Қр-ғы валюталық операциялар жайлы



КІРІСПЕ

1. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Валюталық операциялардың түсінігі, экономикалық мәні және жіктелуі

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеулер жүйесі және нормативті құқық базасы
2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайын талдау

Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама
3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

Валюталық операцияларды жүргізудегі валюталық тәуекелді басқару

Валюта режимін либерализациялау бағдарламасы және валюталық операциялардың стратегиялық даму бағыттары
Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жағдайында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жетілдіру


4. ҚОРЫТЫНДЫ
5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды, бірақ бұл шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. Қазақстанда ашық экономика принципі жарияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстар мен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіруінің қажетті шарты болып есептеледі.
20 ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражатжәне валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды, дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық –қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезде жұмыс жасап отырған валюта нарығының механизмінің жаңаша қызмет етуін талап етеді. Бүгінгі күні экономиканың басты элементi — валюталық нарық. Валюталық нарықтың қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Валюталық нарық — экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануды, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Қазақстан экономикасын қайта қалыптастырудағы 10 жылдық тәжірибе көрсеткендей, Республика қаншалықты әлемдік экономиканы интеграцияланса, соншалықты оның ақша-несие саясатында сыртқы экономикалық әсері күшті болады. Экономикасы шикізат өндіруге бағытталған Қазақстан дәстүрлі экспортқа арналған әлемдік баға коньюнктурасына тікелей байланысты. Экспорттық валюталық түсім көлемі тұрақты емес, ал бұл төлем балансы жағдайына және Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мынадай қорытынды шығаруға болады:
1. Бертаева К.Ж. Валютный рынок и валютные операции, Алматы, 2000
2. Бертаева К.Ж. Казахстанский валютный рынок: этапы формирования и тенденции развития в условиях глобализации мирового валютного рынка, Алматы, 2005
3.Банковское дело: Учебник / Под ред. Лаврушина О.И. - М.2000.
4.Банковское дело. Дополнительные операции для клиентов. / под ред. Тавасиева А.М. – М., 2005.
5.Банковское дело / под ред. Сейткасимова Г.С. – Алматы: Каржы –каражат, 1998.
6.Бертаева К. Валютная политика Казахстана: положительные тенденции и противоречия // Транзитная экономика, 2011, №3. – с. 5- 17.
7.Байманова Ж.К. Валютный рынок: история и современное состояние, перспективы развития // Банки Казахстана, 2010, №11. – с. 16
8.Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам банковской деятельности, валютного регулирования и валютного контроля» от 8 мая 2003 года.
9.Концепция развития финансового сектора РК, одобренная постановлением Правительства РК от 28 июля 2003 №753.
10.Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан. Утверждены постановлением правления НБК от23.05.97 №206. По состоянию на 1. 01. 2005 года.
11.Программа либерализации валютного режима в Республике Казахстан на 2005-2007 годы. Утверждена постановлением Правительства РК от 25 июня 2004 №705.
12.Бондарь Т. Что происходит в банковской системе Казахстана (Становление банковской системы Казахстана обошлось без кризисов) Финансист, - №10 - 2011
13.Есенжанов А. Валютный рынок: опыт и перспективы // Мысль, 2011. - №2 – с. 45-46.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

4
1
ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

6
1.1
Валюталық операциялардың түсінігі, экономикалық мәні және жіктелуі

6
1.2
Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеулер жүйесі және нормативті құқық базасы
14

2
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
24
2.1
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайын талдау

24
2.2
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама
32

3
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

46
3.1
Валюталық операцияларды жүргізудегі валюталық тәуекелді басқару

46
3.2
Валюта режимін либерализациялау бағдарламасы және валюталық операциялардың стратегиялық даму бағыттары

51
3.3
Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жағдайында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жетілдіру

59

ҚОРЫТЫНДЫ
64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
67

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономиканы тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды, бірақ бұл шаралар ойдағыдай нәтижелер бермеді. Қазақстанда ашық экономика принципі жарияланған еді. Бұл принцип оның әлемдік шаруашылық байланыстар мен халықаралық еңбек бөлінісіне біртіндеп кіруінің қажетті шарты болып есептеледі.
20 ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражатжәне валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды, дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық - қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезде жұмыс жасап отырған валюта нарығының механизмінің жаңаша қызмет етуін талап етеді. Бүгінгі күні экономиканың басты элементi -- валюталық нарық. Валюталық нарықтың қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Валюталық нарық -- экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануды, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Қазақстан экономикасын қайта қалыптастырудағы 10 жылдық тәжірибе көрсеткендей, Республика қаншалықты әлемдік экономиканы интеграцияланса, соншалықты оның ақша-несие саясатында сыртқы экономикалық әсері күшті болады. Экономикасы шикізат өндіруге бағытталған Қазақстан дәстүрлі экспортқа арналған әлемдік баға коньюнктурасына тікелей байланысты. Экспорттық валюталық түсім көлемі тұрақты емес, ал бұл төлем балансы жағдайына және Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып мынадай қорытынды шығаруға болады:
Банк жүйесінің экстенсивті дамуының аяқталуы және жаңа сапалы этапқа көшуі, несиенің өсу процесімен және депозиттік нарықтың көбеюімен тең дәрежеде болуы Қазақстан Республикасында валюта операциясы қызметының маңызды екендігін анықтайды. Әлемдік нарықта мұнай бағасының жоғарылығы және доллар активінің теңгеге айырбасталуына байланысты ішкі нарықта шетел валютасының көбейіп кетуін, соның нәтижесінде біздің республикамызда валюталық операциялар көлемінің ұлғаюын бақылау мәселелері тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты валюта нарығының мазмұны мен құрлымдық элементтеріндегі өзгерістерді сипаттай отырып, коммерциялық банктердің валюталық операцияларына талдау жасау, сондай-ақ қазіргі валюта жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады. Мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
-валюталық операциялар түрлерін және оларды жүргізудің ережелерін қарастыру;
-қазіргі валюта нарығының құрылымдық элементтерін және өзіндік ерекшелігін зерттеу;
-коммерциялық банктердің валюталық операцияларын талдау.
- ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды қарастыру және ұсыныстар беру.
Зерттеу пәні мен нысаны. Қазақстан Республикасының валюталық нарығында қалыптасқан субъектілердің әлеуметтік-экономикалық қатынастары зерттеу пәні болып табылады. Зерттеу нысаны - коммерциялық банктердің валюталық операциялары.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында валюталық қатынастарды зерттеген отандық және шетелдік экономистердің еңбектері мен зерттеулері пайдаланылады. Статистикалық жәнне ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Респуликасы Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, Қазақстан Респуликасындағы валюталық нарық туралы жылдық есеп деректері және валюталық нарыққа байланысты түрлі жобалар, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ валюталық нарықтың дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс 68 бетті қамтыған кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытынды мен ұсыныстардан тұрады. 3 кесте, 9 сурет тіркелген. Қолданылған әдебиеттер тізімі 22 атауды қамтиды.
Бірінші бөлімде, валюталық операциялар түсінігі және валюталық реттеулер жүйесі және нормативті құқық базасы қарастырылады.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық жағдайы қарастырылған. Сонымен қатар банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама берілген.
Үшінші бөлімде, - Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық қызметтін ұйымдастыру және реттеу механизмі, валюталық бағам режимін реттеу туралы айтылады.

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1 Валюталық операциялардың түсінігі, экономикалық мәні және жіктелуі

Әр мемлекеттің өз ақшасы бар. Олар айырбас құралы немесе төлем, есеп бірлігі құралы, құнды бірқалыпты сақтау құралы, сонымен бірге төленбеген төлемдерге шара қолдану қызметін атқарады. Яғни, ақша ұлттық валюта ретінде тек ішкі рынокта ғана емес, сыртқы рыноктада үлкен рөл атқарады. Қанша тәуелсіз ел болса, сонша ұлттық валюта болады. Соған байланысты, бірнеше түрлі валюта құрылымы пайыздық қойылым, валюта бағамының режимі, және тағы басқалар болады. Солардың барлығы халықаралық валюта нарығында жинақталады.
Валюталық операция - бұл шетел валтасын сатып алу - сату немесе бір валютаны екінші бір валютаға айырбастау.
Шетелдік валютасы валюта операциясын жүргізудің ең негізгі обьектісі болып табылады және мынадай жағдайда қолданылады:
1) Коммерциялық мәміле жүргізуде;
2) валюта нарығын құруда;
3) төрелік жүргізуде;
4) қауіп-қатерді ретке келтіруде 1.
Шетел валюталық операциясы қолданылатын коммерциялық мәмілелер шетел валютасын иемдену және сатуды таза қаржы операциялары үшін емес тауар саудасын және қызмет көрсету түрлерін жеңілдету үшін қолданылады.
Валюта саудасы банк операцияларының әртүрлі түріне жатқызылуы мүмкін, бірде оның банктердің өз мүддесі үшін жасалатын операцияларына жатқызса, бірде банктің қызмет көрсету түріне жатқызады. Одан басқа, валюта саудасы арнайы валюта биржасында жүзеге асырылуы мүмкін. Валюта саудасымен көбіне банктің қызмет көрсету түріне немесе банк үшін жасайтын операцияға жататыны немесе жатпайтыны коммерциялық банктің түрлеріне және көлеміне байланысты. Валюта саудасының аз ғана бөлігі валюта биржасы арқылы (ал валюта биржасы барлық елдерде бар емес) жүзеге асатындықтан, банкаралық валюта саудасы өз міндетіне алады.
Валюта саудасы әртүрлі валюталық операцияның негізінде құрылады. Барлық валюталық операциялар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан шетел валютасымен операцияларды нақты жіктеу өте қиын, валюталық операцияның бірнеше негізгі түрлеріне жатқызылуы мүмкін (1-сурет)
Валюталық операцияларды мақсатына қарай былай жіктеуге болады:
а) Валюта айырбастау;
ә) Алып-сатарлы және төрелік.
Валюта айырбастау операциясында айырбастауға қатысушы үшін шешуші кезең бола алмайды, яғни түсім оған байланысты емес (тіпті залалдан сақтану үшін ол валюталық қауіп қатерден сақтандыра алмайтынын ескермеген жағдайда да). Шетел валютасына айырбастау басқа нарықтарда (тауар, қаржы) түсім түсіру үшін қолданылады, мысалы шетелге сатылған тауар есебінен.
ИНКАССО
БАНКТІК АУДАРЫМ
АККРЕДИТИВ
Халықаралық есеп айырысуларға байланысты
Валюталық операциялар
Валюталық арбитраж
Клиенттердің валюталы шоттарын жүргізу
Конверциондық операциялар
Банктің валюталық позициясы
Шетелдік банктермен корреспонденттік қатынастар
Валюталық қаражаттарды орналастыру және тартумен байланысты операциялар
Сауда емес операциялар
Қолма-қол шетел валютасын сатып алу(сату)
Шетел валютасын инкассациялау
Жол чектерін сатып алу(төлеу)
Ақшалай аккредитивтерді төлеу
Пластикалық карточкаларды шығару және қызмет көрсету
Своп
Спот
Форвард

Сурет 1- Валюталық операциялардың жіктелуі

Алып-сатарлы және төрелік операцияларда керісінше, валюталық операцияның өз әрекеті арқылы түсім түсіру мақсаты қойылады. Жалпы алғанда, төрелік операциялар - бір қаржылық құрамдарды (валютаны) әртүрлі нарықта бір мезгілде сатып алу және сату арқылы қарым-қатынастар арасындағы айырмашылықтан пайда табу мақстында жүргізіледі.
Алып-сатарлық - бағаның валта бағамының, пайыздық қойылымның өзгеруінен пайда табу мақсатымен жүргізілетін қаржылық құралдарды алып-сату операциясы. Осыдан төрелікпен спекуляцияның принципті айырмашылығы шығады.
Халықаралық төлем трансфертінде пайданы аудару, ақша құралдарын және басқа валюталық құндылықтарды бір елден екінші бір елге аудару жүргізіледі. Валюта айырбастау операциясы басқа валюталық операцияның құрылуына мүмкіндік жасайды, себебі олар басқалардан бұрын пайда болған, яғни бір елдің ақшасын екінші бір ел ақшасына айырбастау қажеттілігі туған кезден бастап қолданылады. Ертеде кез келген саяхатшы немесе саудагер шекараны кесіп өту үшін оған өзі баратын елдің ақшасы қажет болған 2.
Әлемдік валюта жүйесінің құрылуы кезеңінде, яғни XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр ортасына дейін төлем трансферті операциялары басты рөл атқарды, яғни валюталық операциялар халықаралық саудаға қызмет етті. 1960 жылдар төрелік және алып-сатарлық валюталық операциялар дамуының басы болып есептеледі, дәлірек айтсақ, валюталық фьючерс форвард опциондардың пайда болуы мен болады.
Анықталған ұқсастықтарына қарай валюталық операциялардың бөлінуі сияқты валюта нарығына қатысушыларды былай бөлуге болады:
1)Қаржы және тауар нарығына деген операция үшін конверсия қажетті бастапқы кезең болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;
2)Төрелік және алып-сатарлық операцияларды жүргізуші
төрелікдар, спекулянттар:
3) Валюталық қауіп-қатерден сақтандырушы хеджерлер;
4) Барлық қатысушылар үшін валюта айырбастау қызметі бойынша өздері маманданатын қатысушылар.
Егер төрелікдар мен спекулянттар нарықтағы курс айырмашылығынан пайда түсірсе, онда айырбасты жүзеге асырушы тұлға бір нарықта қызмет етеді және бір ғана валютаның сатып алу бағамы және сату бағамы арасындағы айырмашылық есебінен пайда табады.
5)валюталық - қаржылық жүйесінің тұрақтылығын сақтау жәневалюта нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекет аралық ұйымдар. Мемлекеттік ұйымдар, алдымен Ұлттық банк және Қаржы министрлігі, мемлекетаралық ұйымдар - Халықаралық валюталық қор және Бүкіләлемдік банк.
Бір ғана тұлға бір мезгілде немесе тұтасымен бірнеше операцияларды атқара алады. Бәрінен бұрын бұл банкке қатысты.
1) Банктер валюта конверсиясын жүргізеді;
2) олар арқылы төлеп трансферті жүргізіледі;
3) олар қазіргі жағдайда халықаралық облигацияда және басқа займдарда құралдарды белсенді инвестицияланды;
4) Олар үшін қауіпті болса да алып-сатарлық операцияларды да жиі жүргізеді, бірақ ол қосымша табыс көзі болып табылады.
Банктегі капитал қозғалысына клиенттің көрсететін қызметімен және тауар экспорты мен импорты есебін жүргізумен байланысты клиенттерге қызмет көрсету операциясы саудадан тыс операция деп аталады. Банктер саудадан тыс операцияның мынадай түрлерін жүргізе алады:
oo Шетел валютасын қолма-қол сатып алу және сату, шетел валютасындағы төлем құжаттары;
oo Шетелдік валюта инкассасы және валютадағы төлем құжаттары;
oo Банк клиенттерге пластикалық карточкалар шығару және онымен қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
Саудадан тыс операциялар клиенттерге кең көлемде банктік қызмет көрсету нәтижесінде кең таралған. Пластикалық карточкаларды шығару және онымен қызмет көрсету - жаңа операциялардың бір түрі, ол банкке жаңадан клиенттер тартуға және бұрынғы клиенттерді сақтап қалуға, банк беделін көрсетуге және банктер арасындағы бәсекелестік күресте жоғары деңгейде көрінуге мүмкіндік береді. Валютаны қолма-қол сатып алу және сату операциясы саудадан тыс сипаттағы негізгі операцияның бірі болып табылады. Конверсиялық операциялар қолма-қол және қолма-қолсыз теңгеге қарсы қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валютасын сатып алу және сату мәселесімен байланысты. Ағымдағы операция және капиталдық қозғалыспен байланысты операцияның бөлінуі операцияға қатысты лицензиялаудың қажеттілігін, салық салу сипатын, есептерді (капиталды және ағымдағы) жүргізуді анықтау үшін маңызды 3.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
oo 180 күннен көп емес мерзімдегі жұмыс пен қызмет көрсетуге тауарға алдын-ала төлем немесе мерзімнен бұрын төлем жүргізуді қарастыратын экспорты - импорты мәміле бойынша есеп жүргізуге арналған аударушылар;
oo 180 күннен көп емес мерзімге несие тағайындау және алу.
oo дивиденд аудару және алу, салым (депозит), инвестиция, зайым тағы басқа операциялар бойынша түскен пайда мен марапаттаулар;
oo саудадан тыс сипаттағы аударулар, гранттар, мұрагерлік сумманы еңбек ақы, зейнетақы, алимент және тағы басқа аудару;
oo капитал қозғалысына байланысты операцияға жатпайтын басқа валюталық операциялар.
Капитал қозғалысымен байланысты операцияға мыналар жатады:
oo Инвестиция жүргізу;
oo Жылжымайтын мүлікке құқығына төлемдерді аудару;
oo 180 күннен көп емес мерзімдегі жұмыс пен қызмет көрсетуге, тауарға алдын ала төлем немесе мерзімнен бұрын төлем жүргізуді қарастыратын экспортты - импортты мәміле бойынша есеп жүргізуге арналған аударулар;
oo 180 күннен кем емес мерзімге несие тағайындау және алу;
oo Зейнетақы активтері жинағымен байланысты мәміле бойынша сонымен бірге сақтандыру және қайта сақтандыру сипатындағы келісімшарттар бойынша халықаралық аударулар;
oo валюталық құндылықтарды сенімді басқармаға өткізу.
Уақыт пен техниканың жетістіктеріне байланысты банктердегі валюталық операциялар жүргізуді былай бөліп қарастыру маңызды рөл атқарады.
1. Кассалық мәміле
2. спот операциясы
3. Жедел операция
Кассалық мәміле мыналар үшін белгіленген болуы мүмкін:
а) Жоспарланған операцияны жүргізу мақсатында шетел валютасын тез алу үшін (ішкі сауда келісімшарт немесе қаржылық келісімшарт, шетел инвестициясын жүргізу және тағы басқа)
ә) қысқа мерзімді алып-сатарлық операцияларды жүргізу.
б) валюталық қауіп-қатерден сақтандыру (соңғысы орташа және ұзақ мерзімді операцияларды маңыздырақ).
Кассалық мәміле үшін мына келесі белгілер маңыздырақ болып табылады:
1) Оларды қысқа мерзімде жүргізу дәстүр бойынша кассалық
мәміле деп валюталандыру (валюта түсу) мерзімі келесі шарт бекітілген мерзімнен бастап екі күннен кем емес жұмыс күшінде орындалса ғана танылады. Егер валюта түсуі келісімшарт белгіленген күні орындалса, онда today спот- мәміле туралы, немесе сол күнгі есеп айырысуға арналған мәміле туралы айтылады; Егер келесі күні орындалса, онда tomorrow спот - мәмілесі немесе келесі күнгі есеп айырысуға арналған мәміле туралы айтады.
2) Мәмілеге қатысушы жақтарда саудаланатын активтің болуы.
Бұл сатушы мен сатып алушы айырбастау келісімшартын бекіну мерзімінде оларда айырбастайтын валютаның болуы керек (есепшотында немесе кассада) дегенді білдіреді. СПОТ мәміленің принципінде бір мерзімді валюта айырбастау қарастырылады, яғни мұнда несиелеу орын алмайды. Бірақ территориялық қашықтыққа байланысты екі жақтың біреуі ғана күндізгі овердравты жеткізуі мүмкін. Егер мысалы, бір банк Еуропада, ал екіншісі Америкада орналасса, онда жағдай бірқалыпты жұмыс уақыты есепке алынбайды, уақыт айырмашылығы 6 сағаттан астам уақытты құрайды 4.
Ереже бойынша тәуліктік овердрафтқа пайыздар қосылады, сондықтан американдық банк ұтымды жағдайда болады, себебі ақша құралы оған бұрынырақ айырбасталады және пайыз қосылмайды.
Кез келген валюталық операцияны жүргізуде жүргізуші жақтар ақша айырбастау кезеңінің тәсіліне байланысты (телеграфт, пошта арқылы аудару, чек, жедел шарт немесе банкнот), баға белгіленімі тәсіліне байланысты валюта айырбастау бағамын келісіп алу керек. Сонымен бірге банк арқылы баға белгіленіміланған сатып алу, сату бағамы немесе орташаланған курс арасындағы таңдау маңызды рөл атқарады. Телеграфтың атқару бағамы ең жоғарғы курс болып табылады, себебі онда шетел валютасы банк арқылы тез төленеді немесе шетел банкінен аударуда алғаннан кейін келесі күні төленеді. Мәмілені орындауды жылдамдығына байланысты спот мәмілесі үшін телеграфтық аудару тиімдірек. спот мәмілесінде басқа тәсілдер ақша айырбастауда жылдамдығына байланысты тиімсіз болуы мүмкін. Егер ақша айырбастаудың басқа тәсілін қолдану мүмкін болса, онда соңғы курс телеграфтың айырбастау бағамының негізінде анықталады. Ол бір елден екінші елге төлем құжаттарын жеткізу мерзімі ішінде пайыздың көлеміне азайтылған телеграфтық айырбастау бағамының негізінде анықталады.
Спот валюталық бағамының клиенттерімен есеп айырысу негізінде банк тиімдірек курсты белгілеу қажеттілігінен шығады.
Жедел валюталық операция - бұл операция бойынша екі жақ мәмілені бекіткен соң белгілі бір уақыт ішінде шетел валютасының белгіленген сомасын жеткізуге келіседі, бірақ бекітілген мерзімдегі бағамы бойынша.
Валютамен жедел мәміленің негізгі түрлері мыналар:
а) Форварттық операция (аутрайт операциясы);
ә) Фьючерстік мәміле;
б) опциондық мәміле.
Тәжірибе валютамен жедел мәміленің әртүрлілігі кездесті, сонда да олардың ортақ сипаттарының болуы, оларды кассалық мәміледен айыруға мүмкіндік береді:
1) Мәміле бекітілген мерзім мен оның орындалу мерзімі арасында ұзартылған уақыт кезеңі. Формальды түрде бұл кезең екі жұмыс күнінен асу керек, бірақ факт бойынша ол 30 жұмыс күнінен кем емес болады.
2) Келісімшарт жүргізген уақытта екі жақты активтердің (валюта) болуы шарт емес. Тіпті жедел мәміленің бірнеше түрлері бар, мысалы, екі жақ алдын-ала валютаны сатып алу сатусыз-ақ мәмілені орындауға келіседі. Жедел валюталық мәмілені негізгі белгілеу мыналарда құрылады:
а) негізгі ішкі экономикалық келісімшарттың (сауда, қаржы) орындалу уақытында қажет валютаның алынуы.
ә) валюталық спекуляция және төрелік .
б) валюталық қауіп-қатерді хеджирлеу.
Мерзімге арналған мәмілелерде маңыздырақ оның өсуімен валюталық бағамының өсуінің өзгеруіне деген потенциалды қауіп- қатер өсуде 5.
Егер қолма-қол валюталық операция немесе спот - операция қарапайымдау валюталық операция деп есептелсе, онда форвардтық, фьючерстік мәмілелер туралы олай емес, олардың өз ерекшеліктері бар:
1) Мәміленің орындалуы мен бекітілген мерзімі арасында белгілі бір интервал болады.
2) Жедел мәміле бойынша валюта бағамы белгілі бір мерзімнен кейін орындалса да операцияны бекіту кезеңінде белгіленеді.
3) Жедел мәміле бойынша валюта бағамы спот операциясы бойынша валюта бағамынан ерекшеленеді:
Мәміле жүргізілетін курс сияқты мерзімінде (1 жылға дейін) келісіледі. Одан басқа кассалық курсқа үстемелер (репорт ажио) немесе одан жеңілдіктер (депорт, дизажио) құрылады. Депорт көлемі Форвардтық мәміленің көлеміне ғана байланысты емес, жеке валюта бойынша пайыздық қойылымдағы айырмашылыққа да байланысты. Бұл үстемелер своп бағамымен аталады. Жедел мәміле бойынша курс сұранысының арақатынасымен және мәміле бекітілген мерзімдегі валюта нарығындағы пікірлермен, жеке валюта бойынша пайыздық қойылымдағы айырмашылықпен анықталады.
Бұл факторларды қорғау есебінде қарауға болмайды. Мысалы, егер шетел валютасы бойынша пайыздық қойылым өссе, онда кассалық нарықтағы бұл валютаға сұраныс та өседі, соның нәтижесінде спот бағамыда өседі, сонымен бір мезгілде жедел нарықта бұл валютаға сұраныс түсіп кетеді, сонымен бірге форвардтық курс та төмендейді. Бұндай жағдайда форвард бағамы бойынша кассалық курсқа қарым-қатынасы бойынша депорт орын алады 6.
Мәміле банк белгіленген форвард бағамымен бірге кассалық курсқа арналған репорт және депортпен жүзеге асады.
Жедел мәміле анықталған жинағы бар банк клиенттерімен байланысты. Жедел валюталық мәмілені жүргізуге құштарлық мынадай жағдайда экспортерларда өседі, импортерларда төмендейді:
1) Егер анықталған валютаның бағамы түсуі мүмкін болса;
2) Кассалық курс жедел курстан төмен болса;
3) Бекітілген курстық арақатынаста форвард бағамы интервалды нүктелердің жоғары шекарасында тұрса;
4) Форвард бағамының репорты жоғары болса;
Егер аталған факторлар керісінше өзгерсе, онда экспортерлардың құштарлығы төмендейді, ал импортерлардың жедел мәміле жасауға деген құштарлығы өседі.
Қазақстанда жедел мәміле екі түрде жүргізіледі:
1) Қарапайым форвардтық мәміле. Бұл жағдайда қайта жасалатын мәміле бір уақытта бекітілмейді. Екі жақ белгіленген мерзімге және белгіленген курс бойынша анықталған соманы жеткізуге келіседі. Ішкі саудаға форвардтық мәміленің бұл түрі валюта курстық өзгеруінің сақтану мақсатында бекітіледі.
своп мәмілесі деп бір ғана валютаны әртүрлі мерзімде сатып алу және сатуды жүргізетін банктердің арасындағы валюталық мәмілені айтады.
Валютаның анықталған сомасы уақытқа сатып алынады және сонымен бір уақытта кассалық нарықта сатылады немесе керісінше. Белгіленген мерзімде алынған шетел валютасының сомасы депортпен (репортпен) айырбастауда своп қойылымының көлеміне қарай өседі (төмендейді). Кең көлемдегі айналымда своп халықаралық мемлекеттік монополиялық реттеу шеңберіндегі Ұлттық банктер арасында жүргізіледі. Банктерде жүргізілетін жедел валюта саудасын ең алдымен бағамық айырмашылықтарды алғаннан бастап бағалануға болады. Пайда валюта бағамының көлеміндегі уақытша айырмашылықтың қорытындысын пайдалануда белгілі болады. Егер банктер курстық пайда табу мақсатында валюталық операцияларды жүргізсе, және своп мәмілесіндегідей. Сонымен бірге уақытта сақтану үшін қайта жүргізілетін операцияны жүргізбесе, онда оны валюталық спекуляция деп санауға болады.
Своп операциясы мынадай мақсаттарда қолданады:
1) Коммерциалық мәмілелер жүргізуде банк шетел валютасын оны тезірек жеткізу шарты мен сатады және сонымен бір мезгілде уақытқа оны сатып алады.
2) Халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін, валюталық резервтерді диверсификациялау үшін банктерде валюталарды валюталық қауіп-қатерсіз пайдалану.
3) клиенттерді несиелендіру.
4) валюта нарығындағы мәміле нақтырақ айтсақ, капитал қысқа мерзімді экспорты своп мәмілесінің сипатын жиі пайдаланады.
Егер капитал экспорты басқа валютаға қосылуы пайдаланса, онда своп мәмілеге жүгіну керек.
Валюталық операцияның келесі бір түрі - валюталық төрелік деп аталынады.
1) Егер, мысалы, банк клиентінің оған анықталған валюта сомасын жеткізу туралы тапсырысын алса;
2) Валюталық төрелік мақсатқа жету құралы болып табылады. Бұл жағдайда банк валютаны өзіне тиімдірек жедел сатып алуға, сонымен бірге сатуға тырысады.
Валюталық төрелік валютаны сатып алудағы және сатудағы курстық айырмашылықтарды алу үшін қолданады.
Валюталық төрелік курстардағы айырмашылық және теңестіруші төрелік негізінде жүзеге асады.
Бірінші жағдайда төрелікер (дилер) валютаны бір қаржы орталығында өте төмен бағамен сатып алып, сонымен бір мезгілде оны бағамы жоғары басқа жерде пайда мен сатады. Сондықтан дилер тез арада екі немесе одан да көп екі жақты мәмілені бекітеді.
Бұл операциялар әрқашанда өз құралдарының есебінен жүргізіледі. Теңестіруші төрелік тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей төрелік борышкер және қарыз беруші валюталары арасындағы курстық айырмашылықтарды пайдалана отырып жүргізеді.
Жанама теңестіруші төрелікда өте төмен курспен сатып алынатын және төлем орнында сатылатын үшінші валюта қатысады. Төрелікер теңестіруші төрелікда әртүрлі нарықтағы мүмкіндіктерді пайдаланады және шетел валютасына айырбастау үшін аз көлемде валютаны шығындауды қамтамасыз ететін курсты таңдайды. Ақпаратты жеткізудегі жылдамдықтың өсуі нәтижесінде төрелікң бұл түрі өз көрсеткішін жоғалтады. Осыдан төрелік операциялар үшін қолдануы мүмкін маржалар күрт төмендейді.
Пайыздық төрелік - бұл валюталық курстар және пайыздық қойылымдар арасындағы айырмашылықтар арқылы пайда табу мақсатымен қаржы ұйымдастыруына пайыздық кіріс әкелетін немесе валютадағы қағаздар салу. Пайыздық төрелік әртүрлі елдердегі қарыздықміндеттегі инвестициялауда пайда болады. Төрелік түсінігін былай тұжырымдауға болады: бір жерде арзан сатып алу үшін, екінші бір жерде қымбатырақ сату деген сөз. Осының нәтижесінде сатып алу және сату орнында сұраныс жоғарылайды, нәтижесінде валюталық курстың төмендеу тенденциясы туады. Бұндай операциялар валюта бағамын теңестіреді. Төрелік пайданы әрбір нақты жағдайда үнемі алуға деген талпыныстан курстық және пайыздық айырмашылықтар азаяды және жоғалады 7.
Форвардтық және фьючерстік келісімшарттар болашақта келісілген мерзімде бір валютаның анықталған санының екінші валютаға айырбастауда инвесторға міндеттеме жүктейді. Инвестор мәміле ол үшін тиімсіз болған жағдайда да мұндай айырбастауды орындау керек. Бірақ көп инвесторлар валюталық айырбастауды жүргізуді олар үшін міндеттеме емес құқық деп санауды қалайды.
1)Егер жоспарланған мәміле тиімді болса - бұл айырбастауды жүргізуге құқылы.
2)Егер мәміле тиімсіз болса - валюталық айырбастаудан бас тартуға құқылы.
Осындай тиімді жағдайлар қарастырылатын келісімшарттар окционы деп аталады.Бұндай келімшартбойынша инвестордың валюталық айырбастау жүргізуге құқығы бар, бірақ міндетті емес. Инвестор екі жақты келісімшартқа қол қоюға шақыру үшін жоғары үстеме төлену керек, бұл опционның, келісімшарттың кемшілігі болып табылады.
Жедел валюталық операцияның келесі бір түрі - аутрайт
Аутрайт - валютаны сатып алу және сатуды валюта бағамының белгілену шартымен , валютаның сомасымен және валютаны жеткізудің нақты мерзімін қарастыратын жедел валюталық операция. Мұндай валюталық операцияларды индустриалды дамыған елдердің банктері жүргізе алады.
Қазақстанның ақша нарығында тұрақтылыққа жету шетел валютасына сұраныстың және инфляция деңгейінің бақылауының теңестірілуі , уақыт талабына және халықаралық тәжірибеге сай валюталық операцияларды реттеуде, басқа тәсілдерді қолдануға , валюталық операцияларды жүргізуде, бөлек шектеулерді алып тастауға бағытталған валюта режимін ырықтандыруға жаңа үйлесімдер табу қажеттілігін тудырады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеулер жүйесі және нормативті құқық базасы
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі валюталық реттеудің және валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталық реттеу - нормотивтік құқықтық актілерді жасау және бекіту ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтарын орындалуына бақылау жасау, көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді 8.
Қазақстан Республикасы Валюталық реттеу туралы заңына (24.12.1996ж) сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу органы болып табылады.
Валюталық реттеудің басты міндеттері:
-Қазақстан Республикасы территориясындағы валюталық операцияларды жүргізудің принцпі мен тәртібін валюталық операцияға субьектісінің құқығы мен міндетін анықтайтын, валюталық заңдылықтардың бұзылуына жауапты болатын нормотивті құқтық актілердің
-Валюталық заңдылықтың орындалуына бақылау
-Валюта нарығының жағдайына жүргізілетін валюталық операцияның көлеміне және құрылымына талдау.
Бұдан шығатын қорытынды өкілетті мемлекеттік органның құқықтық нормотивтік актілердің бастырып шығуына валюталық реттеу басты делдал қызметін атқарады.
Қазіргі уақытта валюталық бақылау және реттеу туралы бірнеше нормотивті - құқықтық актілері бар. Солардың ішінде ең негізгілер: 1996ж. Валюталық реттеу туралы заңы, 1998ж. төлемдер және ақша аударулар туралы заңы, Валюталық құндылықтарды қолданумен байланысты іс-әрекетті лицензиялау ережесі туралы заңы. (18.01.2002ж №26).
Қазақстан Республикасы үкіметі және өзгеде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өз құқықтары ретінің шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады.
Осы заң Қазақстан Республикасы аумағындағы валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптері мен тәртібін валюталық операциялар субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін, валюта заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікті айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасы қарарында (20 сәуір 2001ж №115) Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүргізу ережесі бекітілген, онда валюталық операцияларды жүргізу тәртібі оның негізгі принциптерімен валюталық бақылау жанжақты талданған.
Валюталық операциялар жүргізуге қойылатын шектеулер заң бойынша: халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және төтенше жағдайлар пайда болған реттеуде Қазақстан Республикасы Президенті кез-келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдауға құқылы 9.
Шетел валютасы мен банктік операциялар жүргізуді лицензиялауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Валюталық реттеу туралы заңына (24 желтоқсан 1996ж) сәйкес, капитал қозғалысы мен байланысты, валюталық құндылықтың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін қарастыратын валюталық операцияның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен лицензиялауға жататыны бекітілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бөлшек сауданы және қолма-қол шетел валютасы үшін қызметтер ұсынуды жүзеге асыруға байланысты қызметті, Қазақстан Республикасындағы валюта түріндегі есепшоттарымен қоса, олар тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар шетел банктері мен қаржы институттарында (бұдан әрі - шетелдік банктер) резиденттердің ашқан есепшоттарын, сондай-ақ валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (орналастырылуын) көздейтін капитал қозғалысына байланысты операцияларды лицензиялайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі (оның аймағындағы филиалдары) экспортты- импортты мәміле бойынша капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жүргізуге лицензия береді.
Экспортты мәмле бойынша капитал қозғалысымен байланысты операциялардыжүргізуге берілген лицензия бнлгіленген мерзімі өткен соң өз күшін жояды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтініш берушінің ақпараттық есебі бойынша лицензиның уақытын белгілейді.
Ағымдағы валюталық операцияларды капитал қозғалысымен байланысты операцияға көшкен жағдайда лицензия алу үшін құжаттар тапсыру осыдан өзгеру басталған күннен бастап 30 календарлық күнді құрайды.
Лицензия алу үшін мынадай құжаттар керек .
1)Өтініш берушінің лицензия күшінің болжанатын мерзімін, ұзақтығын көрсеткен мерзімі;
2)Лицензиялауға жататын операция бойынша валюталық бақылаудың банк жүргізгендігін дәлелдейтінөтініш берушіге банк берген құжат;
3)Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған экспорттық келісімшартқа экспортталған тауардың сәйкестігін дәлелдейтін кеден органаның құжаты немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі құқықтық нормативтік актлеріне сәйкес рәсімделген экспорттық келісімшарт бойынша мәміле паспортының көшірмесі.
Лицензия алған лицензиат Қазақстан республикасының Ұлттық Банкіне әр квартал сайын әр айдың 20-на дейін есеп тапсыруға тиіс.
Валюталық операция бойынша есеп жүргізу және есеп беру тәртібі мен нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі және уәкілеттік берілген мемлекеттік статистика органдарының келісімі бойынша белгілейді және оны Қазақстан Республикасындағы барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті.
Жеке тұлғалар ұлттық валютаға шетел валютасын алуға тапсырысты рәсімдеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетті, сонымен бірге шетел валютасы қолданатын операцияны жүргізудің қажеттілігін дәлелдейтін құжат тіркеледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясы талап етілетін капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша төлем мен ақша аударулар бар өкілетті банк арқылы жүргізілуі тиіс. Ол банк санымен бірге оған валюталық бақылау жүргізуге міндетті. Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары мен агенттері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес валюталық реттеу қыметін жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы валталық бақылау органдары болып табылады. Алған лицензияларға сәйкес өздері операциялар жүргізген кезде валюта заңдарын бақылау міндеті жүктелген уәклеттік берілген банктер мен уәкілеттік беріген банктік емес қаржы мекемелері валталық бақылау агенттері болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз қызметтерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін тартуға және оларды міндетті түрде орындауы үшін жекелеген тапсырмалар беруге құқылы.
Жеке тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуына байланысты, сонымен бірге үшінші тұлға ретінде заңды тұлғаның арасындағы келісімшарттың төлемі бойынша банктік шоты бойынша валюталық операция жүргізілмейді.
Жеке тұлғаның 10 000 АҚШ $-на тең сомадан аспайтын және инвестиция жүргізумен немесе жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығымен байланысты емес ақша төлемдерімен аударулары ақша төленгенін және аударылғандығын растайтын негізгі құжатсыз банктік шот арқылы жүргізіледі 10.
Жеке тұлғаның банк шоты арқылы жүргізілген валюталық операция бойынша 10 000 АҚШ $-на тең сомадан асатын ақша төлемдері мен аударулары тек қана өкілетті банктер арқылы жеке тұлғаның өкілетті банкте ресімделген құжаттарын тапсыруы негізінде ғана жүргізіледі (келісімшарттар, келіссөздер тағыда басқа). Бұндай құжаттар әкелу мүмкіндігі болмаған жағдайда жеке тұлғаның ақша төлемі немесе аудару туралы ақпаратты өкілетті банкке құқық қорғау органдарда және Ұлттық Банк (олардың талабы) бойынша хабарлауға рұқсат етілген төлемдік тапсыру құжатындағы жазбасы болған жағдайда ғана өкілетті банк ақша төлемдерімен аударуларды жүргізе алады.
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы өкілетті банк арқылы шектелмеген ішкі валюта нарығында шетел валютасын
Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сақтай отырып иемденуге құқылы және Қазақстан Республикасы территориясында қолма-қол шетел валютасын қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасы территориясында жеке тұлғаның өкілетті банк арқылы ұлттық валютаны бір жолғы аударулары шектеусіз жүргізіледі.
Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасына валюта құндылықтарды енгізуі Қазақстан Республикасы заңы талаптарын орындайтын жағдайда шектеусіз жүргізіледі. Оның Қазақстан Республикасынан Ұлттық валютаны әкету шектеусіз жүргізіледі.
Жеке тұлғаның валюта операциясын жүргізуі бойынша банк қызметіне төлемі өкілетті банктер арқылы ұлттық және шетел валютасымен екі жақтың келісімі бойынша алынады.
Жеке тұлғалар арасында бекітілген келісімшарт бойынша айыппұл мен өсімпұл төлемі, сонымен бірге банк қызметі көрсетілгенін қарастырған келісімшарт бойынша төлемі ұлттық валюта арқылы жүргізіледі.
Жеке тұлғалар арасындағы экспортты-импортты мәмілемен байланысты комиссия келісімшарты бойынша ақша төлемдері мен аударулары төлем түрі ретінде пайдалануын аудару аккредитивтері шетел валютасы түрінде жүргізіледі.
Өкілетті банктер жеке тұлғаларға ұлттық және шетел валютасымен несие беруде валюталық құндылықтар кепілзат ретінде алынады.
Жеке тұлғалар арасындағы валюталық операциялар бөлек бағыттағы реттеуді және төлемдер мен аударулар екі жақтың келісімі бойынша кез келген валюта арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, ақша төлемдері мен аударулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құқықтық нормотивтік актілерінде қарастырғаннан басқа жағдайда тек қана банктік шоты арқылы жүзеге асады.
Ал заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасын өз банктік шотына түсіру үшін оның Қазақстаннан тауар әкелуі және Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын әкелгендігін растайтын кедендік құжатын көрсетуі қажет.
Валюталық реттеуді заңды тұрғыда қамтамасыз ету - Қазақстанның валюталық ақша-жүйесін реформалау жағдайында үнемі өзгерістерге ұшырап отырды. Валюталық реттеу жөніндегі алғашқы Заң 1993 жылдың 14 көкегінде қабылданды. Бұл заң осы жүйедегі ырықтандырудың қол жеткен деңгейіне жауап бере алмады, ал кей жағдайларда нормативті актілер бір-біріне қарама-қайшы болды. Жоғарыда аталған себептер Валюталық реттеу жөніндегі жаңа заң жобасын жасаудың қажеттілігіне әкеліп соқты. Ол заң 1996 жылдың 24 желтоқсанында қабылданды.
Жаңа заң валюталық заңдылықты бұзудағы жауапкершілікті қарастырады.
Қазақстанның Ұлттық банкі ұлттық валюта бағамын шетел валютасына қатысты реттеп тұрады, яғни аптасына бір рет, дүйсенбі күні Ұлттық банк жетекші әлемдік валюталарға қатысты теңге бағамын белгілеп отырады. Мұндай белгілеу есеп жүргізу және кедендік төлемдер үшін қажет.
Валюталық реттеудің негізгі басымдықтары: елдің балансының теңгерілуіне қол жеткізу, теңгенің тұрақты бағамын сақтау,мемлекет қарамағындағы валюталық ресурстардың шоғырлануы.
Ұлттық банк мынандай қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар:
-шетел валютасын сатып алу және сату;
-қазынашылық вексельдер және басқа бағалы қағаздармен операцияларды жүргізу;
-алтынның қабылдануын, сақталуын және өңделуін қамтамасыз ету.
Валюталық органдарға мыналар жатады: мемлекеттік Кеден комитеті, салық органдары, Қаржы министрлігі.
Қазақстанның Халықаралық Валюта Қоры сияқты халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болып кіруі ел экономикасын жандандыру үшін қарыз, кәсіпкерлік капиталдарын келтірудің оңтайлы жолы болып отыр. Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары біздің елге бірқатар несиелер берді. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі төлем мүмкіндігінің төмендігі оған бөлінген кредиттердің тауар жеткізуге байланыстырылып, немесе белгілі бір нормалармен шектеліп, инвестициялық жобаларға бекітіліп отыр. Әрине, мұндай жобаларды жедел жүзеге асыру мүмкін емес, ал оның кейбір бөліктерінің пайдаланылмай қалуы да ғажап емес.
1997 жылдан бастап Қазақстан үкіметі өз жұмысының басты бағыттарының бірі шетелдік нивестицияларды тарту және оларды тиімді орналастыру дер ұйғарып отыр. Инвестицияларды дамушы мемлекеттерді былай қойғанда, дамыған елдердің өзінің пайдаланатындығы белгілі.
Шетелдік инвестициялар рыногындағы ахуал оларға деген Шығыс Еуропа және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Елдерінің орасан зор сұранысына байланысты елеулі шиеленісіп келеді. Осының нәтижесінде капиталдарды импорттаушылар арасында үлкен бәсеке қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта әзірге капиталды тарту мәселесінде Қазақстанның бәсекелестік қабілеті төмен болып отыр. Қазақстан әлі де болса қызмет көрсету және инфрақұрылымды дамытудың шетелдік инвесторларға қолайлы деңгейіне жеткен жоқ. Көптеген заңдарда, нормативтік актілерде шетелдік капиталмен жұмыс істеу жүйесінің өзінде де әлі айқындық жоқ. Біз әрбір инвестормен жеке келісуге мүмкіндік беретін жеңілдіктер мен преференциялардың икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыруға ұмтылуымыз қажет.
Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасын әзірлеу қажет, ол мынадай қағидаларды қамтуға тиіс:
Біздің елімізге шетелдік бизнесмендердің келуіне байланысты барлық әкімшілік рәсімдерді оңайлату. Біз визалар алу, шекара және кеден бақылауымен өту, жұмыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп - тұруға рұқсаттар беру жөніндегі барлық ережелерді және тағы басқаларын қайта қарауымыз керек.
Күллі іскер әлем қарым - қатынас жасасатын ағылшын тіліне қазақстандықтарды жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету саласында істейтін адамдарға қатысты, өйткені, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ірі бизнес тілдік кедергілері бар елде нашар бейімделеді. Нақ сондықтан да дамушы елдердің көпшілігі осындай, бір қарағанда ұсақ мәселеге мейлінше салиқалы назар аударады.
Біздің авиажелілеріміздің, әуежайларымыздың, ондағы қызмет көрсетудің қолайлылығына, жоғары сапалы мейманханалардың, телекоммуникациялардың болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесменге неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеу болуға тиіс. Бұл қызметтердің құны оны әдетте екінші кезекте ғана толғандырады.
Инвестицияларға немесе кредиттерге салық үлестерін, жеңілдікті ставкаларды, салық шегерімдерін беруді қоса алғанда, салық жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны, жеңілдікті кеден бажын және тағы басқаларын енгізуге баруға тұрады. Олар мемлекеттік басымдықтарды іске асыру үстінде жаңа құрылыс салу жайында әңгіме қозғалған жерде және тек қана сонда болуға тиіс.
Тым жан-жаққа шашырай берудің қажеті жоқ, қарапайымнан күрделіге қарай жүріп отыру қажет. Бүгін біздің инфрақұрылым объектілеріне - энергетикаға, газ және мұнай құбырларына, әуежайларға, мейманханаларға, байланыс құралдарына, автомобиль және темір жолдарға, су құбырларына назар аударуымыздың қажеттігі айқын. Бұл міндеттерді шешпейінше, елде қолайлы инвестициялық ахуалдың экспорт пен сауданың, бизнестің өмір сүруін қамтамасыз етудің күллі жүйесінің жақсы жұмыс істеуі мүмкін емес.
Импортты алмастыру және бәрінен бұрын халық тұтынатын тауарларды, тағам мен ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу өнімдерін алмастыру жайында байсалды түрде ойлану қажет.
Ақыр соңында, аймақтық басымдықтарды әрі ең алдымен халықты жұмыспен қамту тұрғысынан айқындау қажет. Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі басымдықтар жүйесімен қатаң ұластырылуға тиіс. Бұл ретте жеңілдіктер берудің барлық ықтимал қиянаттарына сенімді тосқауыл қоя отырып, мейлінше ұқыпты түрде ойластырған жөн.
Жер мен жылжымайтын мүлікке берілетін құқық түріндегі гранттар, қызметкерлерді оқытуға арналған демеу қаржы, әр түрлі алымдарды азайту түріндегі субсидиялар сияқты нысанды да пайдалану қажет. Бірақ тағы да басым болып табылатын салаларда ғана.
Үкіметтің капиталды сыртқа шығаруға, әр түрлі қызметтер мен жергілікті шикізатты артықшылықты пайдалануға арналған кепілдіктерін күшейту қажет.
Үйлестірілген және оралымды жұмыс жүргізу үшін тікелей шетелдік инвестициялармен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құру қажет.
Шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасымен қазірдің өзінде мамандар жұмыс істеп жатыр. Өз уақытында ол жария етіледі.
Ағымдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің тартылған қаражаттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
БАНК ІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
Қазақстан Республикасының валюта нарығы
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Ұлттық банктің банк ресурстарын қалыптастыру шаралары
Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметі
Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру
Қазақстандағы ақша-несие жүйесін реттеу
АҚ ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
Пәндер