Сергей Есенин


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Сергей Есенин өмірбаяны
2. 2 Лирик ақын дүниесі
2. 3 «Пугачев» поэмасы
ІІІ Қорытынды
« . . . Сергей Есенин не столько человек, сколько орган созданный природой исключительно для поэзии, для выражения неисчерпаемой «печали полей», любви ко всему живому в мире и милосердия, которое - более всего иногозаслужено человеком»
М. Горький
В этом имени - слово «есень».
Осень, ясень, осенний цвет.
Что - то есть о нем от русских песен -
Поднебесье, тихие веси,
Сень березы
И синь - рассвет.
Что - то есть в нем и от весенней
Грусти, юности, чистоты . . .
Только скажут:
Сергей Есенин -
Всей России встают черты - описывает Сергея Есенина поэт Николай Браун.
Сергей Есенин 1895 жылы 21 қыркүйекте (3 қазан) Константинов селосында дүниеге келді. Әкесі Александр Никитич Есенин, анасы Титова Татьяна Федоровна. Үш жасар кезінде нағашы атасы мен апасының тәрбиесіне берілді. Олар Константинова селосының бір бөлігі Матовта тұрады. Атасы Федор көңілді, ақылды, байыпты шаруа еді. Атасы мен апасы да діншіл, салтшыл еді. Ескі өлеңдер, ертегі көп білуші еді. Міне, осындай мейірім толы ортада Сергей тәрбие көрді. Есенин: « . . . Я рос в атмосфере народной поэзии. Бабка, которая меня очень баловала, была очень набожна, собирала низщих и калек, которые распевали духовные стихи. Еще большее значение имел дед, который сам знал множество духовных стихов наизусть и хорошо разбирался в них. Из - за меня у него были постоянны споры с бабкой. Она хотела, чтобы я рос на радость и утешение родителям, а я был озорным мальчишкой. Оба они видели, что я был забиякой, его радовало. Вообще крепкий человек был мой дед». Бірақ, осы дінге табынып, церковқа барып жүретін ата - анасының ортасында өссе де Есенин құдайға сенбейді. 5 жасында Сергей оқып үйренеді. «Книга не была для нас исключительным и редким явлением, как в других избах», - деп есіне түсіреді ақын. 9 жасында ол Константиновадағы төрт жылдық училищені бітіреді. 8-9 жасының өзінде - ақ ол өлең жаза бастайды. Оқуын бітірген соң оны ата - анасы Спас - Клепиков атты церковно - учительдік мектепке жібереді. Онда тек мұғалім емес, сонымен діни адам да болу қажет еді. Ал Сергей оған талпыныс жасаған жоқ. Бірақ, мектепті «4» - пен «5» - ке бітіріп шығып, тек дін сабағынан әрқашан да бағасы «3» еді. Осы мектеп қабырғасында ол шындап өлең жазуға кіріседі. Ол: « . . . Сознательное творчество отношу 16 - 17 годам», - деп жазады. Сол кезде, бірінші сыныпта ол «Маковые побаски», «Что прошло - не вернуть . . . », «Восход солнца» «К покойнику», «Песня старика разбойника» т. Б. өлеңдерін жазады. Жазған өлеңдерін өзінің сүйікті, өлеңге сын көзімен қарайтын ұстазы Евгений Михайлович Хитровқа қаратып, тексеретін. Сол Хитров Сергейге ақын болғың келсе Ресейдің ірі қалаларының бірі Москва немесе Петербургқа жетіп ал дейді. Есенин өзі де соған талпынады. Москвада Есенин ақын Сергей Кошкаров басқарған Суриковский литературно - музыкальный кружокқа кіреді. Өлеңдерін жазып, көзге түсе бастайды. Демократиялық бағыттағы ереуілдерге қатысады. Осы туралы Есенин досы Григорий Панфиловқа хатында: «Пеяальные сны охваили мою душу . . . Злой рок обманул, и деспотизм еще будет владычествовать, пока не загорится заря. Сейчас пока меркнут звезды и расстилается тихий легкий туман, а заря еще не брезнит, но всегда перед этим или после этого угасания владычества ночи, всегда бывает так. А заря недалека, и за нею светлый день . . . » - деп болашаққа үміт етеді. 1914 жылы Есениннің төрт өлеңін, соның ішінде «Береза» балалар журналы «Мирокта» басылады. Ал большевиктік газет «Путь правды» Сергейдің «Кузнец» өлеңін басып шығарады. Есениннің атының шығып, өлеңдерінің басылуына Александр Александрович Блок әсер етеді. Блок Сергейді көргеннен - ақ ақынның өлеңдерімен, оның ішкі дүниесімен, өткені мен болашағын білуге қызығушылық танытады. Блок Есенин өлеңдері туралы: «Стихи свежие, чистые, голасистые, многословный язык», - дейді. Соғыс жылдары Есенин «Новый журнал для всех», балалар журналы «Задушевное слово», «Голос жизни», «Русская мысль» журналдарында өлеңдерін жариялайды. Өмірінің соңына дейін осы аса ірі ақын өлең жазумен айналысты. Өз атын ол тек Ресейге ғана емес, Грузия және т. б. елдерге паш етті. Оқырмандар ақын өлеңдерін сүйіп, құмарлықпен оқиды. Н. Накоряков ол туралы: «Так, в тесном содружестве автора и работников отдела родилось первое собрание сочинений Есенина. Мы не ошиблись: издание мгновенно разошлось и еще более укрепило слову Есенина, слову одного из лучших лирических поэтов нашего времени», - дейді Сергей Есенин Ленинградта «Англетер» гостиницасында 1925 жылы 28 желтоқсанда асылып қайтыс болады. Ю. Либединский: «Перед тем как отнести Есенина на Вагоньковское кладбище, мы обнесли гроб с телом его вокруг памятника Пушкину. Мы знали, что делали, - это было достойный преемник пушкинской славы». Ал, Алексей Толстой: «Погиб величайший поэт . . . Его поэзия есть как бы разбрасывание обеими пригошнями сокровищ его души. Считаю, что нация должна надеть траур по Есенину», - дейді қынжыла.
Бала кезінен - ақ Сергейдің дүниеге көзқарасы табиғатпен өте тығыз байланыста болады. Өсімдіктер, жануарлар, өзен, аспан бәрі - бәрі Есенин үшін тірі, бойларында әсем сезімдері бар жандардай көрінеді.
Терезе алдында өсіп тұрған қайыңды суреттеуі осының куәсі:
Белая береза
Под моим окном
Принакрылась снегом
Точно серебром
немесе үйеңкі келбетін:
Үйеңкім - ау, жапырағың мұз - қыраумен ауысып,
Ақ боранда не ғып тұрсың дір - дір етіп майысып
Бірдеңе сен көрдің бе, әлде? Бірдеңе әлде ұқтың ба?
Ауыл үшін жалғыз өзің қыдыруға шықтың ба?
Тек табиғат әсемдігіне, әдемілігіне сүйсіну ғана емес, Есенин б оыйнда жеріне, еліне, Отанына деген ыстық махаббат, сүйіспеншілік толы еді. Көтеріліс, сұрапыл соғыс, халықтың ауыр жағдайы ақын жанын күйзелтіп, жаралы жаннан шыққан жаңа өлеңдер тууына себепкер болады:
О, Русь - малиновое поле
И синь, упавшая в реку, -
Люблю до радости и боли
Твою озерную тоску…
немесе
Ой, ты Русь, моя родина кроткая,
Лишь к тебе я любовь берегу.
Весела твоя радость короткая
С громкой песней весной на лугу.
және де:
Селеу менен жұпар жусан аралас
Жер тұрғанда, сөз болып па қара бас!
Ешқашан да бөтен Отан, басқа Отан
Жүрегіме жылу болып тарамас.
Айдың нұры ақ бырымын өреді.
Талы жылап, сыбдырлайды терегі
Жыл құсындай ұшып - қонбай біздің жұрт,
Не болса да туған жерде өледі . . .
Ақынның Отанға деген, табиғатқа деген махаббатқа толы жүрегі нәзік жандар - ару қыздар, әйелдерге деген ыстық сезімге де бай еді:
Айналайын!
Мұңға толы көзіңді
Көрген кезде
Жүрек бәрін сезеді
немесе
Ұмытқам жоқ, сүйіктім,
Нұрға толы көзіңді
Болдым әбден күйікті
Тастаймын деп өзіңді.
Гүлдеген бақ күн менен
Оятты ескі жырымды:
Безендіргем гүлменен
Бұйра - бұйра бұрымды
тағы да:
Сүйші, сүйші қалқажан,
Күйіп - жанып, елжіреп
Мұз төзіммен ата жау
Лапылдаған от жүрек.
Сүйікті қызына:
Жаным, ұзақ еглідім өзіңді ойлап,
Дөңбекшиді сағыныш сезімде ойнап,
Егілгенде елжіреп ыстық сөзден,
Інжу моншақ бөлініп түсті көзден . . .
Сол моншақты жібіңе, қалқам, іліп!
Мойыныңа тағып жүр алқа қылып!
Есенин адам өмірді сүймесе, тірі жүріп қажеті де жоқ деген көзқараста болды. Есенин өмірді сүйу - ол желдің ыстық лебін аялы алақандай сезіну, жарқыраған аспандағы күннің күлкісін, шад - шадымын есту, мйң бұралған теректердің биін тамашалау, өсімдіктер мен құстардың әнін тапжылмай тыңдау еді. Осы сезімдерден бойға күш, қуат жинау еді. Петр Орешин: «Сергей Есенин был певцом человеческой юности . . . По предствалению и размышлению Есенина - жизнь должна объязательно быть молодой и здоровой. Без этого юнешоского задора, без этой естественной молодости - жизни по Есенину нет», - дегеннің өзінен біз Есениннің дүниеге қандай көзқараста болғанын, өмірді қайтып қабылдағанын көреміз.
Азамат соғысының өрті де өшіп тынды. 1921 жыл жаңа экономикалық саясаттың жолы еді. Бұл жыл Есенин үшін «Пугачевті» аяқтапбітірген жыл болды. Ресей тарихындағы крестьяндардың патша мен ескілікке қарсы қозғалысынан Есенин оның болашағы мен өткеніне қарауға тырысты. Есенин осы Пугачев бейнесін крестьяндардың басшысы, халық мінезі, халық тұлғасы ретінде алды. «Пугачевті» жазу үстінде Есенин өте көп және қызу жұмыс атқарды. Бұл жұмысы Есениннің Орта Азияға баруымен, пугачевтік көтеріліс жерлерімен Самарда және Орынборда болып қайтуымен тура келді. 1921 жылдың мамыр айында Есенин өзінің осы драмалық поэмасын Ташкентте оқиды. Қалған поэма жазу жұмысының жалғасы Москвада өтеді. Сақталып қалған қолжазбаларынан Есенин поэманың әр бір жолына өте зор мән бергені көрініп тұр. Әр шумақ, тіпті, әр жолдың кейде жиырмаға жуық вариантты екенін көруге болады. 1921 жылдың тамызында Есенин поэмасын аяқтайды. Бұл трагедиядағы негізгі кейіпкер Пугачев оқырман көзіне яицтік казак қаласында айтқан бірінші монологының өзінде - ақ түседі:
Яик, Яик ты меня звал
Стоном придавленной черни!
Пугачевтың қаһармандық бейнесін Есенин лирикалық тұрғыдан көркем ашады. Бұл суреттеу оны адамдық, шынды бейне келбетіне енгізеді. Ақынның бәр ойы Пугачевтің ішкі нәзік дүниесін ашып беру. Есениннің Пугачеві өз халқы, елінің болашағын уайымдауымен, ойлауымен көзге түседі. Өз елінің патша езгісіне жатып күйзелісін, қан жылауын естіген Пугачев халқын патшаның қысымынан дүр сілкінуге шақырады:
Вытащить из сапагов ножи
И всадить их в барские лопатки . . .
Есенин кейіпкерінің Отанға деген махабатын, қарапайым адамға деген сыйластығын күш сала суреттейді. «Пугачевтің» тарихи арнасы сол кез заманының тура осы көтеріліске әкеліп тірелуімен, яғни, шаруаларды қанау, ауыр тұрмыс, яицтік казактарды патшаның жаншуы, тегін еңбек т. б. жағдайлар әкеп соқтырғаны көрінеді. Олай болмау, көтеріліске шықпау мүмкін емес еді:
Уже мятен вздымает паруса
Нам нужен тот, ко б первый бросил камень
Кейіпкер келбеті бұл поэмадапатшаны құрту үшін шыққан халықтық боран, селді жауын ретінде бейнеленеді. Осындай жолындағының бәрін құртатын табиғат пен адам күшінің араласуы ғана патшалық империясынан қозғалтып, ұшыра, құлата алар еді. Емельян Пугачев, оның жолдастары: Хлопучие, Зарубинге Есенин орыс ұлтының мінезін: саналы ой, шыншылдық, әділеттік, құлдыққа жеккөрінішті көзқарас, ортас іске адалдық, Отанға деген ыстық леп бәрін - бәрін бойларына сыйғызады. Пугачевтің өмірінің соңы. Бұл трагедиялық сәтте Пугачев ойы, өмірінің негізі - тек Отан:
. . . Ах, это осень!
Это осень вытряхивает из мешка
Чеканныее сентябрем червонцы
Да! Погиб я!
Приходит час . . .
Мозг, как воск, каплет глухо, глухо
. . . Это она!
Это она подкупила вас,
Злая и подлая оборванная старуха.
Это, она, она, она,
Разметав свои волосы зарею зыбкой,
Хочет, чтоб сгибла родная страна
Под ее невеселой холодной улыбкой.
Пугачевтің ішкі дүниесін, көзқарасын, ойларын біз мятеждің жаңадан жанған сәтінде, казактардың сәтсіз көтеріліс кезінде, тіпті, бір бөлігінің Туркияға қашып кетуге ұмтылғандарын, содан өздерінің «патшамын» деп жариялаған уақыттағы шешімдерінің үстінде ашық көре аламыз. Пугачев:
Больно, больно мне быть Петром,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz