Кәсіпорынның бизнес жоспарын құру негіздері


МАЗМҰНЫ
бет
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖӘНЕ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бизнес - жоспардың мәні және көрсеткіштері . . . 6
1. 2 Бизнес -жоспар құрудың мақсаттары мен міндеттері және принцптері . . . 16
1. 3 Бизнес-жоспарларды жасаудың шетел әдіснамасы және оны Қазақстан
экономикасы жағдайында қолдану мүмкіндіктері . . . 29
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БИЗНЕС - ЖОСПАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1 «Балапан» ясли - бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынының экономикалық жағдайы . . . 35
2. 2 «Балапан» ясли - бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау . . . 41
2. 3 «Балапан» ясли - бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсорын
өнімдерін өткізу нарығын зерттеу . . . 46
3 КӘСІПОРЫНДА БИЗНЕС ЖОСПАР ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 «Балапан» ясли - бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бизнес - жоспарының маңыздылығы . . . 52
3. 2 «Балапан» ясли - бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорында бизнес-жоспардың тиімділігін айқындау . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖӘНЕ ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ
1. ФҚТ
2. ТМҚ
8. РВР
3. ШЖС
4. ҚҚС
5. ЕТҚ
6. ҚХР
7. АҚШ
9. РІ
10. NPV
11. ІRR
12. БАҚ
Кіріспе
Тақырыптың өзектiлiгi. Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өзінің қызметін келешекте одан әрі жалғастыру үшін, нарықтағы жағдайлардан хабардар болып, сонымен қатар бәсекелестік қабілеті болуы керек. Келешекте кәсіпорын өзінің қызметін тоқырау қаупінен сақтау үшін, өндірісінің тоқтап қалмауы үшін сырттан күрделі салымдар немесе банктерден несие алуы керек. Бұл жағдайда кәсіпорын банктен несие алу немесе сырттан күрделі салымдарды тарту мақсатында, оларға өзінің өнімнің көлемін, оған кететін шығындар жайлы құжаттар жасайды. Бұл жасалатын құжат бизнес-жоспар немесе күрделі салым жобасы деп аталады. Бұндай бизнес-жоспарлар қысқа мерзімге, орта мерзімге және ұзақ мерзімге жасалады.
Кәсіпорынды белгілі бір кезеңге дамытуда пайда алу мақсатымен мәмілені, жүзеге асырудың бағдарлама жоспары, көзделген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған шаралар жүйесі бизнес-жоспарды құрайды. Бизнес-жоспардың инвестициялық және жекешелендіру жобаларын техникалық-экономикалық жағынан негіздеу кезеңінде әзірленеді. Бұл орайда бизнес-жоспардың күрделі салымшыға капиталдың қандай мақсатқа жұмсалатынын анықтау үшін қажет, ал кәсіпорын жобаны іске асыру барысында іс-қимыл жасау бағдарламасын әзірлеу және басқару үшін қажет. Мұндай жоспарды кәсіпорынның сипаттамасы, оның әлеуметік мүмкіндіктері, ішкі және сыртқы ортаның бағасы, маркетингтік стратегиясы және кәсіпорынды дамыту туралы нақты деректер қамтылады. Онда ықтималдық тәуекелділік көрсетіледі, яғни жоспарда қауіп-қатердің болуы мүмкін екендігі ескеріледі және оны азайту шаралары белгіленеді. Кәсіпорынның бизнес-жоспар бөлімдерінің құрылымы мен көлемін дербес анықтайды, бірақта оларды дайындау кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс. Оларға қолданылатын технологияның, нарықтың ерекшеліктері, бәсекелесуге қабілеттілік, өнімнің тауарлық көлемі белгілі мәселелердің пысықталу деңгейі жатады.
Осыны есепке ала отырып, бизнес-жоспар мәміле жүргізудің және осы негізде пайда табудың жоспар бағдарламасы болып табылады. Бұл жүйе алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік іс-шаралар әрекеті болып табылады.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде үлкен, орта және кіші бизнес кәсіпкерлері жаңа істі бастау алдын, оны жан-жақты қарастырады. Бұл түсінік, нарықтық конъюнктура талдауында негізделуді, өзіндік ресурстар мен мүмкіндіктердің шығуы, қаржылық есеп айырысу және өзіндік бизнес-жоспарды ұсынады. Оны ереже бойынша 3 жылға, ал үлкен жобаларды 5-10 жылға құрады. Бизнес-жоспарды жасаушылар жобанынң немесе жаңа істің мәнісін терең білуімен қатар, экономикалық негіздермен, нарықтық қимылды, әртүрлі болжаудың әдістерін қолдана білуі керек. Бизнес-жоспар статистикалық есеп беру құжатына жатпайды. Оны статистикалық мекемелермен, салық инспекцияларына жібермейді. Тәжірибеде, оны жасаудың мақсатты бағыты - несие алу мен серіктестікке шақырады. Банктер, инвестициялық қорлар және басқа да қаржылық нарықтағы субъектілер, кәсіпорынның бизнестегі потенциалды серіктестіктері, ең алдымен фирмамен және оның жобасымен бизнес-жоспар арқылы танысуды талап етеді. Қатаң регламент құрудың жоқтығына қарамастан, бизнес-жоспар халықаралық стандарттағы бизнеске жол ашады. Сондай-ақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бизнес-жоспар өзіңнің болашағыңды жақсы елестету үшін, тапсырмаларды анық түсіну үшін тиімді болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi. Жұмыстың мақсаты - "Балапан" кәсіпорнының бизнес-жоспарларын тиімді өңдеп, іске асуын басқару. Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысты жазуда келесі нәтижелі міндеттер қойылды:
- бизнес-жоспардың мәнінің, құрылымының және тиімділігінің теориялық негіздерін зерттеу;
- "Балапан" кәсіпорнының өндірістік әлеуетін, қаржылық қызметін және өндіретін өнімдерін өткізу нарықтарына талдау жасау;
- кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігін бағалау және әдістерін қолдану.
Зерттеудің пәні. "Балапан" ясли -бақшасы мемлекттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - ұлттық және адамзаттық құндылықтарды ескере отырып, әр баланың талабын, бейімділігін қабілеттілігін дарындылығын іске асыру және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын жақсартуға, потриот болуға және өсіп білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Зерттеу обектісі ретінде. "Балапан" ясли -бақшасы мемлекттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының даму жоспарлары мен стратегиясы алынып отыр.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде бизнес жоспар және кәсіпорынның даму стратегиясы туралы, кәсіпорында бизнес жоспар қалыптастырып, оны жүзеге асыру бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, ҚР үкіметінің заңдық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің материалдары мен арнайы нормативтік құжаттары негіз болды.
Зерттеудiң практикалық және тәжірибиелік маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелерi мен тұжырымдары сыбайлас жемқорлық, оған қарсы күрес мәселесінің ғылыми негiздерiн өз деңгейiнде толықтырады. Арнайы зерттеу нысанасы негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы әлемдік тәжірибені жинақтап, жүйелеуге талпыныс жасалды. Зерттеудiң нәтижелерiн сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес мәселесі бойынша арнаулы курстар оқуда, семинарлар жүргiзуде, заңтану курсында, қоғамдық практикада пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, - кестеден, - сызбалардан және қосымшалардан тұрады. Бұл дипломдық жұмыста үш бөлім қарастырылады.
Бірінші бөлім бойынша кәсіпорынның бизнес-жоспар құру ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы, яғни, оның құрылу тарихы, басқару құрылымы және технико-экономикалық көрсеткіші туралы.
Екінші бөлімде, негізгі тақырыбым бойынша, кәсіпорынның бизнес-жоспарын құру әдісі және оның өндірістік тиімділігінде алатын орны туралы жазылған. Бұл бөлімде жоспарды құрудың әдістері мен принциптерін, мазмұны мен құрылымын және қаржылық жағдайы жөнінде талдау көрсетілген.
Үшінші бөлімде, іс-жоспар тиімділігінің өлшемі және оны бағалау әдістері, оның өндірісте алатын тиімділік орны, тиімділікті бағалау әдістерінің жалпы сипаттамасы жөнінде талданған.
Жұмысты жазу барысында осы бағытта зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектері, монографиялары, басылымдардағы ғылыми мақалалар, "Балапан" ясли коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәліметтері, ережелері, бизнес-жоспарлары қолданылды.
1 Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
1. 1 Бизнес жоспардың мәні және көрсеткіштері
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады. [1]
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методолгисына жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері жатады. Жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуді ұлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық-экономикалық негіздеу;
- баланстық есептеулер жүргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің, жүйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т. б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз- қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш. [2]
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша жасалынады:
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі) ;
- материалдық шығындары нормасы (шикізат, материал, отын, жылу энергия жабдықтардың үлестік нормалары) ;
- еңбек құрал-жабдықьарын қолдану нормативтері (машиналары, ірі құрал-жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері) ;
- өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары) ;
- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімінің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі; сатудың көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі; әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіш-тердің ара-қатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. әдетте норма сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:[3]
- Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) - негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспараланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандардандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспараланады.
- Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы-ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбектің ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т. б. жатады.
- Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері - нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері - жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
-Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен обьектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірісті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері-өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке обьектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.
- Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т. б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.
- Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемі өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші - жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
- Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.
- Қаржылық жоспар (қаржы) . Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі - айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы; негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану; пайдалы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі - несие жоспары.
- Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.
- Табиғатты қорғау және табиғат және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.
Бизнес-жоcпар - жоспар, бизнес-операцияларды жүзеге асыратын бағдарлама, фирма, тауар, оның өндірісі, өтімділік нарығы, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру және олардың тиімділігі туралы мәліметтерді мазмұндайтын фирманың әрекеті. [3]
Бизнес-жоспар - болжамданған бизнестің қысқа, дәл, қол жетімді және түсінікті баяндалуы, неғұрлым перспективті шешімдерді таңдауға және олардың жетістіктері құралдарын анықтауға мүмкіндік беретін әр түрлі жағдайлардың үлкен санын қарастыру кезіндегі маңызды құрал. [4]
Бизнес-жоспар бизнесті басқаратын құжат болып табылады, сондықтан да оны стратегиялық жоспарлаудың бөлінбейтін ажырамас және оларды орындау мен бақылау үшін басшылыққа алынатын элементі ретінде елестетуге болады.
Бизнес-жоспарды жоспарлау процесінің өзі және фирмаішілік басқарудың құралы деп қарастырған маңызды.
Бизнес-жоспар - бизнесті жоспарлау барысында жасалған бағдарламалық өнім.
Бизнес-жоспарды жасау - бұл жалпы қабылданған амал, ұйымдастырылған өндіріс мақсатын анықтау үшін және олардың жетістіктеріне апарар жолды анықтау үшін кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын әр түрлі ұйымдық-құқықтық форма.
Әрбір кәсіпкер , өзінің қызметін бастай отырып, қаржылық, материалдық, еңбек және интеллектуалдық ресурстардағы перспективаның қажеттілігін, оларды алудың көздерін, сондай-ақ фирманың жұмысы процесіндегі ресурстарды пайдаланудың тиімділігін нақты, дәл есептей білу керектігін анық көрсетуі тиіс.
Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлер егер, өз қызметін айқын, дәл және тиімді жоспарлай алмаса, мақсатты нарықтың жағдайы қалай екендігі туралы, өздерінің бәсекелестерінің жағдайы, жеке перспективалары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттарды үнемі жинастыра және шоғырландыра алмаса, онда тұрақты жетістікке де қол жеткізе алмайды.
Кәсіпкерліктің сан алуан формаларының бәрінде де, коммерциялық қызметтің барлық дерлік салаларында және әр түрлі фирмалар үшін қолданылатын түйінді жағдайлар бар, бірақ өз уақытында дайындалу және әлеуетті қиындықтар мен қауіптерден айналып өту үшін қажетті тәуекелдерді азайта отырып, алға қойылған мақсаттың жетістіктеріне ұмтылуы тиіс.
Бизнестегі алғашқы қадамын жасай отырып және жаңа бизнес-жобаны іске асыра отырып, кәсіпкерлер, біріншіден, қаржы қорларының жетіспеушілігіне, екіншіден, кәсіпорынды таңдалған ұзақ уақыттық курстан басқа жаққа алып кететін көптеген жағдайларға ұшырасады. [5]
Сондықтан да алға қойылатын мақсатты, бағалауды және болжамды алдын-ала баяндап, қағазға түсіріп алу қажет. Бұл, әрине, барлық межеленгеннің бәрі де сөзсіз орындалады деген сөз емес: мақсаттар мен болжамдар қосымша ақпараттардың түсу көлемі бойынша және іс жүзіндегі тәжірибені қамту барысында түзетіледі.
Сондықтан, бизнес-жоспарды дайындаудың аса маңызды екі себебі бар:
1) инвесторлардың бизнестегі ақша салымы немесе несиені ұсынуы үшін оның мақсаттылығына көздерін жеткізу;
2) таңдалған курсты сақтау және фирманың одан ауытқуының кездейсоқ жағдайына жол бермеу.
Нарықтық қатынастардың бәсекелестігіне байланысты қазіргі экономикалық жағдай ішкі фирмалық жоспарлау үшін кәсіпорындарға жаңа тәсілді ұсынады . Жоспарлау болашақта қандай да бір әрекетті қабылдауды межелейтін кез келген ұйым үшін қажет. Кәсіпорын қабылданған шешімдердің максималды тиімділігін қамтамасыз ететін жоспарлаудың формалары мен әдістерін іздестурге мәжбүр. Мұндай шешімдердің жетістіктерінің оңтайлы нұсқасы Бизнес-жоспардың прогрессивті формасы болып табылады.
Нарықтық экономикадағы бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сфераларында пайдаланылатын жұмысшы құралы болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың жұмыс істеу процесін баяндайды, оның басшыларының өз мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуі, бірінші кезекте, жұмыстың пайда түсіруін арттыру үшін не істейтіндігін көрсетеді. Жақсы талданып, жасалған Бизнес-жоспар фирманың өсуіне, ол жұмыс істейтін нарықтағы жаңа ұстанымдарды жеңіп алуға, өз дамуының перспективті жоспарын құрастыруға көмектеседі.
Нарықтық экономикада Бизнес-жоспарлардың формасы, мазмұны, құрылымы және т. б. бойынша көптеген нұсқасы бар (сурет 1) . [6]
Сурет 1. 1. Бизнес-жоспарлардың бизнес объектілері бойынша типологиясы
Ескерту; Диплом жұмысындағы бизнес - жоспар оқу құралынан
Бизнес-жоспар тұрақты құжат болып саналады; ол әрдайым жаңартылады, фирманың ішіндегі және сол секілді фирма әрекет етіп жатқан нарықтағы болып жатқан өзгерістерге байланысты оған да өзгерістер енгізіледі. [7]
Бизнес-жоспар фирма дауының стратегияларын анықтайтын құрамдас құжаттардың бірі болып табылады.
Сонымен бірге, ол фирма дауының жалпы концепцияларына негізделеді, стратегияның экономикалық және қаржылық аспектілерін неғұрлым мұқият жетілдіреді, нақты іс-шараларға техникалық-экономикалық негіздеме береді.
Бизнес-жоспар белгіленген іс-шараларға жеткілікті нақты экономикалық баға беруге мүмкіндік жасайтын, әдетте, жүзеге асыру мерзімі бір немесе бірнеше жылмен (орташа- және ұзақмерзімдік несиелер мерзімімен жиі хабарланадырылатын) шектелетін инвестициялық бағдарламалардың бір бөлігін қамтиды.
Өнеркәсіптік елдердегі көптеген өте іскер компаниялар тәжірибесі көрсеткеніндей, нарық жағдайында оның қатаң бәсекелестігімен шаруашылық-өндірістік қызметті жоспарлау егер, оның өмір сүруінің басты шарты болмаса да, экономикалық өсу мен өркендеуінің маңызды шарты болып табылады. Тәжірибе жүзінде стратегиялық, ұзақмерзімдік, қысқамерзімдік, сондай-ақ, ағымдағы жоспарлауы қолданылады. Қандай да бір коммерциялық жобаны іске асыру немесе жаңа кәсіпорынды құру үшін белгіленген әрекет негіздемесін мазмұндайтын құжат болып табылатын Бизнес-жоспарға ерекше назар аударылады. [8]
Өз ісіңді таңдағаннан кейін оны қалай ұйымдастыру керектігін жоспарлауыңыз қажет.
Бұл жоспар бәріне керек: Сіз өз жобаңызды іске асыру үшін кімнен ақша сұрайсыз, -банкирден бе әлде инвестордан ба; өзінің болашағы мен міндеттерін түсінуге ниет білдірген өздеріңіздің қызметкеріңізден бе; ал ең бастысы - өз идеяларыңызды мұқият талдап, олардың орындылығы мен ақиқаттылығын тексеру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz