Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлеріне мысалдар



Қандай да болсын ақын-жазушының шығармаларына тілдік тұрғыдан қойылар негізгі талап - олардың көркемдік деңгейі. Әдеби туындыны көркем дүние деп атау, ал оның авторын шынайы қаламгер деп тану үшін шығарма белгілі бір көркемдік талаптарға жауап беруге тиісті. Ал көркемдіктің өлшемі - қолданылған сөздің ойды бере алатындай орынды һәм бейнелі қолданыстарға ие болуымен тығыз әрі тікелей байланысты. Проза мен драмаға қарағанда, поэзия тіліне қойылар көркемдік талап жоғары. Өйткені, "Поэзия өмір шындығын ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой жеткізудің құралы". Көркем ойды жеткізудің соған сай поэтикалық жүйесі қалыптасады. Мұндай көркем жүйенің әр авторға тән өзіндік сипаты болады. Мәселен, кейбір қаламгерлер шығармаларында теңеу мен эпитеттер, кейбір ақын-жазушыларда ауыспалы мағынадағы поэтикалық құралдар, үшіншілерінде синтаксистік айшықтаулар көбірек кездеседі. Б.Күлеев шығармаларының тілінде эпитет, теңеу, метафора, инверсия, қайталау сияқты поэтикалық құралдар мейлінше көбірек қолданыс тапқан.
Б.Күлеев өлеңдерінде осындай көркемдік, бейнелілік тудыратын сөздердің ең үлкен тобы - эпитет сөздер. Кезінде А.Байтұрсынов "Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтуынсыз келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөзді қосып айтамыз" деп жазған. Айқындау, яғни, эпитет-көркем әдебиеттің бейнелілік тудыратын аса мол ресурстарының бірі. Эпитет те теңеу сияқты троптарға, синтаксистік фигураларға жатпайды. Өйткені троптар ауыспалы мағынада тұрса, ал айшықтаулар немесе фигуралар сөздің сөйлемдегі орнымен, қайталануымен немесе тіркес жасау ерекшеліктерімен, яғни олардың синтаксистік құрылысымен байланысты. Кейбір ақын-жазушылардың тілін зерттеуде эпитетті троптың шеңберінде қарастыру ұшырасып жатады, оның тура мағынадағы сөз екендігі, әуелгі семантикалық ерекшелігі бұрмаланып беріліп жүрген жайы да бар. Троптарды қолдану жазушының көркем ойының астарлы ойлау жүйесіменбайланысты болса, эпитетті қолдану оның байқампаздығын аңғартады.
1) Ахметов З. О языке казахской поэзии. Алматы, 1975.
2) Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1984.
3) Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы, 1978.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы,
жасалу түрлеріне мысалдар

Орындаған: Әлиханқызы А.

ПД-305

Тексерген: Секей Ж.С.

