Кәсіпорындағы логистика


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті. Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы - негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты - материалды ағымдарды толассыз басқару.
Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі - өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы нарығынан сатып алушы нарығына өту.
Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйелердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің экономикалық әдебиетінде логистикалық мәлелердің алатын орны маңызды және оның дамуын зерттеуге көптеген еңбектер арналған.
Логистиканың тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми көзқарасты талап етуі Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен сай келді. Отандық бизнестегі логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып қарауға болмайды.
Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан зерттеу жұмысының өзектілігін көруге болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Отандық кәсіпорындардың дамуында логистикалық әдістерді қолдану қажеттілігінің теориялық және практикалық негіздеу болып табылады.
Жұмысты жазу барысында жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:
- логистика тарихын, эволюциясын, ұғымы мен мазмұнын ашу;
- логистика әдістемелерін, оны қолданудағы экономикалық тиімділігін толықтай ашу, тұжырымдама келтіру;
- шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесін талдау;
- Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағын қарастыру, «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау;
- Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар келтіру.
Зерттеу нысаны: Қазақстан республикасының кәсіпорындары болып табылады.
Зерттеу пәні : Өнеркәсіптік кәсіпорындарда логистиканы ұйымдастыруды қамтамасыз ететін факторлар мен жағдайлардың жиынтығы.
Зерттеудін теориялық әдіснамалық негіздері. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда логистикалық ұйымдастырудың және оны реттеудің теориялы практикасының отандық және шетел экономист ғалымдарының еңбектері және заң актіле, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы үкіметінің өкімдері.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептері, тақырыптың өзектілігі, оны зерттеудегі мақсаттары аталып, әр тарауда қолданылған әдебиеттер және баспасөз материалдары көрсетіліп кетеді.
І бөлімде логистика тарихы, эволюциясы, ұғымы мен мазмұны, әдістемелері, экономикалық тиімділігі, шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі кеңірек қарастырылады.
ІІ бөлімде Қазақстан Республикасындағы логистиканың даму нарығының жағдайы мен болашағы, «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін жан-жақты талданып, Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары қарастырылады.
Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер төңірегінде логистика қызметін тиімділігін арттыру, тәжірибедегі мәселелерін шешу жолдарын көрсетіп, ұсыныстар келтірілген.
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1. 1 Логистика ғылым ретінде, оның концепциясы тарихы, эволюциясы
Логистиканың кең және тар мағыналы анықтамасы бар. Логистика кең мағынада - бұл алдына қойылған мақсатқа жету үшін белгілі бір микро-, мезо- немесе макроэкономикалық жүйеде материалдық ағымдарды, қызметтер ағымын және солармен байланысты ақпараттық және қаражаттық ағымдарды ұйымдастыру мен жетілдіру туралы ғылым. Логистика (бизнес позициясынан) тар мағынада - бұл материалдық және сервистік ағымдармен, сонымен қатар оларға қосымша ақпараттық және қаржы қаражаттарын ұтымды (жалпы шығынды азайту мақсатында және соңғы тұтынушының тауар сапасы мен қызметіне сұраныстарын қанағаттандыру үшін көзделген) басқару арқылы бизнесті ұйымдастырудағы стратегиялық, тактикалық және оперативті мақсаттарға жетуге ынталандыратын менеджменттің интегралды құралы.
Логистиканы меңгеру объектісі - материалдық және сонымен ілеспелі қаржылық, ақпараттық ағымдар. Логистиканы меңгеру пәні - ғылым ретінде құбылыстар ағымын жетілдіру. Логистикалық ыңғай жаңа ұғынулар объектін (ағым) ендіруді талап ететіндіктен, оның анықтамасын ұсынамын. Ағым - обьекттер мен көптеген элементтердің бір жылжымалы жүйеге келуін айтады. Олар сипатталады: жылдамдық, уақыт, траектория, жолдың ұзақтығы, интенсивтілігі. Логистика көп түрлі ағымдармен жұмыс істейді - материалдық (сонын ішінде ДЗ, ММҚ, МТ), көлік, қаржылық, энергетикалық, ақпараттық, адамдық.
Келесі ұғымдардың анықтамасы келесідей: материалдық ағым, логистикалық тізбек, логистикалық жол, логистикалық жүйе, макрологистика, мезологистика, микрологистика. Материалдық ағым - бұл жүктер, тауарлар, оларға қосымша процесс ретінде логистикалық қатар (көліктау, сақтау) және технологиялық операциялар қарастырылады. Логистикалық жүйе - бұл әртүрлі логистика қызметін атқаратын, кері байланысқа бейімделген жүйе. Логистикалық канал - бөлу каналы - бұл материалдық ағымды нақты өндірушіден, соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамассыз етететін, көптеген әртүрлі жекеленген делдалдар жиынтығы. Логистикалық тізбек - бір логистикалық жүйеден екіншісіне сыртқы материалдық ағымды жеткізуші логистикалық операцияларды іске асыратын, логистикалық процесстін көптеген қатысушыларының сызықты тізбектелген қатары.
Макрологистика мемлекеттердің немесе аймақтардың түпкір-түпкірлерінде орналасқан өндірістік, тауарлық, көлік кәсіпорындардың материалдық ағымдарын басқару сұрақтарын шешеді. Микрологистика бір кәсіпорын шеңберіндегі локальды сұрақтарды шешеді. Бұл сұрақтарды келесі дәрістерде толық қарастырамыз.
Сонымен логистиканын негізгі мақсаты тұтынушыға тауарды қажет көлемде қажет уақытта материалды, қаржылық және еңбектің минимальды шығындармен жеткізу. Логистикалық қызметтің мақсаты 6 шартты орындауда: 1) қажетті тауар; 2) қажетті сападағы 3) қажетті көлемде 4) қажетті уақытта 5) қажетті жерге 6) минимальды шығындармен.
Логистика концепциясы - материалдық және оған қосымша ақпараттық және қаржылық ағымдар қозғалысын тиімді рационализациялау және оптимизациялау арқылы экономикалық қызметті жетілдіруге бағытталған көзқарастар жүйесі. Логистика концепциясы кәсіпорынның барлық бөлімдерінің бірігіп, келісілген жүйелі түрде жұмыс жасаса ғана іске асады. Материалды ағымның негізгі конструктивті принципі жүйелілікке негізделген. Логистиканың негізгі принциптері: Бірлескен стратегиямен логистиканы байланстыру; Материалды ағымдар қозғалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру; Оны өңдеуде қазіргі заманғы технология мен керекті мағлұматтың түсіп тұруын қамтамассыз ету; Адамдар ресурстарына тиімді басқаруға талпыну; Қаржы көрсеткіші жүйесіндегі логистика кірістерін есептеу; Табысты жоғарылату мақсатында логистикалық қызметтің оңтайлы деңгейін анықтау; Логистикалық операцияларды рационалды өңдеу; Логистикалық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау. Логистиканың негізгі функциялары ретінде мамандар келесілерді ерекшелейді: тұтынушыларға қызмет көрсетуде стандарттарға бағыну; сатып алуларды басқару; көліктеу; қорларды басқару; тапсырыс беруді басқару; өндірістік процедураларды басқару; баға түзу; физикалық бөлу және т. б. Логистиканың жақтаушы (қосымша) функциясына әдетте жатады: қоймаларда сақтау; жүк тасымалдау; қорғаныш бума; тауардың қайтарылуын қамтамассыз ету; сервистік қызмет және артық бөліктермен қамтамассыз ету; қайтарылған қалдықтардың жиынтығы; ақпараттық-компьютерлік қамсыздандыру. Логистиканың функционалды салалары: сатып алу, өндірістік бөлу, көлік, ақпараттық логистикадағы қор өндірісі, айналыс және қолданыс арасындағы буфер сияқты сервистік қызмет.
Практикалық логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде ''логистер'' немесе ''логистиктер'' деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б. з. 865-912 ж. ж. ) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептелген.
Логистикалық әдіс екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде қару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады [1] .
Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі таңда да “logіstіes” сөзін әскери 1) тыл және жабдықтау; 2) материалды-техникалық қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.
Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: “Логистика гректің “logіstіke” сөзінен алынған - есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын практикалық арифметика логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Европада XVІІ ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушы-энциклопедисі, философы) логистиканы “calculus ratіocіnator” (ой қорытындыларын есептеу) үшін синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды”.
Логистика бойынша бірінші ғылыми еңбектерді шығарушы ретінде XІX ғасырдың басындағы француз әскери маманы Джоминиді атауға болады, ол логистикаға мынадай анықтама берген: “логистика - әскерлерді маневрлеудің практикалық өнері”. Ол логистикаға тек тасымалдау ғана емес, сондай-ақ жоспарлау, басқару және жабдықтау мәселелері, әскерлерді орналастыру жерлерін анықтау, сонымен қатар көпір, жол және т. б. салу мәселелері жатады деп пайымдаған. Логистика әскери ғылым ретінде тек XІX ғасырдың ортасында ғана қалыптасты [2] .
Логистика дамуының тағы бір бағыты - экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі.
Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70-ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.
Логистиканың практикалық потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның потенциалды мүмкіндіктерін “шығындарды үнемдеудің соңғы шегі” және “экономиканың танылмаған материгі” ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М. Потер, Д. Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады [3] .
1-суретте шет елдегі логистика эволюциясы, материалды, сондай-ақ онда кездесетін ақпарат және қаржы ағымдарын басқарудың теориясы мен практикасы бойынша берілген, яғни шикізаттардың, материалдардың және дайын өнімдердің айналым үрдісімен байланысты, оларды жабдықтаушылардан өндіруші-кәсіпорындарға және соңғылардан талаптарға сәйкес соңғы тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты барлық кешенді мәселелердің шешілуі берілген.
ХХ ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады.
20-жылдардан 50-жылдардың басына дейінгі кезеңді “фрагментаризация” кезеңі деп атауға болады, бұл кезде логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегі материалды ағымдарды басқарудың интегралды құралы ретінде талап етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға дейін кейбір логистикалық функциялар (1-сурет) құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда және т. б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттің даму деңгейі логистика феноменінің пайда болуына ықпал етпеді.
Қарастырылып отырған кезеңде, онда болашақта логистикалық концепция енгізудің алғышарты қалыптасқандығымен маңызды. Оған төмендегілерді жатқызуға болады:
- тауарлардың өткізуді ұйымдастыру жүйелеріндегі қорлар мен тасымалдау шығындарының өсуі;
- транспорт тарифтерінің өсуі;
- маркетинг концепциясының пайда болуы және тез таралуы;
- әскери логистиканың теориясы мен практикасының дамуы.
Осы кезеңде маркетинг бойынша бірқатар еңбектер шықты, оларда маркетингтің құрамдас бөлігі ретіндегі физикалық бөлудің табиғаты ашылды, оның тауарларды өткізудің тиімділігін ұйымдастырудағы және жоғарылатудағы оның ерекше орны көрсетілген.
Әлемдік экономиканың өндіруші рыногынан сатып алушы рыногына бірте-бірте өту салдары ретіндегі маркетинг концепцияның қалыптасуы бизнестегі логистиканың пайда болуын түсіндіретін маңызды фактор болып табылады [4] .
Қарастырылып отырған тарихи уақыт мезетіндегі алғашқы логистикалық ұйымдар мен бірлестіктердің пайда болуын айта кету қажет. АҚШ-тағы және әлемдегі ең ежелгі ұйым сатып алуларды басқару мәселелерінің Ұлттық асоциациясы болып табылады (1915 жылы құрылған), ол 1967 жылы жабдықтау агенттерінің Ұлттық ассоциациясы болып қайта құрылды.
1950-ші жылдардың ортасынан бастап 1970-ші жылдарға дейінгі кезеңді батыс мамандары логистиканың қалыптасу кезеңі (концептуализация) деп атайды. Бұл кезең, ең алдымен, АҚШ-тағы логистиканың теориясы мен практикасының тез дамуымен сипатталды. Сол кезеңде дистрибьюцияны жақсарту мүмкіндігін, ең алдымен шығындарды төмендету тұрғысынан, елемеуге болмайды. Белгілі американ жазушысы және менеджмент бойынша кеңесші Питер Друкер дистрибьюцияны ''көбінесе еленбейтін және американ бизнесінің ең сенімді саласы '' деп атаған.
Логистиканың батыс бизнесінде тез етек жаюының маңызды фактілерінің бірі - жеке бөлудегі жалпы шығындар концепциясының пайда болуы болды. Бұл концепцияның мәні, дистрибьюцияда шығындарды тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжытуға кеткен шығындардың жалпы деңгейі азаятындай етіп қайта топтауға болатындығына келіп саяды. Мысалы, тауарлар тасымалын автомобиль көлігінен әуе көлігіне алмастыра отырып, аралық қоймаларды құру қажеттілігінен қашуға болады, яғни қорларды қоймалауға, сақтауға және басқаруға кететін шығындарды шығаруға болады. Бұл жерде тасымалдау шығындары өскенмен, өткізу торындағы шығындардың жалпы деңгейі төмендейді.
Сурет 1- Логистика эволюциясы
Ескерту: әдебиеттер негізінде жасалған.
Сонымен бірге, осы кезеңде логистиканың тез дамуын түсіндіретін бірқатар объективті экономикалық және технологиялық факторлар болған. Олардың негізгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
- тұтынушы сұранысының модельдеріндегі және қатынастарындағы өзгерістер (олигополиялық рыноктардың дамуы)
- өндіріске жұмсалатын шығындарды қысу;
- компьютерлі технологиялардағы прогресс;
- қорларды қалыптастыру стратегияларындағы өзгерістер;
- әскери тәжірибенің әсері.
Бұл факторлар 60-шы жылдары АҚШ-та айқын көрінді. Рыноктағы негізгі тенденциялар сатып алушыларға көңіл бөлудің күшеюі (соның ішінде, қызмет көрсету үлесінің өсуі) және бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын (бәсекелес тауарлардың) түрлі тауарлардың көп болуы болды. Олигополистік рыноктық құрылымдардың тез дамуы бизнес ұйымдарын сұраныс пен ұсынысты үйлестірудің, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Тапсырыс циклдарын қысқартуға және өнім өндірісіне жаңа кинетикалық көзқарастар пайда болды. Тауарлар түрлерінің көбеюі дистрибьюция жүйелерінде қорлардың құрылуы мен сақтауына кететін шығындардың өсуіне алып келді. Бұл өз кезегінде тауар өткізуші құрылымдарды жетілдірудің және жеке бөлу процестеріндегі шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етті [5] .
Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы белсенді экономикалық өсуден кейін, 60-шы жылдардың ортасында өндірушілердің ұзартылған пайдасының едәуір құлдырауы және оның тарылу кезеңі байқалды.
Нарықтық жағдайдың өзгеруі, олигополистік бәсекелестіктің өсуі өнім өндірушілерге шығын факторларының қысымын күшейтті, менеджерлерді еңбек өнімділігін жоғарылатудың, өндіріс пен дистрибьюциядағы шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Жаңа логистикалық концепциялар оларға сондай мүмкіндік берді. Бұдан басқа, менеджерлердің логистикалық шығындардың көп мөлшерге дейін жете алатына көзі жетті.
60-жылдардың соңында Батыста (негізінен АҚШ-та) менеджменттің интегралды құралы ретіндегі бизнес-логистиканың концепциясы қалыптасты. Концепцияның негізгі мазмұны мынадай болды: “Логистика - бұл белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде тауарлардың сұранысы мен ұсынысын үйлестіруге және жылжытуға әсер ететін барлық қызметтерді басқару”.
70-шы жылдардың басында бизнес-логистиканың негізгі принциптері құрылды және көптеген батыс фирмалары оларды практикада табысты қолдана бастады. Бірақ пайданы өсіруге қызығушылық білдірген көптеген фирмалар үшін шығындарды азайту және бақылауға қатысты логистикалық әдіс айқын болмады. Бұдан басқа, логистикалық үйлестіруді енгізу әрекеттері көптеген батыс фирмаларында орта және тіпті жоғарғы менеджменттің қарама-қарсы әрекеттеріне алып келді. Ұзақ уақыт бойы дәстүрлі функцияларды орындауға үйренген менеджерлер, мысалы, сатып алу, тасымалдау, жүкті өңдеу қызметтерін атқара отырып, жалпы шығындарды төмендету концепциясының негізінде материалды ағымдарды іштей бақылау үшін қажетті ұйымдық өзгерістерді енгізуге кедергі жасап отырған. Қосымша қиындықты логистикалық шығындардың құраушыларын бөлуге және бақылауға ыңғайланбаған бухгалтерлік есеп жүйелері және фирмалардың логистикалық белсенділігінің қаржы нәтижелерін бағалау жүйелері тудырды.
80-90 жж. кезеңін логистика бойынша ең белгілі ғалымдар мен мамандарының бірі, АҚШ-тың Мичиган университетінің профессоры Дональд Бауэрсонс ''логистикалық ренессанс'' кезеңі деп атады. Шынында да, осы кезең ішінде логистика теориясы мен практикасы алдыңғы онжылдықта жасалғаннан асып, алға қадам басты.
Логистиканың тез дамуының басты идеясы минималды шығындармен бизнестің соңғы мақсатына жету үшін ''сатып алулар - өндіріс-дистрибьюция -сатулар'' толық логистикалық торындағы фирманың логистикалық функциялары мен оның логистикалық әріптестерін максималды интегралдау болды.
Қарастырылып отырған тарихи кезеңде логистикалық шарықтау феноменін түсіндіретін әлемдік экономикада маңызды өзгерістер болды. Олардың негізгілері мыналар:
- ақпараттық технологиялардың революциясы және персоналды компьютерлерді енгізу;
- рыноктарды ғаламдастыру;
- экономика инфрақұрылымын мемлекеттік реттеудегі өзгерістер;
- TQM философиясын жан-жақты тарату;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz