Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бүгінде дүниежүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орынды алады. Ал біз әзірге мұнайға иек артып, «туризмге құдай күнімізді қаратпасын» деген кейіпте отырмыз. Алайда туризмді дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Болашақта Қазақстандай табиғаты көркем жерлері бар елге саяхатшылардың да көптеп келетін кезі алыс емес . . . [1] .
Әдетте көзге шетсіз-шексіз далалық аймақ қалыпта елестейтін Арқа кіндігіндегі таңғажайып құбылыстар Қарқаралы, Балқаш, Ұлытау, Қызыларай, Қараағаш, Бұғылы-Тағылы, Бектауата, Тасарал, Ортау көркі тәнті етер оқшау орындар. Сағым ойнаған жапан түздің әр қиырынан кенеттен есетін самалы тынысыңды кеңейтіп, жасыл желегі жан жадырататын, бүгінге дейін шөбі, тасы, ағашы қаз қалпында сақталған мұндай жерлер дүние жүзінде сирек боларлығы біздің елімізде экскурсиялық бизнестің дамуына бірден бір ықпалын тигізеді. Сол үшін де экскурсиялық бизнес саласында бірқатар реформалардың жүргізілуін қамтамасыз етуіміз керек. Қолдағы бар туристік базаларымызды халықаралық талаптарға сәйкестендіру қажет. Қазақстандық туризм даңқ тұғырына жиі-жиі көтерілсін десек, жаңа туристік технологияларды меңгеру, күнделікті жаттығу процестерінде соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарды пайдалану, ең бастысы - профессионалды кадрлар даярлау қажет.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыста зерттелген мәселе Қазақстан Республикасында экскурсиялық бизнесті дамыту, шетелдік тұтынушыға бағытталған қазіргі заманға сай, бәсекеге қабілетті туристік саланы құруды және Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған экскурсиялық туристік қызметтің ішкі рыногын дамытуды көздейді. Шетел туристерінің үздіксіз келуіне бағытталған сауатты маркетинг, республикалық, өңірлік мемлекеттік экскурсиялық мекемелердің қолдауы, туризмнің бастапқы экскурсиялық инфрақұрылымын құру және жоспарлы ұйымдастырылған шетелдік туристік топтарды күтіп алуды тиянақты ойластырып ұйымдастыру жайлы мағлұматтар кеңінен қарастырылады. Экскурсиялық туризм - қазіргі таңда аса ірі рекреациялық нысан болып табылады. Оны дамыту елді жоғарғы нарыққа апаратын жол. Сол себепті экскурсиялық туризм отандастарды және шетелдіктерді тартатын табыстың қайнар көзі болып есептелінеді. Шетелдіктердің елге келуі, елдің экономикасына оң әсерін тигізері хақ. Елімізде экскурсиялық туризмнің қайнар көзі - Оңтүстік, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтары болып отыр. Бұл жерге келу себептері, бұл аумақтар таулы болып келгендіктен, бұл жер демалу үшін таптырмайтын орын.
Оңтүстік Қазақстан облысы осы экскурсиялық туризм саласын дамытуға болатын бірден - бір таптырмайтын аумақ. Оңтүстік Қазақстан облысында ең аса ірі туризм саласы ол - әулиелі жайлар мен орындар. Бұл орындарға бару үшін, әр түрлі туристік маршруттар бар, сол арқылы осы орталықтың барлығына дерлік көріп шығуға болады. Оңтүстік Қазақстан облысында қолайлы мекен жайлар, табиғаты тамаша аймақтар жеткілікті.
Сондықтан біздің дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының экскурсиялық бизнес индустриясын дамытудың негізгі мақсатын анықтап, қазіргі заманға сай сапасы жоғары, тиімді жаңа қызмет көрсетуді туризм индустриясына енгізе отырып, бәсекеге қабілетті экскурсиялық туристік кешен құру. Ол бір жағынан - қазақстандық және шетел азаматтарының экскурсиялық туристік қызметтерге, ресурстарға қол жеткізуге және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер беретіндей, екінші жағынан - ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес, оның ішінде жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, мемлекет бюджетіне түсетін салық түсімдерін, шетел валютасының ағымын, елдің инфрақұрылымын дамыту, мәдени және табиғи мұраларды сақтау дәрежесін кең түрде пайдалануға кепілдік береді.
Ғылыми жұмыстың міндеті. Ғылыми жұмыстың міндеті - экскурсиялық бизнестегі ішкі және сырттан келу туризмінің дамуына, туризм инфрақұрылымы объектілерінің құрылысына жеңілдіктер мен қолдау жүйесін қолдануға, капитал жинауға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды туризм саласына салуға, туристік ресурстарын пайдалануда ескерткіштер мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар жүзеге асыруды түсіндіру
- ҚР экскурсиялық бизнес инфрақұрылымының дамуын талдау
- ҚР Оңтүстік облысындағы экскурсиялық бизнесті басқару жағдайын бағалау
- Экскурсиялық бизнестің дамуын жетілдіру бағыттары
- Экскурсиялық бизнесті басқару жүйесін дамытуда кластерлер мен даму стратегиясын ұсыну
Зерттеу пәні болып туризм саласындағы экскурсиялық ресурстарды тиімді пайдаланудағы басқару жолдарын дамыту таңдалды.
Зерттеу нысаны экскурсиялық объектілерді пайдалану болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 74 бет, оның ішінде 6 кесте және 6 сурет қарастырылған.
1 ЭКСКУРСИЯЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Туризмнің классификациялануы және оның негізгі түрлеріне түсінік
Туризм саласында қазіргі уақытта қоғамдық қарым-қатынастардың және сонымен қатар туризмнің дамып қалыптасуына сәйкес көптеген жаңа терминдер қалыптасуда. Сондықтан туристік терминология туралы осы бүгінгі күнімізге дейін жан-жақты пікірталастар жүргізілуде.
Туризм дегенімізде басқа қала немесе мемлекеттерде отыратын туыстары мен жолдастарын зиярат ететін, бос уақытында саяхатқа шығатын кісілерді көз алдымызға келтіреміз. Бұл адамдар бос уақыттарында түрлі спорт түрлерімен айналысып, күн сәулесінде демалып, атқа мініп, жорыққа шығып немесе жай ғана қоршаған ортаны серуендеп жүреді дейміз. Дегенімен бұл анықтаманың құрамына әртүрлі конференция, съезд және семинарларға қатысушы, ғылыми және кәсіптік мақсатта ұйымдастырылатын турларға қатысатын адамдарды да қамтуға болады. Турист деп аталатын бұл кісілер саяхат кезінде көліктің барлық түрлерін: велосипед, ат, түйеден бастап реактивті ұшақтарды да пайдалана алады.
Туризмнің маңызын анықтап бұл қызмет саласын толық түсіну үшін туризмде жан-жақты қарым-қатынаста болатын субъектілерді тануымыз қажет.
- Турист. Бұл туризм саласындағы ұсынылатын барлық ресурстарға бағытталған психикалық және физикалық қажеттілік сезімі бар болған адамдар.
- Туристерге тауар мен қызмет ұсынушы ұйымдар. Туристік нарықтағы сұранысқа сәйкес пайда табу мақсатында тауар және қызмет ұсынатын кәсіпкерлер.
- Жергілікті басқару органдары. Бұл басқару органдарының туристік саладағы ролі туристерге, жеке кәсіпкерлерге және басқа да туристік субъектілерге қарсы қоятын талаптарымен анықталады (салықтар, заңды және нормативті іс-шаралар) .
- Қабылдаушы тарап. Келген туристерге тікелей және жанама әсерде болатын жергілікті халық [1] .
Қазіргі туризм классификациясы, бәрінен бұрын территориялық туристік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификацияның мәні - туризмнің жеке түрлерін бөліп көрсету болды.
Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған. Оны тәжірбиеде туризмнің нақты бір түрін білудің мүмкін еместігі түсіндіріледі.
Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады. Мақсатына қарай, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу түріне, орналасу жолына, саяхатқа қатысушылардың құрамына, сапасына және т. б., бірақ мұнда шешуші ролді - саяхаттың мақсаты атқарады [2] .
Формасы мен кластардан айырмашылығы - туризмнің түрлері әртүрлі. Олар бірқатар факторларға бағынышты, олардың ішіндегі ең айырықшалары:
- бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;
- жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамның жеке талғамы және материалдық молшылық;
- табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;
- қозғалудың мүмкіндіктерінің болуы және басқалар [3] .
Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді кластарға және түрлерге бөлуге болады.
Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына қарай туризмнің үш негізгі түрін бөліп қарауға болады: емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық.
Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық-сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.
Жоғарыда айтылған түрлері арқылы туризмнің классификациясы құрастырылып жіктеледі.
Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай - осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр [4] .
Демалыс деген түсінікпен қатар, географиялық, социология мен қала құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процестер деген түсініктер де жиі қолданылады. Ол тегін емес, еңбектің сипаты, бос уақытты пайдаланудың түрі мен құрылымы мүлдем өзгерген шақта, жақсы демалыс - тынығып жату болудан қалып, физиологтар көрсеткендей, ол-адамның іс-әрекет түрінің ауысып тұруы болып өзгерді. Шынында да, ол көбінесе бос уақытта сауықтыруға, түсініп білуге, спорттық және мәдени көңіл көтеруге пайдаланып тұру үшін қолданылады. Мысалы, санаторияда, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс базаларында болған кезде жиі қала сыртына қыдырып, жорыққа, экскурсия мен саяхаттарға шығып тұру жөн.
Рекреация арқылы ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекетінің мәнін түсінуге болады.
Рекреацияның танымдық функциясы. Ол туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық шаруашылық және басқа да аудандарға көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан тұрады [5] .
Табиғи-климаттық көрікті орындар мен жағдайларға қолайлы климаттық жағдай, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер және т. б. жатады.
Мәдени-тарихи орындар - сәулетті ескерткіштер, мұражай, көркем галереялар, театр және т. б. обьектілердің жиынтығы. Оларға туристерді ынтықтыратын этнографиялық жақтары - әдет-ғұрып, киімдер, фольклор және басқа да халық шығармашылықтары жатады. Шаруашылық жағынан ең көрнектісі шаруашылықты жүргізудің өзінше бір түрі немесе аудандар бойынша оның жоғары көрсеткіштері.
Мәдени-әлеуметтік функциясы - бұл рекреацияның ең басты жетекші функциясы. Мәдени талғам - бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады [6] .
Танымдық рекреациясы. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың едәуір бөлігіне тән. Бірақ тереңірек тануды қажет ететін рекреациялық шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетті ансамбльдерді көру, сонымен қатар жаңа аудандармен, елдермен, этнографиямен, фольклормен, табиғи құбылыстармен және шаруашылық обьектілермен танысу.
Туристік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді:
1. «Рекреациялық туризм». Оған: емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді.
2. «Экскурсиялық туризм» - табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау.
3. «Арнайы туризм» - арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат [7] .
Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, теміржолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды. АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% құрайды [8] .
Круизді, коммерциялық, әлеуметтік, және экологиялық туризм.
Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. «Круизді туризм» - бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында Нью-Йорк порты болып табылады. Круиздік туризммен айналысатын елдер: Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.
Алғашында барлық туристік іс-әрекет «коммерциялық туризм» түрде болса, онан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес, туристік мекемелерге де өте тиімді. Сонымен, «әлеуметтік туризм» - бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.
«Экологиялық туризм (экотуризм) » - жақында ғана «жасыл» қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды. Сондықтан да оның қалыптасқан туризмнен айырмашылықтары бар. Оның негізгі белгілері:
- экотуризмнің басты обьектісі болатын ерекше табиғи көрікті көзтарлықтай жерлері болуы;
- туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;
- басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;
- экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі - экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;
- бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік-экономикалық көтеретіндей дәрежеде болуы;
- қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристік ағымдарды әр түрлі мақсаттармен қамти береді [9] .
Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және практикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді.
1. 2 Экскурсиялық туризмнің құрылымы мен атқаратын функциялары
Экскурсия бұл айналамызды қоршап отырған әлемді тану процессін білдіреді. Бұл процесстің ерекшелігін айтар болсақ, ол алдын-ала таңдап алынған объекттермен тығыз қарым-қатынаста болып, оларды орналасқан орнында зерттеумен айналысады. Экскурсиялардың барлығы-көру, есту және басқада сезімдер арқылы, алдын-ала белгіленген, алдын-ала жоспарланып қойған қоршаған ортаны қабылдау процессі болып табылады. Экскурсияны ұйымдастырушылар мен экскурсоводтар, экскурсиянисттің қалай көру, есту және сезіну керектігін, осы іс-шара арқылы қандай нәтиже алатындығын, осы экскурсия арқылы қандай пайдалы әсерде болатындығын нақты біледі [17] .
Экскурсиялық процесс кезінде экскурсовод, экскурсанттарға -объекттерді көруге көмек береді, осы көрудің негізінде тақырып ашыла бастайды (бірінші мақсат), бұл объекттер жөнінде қажетті мәлімет алу (екінші мақсат), тақырыпқа қатысты ұлы батырлықтарды, тарихи оқиға маңызын сезіне білу, яғни сол бір оқиғаның қатысушысы болу (үшінші мақсат), практикалық ұғу қабілеті арқылы жеке өзі байқау арқылы экскурсиялық объекттерге анализ бере білу (төртінші мақсат) .
Экскурсия, оның жинақ материалдары, сонымен қатар аудиторияға нақты ұсына білу экскурсионисттерге дұрыс ойлауға, анализ жасауға, қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Экскурсия - методикалық түрде каланың көрікті жерлерінің, тарихи-мәдени ескерткіштердің көрсетілуі, Көрсетудің негізі, экскурсионисттің көз алдында тұрған объектінің анализі мен онымен қатысты оқиғалар болып табылады.
Экскурсия құру кезінде сөйлеу бөлігіне үлкен орын бөлінеді (айтып түсіндіру) . Әрбір тематикалық экскурсияның өзіне тән сюжеті болады, яғни осы сюжетке, жинақталған бүтін материалдар бағынышты болады. Экскурсияда «шиеленісу» маңызды орын алады. Бұл дегеніміз тарихи экскурсиядағы оқиға, яғни оқиғалар шынжыры. Экскурсия композициясында кульминацияның орны болек, ол айтып беру мен көрсетуде ең жоғары нүкте, сонымен қатар іс-әрекет артуының ең тығыз ең шешуші жері болып табылады [18] .
Қазіргі таңда экскурсия біздің алдымызда бүтінделген, өзіне тән жүйесі мен көрсеткіштері, сонымен қатар өзіне тән жеке методикасы бар бір құбылыс ретінде көрінуде. Ең қиын экскурсия ол тематикалык болып табылады, одан кейін қала ішіндегі экскурсия, содан соң кала шетіне экскурсия және тағы с. с. бөліне береді.
Ең алғашқыда экскурсия қыдыру дегенді білдіретін, яғни практикалық мақсатпен мысалы, емдік шөптердің ізделуі. Содаң соң оның алдына ғылыми мақсаттар, яғни музей үшін экспонаттардың анықталуы. Оқыту мақсаты пайда болғаннан кейін мектеп оқушылары мен студенттердің экскурсияға шығуы басталды. Ал өзін-өзі үйретудің жаңа түрлері, экскурсияның алдына тағы бір мақсат шығарды, ол жалпы білім беру мақсаты. Тәрбиелеу жұмыстарын жақсарту ұмтылысы, экскурсияны топтық мәдени-үйрену жқмыстары қатарына айналдырды.
Экскурсия дегенде бірінші кезекте ойға белгілі бір іс-әрекет келеді. Бұл іс-әрекеттер әр түрлі болады - белгілі бір маршруттан топтың өту жағдайы, белгілі бір нысанға қатысты өту жағдайы (олардың жанынан айналып өту), маршрутқа еңгізілген ескерткіштерді байқау мен түсіндіру. Экскурсовод және оның аудиторияға деген ұсыныстары, экскурсанттардың іс-әрекеттерін бір араға келтіруге, яғни нақтылауға көмектеседі. Экскурсанттың іс-әрекеті болса - нысандарды байқау, оларды ұға білу және зерттеу сияқты белсенді формалармен көзге түседі.
Экскурсия бірнеше аспектте қарастырылады:
- Экскурсия өз алдына тәрбиелеудің бір формасы болып келеді.
- Экскурсия үлкен топ аудиториясымен жұмыс істеу, яғни экскурсия білім берудің бір формасы болып табылады.
- Экскурсия мәдени бос уақытты өткізу формасы.
- Экскурсия саяси және ғылыми білімді тарату формасы.
- Экскурсия адамзаттың сана-сезімін көтеру формасы ретінде, яғни адамзаттың ойлау қабілетін жоғарылату [19] .
Экскурсияның функциялары. Функция латын сөзінен аударғанда-орындау (іске асыру, іс-әрекет) деген мағынаны білдіреді.
Төменде көрсетілген схема бойынша экскурсияның негізгі функцияларын қарастырайық (Сурет 1) :
Экскурсия ғылыми пропаганда функциясы ретінде, саяси , философиялық, ғылыми, көркемдік және басқада көзқарастарды таратуға ықпал жасайды. Тәрбиелеу және білім беру тұрғысында экскурсияның негізгі сапасы ол ғылым болып табылады [20] . Экскурсияның мақсаты ғылыми білімнің таралуына ықпал жасау, материалдың ең жоғары деңгейде жеткізілуін қамтамасыз ету. Экскурсия сөзбен жеткізу бөлігінде материалды толығымен лекция түрінде жеткізу мүмкін емес, өйткені уакыт тығыздылығы бар. Сол себептен экскурсоводтың сөзбен жеткізу бөлігіндегі оқиғалар әрі нақты әрі нұсқа етіліп дайындалып, объективті түрде бағамы болу қажет. Тақырыпты түсіндіретін ең нақты фактілер мен мысалдар, түрлі салыстырулар, салмақты дәлелдер, белгілі бір оқиға қатысушысының есіне түсіргендері, суреттердің жинақталуы, оригинал құжаттар , карта мен схемалар көшірмесінің жинақталуы экскурсияға жақсы нәтиже, яғни жетістік қамтамасыз етеді.
Сурет 1 - Экскурсияның негізгі функциялары
Экскурсия мәліметтер функциясы ретінде - әр бір тақырыптың, өзінің нақты білім түріне қарай, өзіне тән мәліметтері болады. Мысалы: Совет үкіметі ғылымының жетістіктері, медицина, биология, археологтардың жетістіктері, спортсмендердің жеңістері, шаруашылық және әлеуметтік құрылыс жаңалықтары.
Экскурсия әлеуметтік бос уақыт өткізу функциясы ретінде . Бос уақыт деп адамның жұмыс уақытынан тыс қалған уақытты айтамыз. Бос уақытты өткізудің танымал түрі болған экскурсия, адамзаттың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Соңғы жылдарда экскурсияның жағымды әсерлері халық алдында көп танымал болуда, яғни экскурсияның өзінің «саяхаттылығымен» көптеген адамдарға тартымдылығы сонымен қатар әрқайсысының өз қызығушылығына қарай тақырып таңдау мүмкіншілігі және т. б.
Экскурсия әлеуметтік-техникалық білім деңгейін байыту функциясы ретінде . Экскурсияға қатысушылар әрдайым тарих, өнер архитектура, әдебиет, экономика және т. б. салар тұрғысында білім алады. Жақсы экскурсия бірнеше әлеуметтік-тәрбиелеу жұмыстарының синтезін ұсынуда. Оған методикалық түрде, қабылданған бөліктері ретінде мыналарды жатқыза аламыз:
а) кинофильмдердің фрагменттері, хроникалық немесе ғылыми деректі фильмнің бүтіні;
б) белгілі бір оқиға қатысушысының берген мәліметтері, мысалы «әскери-патриоттық» экскурсия тақырыбындағы 1941-1945жж Ұлы Отан соғысы ардагерлер сұхбаты.
в) белгілі бір өнеркәсіп кәсіпорынының басшысымен кездесу, жәй жұмысшылармен сұхбаттасу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz