Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің мәні ... ...5
1.2 Банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігіне ықпал етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін басқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.4 Шетелдегі коммерциялық банктердің өтімділік пен төлем қабілеттілікті бағалау көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ («ТУРКМЕНБАШЫ» МКБ МЫСАЛЫНДА )
2.1 Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2 «Туркменбашы» мемлекеттік коммерциялық банктің тарихы және негізгі қызмет түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.3 «Туркменбашы» мемлекеттік коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ПЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
3.1 Банк секторындағы өтімділік пен төлем қабілеттілік мәселелері және оны шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
3.2 «Туркменбашы» мемлекеттік коммерциялық банктің қызметін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .74
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 76
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Түрікменстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы-несие институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгереді.
Еліміздің банктік жүйенің халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу принциптеріне көшуі барысында Түрікменстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы өте зор .
Сол себепті де құзыретті, бастамашыл әрі өзгерген ахуалға жылдам бейімделіп, бағдарлана алатын кәсіби банк маманына қажеттілік артып отыр.
Банктердің әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара қарым-қатынас көп жағынан объектіге, несиелеудің әдісіне, ссуданың түріне, қарыз алушының несиені өтей алатын қабілетіне, несие берушінің тәуекелдік деңгейіне, сондай-ақ кассалық-есеп айырысудың қызметіне қарай ұйымдастырылады.
Банк –бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді 1.
Кез келген бизнестің қаржылық –экономикалық жағдайын талдау, оның ең бір өзекті мәселесі болып саналады. Өйткені тек сол арқылы, оның төлем қабілетін, қоршаған ортаға бейімділгін және болашағын анықтайды. Қаржылық жағдайы деп, банк өз қызметін өзі қаржыландыра алатын қабілетін айтады. Мәселен төлемдерді төлеу үшін жеткілкті ақшалай қаржысы болмаса, онда өндірістің тоқтаусыз жүруі, материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі, өндіріс бағдарламасының орындалуы екі талай.
1. Ақша, несие, банктер. Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001 ж. 466 бет.
2. «Ақша, несие, банктер» Оқулық / Ғ.С. Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2005 ж.
3. С.Т.Міржақопов «Банктегі бухгалтерлік есеп», Оқулық - Алматы: Экономика, 2004 ж.
4. Б.А.Көшенов. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы-Алматы: Экономика, 2000 ж. – 328 бет.
5. Антонов А.Г, Пессель М.А. денежное обращение, кредит, банки Москва Финстатинформ 1993г
6. 2002 жылға 3-маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 Қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” Ереже.
7. Ахметжанов Г, Маханов Н. Основные направления развития банковской системы Казахстана // Журн ”Транзитная экономика”. 2002 ж.
8. “Несиелік серіктестік туралы” ТР Заңы. 2002 ж.
9. Яковец Ю.А. Экономика России: перемены и перспективы. М-1998.
10. Нурсеит Н. Расширение банковского кредитования производства // АльПари. – 2006. - №6.
11. Эдвин Дж. Долан, Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбелл. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – Москва-Санкт-Петербург, 1993.
12. Банковское дело: стратегическое руководство / Под редакцией Платонова В., Хиггинса М. – Москва: Консалтбанкир, 2005.
13. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – Москва: Финансы и статистика, 2006.
14. Ұлттық банктің Жылдық есебі. – Алматы, 2006.
15. ЕДБ-де тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық // Егемен Қазақстан. – 2004, 11-ақпан.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің мәні ... ...5
1.2 Банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігіне ықпал етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...16
1.4 Шетелдегі коммерциялық банктердің өтімділік пен төлем қабілеттілікті
бағалау көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
(ТУРКМЕНБАШЫ МКБ МЫСАЛЫНДА )
2.1 Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2 Туркменбашы мемлекеттік коммерциялық банктің тарихы және негізгі
қызмет түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
2.3 Туркменбашы мемлекеттік коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ПЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..62
3.1 Банк секторындағы өтімділік пен төлем қабілеттілік мәселелері және оны
шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...62
3.2 Туркменбашы мемлекеттік коммерциялық банктің қызметін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...69

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 76

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Түрікменстан Республикасының
осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен
сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы-несие
институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән
жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгереді.
Еліміздің банктік жүйенің халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу
принциптеріне көшуі барысында Түрікменстан Республикасындағы өтпелі
кезеңнің ерекшеліктерімен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің
маңызы өте зор .
Сол себепті де құзыретті, бастамашыл әрі өзгерген ахуалға жылдам
бейімделіп, бағдарлана алатын кәсіби банк маманына қажеттілік артып отыр.
Банктердің әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші
субъектілермен өзара қарым-қатынас көп жағынан объектіге, несиелеудің
әдісіне, ссуданың түріне, қарыз алушының несиені өтей алатын қабілетіне,
несие берушінің тәуекелдік деңгейіне, сондай-ақ кассалық-есеп айырысудың
қызметіне қарай ұйымдастырылады.
Банк –бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде
қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер
мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен
бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды
іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу,
несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді
(1(.
Кез келген бизнестің қаржылық –экономикалық жағдайын талдау, оның ең
бір өзекті мәселесі болып саналады. Өйткені тек сол арқылы, оның төлем
қабілетін, қоршаған ортаға бейімділгін және болашағын анықтайды. Қаржылық
жағдайы деп, банк өз қызметін өзі қаржыландыра алатын қабілетін айтады.
Мәселен төлемдерді төлеу үшін жеткілкті ақшалай қаржысы болмаса, онда
өндірістің тоқтаусыз жүруі, материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі,
өндіріс бағдарламасының орындалуы екі талай.
Сонымен қоса банктің қаржылық жағдайы ағымдағы және болашақтағы төлем
қабілеттігінің, айналымдылығының, заемдық және меншік қаражаттарының
көрсеткіштерімен, олардың тиімді пайдалануымен сипатталады.
Бұл дипломдық жұмыста коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем
қабілеттілігінің мәселелерін кешенді түрде мемлекетпен, экономикамен,
өндіріспен, ұйымдастырумен байланыстырып жазуға тырыстым. Сонымен қатар
бұл еңбекте тек өтімділігі мен төлем қабілетілігінің мүмкін болатын
масштабын ғана емес, сонымен қатар оның мазмұны, әр түрлі басқару
тәсілдерін және оның шешу жолдары қарастырылған.
Диплом жұмысының мақсаты – коммерциялық банктердің төлем қабілеттілігін
қамтамасыз ету жолдарын анықтау. Сол арқылы ұсыныстар беру. Қойылған
мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
1. Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің теориялық
негіздерін қарастыру;
2. Шетелдегі коммерциялық банктердің өтімділік пен төлем қабілеттілікті
бағалау көрсеткіштерін зерттеу;
3. Туркменбашы мемлекеттік коммерциялық банктің төлем қабілеттілігі мен
өтімділігін талдау жасау;
4. Коммерциялық банктердің өтімділік пен төлем қабілеттілік мәселелері және
оны жетілдіру жолдарын айқындау болып табылады.
Зерттеу объектісіне – Банктің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету
жолдары бойынша зертеу объектісі болып Туркменбашы мемлекеттік
коммерциялық банктің қызметі болып табылады.
Зерттеу пәні – Туркменбашы мемлекеттік коммерциялық банктің төлем
қабілеттілігін қамтамасыз ету жолдарын анықтау.
Жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі Э. Гиллдің, Э.Дж. Доланның, В.Н.
Едронованың, В.И. Колесниковтің, Л.П. Кроливецкаяның, К.Д. Кэмпбелдің, Р.
Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О.И. Лаврушиннің, П.С. Роуздің, Э. Ридтің,
В.Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф.Дж. Синкидің және т.б. еңбектерін жатқызуға
болады. Банктің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету туралы сұрақтарының
ілімін С.А. Аханов, Ә.Ә. Әбішев, Ұ.М. Искаков, С.А. Святов, Ғ.С.
Сейітқасымов, Е.Х. Сигаев, А.В. Мельников, С.Б. Мақыш, Н.Н. Хамитов, А.Д.
Шелекбайдың еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Түрікменстан
Республикасының заңдары, Түркменстан Республикасы Орталық банкісінің
нормативтік нұсқаулары, Турікменбашы мемлекеттік коммерциялық банктің
ережелері, Түрікменстан Республикасының статистика бойынша агенттіктің
мәліметтері болып табылады.
Диплом жұмысының құрлымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің мәні

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің
жалпы сипаттамаларының бірі.
Банк өтімділігі- бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз
міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі .
Банктің төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі және сонлықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол
себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау
жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір
авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді
міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы
О.С.Ефимова төлем қабілеттілігі: “кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді
міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған ”, -
деп жазады.
“Төлем қабілеттілік деп -компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты
келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды”. Басқа авторлар
төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін
өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай,
“ Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел
міндеттемелері бойынша өз мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі
түсіндіріледі” деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ
баяндайды. “ Төлем қабілеттілігі, -деп жазады ол,- бұл кәсіпорынның
кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге
дайындығы”. Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ
мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем
қабілеттілігі –бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды
өтеу және өнім процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының
болуы. Профессор
И.Т. Балапановтың анықтамасы “ Төлем қабілеттілігі – ол бар ақша сомасының
белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем
қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді.Егер төлем қабілеттілігінің
коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші
субъект төлем қабілетті екенін білдіреді.Егер төлем қабілеттілігінің
коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының
жетіспеу себептерін анықтау керек”(2(.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындай келе, банктің төлем қабілеттілігі
деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер
жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз.
Теориялық түрде қарыздарды өтеу банктің барлық ағымдағы активтерімен
қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теорялық түрде , егер банктің ағымдағы
активтерң қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол
қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер банк барлық
ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның
өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі
құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға қаржы жоқ, олар
толығымен қарыздарды төлеуге кетті,
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп , ағымдағы активтің сомасы
ағымдағы міндеттемелерін көп жоғары банктерді есептеуге болады . банктің
тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін
қаржылары болуы керек.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді .
Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозитттер,
тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде
банктің балансында көрсетілді .
Ал потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген
кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі .
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді
уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді
активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада
жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса , онда бұл өтімді банк болып
табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта
пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды.
Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (
Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде ) қалдықтарымен
сипатталған банктік ақшалардың барлығы ; қолма-қол ақшаға тез айналатын
активтер ; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық
несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты
болмау керек . Мысалы , өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды
немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған
шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады :
- депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
- тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
- активтерді зиянсыз сату ;
- тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы
мөлшерін шектеу .
Банк өтімділігінің екі формасы , яғни міндеттемелерді өз уақытында және
шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен
анықталады .
Ішкі факторларға қатарына мыналар жатады:
- банк капиталының базасы ;
- банк активтерінің сапасы ;
- депозиттердің сапасы ;
- сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелділігі ;
- мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі ;
- сауатты менеджмент ;
- банктің жоғары дәрежелі беделі .
Банк капиталының базасы - бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне
кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың
жеткілікті мөлшерін сипаттайды . Меншікті капиталдың көзіне : жарғылық
капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары
жатады . Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса , оның өтімділігі
соғұрлым жоғары болады (3(.
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады:
• өтімділік
• тәуекелділік
• табыстылық
• диверсификация .
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу
немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу
қабілеті .
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты .
Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критериийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде
шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі ,
олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы,
несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына , қарыз көлеміне , беру
мен өтеу тәртібіне , т.б. факторларға байланысты .
Банк активтерінің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын банктің
өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерийі ретінде : активтердің жұмыс жасау
қабілеті , тиімділігі , яғни табысты әкелу қабілеті , сонымен қатар банктің
дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті
. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс
әкелмейтін боылп екіге бөлінеді.
Активтердің диверцификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі
орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды . Активтердің
диверсификациялау көрсеткіштері мынадай : ресурстарды орналастыру бағыттары
бойынша банк активтерінің құрылымы , объектілері мен субъектілері бойынша
несиелік жұмсалымдардың құрылымы ; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы ,
валюталар құрылымы ; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда
болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы . Активтер неғұрлым көп
диферсификацияланса ,соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.
Банк өтімділігін анықтайтын фактор- банктің депозиттік базасының
сапалылығы . Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары ,
есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттарды ретінде банкте
жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды . Депозиттердің
сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды .
Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі
соғұрлым жоғары болады . Депозитттердің тұрақты бөлігінің көбеюі өтімді
активтерге мұқтаждығын азайтады . Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары
тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне
байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің
сапалылығы мен жылдамдығы , банктің клиентке жақын орналасуы сияқты
факторларға байланысты . Ал мерзімді және жинақ депозиттерінде қалдықтары
тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие ,себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі
ықпал етеді.
Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық
несиелерге деген тәуекелдігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді
қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады , бірақ осы
несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса , онда
банк банкротқа ұшыруы мүмкін . Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі
жоғары болса , онда бизнес үшін өз базасының даму преспективаларының
жоқтығын көрсетеді .
Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сомма бойынша
сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды . Банктің клиенттер алдында
міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен
салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді
.
Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару
жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың бірі болып
табылады . Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады :
1. банк саясатының болуы және оның мазмұны ;
2. стратегиялық және ағымдағы міндеттемелерді жоғары деігейде шешуге
мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы ;
3. банктің активтері мен пассивтерін басұару механизмі ;
4. әр түрлі пруденциялардың нақты мазмұнын анықтау ;
5. білікті мамандардың болуы ;
6. банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.
Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды . Жақсы беделі бар банк
депозитттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады .
Банк өтімділігің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға , яғни банк
қызметінен тыс факторларға байланысты . оларға мыналар жатады :
♦ елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдайы;
♦ бағалы қағаздар нарығының дамуы ;
♦ банкаралық несие нарығының дамуы ;
♦ қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру ;
♦ Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі .
Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының
дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын
қалыптастырады , банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын
қамтамасыз етеді . Банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың
сенімділігін арттырады . Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұраөты
депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі, өз
құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарлатуы және басқару жүйесін
жетілдіруі мүмкін емес .
Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы
вариантын қамтамасыз ете алады , себебі көптеген шетел мемлекеттерінде
банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор
нарығының жұмысымен байланысты .
Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер
арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі . Банк өз өтімділігін ұстап тұру
үшін банаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын,
қаражаттарды тарта алады . Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту
жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың
ұйымдастырылуына банктік беделіне байланысты.
Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі
банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы
жабуға мүмкіндік береді.
Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы
коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-
қатынастың дәрежесін көрсетеді.
Түрікменстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктер
үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар.
Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса,
соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты
проблеманы уақытында шешуге мүмкіндігі бар.
Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторлармен
анықталатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің
өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын тұрақты факторлармен және әр түрлі
тенденциялармен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.
Банк өтімділігінің коэффициенті – бұл банк балансының мәліметі бойынша
белгіленетін, несиелік және өтімді деп аталатын активтер жиынтығының
активтердің жалпы сомасына немесе пассивтің бірқатар тиісті баптарына
арақытанасын көрсететін көрсеткіші .
Әдебиеттерден көбінесе өтімділіктің кеңінен тараған қаржылық
коэффициенттерін кездестіруге болады. Мәселен , мыналар секілді:
1. ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелердің қатынасына тең болатын
ағымдағы өтімділік коэффициенті (% есебімен);
2. дебиторлық берешектің ағымдағы міндеттемелердің қатынасын қоса алғанда
өтімді құнды қағаздар мен қолма-қол ақша сомасына тең өтімділіктің
шапшаң коэффициенті (% есебімен).
Сондай-ақ , өтімділік коэффициентіне мына көрсетікіш жатады:
К өтім, өзіндік қаражаттың (банк капиталының) міндеттемелердің сомасына
қатысты қатынасы.
К өтім дамыған елдердің көбісінде төлем қабілеттілігін сипаттау үшін
пайдаланылады. Банк міндеттемесі мен капиталының арасындағы бұл арақатынас
банк міндеттемесінің оның өзіндік қаражатымен қаншалықты өтелгенін
көрсетеді.
Коммерциялық банктердің өтімділік коэффициентін, әдетте орталық банк
белгілейді және ол міндетті сипатқа ие немесе ұсыныс түріндегі сипатқа ие
болады.
Франция мен Германияда өтімділіктің міндетті коэффициенті анықталған,
ал, басқа елдерде орталық банк коммерциялық банктердің өтімділік
коэффициентін белгілемейді. Коммерциялық банктердің өтімділік
коэффициентін белгілемейтін бұл елдердің орталық банкісі тек кейбір
коэффициенттердің есептелуін ғана талап етеді әрі оны қадағалап отырады(4(.
Түрікменстан Республикасы Ортылық банкісінің екінші деңгейдегі
банктердің өтімділігін реттеудегі рөлі мынады: ТР Президентінің Ортылық
банк туралы Жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің қызметі Ортылық
банк белгіленген нормативтермен (пруденциялық нормативтермен) реттеледі.
Капитал жеткіліктілігі коэффициенті мен жарғылық қордың ең аз шамадағы
мөлшерінен өзге онда аз немесе 0,2 –ге тең болатын өтімділік коэффициенті
анықталған. Бұл өтімді активтердің барлық міндеттеме сомасына қатынасы .

1.2. Банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігіне ықпал етуші факторлар

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің
жалпы сипаттамаларының бірі.
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер ал-дында банктік
өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді.
Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді
депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары
түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды немесе баланстан тыс
міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін
ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді
уақытында орындау үшін қолма - қол ақшалай қаражаттар мен басқа да
өтімді активтер болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез
арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып
табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге
болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын
сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік
шоттардғы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен
сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма – қол ақшаға тез айналатын
активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық
несиелер сияқты қаражат көздері пайдалынады(5(.
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен
байланысты болмауы керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы
қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала
келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
. депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты
қанағаттандыру;
. тимділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қам-тамасыз
ету;
. активтерді зиянсыз сату;
. тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы
мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында
және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы фактолардың ықпалымен
анықталады.
Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:
. банк капиталының базасы;
. банк активтерінің сапасы;
. депозиттердің сапасы;
. сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуекелдігі;
. мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
. сауатты менеджмент;
. банктің жоғары дәрежелі беделі.
Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен
депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті
капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне:
жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа
да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның
өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерйлер-мен
анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттеме-лерді өтеу
немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма – қол ақшаларға айналу
қабілеті.
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына бай-ланысты.
Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға
бағытталған.
Банктердің активтерін басқару меншікті және қатыстырылған қаржыларды
жоғары табыс пен тәуекелдің төмен болуына ұмтылу арасында объективті
қажетті тепе-теңдіктің тұрақты түрде қамтамасыз етілуін ұстап тұратындай
тәртіпте орналастырылуын білдіреді.
Комерциялық банктің активті операциялары активтердің құры-лымына,
тәуекел активтердің көлеміне, активті операциялар мен өтімділіктің
(ликвидтіліктің) әртүрлілігіне қатысты ,оның операцияларының негізгі және
айқындаушы бөлігін құрайды. Банктің активтерін мынадай 4 категория
(санатқа) бөлуге болады .
. Кассадағы қол ақшаның болуы ;
. Бағалы қағаздар инвеститциялары ;
. Ссудалар
. Ғимараттар мен құрылыстар .
Комерциялық банк активтерінің бірінші категориясы (санаты)-
кассадағы қол ақшаның болуы , өтімділік дәрежесі жоғары , соны-мен бір
мезгілде табыс әкелмейтін топ болып саналады . Активтердің екінші және
үшінші категориялары (санаттары)мол кірісті , бірақ тәуекелділікті жоғары
болып саналады. Төртінші категория (санат)-ғимараттар мен құрал-жабдықтар
өтімді емес, сол сияқты мол кіріс келтірмейтін активтер түрінде қатысады.
Банктердің активтерін құрамы мен құрылымы тұрғысынан зерделейді.
Активтердің тиімді құрылымын белгілеу мен оны сақтау кезінде әрбір
банк бойынша проблемалар туындайды . Банктер активтердің тиімді құрылымын
белгілей отырып, өтімділік талаптарын, яғни олардың мерзімдері, сомалары
иен үлгілерін ескету арқылы міндеттемелерге қатынасы бойынша жоғары өтімді
және өтімділігі аз қаржылардың жеткілікті көлеміне ие болу талаптарын
орындауға тиісті болады .
Активтердің сапасы олардың өтімділігімен, тәуекел актив-терінің
көлемімен , сыни және толыққанды емес активтердің үлес салмағымен, табыс
әкелетін активтер көлемімен анықталады(6(.
Банктің өтімділігі мен пайдалылығы арасындағы оңтайлы ара-қатынасты
ұстап тұру міндеті банкті басқарудағы негізгі проблема болып саналады .
Мәселен, өтімді ктивтердің тез арада ақшаға айналуындағы, бірінші талап
бойынша активтерді пайдалану есебінен уақытылы және толық қол ақша түрінде
төлеудегі банктің қабілеттілігін білдіреді .
Банкте сақталатын активтердің өтімділігі жоғары болса, онымен
байланысты тәуекел де аз болады, сонымен бірге осы активтерден алынатын
кірістер де соған сәйкес азаяды . Банкті басқару өнері өтімділікті
төмендетпестен, және талап етілген деңгейде төлем қабілеттілікті ұстап тұру
арқылы активке салынған капиталдан алынатын пайданың ең жоғары нормасын
қамтамасыз етуден тұра-ды.
Активтерді басқару кезінде мынадай маңызды қағидаларды сақтай білу
көзделеді:
. активті операцияларды жасау кезінде үнемділікке қол жеткізу;
. тәуекел қалыптары шегіндегі операциялар;
. активтік және пассивтік қаржылардың тепе теңдігі;
. кіріс келтірушілікті қамтамасыз ету.
Сыныптық және өтімділік дәрежесі бойынша активтердің жіктеуін келесі
түрде беруге болады :
. банк кассасының болуы (касса, орталық банктегі корреспонденттік,
ағымдағы есеп шоттар);
. бірінші сыныпты бағалы қағаздар (айналымдағы коммерциялық векселдер
, мемлекеттік облигациялар);
. банк несиесі (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді) ;
. кешіктірілген ссудалар (мерзімінде қайтарылмаған, 2 немесе одан да
көп мерзімге ұзартылған);
. қозғалмайтын мүлік (ғимарат, құрал-жабдықтар және т.б).
Банктер активтерді басқару кезінде әрбір қоржынның (портфелдің)
түрлері мен әрбір қоржынның мазмұнын жеке-жеке ала отырып, банктің өз
меншіктік қоржынының мазмұнына талдау талдаулар жасайды. Банк қоржыны
баланс ктивтері мен пассивтерінің барлық жақтарын сипаттайды . Мынадай
қоржын (портфель) түрлері бар:
. несие қоржыны;
. бағалы қағаздар қоржыны;
. қол ақша (нақтылы) қоржыны;
. инвестициялар қоржыны.
Мысалы, несие қоржынына талдау жасау кезінде : шұғыл несиелер ме
әлде уақытында қайтарылмаған несиелер ме; қысқа мерзімді немесе проблемалық
несиелер ме; қалыпты немсе проблемалық несиелер ме, соларды анықтау
көзделеді.
Активтердің өтімділігі комерциялық банк активтері тұрақты-лығының
негізгі көрсеткіштер болып қатысады. Бұл – көлемді ке-шенді көрсеткіш.
Өтімділік көрсеткіштері банктердің тәжірибесінде кең түрде қолданылатын
коэффициенттермен өлшенеді.
Актив баптарының (статьялардаң ) пассив баптарымен арақа-тынасына
қол жеткізу активтердің өтімділігіне қойылатын негізгі талаптар болып
саналады. Біздің активтеріміздің көздері қанша-лықты тұрақты деген
сұрақтарға жауап бере білу қажет . Егер банк ктивтерінің өтімділігі
деңгейден төмен болатын болса, онда оның себебін банктің қаржылық есеп
беруінен іздеп және оны менеджерлерден сұрау керек .
Коммерциялық банктер: несиелерді қайтаруды қамтамасыз етуге,
кірістер алуға және зияндарды жабуға қабілетті; несие қоржынын көбейту
мағынасын білдіретін активтердің сапасы туралы қамқорлық танытады.
Әлемдік тәжірибеде активтерді басқарудың мынадай әдістері бар:
. жалпы қор қаржылары әдісі - өтімділік пен пайда келтіру-шіліктің
теңдей сақталуы;
. конверсиялар әдісі – банк балансының пассивіндегі қаржылардың
активтерде орналасуы . Бұл жерде менеджер активтерінің арақатынасын
өзгертуі тиіс;
. ЭЕМ – ді пайдалану және коэффиценттерді есептеу арқылы жүзеге
асырылатын ғылыми әдіс.
Банк менеджментіндегі активтердің өтімділігі коммерциялық банктің
жалпы өтімділігі мен оның тұрақтылығына әсерін тигізеді.
Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру
кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипат-тайды. Активтердің тәуекел
дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлрмен
анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына,
қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.
Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің
өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс
жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, соныиен қатар
банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын
нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс
ә!келетін жәнек табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.
Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр
түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін ипаттайды. Активтерді
диверсификациялау көрсеткіштері мынандай: ресурстарды орналастыру
бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен
субъектілері бойынша несиелік жұмсалым-дардың құрыцлымы; банкпен
корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің
құрлымдық құрамы. Активтр неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым
банктің өтімділігі жоғары болады(7(.
Банк өтімділігін анықтайтын фактор - банктің депозиттік
базасының сапалылығы. Депозитттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ
салымдары, есеп айрысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары
ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары
құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың
тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп
болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозитттердің
тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын
азайтады. Талап етілге нге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие,
өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланысыз.
Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің
сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты
факторларға байланысты. Ал мерзімді және жинақ депозиттеріндегі
қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің
сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.
Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық
несиелерге деген тәуелділігімен де сипат-талады. Банкаралық несие
өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады,
бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі
жоғары болса, онда банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы
көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз
базасының даму перспективаларының жоқтығын көрсетеді.
Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома
бойынша сәйкестігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер
алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары
мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері
сәйкес болуын білдіреді.
Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін
басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне
жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:
. банк саясатының болуы және оның мазмұны;
. стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге
мқмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
. банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
. әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
. білікті мамандардың болуы;
. қажетті ақпарат базасының болуы;
. банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.
Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар
банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.
Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы фактор-ларға, яғни
банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:
. елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
. бағалы қағаздар нарығының дамуы;
. банкаралық несие нарығының дамуы;
. қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
. Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.
Елдегі жалпы банкінің саяси және экономикалық жағдай банк
операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің
алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің
тұрақтылығын қамтамас етеді, банктерге деген отандық және шетелдік
инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз
банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне
қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің спалығын жоғарылатуы
және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес(8(.
Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың
оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көп-теген шетел
мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қара-жаттарға тез арада
айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.
Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер
арасында жылдам қайта бөлуге көмек-теседі. Банк өз өтімділігін ұстап
тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір
күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Бакаралық нарықтан қаражаттарды
тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың
ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.
Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржы-ландыру жүйесі
банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы
жабуға мүмкіндік береді.
Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтім-ділікті
басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы
арасындағы қарым – қатынастың дәрежесін көрсетеді. Түрікменстан Ұлттық
Банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір
нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік
жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және
қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытында
шешуге мүмкіндігі бар.
Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген фак-
торларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан
банктің өтімділігі бірте – бірте қалып-тасатын және тұрақты
фактолармен және әр түрлі тенденция-ларымен сипатталатын динамиалық
жағдайды білдіреді.

1.3 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қбілеттілігін басқару
әдістері

Өтімділікті басқару сияқты төлемқабілеттілікті басқару да бірнеше
теорияны қарастырады.
Бірінші теорияда банктің өтімділігі, оның төлемқабілеттілігі негізінде
жатыр. Төлемқабілеттілік өзінің міндеттемерелі бойынша қажетті мерзімде
және толық соммада жауап беретін, банктің меншігі ретінде зерттеледі.
Дегенмен, ол тек баланстың өтімділігінен ған емес, басқа да факторлардан
тәуелді. Олардың қатарына жататындар: елдегі немесе аймақтағы саяси және
экономикалық жағдайлар, ақша нарығының жағдайы, Орталық банктегі қайта
қаржыландыру мүмкіндіктері, бағалы қағаздар нарығының дамуы, кепілдік және
банктік заңдардың нақтылғы мен жетілгендігі, банктің меншіктік капиталымен
камтамасыз етлігендігі, клиенттер мен банк-серіктестер сенімділігі,
банктегі менеджмент деңгейі, берілген несиелік мекемелердің банктік
қызметтерін мамандандыруы мен әртүрлілігі және т.б.
Көрсетілген факторлар бір уақытта банктің өтімділік балансына тікелей
және жанама әсер етеді, сонымен қатар бір бірімен белігленген өзара
байланыста болады. Осы айтылғандарды сурет түрінде нақтылы мысал келтіруге
болады.
Екінші теория бойынша төлем қабілеттілік арқылы сенімділік
түсіндіріледі, яғни нарықтағы әртүрлі жағдайларға қабілеттілігі, мерзімі
басталған төлемге сәйкес емес өзіне алған міндетемелерін орныдау.
Банктің сенімділігі көптеген әртүрлі факторларға тәуелді. Шартты түрде
оларды сыртқы және ішкі етіп бөлуге болады.
Сыртқы факторларға жататындар: банкке сыртқы ортаның фқпал етуі, яғни
нарықтың қаржылық жағдайдаларын, ұлттық және әлемдік экономиканы, елдегі
саяси климатты анықтайтын факторлар, сонымен қатар форс-мажорлық жағдайы.
Ішкі факторларға жататындар: персоналдың мамандандырылған деңгейі, оның
ішінде жоғарғы және банктің жасалынған операцияларын бақылау деңгейімен.
Нақтылы факторлардың қолайсыз әсер ету ықтималдығы немесе банктің
сенімділігіне олардың әрекеттері тәуелділікпен сипатталады(9(.
Тәуекелділік арқылы өзінің ресурстар бөлігін жоғалту қауіп-қатері
табыстарды түгел алмауы немесе қаржылық операцияларды жүргізу нәтижесінде
қосымша шығындардың көбеюі (мүмкін болатын жоғалтулар мөлшерін осы
операциялардың тәуекелділік деңгейі анықтайды). Тәуекелділіктер нақты
таралған жағдайлар мен болжамдардың сәйкессіздігі нәтижесінде пайда болады.
Тәуекелділіктерді оларды қозғайтын факторлар бойынша жіктеу өте қиын,
себебі оларды айқындауға әртүрлі барлық сыртқы және ішкі факторлар ықпал
жасайды. Мысалы, өтімділік тәуекелділігінің өсуінің себебі банкаралық
нарықта ақшалай ресурстарды жылдам тарту мүмкін еместігі ғана емес, сондай-
ақ жоспарлаудағы қатеіліктерде, персоналдың жете білмеушілігінде, несиелік
портфельдің төмен сапалылығында (берілген несиенің көп үлесінің қайтарылмау
қауіп-қатері) болуы мүмкін.
Екінші теория бойынша төлем қабілеттілік арқылы сенімділік
түсіндіріледі, яғни нарықтағы әртүрлі жағдайларға қабілеттілігі, мерзімі
басталған төлемге сәйкес емес өзіне алған міндетемелерін орныдау.
Банктің сенімділігі көптеген әртүрлі факторларға тәуелді. Шартты түрде
оларды сыртқы және ішкі етіп бөлуге болады.
Сыртқы факторларға жататындар: банкке сыртқы ортаның фқпал етуі, яғни
нарықтың қаржылық жағдайдаларын, ұлттық және әлемдік экономиканы, елдегі
саяси климатты анықтайтын факторлар, сонымен қатар форс-мажорлық жағдайы.
Тәуекелділік арқылы өзінің ресурстар бөлігін жоғалту қауіп-қатері
табыстарды түгел алмауы немесе қаржылық операцияларды жүргізу нәтижесінде
қосымша шығындардың көбеюі (мүмкін болатын жоғалтулар мөлшерін осы
операциялардың тәуекелділік деңгейі анықтайды). Тәуекелділіктер нақты
таралған жағдайлар мен болжамдардың сәйкессіздігі нәтижесінде пайда болады.
Тәуекелділіктерді оларды қозғайтын факторлар бойынша жіктеу өте қиын,
себебі оларды айқындауға әртүрлі барлық сыртқы және ішкі факторлар ықпал
жасайды. Мысалы, өтімділік тәуекелділігінің өсуінің себебі банкаралық
нарықта ақшалай ресурстарды жылдам тарту мүмкін еместігі ғана емес, сондай-
ақ жоспарлаудағы қатеіліктерде, персоналдың жете білмеушілігінде, несиелік
портфельдің төмен сапалылығында (берілген несиенің көп үлесінің қайтарылмау
қауіп-қатері) болуы мүмкін.
Келтірілген факторлар келесідей ең көп таралған тәуекелділіктердің
пайда болу себебі бола алады:
– өтімділік тәуекелділігі;
– пайыздық тәуекелділік;
– несиелік тәуекелділік;
– нарықтық тәуекелділік;
– саяси тәуекелділік;
– валюталық тәуекелділік;
– нарық конъюнктурасының өзгеру тәуекелділігі;
– сақтандыру тәуекелділік;
– форс-мажор жағдайдағы тәуекелділік.
Коммерциялық банктер өзінің төлем қабілеттілігін анықтау тәсілдері арқылы
өтімділікті және төлем қабілеттілікті жоғалту тәуекелділігін бағалау және
бақылау арқылы басқарады.
Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділік пен төлем қабілеттілікті басқару
бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады . Ондай әдістерге мыналар жатады :

1. Қаражаттардың ортақ қоры әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы
сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан активтердің әр түрлі
түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті мынадай түрде көрсетуге
болады ( 1-сурет).

Қаражаттардың көздері Қаражаттардың орналасуы


Қаражаттардың
ортақ қоры
Талап ету депозиттері Алғашқы резевтер
Екінші ретті резевтер
Мерзімді депозиттер Несиелер
Бағалы қағаздар
Акционерлік капитал мен Ғимараттар мен
резерв қорлар жабдықтар

Ескерту: пайдаланылған әдебиеттер негізінде жасалған
Сурет-1 Қаражаттардың ортақ қоры әдісі

Осы әдісте қаражат өтімділігінің барабар деңгейінің яғни табыстылық-
өтімділік арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Біріншіден ,
активрердің алғашқы резевтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі
анықталады . Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резевтер
тобына орналыстырылады . Екінші ретті резевтер көлемі несиеге сұраныс пен
салымдардың мөлшерімен анықталады , демек олар неғұрлым көп болса ,
соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резевтер талап етіледі . Активтердің
үшінші тобына , яғни клиенттерге қарызға орналыстырылатын қаражаттардың
үлкен үлесі тиеді . Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу
мерзімі ұзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады . Дүниежүзі банктерінің
іс-тәжірибесінде өтімділік әдістер, оның ішінде , жалпы қор қаражатының
әдісі және активтерді бөлу әдісі арқылы басқарылады.
Жалпы қор қаражаты әдісінің мәні барлық ресурс түрінің активтерін басқару
процесіне жатады, атап айтқанда , салым ақшалар мен талап етілмелі
шотындағы қаражат қалдығы , мерзімді салым ақшалар мен депозиттер жарғылық
қор мен резервтер коммерциялық банктердегі ресурстардың жиынтық қорында
бірігеді .
Бұл жиынтық қордың қаражаты банк тұрғысынан алғанда пайда әкелуі мүмкін
актив түрлеріне бөлінеді .
Бұл арада тиісті активке салынған қаражат өтімділігінің баламалы
деңгейін сақтау- міндетті шарт. Осылайша, пайдалылық-өтімділік арасындағы
байланыстың тепе-теңдігі ұдайы сақталуы керек.
Бұл әдісті пайдалану барысында алдымен бірінші кезектегі резерв, яғни,
клиенттің несие алу салым ақшаны өндіріп алу туралы алғашқы өтінішін
қанағаттандыруда пайдаланылуы мүмкін қаражатты білдіретін , активтерге
орналастырылуы ықтимал қаражат үлесі анықталады.
Бұл әдісті қолдануда ең алдымен бірінші кезектегі резерв болып саналатын,
активтерге салынатын қаражаттық үлесі анықталады, яғни ол қаражат
клиенттердің салымын алу , несие алу сияқты талабы қанағаттандыру үшін
пайдаланылады (10( .
Елдің банк іс-тәжірибесінде резевтерге шамамен бірінші кезекте Орталық
банктің корреспонденттік шотындағы қаражатты , коммерциялық корреспондент-
банктердің корреспонденттік шотындағы қаражатты, кассадағы қаражатты ,
Орталық банктегі міндетті резевтерді жатқызуға болады. Содан кейін тиісті
табысты әкелетін, өтімді активтерді қамтитын екінші кезектегі резевтерге
орналастырылуы мүмкін қаражаттың үлесі анықталады. Қажет болған жағдайда
олар бірінші кезектегі резервтерді арттыру үшін пайдалануы мүмкін. Екінші
кезектегі резервтерге қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздарды, оның
ішінде , облигацияларды, аз ғана мерзімге берілетінбанкаралық несиені ,
өтеу мерзімі көпке созылмайтын өтімділігі жоғары ссудаларды жатқызуға
болады. Екінші кезектегі резевтердің шамасы салым ақшалардың ауытқу
диапазонына және несие сұранысына тәуелді болады. Егер несиеге сұраныс
неғұрлым жоғары болса, резерв соғұрлым қажет болады.
2. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне – банктегі банктер әдісі
жатады (2-сурет). Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және
тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды . Мұнда
әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі
қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резевтер нормасын талап етеді .

Қаражаттардың көздері Қаражаттардың
орналасуы


Талап ету салымдары Алғашқы резевтер
банкі
Екінші ретті резевтер
Мерзімді салымдар Несиелер
банкі
Бағалы қағаздар
Негізгі капитал банкі Ғимараттар мен
жабдықтар

Ескерту: пайдаланылған әдебиеттер негізінде жасалған

Сурет-2 Банктегі банктер әдісі

Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаржаттарды орналыстыру
үшін пайдаланатын табыстылық-өтімділік орталары анықталады. Мұндай
орталар банктегі банктер деп аталады , яғни банкте талап ету салымдар
банкі , мерзімді салымдар банкі және негізгі капитал банкі болады .
Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді
талап етеді , сондықтан талап ету салымдар банкісі қаражаттардың үлкен
бөлігін алғашқы резевтерде орналастырады . Ал талап ету салымдарының қалған
бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі . Мерзімді салымдар
банкімерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді
қалыптастыруға , ортақ және ұзақ мерзімді несиелерге , сондай-ақ ұзақ
мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды .
Банктегі банктер әдісінің қаражаттардың ортақ қоры әдісінен
артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек
анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді
активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік
береді. Активтерді бөлудің әдісін немесе қаражаттың конверсия мемлекеттік
заем шарттарының өзгеруі әдісін пайдалану барысында банк тартқан қаражатқа
өтімді қаражаттың қаншалықты тәуелді болатындығы анықталып, ескеріледі және
активтер мен пассивтердің тиісті түрлері арасындағы арақатынас белгіленеді
.
Бұл арада әрбір көзден алынатын қаражатты олардың айналасын қоса
ескере отырып , әр түрлі жолмен қамтамасыз етуді және осыған орай міндетті
резервтердің нормаларын қажет етеді.
Ішінара мерзімді салым ақшаға қарағанда талап етілмелі салым ақша
бойынша міндетті резервтердің ең жоғары нормаларын белгілеу қажет. Осыған
орай, талап етілмелі салым ақаша түрінде тартылған қаражаттың қомақты үлесі
бірінші және екінші кезектегі резевтерге орналасуы керек.
Осы әдіске сәйкес банк ішіндегі банк деп те өзгеше атаумен аталатын
бірнеше өтімділік (пайдалылық) орталықтары анықталады.
Ішінара алғанда , мұндай орталықтарға мыналар жатады: талап етілмелі
салым ақша , мерзімді салым ақша мен депозиттер жарғылық капитал мен
резевтер. Қаражат әрбір орталықтан оның тиісті өтімділігі мен пайдалылығын
қамтамасыз ететіндей есеппен активтің белгілі бір түрлеріне
орналыстырылады. Мәселен, талап етілмелі салым ақша ең жоғары деңгейдегі
қамтамасыз етуді қажет еткендіктен оның көп бөлігі бірінші кезектегі
резервке бағытталады. Басқасы –салым ақшаның елеулі бөлігі қысқа мерзімді
мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу етілмелі жолымен екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хaлық бaнк AҚ-ның төлeм қaбiлeттiлiгi мeн өтiмдiлiгiн тaлдay
Банктің өтімділігін басқару теориялары мен оның әдістері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктің өтімділігінің басқарудың теориясы
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Мерзімді салымдар банкі
Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің экономикалық мазмұны
Банк өтімділігін басқару негіздері
Банкінің атқаратын функциясы және мәні
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Пәндер