады. Бұл кезде жиырылған еттер пайдалы жұмыс атқармайды ,тоңу сезімімен, дененің қалтырауымен қабаттасады.
Температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы. Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге көтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт тұрақтанып тұрады. Бұл кезде жылудаң сыртқа шығарылуы да жоғарлайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. Бұл сатыда қызбаның келесі түрлерін ажыратады:
1. шамалы (субфебрильдік) қызба - дене қызымының 38[0]С-ға дейін көтерілуі
2. орташа қызба -38-39[0]С
3. қатты қызба -39-40[0]С
4. асқын (гиперпиреттік) қызба -41[0]С-тен астам көтерілуі.
Температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы. Қызбаның бұл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу өндірілуден басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы қалыпты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызба сатылары
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Қызба немесе лихорадка жайлы ақпарат
Жылу алмасу.қызба
Қызба ауруы
Қызба немесе лихорадка
Қызба және оның сатылары
Жылу реттеу жүйесі
Ішкі секрециялық бездер жайлы мәлімет
Жылу соққысы - жедел экзогендік гипертермия
Пәндер