Демалыс және еңбекті ұйымдастыру
Демалыс және еңбекті ұйымдастыру мәселелерін зерттеуші Е.Комаров «патриоттық еңбек режимі және персоналдың демалысы» атты оқиғаға жолыққандығы туралы айтып берді. Шет елден Ресейге шақырылған механик жөндеушілер күні түні станоктың жанынан шықпай жұмыстарын жасай беруді ұйғарады. Олар ешбір қонақ үй және қонақжайлықты керек етпейді. Олар шет елдің азаматтары болғандықтан, оларға қонақ үйде тұру қымбаттырақ түскендіктен сол кәсіпорынның өзінде тұруды қалайды. Советтік үкіметтің басты мақсаты барынша көп мөлшерде танк, ұшақ, әскери құрал жабдықтар шығару болып табылды. Дегенмен адамның организмі дем алуды қажет етеді. Адам организмінде қалыптасқан физикалық және рухани шаршау ертелі кеш өзін көрсетеді. Қызық, рас емес пе? Дегенмен осы жайында ойланып көрейік. Әрқашанда жұмыс істей беру керек пе? Демалыс индустриясы - кәсіпорын және ұйымның қызметі, адамның физикалық, рухани және интелектуальдық күш жігерін, қайратын қалпына келтіруге көмектесуді мақсат етуші қызметі. «Туризм индустриясы» және «демалыс индустриясы» ұғымдарын бір деп қарастыруға болады. Себебі туризм демалыстың ең басты әдіс тәсілі.
Туризм ¬– бұл әлемдік және ішкі нарықтың (стимулятор) сараптаушысы және кез келген мемлекеттің қазынасына пайда түсіретін басты сала.
Туризм - экономика саласы, бизнес, таным, спорт және демалыс түсінігіне орай оқу құралында тек қана қонақ үй шаруашылығы оның мазмұны, құрылымы және туристік бизнестің кейбір түрлерін шолу беру нәтижесінде туристік саладағы мамандарға кәсіби білімін жетілдіруге қажетті мәліметтер жинақталған.
Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің дамуы үшін, туристік рекреациялық көптеген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемлекеттерде туризмнің потенциалды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен . Себебі бұл мемлекеттердегі туристік индустрияның салалары халықаралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристтерді қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.

1. Мазбаев О. Б., Омаров Қ. М. «Қонақ үй шаруашылығы»,
2006 ж.
2. www.rixos.com
3. www.google.kz
4. www.rixosastana.com
5. «Rixos President Hotels Astana» отелі жайлы мәліметтер қоры жазылған каталогтар, журналдар және брошюркалар.

КІРІСПЕ
Демалыс және еңбекті ұйымдастыру мәселелерін зерттеуші Е.Комаров патриоттық еңбек режимі және персоналдың демалысы атты оқиғаға жолыққандығы туралы айтып берді. Шет елден Ресейге шақырылған механик жөндеушілер күні түні станоктың жанынан шықпай жұмыстарын жасай беруді ұйғарады. Олар ешбір қонақ үй және қонақжайлықты керек етпейді. Олар шет елдің азаматтары болғандықтан, оларға қонақ үйде тұру қымбаттырақ түскендіктен сол кәсіпорынның өзінде тұруды қалайды. Советтік үкіметтің басты мақсаты барынша көп мөлшерде танк, ұшақ, әскери құрал жабдықтар шығару болып табылды. Дегенмен адамның организмі дем алуды қажет етеді. Адам организмінде қалыптасқан физикалық және рухани шаршау ертелі кеш өзін көрсетеді. Қызық, рас емес пе? Дегенмен осы жайында ойланып көрейік. Әрқашанда жұмыс істей беру керек пе? Демалыс индустриясы - кәсіпорын және ұйымның қызметі, адамның физикалық, рухани және интелектуальдық күш жігерін, қайратын қалпына келтіруге көмектесуді мақсат етуші қызметі. Туризм индустриясы және демалыс индустриясы ұғымдарын бір деп қарастыруға болады. Себебі туризм демалыстың ең басты әдіс тәсілі.
Туризм - - бұл әлемдік және ішкі нарықтың (стимулятор) сараптаушысы және кез келген мемлекеттің қазынасына пайда түсіретін басты сала.
Туризм - экономика саласы, бизнес, таным, спорт және демалыс түсінігіне орай оқу құралында тек қана қонақ үй шаруашылығы оның мазмұны, құрылымы және туристік бизнестің кейбір түрлерін шолу беру нәтижесінде туристік саладағы мамандарға кәсіби білімін жетілдіруге қажетті мәліметтер жинақталған.
Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің дамуы үшін, туристік рекреациялық көптеген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемлекеттерде туризмнің потенциалды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен . Себебі бұл мемлекеттердегі туристік индустрияның салалары халықаралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристтерді қабылдай алмауда, басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемлекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.
Дамушы мемлекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін, қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемлекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр.
Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін , осы салада қызмет ететін мамандардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар осы саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің саласы - бұл адамдар арасындағы қарым - қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй - ақылы өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақсы сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйлері ретінде, осы үйге қайта - қайта келу тілегін қалыптастыру керек. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты - туристер үшін сапалы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.
Қазіргі уақытта 2003 - 2005 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламасы жасалған. Бағдарламаның басты мақсаты - Республикада қазіргі заманға сай жоғарғы нәтижелі бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету. Сондықтан қонақ үй және туристік бизнес бұл мәселелерді қарастыруда өзекті мәселенің бірі.
Оқу құралы мазмұны қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуының негіздерін қамти отырып олардың құрылымдарына, менеджментіне, маркетинг мәселелеріне жауап бере отырып, қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселеріне тоқталады.
Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуының негіздеріне қысқаша тоқтала кетейік.
Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) б.э.д 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.
Ежелгі Греция, Ертедегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, кубелерге, саяхатшыларға арналған ертедегі қонақ үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері т.б. болып саналған. Жоғарыдағы қонақ үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен.
Сол замандағы негізгі көлік ретінде аттарды пайдалану, ат қоршаулары мен тұрақтар болуымен қатар адамдар тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға арналған бұл кешендерге әжептәуір өзгерістер енгізілген. Қосымша театр сахналары пайда болған. Қонақ үй иелері өз жанұясымен, құлдары мен қызметшілері келген қонақтарға қызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету деңгейі жоғарғы сапалы көлемді қызмет көрсетумен ерекшелінген.
Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетінің даму тарихы мен тұспа тұс келеді.
Қазіргі таңда қонақ үй сервисінде демалу мүмкіншіліктері толық дамыған деуге болады. Туристтердің қалауы және қаржылық жағдайына қарай дүниенің кез келген жеріндегі қонақ үйде дем ала алады.
Сонымен қонақ үй шаруашылығы керемет демалу тәсілін жүзеге асырушы, ал екінші жағынан демалысты ұйымдастыруды мақсат етуші адам өмірінің негізгі мотивациясына арналған. Адам көп уақытын өзіне, отбасына көңіл бөліп, отбасымен демалысқа шығып, қоғамдық ұйымдарға қатысып, білім алып, спортпен шұғылданса, оның еңбек ету, өмір сүру қабілеті арта түседі.
Қазақстан қонақжайлығының қалыптасуының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың алғашқы ғасырларына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтытынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалалардан немесе елді - мекендерден шатыр құрып түнейтін болған. Сондықтан, олар ерте кезеңдердегі қонақ үй кешені болып керуен - сарайлар деген атауға ие болған. Керуен - сарайлар керуеннің тұрғылықты және сату ауласы болып табылса керек. Сол ғасырларда қолайлы қызмет көрсету ұғымы Азияда Еуропаға қарағанда әлдеқайда ілгері болғанымен де, шығыстағы керуен - сарайлар ақша табу мақсатында емес, саяхатшының демалысы мен саудасын дамыту мақсатында салынғаны тарих арқылы белгілі.Осыншама тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 195 - ке жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттіккомцен - нің бекіткен құрылыс нормалары бойынша қонақ үйлер үшін жеті разряд тағайындалған: Люкс (5*, 4*, 3*), Жоғары дәрежелі А, Жоғары дәрежелі Б, I ,II, III, IV. Сонымен қатар туристік кешендерді қолдану үш разрядқа бөлінеді: турбазалар, приюттар және кемпингтер - А, Б және В. Мұндағы разряд түрлері қонақ үйлердегі сияқты бір - біріне сай келеді.
Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс - әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы: нарық жағдайына байланысты қызмет көрсету деңгейі алуан түрлі, жеке меншік басқару формасы жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.
Қазіргі қонақ үйлерді классификациялау жүйесі мемлекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассосациясының үлгісі бойынша және сертификациялық ережелерінің заңдастыру материалдық базасының заңдық сипаты, сервистік жағдайға, қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.
Қонақ үй классификациясы әр елдерде әр түрлі категорияларға бөлініп, отызға жуық атауға ие. Біртекті классификацияға келуге көптеген себептер мүмкіндіктер бермейді. Оларға мемлекеттердің тарихы, мәдени даму деңгейі, туристік қызмет көрсетудегі ұлттық дәстүрлер ерекшелігі және сапалы қызмет көрсетудегі бағалауы және сипаты әсер етеді.
1, 2, 3 жұлдызды қонақ үй шаруашылығының комфорттылығы, ассортименттері және қызмет көрсету бағасының әртүрлігі. Ассортименттері және қызмет көрсетулердің бағасы бойынша, қонақ үй шаруашылығын бірнеше типтерге бөлуге болады.
Арзан қонақ үйлер немесе қызмет көрсету сервистерімен шектелген (мотельдер, үнемдеу класына жататын қонақ үйлер және т.б.) - көрсетудің кейбір түрлері ғана ұсынылады. Кейде, кейбір қонақ үй шаруашылықтары , қызмет көрсету түрлерін кең көлемде ұсынады, бірақ орташа деңгейде.
Орташа деңгейдегі қонақ үйлерді (курорттық қонақ үйлер, жеке меншік қонақ үйлер және т.б.) - кез - келген әлеуметтік деңгейі орташа туристтер тобы таңдай алады. Бұл жерде қызмет көрсету түрлері орташа.
Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліп қарауға болмайды. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелдедемалуды әдетке айналдырған - 48,8%, ішкі туризм бойынша -37,9% көрсетсе, туристтердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16,3% ғана жетеді.
Қазақстанға туристтерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үйинфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді.
Алматының Еуразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен қатар қалада көптеген саммиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, көрмелер, яғни конгресті және іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетін бірнеше бас қосулар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар, ол көктем және күз айларына келеді. Қысқы, әсіресе жазғы кезде бизнес туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, Қазақстанға іскерлік мақсатпен келетін туристердің арасындағы түрлі деңгейдегі қонақтар бар. Бірақ іскер адамдармен бизнес туристердің қонақ үймен отельдерге деген нақты талаптары бар - ол сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай, әрі комфортабельді орналастыру орындары болуы керек. Ал 5* қонақ үйге келетін болсақ, онда қонақ үй бизнесі мамандардың айтуынша, бір орынды нөмірге тәулігіне 290 $ төлейтін туристердің арқасында Алматыдағы әлемдік құрылымдағы The Rejent Ankara және Hyatt Rejency қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр.бірақ алғашқы бекітілген баға көп жағдай қалыпты баға болып саналмайды да, нөмірлер түрлі жеңілдіктер бойынша да өткізілуі мүмкін. Ол жеңілдіктер: мысалы, корпоративті клиенттерге немесе отельмен бірге жұмыс жасайтын туристік операторларға берілуі мүмкін. Көрсетілетін жеңілдіктер орасан зор болуы да ықтимал: кейбір туристік фирмалар Алматының 5* қонақ үйінің бір орынды нөмірін прайста көрсетілген бағадан 30% түсіреді. Бірақ The Rejent Ankara немесе Hyatt Rejency деңгейлес қонақ үйлерінің мейрамханалардың, түнгі клубтардың, казино, фитнесс орталықтарының, конференйзалдарының болуы салдарынан. Аталмыш орындар жергілікті компаниялардың презентация, семинар немесе пресс - конференцияларды ұйымдастыруында белсенді түрде жалға алынуда. Кейбір деректерге сүйенсек қонақ үйлердің негізгі жұмысы емес, осындай қосалқы қызметтері олардың нарық алаңында қалуын қамтамасыз етеді. Бірақ басқа да көзқарастың барлығын да мойындау керек. Мысалы: Назигүл Шорманованың айтуынша қонақ үйдің негізгі кірісі оның басты жұмысынан ғана келеді. Ал ғимарат ішінде казино, түнгі клуб, мейрамхана, авиакасса және т.б. болуын тек туристтердің ұсынысынан туындағанын айтып түсіндірді. Қалай дегенмен де қосалқы қызметі бар қонақ үйлердің кірісі, ондай қызметсіз қонақ үйлерге қарағанда жоғары екендігін статистика көрсетіп отыр. Яғни қонақ үйдің қосымша қызмет көрсетуі жоғары сұранысқа ие.
Қазақстандағы бірдей жұлдызды қонақ үйлердің сапа деңгейінің әр түрлі екендігі ешкімге жұмдақ емес. Тіпті, арнайы маман емес, қарапайым турист көзімен - ақ кейбір жұлдызы төмен қонақ үйлердің қолайлығымен қызмет көрсету деңгейі, оның жоғары жұлдызды ағайындарына қарағанда әлдеқайда биік екендігін көруге болады.
Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығы жайла айтып өттім. Ендеше Қазақстандағы бір қонақ үйге тоқталайық. Өткен оқу жылындағы өндірістік практикамды Астана қаласында орналасқан Риксос Президент Астана отелінде өткендіктен, осы отельдегі қызметтер жайлы қысқаша мағлұматтар. Rixos President Astana отелі Қазақстан Республикасының әкімшілік орталығы Астананың ең көрікті бөлігінде және халықаралық әуежайдан 12 шақырым жерде орналасқан. Rixos President Astana отелі керемет архитектурасымен, көз тартарлық интерьер дизайнымен және жоғарғы дәрежелі қызмет көрсетумен ерекшеленеді.
Rixos President Hotels Astana отелі: автотұрақ және оның тәулік бойы күзетілуі; Жүк тасу қызметінің ұсынылуы, жалпы отель және әр бөлмеде сейфтер орналасқан; Ақша валютасын айырбастайтын жері бар; жаңа технология бойынша жабдықталған, өте жайлы лифт қызметтері, отель ішіндегі мейрамханалар, барлар, конференцзалдар; Бизнес орталығы және интернетке шығу мүмкіндігінің жоғарғы дәрежелілігі; Әуе және темір жол билеттерін сату қызметі; СПА орталығының қызметтері: бассейн, душ, сауна, түрік моншасы, массаж, сән салоны, фитнесс орталығы, медбике қызметтері, демалу бөлмесі; отельдегі бөлмелер саны 168. Олардың ішінде: Стандартқа сәйкес екі адамға арналған бөлмелер саны - 12. Стандартқа сәйкес бір адамға арналған бөлмелер саны - 107. Екі адамдық делюкс саны - 24. Бір адамдық делюкс саны - 12. Мүгедектерге арналған бөлме - 1. Және де президенттік апартаменттер - 12. Әр бөлме жаңа технология бойынша: орталықтандырылған кондиционер, теледидар, радио, фен, интернет желісі, тұрғын және ванна бөлмелерінде телефон желілірі, мини бар және т.б. құрал - жабдықтармен толық жабдықталған. Бөлмелерге тәулік бойы қызметтер көрсетіледі. Олар: кір жуу және химиялық тазалау қызметтері, бөлмелерді жинастыру және күнделікті төсек ауыстыру қызметтері, room service, яғни бөлмелерге сусын және тағам тасымалдау қызметтері.
Осы аталып өткен қызметтер халықаралық стандарт бойынша жүргізіледі және де өте жоғары дәрежеде. Менің ойымша, Қазақстан Республикасында осындай қонақ үйлердің болуы, өте жақсы дәреже. Сол себепті, осындай қонақ үй шаруашылығын тоқтатпай, жаңартып, жоғарға дәрежелерге жеткізу.
Ал енді, шетелдердегі қонақ үй жүйелігіне тоқталатын болсақ, ол төмендегідей:
Австрия мемлекеті қонақ үйлері 5* Еуропа қонақ үй жүйесіне жатады. Ауылды елді мекендерде кішігірім қонақ үйлер категориясыз ең арзан орналасу және түнеу орны болып саналады.
Ұлыбритания қонақ үйлері өте жиі тараған қонақ үй класификация жүйесіндегі тәжі (корона) немесе кілт сипатында болып келеді. Еуропа елдеріндегі қонақ үйлерге қарағанда тәжі жұлдыздық жүйеліктен бір сан жоғары болып есептелінеді (5* - алты тәжіге). Сонымен қатар мұнда (ВТА) Британдық Туристік Агенттілік классификациясы жиі пайдаланады. Бұл қонақ үй бағасына байланысты әдемі, арнайы туристік топтарға арналып жасақталған қонақ жай орындары.
Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздық категорияға сай мынадай бес категория белгілері енгізілген.
Т - туристік класс. Ол екі жұлдыздық қонақ үй болып есептелінеді.
F - бірінші класс. Бұл үш жұлдызды қонақ үй деп есептелінеді.
FS - супер класс. Суперкласс - төрт жұлдызды қонақ үйге сай келеді.
L - люкс, DL - өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес жұлдызбен тең.
Германия қонақ үйлерінің жүйелігі мемлекеттік бес жұлдызды белгіге ие. Орналастыру тәртібінің іс шаралары: қонақ үйлер, курортты, қонақ жай мекемелері, отель, пансиондар деп аталады. Осылар орташа ауқаттыларға арналған.
Греция мемлекеті қонақ үйлеріне әріппен белгілеу негізге алынған. Олар төрт категорияға жатады. Жоғарғы сапалы қонақ үйге - DL, ал бес жұлдызға сай - А, үш жұлдызға - В, екі жұлдызға - С, бір жұлдызды - Д әрпімен белгіленген. Сонымен қатар қарапайым орналастыру орындарына кішігірім аппартаменттер, жеке пәтер үйлер және қонақтарға арналған орындар. Олар негізінен әуежай, автобекет, теміржол бекеттері, порттар маңында шоғырланған.
Египет жерінде бес жұлдызды жүйелік барлық қонақ үйлерге тән. Бірақ кез келген қонақ үйлер жұлдыздары Еуропа елдеріндегі қонақ үй жұлдыздарынан 1не 2 жұлдызға артығырақ, көрсетілген. Еуропадағы екі жұлдызды қонақ үй қызметі Египеттегі төрт жұлдызды қонақ үйге тән.
Испания категориялық деңгейі жұлдызды болып келген. Қонақ үйлердің топтарының ерекшеліктері бар. Қонақ үйлерге арналған жұлдыздық жүйелік 1 - 5 жұлдызға дейін белгіленген. Бунгало, жеке аппартаменттер 1 - 4 жұлдызды белгілерге сай қызмет көрсетеді. Пансиондар мен қонақтарға арналған жайлар 1 - 3 жұлдызды категорияға сай жұмыс істейді. Өте қарапайым орналастыру орындар 1 - 2 жұлдызды юолып келеді.
Италия қонақ үйлері Еуропа қонақ үй белгілерінің үлгілеріне сай, үш категориядан тұрады. Бірінші категория - 4 - жұлдызды қонақ үйлері біріктіреді. Екінші категория үш жұлдызды қонақ үйге, үшінші категорияға екі және бір жұлдызды қонақ үйлерді топтастырады.
Қытай республикасында жұлдызды классификациядан қарапайым қонақ үйлерден бастап бес жұлдызды комфортты қонақ үйлер кешендерін кездестіруге болады. Өте арзан тұраққа хостельдер жатады. Студенттік жатақханаға сай қонақ үйлер көптеп тараған.
Мальдив аралдары қонақ үйлері өте жайлы, жоғары сапалы қызмет көрсете алады. Ең жоғарғысы Стандарт ауқатты демалушыларға арналған . DL қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, Балалар кешені жанұялық топтарға арналған арнайы тұрақтар.
Мальдив жері туристік рекреациялық аймақ болғандықтан лауазымды адамдарға арналған Президенттік кешен деп аталатын қонақ үйлерді де кездестіреміз.
Мальта мемлекетінің қонақ үйлері бес жұлдызды классификациялық жүйе жаңа ұлттық құрылымды ендірген кезде сақтала отырып оларды үш категорияға бөледі:
1 категория Алтын
2 категория Күміс
3 категория қола
Мексикада бес жұлдызды классификациялық жүйелік Еуропаға ұқсас. Кластың деңгейі бірнеше критерий негізінде ерекшелінген. Олардың саны 52 - 108 дейін. Сонымен қатар бес жұлдыздыдан да жоғары категория Гранд туристо - деп аталады.
Біріккен Араб әмірлігіндегі қонақ үйлер бес жұлдызды классификацияға жатады. Сонымен қатар жекеленген вилла, аппартаменттер өте көп кездеседі. Оған себеп климаттық және т.б. жағдайлар. Қала шетінде категориясыз жататын орынды қонақ үйлер кездеседі. Онда негізінен өндіріс жұмысшылары және әр түрлі сала қызметкерлері тұрады.
Ресей Федерациясында бес жұлдызды қонақ үйлер 1995 жылдан бастап пайда болды. Ресейдің ұлттық қонақ үйлер ассоциациясына қабылдануымен тікелей байланысты. Қазірде Кеңестік кезеңнен қалған разрядтық қонақ үйлер әлі сақталған.
Франция қонақ үйлері жұлдызды жүйеде болуы тарихи аспектіге ие. Ең алғаш жұлдыз жүйелігіне көшкен француздар болып табылады. Сондықтан мұнда барлық қонақ үйлер толығымен жұлдыздық бірлікке енгізілген.
Түркия мемлектінің туристтік аймақтарының ең атақты әрі дамыған мекендері: Анталья, Кемер, Сиде, Аланьи болып табылады. Олардың қонақ үйлеріне келетін болсақ, отельдердің басым көпшілігі 5*-ды және де барлық халықаралық стандарттарға сай болып, көрсетілетін қызметтер номенклатурасы өте үлкен болып келеді.
Туризмнің астанасы Түркия мемлекетіндегі Rixos Hotels отельдер жүйесі тек қана All inclusive - All Exclusive жүйесі бойынша жұмыс атқарады.
Rixos Hotels отельдер жүйесінің мақсаты - мінсіз қызметтерді ұсыну, қонақтармен жақсы қарым - қатынастар орнату және оларға жоғары дәрежеде қызмет көрсету болып табылады. Rixos Hotels отельдер жүйесі Rixos Magazine мен бірлесіп жұмыс атқарады.
Rixos Hotels отельдер жүйесі үлкен танымдылыққа ие курорттық зоналарда орналасқан. Олар Дубай, Хорватия, Австрия, Түркия және Қазақстан. Rixos Hotels отельдер жүйесінің құрамында СПА және сауықтыру орталықтары, мейрамханалар және үлкен көлемді конференциялар өткізілетін залдар бар.
Қазіргі таңда шетел қонақ үй сервисінде демалу мүмкіншіліктері толық дамыған деуге болады. Туристтердің қалауы және қаржылық жағдайына қарай дүниенің кез келген жеріндегі қонақ үйде дем ала алады. Мысалға айтатын болсақ, бұл Кения саябағындағы ағаштар үстіндегі отель атап кеткеніміз жөн. Бұл отельдің төбесінен саябақта өмір сүретін бүкіл аңдар мен жануарлар дүниесін тамашалауға болады. Ал Австралияда Ұлы Барьер рифіндегі қонақ үйде дем алуға болады. Оның туристтерді қызықтыратын ерекшелігі теңіз деңгейінен төмен орналасқан қонақ үй терезелерінен теңіз пейзажын тамашалауға мүмкіндік береді. Ал тәуекелшіл туристтер үшін арнайы 3960м биіктіктегі Гималай шыңында орналасқан орналасқан отельде дем алуды ұнатады. Отельден Эверест шыңына күшті көрініс береді. Мұнда ең қымбат номер - оттегімен жабдықталған номер (минутына1$) болып табылады. Отельге келген туристтердің басым көпшілігінің басы ауырып, ұйқысы қанбай басқа да көптеген ауруларға шалдығады. Қазіргі таңда қонақ үйлік сервис демалыс индустриясының ең басты элементі болып табылады.
Дүниежүзілік туристік ұйымның ескертпе ұсыныстары бойынша шетел қонақ үйлерінде барлық орналастыру орындары ұжымдық және жеке адамдық болып бөлінеді. Қонақ үйлер қонақ үй тізбектерін қарауы мүмкін (Анкор - Франция, Холидей Инн - АҚШ және т.б.).
Сауықтыру орындарындағы қонақ үйлер (санатория және т.б.) туристің орын беруден басқа да қызметтер көрсетеді, яғни орын беру басты нәрсе емес , одан басқа адамдарды емдеу, демалысын қамтамасыз ету жүргізіледі. Қалған қонақ үйлер көбіне орын беру үшін жұмыс жасайды. Ирландияда, мысалға, тоғызға дейін болатын қонақ үй корпустары тұтас бір кешен құрап, оның біреуі кеңсе болуы да қалғандары адамдардың демалысы, араласуы, ұйықтауы үшін жабдықталады. Оларда ванна, әжетхана және т.б. бөлме топтары болады. Әрбір корпус жеке тұтынушы үшін қайтадан жиналып, даярланады.
Өткен оқу жылындағы өндірістік практикамды Астана қаласында орналасқан Риксос Президент Астана отелінде өттім. Осы практикам жайлы есеп беретін болсам, біріншіден, жалпы Rixos Hotels отельдер жүйесінің шығу тарихы жайлы қысқаша мәліметтер бере кетсем.
Rixos Hotels отельдер жүйесі б.э.д. 1000 ж. Перге қаласының негізін салған жеті батырлардың ішіндегі Риксостың атымен аталған. Оның әкесі Ликос Афинаның патшасы - Пармидонның ұлы болған. Rixos Hotels отельдер жүйесінің негізін 2000 жылы туризмнің астанасы Түркияның Анталия қаласында Феттах Таминдже қалаған. Rixos Hotels отельдер жүйесі тек қана All inclusive - All Exclusive жүйесі бойынша жұмыс атқарады.
Rixos Hotels отельдер жүйесінің хронологиясы:
2000 - Rixos Labada, Анталия - Түркия
2002 - Rixos Beldibi, Анталия - Түркия
2002 - Rixos Tekirova, Анталия - Түркия
2003 - Rixos Bodrum, Мугла - Түркия
2005 - Rixos Premium Belek, Анталия - Түркия
2005 - Rixos President Astana, Қазақстан
2005 - Rixos Konya, Кония - Түркия
2005 - Rixos Prykarpattya, Украина
2007 - Rixos Libertas Dubrovnik, Хорватия
2009 - Rixos Sungate, Анталия - Түркия
2009 - Rixos Grand Ankara, Анкара - Түркия
2009 - Rixos Almaty, Қазақстан
2009 - Ottoman Palace by Rixos, Дубай
2010 - Rixos Vienna, Австрия
2010 - Rixos Marina West, Бахрейн
Ең бірінші Rixos Hotel Labada Чамьюва қаласында ашылған. Содан кейін 2001, 2002 және 2003 жылдары Rixos Hotels отельдер жүйесі қарқынды дами бастады. Осының арқасында 2002 жылы, тығыз халықаралық ынтымақтастық аясында мерзімінен бұрын, Rixos Hotel Tekirova отелі ашылды. Осы отельдің мерзімінен бұрын ашылуы инвесторларды таң қалдырды және қызметтер нарығында үлкен ұсынысқа ие болды.
2002 жылы Rixos Hotels әкімшілігі Rixos Hotel Beldibi отелі мен Spa & Thalasso Centre жалға алды. Ал Rixos Hotel Bodram отелінің құрылысы 2003 жылы басталып, өте қысқа мерзімде аяқталды - 554 ай.
Тамаша Rixos Hotel Premium Belek ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz