Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысының құрамы және тергеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Аффектінің жалпы сипаттамасы және оның теориялық негіздері
1. 1 Аффект сипаты, оның негіздері . . . 6
1. 2 Аффектінің адам өміріндегі алатын орны . . . 9
1. 3 Жас ерекшеліктеріне қарай аффектiнiң көрiнiс беру ерекшеліктері . . . 10
2 Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысының құрамы
2. 1 Адам өлтірудің жалпы түсінігі . . . 21
2. 2 Адам өлтірудің криминологиялық сипаттамасы . . . 26
2. 3 Қылмыс құрамының объектісінің түсінігі . . . 29
2. 4 Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмыс құрамының объективті жағының түсінігі . . . 32
2. 5 Аффект жағдайында жасалған адам өлтірудің субъективтік жағы, түрлері және түсінігі . . . 38
2. 6 Аффект жағдайында жасалған адам өлтірудің субъектісі . . . 43
3 Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысын тергеудегі арнайы білімдерді пайдаланудың нысандары
3. 1 Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмыстарын тергеудегі сараптама тағайындау білімдері . . . 55
3. 2 Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмыстарын тергеуде мамандардың арнайы білімдерін пайдалану . . . 58
Қорытынды . . . 61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Дипломдықжұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет құру барысында адамды, оның өмірін ең құнды байлығы ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданған Конституцияның 1-ші бабында айтылғандай, Республиканың ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі құқықтары мен бостандықтары. Конституцияда жеке өмірге қолсұғылмаушылыққа кепілдік берілген [1] .
Адам құқығы туралы бүкіл әлемдік декларацияның 3-бабында, әрбір адам өмір сүруге, бостандығына, жеке өмірге қолсұғылмаушылыққа құқығы бар деп көрсетілген. Бұл құқықтарын шектеуге ешкімніңде құқықтары жоқ. Заңда көрсетілгеннен басқа жағдайларда адам құқығын шектеуге қандайда болсын негіз болуы тиіс емес. Сондықтан, бұл құқық әр уақытта да заңмен қорғалады. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары үзілместей бір жалғаспалылықты білдіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің басты мақсаты болып адам мен азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау болып табылады. Осыған байланысты, Республикамызда адам өмірі мен денсаулығын қорғауға байланысты біршама іс шаралар жүргізілуде. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда әруақытта артықшылықтар берілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Әрбір жеке адамның өмірі-ол адам өміріндегі айтарлықтай маңызды болып табылады. Себебі, адам өмірі-оның негізгі құндылығы. Осыған байланысты адам өмірін қорғау мәселесі-жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы.
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар дегеніміз-адам мен азаматтардың отбасының, кәмелетке толмағандардың мүдесіне, бостандықтары мен конституциялық құқығына, жыныстық бостандығына, ары мен абыройына, қадір-қасиктіне, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекет.
Осындай қылмыстардың салдарынан адамның өміріне, денсаулығына, заңды құқығы мен бостандығына залал келуі немесе қауіп төнуі әбден мүмкін. Жеке адамға қарсы қылмыста кез-келген ауырлықта жәбірленушіге материалдық және моральдық, физикалық шығын келуі мүмкін.
Эмоциялар мен сезімдер адамдардың сырт пішіндерінен жақсы байқалады: олар адамның мінез-құлқына және жағдайына, сондай-ақ ішкі органдарының жұмыстарына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректі қатты соққанын, қан тамыры соғуының жылдамдығын басымыздан өткіземіз, біздің дем алуымыз қиындайды, қол-аяғымыз дірілдей басатйды, кейде адамның ыстығы да көтеріліп кетеді, керісінше де болуы мүмкін, маңдайдан суық тер шығады, қалшылдай бастайды, көзінен жас сорғалайды. Сезім кісінің бет әлпетінен де, мимикасынан да көрінеді. Халықтың қанатты сөздерінде: «Адам жүзі жанның айнасы» деп босқа айтылмаған.
Эмоцияны басқаларынан гөрі толықтай беретін біздің сөзіміз. Сөз тек ойды білдіріп қана қоймай, сондай-ақ сүйіспеншіліктен бастап жек көрушілікке дейінгі, үрейленуден бастап жеңіс қуаныштарына дейінгі әр алуан сезімді білдіреді. Эмоцияны әсіресе айқын білдіретін поэтикалық сөздер. Сөз ырғағы да үлкен роль атқарады. Бір сөздің айтылуына қарай не қунашыты не ашуды білдіруі де мүмкін. Бейтаныс шетел тілін тыңдай отырып, оны сөйлеп тұрған адамның қандай көңіл күйде екенін ажырату да қиын емес.
Тақырыптың зерттелген дәрежесі. Егемен еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары ақ адамның өміріне қол сұғатын әрекеттермен қауіп төндіретін әрекеттерге, қоғамға қауіпті қылмыстарға қарсы шешуші күрес жүргізіп келеді. Кісі өлімі үшін жауапқа тарту - қылмысты істегі күрделі проблемалары болып саналады, ол ежелден - ақ ғалым заңгерлердің назарын аударып келеді. Аффект жағдайында жасалған кісі өлтіру қылмысына байланысты заңдылықтарды дамытуға Э. Ф. Побегайло, М. И. Вадеев, Н. И. Загородников, С. В. Бородин, В. Н. Кудрявцев, И. О. Портнов, Б. С. Волков, М. К. Аниянс, Н. С. Таганцев, Е. И. Терентьев, А. А. Пионтковский, М. Д. Шаргородский, А. В. Наумов, И. Н. Даньшин, Н. Ф. Кузнецова, А. Блумба, А. Н. Агыбаев, С. Х. Жадбаев, Н. Ф. Поленов, Р. T Нұртаев, Е. О. Алауханов, А. М. Мамытов, М. И. Якубович т. б. ғалымдар көптеген үлес қосты.
Сезімді білдіруде өнердің әсіресе музыканың үлкен мүмкіншіліктері де бар. Сөзге қарағанда музыка тыңдаушылардың көңілдері мен күйін ауызекі айтып жеткізуге өте қиын терең сезімге бөлей алады. Сезім сырттай көрінуі арқасында басқаларға оңай көшеді. Шындығында да жылап тұрған адамды көргенде тіпті оның қайғысының себебін білмесекте біз де мұңайып қаламыз. Керісінше көңілді шат адамды көргенде біздің де көңіл күйіміз көтеріледі.
Хайуанаттарда эмоция бар, бірақ та олардың эмоциясы қарапайым келеді. Хайуанаттар эмоциясының сыртқы көріністері дыбыс және қимыл, қозғалыстары арқылы беріледі. Егер байлаулы иттің алдында оның иесімен бірге бөтен адам тұрса, онда ит біреуіне қыңсылап аяғына оралса, ал екіншісіне айбат шегіп үреді. Маймылдың адам күлкісі мен жылағандығына ұқсас мимикасын да байқауға болады.
Чарлз Дарвин маймыл мен адам эмоциясының сырттай көрінуінен көптеген ұқсастықтар тапқан. Ол біздің кейбір эмоцияларымызды көрсететін қимылдарымыз арғы бабаларымыз жануарлардың шабуылдары мен қорғаныстарының сарқыны деп есептейді. Расында кейде қатты ашуланған кезде адамның жұдырықтары еріксіз түйіле түседі, үрейлену кезінде ол кірпідей жиырылып, тығылып қалғысы келетіндей, не қаша жөнелердей басын бұғады.
1 Аффектінің жалпы сипаттамасы және оның теориялық негіздері
1. 1 Аффект сипаты, оның негіздері
Адам қабылдағанына істеген ісіне ойлағанына, армандарына немқұрайлы қарамайды. Заттардың адамдардың әрекеттер мен оқиғалардың біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнатады. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттықа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында да әрбір адам өмір сүре еңбек ете қойған мақсатқа осындай және тағы да басқа көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім немесе эмоция деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапаларын туғызатын қажеттіліктер, талаптар мен тілектер болып табылады. Біздің істейтін іс-әрекетіміз (оқу, еңбек, ойын) оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде «түйсіну, сезіну» деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде «мен қорқынышты түйсінемін», «ауырғанымды сезіндім»»ауырғанымды түйсіндім» дейміз, оны дұрысында «қорқынышты сезіндім, ауырғанымды түйсіндім» деуде қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса адамның ішкі көңілі мен күйі, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді [2; 75 б. ] .
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда сол прцестер сезімді туғызады да, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі түйсік болады, ал түйсітің бірі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңілі мен күйіне қарай адам бір затты әртүрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта да еш нәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы да мүмкін. Эмоция адамның есімімен тығыз байланысты. Біздің барлық алған әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.
Адам қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімдері әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әртүрлі бағалайды.
Оқу мен тәрбие жұмыстарында сезімнің қаншалықты маңызды екендіктері педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларына немқұрайдылық туғызатын сабақтан гөрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі. Сабаққа үлгерімдері және тәртібі үшін мақтау алудан балада әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейтуге жақсы ықпал жасайды, құптамау, ұрсу мен жазалаудан әдетте оқушыларда жағмсыз эмоциялық жағдай туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірибелі мұғалім тиісті әдепті сақтай отырып балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.
Эмоциялар мен сезімдер адамдардың сырт пішіндерінен жақсы байқалады: олар адамның мінез-құлқына және жағдайына, сондай-ақ ішкі органдарының жұмыстарына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректі қатты соққанын, қан тамыры соғуының жылдамдығын басымыздан өткіземіз, біздің дем алуымыз қиындайды, қол-аяғымыз дірілдей басатйды, кейде адамның ыстығы да көтеріліп кетеді, керісінше де болуы мүмкін, маңдайдан суық тер шығады, қалшылдай бастайды, көзінен жас сорғалайды. Сезім кісінің бет әлпетінен де, мимикасынан да көрінеді. Халықтың қанатты сөздерінде: «Адам жүзі жанның айнасы» деп босқа айтылмаған.
Эмоцияны басқаларынан гөрі толықтай беретін біздің сөзіміз. Сөз тек ойды білдіріп қана қоймай, сондай-ақ сүйіспеншіліктен бастап жек көрушілікке дейінгі, үрейленуден бастап жеңіс қуаныштарына дейінгі әр алн сезімді білдіреді. Эмоцияны әсіресе айқын білдіретін поэтикалық сөздер. Сөз ырғағы да үлкен роль атқарады. Бір сөздің айтылуына қарай не қунашыты не ашуды білдіруі де мүмкін. Бейтаныс шетел тілін тыңдай отырып, оны сөйлеп тұрған адамның қандай көңіл күйде екенін ажырату да қиын емес.
Сезімді білдіруде өнердің әсіресе музыканың үлкен мүмкіншіліктері де бар. Сөзге қарағанда музыка тыңдаушылардың көңілдері мен күйін ауызекі айтып жеткізуге өте қиын терең сезімге бөлей алады. Сезім сырттай көрінуі арқасында басқаларға оңай көшеді. Шындығында да жылап тұрған адамды көргенде тіпті оның қайғысының себебін білмесекте біз де мұңайып қаламыз. Керісінше көңілді шат адамды көргенде біздің де көңіл күйіміз көтеріледі.
Хайуанаттарда эмоция бар, бірақ та олардың эмоциясы қарапайым келеді. Хайуанаттар эмоциясының сыртқы көріністері дыбыс және қимыл, қозғалыстары арқылы беріледі. Егер байлаулы иттің алдында оның иесімен бірге бөтен адам тұрса, онда ит біреуіне қыңсылап аяғына оралса, ал екіншісіне айбат шегіп үреді. Маймылдың адам күлкісі мен жылағандығына ұқсас мимикасын да байқауға болады [3; 93 б. ] .
Чарлз Дарвин маймыл мен адам эмоциясының сырттай көрінуінен көптеген ұқсастықтар тапқан. Ол біздің кейбір эмоцияларымызды көрсететін қимылдарымыз арғы бабаларымыз жануарлардың шабуылдары мен қорғаныстарының сарқыны деп есептейді. Расында кейде қатты ашуланған кезде адамның жұдырықтары еріксіз түйіле түседі, үрейлену кезінде ол кірпідей жиырылып, тығылып қалғысы келетіндей, не қаша жөнелердей басын бұғады.
Эмоциялық жағдайлар адамның мінездері мен құлқын ерекше сезім сарынана бөлеп азды-көпті ұзаққа созылатын, өте берік әсерлер туғызады. Кейде сезім кенеттен пайда болып өте қарқынды өтеді, бірақ та біршама тез басылады. Осы ұзаққа созылатын не қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың қатарына көңіл мен күй, аффект, құмарлық стрестік жағдайлар жатады.
Көңіл-күй деп біршама бәсең, бірақ та әдетте әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінездері мен құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Кім болмасын көңіл күйі нашар көрінетін болса ешбір негізсіз, көңілі жабырқап, не болса солған абыржып қалады. Осы кездерде оған барлығы да тамаша болып көрінеді. Басқа көңіл күйде болса көңілін бөлмейтін нәрсеге ол қуанады. Былайша алғанда мұндай жағдайлардың себебін табу қиын секілді көрінеді.
Көңіл күйдің нашарлығы кездейсоқ кездесулерден не болмаса ағзаның физиологиялық жағдайда тууы да мүмкін. Егер осындай жағдайда адамның дені кәміл сау болса, өзен жағасына жазда келсе, суға шомылып салқындаса, ол көңілсіз жағдайдан арылуы да мүмкін, ада болады. Көңіл күйді сергітіп көтеріңкі ұстау үшін күн тәртібінің дұрыстығы, дене шынықтыру, су процедуралары жақсы көмектеседі.
Психоаналитикалық концепциядағы аффект мәселесіне шолу. Кейде адамдарда психикалық жағдайлардың ерекше түрлері пайда болады, олар тез өтеді, бірақ күшті және өте қарқынды өтеді. Бұлар аффектілер деп аталатындар. Әдетте олар ашу шақыру не қаһар төгу сипатында болып, осындай сезімдер билеген адамдар көбінесе өз бастарына өздері ие болмай қалады. Иван Грозный патшаның өз ұлын өлітруі күштті аффектілік жағдайдың да айқын көріністері бола алады. Осы көріністі суретші И. Репин «Иван Грозный және оның ұлы Иван» картинасында бейнелейді [4; 73 б. ] .
Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртыстарында күшті қозу бөліктерінің болуымен байланысты. Осының салдарынан тежелу процесі бәсеңдейді және ми қыртыстарының төменгі бөліміндегі орталықтарынан келіп жататын импульстер тасқындарын бақылап, басып отыру мүмкіншіктерінен үлкен ми сыңарлары қыртыстары айырылады. Сөйтіп ми қыртысының төменгі бөлімдерінің аралық қажетті іс-әрекеттерінің тепе-теңдігі бұзылады, бірақ мұндай эмоциялық қозулармен әрбір адам күресе алады. Мысалы, ашу қысқан сәтті сезе салып, өз ойыңды әйтеуір басқа бір нәрсеге бөліп жіберуге тырысу да өте қажет. Бұл аффектіні ең басынан жойып, жаңа басталған қозуға жедел, енді тоқтата алмайтындай, қатты сезімге айналып кетпеуіне бөгет салуға көмектеседі.
Аффекті жағдайында келген мұғалімнің табанда оқушыларға жаза беруіне болмайды, өйткені дәл сол уақытта педагог жазаны бір жақты әділетсіз шешуі де мүмкін. Мұндай реттерде оқушыға «Бара бер, саған қандай жаза қолдануды ойланайын» дегені жөн болады. біраз уақыт өткен соң мұғалім ағаттық істі толығынан объективтік жағдайда бағалайды, тіпті тентектік істеген оқушыны жазалаудың қажеті жоқ деп табуы да мүмкін. Жазаны күтіп жүрген оқушыда, ағаттықты неге істедім деген ойға қалады. Мүмкін, осындай жіберілген ағат істі мойындауға жеткізсе, онда жазалаудың да керегі жоқ болады ғой.
Кейде жаман баға алған оқушылар аффектілік жағдайға түседі. Мысалы, онда бала өксіп жылай бастайды, баланың өзі-ақ өксігін басар деп кейбір мұғалімдер оған көңіл бөлмейді. Осындай халдегі оқушыларға ізет жасаса шынында да оның аффектілігі күшейе түсетін кездері болады. алайда көбіне жақсы көретін мұғалімнің көрсеткін жылы шырайлы, бағаны түзету үшін келесіде сабақ сұраймын деген уәдесі, баланы жұбатады, сөйтіп аффектілік жағдайдан құтылады [5; 57 б. ] .
Психикалық жағдайдың ерекше түрі құмарлық болады, яғни қандай да болмасын бір мүддемен, талаппен, іс-әрекетпен байланысты мықты болса да сонымен бірге ұзаққа созылатын, берік сезім. Мысалы, адам ғылымға, музыкаға, спортқа құмар болуы да мүмкін.
Жеке адамның психикалық және теңдік хал жайына кеселін тигізетін құмарлық та адамдарда болады. олардың ішінен алкаголмен, наркотикпен, ойындармен әуестенуді айтуға болады. егер адам өзін-өзі билей алатын күш пен қуат тауып осы құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлайды, тіпті өлімге де жеткізуі мүмкін.
Кейбір құмарлықтар тұрақтылығы, ұзақтығы ерекше болып және аадмды елістіргенімен біршама жайбарақат өтеді. Бірақ өте-мөте сезімдер қатты білініп, пайда болған адамның өте терең күйзелуге салатын сезімдерде болады. осныдай эмоциялық қалыпты психологияда стрестік жағдай деп атауда қалыптасқан. Стрестер өте ауыр психологиялық жағдайда. Қауіп-қатер төнгенде, іс-әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңдерінде әл мен қуатқа және ақыл мен ойға салмақ түскенде пайда болады.
1. 2 Аффектінің адам өміріндегі алатын орны
Аффект латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімді жүріп өтетін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және тағы да басқа аффектілерін атауға болады. аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен (сөздермен, басқа адамдардың қылығымен, кейбір жағдайларда болады. аффаектілер көптеген жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді, адамды тез арада билеп кетеді.
Аффект жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай қалуы да мүмкін. Сонымен қатар күшті эмоциялық қозу тез қозғалыстарда, ретсіз сөйлеуде, жиі қатты дауыс шығару түрінде байқалады.
Адамның іс-әрекеті аффект жағдайында кенеттен сезімнің булығып сыртқа шығуы түрінде іске асады. Кей жағдайда аффектілер тежелу жағдайы түрінде және адам ағзасының әлсіреуі ретінде сипатталады. Мәселен, адам кездесоқ қуанған жағдайда «не айтарын білмей, аузына сөз түспей абдырып, сасқалақтап қалады. Әсіресе осындай жағдай адамның кездейсоқ қуанышында, ашуы үстінде жақсы аңғарылады. Кейбіреулер «ашуланғанда көзім түк көрмеді, не істегенімді білмедім» дейді, бұл дұрыс емес, адам әруақытта да өз қылықтарын, іс-әрекетін басқарып отыруға тиісті.
Аффектілер еріктің әлсіреген жағдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай алмаудың және өзін-өзі басқара алмаудың көрсеткіштері болып табылады. Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында кездесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оның алғаш кезінен басып отыруға әрекеттенуі керек.
Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде адам өзін-өзі басқара білуі қажет. Ол үшін ерікті күшейтіп, төмендегідей ерік сапаларын өзін-өзі меңгере білуді, табандылықты қажет етеді. Бұл сапалар тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы іске асады. Мысалы: Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы басты кейіпкерлерінің бірі Наташа Ростоваға ұрыс даласында Андрей Балконскийді қайтыс болды деп кенеттен хабарлағанда, Наташа Ростова ес-түсін білмей құлап қалады [6; 17 б. ] . Аффекті адамды тез арада билеп кететін көңіл күй жағдайы. Мысалы, ондай сезімдерге ашу сезімдері жатады. Халқымыз «Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос», «Ашу дұшпан жағына шығып кетпе, ақыл-досыңды қолда» қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектікке салынған көпке жеккөрінішті көрінеді. Сондықтан «Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр» дейді халық нақылы. Аффектілердің жүйке жүйесі ауру адамдарда байқалатын патологияның түрі болады. Бұл жерде аффектілік жағдайдың алдын алу үшін оған сәйкес емдету қажет.
1. 3 Жас ерекшеліктеріне қарай аффектiнiң көрiнiс беру ерекшеліктері
Эмоцияның психологиялық теориясы физиологиялық және соған байланысты басқа да ғылыми зерттеулермен тығыз байланысты. Адам ағзасында болып жатқан жағдайларды эмоциядан бөліп қарауға болмайды. Кей кездері эмоцияның психологиялық және физиологиялық жақтары бір-бірімен қатарласа отырып, бір-біріне түсініктеме бола алады.
Барлық эмоциялық жағдайлар адам организміндегі физиологиялық өзгерістермен қатар жүреді. Психология ғылымындағы өзгерістерді эмоциямен байланыстыра отырып, органикалық белгілер жиынтығы әр түрлі эмоциялық жағдайлармен қатар жүретіндігін бірнеше рет қолға алынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz