Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Агроөнеркәсіптіктік құрылымдардың мәні мен маңызы . . . 5

1. 2 Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының дамуындағы мақта шаруашылығының рөлі . . . 14

2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ДАМУ БЕТАЛЫСЫН ТАЛДАУ: 2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ДАМУ БЕТАЛЫСЫН ТАЛДАУ
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ДАМУ БЕТАЛЫСЫН ТАЛДАУ:
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ДАМУ БЕТАЛЫСЫН ТАЛДАУ: 2. 1
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығыгың қазіргі жай-күйін бағалау . . . 18
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ДАМУ БЕТАЛЫСЫН ТАЛДАУ: 2. 2
Мақта шаруашылығының негізі - шаруа қожалықтарын қолдау жолдары . . . 30
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ДАМУ БЕТАЛЫСЫН ТАЛДАУ: 2. 3
Мақта кластерін ұйымдастырудағы баға белгілеудің маңызы . . . 36

3 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

3. 1 Оңтүстік Қазақстан облысыныда мақта шаруашылығының даму бағыты . . . 50

3. 2 Мақта шаруашылығындағы шикізаттық базаны дамытудың келешегі . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аумақта экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кейбір объективті және субъективті себептерге байланысты мақта шаруашылығымен айналысатын өңірдің табиғи-климаттық жағдайы, суармалы жердің ерекшеліктері және мамандандырылуы, тағы басқалар ескерілмеген. Осындай себептердің нәтижесінде мақта кешенінде шаруашылықты ұйымдастырудың біртұтас экономикалық механизмін қалыптастыру баяу жүзеге асырылуда.

Қазақстанның Оңтүстігінде негізінен техникалық дақыл - мақта өсіріледі. Оның жер көлемі 200 мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы ауыл шаруашылық өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлесі 40% артық. Ілгеріде колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пайыз үлестері өлшемдерінің негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасқан.

Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі болуы, негізгі құралдардың және қаржының, жалпы өнімнің одан алынатын табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізі болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде өндіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктеріне де ие емес. Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды. Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен көрсеткіштермен аяқталады.

Тауар өндірушілердің шағын формалары өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып қалыптасқан.

Осындай өндірістік - экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра отырып, жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік-экономикалық әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру.

Біздің зерттеулеріміз бен ізденістеріміздің мақсаты - суармалы жерге мамандандырылған мақта шаруашылығындағы ұсақ агроқұрылымдарды біріктіру арқылы оңтайландырудың (ірілендірудің) ұйымдық-экономикалық негіздері мен мақта саласындағы типтік шаруашылықтар моделінің жобасын ұсыну.

Агроөнеркәсіптік кешеннің осындай салаларының бірі - мақта шаруашылығы. Бұл шаруашылық кешен құрылымында болмашы үлес салмаққа ие бола отырып, тоқыма өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етеді және экспортқа бағдарлы өнім шығарады. Қайта құру жылдарында мақта шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың еңбек тиімділігі көрсеткіштері елеулі төмендеді. Өңдеуші кәсіпорындардың өндірістері мен басқармаларының тиімділігі әзірге мардымсыз деңгейде қалып отыр. Жекелеген аудандарда шитті - мақта өндірісінің көлемі мен мақталық шығымдылығы төмендеп, мақта өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік және ресурстық әлеуеті бұзылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Мақта шаруашылығын өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындардың басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ғылыми негізді бағыттарын дайындау дипломдық жұмыстың мақсатын қалыптастырды. Бұл мақсат келесі міндеттерді қою барысында айқындалды:

  • нарықтық қатынастардың даму жағдайында агроөнеркәсіптік кәсіпорындарды тиімді басқарудың теориялық негіздері мен әдістемелік тәсілдерін зерттеп білу; әлемдік мақта нарығының даму заңдылықтары мен бағыттарын айқындау; Қазақстандағы мақта шаруашылығының қалыптасқан даму ерекшеліктері мен интеграциялық өзара байланыстарын оның пайда болу генезисін зерттеу негізінде анықтау; мақта өңдеуші кәсіпорындарды тиімді мемлекеттік басқару мен реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мақта шаруашылығына бағдарланған өндірістік кооперативтер мен кластерлік жүйенің үлгісін құру; мақта өңдеуші кәсіпорындарды басқаруда контроллинг жүйесін зерттеп, оның принциптерін өндіріске енгізу.

Зерттеудің пәні болып нарықтық экономика жағдайындағы шитті мақтаны өндіру мен өңдеу саласындағы ұйымдық-экономикалық қатынастар таңдалды.

Зерттеудің нысаны. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шитті-мақтаны өндіруші және өңдеуші кәсіпорындар зерттеу нысаны болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш тараудан және қорытынды пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр тарау бірнеше тармақшадан құралған. Соңында сілтемелер тізімі көрсетілген.

1. МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Агроөнеркәсіптік құрылымдардың мәні мен маңызы

Экономикалық әдебеттерде агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық мәнін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар қалыптасқан, оның құрылымын қалыптастыруда және агроөнеркәсіп кешенін жоспарлау мен басқаруда, біртұтас жүйе ретінде әдістемені қабылдауда, әр түрлі жанасулар болды. Бұл зерттеулер агроөнеркәсіп кешенінің күрделі де және шешімін табу өте қажет мәселе екендігін байқатады. Бірақ, агроөнеркәсіп кешенін біртұтас экономикалық жүйе ретінде зерттеу әдістемесін дамыту үшін, агроөнеркәсіп кешенінің мәні мен мақсатын, оның құрамы мен құрылымын, жоспарлау қағидалары мен көрсеткіштер жүйесін және зерттеу әдістемесін анықтаудың маңызы үлкен.

Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) - бұл агроөндірістік интеграциялық бірлесу үрдісінің дамуының нәтижесі. Бұл үрдістің экономикалық мәні, өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың дамуымен бірге, қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдейді, яғни, кейбір өндірістер және қызметтердің түрлері бөлініп шығады, және жеке дара өндіріс құрайды. Олар ауыл шаруашылығы үшін өндірістік құралдар шығаруға, өнімді қайта өндіруге, тасымалдауға, өнімді сақтауға, оны сатуға маманданады [1] .

Сонымен қатар ауыл шаруашылық өндірісінде аймақтар бойынша, жеке затты (өнімді), немесе оның бөлшегін өндіруге, немесе өндірілетін өнімнің технологиялық үрдісінің әр бір жеке сатысына маманданады. Қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндірісті мамандандыруды тереңдетудің нәтижесі, ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуіне, еңбек өнімділігнің өсуіне мүмкіндік жаратады. Сөйтіп, аграрлық салаға тығыз байланысты көптеген тізбектелген экономикалық салалар пайда болады.

Бірақ, бұл құбылыс өз кезеңінде объективті қиыншылықтар тудырады, себебі, салааралық байланыстар саны үлкен қарқында өседі, өзара бір-бірімен байланысты саламен сала арасында, өнім және қызмет ағымдары көбейеді. Экономикалық объективті даму заңы бұл айтылған қиыншылықтарға қарсы басқа үрдіс, яғни, алдын бөлек дамыған, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісін біртұтас жүйе ретінде бірлесіп, бірігіп дамуын қажет етеді.

Агроөнеркәсіп кешенінің қызметтік-салалық құрылымы - бұл кешеннің түпкілікті мақсатына жету үшін агроөнеркәсіп кешені шеңберінде анықталған қызметтерді атқаратын және бірігетін салалар мен қызметтер түрлерінің жиынтығы [2] .

Агроөнеркәсіп кешенінің өнімдік құрылымы - бұл түпкілікті өнімнің нақты түрлерінің сатылас интеграциялық біріккен өндірістерінің жиынтығы. Әр өнімдік ішкі кешен - бұл түрлі салаларға, сала ішіндегі өнімдерге жататын, бірақ берілген өнімді алу үшін мамандандырылған өндіріс құрал-жабдықтарын өндіруден бастап, осы өнімді халыққа өткізумен аяқталатын технологиялық бірлескен қызметтер түрлерінің өзара байланысты тізбегі.

Кешеннің қызметтік-салалық құрылымын анықтау - даму ауқымын көруге және шаруашылықтағы оның шекараларын белгілеуге мүмкіндік береді, бірак қызмет атқару үрдісінде пайда болатын өзара қатынастардың барлық қиындықтарын толық ашып бере алмайды.

Бұған, өнімдік кешендердің құрылымын анықтау арқылы қол жеткізуге болады. Бұл жерде түпкілікті өнімнің белгілі түрін дайындауда тығыз өндірістік-технологиялық байланыстары бар нақты өндірістердің өзара іс-әрекеттерін мұқият зерделеу маңызды.

Мемлекет аграрлық қайта қалыптастыру барысында жүргізіп жатқан өндірісті, өңдеуді, өнімді сақтауды және өткізуді ұйымдастыру мен басқару үрдістерінен толық өзін-өзі алып тастау саясатынан бас тартып АӨК-ң өнімдік кешендерінің тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ететін нақты іс-әрекеттерге көшуі тиіс. Бұл мәселелерге мемлекеттің араласу тәжірибесі АҚШ-та, Канадада табысты қолданылып келеді. АҚШ бидай, жүгері, сонымен қатар, жеміс, көкөніс және жүзім, оның ішінде соя, бұршақ және шитті мақта өнімдер кешендерін дамытудың жетекші елі болып есептелінеді.

Агроөнеркәсіп кешеніне Э. Н. Крылатых төмендегідей анықтама береді: "КСРО агроөнеркәсіп кешені - бұл, дамыған социализм экономикасының құрылымдық қалыптасуы, негізгі мақсаттары, тұрғындарды ғылыми негізделген норма деңгейінде азық түліктермен және ауыл шаруашылығы өнімдерімен, немесе оның орнын босатын шикізаттардан болған жалпы тұтыну заттарымен қажетілігін қанағаттандыру; тиімді ұлғайтылған ұдайы өндірістің дамуына жағдай жасау; сонымен қатар біртұтас жоспарлау және басқару жүйесі негізінде ауылдың әлеуметтік өзекті мәселелерін шешуге жағдай тудыру" [3] .

Агроөнеркәсіп кешенінің мәнін негіздеуде агроөнеркәсіп кешенін оңтайлау және үйлесімді жоспарлауды моделдеуде үлкен үлес қосқан А. П. Курносовтың еңбегін атап өтсе болады. Ол агроөнеркәсіп кешеніне келесідей анықтама береді: "Агроөнеркәсіп кешені бұл біртұтас, халық шаруашылығының өзара байланысты салаларының технологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық, бүтін жүйесі, негізгі мақсаттары ел тұрғындарын ауыл шаруашылық шикізаттарынан болған азық-түлік және басқа тұтынушылық заттарымен тұрақты қамтамасыз ету . . . " [4] .

Қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыру барысында ел ішіндегі агроөнеркәсіп кешенінің алдында жаңа мақсаттар мен мәселелер қойылуда. Сол үшін жоғарғы айтылғандарды ішіне толық қамтитын және АӨК-ін зерттеуде жүйелі жанасуды есепке алатын агроөнеркәсіп кешенінің белгері мен мәселелерін анықтау қажет.

Агроөнеркәсіп кешені жүйе ретінде төмендегі қызметтерді қамтиды:

- елдің тұрғындарын ауыл шаруашылық шикізаттарынан болған азық-түлік және басқа тұтыну заттарымен тұрақты қамтамасыз ету.

- агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары жалғасқан жерлерде, ерекше әлеуметтік инфрақұрылымдық жүйенің қалыптасып, іс жүргізуін қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі мақсаттары болып:

  • басқы мақсаты - елді азық-түлік қауіпсіздігінен қамтамасыз ету.
  • агроөнеркәсіп кешеніндегі салаларды және бөлімдерді тұрақты дамыту.

- агроөнеркәсіп кешенінің тиімді іс-жүргізуін қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы белгіленген агроөнеркәсіп кешенінің негізгі қызметтері мен мақсаттары, оның жүйе ішіндегі ішкі өнімдік кешені мен аймақтық кешендерінің іс-жүзінде шаруашылық жұмыстарын жүргізудің мақсаттары мен қызметтерін анықтау үшін негіз болып саналады. Сонымен қатар бұл оның құрылымдық элементтерін анықтау үшін әдістемелік негіз болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымы бойынша біртұтас ой-пікір жоқ. Кейбір ғалымдар агроөнеркәсіп кешенін үш сфераға, басқалары - төрт және кейде бес сфераға бөледі.

Экономикалық әдебиеттерде көбіне үш сфералық құрылымдық кешен үлгісі кездеседі. Өнімнің технологиялық өндірілу үрдісінің барысы бойынша жайғасқан, өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуден соңғы тұтыну өнімін шығаруға дейінгі анықталған үш сферадан басқа, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы барысында өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның да рөлі өсуде.

Өнімді дайындау, тасымалдау, өнімді сақтау, материалды-техникалық жабдықтау жүйелері өз кезінде, арнайы маманданған өзіне-өзі ерікті салаға айналуда. Олардың даму дәрежесі барлық салалардағы негізгі өндірістің іс-жүзінде тиімді қызмет атқаруына тығыз байланысты. Бұны, агроөнеркәсіп кешенінің құрамының бір бөлігі ретінде - өндірістік инфрақұрылым кешені деп бөліп айтсақ болады. Ол, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын байланыстырушы сала болып табылады [5] .

Агроөнеркәсіп кешенін аумақтық, аймақтық ерекшіліктеріне қарай ұйымдастыруға да болады: әрбір ірі экономикалық аудандарда өзіне тән табиғи және экономикалық жағдайларына байланысты өз агроөнеркәсіп кешені қалыптасуда, олар аймақтық немесе аумақтық болып қалыптасады.

Агроөнеркәсіп интеграциялық бірлестігінің дамуы және оны зерттеудегі ғылыми тетік құралдарды жетілдіру, агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын бір жақтама аймақтық немесе салалық деп талдаудың мүмкін еместігін дәлелдейді.

Агроөнеркәсіп кешенінің салалық-қызметтік құрылымы - бұл кешенінің соңғы мақсаттарына жету үшін оның ауқымында интеграциялық бірлескен және белгілі қызметтерді атқарушы салалар мен қызмет түрлерінің жиынтығы.

Агроөнеркәсіп кешенінің мақсаттары арасындағы ауылдың әлеуметтік мәселерін шешу мақсатының болуы, - дейді, Рессей ғалымы Э. Н. Крылатых - кешен құрамына ауылдағы өндіріс емес саланың бірі әлеуметтік инфрақұрылымды ендіру қажет екендігін атап өтеді [6] .

Агроөнеркәсіп кешенінің салалық-қызметтік құрылымы үш сферадан тұрады, олар төмендегілер:

I сфера - агроөнеркәсіп кешенінің барлық басқа сфералары үшін
өндірістік құралдарды өндіру өнеркәсібі, яғни ауыл шаруышылығын, азық-
түлік, ет-сүт өнеркәсібі және өнімді дайындау, сақтау жүйелерін өндірістік
құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін өнеркәсіптік салаларды және сала
ішіндегі бөлімдерді қамтиды.

IІ сфера - тікелей ауыл шаруашылық өндірісі, соның ішінде егін және
мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығына өндірістік технологиялық,
агрохимиялық, ирригация-мелиорациялық және ветеринариялық-санитарлық
қызмет атқару және тағы басқалар.

Сферада - ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу, соңғы тұтынушыға кешеннің дайын өнімін өндіру: бұған ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдейтін жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, ет-сүт, үн-дән өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары, әлеватор-қойма шаруашылықтары, сауда, қоғамдық тамақ, тұтыну корпорациясы кәсіпорындары тағы басқалар кіреді.

Агроөнеркәсіп кешенінің, азық-өнімдік құрылымы, өз кезеңінде - бұл, анық түрдегі соңғы тұтыну өнім өндірісінің тік интеграциалық бірлесу жиынтығы. Әрбір өнімдік интеграциалық бірлесу, ол өзара байланысты әр түрлі салаларға қарайтын тізбектегі қызметтер түрі, бір технологиялық процеспен, сол өнімді өндіру үшін қажетті арнайы өндірістік құралдарды өндіруден бастап, сол өнімді тұрғындарға сатуға дейінгіні қамтиды. Бұл жерде белгілі түрдегі соңғы тұтыну өнімін өндіруде, олардың арасындағы болған өндірістік-технологиялық байланыстарды өте ұқыпты түрде, өзара әсерін зерттеу қажет: көкөніс және көкөніс-консервісі, жеміс және жүзім-шарап өнімдерін т. б.

Сурет 1 - Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымы.

Осындай өндірістік топтар, кейбір соңғы тұтыну өнімін өндіру үрдісінде кооперациялық бірігу жәрдеміне іс жүзіне асырылуын - өнімдік ішкі кешендер деп аталады. Өнімдік ішкі кешендерде, біртұтас бір жерден басқару, жалпы тізбектегі өнім өндірістеріндегі мүмкіншіліктерді анықтауға және жеке дара өнім өндіруде кездесетін кейбір қателіктердің болмауына алып келеді [7] .

Өнімдік ішкі кешендерді дамыту бағдарламасы - мақсатты жанасуды іс жүзіне асыруға, атқаратын қызметтер мен мәселелерді басқаруды анық қалыптастыру, оған соңғы өндірілетін өнімнің барлық тік байланысты салаларда жаңа техналогия сипатына қойылатын бағыты болуы қажет, яғни, соңғы тұтыну өнімінің көлемін, құрылымын және сапасының негізделінуі, өнеркәсіп салаларын дамыту көрсеткіштерімен олардың жайғасуын, ауыл шаруашылығын дамыту, қажетті ауыл шаруашылық шикізаттарының көлемін және сапасын қамтамасыз ету, өнімдік ішкі кешендегі тізбектерге материалдық-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыздандыру, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдармен бірге [8], агроөнеркәсіп кешенінің барлық азық-түлік өндірістік кешендерін өндірістік және өндірістік емес деп бөлсе болады. Бұл жағдай агроөнеркәсіп кешенін екі үлкен азық-түлік өндіру жүйесі ретінде: агроөнеркәсіп кешенінің азық-түлік өндіру және агроөнеркәсіп кешенінің азық-түлік өндірмейтін бөлігі.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрамындағы соңғы тұтыну өнімін барынша анықтау деңгейіне байланысты агроөнеркәсіп кешенінің азық-түлік өндіру кешенінің құрылымын анықтаушы бірнеше өндіріс кешенін бөліп қараса болады. Әрбір азық-түлік өндіріс ішкі кешендерінің құрамына кіретіндер, олар: арнайы маманданған өндіріс құралдарын өндіру өндірісі; ауыл шаруашылығының маманданған салалары, белгілі түрдегі соңғы тұтыну өнімдерін алуға дейінгі берілген түрдегі шикізаттардың қайта өңделуі, сонымен қатар, маманданған көлік, өнімді сақтау жүйелері, маманданған сауда және тағы басқалар.

Инфрақұрылым салалары өндірісті дамытудың жалпы жағдайын қамтамасыз етеді, оған жол-көлік, буып-түйу шаруашылықтары, байланыс және тағы басқа инфрақұрылымдық бөлімдер, жеке құрылым ретінде әрбір үш саланың қармағына кіруі мүмкін. Өндірістік (тікелей өндіріске қызмет атқаратын салалар) және өндірістік емес (әлеуметтік) инфрақұрылымдар (тұрғындардың өмір сүруіне, яғни, үй-жай, мәдениет - тұрмыс қызмет көрсету т. б. жалпы жағдай туғызуды қамтамасыз ету салалары) болып бөлігеді.

Қазіргі таңдағы республика деңгейіндегі аграрлық саясат ауыл шаруашылық өндірісін дамыту мәселелерін шешуде, жалпы ел экономикасын тұрақты дамыту көзқарасымен сипатталады. Бүкіл шаруашылық құрылысын, тек ағымдағы кезеңде емес, алыстағы болашаққа бағдарлай дамытуды алға қояды. Ауыл шаруашылық өндірісін дамыту бүкіл ел экономикасының үйлесімділік қызмет атқаруының маңызды шарты. Ұдайы өндіріс үрдісіндегі ауыл шаруашылықтың ерекше рөлі агроөнеркәсіп өндірісі жүйесіндегі ауыл шаруашылықтың рөлі мен орнын бағалаудың ұстамдық негізі болып саналады [9] .

Ауыл шаруашылығында агроөнеркәсіп өндірістік факторларының басым бөлігі шоғырланған және онда кешеннің түпкілікті өнімінің заттық негізі жасалынады. Салааралық үйлесім деректері бойынша 2008 жылы кешенде жалпы жұмыспен қамтылғандардың 52, 2%-ы және кешеннің негізгі қорларының 57, 3%-ы ауыл шаруашылығына келетінін көрсетеді. 2008 жылы 23, 1 млн. гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылды, бұлардың бағасы 150, 2 млрд. теңгені құрады. 2008 жылдың басында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі өндірістік қорлары мен материалдық айналым қаражаттарының орташа жылдық көлемі 130, 5 млрд. тенге, мүның, 75, 6 млрд. теңгесі немесе 63, 5 %-ы ауыл шаруашылығында пайдаланылған. Ауыл шаруашылығы үшін бүгінгі күні, негізгі қорлар мен өндіріс құралдарың 75, 0%-ы өнеркәсіп өндірісінде жасалынады. Мұның, 24, 3%-ы машина жасау және темір өңдеу, тағы соншасы, отын салаларында, 18% химия, 21 %-тамақ, 13%-ы халық шаруашылығының басқа салаларының үлесінде.

Ауыл шаруашылығының, агроөнеркәсіп кешенінің орталық буыны ретіндегі рөлі, кешенді құраушы салалардың, өндірістік тұтынуындағы ауыл шаруашылық өнімінің басымды үлесімен бейнеленеді.

Кешенді құраушы салалардың жалпы ағымдағы материалдық тұтыну көлемінде ауыл шаруашылық өнімі - 43, 2%, тамақ өнеркәсібінің тұтыну көлемінде - 40, 5%, жеңіл өнеркәсібінде - 24, 3 %. Ауыл шаруашылық шикізаттарының үлес салмағы бұлардың бастапқы өңдеуімен айналысатын салалардың, материалдык шығындарында жоғарылау. Қоғамдық өнімді, ұлғаймалы ұдайы өндіру үрдісінде, ауыл шаруашылықтың жалпы өнімін аралық өнімге бөлуде орнықты үйлесімдер құралды және агроөнеркәсіп кешенінің даму шамасына қарай аралық өнім үлесінің көбею беталысы анық көрінеді: 1999 жылы - 55, 6%, 2008 жылы - 58, 9%.

Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің артуына байланысты, өндірістік тұтынылатын өнімнің салмағы оданда жоғарылауы қарқынды көбеюде. Аралық өнім ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2008 жылы 1999 жылға қарағанда 65, 1% өсті. Ауыл шаруашылық шикізатынан шығарылатын түпкілікті өнімді жасауда тікелей немесе жанама өнеркәсіптің 45 - тен астам салалары қатысады [10] .

Салааралық байланыстардың дамуы, ауыл шаруашылығының, әсіресе өнеркәсіпте дайындалған өндіріс құрал-жабдықтарын тұтыну есебінен өсетін материалдық өндірістік шығындарды өзгертеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығында кластерді жетілдірудің жолдары
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Қазақстан Экономикасын Кластерлер көтереді
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz