Жергілікті өкілді және алқалы органдар


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. . ……… . . . . ……4

1 Жергілікті өкілді органдар

  1. Жергілікті өкілді органдардың сипаттамасы, жүйесі, құрылу

тәртібі және құрамы… . . . … 10

  1. Жергілікті өкілді органдардың жұмысын ұйымдастыру . . . 24
  2. Жергілікті өкілді органдардың құзіреті және қабылдайтын

актілері……… . . . …… . . . …. … . . . …. . …… . . . 37

  1. Жергілікті атқарушы органдар

2. 1 Жергілікті атқарушы органдардың сипаттамасы, олардың жүйесі . . . 46

2. 2 Жергілікті атқарушы органдардың құрылу тәртібі мен құрамы . . . 48

2. 3 Жергілікті атқарушы органдардың құзіреті және

қабылдайтын актілері . . . … . . . 51

Қорытынды . . . 75

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . …. . … . . . 80

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы, мемлекеттік реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа демократиялық қатынастардың даму жолын таңдауы, құқықтық саланы және мемлекеттік органдарды реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарындағы құқықтық реформалауға талдау жасау барысы оның басты нәтижесі мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындаған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізін қалаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы болып табылады.

Бүгінгі жас мемлекетіміздің алдында тұрған проблемаларға баға бере келе, біздің саяси-құқықтық өмірімізде мемлекет пен қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтанының негізін қалайтын демократиялық даму негіздерінің мықты орныққаны туралы батыл айтуға болады. Осы бағытта біраз жұмыстар жасалған болатын. Мысалы, мемлекеттік басқару саласын (жоғарғы және жергілікті), экономика, ішкі саясат, мәдениет, әлеуметтік-саяси өмір, сыртқы саясат, құқықтық тәртіпті сақтау саласын, мемлекетіміздің қауіпсіздігі сияқты салаларды реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол заңдар мен жарлықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: 1993 жылы 10 желтоқсандағы ″Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы″ Заңы, ″Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдар туралы″ Қазақстан Республикасының 10. 12. 1993 ж., 02. 05. 1995 ж., 20. 11. 1998 ж., 05. 04. 1999 ж., 20. 07. 1999 ж., 16. 11. 1999 ж. Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары, 1995 жылы 2 мамырдағы Республика Президентінің ″жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы″ Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қабылданған Жарлығы, 1995 жылы 28 қыркүйектегі Республика Президентінің ″Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы″ қабылданған Конституциялық заң күші бар Жарлығы, 2001 жылы 23 қаңтардағы Ν148-ΙΙ ″Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заңы, 2001 жылғы 25 сәуірдегі Ν179-ΙΙ, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы Ν276-ΙΙ, 2002 жылғы 21 мамырдағы Ν324-ΙΙ, 2004 жылғы 11 мамырдағы Ν552-ΙΙ, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Ν13-ΙΙΙ, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы Ν15-ΙΙΙ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, 2002 жылғы 1 қыркүйектегі ″Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы″ Заңы, ″Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы″ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылы 15 сәуірдегі Ν44-ΙΙΙ Конституциялық заңын айтуға болады. Осы заңдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құрылуын, құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Осы заңдар мен жарлықтардың көптеп қабылдануы мен өзгерістерге үшырауының себебі: жергілікті жерлердегі өкілді және атқарушы органдарды реформалау болып табылады. Мысалы, айталық: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы ″Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы″ Заңы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының атауына және құрылымына елеулі өзгерістер енгізді.

Біріншіден, ауылдық, кенттік, селолық, аудандық, қалалық және облыстық деңгейлердегі Халық депутаттары кеңестері мен атқарушы комитет атаулары толықтай жойылды. Бұл атаулар тарихқа енді.

Екіншіден, жергілікті өкілді органдар-мәслихаттар, ал жергілікті атқарушы органдар-әкім басқаратын жерігілікті әкімшілік деп, атала бастады.

Үшіншіден, мәслихаттар мен әкімшілік ″жергілікті мемлекеттік басқару органдары″ деген жалпы атаумен біріктірілді: Кеңес мемлекетінде кеңестер, өкілді органдар ретінде мемлекеттік билік болып саналатын.

Төртіншіден, жергілікті мәслихаттар мен әкімшілікті ″жергілікті мемлекеттік басқару органдары″ деген жалпы атаумен біріктіру мүлдем оның екеуі де мемлекеттік басқарудың бірдей мәселелерімен айналысады дегенді білдірмейді, бұл туралы төменде сөз болады.

Бесіншіден, жергілікті мәслихаттар мен әкімшіліктер ұйымдық тұрғыдан бір-бірінен бөлінген.

Алтыншыдан, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары емес, өкілді органдар болып саналса да таза мемлекеттік органдар болып табылады. Ал, енді бұл органдарға жеке-жеке тоқтала кетейік. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет қағидаларын басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және жергілікті проблемаларды шешпейді, дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады. Бірақ дербестік жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдық және құзіреттілік тұрғысынан өзіндік ерекшелікпен көрінеді. Жергілікті өкілді органдар-мәслихаттар Республиканың өкілді органдар жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жергілікті өкілді органдар-мәслихаттармен ұйымдық тұрғыдан да байланыспаған. Тек Конституция көздеген екі жағдайда ғана мәслихаттар мен Парламент өзара байланысқа кіреді: Мәслихаттар сенаторларды сайлайды, ал Парламент Сенаты мәслихатты тарата алады. Сондықтан өкілді органдар ретінде мәслихаттар Республика Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті атқарушы органдар- әкімшіліктер, керісінше, біртұтас атқарушы органдар жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады және олардың ұйымдығы мен қызметі жоғары тұрған атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентімен байланысты және оларға тәуелді. Бұл, бірақ, жергілікті атқарушы органдардың белгілі бір дербестігін жоққа шығармайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркестікке атқарушы органдар үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүгізді қамтамасыз етеді. Жергілікті өкілді органдардың тағы бір ерекшелігі олардың Конституцияға және заңдарға сәйкестікте жұмыс істеуі болып табылады. Ал жергілікті атқарушы органдар өзінің қызметін тек Конституция мен заңдардың негізінде ғана емес, сонымен қатар Президенттің, Үкіметтің және жоғары тұрған атқарушы органдардың актілерін орындау жолында жүзеге асырады. Барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдары үшін ортақ тағы бір ерекшелікті атап өткен жөн: олар өз-өздеріне құзірет белгілей алмайды. Конституцияда аталғандай, мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдардың құзіретін, олардың ұйымдық және қызмет тәртібін заң белгілейді.

Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ұғымдарының ара қатынасына байланысты мәселені қарастырған жөн. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктен жергілікті өзін-өзі басқаруды ажыратуға негізделген өзіндік жергілікті басқару үлгісі пайда болды. 1993 жылға дейін Қазақстанда билікті бөлу принцпін жоққа шығарған және тиісті аумақтағы өкілді органдардың (кеңестердің) толық билігіне негіздеген кеңестік үлгі орын алды. Жергілікті Кеңестер біртұтас КСРО Кеңестер жүйесінің бір бөлігі болып табылатын. Кеңестер төменнен жоғарыға дейін кеңестер алдында есеп беретін және жауап беретін өзінің атқарушы органдарын құрды. Атқарушы органдар қос бағыныштылық: тиісті кеңеске (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, одақтық) және жоғары тұрған басқару органына (аудандық, қалалық, облыстық атқару комитеттері, республика үкіметі, одақтық үкімет) бағыныштылық қағидасы бойынша әрекет етті. Кеңестер өздерінің сессияларына жылына бірнеше мәрте жиналып жұмыс істеп, атқарушы органдар коммунистік партия үйымдарының басшылығымен дайындалған мәселелерге шешімдер шығаратын. Партия үйымдарының аудандық деңгейден бастап, тура кеңес пен атқарушы органдар сияқты құрылымы болды, және олар мемлекеттік органдарға тұрақты басшылық етті.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қоғамда алатын орны ерекше болып табылады. Себебі: жергілікті мәслихаттар халық үшін өмірлік зор маңызы бар мәселелерді шешеді. Ол аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік, саяси бағдарламаларды бекітеді. Мәслихаттар әкімдердің, жергілікті атқарушы органдардың басқа да басшыларының есептерін қарайды, жергілікті заемдар мен облигацияларды шығару және тарату туралы шешімдер қабылдайды. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша кәмелетке толмаған балалардың істері жөніндегі т. б. комиссиялардың құрамын жасақтап, бекітеді. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, баспасөзде жарияланады; оларды жергілікті органдардың, ұйымдар мен азаматтардың барлығы бірдей орындауға тиіс. Мәслихаттың шығырғын шешімдері Конституцияға, Президент жарлықтарына, Үкіметтің қаулыларына және өзінен жоғары тұрған мәслихаттардың шешімдеріне қайшы келмеуі керек. Егер қайшы келген жағдайда, ол сот тәртібімен ішінара не толық тоқтатылады. Мәслихаттар әр түрлі ережелер белгілеп, оларды бұзғандар үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындауы мүмкін. Мәслихатта белгіленген осы және басқа да ережелер мемлекетке, жергілікті халыққа, азаматтарға, жергілікті органдарға арналады; ондағы көзделетін мақсат - жергілікті байлықты (орман, су көздері, жануарлар) сақтау, әр түрлі аурулардың, жұқпалы індеттердің таралуына, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу, жұрттың тыныш өмір сүруіне, оқуына, жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу. Ал әкімшіліктер болса азаматтар мен ұйымдардың Конституцияны, заңдарды, басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, халыққа заңдарды түсіндіру жөнінде көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсететін объектілер (мектептер, ауруханалар т. б. ) құрылысы туралы қамқорлық жасауға, жолдардың жөнделуіне, көшелердің күтіп ұсталуына ықпал етуге, тұрғын үйлерді бөледі, және сонымен қатар әкімшілік мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерін басқарғанда олардың базаларының нығайтылуына қол жеткізуге; азаматтарды еңбекке орналастыру мәселелерін шешуге; мүгедектерді, жұмыссыздарды, әл-ауқаты төмен отбасыларын әлеуметтік жағынан қорғауға; халықтың ұлттық дәстүрлері мен салттарының дамуына көмек көрсету сияқты қызметтерді атқарады. Қазақстанда әр түрлі ұлттың азаматтары өмір сүреді, олар өздерінің ұлттық салттары мен дәстүрлері бойынша өмір сүруге құқылы. Әкімшіліктер осы ұлттардың салттары мен дәстүрлеріне нұқсан келтірмеудің шараларын қолданып отыруға тиіс.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы жергілікті мемлекет органдарының аталған үлгісін қабыл алды. Конституцияның осы органдарға арналған бөлімі ″Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару″ деп, аталады. Бұл бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару органдары туралы жалпы айтылады. 2001 жылғы 23 қаңтардағы ″Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заңы жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тіртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген. Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталған заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер белгілеген құзіреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Заңда жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Шын мәнінде ″Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заң Конституцияға негізделеді және сәйкестендіріледі. Сонымен бірге аталмыш заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы негізгі арнайы заң болып табылады. Арнайы болып табылатын себебі, ол жергілікті мемлекеттік басқару органдарына арнайы шығарылған, басқа мұндай заң жоқ. Бірақ бұл жергілікті органдарға қатысты басқа ешқандай заңдар болмайды және осы заңды өзгертіп, толықтыратын басқа заңдар қабылданбайды дегенді білдірмейді. Ерте ме, кеш пе, қажет болған кезде тиісті заңдар қабылданып отырады. Осындай заңдар қарастырылатын заңның құрамдас бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген бағыттары мен қамтамасыз ету тетіктерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер де қабылдануы мүмкін. Олар заңдар және қосалқы заңдық актілер: Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары болуы мүмкін. Осындай нормативтік құқықтық актілер үшін ″Жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заңның қағидалары негіз болып табылады, яғни, қосалқы заңдық актілер аталмыш заңның негізінде және нақтылануымен қабылданады. Жинақтағанда олардың барлығы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдарды құрайды. Бұл заңдар Қазақстан Республикасындағы барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қолданылады.

Менің бұл тақырыпты магистрлік диссертацияма тақырып етіп таңдап алуымның себебі: Бірішіден, бұл тақырыптың аз зерттелгендігі толғандырды. Бірақ, менің бұл сөзім осы тақырыпқа қатысты ғалымдардың ешқандай еңбектері жоқ дегенді білдірмейді. Бұл тақырыпқа қатысты ғалымдардың еңбектері бар. Мысалы,

Ғ. Сапарғалиев ағамыздың ″Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері″ 2003 жылы шыққан, С. А. Табановтың ″Салыстырмалы құқықтану негіздері″ 2003 жылы шыққан, М. А. Қызылов, А. В. Карпекиннің ″Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы″ 2002 жылы шыққан, Профессор, Т. Ағдарбеков ағамыздың ″Мемлекет және құқық теориясы″ 2003 жылы шыққан, Ғ. Сапарғалиевтың ″Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері″ 1998 жылы шыққан, Е. Баяновтың ″Мемлекет және құқық негіздері″ 2001 жылы шыққан, Н. Дулатбеков, С. Амандықова, А. Турлаевтардың ″Мемлекет және құқық негіздері″ 2001 жылы шыққан, А. С. Ибраева, Ғ. Сапарғалиевтардың ″Мемлекет және құқық теориясы″ 1997 жылы шыққан, З. О. Ашитов, Б. З. Ашитовтардың ″Қазақстан Республикасының құқық негіздері″ 2003 жылы шыққан, Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мұхтарова, А. Н. Тәукеевтардың ″Мемлекет және құқық теориясы″ 1999 жылы шыққан және тағы басқаларды айтуға болады. Ғалымдар өз еңбектерінде аталмыш тақырыпқа жалпы тоқтала кеткен сияқты. Сол себептен, мен бұл тақырыпты бүге-шүгесіне дейін жеке-жеке тоқталып, зерттегенді жөн санадым. Екіншіден, бұл тақырыптың кең ауқымдылығы, өзіндік ерекшелігі себеп болды. Үшіншіден, ғылымға және дәл қаізргі сәтте жергілікті мемлекеттік басқару органдарын реформалауға өз үлесімді қоссам деп ойлаймын. Егерде, менің бұл диссертациямда авторлардың еңбегіне ұқсас жайыттар кездесіп жатса, оны жәй сәйкестік деп қабылдаңыздар.

1. Жергілікті өкілді органдар

1. 1. Жергілікті өкілді органдар сипаттамасы, жүйесі,

құрылу тәртібі және құрамы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілді органдар жүзеге асырады. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының ″Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару″ деген ΥΙΙΙ бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген [1] .

Аталған мәселелер 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Ν148-ΙΙ ″Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заңымен, 2001 жылғы 25 сәуірдегі Ν179-ΙΙ, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы Ν276-ΙΙ, 2002 жылғы 21 мамырдағы Ν324-ΙΙ, 2004 жылғы 11 мамырдағы Ν552-ΙΙ, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Ν13-ΙΙΙ, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы Ν15-ΙΙΙ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен және толықтыруларымен, ″Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы″ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі Ν44-ΙΙΙ Конституциялық Заңдарымен реттеліп, жүзеге асырылады.

Осы Заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) халықтың өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген. Айталық, Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - бұл облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мұның өзі бұл орган халықтың өкілді органы екендігін және мемлекеттің өкілді органдарының жүйесіне кірмегендіктен, одан оқшауланып тұрғандығын аңғарудың қиындығы жоқ сияқты. Солай бола тұрса да, бұл органның жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеретініне күмән келтірмеуіміз керек. Сондықтан да болар жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланатындығы. Еніді түсінікті болу үшін мемлекетіміздің жергілікті өкілді органдарын басқа мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен салыстырып көрсек.

Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті мемлекеттік басқару сайлау органдары мен атқарушы аппараттар арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, жергілікті өкілді органдарын сайлау реттері заңмен белгіленеді. Әрине, мұндай жағдайда әрбір елде кандидаттарды ұсыну мен оларды сайлаудың өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар, атауларында да өзгешеліктер бар. Мысалы, АҚШ-та ″Муниципальдық кеңес″, Ұлыбританияда ″Графтар кеңесі″, Беларуссияда ″Жергілікті кеңес″, Францияда ″Департамент кеңестері″, Өзбекстанда ″Халық депутаттары Кеңесі″, ал Италияда ″Жергілікті басқару кеңесі″ деп аталады. Ал, біздің мемлекетімізде ″Мәслихаттар″ деп аталады. Ал, енді бұл мемлекеттердің жергілікті өкілді органдары мүшелерінің сайлану тәртібіне тоқтала кетейік. Мысалы, АҚШ-та муниципальдық кеңеске сайлау өткізуде бірмандатты және көпмандатты округтер құрылады. Кеңес мүшелері осы округтер бойынша сайланады. Ұлыбританияда графтар кеңесі мүшелері бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Францияда департамент кеңестері мүшелері екі турда өтетін сайлау арқылы сайланады. Италияда жергілікті басқару кеңестерінің мүшелері көпмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Ал, біздің мемлекетімізде мәслихаттарға депутаттар жергілікті округтер арқылы сайланады.

Бұл мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарының өкілеттік мерзімдері де әр түрлі болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияда-төрт жылға, Францияда-алты жылға, Италияда-бес жылға, Жапонияда-төрт жылға, Түркіменстанда-бес жылға, Беларуссияда-төрт жылға сайланады. Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттары-төрт жылға сайланады. Сонымен қатар, бұл органдар саны жағынан әр елде әр түрлі болып келеді. Мысалы, АҚШ-та-5-тен 50-ге дейін, Францияда-9-дан 165-ке дейін, Италияда-15-тен 80-ге дейін, Жапонияда-12-ден 120-ға дейін, Ұлыбританияда-30-дан 70-ке дейін мүшесі болады. Бұл жерде мүшесі деп отырғаным ол-депутаттар. Қазақстан Республикасында-25-тен 50-ге дейін болады.

Бұл аты аталған органдардың негізгі жұмыс түрі отырыс болып табылады. Бұл отырыстар сессиялық тәртіппен өткізіледі. Мысалы, Франция мен Жапонияда сессиялар жылына 4 реттен кем өткізілмейді. Ал, АҚШ-та бір айда 4 ретке дейін өткізіледі. Қазақстан Республикасында кезекті сессия жылына кем дегенде 4 рет шақырылады. Ал, мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізу мәслихатқа сайланған депутаттардың көпшілік дауысымен шешіледі. Бұл сессияда көкейкесті мәселелер шешіледі [2] .

Енді бір сәт Кеңес одағы кезеңіндегі жергілікті халық депутаттар Кеңесіне тоқтала кетейік. КСРО Конституциясына сәйкес, мемлекеттік биліктің өлкедегі, облыстардағы, автономиялық облыстардағы, автономиялық округтер, аудандар, қалалар, поселкелер мен ауылдық елді мекендердегі органдары болып халық депутаттар Кеңесі табылады (КСРО Конституциясының 145-бабы) . Кеңес үкіметінде жергілікті жерлердегі билік органдарының жүйесінің өмір сүруі елдің әрбір бөлігіндегі негізгі мемлекеттік қызметті орындауды қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шықты және мемлекеттік аппаратты еңбекшілер қауымына жақындату, халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге белсенді түрде тікелей қатысуы үшін жағдай жасау, азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысудағы конституциялық құқығын жүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады. Сондықтан да, жергілікті билік органдарының қызметі мен ұйымдастырылу формалары мен принциптері кеңес үкіметінің терең демократияшылдығын білдірді. 1977 жылғы КСРО Конституциясы және соның негізінде қабылданған 1978 жылғы одақтас республикалар мен автономиялық республикалар конституциясы жергілікті билік органдары мен басқарудың мемлекеттік-құқықтық мәртебесін бекітіп, олардың қызметін кеңейтіп, халықпен байланысының демократиялық формаларын күшейте түсті. Жергілікті билік органдарына сайлау туралы заңдар жалпы принципті белгілейді, соған сәйкес жергілікті кеңес депутаттарының саны, сол кеңес территориясындағы халықтың санымен байланысты болады. Сонымен бірге, кеңестің ішінен тұрақты комиссия құру үшін депутаттар санының жеткілікті болуы, сондай-ақ атқару комитеті депутаттарының сайлау округтерінде жұмыс жүргізу үшін мүмкіншіліктердің сақталуы көзделеді. Атап айтқанда, өлкелік кеңеске-360 депутат, облыстық кеңеске-238 депутат, автономиялық облысқа-227 депутат, автономиялық округ кеңесіне-109 депутат, аудандық кеңеске-82 депутат, қалалық кеңеске-137 депутат, қаладағы аудандық кеңестерге-216 депутат, поселкелік кеңеске-57 депутат, ауылдық кеңеске-33 депутат сайлануы тиіс болған [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті мемлекеттік органдар түрлері
Сот билігі органдары
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызметіндегі конституциялық қағидалар
Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Қазақстан Республикасы жергілікті жерді басқару жетілдіру жолдары
Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
Мемлекет механизмін ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары
Заң шығарушы билік органдары
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz