Менеджмент туралы ақпарат


менеджмент
Кіріспе
«Менеджмент» оқу құралы курс бағдарламасына сәйкес жазылған және әр түрлі салаларға арналғандықтан менеджменттің өткен және қазіргі кездегі тұжырымдамалары, әдіснама негіздері мен оның қызметтері, коммуникация, басқару шешемдерінің жіктелуі, өндірісті басқару және персоналды басқарудың ерекшеліктері, сонымен қатар бизнесті басқару мәдениеті қарастырылған.
Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, көздеген мақсаттарға тиімді жету жолдары болып табылады.
Соған сәйкес, менеджменттің әдіснамалық аспектілерін теориялық тұрғыдан талдап, оның Қазақстан жағдайындағы даму жолдарын қарастыратын, сонымен қатар ғылыми-практикалық және материалдық үлкен көмегі тиетін бұл еңбектің студенттер мен оқытушыларға және қазіргі заманғы басқару жүйесінің мәселелері қызықтыратын мамандарға аса пайдалы деп ойлаймын. Қазіргі менеджментке қатысты мәселелер әр түрлілігімен және көп қырлылығымен ерекшеленеді.
Оқу құралындағы «Менеджменттің тарихы және әдістемелік негіздері» деп аталатын бірінші бөлімінде менеджменттің түсінігі, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ басқарудың ғылыми тәсілдері, даму эволюциясы туралы баяндалған.
Екінші бөлім «Менеджмент технологиясы» деп аталады. Мұнда кәсіпорын дамуының стратегиясы мен мақсаты, оның қойылым принциптері, басқарудың экономикалық әдістері, менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз етілуі, ұйымдастыру функциялары, коммуникациялық процесс және оны жетілдіру жолдары, басқару шешімдерін жүзеге асыру тәсілдері сөз болады.
«Өндірісті басқару» атты үшінші бөлімінде өндіріс процесі, тәуекелділікті басқару, ұйым менеджменті тиміділігінің көрсеткіштері мен критерийлері, инновациялық саясат, инновациялық процесс және оны басқару тәсілдері қарастырылған.
Оқу құралының «Персоналды басқару» атты төртінші бөлімінде ұжым мен тұлға түсінігін және оның түрлерін, психологиялық сипаттамасын, тұлға мен ұжым арасындағы қарым-қатынас ерекшелігін, сонымен қатар бизнесті ұйымдастыру мәдениеті мен іскерлік этикеттің еңбек процесінде қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы кезінде туындайтын белгілі бір міндеттердің, принциптер мен тәртіп нормаларының жиынтығы екені түсіндірілген.
Оқулықтағы мәтіндер, кестелер және суреттер ұйым өміріндегі әр түрлі құбылыстарды, басқару процестерін, басқару қызметтерін, құрылымдарын, шешім қабылдау логикасын, ұжым мен жеке тұлғаларды басқаруды, яғни жалпы басшылық жүргізуді дұрыс ұғынуға мүмкіндік береді.
І БӨЛІМ. Менеджменттің тарихы және ӘДІСТЕМЕЛІК негіздері
1. Менеджмент қызмет түрі ретінде
1. 1 Басқару және оның элементтері
Қоғам жаратылғаннан бастап әлеуметтік үрдістер басқаруды материалдық және рухани өмірдің шарттарын жасауды қажет етеді.
Өндірісті басқару еңбектің қоғамдық сипатымен байланысты. Ол еңбек, кооперация бөлінісімен және өндіріс масштабының кеңеюі барысында қызметтің дербес түріне айналды. Бұл басқару субъектісінің белгілі бір нәтижеге жету үшін оның объектісіне мақсатты түрде бағытталған әсердің процесі.
Басқару субъектісі биліктік әсер етуден шығатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Субъекттің биліктік құзыреті, әсердің экономикалық және моральды-этикалық рычагтары басқару объектісінің негізі саналады.
Басқару объектісі әлеуметтік-экономикалық жүйелер мен процестер, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Басқару ғылымдары негіздерінің құрылуы өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында басталды. Басқару процесі бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Олар:
- уақыт пен кеңістікте үздіксіз жүзеге асады;
- барлық қажетті кеңістікті қамти отырып, тек қана басқару актісін жүзеге асыру кезінде ғана емес, сонымен қатар келесі кезеңдерде әрекет етеді;
- терең саралау, талдау белгілі бір мақсаттарды орындауды қажет етеді;
- басқару субъектісінің объектіге әсер етуінде мақсатпен қатар қойылатын нәтиже алынуы қажет: қойылған мақсаттардың нәтижеге сәйкес келуі басқарудың сапасын да жоғарылатады.
Басқару қызметі еңбек процесінің спецификалық түрлілігімен сипаттала отырып, оған қатысты еңбек, еңбек заты, еңбек құралдары және еңбек нәтижелері сияқты элементтерді қамтиды.
Басқарудағы еңбек заты мен оның нәтижесі ақпарат болып табылады. Алғашқыда ол «шикі», сондықтан да тәжірибеде қолданыла алмайды. Басқару қызметі нәтижесінің негізінде шешім шығарылады, яғни басқару объектісі арқылы нақты іс-әрекеттерді қабылдай алатын жаңа ақпараттар жасалады.
Басқару еңбегінің құралдары болып ақпараттармен жұмысты жүзеге асыруға көмектесетін барлық заттар енгізіледі: компьютерлер, телефондар, қаламсаптар және т. б.
Басқару жалпы түсініктер мен категориялардың кезектесіп нақтылану процесімен байланысты (сурет 1. 1) .
Әрбір мақсатты бағытталған қызмет түрінің негізін, соның ішінде басқару қызметінің негізін табиғаттың, қоғамның және ойлаудың объективті заңдары құрайды. Ойлау заңдары қоғам заңдарының құрамдас бөлігі, ал қоғам өз кезегінде оның құрамына кіріп, заңдарына бағынатын табиғаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Табиғат заңдары тұрмыстың жалпы негіздері мен объективтік әлемнің дамуын тереңдете, жалпылата көрсетеді.
Басқарудың жалпы заңдарынан жеке заңдар бөлініп шығады.
Сурет 1. 1 Басқарудың түсініктемесі мен категориясының байланысы
Басқару заңдары екі түрлі мағынаға ие: заң шығарушы билік қабылдайтын актілер ретінде және табиғат пен қоғамдағы объективтік қажеттілік ретінде.
Заңдардан басқару принциптері бөлініп шығады - олар басқарушылық қызметтің бастапқы, фундаменталды және базалық идеялары. Идеялар мақсаттарды тудырады. Мақсаттар дегеніміз - басқару субъектілері қол жеткізгісі келетін идеалды ақырғы нәтиже. Алдына мақсат қойған соң көптеген міндеттерді шешу қажет. Міндеттер - бұл сұрақтар мен шарттардың жиынтығы. Оны белгілі бір әдістердің көмегімен шешеді, яғни мақсатқа жету үшін басқару субъектісінің объектіге әсер етуі. Әдістер функциялар арқылы жүзеге асырылады, яғни басқарушылық еңбек процесінен ерекшелінетін қызметтің арнайы түрі. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар функция қызметінің объектісі болып табылады.
Заңдар, принциптер, мақсаттар, әдістер, функциялар және т. б. категориялар басқару процесіндегі объективті-субъективті байланыстардың көптүрлілігін сипаттайтын басқару механизміне кіреді (Сурет 1. 2) .
Әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелермен басқару процесі ақыр соңында адамдардың тәртібін басқарады және олардың қызметтерін мотивация мен ынталандыру арқылы жүргізеді.
Басқару қатынастары тиімді болу үшін көптеген шарттар орындалуы тиіс.
Біріншіден, басқарудың субъектісі мен объектісі бір-біріне сәйкес келуі қажет, егер бұндай сәйкестілік болмаса, оларды түйістіру қиынға соғады, жұмыс барысында олар бір-бірін түсіне алмайды, нәтижесінде өздерінің потенциалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Бұдан басқа басқару объектісі мен субъектісі қызмет ету үрдісінде бір-біріне сыйымды болуы керек. Болмаса, мұндай жұмыс нәтижесінде олардың арасында кері әсер тудыратын қайшылықтар басталуы мүмкін.
Сурет 1. 2 Объективті-субъективті байланыстар жүйесіндегі басқару механизмі
Екіншіден, басқарудың субъектісі мен объектісі қатыстылық түрдегі өзіндік күшке ие болуы қажет. Басқару субъектісі мен объектісі барлық қызығушылықтары мен оның қызметінің қандай да бір оқиға кезіндегі түрлі нұсқаларын қарастыра алмайды. Басқару субъектісі көптеген себептерге сәйкес шешімнің өзін кешіктіруі мүмкін, мұның нәтижесінде ол өз уақытын жоғалтады және де объект үшін теріс нәтижелер пайда болуы мүмкін.
Үшіншіден, басқарудың объектісі мен субъектісі бір-біріне басқарушылық ақпаратқа мән беріп, кері байланыс принциптеріне негізделген өзара әсер етуімен пайда болады.
Төртіншіден, басқару субъектісі мен объектісі нақты өзара әрекеттесуіне қызығушылығы болуы қажет: біреуі осы жағдайға қажетті команданы беруге, екіншісі - сол командалардың нақты және дер кезінде орындалуына. Субъектінің басқару мүмкіндігі құрылған командаларға сүйене отырып, объектінің дайындығымен байланысты болады. Басқаша айтқанда, басқарушылық қызметтің қатысушыларының өз мақсаттарына жету деңгейі объект қажеттілігінен бөлініп шығатын басқарудың өзінің мақсаттарға жету дәрежесіне тікелей тәуелді болуы керек. Егер субъект пен объект меншік қатынасымен байланысты болмаса, онда ол басқарудың басты мәселесін құрайды.
Басқару еңбегінің үш негізгі формасы бар:
- эвристикалық;
- әкімшілік;
- оперативтік.
Эвристикалық еңбек басқару объектісінің алдында тұрған кез-келген мәселелерді саралау мен талдау іс-әрекеттерінің жиынтығы, сонымен қатар стратегиялық сипатта - басқарушылық, экономикалық, техникалық негізде шешімнің көптеген нұсқаларын дайындаумен түсіндіріледі. Бұл жұмыстарды мәселенің қиындығы мен специфицикасына сәйкес мамандар мен әр түрлі деңгейдегі басшылар орындайды.
Әкімшілік еңбек көбінесе басшылардың қимылына сәйкес келеді және бағыныштылардың қызметіне ағымдық координация жасайды және бағалайды. Бұл еңбек бірнеше формада жүзеге асады: қабылданған шешімдердің орындаушыларға ауызша және жазбаша жеткізілуімен және олардың нұсқауымен байланысты өкімдер шығару; бағыныштылардың жұмысына бақылау жасау, оларды марапаттау немесе жазаға тарту; жиналыс жасау процесінде ақпараттармен алмасуды ұйымдастыру (кеңес, әкелушілерді қабылдау, іскерлік келіссөздер жүргізу, хаттар мен телефон қоңырауларына жауап беру, жұмыс орнында мәжілістер өткізу) .
Оперативтік еңбек өндірістік және басқарушылық процестерді қажетті ақпараттармен техникалық қамтамасыз етуге бағытталған. Ол құжаттармен жұмыс істеу, бастапқы-есеп беру және есепке алу, коммуникативті-техникалық, есептік және формалды-логикалық сияқты қызмет түрлерін қамтиды. Бұл жұмыстармен мамандар мен техникалық қызметкерлер айналысады.
Сонымен, басқару - бұл кез-келген еңбек процесінің ішіндегі элемент пен функциялар. Басқару процесі - өніммен тікелей байланысқан өндірістік процестің белсенді элементі. Оның мазмұны өндірістің талаптары мен басты заңдылықтарынан тұрады. Өндірістің үздіксіздігі мен циклдылығына байланысты басқару процесі де үздіксіз немесе циклді болуы қажет, оның құрылымы мен заңдылықтарына жауап беруі тиіс.
1. 2 Басқару жүйесіндегі менеджмент
Менеджмент фирманы, өнеркәсіпті нарықтық экономикада басқару жүйесі ретінде олардың тиімді қызмет етуі мен дамуына қажетті жағдайларды алдын-ала айтады. Бұл жерде сөз нарықтың сұранысы мен тұтынуына байланысты жеке тұтынушылардың сұраныстары ғылыми-техникалық нәтижелерді кеңірек қолдану шаруашылық аралық қатынастарды реттеумен байланысты нарықтық қатынастар заңдылықтарымен объективтік қажеттілік тудыратын басқару жүйесі (принциптері, функциялары, тәсілдері, ұйымдастырулар) туралы болып отыр.
Ағылшын сөзі "менеджмент" бүгінгі күнде барлық адамға танымал. Қарапайым сөзбен түсіндіргенде менеджмент - бұл алға қойған мақсатқа еңбекті, интеллектіні, басқа адамдар әрекеттерін, тәсілдерін қолдана отырып жетік білу. Менеджмент (басқару) - әр түрлі ұйымдардағы адамдарды басқару қызметінің түрі.
Бұл сонымен қатар, тиісті функцияны орындауға көмектесетін адам білімінің саласы. Сонымен, менеджмент - басқару жұмыстарын жүзеге асыратын менеджерлердің, адамдардың қызмет саласы.
Менеджмент ғылым ретінде 30-шы жылдарда түбегейлі рәсімделді, сол уақытта осы қызмет түрінің мамандыққа, білім аясында жеке пәнге, ал әлеуметтік қабат сәйкесінше - қоғамдық өктем күшке айналғаны белгілі.
Қазіргі уақыттағы менеджменттің теориясы мен практикасы екі түрлі себепке байланысты үлкен маңызға ие.
Біріншіден, Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасқа көшуі негізгі шаруашылық бөлімшелер - өнеркәсіп, өндірістік құрылым деңгейінде басқарудың түрлері мен тәсілдерін зерттеуді қажет етеді. Мұндай тәжірибені отандық кәсіпорындар мен бірлестіктерде практикада қолдану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Екіншіден, отандық өнеркәсіптер мен құрылымдардың әлемдік нарыққа кеңінен шығуы басқа елдердегі менеджменттің практикада қолданылуын оқытуды қажет етеді. Алайда, шетелдік тәжірибе қаншалықты жаңа және прогрессивті болғанымен оның құндылығы дәл солай қайталайтын үлгі ретінде емес, жеке тәжірибені талдау үшін салыстырмалы ақпараттар көзі ретінде түсіну қажет.
Әлемдік тәжірибемен таныс болу табыс көзі болып табылады. Кәсіпорынды басқару саласындағы кемшіліктер неғұрлым тезірек жойылса, соғұрлым экономиканың потенциалдық мүмкіндіктері толығымен ашылады, менеджменттің өнім сапасы мен оның бәсекелестік мүмкіндігі көтеріледі.
Кәсіпорын басшылары технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің бастамашылары болуға тиіс. Табыстың ең маңызды факторларының бірі - жоғары кәсіби, экономикалық, әлеуметік және технологиялық мәселелерге мүдделі, кәсіпорын жұмысының нәтижесіне жауапкершілігі жоғары жаңа түрдегі басшыларды үздіксіз теориялық және практикалық оқытып отыру.
2. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
2. 1 Менеджмент түсінігі
Менеджмент - бұл басқарудың экономикалық әдістерін қолдану арқылы материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолымен белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби әрекетнің дербес түрі.
Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы басқару. Ол мыналарды қарастырады:
- кәсіпорынның нарықтық сұранысы мен қажеттіліктеріне, сұранысы бар өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру және белгілі тұтынушылардың талаптарына бағытталуын;
- өндіріс тиімділігін арттыруға, аз шығындарымен оңтайлы нәтижеге жетуге тұрақты талаптануын;
- кәсіпорын мен оның бөлімдер әрекетінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау еркіндігін қамтамасыз ететін шаруашылық тәуелсіздігін;
- нарық жағдайларына байланысты бағдарламалар мен мақсаттарына тұрақты түрде түзетім енгізуді;
- нарықтағы айырбас процесіндегі кәсіпорын мен оның бөлімдері әрекетінің соңғы нәтижесін шығаруын;
- оңтайлы шешімдерін қабылдау кезінде көп нұсқалы есептеулер жүргізу үшін компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпарат базасын қолдану қажеттілігін.
“Менеджмент” термині “басқару” терминіне мағынасы жағынан ұқсас болып келеді. Демек, “басқару” термині “менеджментке” қарағанда кеңірек ұғымды білдіреді. Себебі, ол адам әрекетінің көп түрлілігіне (мысалы, көлік құралдарын басқару) ; әр түрлі әрекет ету салаларына (мемлекетті басқару) ; басқарудың әр түрлі органдарына (қоғамдық пен мемлекеттік ұйымдарын, сонымен қатар кәсіпорын бірлестіктеріндегі басқару) байланысты көптеген мағыналарда қолданылады.
Ал, «менеджмент» термині тек қана нарық жағдайында әрекет ететін кәсіпорын деңгейінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару мағынасында қолданылады.
«Менеджмент» ұғымының мәнін қарастыру кезінде бірқатар жағдайларына назар аударған жөн. Менеджмент, кәсіби әрекеттің дербес түрі ретінде, менеджердің, оның қызмет етіп отырған кәсіпорын меншігінен тәуелсіз екендігін білдіреді. Ол сол кәсіпорынның акционері де, жалданбалы қызметкері де болуы мүмкін.
Менеджер еңбегі қызмкеткерлер біліктілігінің жоғары деңгейі мен жоғары технологиялық өндірістің бірігуі жағдайында пайда болатын өндіруші еңбек боп табылады. Өндіріс процесінің тұтастығы мен байланыстылығын қамтамасыз ете отырып, менеджмент көптүрлі мамандарды біріктіреді. Олар: өндірістік бөлім немесе кәсіпорынды басқаратын менеджердің қол астында жұмыс істейтін инженер, маркетологтар, экономистер, психологтар, бухгалтерлер және т. б.
Басқаруға деген талаптарының өсуі технологияның күрделілігі мен кәсіпорын көлемінің ұлғаюымен анықталады. Қазіргі кезде қаржылық, экономикалық, ұйымдастырушылық мәселелері бойынша барлық шешімдер, сол шешімдердің жүзеге асырылуына бақылау жүргізетін басқару саласындағы мамандарымен дайындалады.
Менеджментке қарасты, шаруашылық қызмет деп, біріншіден, өнеркәсіп, сауда, құрылыс, көлік, банк, сақтандыру сияқты экономиканың кез келген саласындағы, екіншіден, өндіру, өткізу, қаржы сияқты әрекет етудің кез келген саласындағы, егер де ол кәсіпорынның белгіленген мақсаттарына байланысты соңғы нәтиже ретінде пайда немесе кәсіпкерлік табысты алуға бағытталатын болса, кәсіпорын қызметі түсіндіріледі.
«Менеджмент» тек қана пайда (кәсіпкерлік табыс) алу мақсатында өз қызметін іске асырушы кәсіпорындар санаттарына байланысты қолданылады. Менеджмент тек қана өндірістік кәсіпорындар қызметін емес, сонымен қатар банктердің, сақтандыру қоғамдардың, туристік агенттіктердің, көліктік компаниялардың, қонақ үйлерінің, өндірістік кәсіпорындар қызметінің дербес экономикалық суъектілері ретінде, нарыққа қатысушы басқа да шаруашылық бірліктерін қамтиды.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мазмұны өндірісті барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мен жалпы алғандағы, технологиялық циклін ұйымдастыру, яғни ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу; технологияны жетілдіру; өнім сапасының талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету; тауар жылжыту операцияларын, коммерциялық операцияларын жүргізу; есептеулердің барлық түрлерін жүзеге асыру; техникалық қызмет көрсету; материалдық-техникалық жабдықтау; қаржы ресурстармен қамтамасыз ету; персоналды таңдау болып табылады.
Кәсіпорынның қызметі тиімді болу үшін әр түрлі қайнар көздерінің ресурстарын қойылған мақсаттарын шешу үшін пайдалана білу мен жаңа мүмкіндіктерін тұрақты ізденісіне негізделген жұмыс стилі талап етіледі.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мазмұнындағы өзгерістер, ең алдымен, көптеген жеке және ұжымдық меншік иелерінің пайда болуы мен меншік сипатындағы өзгертулерімен байланысты.
Кәсіпорын қызметінің болашақтағы мақсаттарын анықтау менеджментте ең бастысы болып табылады. Мақсаттарды қою арқылы басқару потенциалының мүмкіншіліктерін бағалау мен тиісті ресурстармен қамтамасыз етуін есепке алумен жүзеге асырылады. Мақсаттар жалпы және арнайы болып ажыратылады. Жалпы мақсаттар жалпы алғандағы фирманың даму концепциясын, ал арнайы мақсаттар - әрекет етудің негізгі түрлері бойынша жалпы мақсаттардың шегінде құрастырылады.
Материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану минималды шығындар мен максималды нәтижелілік жағдайында мақсаттарға жетуді көздейді. Бұл белгілі мотивация негізінде бір топ адамдардың жалпы мақсаттарына жетуге өз іс-әрекеттерін бағыттап, басқару процесі арқылы жүзеге асады.
Кесте 2. 1 Фирма ішіндегі басқару
Орталықтандыру мен
Орталықсыздандыру тіркемесі
Кесте 2. 2 Өндірісті басқару
Инновациялық
Менеджмент
Өндіріс процесін қамтамасыз
ету
Мәселелі- бағыттанушылық басқару.
Бағдарламалы- бағыттанушылық оқыту.
Кесте 2. 3 Персоналды басқару
Басқарудың әлеуметтік-психологиял.
аспектілері
Менеджменттің экономикалық механизмі айырбас процесінде бағаланатын шаруашылық қызмет және басқару нәтижелеріне тиісті нарық талаптарымен объективті түрде анықталады.
Менеджменттің экономикалық механизмі 3 блоктан тұрады (1-3 кесте) :
- Фирма ішіндегі басқару;
- Өндірісті басқару;
- Персоналды басқару.
2. 2 Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Менеджменттің соңғы мақсаты техникалық-технологиялық базасын дамыту мен өндірісті басқару, сонымен қатар әр жұмысшының шығармашылық белсенділік пен біліктілігін арттыруымен қатар кадрлық потенциалын тиімді қолданудан құралатын өндіріс процесін рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайдалы қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz