Қазақстан Республикасында туристтік бизнестің дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау және болжау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І . Туризм дамуының теориялық аспектілері
1. 1 Туризм ұғымы және мәні . . . 5
1. 2 Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар . . . 7
ІІ. Қазақстан Республикасында туристтік бизнестің дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау
2. 1 Елдегі туристтік бизнестің дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері . . . 9
2. 2 Туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары . . . 11
2. 3Қазақстан Республикасында туристтік бизнестің даму динамикасы. . 15
ІІІ. Қазақстан Республикасында туристтік бизнестің дамуының болжамы
3. 1. Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары . . . 20
3. 2. Туристтік бизнестің дамуының болжамы және бағыттары . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28
Кіріспе
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1, 6 биллион бірлік құрайды.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 2008 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) 2008 жылдың қортындысын шығарды, сонда шет елге сапар шегетін туристер саны 657 млн. адам. Мемлекеттердің туризмнен түскен жалпы табысы 455 млрд. долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд. доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд. доллар-Италия және 24 млрд. доллар-Франция.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.
Бүгінгі күндегі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық - тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді. Жоғарыда айтылған мәселелерді талдай келе Қазақстан Республикасында туризмның дамуын, болашағын зерттеу маңызды екендігін көруге болады. Осы жазба жұмысының мақсаты туристтік бизнестің дамуын зерттеу болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін мына мәселелерді шешу қажет:
- туризм жайлы жалпы түсінік беру (ұғымы, мәні) ;
- туризмға әсерін тигізетін факторларды анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы туризм мәселелері;
- Елдегі туризмның даму динамикасы;
- Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуеті (Бурабай)
- Отандық туризмның даму мүмкіндіктері және болжамы;
Жазба жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер), “Туристік қызмет туралы” заң актілерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік және шет елдік зерттеушілер еңбектері алынды.
- Туризм дамуының теориялық аспектісі.
1. 1 Туризм ұғымы және түсінігі.
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.
Саяхат- адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша : «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».
Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар) - бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
1) XIX ғ. дейін - элитарлық туризм, туристік өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың тууындауы.
2) XIX ғ. - бірінші дүниежүзілік соғыс - көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.
3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең - көпшілікті туризмның дамуы.
4) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін - қазіргі кезең - көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.
Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды. Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.
Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды - Меккеге, христиандарды - Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.
Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін - Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.
XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.
Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда) . Соның үлгісімен 1854 жылы К. Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 - жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең ) тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті ( төртінші кезең ) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты, өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар, туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында.
Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа, туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.
Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен, кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.
Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .
1. 2. Туризм дамуына әсер етуші факторлар
Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін, осы факторларды есепке алған өте қажет.
Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:
-сыртқы (экзогенді)
-ішкі (эндогенді)
Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.
Туризм дамуына әсерін тигізетін, маңызды сыртқы факторларға мыналар жатады:
-табиғи-географиялық;
-мәдени-тарихи;
-экономикалық;
-әлеуметтік;
-демографиялық;
-саяси-құқықтық;
-технологиялық;
-экологиялық.
Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте - табиғи-географиялық.
Табиғи-географиялық (теңіз, тау, орман, флора, фауна, климат және мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде туристің белгілі-бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.
Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына зор ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, еске алатын жайт, табиғат құбылыстары туристік белсенділіктің артуына да, әрі азаюына да әкелуі мүмкін. Мысалы, Еуропадағы соңғы кездегі күннің тұтылуы XX ғ. (1999 ж жазы) румыния территориясында өте жақсы байқалды. Бұл оқиғаға арналып, ойластырылып өткізілген жарнамалық компания, 1999 ж бұл елге келген туристер санының 1998 жылмен салыстырғанда 200 мыңға артуына әкелді. Басқа жағынан, Польша мен Чехия территориясында болған су тасқыны ( 1997 жылдың маусым-шілде айларында) бұл елді-мекендерге туристік белсенділікті тежеді. Түркияның солтүстігінде болған жер сілкінісі (1999 ж) 1998 жылмен салыстырғанда келушілер ағымын 2 млн адамға және әлемдік туризмнан түсетін табыстың 3 млн АҚШ долл төмендеуіне әкелді.
Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды - демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарларұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”) деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында - екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында - бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады. Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі - сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі.
“Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның 70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.
“Үш S” (Sea - Sun - Sand; теңіз-күннің көзі-жағажай) қағидасы бойынша пассивті демалыс орнын “Үш L” формулалы (Lore - Landscape - Leisure; ұлттық дәстүрлер - пейзаж - бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты.
Туризм дамуына әрдайым әсерін тигізетін фактор - демографиялық, олар : халықтың саны, олардың әр ел және аймақ бойынша орналасуы, жынысты - жастық құрылым, еңбекке қабілетті халық, оқушылар мен зейнеткерлерді атап өту, жанұялық жағдай және оның құрамы.
Әлемдегі тұтасымен және кейбір жеке аймақтарда халық санының артуы, туристер санының артуына пропорциональды әсер етеді. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, халықтың тығыздығы жоғары елдердің туристік ағымы халықтың тығыздығы төмен елдердегі гөрі интенсивті. Бұдан басқа, туристік қозғалыстың жасқа, жынысқа және жанұялық жайға байланысты өзгерісі байқалады. Өйткені туризмнің активті түріне 18-30 жас аралығындағы адамдар қызығушылық білдіреді. Бірақ, жалпы адамдардың туристік қозғалысы 30-50жас аралығында өз өрлеу шыңына жетеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасы құрмаған адамдар, отбасы құрған адамдардан гөрі мобильді, ал әйелдер ерлерден гөрі туризмге көп қызығушылық білдіреді.
Саяхатқа зор қауіп терроизм мен экстремизм тудырады. АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған террористік актілер әлі күнге дейін әлемдік туризмға тигізген негативті әсері бағалануы мүмкін емес. Абсолютті көлемде алсақ 2001 жылы саяхатшылар саны 689 млн адам, ал 2000 жылы саяхатшылар саны 697 млн адам (1, 3 % төмендеген) болған еді.
Басты назар аударатын мәселе, туризм индустриясына компьютерлік техниканы енгізу, онсыз бұқаралық туристік сапарды ұйымдастыру мүмкін емес.
Туризмда интернет тек қана ақпаратты беру мен алмасу қызметін атқарып қана қоймай, сонымен қатар өткізудің жаңа жүйесін құрайды. Ол туристік қызметті тұтынушыларды жабдықтаушылармен тілдестіреді
Экологиялық фактор туризмға зор ықпалын тигізеді. Себебі, қоршаған орта туристік қызметтің негізі және әлеуеті.
Туризмның пропоциональды дамымауы, оның өз негізін жоюы мүмкін: туризм табиғи ресурстарды қолданады; көпшілікті туризм орталықтарында бұл процесс бұзушылық сипатта ( табиғи орта өзгерісі, адамдардың, жануар және өсімдіктердің өмір сүру жағдайының нашарлауы) . Табиғи ортаның бұзылуы туристік ұсыныстың құлдырауына әкеледі.
Ішкі факторлар - бұл сала ішінде тікелей әсерін тигізетін, басты құбылыстар мен тенденциялар. Оларға ең біріншіден, орналастыру құралдарының, көліктің, тамақтандыру кәсіпорындарының, тұрмыстық қызмет көрсетудің, рекреациялық саланың, бөлшектік сауданың дамуымен байланысты, материалды-техникалық факторлар жатады . Бұдан басқа туристік қызметтің сұранысымен және ұсынысымен тікелей байланысты, төмендегідей факторларды атап өтуге болады:
-тұтынушылардың ақпараттанғандығының артуы және олардың қалауларының өзгерісі, бұл стандартты көпшілікті туризмның, қызмет көрсетудің әртүрлілігімен сипатталатын дифферентті туризмға ауысуы;
-туризм саласындағы қызметті координациялаудың рөлі артуы (ірі фирмалардың орта және кіші бизнеспен партнерлық қарым-қатынасы; туристік одақтар құру; туристік бизнеске зейін қою және ғаламдандыру)
-туризм саласын кадрлармен қамтамасыз ету (жұмысшылар санын арттыру; еңбекті ұйымдастыруды жақсарту; кәсіби даярлықтарын жоғарлату)
-жеке меншіктегі туристік бизнестің дамуына қолдау көрсету;
-бұқаралық ақпарат құралдарының жарнама және туристік өнімді жылжытудағы маңызын арттыру.
2-тарау. Қазақстан Республикасында туристтік бизнесің дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау.
2. 1. Қазақстан Республикасында туристтік бизнестің дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.
Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.
ДТҰ - ның ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген талдау мен қазіргі тәжірибенің негізінде, қазақстандық турөнімнің екі базалық құрамдас бөлігін баса көрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм Ұзиярат ету және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық) . Бұл ретте экооқиғалы туризм үшін Жібек жолы бағытымен өтетін ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.
Көрсетілген басымдықтарға сәйкес бірінші кезекте игерілетін мынадай аудандар мен тірек орталықтары анықталды:
1. Іле (Алматы қ., Түрген с., Есік қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ. ) .
2. Солтүстік Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с. ) .
3. Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелі қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты) .
4. Балқаш (Балқаш көлі, Балқаш өңірі с. ) .
5. Солтүстік Жоңғар (Достық с., Алакөл көлінің маңы, Лепсі с., Лепсі өзенінің маңы, Жарбұлақ с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты)
6. Жамбыл (Тараз қ., Мерке с., Мойынқұм ауданы)
7. Түркістан (Түркістан қ., Тұрбат с., Отырар с., Шәуілдір с., Баба-ата с., Кентау қ., Шаян с. ) .
8. Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам с., Арыс қ., Шардара қ., Сарыағаш қ., Ленгер қ., Ванновка с. ) .
9. Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с., Беріл с., Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлінің маңы) .
10. Маңғыстау (Фетисово с., Ақтау қ., Ералиев-Құрық а. п. ) .
Бұдан басқа, басымдықты игеру объектілеріне жатқызуға болатын қазіргі және құрылу жоспарланған мемлекеттік ұлттық табиғат парктері (МҰТП) : “Іле Алатауы” МҰТП, “Алтын Емел” МҰТП (Алматы облысы), “Ақсу-Жабағылы” МҰТП (Оңтүстік Қазақстан облысы), “Баянауыл” МҰТП (Павлодар), “Қарқаралы” МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы “Бурабай” және “Көкшетау” МҰТП, “Қорғалжын” мемлекеттік табиғат паркі (Ақмола облысы) ландшафтарының көріктілігі, қол жеткізілуі, аумағының игерілуі туризмді ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғары деңгейімен сипатталады. Орталық Азия аймағында туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Жібек жолы және оқиғалы туризм сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі ағыны барлық көрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округі, Қырғызстан; Өзбекстан, Түркіменстанның шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.
Қазақстандық өнім орталық азия турөнімінің құрамында тиімді ұсынылса, жетістікке жетеді. Осыдан төмендегідей қортынды шығарамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz