Сезім мен эмоция



Жоспар:

Кіріспе: Сезім мен эмоция туралы түсінік

Негізгі бөлім: а Эмоцияны теорилық тұрғыдан шолу
б Сезім білдіру
в Сезімнің түрлері
г Жоғарғы сезімдер

Қорытынды: Сезім мен эмоция мәселесі
Адам қабылдағанына, істеген ісіне,ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды.Заттардың, адамдардың,әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді қуантса,екінші бірі мұңайтады, ал үшінші бірі ашу шақырып, зығырданыңды қайнайтын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатытп жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттыққа кеңелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып- білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін- сезім «немесе эмоция» деп атайды.
Адам сезімінің қайнар бұлағы- бізді қоршаған болмыс, объективті шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданылады. Егер бұл ұғымдардың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ онда екуінің арасында елеулі айырмашылық бар екенін аңғарамыз. Сонымен, сезім дегеніміз не?
Сезім-адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық прцесс.
Сезімнің психикалық прцесс екндігін білдіретін тағы бір ерекшелігі-оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Көніл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Мысалы, жыртқыш аңдардар туралы әнгімелерден шошынған бала, ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға немесе сол жыртқыш аңға ұқсатуы мүмкін.Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттілікдерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.
«Эмоция» ұғымының төркіні-«емовера» латын сөзінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні- тітіркену,толқу. Эмоция- жан дүниесінің сыртқы және ішкі салдарынан ызалану, қаhарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Бұл- адамдар мен жануарлар дүнйесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейбірекетсіздікке ұшыратады. Эмоция адам есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі де бізде қандайда бір сезім туғызады. Сезіммен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім дудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегіқозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу

жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі-эмоция-жан-дүниесініңжандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз- адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық туатын күйлер.
Қолданылған әдебиеттер:

1.Намазбаев Ж.И «Жалпы психология»
2. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология»
3. Алдамұратов Ә. «Жалпы психология»
4. Сәбет Бап-Баба «Жантану негіздері »
5. Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері»

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе: Сезім мен эмоция туралы түсінік
Негізгі бөлім: а Эмоцияны теорилық тұрғыдан шолу
б Сезім білдіру
в Сезімнің түрлері
г Жоғарғы сезімдер
Қорытынды: Сезім мен эмоция мәселесі

Адам қабылдағанына, істеген ісіне,ойлағанына, арманына немқұрайлы
қарамайды.Заттардың, адамдардың,әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді
қуантса,екінші бірі мұңайтады, ал үшінші бірі ашу шақырып, зығырданыңды
қайнайтын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып қорқынышты сезінеміз,
жауды мұқатытп жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен
шаттыққа кеңелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре,
еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан
кешіреді.
Өзінің танып- білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін-
сезім немесе эмоция деп атайды.
Адам сезімінің қайнар бұлағы- бізді қоршаған болмыс, объективті шындық.
Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы не
қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде психологиялық
әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір
мағынада қолданылады. Егер бұл ұғымдардың мәнін жекелеп талдап көретін
болсақ онда екуінің арасында елеулі айырмашылық бар екенін аңғарамыз.
Сонымен, сезім дегеніміз не?
Сезім-адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен
құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін
психикалық прцесс.
Сезімнің психикалық прцесс екндігін білдіретін тағы бір ерекшелігі-
оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк
беріп тұратындығы. Көніл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды.
Мысалы, жыртқыш аңдардар туралы әнгімелерден шошынған бала, ешнәрседен
үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға немесе
сол жыртқыш аңға ұқсатуы мүмкін.Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың
пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-
мәдени қажеттілікдерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты.
Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол
көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа
мерзімді уақытша көрініс.
Эмоция ұғымының төркіні-емовера латын сөзінен, эмоцион дейтін
француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні- тітіркену,толқу. Эмоция- жан
дүниесінің сыртқы және ішкі салдарынан ызалану, қаhарлану, қорқу мен
шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Бұл- адамдар мен жануарлар
дүнйесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге
шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып,
іс-әрекетін бейбірекетсіздікке ұшыратады. Эмоция адам есімен де тығыз
байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен
қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі де бізде
қандайда бір сезім туғызады. Сезіммен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-
күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не
теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім дудырады. Стеникалық
сезім жүйке жүйесіндегіқозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу

жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және
оның қысқа мерзімді айқын көрінісі-эмоция-жан-дүниесініңжанда нуы мен
тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен,
эмоция дегеніміз- адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не
қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық туатын күйлер.

Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды
өмірінің мәнә әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет
үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бақылаушы қатынасты анықтайды. Өнер
туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын
ойлардың нәтижесіндеөзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса
адамдардың қарым-қатынастарын мреттеуші ретіндекөрінгендіктен, психологияда
эмоцияларға психолгтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем
психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.
Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен
клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның
барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді.Адамдардың эмоцияларының
негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені
өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер
мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың
айналасындағы ақиқатқа және адамдарға нақты эмоционалды қатынасты
қалыптастыруды болжайды.
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретіндеемес, тұлғның бүтіндей
қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырады. Автордың ойынша эмоционалды
құбылыстың құрылымы бір жағынан қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші
жағынан- эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.
Эмоциялардың теориялық мәселелеріне Л.С.Выготский көп көніл бөлген.
Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен
байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар
ағзаның енжар күйі емес оны белсенділікке ынталандырып, оны қоршаған
ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді.
П.Я. Якобсон өз уақытында сезімдер, көңіл-күй, аффектілер мен
эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды.
Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналған эмоционалды
қатынас сезімі ең негізгі сыңары болып табылады.
А.Г.Ковалев сезімдерге жеке тұлғаның нақты заттық бағдарға ие тұрақты
қатынастарын, яғни махаббат және жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім-
тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция- сезімнің көрінетін үрдісі.
Сонымен, сезімдер-нақты жағдайлардың жалпылану нәтижесі ретінде онтогенезде
қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.
Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және
жіктеліп дамудың ұзақ жолынан өтеді. Адамның эмоционалды аймағында
төмендігідей негізгі жағымды өзгерістер болады:
жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы;
жаманға мойынсынбауы;
қоршаған өмірдің құбылыстарының кең шеңберіне дауыс беру іскерлігі
сияқты эмоционалды қабілеттіліктің өсуі.
Эмоциялардың дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы,
оның қоршаған адамдармен өзара қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық
құндылықтары мен талаптарды меңгеруіне байланысты.

А.Н. Леонтьева, Л.И. Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық
мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының
пайда болуымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен авторлар
өздерінің зерттеулерінде мінез-құлықтың жаңа мотивтерінің қаклыптасуы
барысындабаланың эмоционалды көріністерінің сипаты біршама өзгереді дегн
қорытындыға келді
Я. Рейковский эмоциялар адамның әрекеттерін реттейді деп есептейді,
яғни эмоционалды үрдістердің дұрыс жүрмеуі- психикалық ауытқуладың
бастамасы болып табылады.
Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айқанда, ойлаумен, еспен,
қабылдаумен , қиялмен тығыз байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды
компоненттерді камтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды және эмоционалды
аймақты бөліп қарастыруда.
О.К. Тихомирова ойлау іс-әрекетн дәл эмоциялар реттейді деп
есептеген. Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында
пайда болатын эмоциялардың пайда болу жағдайларын және қызметтерін шешуді
ұсынған.
Эмоциялар мен сезімдер адамның сырт пішінінен жақсы байқалады: олар
адамның мінез- құлқына және жағдайына, сондай-ақ ішкі органдарының жұмысына
да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректің қатты соққаның, қан тамыры
соғуының жылдамдауын басымыздан өткіземіз, біздің дем алуымыз қиындайды,
қол-аяғымыз дірілдей бастайды, кейде адамның ыстығы көтеріліп кетеді;
керсінше де болуы мүмкін: маңдайдан суық тер шығады, қалшылдай бастайды,
көзден жас ағады. Сезім кісінің бет-әлпетінен де, мимикасынан да көрінеді.
Халықтың қанатты сөздерінде Адам жүзі- жанның айнасы, деп босқа
айтылмаған. Біздің бетіміздің бұлшық еттері өте қозғалмалы, ол адамның ішкі
көңіл-күйіне тәуелді болғандықтан неше түрлі құбылады.
Эмоцияны басқаларынан гөрі толығырақ бере алатын- біздің сөзіміз. Сөз
тек ойды ғана білдіріп қоймай, сондай-ақ сүйіспеншіліктен бастап жек
көрушілікке дейінгі, үрейленуден бастап жеңіс қуанышына дейінгі әр алуан
сезімді білдіреді. Эмоцияны әсіресе айқын білдіретін- поэтикалық сөздер Сөз
ырғағы да үлкен рөл атқарады. Бір сөздің өзі айтылуына қарай не қуанышты,
не қайғыны, не ашуды білдіруі мүмкін. Бейтаныс шет ел тілін тындай отырып,
оны сөлеп тұрған адамның қандай көңіл-күйде екенін ажырату қиын емес.
Сезімді білдіруде өнердің, әсіресе музыканың үлкен мүмкіншіліктері
бар. Сөзге қарағанда музыка тыңдаушыларының көңіл-күйін ауызекі айтып
жеткізуге өте қиын терең сезімге бөлей алады.
Сезім сырттай көрінуі арқасында басқаларға оңай көшеді. Шынында да,
жылап тұрған адамды көргенде, тіпті көбіне оның қайғысының себебін білмесек
те біз мұңайып қаламыз. Кесінше, көңілді, шат адамды көргенде- біздің көңіл
–күйіміз көтеріледі.
Хайуанаттарда да эмоция бар, бірақ олардың эмоциясы қарапайым келеді.
Хайуанаттар эмоциясының сырт көрінісі дыбыс және қыймыл, қозғалыс арқылы
беріледі. Егер байлаулы иттің алдында оның иесі мен бірге
бөтен адам тұрса, онда ит біреуіне қынсылап аяғына оралса, ал екіншісіне
айбат шегіп үреді. Маймылдың адам күлкісі мен жылағанына ұқсас мимикасында
байқауға болады. Чарльз Дарвин маймыл мен адам эмоциясының сырттай
көрінуінен көптеген ұқсастықтар тапқан.
Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністерді ми қыртысы астындағы
орталықтардың нервтік қозуынан және вегативтік нерв жүйесінде жүріп жатқан
физиологиялық процестерден болатынын көрсетеді. Сол сияқты, ми қыртысы
астының өзі де үлкен ми сыңарлары қыртысына күш беруші ретінде оған жағымды
әсер етеді. Эмоциялық процестер адам организмінде, лның тыныс алу, ас
қорыту мүшелерінде, жүрек-тамыр қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады.
Эмоция лық күй кезінде тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді, көз қарашығы
үлкейеді, терлеу, бозару, қызару байқалады, жүрек, өкпе, орталық нерв
жүйесіне қарай қанның ағысы күшейеді. Әр түрлі көңіл күйлері вегативтік
нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі арқылы қозатын ішкі мүшелердің өзіндік
өзгерістерімен қосарланады.
Эмоцияларда және әсіресе сезімдерде жетекші рольді адамның үлкен ми
сыңарларының қыртысы атқарады. И.П. Павлов ми қыртысының эмоция мен
сезімдердің барысы мен көрінісін реттеп, денеде болып жататын барлық
құбылыстарды қадағалап отыратынын көрсетіп берді. Қыртыс ми қыртысы
астындағы орталықтарға тежеу әсерін тигізеді, оларды басқарады.
И.П. Павловтың күрделі сезімдердің пайда болуын ми қыртысының
қызметімен байланыстра қарады. Байланыстар жүйесінің сақталуы немесе
бұзылуы шындыққа деген субъективтік қатынасты өзгертеді. Динамикалық
стереотиптің жаслуы мен сақталуы кезінде болатын ми сыңарларының нервтік
процестерін жағымды, жағымсыз түрдегі екі негізгі категорияда және орасан
зор үдемелі сатыда кездесетін кәдімгі сезімдер деп ойлауымыз керек - деп
көрсетті Павлов.
Динамиткалық стереотиптердің сақталуы немесе бұзылуына сәйкес адам
жеңілдікті немесе қиындықты, ризашылықты немесе өкінішті, серігу немесе
шаршауды бастан өткереді.
Элкетрофизиологиялық зерттеулер эмоциялық күйлер үшін нерв жүйесінің
айрықша құрылымдарының орасан зор маңызы болатынын көрсетіп отыр. Эмоциялық
күйге келу мен қоршаған жағдайда эмоциялық бағдар жасау негізінен алғанда
таламаус, гипоталамус, лимбика жүйесінің қызметтерімен анықталады. Арнайы
тәжірибелер онда рахат және қасірет орталықтары деп аталатын жағымды
және жағымсыз эмоциялардың орталықтары болатынын тапты. Рахат және
қасірет орталықтары болатындығының ашылуы дамудың жоғарғы сатысындағы
жануарлар мен адамның өмірінде эмоцияның орасан зор ролі болатындығын
көрсетіп берді.
Ретикуляр (немесе тор түстес) формациясы қызметін жүргізілген ең
жаңа зерттеулер ми қыртысы асты орталықтарының адамның эмоциялық өмірінің
белсенділігін арттыратынын ашты. Қозу рецептордан тиісті талдағыш
орналасқан жрге арнайы жолмен баратындығы белгілі. Электрофизиологиялық
зерттеулер екінші бір жолдың болатынын көрсетіп отыр. Оған түрлі сезім
мүшелерінің нервтік стимулдары келеді. Онда өндеуден өткен соң сигналдар
үлкен ми сыңарларына жіберіледі. Энергия жинақтағыш міндетін атқара отырып,
ретикуляр формациясы ми белседілігін төмендеду мен арттыру тітіркендіргішке
деген жауапты күшейту, әлсірету және тежеуге қабілетті. Адамның эмоциялық
сергектігі, оның эмоциялық реакциялары мен көрсеткіштері негізінен алғанда
ретикуляр формациясының күйіне тәуелді болып келеді.
Сезімнің өзіндік психикалық прцесс ретіндегі ерекшеліктерін,
негізіне, қарама- қарсы сипатта болатынынан айқын аңғарамыз. Сезім
ерекшеліктерінің бірі- оның полярлығында, яғни біріне- бірінің қарама-
қарсылығында. Мысалы, шаттық сезімі үшін- мұң, сүйсінуге- күйселу,
сүйіспеншілікке- көре алмаушылық, қорқынышқа- өжеттік тағыда басқа полярлық
сезім болады.Субъективті толғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа
бөлінеді: тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандырып, рахатқа бөлеуші
жағымдысезімдер; тіршілік қажеттіліктерінің орындадалмауынан қанағаттанбау
кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдер. Орындалып жатқан адам
қажеттіліктерінің деңгейіне орай сезімдер қарапайым және күрделі келеді.
Қарапайымдары – ашу, қорқыныш, уайым, қызғаныш, күндеушілік; ал күрделілері-
моральдық, эстетикалық, отан сүйгіштік.
Көріну әлпетіне орай барша эмоционалдық қалыптар келесідей түрлерге
жіктеледі: көңіл- күй, кйіп, эмоция, аффект, стресс, фрустрация, құмарлық,
жоғрғы сезімдер.
Көңіл (чувственный тон)- субъектіге қандай да эмоционалды реңкті
сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше сигналдық
түрі: кейбір түр- түс, дыбыстар, иістер өздерінің негізгі мәніне
байланыссыз біздің есімізге түсуден жағымды және жағымсыз сезімдер
тудырады. Мысалы, жақсы ән, тәтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін.
Мұның бәрі біздің сол сәттегі көңілімізге бйланысты. Егер көңіл тұрақты
жйіркенушілікпен ұнасса, Бұл идиосинкразия сырқатының белгісі.
Көңілде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың жиі кездесетін
пайдалы не зиянды тараптарының жалпыланған бейнесі қалыптасады. Осының
арқасында көңіл күтілген әсер жөнінде оны бұрынғы естегі ақпараттармен
салыстырып отырмастан, күні ілгері шалт шешім қабылдауға көмегін тйгізеді.
Көңіл көбіне субъектив сипатқа ие: қызықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезім мен эмоция жайлы
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Эмоцияның пайда болуы, дамуы, сипаттамасы
Сезім және эмоция
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Эмоцияның және сезімнің психофизиологиясы
Сезім және эмоция жайлы
Эмоция ұғымына жалпы түсінік
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Пәндер