Метрология пәнінен



Терминдер мен анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Негізгі бөлім
1. Қуат туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Ваттметр . электрлік өлшеуіш аспап ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Куатты ваттметрмен өлшеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
4. Кір жуғыш машина, оның түрлері мен жұмыс істеу принциптері ... ...14
5. ГОСТ 8051.83. Тұрмыстық кір жуғыш машиналар.
Техникалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
6. Жартылай автоматты кір жуғыш машинаны тұтыну
кезіндегі энергия және қуат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
7. Өлшеу нәтижелерін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Ғылым мен өндіріс өлшеусіз өмір сүре алмайды. Ақпаратты алғанда да өлшеудің маңызы зор. Басқарудың барлық түрлерінің, болжаудың, таңдаулардың, жоспарлаудың, бақылаудың және реттеудің негізгі мақсаты – ол нақты бастапқы өлшеу ақпараты, олар тек қана физикалық шамаларды, мөлшерлерді және көрсеткіштерді өлшеу болып табылады.
Ғылыми техникалық прогресстің дамуын және табиғат пен қоғамды адамның түсінуінің маңызды жолдарының бірі – өлшеулер. Адамзат күнделікті өмірде үнемі өлшеулермен кездеседі. Өндіріс пен тұтыну салаларында, тауар сапасын бағалау кезінде, жаңа технологияларды енгізу және басқару кезінде өлшеудің маңызы зор.
Қазіргі жағдайда бүкіл әлемде тауардың сапасына тұтынушылардың қоятын талаптары күшейді. Нәтижесінде, өнімнің сапасының қажетті деңгейін тұрақты қамтамасыз ету қажеттілігі туындады. Бұл технологияны іске асыру кезінде процестерді тексеріп, бақылап, реттеп отыратын өлшегіш құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың дұрыстылығына және оларды дұрыс пайдалана білу әдістемесіне байланысты белгілі.
Қазіргі таңда тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында тұрмыстық техниканы өндірушілер техниканың тұтынатын қуат шығынын аз жұмсайтындай етіп өндіруді қолға алған.
Әртүрлі шағын және үлкен тұрмыстық техникалар біздің өмірімізді айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы, щаңсорғыштың пайда болуымен үйді тазалау әлдеқайда оңай әрі тез жасалынатын болды. Осындай техниканың қатарына кір жуғыш машиналар жатады.
Сумен жабдықталмаған жерде кір жуғыш машинаны орнату біршама қиындық туғызады. Мұндайда жартылай автоматты кір жуғыш машинасы таптырмас шешім болып келеді. Оның артықшылығы: сумен жабдықтау жүйелеріне қосуды қажет етпейді; тұтынатын қуаты аз. Қазіргі жартылай автоматты кір жуғыш машиналар суды жылыту жүйесімен жабдықталған болуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаның қазіргі заманғы модельдерінде тұтынатын қуаты аз шаманы құрайды. Кір жуғыш машиналардың энергияны тұтыну класстары негізгі ақпаратта көрсетіледі, соған қарап модельдің үнемді түрін таңдауға мүмкіндік бар. Машинаның тұтыну қуатын сол класстардан білуге болады немесе лабораториялық түрде қуатты өлшеу аспаптарын қолданып есептеуге болады.
1. Р.Қ. Ниязбекова, В.Н. Михалченко, Г.Қ. Бектұрғанова, В.А. Донбаева, Қ.У. Тоғызбаев, Л.А. Байбосынова. Метрология. – Алматы, 2012;
2. Ж.С. Рахманова. Метрология негіздері. – Алматы, 2013;
3. Ж. Абдуллаев, П. Асқаров. Физика курсы. – Алматы «Ғылым», 2004;
4. А.Қ. Ахметов, Т.А. Қабақов. Электротехниканың теориялық негіздері. – Астана, 2004;
5. Т.И. Трофимова. Физика курсы. – Мәскеу ACADEMIA, 2010;
6. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990;
7. www.google.kz интернет желісі;
8. www.wikipedia.kz интернет желісі;
9. www.elemont.ru интернет желісі;
10. http://www.znaytovar.ru/s/Stiralnye_mashiny.html.

Мазмұны
Терминдер мен анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Негізгі бөлім
1. Қуат туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Ваттметр - электрлік өлшеуіш аспап ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Куатты ваттметрмен өлшеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
4. Кір жуғыш машина, оның түрлері мен жұмыс істеу принциптері ... ...14
5. ГОСТ 8051-83. Тұрмыстық кір жуғыш машиналар.
Техникалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
6. Жартылай автоматты кір жуғыш машинаны тұтыну
кезіндегі энергия және қуат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
7. Өлшеу нәтижелерін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Терминдер мен анықтамалар
Метрология - өлшемдер туралы, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және тиісті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Физикалық шама - бұл сапа тұрғысынан бірнеше физикалық нысанға, сандық тұрғыдан әрбір физикалық нысанға жеке болатын физикалық нысанның (физикалық жүйенің, құбылыстың немесе үдерістің) сипаттамасы.
Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлігі ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.
Өлшеу әдісі - өлшеніп отырған физикалық шаманы оның бірлігімен өлшеу ұстанымына сәйкес салыстыру әдісі немесе әдістер жиынтығы.
Өлшеу түрі - өлшенетін шамалардың біртектілігімен ерекшеленетін және өзіндік ерекшеліктері бар өлшеу саласының бөлігі.
Техникалық өлшеулер - алдын ала белгіленген дәлдікпен орындалатын өлшеулер.
Метрологиялық өлшеулер - минималды өлшеу қателігіне ∆ жету мақсатымен максималды дәлдікпен орындалатын өлшеулер.
Өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал.
Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін есептеу - берілген уақыт ішінде өлшем құралдың шама мәнімен немесе сан мәнімен бекітілуі.
Дәлдік - өлшеу нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығын бейнелейтін өлшеу сапасы.
Өлшеу дұрыстығы - құрамындағы жүйелік қателіктердің нөлге жақындығын бейнелейтін өлшеу сапасы.
Өлшеу қателігі - өлшенген шама нәтижесінің шын мәнінен ауытқуы.
Дөрекі қателік - өлшеу қатарындағы басқа нәтижелерден ерекшеленетін осы өлшеулер қатарына кіретін жеке өлшеу нәтижесінің қателігі.
Өлшеу диапазоны - өлшеу құралдарының жіберілетін мүмкін қателік шектері нормаланған шама мәндерінің облысы.
Шкала ұзындығы - шкаланың ең қысқа межелік белгілері ортасынан өтетін және бастапқы және соңғы белгілермен шектелген сызықтың ұзындығы.
Шкала бөлігінің құны (бағасы) - бұл өлшеу құралы шкаласының екі көрші белгілерінің айырымы.
Жұмысқа жарамдылық күйі - ӨҚ барлық метрологиялық сипаттамалары нормаланған мәндерге сәйкес келу жағдайы.
Ваттметр - электр тогының немесе электромагниттік сигналдардың қуатын анықтайтын өлшеу құралы.
Кір жуғыш машина - кірлеген бұйымдарды үй жағдайында жууға лайықталып шығарылатын электрлі тұрмыстық техника.
Қуат - уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама.

Кіріспе
Ғылым мен өндіріс өлшеусіз өмір сүре алмайды. Ақпаратты алғанда да өлшеудің маңызы зор. Басқарудың барлық түрлерінің, болжаудың, таңдаулардың, жоспарлаудың, бақылаудың және реттеудің негізгі мақсаты - ол нақты бастапқы өлшеу ақпараты, олар тек қана физикалық шамаларды, мөлшерлерді және көрсеткіштерді өлшеу болып табылады.
Ғылыми техникалық прогресстің дамуын және табиғат пен қоғамды адамның түсінуінің маңызды жолдарының бірі - өлшеулер. Адамзат күнделікті өмірде үнемі өлшеулермен кездеседі. Өндіріс пен тұтыну салаларында, тауар сапасын бағалау кезінде, жаңа технологияларды енгізу және басқару кезінде өлшеудің маңызы зор.
Қазіргі жағдайда бүкіл әлемде тауардың сапасына тұтынушылардың қоятын талаптары күшейді. Нәтижесінде, өнімнің сапасының қажетті деңгейін тұрақты қамтамасыз ету қажеттілігі туындады. Бұл технологияны іске асыру кезінде процестерді тексеріп, бақылап, реттеп отыратын өлшегіш құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың дұрыстылығына және оларды дұрыс пайдалана білу әдістемесіне байланысты белгілі.
Қазіргі таңда тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында тұрмыстық техниканы өндірушілер техниканың тұтынатын қуат шығынын аз жұмсайтындай етіп өндіруді қолға алған.
Әртүрлі шағын және үлкен тұрмыстық техникалар біздің өмірімізді айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы, щаңсорғыштың пайда болуымен үйді тазалау әлдеқайда оңай әрі тез жасалынатын болды. Осындай техниканың қатарына кір жуғыш машиналар жатады.
Сумен жабдықталмаған жерде кір жуғыш машинаны орнату біршама қиындық туғызады. Мұндайда жартылай автоматты кір жуғыш машинасы таптырмас шешім болып келеді. Оның артықшылығы: сумен жабдықтау жүйелеріне қосуды қажет етпейді; тұтынатын қуаты аз. Қазіргі жартылай автоматты кір жуғыш машиналар суды жылыту жүйесімен жабдықталған болуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаның қазіргі заманғы модельдерінде тұтынатын қуаты аз шаманы құрайды. Кір жуғыш машиналардың энергияны тұтыну класстары негізгі ақпаратта көрсетіледі, соған қарап модельдің үнемді түрін таңдауға мүмкіндік бар. Машинаның тұтыну қуатын сол класстардан білуге болады немесе лабораториялық түрде қуатты өлшеу аспаптарын қолданып есептеуге болады.

1. Қуат туралы жалпы мәлімет
Қуат - жүйенің өнім шығаруға, яғни оның уақыт бірлігінде белгілі бір жұмыс көлемін орындау қабілеттілігін анықтайтын сипаттама.
Механикалық және электр қуаты бар.
1) Механикалық қуат.Механизмнің уақыт бірлігінде істейтін жұмысын қуат дейді. Егер t уақытта істеген жұмыс A болса, онда осы уақыттағы орташа қуат Nop мына формуламен өрнектеледі:
Nop=∆A∆t (1)
Ал уақыттың берілген мезетіндегі қуат (лездік қуат)
Nлез= lim∆t--0∆A∆t=dAdt,яғни жұмыстың уақыт бойынша алынған туындысымен анықталады. Қуат-тың өлшемі ватт (Вт):
1Вт=1 Джсек.
Егер қозғалтқыштың (двигательдің) жұмыс істеуі кезінде қуаты тұрақты болса, оның қозғалысы бірқалыпты және жылдамдығын десек, онда формуласы мынадай болады:
N= ∆A∆t= F∙dSdt=FdSdt=F∙. (2)
2) Электр қуаты.
Кернеуі Uболатын өткізгіштің бөлігі арқылы ток өткенде, өткізгіш қызып, бойынан жылу бөлініп шығады. Осы жылудың бөлініп шығуы зарядтарды тасымалдаушы электр күштерінің жұмысына байланысты:
A=qU немесе A=Iut (3)
Осы теңдік кез келген өткізгіштің бөлігіарқылы өтіп жатқан тұрақты ток үшін орындалады. Сөйтіп ток жұмысы энергияның басқа түрінде (мысалы, жылуға) айналатын ток көзінің энергиясын анықтайды. (3) өрнектен токтың қуаты:
N=dAdt=(IUdt)dt=IU (4)
бұл формула тұрақты және айнымалы ток үшін тиімді, әйтсе де айнымалы ток қуатының тез лездік мәнін ғана көрсетеді.
Егер де ток күші А-мен, кернеу В-пен және уақыт с-пен өлшенсе, онда ток жұмысы (3)теңдеуіне сәйкес Дж-мен, ал қуат (4)өрнегіне сәйкес Вт-пен өлшенеді. Тәжірибеде сондай-ақ ток жұмысының жүйеден тыс бірліктері қолданылады: ватт-сағат (Втс), киловатт-сағат (кВтс).

1. Ваттметр - электрлік өлшеуіш аспап
Қазіргі кезде электрлік немесе бейэлектрлік шамаларды өлшеу жұмыстарының көпшілігі электр тогын қолдануға негізделген. Ал электр тогын пайдалану үшін әртүрлі электрлік құрал-жабдықтар керек. Электрлік өлшеу құрал-жабдықтарына физикалық шамалардың өлшемдіктері, өлшеуіш аспаптар мен өлшеуіштік түрлендіргіштер кіреді.
Өлшемдік деп физикалық шаманың қабылданған мәнін сақтайтын, оны қайталайтын немесе оның орнына қолданылатын өлшеу құралын айтады. Мысалы, электрлік кедергінің өлшемдігі, электр сыйымдылығының өлшемдігі т.с.с. Өлшеу дәлдігіне және қолдану аймақтарына қарай өлшемдіктер эталондық, үлгілік және жұмыстық өлшемдіктерге бөлінеді. Эталондық өлшемдік деп физикалық шаманың өлшем бірлігін сақтайтын және одан басқа өлшемдіктер үшін көшірме алуға арналған құралды айтады. Үлгілік өлшемдіктер жұмыстық өлшемдіктер мен өлшеуіш аспаптарын өлшемдеуге және оларды тексеруге, ал жұмыстық өлшемдіктер өндіріс орындарында, ғылыми т.б. мекемелерде өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Электрлік өлшеуішаспаптары деп физикалық шамалардың мәндерін адамның қабылдауына қолайлы түсінікті информация түрінде бере алатын өлшеуіш құралдарын айтады. Мысалы, вольтметр, амперметр, ваттметр, санауыш т.б.
Өлшеуіштік түрлендіргіштер негізінде электрлік немесе бейэлектрлік шамаларды электр сигналдарына түрлендіріп, кейін оны электрлік өлшеуіш аспаптарымен цифрлық мәнге айналдыру үшін керек. Әдетте электрлік шамаларды электр сигналына түрлендіргіштер ретінде шунттар, кернеу бөлгіштер, өлшеуіштік трансформаторлар т.б. қолданылса, ал бейэлектрлік шамаларды электр сигналдарына түрлендіру үшін терморезисторлар, терможұптар, тензорезисторлар, сыйымдылықты және индуктивті түрлендіргіштер т.б. қолданылады.
Ваттмертдің түрлері және жұмыс істеу принциптері
Ваттметр - электр тогының немесе электромагниттік сигналдардың қуатын анықтайтын өлшеу құралы. Ваттметр - уақыт бірлігінде жасалатын жұмыстың шамасын анықтайтын электрлік өлшеуіш аспап. Кез келген электр приборының уақыт бірлігінде жасалатын жұмысы (қуат) ватт-пен анықталады.
Электр тогының қуатын анықтау үшін электродинамометрден ешқандай айырмашылығы жоқ ваттметрлер қолданылады. Келетін ток екі бөлікке бөлінеді, оның біреуі бақылаушы және екіншісі тәжірибелік болады. Ток шығатын жерде әртүрлі потенциалдарды және тәжірибелік бөліктегі кедергіні өлшеу арқылы электр тогының қуаты анықталады.
Тағайындалуына және жиілік диапазонына байланысты ваттметрлерді негізгі үш категорияға бөлуге болады:
oo төменгі жиілікті;
oo радио жиілікті;
oo оптикалық.
Радиодиапазонды ватметрлердің тағайындалуына байланысты екі түрі бар: өтпелі қуатты және жұтылатын қуатты ваттметрлер. Өлшенетін ақпараттың функционалды өзгеру әдісіне және оның нәтижесіне қарай ваттметрлер аналогтық (көрсететін және өздігінен жазатын) және сандық болып бөлінеді.
Төменгі жиілікті ваттметрлер көбіне өндірістік жиіліктің электрлік қуат көзіндегі (электропитание) тұтынылатын қуатты өлшеуге қолданылады. Бір фазалы және үш фазалы ваттметрлер бар. Сонымен қатар, реактивті қуатты өлшейтін ваттметрлер бөлек топ ретінде қарастырылады. Ал сандық приборларда, әдетте, активті және реактивті қуатты өлшеу мүмкіндіктері бар.
Радио жиілікті ваттметрлер бастапқы түрлендіргіштердің әртүрлі түрлерінің қолданылуына байланысты топтастырылған. Бұл

Аналогтық ваттметр
өлшеу аспабы термистор, термопара немесе шыңдық деректор (пиковой детектор) негізіндегі түрлендіргіштерді қолданады; басқа принциптерге негізделген датчиктер айтарлықтай аз қолданылады.
Жұтылатын қуатты ваттметрлермен жұмыс жасау барысында қабылдау құрылғысының (приемный датчик) кірме кедергісінің байланыссыздығынан энергияның біраз бөлігі шағылады. Сонда ваттметр нақты қуатты емес, толық қуаттан ерекшеленетін жұтылатын қуатты өлшейді.
Өтпелі қуатты ваттметрлер бастапқы түрлендіргіштер ретінде негізгі беріліс жолынан (тракт передачи) энергияның аз бөлігін тармақтайтын құрылғыларды қолданады. Тармақталған энергияның бөлігі өлшенетін ақпараттың сигналы функционал-

Детекторный СВЧ-ваттметр М3-5С
дық түрлендіргішке берілетін екінші түрлендіргішке өтеді, одан ары қарай көрсететін құрылғыға беріледі.
Электрөлшеуіш (төменгі жиілікті) ваттметрлерді белгілеу үшін белгілеудің салалық жүйесі қолданылады. Онда приборларға жүйеге байланысты таңбалау жүргізіледі:
* Дхх - электродинамикалық жүйенің құрылғылары;
* Цхх - түзеткіш жүйенің құрылғылары;
* Фхх, Щхх - электрондық жүйенің құрылғылары;
* Нхх - өздігінен жазатын приборлар.
Ради - және оптикалық диапазонды ваттметрлер ГОСТ 15094 бойынша таңбаланады:
* М1-хх - ваттметрді тексеруге арналған калибраторлар, құрылғылар немесе аспаптар;
* М2-хх - өтпелі қуатты ваттметрлер;
* М3-хх - жұтылатын қуатты ваттметрлер;
* М5-хх - ваттметрдің түрлендіргіштері;
* ОМЗ-хх - жұтылатын қуатты оптикалық ваттметрлер.

Тұрмыстық ваттметр
Тұрмыстық ваттметр құрылғысы тұтынылатын электр энергиясын талдайды, сол уақыттағы тұтынылып жатқан энергияның бағасын көрсетеді және,тіпті, тұтынылмай-ақ қанша энергияның жоғалғанын есептеп бере алады. Бұл құрылғы арқылы электр приборларының тұтынатын энергиясын анықтауға болады.
Тұрмыстық ваттметр (1-сурет) - қуатты өлшейтін сандық құрылғы.
1-сурет. Тұрмыстық ваттметр
Ваттметрді розеткаға қосып, оған қуаты 3,6 кВт-қа дейінгікез келген тұрмыстық приборларды қосады. Құрылғы жүйедегі тұтынылатын электр энергиясының қуатын, тогын және кернеуін көрсетеді.
Тұрмыстық ваттметрдің сипаттамасы:
1. Үлкен ЖК-дисплей;
2. Өлшенген нәтижесінің 8 режимі дисплейде көрсетіледі:
oo УақытВаттБағасы
oo УақытТұтынылған энергияның қосындысы
oo УақытЭлектрлік кеернеуЖиілік
oo УақытТокҚуат коэффициенті
oo УақытМинималды қуат
oo УақытМаксималды қуат
oo Шамадан артық қуатты көрсететін индикатор - егер қуат көзінің электр тізбегін ажырататын және қосатын құрылғысында 3680Вт-тан жоғары жүктеме пайда болса, бұл құрылғыны ЖК-дисплейдің OVERLOAD индикаторында жарықтық немесе дыбыстық сигнал беретіндей етіп келтіруге болады.
3. Тұрмыстық приборға қосу кезінде қуатты өлшейтін құрылғы прибордың тиімділігін көрсетеді;
4. Күндік, апталық, айлық және жылдық электр шығынын есептеді;
5. Тұтынылған электр энергиясының бағасын көруге және күнделікті өмірдегі шығындарыңызды қадағалауға мүмкіндік бар.

1. Қуатты ваттметрмен өлшеу
Қуатты өлшеуді көбінесе қозғалатын және қозғалмайтын екі катушкасы бар электродинамикалық жүйелік ваттметрдің көмегімен жүргізеді.
I
a

E
I
W

b

2-сурет.Электрлік схема 3-сурет.Тізбектік орам
Қозғалмалы катушка өте жіңішке сымнан дайындалған, практикалық тұрғыдан алғанда, таза активтік кедергіден тұрады және оны параллель орамды деп атайды. Оны тізбектің бөлігіне вольтметр тәрізді қосады. Қозғалмалы катушка тілімен (көрсеткіш) мықтап бекітілген ол қозғалмайтын катушканың тудыратын магнит өрісінде қозғала алады.
Қозғалмайтын катушка жеткілікті дәрежедегі жуан сымнан жасалған, активті кедергісі өте аз болады және оны тізбектік орамды деп атайды. Оны тізбекке амперметр секілді тізбектей қосады.
Электрлік схемада ваттметрді 2-суретте көрсетілген тәсілмен қосады. Оның бір қос клеммалары (суретте олар көбінесе горизонталь орналасады) тізбектік орамға, ал қалған қос клеммасы (суретте олар көбіне вертикаль орналасады) параллель орамға жатады.
Ваттметрдің айналдырушы моменті, демек, оның көрсетуі, ваттметрдің параллель орамындағы кернеу комплексі Uab-нің нақты бөлігін, нүктелерімен жабдықталған ваттметрдің тізбектік (ток) орамына ағып кіретін ток комплексінің түйіндестігі I-ге көбейткендегіге көбейтіндісіне тең.
Параллель орамдағы кернеуді оның нүктесі (а нүстесі) бар ұшы мен оның нүктесі жоқ (b нүктесі) ұшының арасындағы потенциалдар айырымына тең деп алады. Тізбектік орамның нүкте қойылған соңынан I - тогы келіп енеді деп есептелінеді.
Ваттметрдің бөлігінің құнын анықтау үшін номиналдық кернеу мен номиналдық токтың көбейтіндісін (құралдың беткі бөлігінде көрсетіледі) шкаланың бөлігінің санына бөлу керек.
Тұрақты ток тізбегіндегі қуатты жеке-жеке өлшенетін ток пен кернеудің көбейтіндісімен табуға болады. Айнымалы ток тізбегіндегі қуатты өлшеуге арнайы прибор - ваттметр қолданылады. Оның ең көп тараған түрі - электродинамикалық ваттметр.

4-сурет. Электродинамикалық ваттметр
Электродинамикалық ваттметрдің (4-сурет) электродинамикалық амперметрден айырмашылығы оның жылжымалы және жылжымайтын катушкалары бірізділікпен емес бөлек жалғанады: жылжымалы катушка вольтметр V схемасына, яғни қуат анықталатын тізбек бөлігіне параллель жалғанады; ал жуан сымнан жасалған жылжымайтын катушка амперметр А сияқты, яғни қуат анықталатын тізбек бөлігіне тізбектей жалғанады.
Схемаға сәйкес ваттметрді W қосу кезінде төрт қысқыш (зажим) болады: ваттметрдің стрелкасының ауытқуы өлшенетін тізбектің активті қуатына пропорционал.
5-суретте қос магнитті бұғауы бар кемелік ферродинамикалық үш фазалы ваттметрдің схемалық құрылғысы бейнеленген. Әр бұғау (1 және 2) екі бөліктен тұрады: сыртқы және ішкі. Бос кеңістіктегі саңылаулар (4) арасында орамы бар екі жылжымалы рамка орналастырылған. Рамкалар өзара және стрелкамен тығыз байланысқан.
Рамкадағы ток спираль пружиналар арқылы өтеді. Бұғаудың сыртқы бөлігінің саңылауларында жылжымайтын катушка орналасқан (3).
Мұндай ваттметрдің ішкі қосындылары 6-суретте көрсетілген. U1 және U2 қысқыштары ток тізбегіне екі фазаны қосуға арналған (мысалы А және С фазалары), ал А,В және С қысқыштары жылжымалы катушкаға үш фазаның кернеуін қосуға пайдаланылады.

5-сурет. Үш фазалы ваттметрдің схемалық құрылғысы

6-сурет. Ваттметрдің ішкі қосындылары

2. Кір жуғыш машина, оның түрлері мен жұмыс істеу принциптері
Тұрмыста көп жағдайда кір жуғыш машинасыз да күн көруге болады, мысалы кірді қолмен жуу немесе химиялық тазарту қызметін қолдану. Бірақ көпшілігіне бұл қолайлы емес, сондықтан кір жуғыш машина - әр үйде немесе пәтерде болуы қажет қөмекші құрал.
Кір жуу процесінің автоматтандырылу деңгейіне байланысты барлық кір жуғыш машиналар 4 типке бөлінеді:
oo СМ - сығу функциясы жоқ кір жуғыш машинасы;
oo СМР - қолмен сығатын кір жуғыш машинасы;
oo СМП - кірді жуу, шаю, сығу, суды ағызу механикаландырылған жартылай автоматты кір жуғыш машинасы. Кейбір модельдерінде кірді жуу және сығу уақытын реттеп отыратын автоматтық қондырғы қосылған;
oo СМА - суды құю, кірді жуу, шаю, суды ағызу және сығу процесстері механикаландырылып қана емес, сонымен бірге автоматтандырылған автоматты кір жуғыш машинасы;
Сығу функиясы жоқ СМ типті кір жуғыш машинасының құрылысы анағұрлым қарапайым болады (7-сурет).
СМ типті машиналар аз габаритті машиналар классына жатады. Осы типтегі машиналар ваннаның бүйіріне қондырылатын арнайы тіреуішке орнатылады. Машинаның қондырғысымен қатар оны басқару да қарапайым. Олар келесі цикль бойынша жұмыс жасауды қамтамасыз ететін реверсивтік цикльдік уақыт релесімен жабдықталған: электродвигательдің бір жаққа айналу периоды (50с) - пауза (10с) - электродвигательдің екінші жаққа айналу периоды (50с) - пауза (10с). Реле кір жуу уақытын 1-6 минут интервалда реттейді.
Электродвигательді қорғау жылу релесімен жүзеге асады. Ол шамадан артық жүк тиелгенде немесе активатор қарысып қалғанда двигательді тоқтатады.
СМР типті кір жуғыш машинасының құрылысы СМ типті машинасының құрылысына ұқсас (8-сурет).
СМР-дің құрылымы және жұмыс істеу принципі мынадай: кір жуатын бак корпустың 23 бөлігін алады. Білікте (вал) келетін суды айналдырып тұратын дисктік активатор қондырылған. Активаторды ұстап тұратын біліктің басқа бөлігінде суды сорғымен шығарып отыратын насос орналасқан. Білік белдікті беріліс арқылы электродвигательмен қозғалысқа келеді. Электродвигатель қозғалтқыш белдіктің созылуын реттеуге мүмкіндік беретін көлбеу рамада орнатылған. Кір жуғыш машинаның электромоторы жүйеге шнурдің және штепсельді вилканың көмегімен қосылады, оны іске қосу белгілі бір уақыт өткенде электромоторды тоқтататын пусктік (іске қосушы) реле арқылы жүзеге асады. Машинаны тасымалдау ыңғайлы болу үшін көтеруге арналған ұстағыштармен және жылжытуға арналған роликтермен жабдықталған. Қолмен сығу қондырғысы машина корпусының үстіңгі бөлігінде құрастырылған. Қондырғы жалпақ серіппе арқылы бір - біріне жабыстырылған және резинамен қапталған екі валиктен тұрады. Валиктер тұтқыштың (рукоятка) көмегімен қозғалысқа келтіріледі.
Кір жуылатын бактың өлшемі және мотордың қуаты (350Вт)1,5 кг-ға дейінгі кірді жууға шақталған.
СМП типті жартылай автоматты кір жуғыш машинасының құрылысы (9-сурет) біршама күрделі, себебі онда кірді жуу, сығу және суды ағызу процесстерінде механизация деңгейі жоғары.
Жартылай автоматты кір жуғыш машинасы екі жүйеге бөлінген: кірді жуу және сығу. Бұл процесстерді басқару үшін корпустың жоғарғы қақпағында үш құлақ қондырылған: белгілі бір уақыт өткенде сәйкес электродвигательдері автоматты түрде өшетін және уақыттық механизмдермен жабдықталған кірді жууды және сығуды басқаратын құлақ, кір жуу режимін орнатуға арналған құлақ. Электрқозғалтқышының жиынтық қуаты - 500-600Вт. Активатордың двигателі айналу жиілігін 600-ден 1500 айн.мин дейін арттырады, ал центрифуга айналу жиілігін 3000 айн.мин дейін арттырады. Егер эксплуатациялау процесі кезінде электрқозғалтқышына демонтаж жасау қажеттілігі туса, онда оны іске қосу 10-суреттегі сұлба бойынша жүзеге асырылады.

7-сурет. СМ типті кір жуғыш машинасының құрылысы: 1 - кір жуылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологияда метрологияның мәні
Өлшем бірліктерін қамтамасыздандыру құқықтық негіздері
Метролог ғалымдардың жасаған жұмыстарын талдау
ИСО халықаралық стандарттары
Өлшемдер шамаларыныц эталондары
Жылуэнергетикадағы Метрология, стандарттау және сапаны басқару
Өндірісті бағалау рәсімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
Жолаушылар теміржол станциясының сипаттамасы
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Пәндер