Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі



ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.ТАРАУ. БАЙЫРҒЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ДҮНИЕ ЭКОНОМИКАСЫНА ЕТКЕН ЫҚПАЛЫ
1.1. Байырғы Жібек жолының желісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Байырғы Жібек жолының Қытай мен дүние экономикасына еткен ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Байырғы жібек жолының біртіндеп құлдырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

2.ТАРАУ. ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІ ЖӨНІНДЕГІ КӨЗҚАРАСТЫ ОРТАҒА ҚОЮДЫҢ АРТҚЫ КӨРІНІСТЕРІ
2.1. Бірінші көрініс: Жаһандануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Екінші көрініс: Қытайдың 30 жылдан астам реформа жүргізіп есік ашуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Үшінші көрініс: Қытай мен Әлемдік экономиканың қарым.қатынасы ... ... 22

3.ТАРАУ. ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІНІҢ НАҚТЫ МАЗМҰНЫ
3.1. Саяси мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.2. Экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

4.ТАРАУ. ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУДІҢ
РЕАЛДЫҚ МАЗМҰНЫ
4.1. Әлем экономикасының дамуына болған реалдық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
4.2. Қытайдың экономикасына болған реалдық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
4.3. Жібек жолы экономикалық белдеуді құруға қатысудағы Қазақстанның ынтымақтастық ауқымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
4.4. Жібек жолы экономикалық белдеуді құруға қатысудағы Қазақстанның болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 61
Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Бұл сауда орындарының – базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір-біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды. Чжан Цианның жасаған саяхаты нәтижесінде б. з. б. 2 ғасырда ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атау тек 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы Ферделнад Пауль Вильгельмфон Рихтгофен қалыптастырды.
2013 жылы 7 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасы Назарбаев Университетіндегі лекциясында: “Еуразия әр елдерімен болған экономикалық байланысты оданда тығыз, өзара ынтымақтастық оданда терең, даму кеңістігін оданда кең болуы үшін, біз жаңаша түрдегі ынтымақтастық формасын қолдану арқылы, Жібек жолы экономикалық белдеуді ортақ құруымызға болады.” – деп атап көрсетіп, тұңғыш рет Еуразия құрлығын кесіп өтетін “Жібек жолы экономикалық белдеу” жөніндегі көз қарасын ортаға қойды. Жібек жолы экономикалық белдеудің қазіргі кезеңдік жағдайынан алып қарасақ, ол Қытайдан Батыс Азияға дейінгі әр мемлекеттердің арасында қалыптасқан экономикалық ынтымақтастық аймағы. Негізінен байырғы Жібек жолының көлемінде болып, оның ішінде Қытайдың Батыс-Солтүстік Шанши, Гансу, Шиньхай, Ниншия, Шыңжаң бес өлке аймағын және Батыс-Оңтүстік Чончин, Сишуан, Юннан, Гуанси төрт өлке аймағын қамтиды. Жібек жолы экономикалық белдеудің мәнісі, ол Қытайдың Еуразия ішкі құрлығына қаратып ашқан жаңа стратегиясын ұйғаруы болып табылады. Осы өңірдің жерасты байлық-қайнары өте мол, Жібек жолы экономикалық белдеуді құру, әлемдік экономикаға және Қытайдың есік ашуына маңызды ықпалын тигізеді.
1. Бай Юншию, «Жібек жолында еркін сауда аймағын құруға болады», Сан Цинь газеті, 丝绸之路可以建立自贸区,三秦都市报, 24.12.2013
2. Бай Юншию, У Хан, «Қытай экономикасының өсу қарқынының өзгерісі және оған қатысты шаралар», Экономика ілімі журналы, 中国经济增长速度的演变趋势及相关对策,经济学动态, 2013 ж. -8 бет.
3. “Беларуссия президенті Қытайда тұратын үш мемлекеттің елшісімен жібек жолы экономикалық белдеуге қатысты талқы жүргізді”, Қытай хабар агентігі http://news.china.com.cn/world/2014-02/26/content_31607342.htm
4. Ван Да Фан, «Сахара жібек жолы жөнінде», ғылыми алғы шебі журналы, 草原丝绸之路,科学前沿杂志, 2005 ж. №9, - 45 бет.
5. Bai Yongqiu, «Алдыңғы реформа дәуірінен постреформа дәуіріне», Xinhua wenzhai (新华文摘). -Бейжің, 2010 ж. 15-сан, - 23 бет.
6. Ду Ду. Ди Ан, Қытай және теңіз үсті жібек жолы, Фу Цзян, Халық баспасы, 中国与海上丝绸之路,福建人民出版社,1994 ж. -10 бет.
7. «Дэн Сяопин таңдамалылар» (邓小平文选), Бейжиң, 3-том, -56 бет.
8. E.Huyghe, F.B.Huyghe, Қытай тіліне аударған Гэ Шэн, Сағымдағы империя жібек жолындағы адамдар және аңыздар, Қашқар ұйғұр баспасы, - 41 бет.
9. Жау Шанцинь, «Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы және оның келешектегі даму ауқымы», Ресей Орталық Азия Шығыс Еуропа нарық журналы, 2010ж. -1 сан, -41 бет/ “Қазақстанның 2010-2013 жылдарындағы экономикалық жағдайы, Ministry of Commerce of the People’s Republic of China, http://www.mofcom.gov.cn/article/i/dxfw/jlyd/201311/20131100403327.shtml
10. Жәнібек Кәрібжанов, Нәбижан Мұхаметқанұлы, Қытайдың сыртқы саясаты және Қазақстанмен қатынасы, Қазақ университеті баспасы, Алматы, 2013ж. - 49 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1-ТАРАУ. БАЙЫРҒЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ДҮНИЕ ЭКОНОМИКАСЫНА ЕТКЕН ЫҚПАЛЫ
1.1. Байырғы Жібек жолының желісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Байырғы Жібек жолының Қытай мен дүние экономикасына еткен ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3. Байырғы жібек жолының біртіндеп құлдырауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 15

2-ТАРАУ. ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІ ЖӨНІНДЕГІ КӨЗҚАРАСТЫ ОРТАҒА ҚОЮДЫҢ АРТҚЫ КӨРІНІСТЕРІ
2.1. Бірінші көрініс: Жаһандануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Екінші көрініс: Қытайдың 30 жылдан астам реформа жүргізіп есік ашуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3. Үшінші көрініс: Қытай мен Әлемдік экономиканың қарым-қатынасы ... ... 22

3-ТАРАУ. ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІНІҢ НАҚТЫ МАЗМҰНЫ
3.1. Саяси мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.2. Экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

4-ТАРАУ. ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУДІҢ
РЕАЛДЫҚ МАЗМҰНЫ
4.1. Әлем экономикасының дамуына болған реалдық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
4.2. Қытайдың экономикасына болған реалдық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
4.3. Жібек жолы экономикалық белдеуді құруға қатысудағы Қазақстанның ынтымақтастық ауқымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
4.4. Жібек жолы экономикалық белдеуді құруға қатысудағы Қазақстанның болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 61


ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ҚХР - Қытай Халық Республикасы.
АҚШ - Америка Құрама Штаттары.
ҚКП - Қытай Коммунистік Партиясы.
ҚКП ОК - Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті.
GDP - General Demand Product (Жалпы Ішкі Өнім).
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы.
СССР - Союз Советских Социалистических Республик (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы).
TAPI программасы - Түркіменстан, Ауғаныстан, Пәкістан мен Үндістанның газ құбыры.
CASA-1000 программасы - Орталық Азия - Оңтүстік Азия электр энеригиясы.

КІРІСПЕ
Адамдар өте ерте кезден-ақ бір-бірімен сауда жасасқан. Бұл сауда орындарының - базардың, жәрмеңкенің, сонымен қатар ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-біріне жалғаған сауда жолдарының пайда болуына себепші болды. Жолдар бір-біріне қосылып, батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке қарай көршілес жатқан жерлердің бірінен соң біріне жылжи отырып созыла берді. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы пайда болды. Чжан Цианның жасаған саяхаты нәтижесінде б. з. б. 2 ғасырда ашылды. Ұлы Жібек жолы деген атау тек 1877 жылы пайда болды. Оны неміс географы Ферделнад Пауль Вильгельмфон Рихтгофен қалыптастырды.
2013 жылы 7 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасы Назарбаев Университетіндегі лекциясында: "Еуразия әр елдерімен болған экономикалық байланысты оданда тығыз, өзара ынтымақтастық оданда терең, даму кеңістігін оданда кең болуы үшін, біз жаңаша түрдегі ынтымақтастық формасын қолдану арқылы, Жібек жолы экономикалық белдеуді ортақ құруымызға болады." - деп атап көрсетіп, тұңғыш рет Еуразия құрлығын кесіп өтетін "Жібек жолы экономикалық белдеу" жөніндегі көз қарасын ортаға қойды. Жібек жолы экономикалық белдеудің қазіргі кезеңдік жағдайынан алып қарасақ, ол Қытайдан Батыс Азияға дейінгі әр мемлекеттердің арасында қалыптасқан экономикалық ынтымақтастық аймағы. Негізінен байырғы Жібек жолының көлемінде болып, оның ішінде Қытайдың Батыс-Солтүстік Шанши, Гансу, Шиньхай, Ниншия, Шыңжаң бес өлке аймағын және Батыс-Оңтүстік Чончин, Сишуан, Юннан, Гуанси төрт өлке аймағын қамтиды. Жібек жолы экономикалық белдеудің мәнісі, ол Қытайдың Еуразия ішкі құрлығына қаратып ашқан жаңа стратегиясын ұйғаруы болып табылады. Осы өңірдің жерасты байлық-қайнары өте мол, Жібек жолы экономикалық белдеуді құру, әлемдік экономикаға және Қытайдың есік ашуына маңызды ықпалын тигізеді.
Жібек жолы экономикалық белдеудің жалпы жан саны 3 миллиард шамасында, нарықтың құрылымы мен оның көмескі күші теңдессіз, Жібек жолы экономикалық белдеуін қайта жандандырудың өзі Қытай мен Орталық Азия әр мемлекетіне жаңаша ынтымақтастық кеңістігін ашты. Қытай мемлекеті "жаңа Жібек жолының" негізінде, жаңаша экономикалық өсу шегін қалыптастыруы, өндірістік салаларды енгізуі жан санын шоғырландыруы, бұлардың барлыығы Қытайдың Батыс өңірін тез дамытады. Жібек жолы "жол қатынас авто дәлізінен" "экономикалық даму белдеуге" айналуы, Батыс өңірді дамыту стратегиясынан кейінгі, Қытайдың Батыс өңірінің аймақтық экономикасын жетектеп және өндірістік саласына жаңа даму формасын енгізетін жаңаша түрдегі "өсу шегі" болып қалыптасты. Жібек жолы экономикалық белдеуін құруда, жол қатынас торабын, құрылыстың жүргізу түйіні ете отырып, жол бойындағы жол қатынастардың негізгі құрылғылармен өзекті қалаларына сүйене отырып, аймақ ішіндегі сауда экономикамен өндірістік салаларына оңтайландыруды жүргізу арқылы аймақтық экономиканы нығайтып, ең соңында аймақтық экономика мен қоғамның ортақ дамуын қалыптастырып, Қытайдың сыртқа есікті ашудың ұстау тәсілінің өзгеруін нығайту.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қытайдың Жібек жолы экономикалық белдеуді құру жөніндегі стратегиялық идеясын ортаға қойғаннан кейін, Батыс өңір экономикасының дамуына мыңда-бір кезігетін орай жаратуымен бірге, сондай-ақ міндетті түрде қарастыруға тиісті бірнеше мәселелерде анық байқала бастады. Мысалы: Орталық Азия әр мемлекеттердің қазіргі даму жағдайы мен ұзақ мерзімді экономикалық даму ауқымының бейнелегі не; Жібек жолы экономикалық белдеуі ол әр аймақты интеграцияландырудағы стратегиялық идея, қайткен жағдайда Жібек жолы экономикалық белдеудегі әр мемлекетпен Қытай арасындағы нарықты интеграцияландыруды, өндіріс саласын интеграцияландыруды, негізгі құрылғыларды интеграцияландыруды қалыптастыруға болады; Орталық Азия әр мемлекеттердің экономикаларының даму формасы қандай, ондай форма Қытаймен болған байланысы және айырмашылығы қандай; Қытайдың ішіндегі аймақтар Жібек жолы экономикалық белдеуін құруға қалай кіріседі, қайткенде Жібек жолы экономикалық белдеуін құруды пайдаланып, жаңа кезеңдік Батыс өңірінің экономикасының дамуын ілгерлете алады? Міне, бұлардың барлығын маңызды зерттеу нысаны ете отырып мұқият түрде зерттелетін мәселелер болып табылады.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы ҚХР-дың жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуін құруының стратегиясы жөнінде. Бұл тақырыпты алу себебім, ерте заманнан бері жалғасып келе жатқан Ұлы Жібек Жолы, яғни байырғы Жібек жолының таралу желісі мен тарихын негіз ете отырып, жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуге зерттеу жасау. Өйткені, байырғы Жібек жолынан туындаған аймақтық экономика бүгінгі әлемдік экономиканың негізі болып табылады, экономиканың жаһандануы аймақтық экономиканың дамуымен тығыз байланысты. Ал бүгінгі таңда жарыққа шыққан ірі елдердің жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі жөніндегі стратегиялары осы аймақтық экономикаға болған ықпалыда күн сайын ауырлап барады. Құрлық Жібек жолындағы мемлекеттердің осындай жүйелі және алып стратегиялық құрылысқа дайындығы қандай, ірі елдердің Орталық Азия мемлекеттерінің келешектегі стратегияларының даму кеңістігі, даму ауқымы, әсіресе Қытайдың келешектегі стратегиялық идеясы, нысаны, бағыты туралы, онымен қатар Қазақстанның Жібек жолы экономикалық белдеуді құру барысындағы ауқымы және оның болашағы аймақтық экономикаға маңыздылығы бар екенін байқадым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қытай Халық Республикасының жаңа Жібек жолы экономикалық белдуінің даму стратегияларын зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай мәселелерді шешу қарастырылады:
- Байырғы Жібек жолының тарихы, таралу желісі, рөлі, Қытайдың өзіне және әлемнің дамуына болған ықпалы, оның құлдырау себептерін қарастыру;
- Қытай экономикасының жаһандануы, Жібек жолы экономика-лық белдеуіне түрткі болған Қытайдың реформа жүргізіп есік ашу саясаты, Қытайдың Батыс өңірін дамыту саясатын қарастырып, сондай-ақ XXI ғасырдан басталған Қытай мен әлем экономикасының қарым-қатынасына талдау жасау;
- Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеудің саяси және экономи-калық мазмұны, ірі елдердің Жібек жолы бойындағы Орталық Азия өңіріне жасаған саясатынан туындаған экномикалық мазмұнын қарастыру;
- Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуді құру алды-артында әлем экономикасы мен Қытай экономикасына болған реалдық мәні және Қазақстанның Жібек жолы экономикалық белдеуді құруға қатысудағы даму ауқымы мен болашағын зерттеу;
Зерттеу объектісі ретінде, Қытай 2013 жылында бүкіл әлемге "Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуді ортақ құру" стратегиялық идеясын ортаға қойғаннан кейін ір елдердің көз-қарасы, оның айналасындағы мемлекеттерге болған ықпалы, мысалы: Орталық Азиядағы Қазақстан Республикасына еткен ықпалы, онымен қатар, ірі елдердің Орталық Азия өңіріндегі бәсекелерінің туылу себептері мен нәтижесі және Жібек жолы экономикалық белдеуге еткен ықпалы. Сондай-ақ бұл жөнінде түрткі болып отырған Қытайдың бірнеше кезеңдік саясаттары және стратегиялары қамтылады. Мысалы: 1980 жылдардан басталған Дэн Сяопиньнің реформа жүргізіп есік ашу саясаты; 1998 жылдан басталған Цзянь Цземинның Батысты дамыту саясаты; 2013 жылғы Си Цзинпиньнің жаңа жібек жолы экономикалық белдеуді ортақ құру стратегиялық идеясы диплом жұмысына алынып отыр.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде, байырғы Жібек жолының тарихы мен даму желісі, бұл қазіргі заманғы жаңа Жібек жолы экономикалық белдеудің даму негізі болып табылады. Өткен тарихқа негізделіп, жаңа Жібек жолын зерттеуде маңызы бар. Онымен қатар, 1980 жылдардан басталған Дэн Сяопиньнің реформа жүргізіп есік ашу саясаты; 1998 жылдан басталған Цзянь Цземинның Батысты дамыту саясаты; 2013 жылғы Си Цзинпиньнің жаңа жібек жолы экономикалық белдеуді ортақ құру стратегиялық идеясы диплом жұмысына алынып отыр.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі қысқартылған сөздер тізімінен, кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және глоссарий тізімінен, пайдаланылған әдебиеттерден, барлығы 63 бетті құрайды.



1-ТАРАУ. БАЙЫРҒЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ДҮНИЕ ЭКОНОМИКАСЫНА ЕТКЕН ЫҚПАЛЫ
1.1. Байырғы Жібек жолының желісі
Немістің география ғалымы Ферделнад Пауль Вильгельмфон Рихтгофен өзінің Қытай: менің саяхатым және үйренісімнен результат 1877-1911ж. атты шығармасында, тұңғыш рет Жібек жолы (丝绸之路) деген атаумен Қытайдың батыс бөлігінен Еуропаға дейінгі сауда жолын сипаттап өтті, бұл атау бүгінге дейін кеңінен қолдануда.
Байырғы Жібек жолын қытайлар белсенді түрде ашқан, уақыты Б.з.б II ғасыр батыс Хан патшалық (西汉王朝) кезіндегі Қытай елшісі Чжан Циян (张骞) батысқа сапарын белгі деп есептелінеді. V ғасыр шамасында, Хэ Си кoридорын (河西走廊) ашумен бірге, Қытай мен батыстың сауда қатынастарын ілгерлетті, батыс аймақтар, мысалы: Пішән (鄯善), Куча (龟兹) қатарлы мемлекетерде арт-артынан осы уақытта пайда болды. Ал осы уақыттағы еуропа елдерде әлде қашан Seres (赛里斯) деген атаумен жібекті мол өндіретін Қытай мемлекетін атаған. (Seres, Қытай тіліндегі 丝 иеороглифінен дыбыстық аудармадан Ser пайда болады).
Байырғы Жібек жолы дегеніміз -- Орталық азияны, Памир үстіртін басып өтіп, ең соңында батыс Еуропаға барып тоқталатын сауда жолы болып табылады. солтүстікке қарай бет алса, солтүстік жолы; оңтүстікке қарай бет алса, оңтүстік жолы болады. Б.з.д 139 жылында, Чжан Циан(张骞) тұңғыш рет батысқа сапарын бастап, соңында Лоулань (楼兰), Куча (龟兹), Хотан (于阗) жерлеріне жетті, тіпті оның көмекшісіде Парфян мемлекеті (安息国), Шинь дук мемлекеті (深毒国Shinduk) сияқты жерлергеде жетті. Жібек жолы тек Қытайдың шығысы мен батысын байланыстыратын мемлекеттік жолы емес, ол жалпы байырғы Қытай мен шетелдің экономикасы мен мәдениетін өзара алмастыратын халықаралық жол. Оның ішінде, құрлық Жібек жолы, сахара Жібек жолы, теңіз үсті Жібек жолы болып қамтылады.
Құрлық Жібек жолы дегеніміз -- Еуразияның солтүстік бөлігіндегі сауда жолы. Оңтүстіктегі Аншикалық шәй карридорымен (茶马古道) салыстырмалы ретінде, батыс хан дәуіріндегі Чжан Циянның Чаньаньды (长安) бастама етіп және шығыс Хан дәуіріндегі Бан Чаодің (班超) батысқа сапарында Лоянді (洛阳) бастама етіп жол ашқан, орта жазық, Гуанжұң өңірі, Хэ Си карридоры, Тарым ойпатын басып өтіп, Сыр дария мен Әму дария (乌浒河) арасындағы орта азия дария аймақтары, ұлы Йран, жер орта теңізіндегі әр бір мемлекетерді тұтастыратын даңғыл жолы болып табылады.
Сахара Жібек жолы дегеніміз -- Байырғы қытайдың орта жазық өңірінен солтүстікке қарай, ұлы қорғанды басып өтіп, терістік өңірге құйылып, содан кейін моңғол үстіртін, оңтүстік ресей саһараны, орта батыс азияның солтүстігін басып өтіп, еуропа құрлығына қарай жүретін құрлықтағы сауда жолы болып табылады. Оның ішіндегі ең маңызды қалалар отырар, тараз, токмақ болды. Саһара жібек жолы, батыс хан (西汉) кезінде, жетісу өңіріндегі үйсүнен монғол үстіртінге дейінгі жерді басып өткен дерегі болған, Таң патшалық дәуіріндегі Орхон ұйғұр жолы (回纥道) және ұйғұр жолы (回鹘路), орта жазықтан солтүстікке қарай Янь-Инь (阴山+阳山) тауының оңтүстігіндегі Шуо Фан Чжунь ауданы (朔方郡), У Юань Чжунь ауданы (五原郡), Июнь Чжун Чжунь ауданы (云中郡), Динь Сянь Чжунь ауданы (定襄郡), Янь Мэнь Чжунь аудандағы (雁门郡) Хэнань өңіріндегі сол уақытта Жаңа Цинь ортасы (新秦中之外) деп атайтын терістік жерін басып өтіп, моңғол үстіртіне құйылып, орталық азия солтүстік бөлігін, оңтүстік ресей саһарасын басып өтіп батысқа тартып еуропа құрлығына дейінгі құрлықтағы сауда жолы саһара жібек жолы болып табылады.
Теңіз үстіндегі Жібек жолы дегеніміз -- Бұл құрлық Жібек жолының созылуы, оның басталу жері Қытайдың Фуцзянь (福建) өлкесінің Цюаньчжоу (泉州) қаласы. Оның қалыптасуының негізгі себебі: Қытайдың оңтүстік шығыс теңіз жағалауыда таулар көп, жазық жер аз, ішкі қарым-қатынасымен оңай болмағандықтан, ежелден бері көптеген адамдар белсенді түрде теңіз үстіндегі сауда жолын дамытып, және құрлықты жолда жер бедерінің ықпалынан, батысқа баратын жолда көптеген адамзаттың қоныстануына лайық келмейтін жерлерді басып өтеді. Бірақ Қытайдың шығыс жағасындағы жаз бен қыс мезгілінде маусымдық желі теңіз кемелеріне көмек беретіндіктен, теңіз жолынан еуропа құрлығына жетуге көптеген қолайлылық арттырды. Әсіресе екі Сун (两宋) жылдарында көшпенді ұлттар солтүстік Қытай өңірін иемденіп алып, құрлық жібек жолы тартылып қалуынан, теңіз үстіндегі жібек жолы тіптіде көркейді.
Байырғы Жібек жолының негізгі рөлі, Қытай мен шетелдің тауарын, мәдениетін, дінін өзара алмастыруды нығайту.

Тауар алмастыру рөлі
Жібек жолының атындай, осы 7000 километр үзындықтағы сауда жолында, жібекті және Қытайда өндірілген фарфор немесе шыны-ыдыс сияқты, сол кездегі Қытайдың көркейген мәдениетінің белгісі етіп есептейді. Ежелгі заманда, кеңнен таралған жібек тек осы сауда жолындағы маңызды әсемқойлық тұтыну бұйымдары болып қалмастан, әрі көптеген замандар бойы орта жазық патшалықтарының ұтымды саяси құралы болып, Қытайдың досық елшілері батыс өңірге, тіпті оданда шалғайдағы елдерге сапарлай барған кезде, көбінде жібекті екі елдің достық байланысын білдірудегі ең ұтымды сауғасы болып табылады Және жібектің батысқа таралуы азда болса, батыс елдердің Қытайға деген көз қарасын өзгертті, батыстағы Канстантинопольға таралған жібекпен шынының бағасы өте жоғары болғандықтан, көптеген адамдар Қытайды немесе шығыс азиядағы басқа елдерді зат өнімдері мол, бай деп есептеді. Тіпті кейбір батыс елдеріндегі ел басшысы мен ақ сүйектері де жібектен жасалған киімдермен киінуді, шыны, фарфор бұйымдарын қолдануды абыройлы деп қарады. Бұдан басқа, Ауғанстанның Лазурит тасыда (青金石) сауда керуенімен үздіксіз еуропаның әр-бір жеріне құйылды. Осы ерте сауда бұйымдарының Еуразия үлкен құрлығында кеңнен таралуы Еуразияның сауда алмастыруын нығайтуына үлкен ұлесін қосқан. Осы құнды тауарлар Месопотания (两河流域) бойындағы әр елдің байлық символы болған. Лазурит тасы (青金石) Үндістанға таралғанан кейін, сол жердегі буддистердің табынатын жеті түрлі қасиетті асыл заттың біріне айналды, Лазурит тасына (青金石) бір тұрлі діндік қасиеті бар бір беті пайда болды. Ал, жүзім, жаңғақ, сәбіз, қара бұршақ, шыпинат, қияр, анар сияқты жеміс-жидектердің таралуы, шығыс азиядағы адамдардың күнделікті тағамдарына көптеген талғау орайын жаратты. Қытайдың батыс бөлігінде ерекше өнім болып саналатын жүзім виносы тарихтың дамуымен бірге Қытайдың дәстұрлі арақ мәдениетіне сіңісіп кетті. Cауда тобы Қытайдан темір құралдар, айна және басқада сәулетті бұйымдарды тасып әкетті. Ал Қытайға тасып әкелгені сирек жануарлар, құстар, өсімдіктер, тері заттар, дәрі-дәрмектер, истендіргіштер және жақұт-лағыл алқа-маржандар болды.
Шығыс пен батыстың өзара таратқан және жаңғыртқан заттар өте көп болды. Дәрігерлік өнері, би өнері, сайыскерлік өнері және бірнеше танымал жануарлар мен өсімдіктер, бұлардың бәрі екі жақтың көз-аясын, ой-өрісін өсірді. Хан дәуірі (汉朝) кезінде, батыстан кірген заттарға үнемі 胡 (Ху) иероглифы бар атаумен атады, мысалы: 胡琴 (Хуцинь), 胡瓜 (Хугуа: қияр), 胡萝卜 (Хулуобо: сәбіз). Ал Таң(唐朝) дәуірі кезінде, батыстан кірген заттарды үнемі 海 (Хай) иероглифы бар атаумен атады, мысалы: 海棠(Хайтаң: бегония), 海石榴(Хайшэлю: Жапон камелиясы), 海珠(Хайчжоу: теңіз маржаны, Фарсы шығанағы маржан 波斯湾珍珠). 唐会典 (Таң дәуірі классикасы) атты кітабындағы деректерге қарағанда, Таң патшалығы 300ден астам мемлекеттер және аймақтармен өзара қатынастарды құрған. әр жылы жібек жолы дұниедегі ең алып қаласы Шаң Ан (长安) қаласына келген әр елдің меймандары мен саудагерлерінің саны онмың санағымен есептелсе, Қытайдың Гуан Чжоу қаласына ұзақ уақыт мекендеп тұратын шетелдіктердің саны мың санағымен есептеледі екен.

Өзара мәдениет алмастыру рөлі

Қытайдың байырғы төрт үлкен тапқырлығы -- Шығыс хан (东汉) кезіндегі қағаз жасау техникасы; XI ғасырдағы құйма әріпті басып шығару техникасы; XII, XIII ғасырдағы оқ дәрі мен компас, бұлардың бәрі байырғы Қытайдың шұғылалы техникасының жетістігі. Осы тапырлықтар жібек жолы арқылы дүниенің жер-жеріне тарқалды, әр ел халық арасындағы өзара мәдениет алмастыру мен сауданың барыс-келістігін нығайтуына, білім-ғылымның тез уақыт ішінде таралуы мен артуына, дүние өркениетін нығайту мен ілгерлеуіне терң әсер етті. Қағаз жасау техникасы мен құйма әріпті басып шығару техникасы әдебиет мәдениетінің таралуын итермелеп, Еуропа мәдениетінің қайта өрлеу дәуіріндегі сауаттандыру қимылы мен дінді реформалау қимылына және XIV, XVI ғасырлардағы Еуропада білім-ғылым, әдебиет-көркем өнердің қайта көркею қимылына негізін салып, Еуропадағы тек мәртебелілер қауымы ғана кітап оқи алады деген жағдайды өзгертті. Оқ дәрінің таралуы соғыс жүргізу әдісін өзгертті, Еуропадағы капиталистік таптың февдализм қорғанын күйретуіне комек беріп, Еуропаның тарих беталысын тездетті. Компастың пайда болуы, Жаңа үлкен құрлықты табудағы ең үлкен шарты болып есептелді. Әлқиса, төрт үлкен тапқырлық Қытайдың Жібек жолынан басталып, тіпті дүниенің жаңа үлкен құрлықты байқағаны, бұлардың барлығы, дүние өркениетінің тарихын нығайтты.
Сондай-ақ, құдық тоған техникасы мен құдық тесу амалыда жібек жолы арқылы Қытайдан батыс елдерге таралғанын анықталады. Ежелгі заманда, батыс бөліктегі өңірлерді шөл даламен бүркеліп қалған, әр елдің өркендеуі судың үлесуымен айырлыса алмайды. Тянь-Шань мен Кунлунь шыңынан еріген қар суы батыс алқаптағы негізгі су қамдау қайнарының бірі болып табылады. Бірақ, қар суын жинау оңайға соқпады, тау етегіне жиналған қар суы көз жүмғанша бұланып немесе жер астына сіңіп кетеді. Хан дәуірі (汉朝) батыс өңірінде жиналып қалған әскерлерін егін шаруашылығын дамытуға қолданған уақытында, таулы аймақтарға таралған кәріз құдығы мен құдық тоған техникасын, су қайнарын қажет еткен әскерлер пайдаланып, біртіндеп ұзақ елдерге таратты. Қытайдың әйгілі тарихи шығармасы Тарихнама ның ішінде жазылғандай: Генараль Лигуанли (李广利) әскерін бастап Даваньға соққы берген шақта, су қайнарын бұзу амалын қолданып қаланы қоршаған болатын. Ал Даваньдықтар Хан дәуірінен құдық тоған техникасын үйренгендігінен, осы шайқаста көп уақытқа шыдады.

Дін алмастыру рөлі

Жібек жолы алдымен Қытайдан басталған, одан кейін әр ел халықының бірлікте дамытып гүлдендірген бір ұлы сауда жолы болып есептеледі. сан-мың жыл дамып өркендеуінен, ол әр елдің сауда саласын, мәдениетін нығайтып қана қалмастан, әрі діннің өзара алмастырып таратуы мен өркендеуін нығайтты.

Буддизм
Буддизм шығыс Хан дәуірінің (东汉时期) аяғында Жібек жолы арқылы Үндістаннан Қытайға кірген, бірақ Қытайдың батыс өңіріндегі Шың Жаң және Ганьсудағы Хэ Си аймағында, буддизм және буддизм өнерінің кіруі әлде қашан ерте болатын. Үндістанның буддизм өнері, Қытай өнерпаздарының және халық өнершілерінің өз бойларына сіңістіріп, тоғыстырып, қайталай жаратқанда, Қытайдың өзіндік қасиеттері бар буддизм өнері қалыптасып, қоғам арасында таралуы мен дамуы оңтайлана бастады және Қытай тарихында көптеген ұлы ойшыл, көркемөнерпаздар, тәрбиегерлер, жиһангерлерді жетістірді. Мысалы: Лу Синь (鲁迅) мырзаның Ұлттың арқасы деп батысқа ғибрат алуға барған Сюань Цзяньды (玄奘) айтқандай, Қытай мен Жапон арасындағы мәдениет алмастыруға үлкен үлесін қосқан Гандзин (鉴真) сияқты ұлы адамдар, бұлардың барлығы сол уақыттағы көрнекті өкіл ретінде саналды. Әдебиет жағынан алып айтсақ, буддизмның классикасын аудару, негізінде бұл Қытай әдебиет аудармашылық тарихының беташары, аударылған классиканың өзі бір ерекше көркем әдебиет шығарма.
法华经 (Samantabhadra), 维摩诘经 (Вималакрити), 百喻经 (Байюйцзин) қатарлы буддизмның классикалық шығармалары Цзинь және Тан дәуіріндегі хикят шығармашылығында қозғаушылық күш рөлін атқарды. Бань Жуо ілімі (般若学说), Шан Цзоң идеялогиясы (禅宗思想), Тау Юань Мин (陶渊明), Ван Взй (王维), Бо Цзюйи (白居易), Су Ши (苏轼) қатарлы әдебиет алыптарының өлең-жыр туындыларына шабыт берген.
Көркемөнер жағынан айтар болсақ, бүгінге дейін сақталып келе жатқан буддизмның ғибадатхананың көбісі Қытайдың байырғы құрылыс өнерінің жауһары. Буддизмнің бірнеше ұлы құрылысыда әр жердің көрініс келбетін көрсететін белгі болып айналды.

Заратуштрашылдық
Отқа табынушылық, Заратуштрашылдық (袄教), бұл қытайлықтардың Зороастр (琐罗亚斯德) дініне берген атауы. Бұл дін I-V ғасырда Жібек жолын бойлап отырып батысқа таралған, ең ерте кезде батс өңірге жеткен деп саналды. Отқа табынушылдық Фарсы елінің мемлекет діні еді, Араб империясы көтерілу себебінен батысқа қарай көшті. Тарихи деректерге қарағанда, сол уақыттағы батыс өңірдегі әр елінде зороастр (琐罗亚斯德) дініне табынды. сол уақыттағы оңтүстік және солтустік патшалық дәуіріндегі солтүстік әр ел патшаларының қолдауында болып, Таң патшалық дәуіріндеде көптеген заратуштрашылдық будхана құрып, жергілікті үстемдігі отқа табынушылдық дінінің дамуын басқарып, Са Бо(萨博) мәнсап орнын орнатып, бұл дінді мемлекет басқару жұйесіне енгізуге құлшынды. Бірақ отқа табынушылдық діні Сун патшалық (宋朝) дәуірінен кейін негізінен жойылып жоғалды. Бұл діннен қалған салт-дәстүрін, Ұйғұр, Тәжік сияқты ұлттар сақтап қалып, бір ұлттың мәдени салт-дәстүріне айналды.
Несториян діні Сириядағы христиан дінінің нестори (聂斯脱里教派) мәзһабынан жеке айырылып шыққан бір бұтағы. Тарихи деректерге қарағанда, несториян діні Таң патшалық дәуірінің басында патшаның ризалығына ие болып, несториян үмбетеріне Шан Ан қаласына ғибадатхана құруына Ли Ши Минь рұқсат берді, бастапқы кездегі атауы Фарсы ғибадатханасы, кейін келе Рим ғибадатханасы және Ұлы Цинь ғибадатханасы болып өзгерді; Тан Гау Цзон (唐高宗) жылдарында, Ало Бэнды (阿罗本) мемлекетті басқаратын орынға тағайындады. Б.з.д 755 жылғы Ан Ши (安史) дүрбелең басталғаннан кейін, нестроиян үмбеті Ий Си (伊斯) Го Цзэ Ий ға (郭子仪) қолғабыс тигізіп дүрбелеңді тыныштандырғандықтан, күлгін касия шапаны силығына ие болды. Жаңа эраның 635 жылынан бастап, несториян діні Қытайда 150 жыл оңтайлы дамыды, сол кездегі отқа табынушылдық дінімен Му Ни (摩尼) діні бірлікте Таң дәуірінде (唐朝) Сань Ий Жияу (三夷教) болып атанды. Буддистке қарсы соғыстан (会昌法难) кейін, несториян діні Мин патшалықтағының (明朝) католик діні Қытайға кіргенге дейін бірте-бірте құлдырай бастады.

Ислам діні
Ислам діні жаңа эраның 7 ғасырдың орта шенінде БатысАзия және Таяу Шығыстан Қытайға кірген.
Сун (宋朝), Юань (元朝), Мин(明朝), Цин (清朝) патшалық дәуірінен мың жыл басып өтіп, қазырғы Қытайдың бес ірі дінінің бірі болды, үмбеттері мөлшермен отыз миллионға жетті. Ұзақ уақыт дамып, таралып, құбылуынан, Қытайдағы ислам діні Қытай ұлттық қасиеті мен жер өлкелік қасиеті бар ислам діні жүйесіне айналды. Қазіргі Қытайда, Дүңген, Ұйғүр, Қазақ, Дұңған, Қырғыз, Сала, Тәжік, Өзбек, Бауан, Татар сияқты ұлттар ислам дінін ұстанады.
Жоғарыда атап көрсеткен діндер, барлығы да жібек жолдың ең гүлденген кезінде арт-артынан Қытайға таралып кірген. Олар Қытайдың идеялогиясына, философиясына, мәдениетіне, көркем өнерінде, құрылысыда өте маңызды рөлін атқарған. Әсіресе, буддизм және ислам діні бүгінге дейін Қытайға біршама ықпалын тигізуде.

1.2 Байырғы Жібек жолының Қытай мен дүние экономикасына еткен ықпалы

Жібек жолы тарихи мәнісі бар халықаралық даңғыл жолы. Жібек жолы байырғы Қытайдың мәдениетін, Үдістанның мәдениетін, Фарсы мәдениетін, Араб мәдениетімен Грег мәдениетін байланыстра келіп, шығыс пен батыс елдер арасындағы мәдениеттерін өзара алмастыруды ілгерлетті. Осы бір шығыстағы Қытайдың байырғы астанасы Шан Аннан (长安) басталып, батыстағы Жерорта теңізінің шығыс жағасына дейінгі көне Жібек жолының тең бір жартысы Шың Жаңда орналасқан. Осы себепті, Еуразия үлкен құрлықтың орталығына орналасқан Шың Жаң, талай заманнан бергі шығыс-батыс мәдениеттерінің өзара алмасуының ең шоғырланған жері болып және көптеген әйгілі тарихи тұлғаның өмір сүрген жері болғандықтан, сан-мыңдаған тарихи және қымбат мәдени мүралар қалдырған.
Жібек жолы Байырғы Еуразияның бір-бірімен барыс-келіс жасайтын сауда даңғыл жолы болып қалыптасқан. Әрі Қытай мен Еуразия әр елдерімен достық барыс-келісті ілгерлетіп, шығыс пен батыс мәдениеттерін байланыстыратын достық даңғыл жолы болып есептеледі. Жібек жолы, әлем тарихында өте маңызды мәнісі бар, ол Еуразия үлкен құрлықтың жол қатынасынның жан жүйесі, Қытай, Үндістан, Гретция қатарлы үш басты өркениетті ұштастыратын көпір. жібек жолының ашылуы, шығыс пен батыстың экономика мәдениетінің алмастыруын парменді түрде ілгерлетіп, Хан дәуірінің (汉朝) көркеюіне татымды рөл атқарды. Жібек жолының ашылуымен бірге, қағаз бұйымдары батыс өңірден тыс оданда ұзақ жерлерде байқала басталды. Қытайдың байырғы қағаз бетіне басып шығару техникасыда жібек жолын бойлап бірте-бірте батысқа таралған техниканың бірі болып табылады. Бұның өзі Қытайдың орталық үкіметі әр жерге үстемдігін жүргізуды күшейтті. Енді бір жағынан бұл алқаптың сауда қимылын тікелей әрекеттендірді.
Екі Хан дәуірінен (两汉,即东汉和西汉. Екі Хан, Шығыс Хан мен Батыс Ханды айтады) Мин патшалық (明朝) дәуірге дейінгі 1500 жылда, Жібек жолы Қытайдың ішкі құрлықпен батыс өңірді, Қытай мен Еуразияның бірнеше елдермен тығыз байланыстыру міндетін атқарған. Бірақ әрбір тарихи мезгілдердегі саяси шарт-жағдайының құбылмалы өзгеруы, Жібек жолы кейде ашық кейде жабық болды. Қортып айтқанда, екі Хан патшалық дәуірінде, Жібек жолы сол кезде әлемдегі төрт үлкен өркениетті Қытай, Рим, Кушан патшалығы, Парт империясы қатарлы мемлекеттерді бірлестіріп, төрт мемлекеттің ең жоғары деңгейдегі экономика, мәдениетімен өзара тартылыс болды, бұл Жібек жолының бөгетсіз кезі болып есептелінеді. III-VI ғасырға дейін, яғни Қытайдың Вэй Чжиь (魏晋) оңтүстік-солтүстік патшалық түсында, Қытайдың саясаты бөлінген жағдайда болғанымен, бірақ оның мәдениетімен экономикасының дамуы үлкен табысқа жетті.
Жібек жолы өзінің сауда және мәдениетті алмастыратын халықаралық даңғыл жол рөлін тіптіде анық бейнеледі. Қытайдың жібек жасау техникасыда осы уақытта батысқа таралған. Таң дәуірі (唐朝) кезінде Жібек жолының ең көркейген кезі болды. Ал Шан Ан қаласы сол уақытта дүниедегі ең дамыған халықаралық алып қаласы болды. Бірақ Таң дәуірінен кейін, батыс және солтүстік өңірін Тибет империясы (吐蕃) мен Ұйғыр қағанатының (回鹘) кезек-кезек алмасып иеленіп алып, шығыс солтүтіктегі аз ұлттардың көтерілу себебінен Сун, Ляо, Жин, Сямен ара қатынастары күйреп, ұзақ уақыт тірестік пайда болып, Жібек жолы 400 жылға жуық құлдыраудан тым-тырыс болып қалды.
Моңғол елінің және бүкіл Еуразияны жаулап алған Моңғолдың Юань империясының (元朝) құрылу себебінен, Жібек жолы тағыда даму кезеңіне кірді. Мин патшалық (明朝) кезіндегі батыс-солтүстік шекарасы Хэ Си карридорының (河西走廊) батыс бөлігіне дейін шегерілді. Солай бола тұра, батыс өңірмен қатынасыда айтарлықтай тәуір болды, Орталық Азия мен Батыс Азиядағы Әмір-темір империясыменде сауда қатынасыда болған. Жалпы алып қарағанда, батыс елдері өнеркәсіптік революция дәуірге кіргеннен бастап, батыстың теңіз қатынас-тасымалы жоғары деңгейде дамығандықтан, Жібек жолы бұрынғыдай өзінің маңызды міндетімен рөлын атқара алмады; Қытай мен батыстың жол қатынас-тасымал тарихынан алып қарасақ, осы кездегі Жібек жолы бұрынғыдай шұғылалы сәулесі қалмады, бұл Жібек жолының даму және құлдырау тарихының жалпы жағдайы. Қытайдың жібек бағу саласы сан мың жылдық тарихы болған. Хан және Таң дәуірінен бері, жібек тоқымашылық сол кездегі мемлекет экономикасының маңызды тірегі болған, жібек матасы соның ішінде маңызды экспорт саласы болып саналады. Жаңа эраның II ғасырыда, Чжан Циян екі рет батыс өңіріне сапарлай барғанда, Қытай мен Евуразия ұлкен құрлық арасындағы сауда жолдыда бірге ашты. Осыдан кейінгі 1700 жылдың ішінде, Қытайдың жібек бұйымдары осы ашылған жолды бойлай Орталық Азия, Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Еуропа Жер Орта теңізінің жағасына дейін таралып жетті, Жібек жолы деген атауы осылай пайда болған.
Жібек жолы Қытайдың шығыс бөлігіндегі феодалдық жер егіншілік мәдениетінің шоғырланған Орта Жазық өңірін және батыстағы көшпенді халықтарын, немесе басқада мемлекеттерін тығыз байланыстырып, өзара экономика және мәдениеттін алмастыруын күшейтті. Байырғы Жібек жолының көп санды жол желісі құба тұзды, шөл жазира, жасыл алқап жерлерді басып өткендіктен, тарихта Жасыл алқап көне жолы (绿洲古路) деген атуыда болған.
Тарих ғалымдары тарихнамалар немесе архелогияға қатысты әдебиеттерге жүгіне отырып төмендегідей зерттеуден туындаған қортындыларды ортаға қойды. Олар: Батыс Хан, Суй Таң және Юань дәуірлерді Жібек жолының гүлденіп көркейген кезі; Шығыс Хан және Суй оңтүстік солтүстік дәуірі, Мин және Цин дәуірлерін жібек жолының құлдыраған кезі деп есептеді. Бұдан басқа, көптеген тарихи деректерде айтылғандай, байырғы Жібек жолының дамып құлдыраған кезінде, жалпы көркейген уақыты мен құлдыраған уақытында басқада бір жолы ашық болуы мүмкін деген қортынды шығарды.
Таң дәуірінен кейін, Қытай елінің экономикалық эпицентрі біртіндеп шығыс және оңтүстік бағытқа ауып және теңіз үстіндегі Жібек жолы күннен-күнге көркейгендіктен, құрлықтағы жібек жолы біртіндеп құлдырай бастады.

1.3. Байырғы Жібек жолының біртіндеп құлдырауы

Қытай тарихына көз жіберсек, екі мың жылдан бергі Жібек жолының гүлденуімен құлдырауының жүлгесін анық байқауымызға болады. Оның ішінде: Батыс Хан дәуірі, Суй және Таң дәуірі, Юань дәуірі кездері Жібек жолының гүлденіп кідіріссіз дамыған кезеңі болады. Ал шығыс Хан және Вэй Чжи оңтүстік солтүстік дәуірі, бес дәуірмен екі Сун, Мин және Цин дәуірі кездері жібек жолының тым-тырыс иен қалған кезі болып есептелді. Осы уақыттардың ортасында аз уақыт жандануы болғанымен, бірақ жалпы қарағанда, орта жазықтағы феодалдық билігі көшпенді халықтарының әскери күштерінің Жібек жолына жасаған кедергісінен немесе шекараларға жасаған шапқыншылық-тарының нәтижесінде, Жібек жолы құлдырай бастады.
Жібек жолының көркеюі мен құлдырауы Қытай мен шет елдердің мәдениет алмастыруының кезеңдік өзгерісін дәлелдейді. Тарихи тәжірибенің бізге берген мәліметі: бір мемлекеттің даму деңгейі оның есік ашу деңгейімен тікелей байланысы бар екені, Қытайдың ежелгі халықтарының есік ашып дүниежүзімен байланыс жасау арманын анық ашып көрсетті. Шынымен де, жібек жолы үздік түрде өзінің міндетін атқара келе, дүниеге өзінің екі мың жылдық шұғылалы тарихын көрсетті. Жібек жолы жібек сауданы бастама еткенімен, бірақ оның мән-мағынасы сауда деген ұғымнанда асып түсті. Ол дүниенің жер-жеріндегі байырғы елдердің мәдениетін, мысалы, Египет, Грет, Фарсы елдерді Қытай мен байланыстырды; Дүние мәдениетінің қайнар көзін, мысалы: Египет мәдениеті, Месопотамия қос өзен Тигр мен Эфрат мәдениеті, Үнді мәдениеті, Америка, Индиана, Канада мәдениетімен Қытай мәдениетін байланыстыра отырып, Азия, Африка, Еуропа, Америка құрлықтарын бір тұтас жалғастыратын үлкен күре тамырдай даңғыл жолын ашып, осы жерлердің мәдениеттерінің өзара алмастыруына қолайлылық жасады.
Қазіргі таңдағы Қытай ғалымдарының айтқандай: Қытай ұлтының көркеюі мен құлдырау тарихын зерттей келіп, төмендегідей қортындыларды байқауымызға болады: Есік ашу кезеңі көркейген кезі, есік жабу кезеңі құлдырау кезі болады. Жібек жолы Қытай ұлтының дүниеге бет алуының белгісі, оның жабылуы мен ашылуы Қытай ұлтының көркейіп құлдырауымен тығыз байланыста және батыс солтүстік өңірінің дамуыменде тығыз байланысты.
Мәдениет тек қана өзара алмастырғанда ғана дамиды. Қытай мәдениеті шынымен де көп мемлекеттер арасындағы мәдениет алмастыруда дамыды. Мәдениет алмастырудан сұраныс туындайды, ал сұраныс мәдениеттің дамуына терең әсер береді. Бүгінге дейін, мұндай ритм әліде рөлін атқарып келе жатыр. Қазіргі таңдағы Қытайдың дамуы сыртқы елдерсіз дами алмайды. Қытай тарихына үлкен ықпал еткен, Қытайға санаусыз байлық әкелген Жібек жолы бізге қол бұлғап тұрғадай, мейлі өткен тарихта немесе қазіргі таңда болсын, Жібек жолы Қытаймен шет елдерді байланыстыратын маңызды даңғыл жолы екені бізге анық.

2-ТАРАУ. ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІ ЖӨНІНДЕГІ КӨЗКАРАСТЫ ОРТАҒА ҚОЮДЫҢ АРТҚЫ КӨРІНІСТЕРІ
2.1. Бірінші көрініс: Жаһандануы
Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап Қытай идеологиялық негізгі принципті алғышарт ете отырып "реформа жасап есікті ашу" саясатын жолға қойып, жоспарлы экономикалық жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге ауысты, ішінаралық реформа, біртіндеп дамыту - Қытай экономикасының өзіндік ерекшелікке ие даму жолы әрі даму стратегиясына айналды. Шығыс теңіз жағалауында орналасқан аймақтар халықаралық нарық айырбасына қолайлы болғандықтан, өңірлік артықшылықтардан пайдалана отырып шығысқа қарай реформа жүргізу, Қытайдың 30 жылға таяу уақыттан бергі негізгі стратегиялық бағыты болып келеді.
Өткен ғасырдың соңғы жылдарына келгенде, жаңа еркін экономиканың дамуы идеологиясының таралуына ілесіп, көптеген мемлекеттер әр-түрлі дәрежеде сыртқа есік ашу саясатын жүргізді. Әсіресе, Қытай үздіксіз жаһандану аяқалысын тездетіп, әлемдік экономикалық құрылмында үлкен өзгерістер болды. Оның басты ерекшелігі: Еуропа, Америка және Шығыс Азияны орталық еткен әлемдік экономикалық жүйе қалыптасты. Қытай және АҚШ тығыз ынтымақтастығы арқылы Шығыс Азия өңірі мен Солтүстік Америка өңірлік ауыс-күйісінің интеграцияландыруында айтарлықтай ілгерлеушіліктер болды. Шығыс Азияда Қытайды орталық еткен сауда айырбасы және тауар өндірісі жұмыс бөлісі қалыптасты. Қытай мәнерлеу және өндіріс базасына айналды. Негізінен Шығыс Азия өңірінен немесе басқа өлкелерден алғашқы шикізатқа ие болу арқылы соңғы өнімді Америка және Еуропа құрлықтарына жіберіп отырды. Ал АҚШ болса Шығыс Азия және Солтүстік Америка сынды екі үлкен өндірістік жүйені пайдалана отырып әлемдік өндірістік эволюцияның көшбасшысына айналды. Осымен бір уақытта Еуропада аймақтық ынтымақтастықты негіз етілген болып сыртқа қаратқан нарықтық айырбасы өте аз болды. Тұлғалық өндірістік жұмыс бөлісінің майдалану дәрежесі Азия-Тынық мұхиты, Германия, Англия қатарлы орталық мемлекеттердіңде дамыған өндірістік эволюциясыда АҚШ-пен салыстырғанда артта қалып қойды.
Қытайды өңдеп шығару базасы ретінде алып өндіріс торының кеңеюі барысында, бір жағынан әлемдік өндірістің жұмыс бөлісіндегі рөлі мен орны жоғарласа, онымен қатар пайда болған әлемдік іс-шараларға дұрыс бір жақты етілуге деген сұранысы артты. Енді бір жағынан айтқанда Қытай елі ішінің тепе-теңсіздігі күн сайын ауырлады. Бұлар негізінен: экономиканың артуы тек қаржы тарту мен сыртқы капиталға сүйену, Шығыс және Батыстың аймақтық парқының артуы, өндірістік қуаттың артық болуы, энергия ресурстарына, шикізатқа деген сұранысының артуы жоғары дәрежеге көтерілді.
2008 жылға келгенде әлемдік экономикалық тепе-теңсіздік мәселесі күн санап артып шиеленісті. Ең алдымен АҚШ-тың экономикалық дағдарысы туылса, ілі-шала Еуропаның борыштық дағдарысы болды. Артын ала Таяу Шығыс, Солтүстік Африка сынды маргиналдық мемлекеттерде саяси дағдарыс, қоғамдық былықпалық туылса ішінараларында қарулы қақтығысқа алып барды. "Үш күштер" қатарлы дәстүрлі емес қауіпсіздік органдарына деген қиындықтар арта түсті.
Халықаралық нарықтың күн санап кішіреюіндей артқы көрінісінде, экономикалық қайшылық, өңірлік қайшылық, ұлтаралық қайшылық барлығы белгілі дәрежеде шиеленісе түсті. Қайткенде жаһандану бет алысын тосып қала алмайтын жағдайда, үздіксіз дамуды жүзеге асыруға болады? Міне бұл Қытайдың алдағы ең түбірлі мәселесіне айналды.
Шығыс хан патшалығы кезінде Қытай Жібек жолын арқылы сыртқы қүштерден сақтанды. Одан кейін, Шығыс және Батыс екі үлкен экономика және мәдениет орталығының өзара ықпалдасу барысында байырғы Жібек жолы тауар айырбасы және мәдениет ауыс-күйісіне ерекше зор үлес қосып, Жібек жолы бойындағы елді мекендер мен қалалардың гүлденіп көркеюіне ықпал етті. Байырғы Жібек жолы даму режимі бүгінгі таңдағы ішкі өндіріс жұмыс бөлісінің тепе-теңсіздігін реттеуде тәжірибелі рөл атқарады.
Жаңа дәуір, жаңа бәсеке алдында, Қытайды, әсіресе Батыс өңір әлемдік өндіріс торының сыртта қалып қойған Орталық Азия, Батыс Азия, Африка секілді аймақтардың ортақ дамуын жүзеге асыру үшін, ортақ тұлғалық, ортақ мақсаттық жүйе қалыптастыру негізінде Қытай батыс өңірді ашу стратегиялық бағытын ортаға қойды.
2013 жылы қыркүйек, қазан айларында төраға Си Цзиньпин Қазақстан және Шығыс, Оңтүстік Азияда сапарда болған кезінде "Жібек жолы экономикалық белдеуі" және "ХХІ ғасыр теңіз Жібек жолы" сияқты стратегиялық бағытты атап көрсетті. Алдағы мезгілде бұл жоғарыдағы айтылған нысанның негізгі құраушы бөлігі болып саналмақ.
2013 жылы қазан айында көршілес елдерге елшілік елдер жиналысы Қытай астанасы Бейжіңде өтті. Төраға Си Цзиньпин мынаны атап көрсетті: көршілес елдермен болған қарыс-қатынас жұмыстарын жақсы жүргізу, ол негізінен Қытай экономикасының қарыштап дамуына тамаша жағдай әзірлейді, енді бір жағынан Қытай экономикасының дамуы көршілес елдердің экономикасының дамуына түрткілік рөл ойнайды. Ортақ дамуды жүзеге асыру, пайдада ортақ тұлға және мақсатта ортақ жүйе қалыптастыруды жүзеге асыру. Бұл кезде "екі жүзжылдық жоспар" іске асыру арқылы Чжун Хуа ұлттарының ұлы гүлденуін жүзеге асырудағы Қытай арманының керектігі, Жібек жолы экономикалық аймағының ойдағыдай құрылуы мен ХХІ ғасырдағы теңіздегі Жібек жолын құрудың барлығы маңызды стратегиялық бағдар болып саналмақ. 2013 жылы қарашада Қытайдың 18-ші кезекті орталық комитетінің 3-ші жалпы мәжілісінде бұны тұрақтандырылды.

2.2. Екінші көрініс: Қытайдың 30 жылдан астам реформа жүргізіп есік ашуы
XXI ғасырда Қытайдың әлемдік аренадағы ықпалының арта түскені айқын байқалады. Бұлай болуының өзіндік заңдылығы бар. Өйткені жаңа ғасырға дейін Қытай жиырма жылдан аса қоғамдық реформа жүргізіп, экономикасын қарқынды даму арқылы жаңа ғасырға әлемдік ұлы держава ретінде қадам басты. Бұрынғы социалистік мемлекеттер ішінде Қытайдың жүргізген реформасы сәтті де, табысты болды. Сәтті болуының басты себебі Дэн Сяопиннің реформа теориясының дұрыстығында. Дегенмен реформа тәжірибеде қолдану тетігінің рационалды түрде жасалуы шексіз жасампаздық күшке айналды. Қытай әлеуметтік реформаны кезең-кезеңімен, реті-ретімен біртіндеп жүргізді, бірақ зор нәтижелерге қол жеткізіп отырды.
Қытай реформасының үдерісі мынадай бірнеше үдерісті басып өтті: 1978 желтоқсан айынан 1984 жылы қыркүйек айына дейін реформаның бірінші кезеңі болды. Бұл кезде Қытай жекеменшік (индивидиумдық) экономиканың өмір сүруіне жол ашып, нарықтық механизм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның транзиттік жүйесі
Жібек жолының тарихи бастауы
Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының арасындағы сабақтастық
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Ұлы жібек жолы және Қазақстан
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық – географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
Қытайдың Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеуді құруға күш салуы
Халықаралық көлік жолының дамуы үшін жасалатын мемлекеттік шаралардың тиімділігін бағалау
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Пәндер