Семей қаласы

2015 ж

Қандай да болсын ақын-жазушының шығармаларына тілдік тұрғыдан қойылар
негізгі талап - олардың көркемдік деңгейі. Әдеби туындыны көркем дүние деп
атау, ал оның авторын шынайы қаламгер деп тану үшін шығарма белгілі бір
көркемдік талаптарға жауап беруге тиісті. Ал көркемдіктің өлшемі -
қолданылған сөздің ойды бере алатындай орынды һәм бейнелі қолданыстарға ие
болуымен тығыз әрі тікелей байланысты. Проза мен драмаға қарағанда, поэзия
тіліне қойылар көркемдік талап жоғары. Өйткені, "Поэзия өмір шындығын
ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді
десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой жеткізудің құралы". Көркем ойды
жеткізудің соған сай поэтикалық жүйесі қалыптасады. Мұндай көркем жүйенің
әр авторға тән өзіндік сипаты болады. Мәселен, кейбір қаламгерлер
шығармаларында теңеу мен эпитеттер, кейбір ақын-жазушыларда ауыспалы
мағынадағы поэтикалық құралдар, үшіншілерінде синтаксистік айшықтаулар
көбірек кездеседі. Б.Күлеев шығармаларының тілінде эпитет, теңеу, метафора,
инверсия, қайталау сияқты поэтикалық құралдар мейлінше көбірек қолданыс
тапқан.
Б.Күлеев өлеңдерінде осындай көркемдік, бейнелілік тудыратын сөздердің ең
үлкен тобы - эпитет сөздер. Кезінде А.Байтұрсынов "Бір нәрсені көптен
айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтуынсыз келгенде, ол нәрсенің атына
айқын көрсеткендей сөзді қосып айтамыз" деп жазған. Айқындау, яғни, эпитет-
көркем әдебиеттің бейнелілік тудыратын аса мол ресурстарының бірі. Эпитет
те теңеу сияқты троптарға, синтаксистік фигураларға жатпайды. Өйткені
троптар ауыспалы мағынада тұрса, ал айшықтаулар немесе фигуралар сөздің
сөйлемдегі орнымен, қайталануымен немесе тіркес жасау ерекшеліктерімен,
яғни олардың синтаксистік құрылысымен байланысты. Кейбір ақын-жазушылардың
тілін зерттеуде эпитетті троптың шеңберінде қарастыру ұшырасып жатады, оның
тура мағынадағы сөз екендігі, әуелгі семантикалық ерекшелігі бұрмаланып
беріліп жүрген жайы да бар. Троптарды қолдану жазушының көркем ойының
астарлы ойлау жүйесіменбайланысты болса, эпитетті қолдану оның
байқампаздығын аңғартады.
Эпитет арқылы тіркестер жасау Б.Күлеев поэзиясында негізінен алғанда
табиғат көркін берумен байланысты. Жалпы, бұл - дәстүрлі ерекшелік. Табиғат
лирикасында эпитеттер қашан да көбірек қолданылған. Мәселен, жасыл жапырақ,
сұрғылт бұлт, қыналы қыр, тобылғылы қызғалдақ, жылтыр қанат көбелек, жазғы
таң, қырмызы қыр, т.с.с. Адамның түр-түсін, заттың ерекше белгісін беруде
де эпитеттің өзіндік мәні бар. Мәселен, үлкен қала, елең-алаң күй, қатты,
қара жартас, сүйікті анам, сұлу қыз, адал жүрек, ақ ниетті перизат, т.б.
Бернияз белгілі бір эпитеттерді бірнеше рет қайталай қолдана отырып та,
бейнелілік тудырады:
Жаңа дүние, жаңа тұрмыс, жаңа жан,
Жаңа бағыт, жаңа иман, жаңа заң,
Қашан, қайда болды ескілік-есте жоқ,
Бәрінде де жаратылыс жаңадан*
"Не істер ем?"
Эпитеттер ақын шығармаларында үш түрлі жолмен жасалады:
1. Сын есімдер ешбір жұрнақсыз түбір күйінде тұрып, зат есімнің сипатын,
сынын айқындайды. Мысалы: қалың ағаш, жарық жұлдыз, жас ақын, ақ қағаз,
көркем көз, т.с.с.;
2. Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар арқылы. Мысалы: жаз-ғы таң, қыс-
қы боран, айбар-лы азамат, аршын төс-ті ел, бу-лы арал, т.с.с.;
3. Заттың не құбылыстың айрықша белгісін көрсететін сөздер ретінде
етістіктер де қолданылады. Мысалы: қиқулаған қаз, жүгірген аң, майысқан
гүл, т.с.с.
Теңеу сөздер де Б.Күлеев шығармалары тіліндегі ең актив қолданылған
лексикалық бірліктер қатарынан орын алады. Эпитет сөздерді қолдануда
экспрессивтілік айқын көріне бермейді. Себебі, біріншіден, сөз тура
мағынасында тұрғанда экспрессияға бейімдік таныта қоймайды. Ал теңеулерде
түсінік ассоциациясы семантикалық жағынан алғанда басқа сөздің тіркесінен
барып қалыптасады да, теңеулердің лексика-семантикалық структурасында
экспрессоидық қуат жатады. Сондықтан да теңеу сөздерде стильдік реңк
эпитеттерге қарағанда айқынырақ байқалады. Теңеулер Бернияздың әр жылдары
жазылған әр алуан тақырыптағы өлеңдері мен поэмаларында кездесе береді.
Ақын қолданған теңеулерді сипатына қарай авторлық теңеулер және бұрынғы
әдебиетте бар дәстүрлі теңеулер деп екіге бөлудің жөні бар сияқты.
Автордың дара шығармашылық қолтаңбасынан шыққан теңеулерінде екі сөзден
жасалған теңеулердің саны көбірек. Мәселен,
Қаптаған қап тауындай қалың күшпен,
Аямай салдың маған салмағыңды
"А, жалған білім жаңа алдарыңда"
Ақ сұңқардай айналаға көз салып,
Жастық алтын тұрған кезде бабында
"Қайтер едің?"
Мұңды жүрек улы дәрі
Толтырылған сарайдай.
Байырғы теңеулер авторлық теңеулерге қарағанда көбірек қолданылған. Бұлар
- халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жырауларда,
Махамбетте, Абайда, одан беріде Мағжанда қолданылған теңеулер. Мысалы:
селдей, моншақтай, қызғалдақтай, айдаһардай, арыстандай, жолбарыстай,
найзадай, алдаспандай, қырмызыдай, таудай, жіптіктей, судай, дариядай
т.с.с. Ауыз әдебиеті шығармаларында теңеу сөздер сын есім тудыратын -дай,
-дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы да, секілді, сияқты, тәрізді, бейне,
сықылды деген септеуліктер арқылы да жасалған. Жалпы қазақ тіліндегі
теңеулерді Т.Қоңыров жасалу жолдарына қарай он топқа бөлгендігі белгілі. Ал
теңеулердің синтаксистік құрылысына келгенде, ғалым оларды жалаң теңеулер,
күрделі теңеулер, бірыңғай теңеулер, толымды теңеулер, толымсыз теңеулер,
болымсыз теңеулер деп алтыға бөліп қарастырады. Бернияз Күлеев
шығармаларының тілінде синтаксистік құрылымына қарай жіктеліске түскен
теңеулердің бұл алты түрі де ұшырасады.
Жалаң теңеулер - теңеудің байырғы түрлерінің бірі. Т.Қоңыровтың айтуынша,
теңеудің бұл түрінде сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері толық
болмайды немесе кейбірі түсіріліп айтылады. Ондай теңеулер, синтаксистік
тұрғыдан келгенде, жалаң сөйлемге ұқсайды. Т.Қоңыровтың жалаң теңеулер деуі
де осыдан туындаса керек.
Қайрат қызса, құмды судай сапырдық,
Таудай істі түк көрместен жапырдық.
Аламыз деп алтын айды аспаннан
Арыстандайайбат шегіп атылдық
-деген төрт өлең жолынан тұратын үзіндіде судай, таудай, арыстандай деген
үш теңеу бар десек, сөйлемдердің морфологиялық тұлғасына= көрініп тұрғандай
"сен" деген қимылды атқарушы, істі жүзеге асырушы субъект жасырын тұр.
Сонымен бірге бұл екі сөйлемде тұрлаусыз мүшелер де толық емес. Мұндай
жалаң теңеулер Бернияздың өлеңдері мен поэмаларында көптеп кездеседі, сол
себепті де теңеудің өзге түріне қарағанда осы жалаң теңеулер ең көп
қолданылған деуге негіз бар.
Өзінің құрылысы жағынан күрделі теңеу - жалаң теңеуге қарама-қарсы құбылыс.
"Мұндане образ, (көбіне образ) не предмет немесе екеуі де өздеріне бүтіндей
күрделі ұғымды негіз етіп алады да, соның нәтижесінде күрделі ойға
негізделген, шытырман суретке құрылған, эмоциялық-экспрессивтік әсері күшті
теңеулік образдар жасалады", - дейді Т.Қоңыров. Теңеудің осындай күрделі
түрі Б.Күлеев поэзиясында да көрініс тапқан. Негізінен, мұндай екі немесе
одан да көп тілдік компоненттерден жасалатын теңеулер адамның не құбылыстың
кейпін беруде қолданылып, суреттеліп отырған объектіге мейлінше бейнелілік
үстемелейді. Айталық: шын сұлудай, ақ сұңқардай, алтын қияқты найзадай,
айбатпен аузын ашқан айдаһардай, жас жігіттей көңілі шағылмаған, зіл тастай
момын көңіл т.с.с. Бұл теңеулердің қай-қайсысында да жалаң теңеулерге
қарағанда, образ айқын, автордың айтпақ ойы, поэтикалық идеясы бүтін
берілген.
Теңеу сөздердің келесі бір түрі - бірыңғай теңеулер. Бірыңғай теңеулер
конструкцияға құрылған. Бұл теңеулердің өзге теңеулерден басты айырмашылығы
- олар бірдей морфологиялық тұлғада тұрып, бірыңғай синтаксистік қызметте
болады. Ең бастысы бірыңғай теңеулер арқылы автордың айтпақ ойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлерін мысалдар арқылы көрсету
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы, жасалу түрлері
Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы
Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» атты романына зерттеу, талдау
Метафора эквиваленттілігі
Теңеулердің жасалу жолдары
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық ерекшеліктері
Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ
Пәндер