Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде



Қысқартылған сөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

I. ТАРАУ. Аймақтық қауіпсіздік: түсінігі және
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.1. Аймақтық қауіпсіздік түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Аймақтық қауіпсіздіктің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9


IІ. ТАРАУ. Орталық Азия мемлекеттері Халықаралық
қатынастар жүйесінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2.1. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия аймағындағы
геосаяси ахуал және аймақ мемлекеттерінің сыртқы саяси
ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Орталық Азия аймағында сыртқы саяси күштердің бәсекелестігі
факторы және оның аймақтағы халықаралық саясатқа әсері ... ..17
2.3. Орталық Азияға қауіп төндіретін негізгі қатерлер және олардың
алдын алу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

IIІ. ТАРАУ. Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік саласындағы
ынтымақтастығы . аймақтағы тұрақтылық кепілі ... ... ... ... ..30

3.1. Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы (ҰҚШҰ) және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында Орталық Азияда қауіпсіздікті сақтау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
3.2. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік проблемалары аясындағы Қазақстан.АҚШ ықпалдастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.3 Орталық Азия мемлекеттері үшін аймақтық интеграцияның рөлі және оның тимді бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Пайдаланған әдибиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлемде күштер тепе-теңдігі және геосаяси әсерлердің ауысуына әсер еткен үрдістер жүрді. ХХ-ғасырдың 90-шы жылдарының басына дейін өмір сүрген биполярлы халықаралық қатынастар жүйесі жойылып, оның орнына келген жаңа әлемдік құрылым барлық мемлекеттерді өздерінің сыртқы саяси қайта қарастыруына алып келді. Бұрынғы посткеңестік кеңістікте геосаяси және геостратегиялық маңыздылығы жағынан алып қарағанда, 5 республиканы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан) ішіне алатын Орталық Азия аймағының әлемдік саясатта алатын орны орасан зор. Тарихтан белгілі, бұл аймақ әрдайым ұлы державалардың мүдделері тоғысқан бір аймақ болып табылады. 20-ғасырдың басында Ұлыбритания мен Ресей империялары аталған аймақты өзінің үстемдік ету аумағына айналдыру үшін «Үлкен ойын» саясатын жүргізгендігі мәлім. Қазіргі таңда көптеген саясаттанушылар мен халықаралық қатынастар, сыртқы саясаты саласы мамандары осы саясаттың 21-ғасырда жаңадан бастау алды деген пікірде. Мұны зерттеушілер Кеңестер Одағының ыдырауымен биполярлық жүйенің жойылуы нәтижесінде аймақта әлемдік күштердің геосаяси бәсекелестігінің артуымен байланыстырады.
Орталық Азияда АҚШ, Қытай, Ресей және ЕО мемлекеттері сияқты алпауыт мемлекеттердің саяси мүдделерінің артуы нәтижесінде аймақ мемлекеттері үшін ең маңыздысы – аймақта сыртқы күштердің бәсекелестігі артқан жағдайда қарым-қатынастарда балансты сақтай отырып, ұлттық мүдделерімізге нұқсан келмейтіндей бағытта даму болды. Сонымен қатар, Орталық Азия мемлекеттері үшін Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейінгі өтпелі кезеңде шет мемлекеттердің посткеңестік аумақта артқан мүдделері тоғысында сыртқы инвестицияларды кең көлемде ұлттық экономикаларына тарта отырып мығым нарықтық экономиканың іргетасын қалау кезек күттірмес мәселе болып табылды. Бұл жағдайда, сыртқы инвесторлар үшін ең тартымды сала - Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасында мұнай-газ секторы болғандығы баршамызға мәлім. Осыдан келіп 20-ғасырдың соңы мен жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азияның әлемдік державалардың геосаяси бәсекелестігі аймағына айналуы оның бай энергоресурстарына тікелей байланысты болды.
1. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. Алматы Атамұра 2003.
2. Н. Назарбаев. Бейбітшілік кіндігі. Алматы Атамұра 2003.
3. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. http://www.akorda.kz.
4. Н. Назарбаев. Сындарлы он жыл. Алматы Атамұра 2003
5. Назарбаев Н. А. Казахстанский путь, – Караганда, 2006 – 372 стр
6. Послание Президента Республики Казахстан — Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия “Казахстан-2050”: новый политический курс состоявшегося государства» (Астана, 14 декабря 2012 г.): Материалы мероприятий, посвященных обсуждению Послания Главы государства / Отв. ред. Б.К. Султанов. — Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2013.
7. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация — главный вектор развития Казахстана». Материалы круглого стола (г. Алматы, 31 января 2012 г.) / Отв. ред. С.Т. Сейдуманов, Б.К. Султанов. — Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2012.
8. Внешнеполитическая деятельность Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в 2011 году / Под ред. Б.К. Султанова.— Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2012
9. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2010. – 30 қаңтар, 1-2 б.

Мазмұны

Қысқартылған сөздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...4

I. ТАРАУ. Аймақтық қауіпсіздік: түсінігі және
теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 7

1.1. Аймақтық қауіпсіздік
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Аймақтық қауіпсіздіктің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 9

IІ. ТАРАУ. Орталық Азия мемлекеттері Халықаралық
қатынастар жүйесінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2.1. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия
аймағындағы
геосаяси ахуал және аймақ мемлекеттерінің сыртқы
саяси
ұстанымдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .13
2.2. Орталық Азия аймағында сыртқы саяси күштердің
бәсекелестігі
факторы және оның аймақтағы халықаралық саясатқа әсері
... ..17
2.3. Орталық Азияға қауіп төндіретін негізгі қатерлер және
олардың
алдын алу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...22

IIІ. ТАРАУ. Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік саласындағы
ынтымақтастығы – аймақтағы тұрақтылық кепілі
... ... ... ... ..30

3.1. Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы (ҰҚШҰ) және Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында Орталық Азияда қауіпсіздікті
сақтау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
...30
3.2. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік проблемалары аясындағы
Қазақстан-АҚШ
ықпалдастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
3.3 Орталық Азия мемлекеттері үшін аймақтық интеграцияның рөлі
және оның тимді
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ...46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..53
Пайдаланған әдибиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 55

Қысқартылған сөздер тізімі
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЕҚЫҰ - Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы
ЕурАзЭЫ - Еуразиялық Экономикалық Ынтымақтастық
ЕЭҚ - Еуропалық Экономикалық Қауымдастық
ОАЫ - Орталық Азиялық Ынтымақтастық
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ШЫҮ - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
ҰҚШҰ- Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы
АСЕАН - Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы

Кіріспе
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлемде күштер тепе-теңдігі және геосаяси
әсерлердің ауысуына әсер еткен үрдістер жүрді. ХХ-ғасырдың 90-шы жылдарының
басына дейін өмір сүрген биполярлы халықаралық қатынастар жүйесі жойылып,
оның орнына келген жаңа әлемдік құрылым барлық мемлекеттерді өздерінің
сыртқы саяси қайта қарастыруына алып келді. Бұрынғы посткеңестік кеңістікте
геосаяси және геостратегиялық маңыздылығы жағынан алып қарағанда, 5
республиканы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және
Тәжікстан) ішіне алатын Орталық Азия аймағының әлемдік саясатта алатын орны
орасан зор. Тарихтан белгілі, бұл аймақ әрдайым ұлы державалардың мүдделері
тоғысқан бір аймақ болып табылады. 20-ғасырдың басында Ұлыбритания мен
Ресей империялары аталған аймақты өзінің үстемдік ету аумағына айналдыру
үшін Үлкен ойын саясатын жүргізгендігі мәлім. Қазіргі таңда көптеген
саясаттанушылар мен халықаралық қатынастар, сыртқы саясаты саласы мамандары
осы саясаттың 21-ғасырда жаңадан бастау алды деген пікірде. Мұны
зерттеушілер Кеңестер Одағының ыдырауымен биполярлық жүйенің жойылуы
нәтижесінде аймақта әлемдік күштердің геосаяси бәсекелестігінің артуымен
байланыстырады.
Орталық Азияда АҚШ, Қытай, Ресей және ЕО мемлекеттері сияқты алпауыт
мемлекеттердің саяси мүдделерінің артуы нәтижесінде аймақ мемлекеттері үшін
ең маңыздысы – аймақта сыртқы күштердің бәсекелестігі артқан жағдайда
қарым-қатынастарда балансты сақтай отырып, ұлттық мүдделерімізге нұқсан
келмейтіндей бағытта даму болды. Сонымен қатар, Орталық Азия мемлекеттері
үшін Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейінгі өтпелі кезеңде шет мемлекеттердің
посткеңестік аумақта артқан мүдделері тоғысында сыртқы инвестицияларды кең
көлемде ұлттық экономикаларына тарта отырып мығым нарықтық экономиканың
іргетасын қалау кезек күттірмес мәселе болып табылды. Бұл жағдайда, сыртқы
инвесторлар үшін ең тартымды сала - Орталық Азия мемлекеттерінің
экономикасында мұнай-газ секторы болғандығы баршамызға мәлім. Осыдан келіп
20-ғасырдың соңы мен жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азияның әлемдік
державалардың геосаяси бәсекелестігі аймағына айналуы оның бай
энергоресурстарына тікелей байланысты болды.
Қазіргі кезеңде Орталық Азиядағы мемлекеттерінің сыртқы саяатында
басымды міндет ретінде аймақта дәстүрлі емес қатерледің таралуына жол
бермеу болып отыр. Аталған аймақтағы тұрақсыздықтың белең алуы көбінесе,
Орта Азия мемлекеттеріндегі саяси үрдістердің толық аяқталмауы мен курмеуі
көп әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсерініен болып отыр. Сондай-ақ,
Орталық Азияның саяси тұрақсыз аймақтармен (Ауғанстан, Пәкістан, Орта және
Таяу Шығыс елдері) географиялық жағынан көршілес орналасуы оның жаңа қауіп-
қатерлердің басқа елдерге таралуына транзиттік аймаққа айналуына әкеліп
соқтырды. Орталық Азия экономикалық, географиялық, тарихи, діни, мәдени
ерекшеліктері жағынан ұқсас мемлекеттердің басын құраған ауқымды біртұтас
аймақ болып табылатындықтан, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік бұл
мемлекеттер үшін ортақ мәселе болып табылады.
Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы ең басты
деңгейі – аймақта орналасқан әрбір мемлекетте бәсекеге қабілетті экономика,
белсенді әлеуметтік саясат қалыптастыру, уақыт талаптарына сай реформалар
жасау және қоғамдық бірлік, ұлтаралық және діни кофессиялар арасындағы
келісімді нығайту арқылы жүзеге асырылады. Бұл деңгейде әрбір Орталық Азия
Республикаларының өзіндік таңдаған жолы бар. Қазақстанды мысал ретінде
қарастыратын болсақ, біздің бағытымыздың негізінде: президенттік басқару
формасының сақталуы, реформалардың кезектілігі, қабылданған шешімдердің
тепе-теңдігі, жалпыұлттық диалог және негізгі саяси күштердің бірлігі
жатыр.
Бүкіл аймақтағы қауіпсіздік және тұрақтылықты сақтау мәселесіне келер
болсақ, қазіргі таңда Орталық Азияда ешбір мемлекет экономикалық, саяси,
әлеуметтік, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті күшке
және құралдарға ие емес. Сонымен қатар, дәстүрлі және дәстүрлі емес қауіп
қатерлерге жалғыз қарсы тұра алмайды. Сондықтан, Орталық Азия
мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының әркелкілілігін
есепке ала отырып, аймақ мемлекеттерінің интеграциясы бастамаларының орны
ерекше. Бұл бастамалардың жүзеге асуына негізгі ұйытқы болған аймақтағы
көшбасшы мемлекет - Қазақстан Республикасы және ҚР Президенті Н.Назарбаевты
ерекше атап өту қажет. 90 жылдардың басынан бастап Орталық Азия мемлекетері
мен Қазақстан қатысуымен аймақта әртүрлі деңгейде интеграциялық
бірлестіктер құрылды. Олардың ішінде Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық
пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды роль атқаратын ұйымдардың қатарына
құрамына әлемнің 15-тен астам мемлекеті мүше болып табылатын және 10-жуық
мемлекет бақылаушы болып табылатын, беделді халықаралық ұйымдар да
қатысатын АӨСШК (Азиядағы Өзара Сенім және Ықпалдастық шаралары) ұйымы және
әскери-саяси ынтымақтастық саласында 1992 ж. 15 мамырда құрылған құрылған
ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы) және негізі 1996 жылы қаланып, 2001
ж қалыптасқан ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы) ұйымдарын ерекше атап өтуге
болады.
Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі – Қазіргі таңдағы халықаралық
қатынастарда әлем елдернің сыртқы саяси ұстанымдары мен стратегиялары
көбінесе олардың экономикалық мүдделерімен және энергетикалық ресурстарға
деген қажеттілігімен анықталып отыр, Осы көзқарастан алып қарағанда,
Орталық Азия аймағы әрқашан сыртқы күштердің факторы аймағы деп
тұжырымдасақ қателеспейміз. Сондықтан аймақ мемлекеттері үшін қалыптасқан
геосаяси шарттар ішінде өз егемендіктері мен қауіпсіздіктерін қамтамасыз
ету, тұрақтылықты сақтау - ең маңызды міндетке айналып отыр. Ал осы
мәселелерді түбегейлі зерттеп, талдау жасау және аймақтағы тұрақтылық пен
қауіпсіздікті сақтау жолдары мен оларды жүзеге асыру механизмдері осы
мемлкеттердегі халықаралық қатынастар саласы мамандары үшін аса маңызды
болып саналады.

Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты –
Орталық Азиядағы саяси үдерістердің дамуын талдай отырып, аймақтағы
тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың негізгі алғышарттары мен
механизмдерін анықтау болып табылады Осы мақсатқа сәйкес автор төмендегідей
міндеттерді алдына қойды:
- Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейінгі уақытта Орталық Азияда
қалыптасқан геосаяси ахуалға талдау жасау және оған әсер еткен
факторларды зертеу;
- Әлемдік акторлардың Орталық Азиядағы сыртқы саяси
стратегияларын талдау;
- Орталық Азия мемлекеттернің интеграциялық бастамаларына
тоқталу;
- Әртүрлі халықаралық ұйымдар аясында аймақ мемлкеттерінің
қауіпсіздікті сақтаудағы талпыныстарын сараптау.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы алдына қойған
мақсаттарға байланысты кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиет тізімінен тұрады.

І-ТАРАУ. АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Аймақтық қауіпсіздік түсінігі

Үшінші мыңжылдықтың басында, ақпараттық қоғам құру барысында қауіпсіздік
ұлттық қауіпсіздік жүйесінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Сондықтан біртұтас
мемлекеттік қауіпсіздік саясатын қалыптастырып, оны дамыту шаралары
басымдықты талап етеді. Осыған байланысты мақаланың мақсаты қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің саяси механизмдерін зерттеу және қауіпсіздіктің
концептуалдық негіздері мен принциптерін ашып көрсету. Қазақстан
Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан - 2030.
Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының
артуы атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретінде
ұлттық қауiпсiздiк айқындалды, ал ұлттық қауіпсіздіктің негізгі
аспектілерінің бірі ақпараттық қауiпсiздiк болып табылады. Президент бұдан
кейінгі жол-дауларында, сонымен бірге Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарында
да экономикалық, сонымен қатар қауіпсіздікті дамытуға байланысты шаралар
жүйесін жетілдірудің қажеттігін атап өтті[1].
Қауіпсіздік, салыстырмалы түрде алғанда, ХХ ғасырдың соңына таман пайда
болған жаңа ұғым. Жалпы ақпарат теориясы, ақпаратты қорғау түсініктері
өткен ғасырдың ортасынан зерттеу объектісіне айналып, ақпараттық
технологиялардың тез дамуы, соған сәйкес дамыған елдер қозғаушысы болып
табылатын бүкіләлемдік жаһандану процесіне даму жолына енді түскен
мемлекеттердің тез тартылуы қауіпсіздіктің өзектілігін күшейте түсті.
Дегенмен, мемлекеттің ақпараттық саясатына қатысты бірнеше Қазақстандық
ғалымдардың еңбектерін атауға тұрарлық.
Танымал саясаттанушы ғалым Ғ.Ж. Ибраева Қазақстанда демократиялық қоғам
құру жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарының ролі мен орны, мемлекеттің
медиакеңістігін қалыптастыру, әлемдік ақпарат кеңістігіне ену жағдайында
мемлекеттің тұтастығын сақтап қалу, Қазақстандық халықтың мәдениеті мен
дінін сақтау, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының қауіпсіздікке
әсерін зерттеп, ғылымын негіздеді.
Алияров Е.К. докторлық диссертациясында жаһандық ақпараттану жағдайында
Қазақстанның ақпараттық саясатын қалыптастырудың методологиялық
мәселелерімен бірге мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігінің халықаралық және
нормативтік-құқықтық аспектілеріне көңіл бөлген. Е.К. Алияровтың кейбір
ұсыныстары Қазақстан Республикасының қауіпсіздік тұжырымдамасында көрініс
тапты.
Қауіпсіздік деп, жалпы айтқанда, адамзаттың тіршілігін, оның дамуын,
сонымен бірге адамзат тіршілігін дамыған гуманистік ақпараттық өркениетке
айналуын қамтамасыз ететін, ақпараттанудың барлық келеңсіз зардаптарын
болдырмауға, жоюға кепіл беретін ақпараттану процесінің және қоғамның
барлық тіршілік әрекетінің қасиетін айтамыз[2]. Яғни, тек қауіпсіздікті
қамтамасыз еткен жағдайда ғана қоғамды ақпараттандыру процесі даму ресурсы
ретінде, ақпаратты толықтай пайдалану негізінде адамзат тіршілігін
интеллектуалды-гуманистік сипатқа айналдыра алады[3].
Қауіпсіздік кез-келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі
салаларының бірі болып табылатыны белгілі. Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңында: ақпараттық қауiпсiздiк - мемлекеттiк
ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары
мен қоғам мүдделерiнің қорғалуының жай-күйi деп берілген.
Қауіпсіздікті камтамасыз ету мәселесі бүгінгі таңда тек біздің елдегі
ғана емес, сонымен бірге барлық дамыған елдерге тән өткір мәселенің бірі
болып отыр. Тіршіліктің түрлі саласындағы ақпараттық жүйелер мен
ресурстарды пайдалану тәжірибесі материалдық және басқа да шығындарға
ұшырататын ақпаратты жоғалтуға байланысты түрлі қауіптің бар екендігін
көрсетіп отыр. Сонымен қатар ақпараттың толық қауіпсіздігіне қол жеткізу
өте күрделі мәселе.
Маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын мемлекеттік билік органдары
толық, шынайы, уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етілмесе, онда нақты, негізді
шешімдер қабылдау қиынға түсетіні белгілі. Кезінде АҚШ Президенті Р.Никсон
жалған ақпаратқа, насихатқа жұмсалған 1 доллар қару-жарақ өндірісіне
жұмсалатын 10 доллардан маңыздырақ деп есептеген екен. Ақпаратты өңдеу
индустриясы жаһандық деңгейге жетті. Қазіргі таңда адамзат қоғамында,
сонымен қатар мәліметтерді өңдеу технологияларында болып жатқан күрделі
өзгерістер ақпаратты қорғау мәселесінің мән-мағынасына әсер етіп отыр.
Мысалға, шетелдік әдебиеттердің мәліметтеріне сәйкес, 70-жылдардың соңына
қарай ақпаратты жинау, өңдеу, пайдалану саласындағы қызмет түрі АҚШ-тың
ұлттық айналымдағы өнімінің 46%-на жетіп, ал жалпы еңбекақы сомасының 53%-н
құраған[4]. Электрондық ақшалардың (кредиттік карточкалар) пайда болуы
көп көлемді ақшаларды ұрлауға себеп туғызды. Баспасөзде, түрлі әдебиеттерде
автоматтандырылған мәліметтерді өңдеу жүйелерінен ақпарат ұрлау фактілеріне
байланысты көптеген мәліметтерді кездестіруге болады, яғни аталған
мәселелердің маңыздылығын, өзектілігін көрсетіп отыр.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құралдары мен субъектілерінің және
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің жиынтығынан
тұрады. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі негізінен
мәндік бағыт, мақсат, принциптер, іске асыру нысандары және әдістері арқылы
сипатталады[5].
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмінің ең маңыздысы заңнамалық деңгей
болып табылады. Бұл деңгейге қауіпсіздіктің бұзылуына және бұзушыларға
қоғамда төзімсіздік көзқарас қалыптастыруға бағытталған барлық шаралар
кешенін жатқызуға болады. Бұл деңгейде ең бастысы – ақпараттық
технологиялар прогресімен ілесе алатын заң шығару механизмін жасау керек.
Әрине, өмірде бәрін алдын-ала болжау, соған лайықты заң шығару мүмкін емес.
Дегенмен заң шығару процесі ақпараттық технологиялардың даму процесінен көп
артта қалмау керек. Өйткені бұл қауіпсіздіктің төмендеуіне әкеліп соғуы
мүмкін. Заңнамалық деңгейдің талаптарының бірі – ақпараттық технологиялар,
қауіпсіздікке қатысты кезкелген мемлекеттің стандарттарын халықаралық
стандарттармен сәйкестендіру.

1.2. Аймақтық қауіпсіздіктің теориялық негіздері

Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде ақпараттық қатынастарға,
қауіпсіздікке, оның ішінде ақпаратты қорғауға, ақпараттық технологияларды
дамытуға арналған біршама заңдар мен Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары
жарық көрді. Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің мемлекеттік
саясатының негізі Конституция баптарынан бастау алып, Ұлттық қауіпсіздік
туралы, Мемлекеттік құпиялар туралы, Ақпараттандыру туралы т.б.
заңдармен, Президент жарлықтарымен, Үкімет қаулыларымен, мемлекеттік
бағдарламалармен және мемлекетаралық құжаттармен реттеледі. Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы заңда қауіпсіздікті қамтамасыз
ету бойынша арнайы 22-ші бап қарастырылған. Ал 2004 жылғы 7 мамырда аталмыш
заң қосымша 22-1 Байланыс саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бабымен толықтырылды.
Мемлекеттік құпиялар туралы заң Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың
құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді
мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік
етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттейді. Заңда мемлекеттік құпиялар, мемлекеттік құпия,
қызметтік құпия, құпиялылық белгісі, мемлекеттік құпиялар болып
табылатын мәліметтер көздері, мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесі деген
түсініктерге анықтамалар берілген.
Осы Заң арқылы әртүрлі саладағы мемлекеттік құпияларға жататын мәлімет
түрлері көрсетілген. Мысалға, 11-бапта әскери саладағы, 12-бапта экономика,
ғылым және техника саласындағы, 13-бапта сыртқы саяси және сыртқы
экономикалық салалардағы, 14-бапта барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру
қызметі мен өзге де қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер түрлері келтірілген. Сондай-
ақ Заңда мәлiметтердi мемлекеттiк құпияларға жатқызу, мемлекеттiк құпиялар
болып табылатын мәлiметтер мен олардың көздерiн құпияландыру тәртіптері,
мәлiметтер мен олардың көздерiн құпияландырудың принциптерi, мәлiметтердiң
құпиялылық дәрежелерi мен мәлiметтер көздерiнiң құпиялылық белгiлерi,
мәлiметтер мен олардың көздерiн құпиясыздандыру, бiрлескен және басқа да
жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттiк құпиялар болып табылатын
мәлiметтердi беру, мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi шет
мемлекеттерге беру, Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына,
азаматтарына және шетелдiктерге мемлекеттiк құпияларға рұқсат ету,
мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қорғау құралдарын
сертификаттау тәртіптері көрсетілген.
Қауіпсіздік саясаты ұйымның ақпараттық жүйелеріне келетін нақты
қатерлерлерді талдау негізінде құрылады. Болуы мүмкін қатерлер талданып,
қорғау стратегиясы анықталған соң, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
бағдарлама қабылданады. Осы бағдарламаға сәйкес ресурстар бөлініп, жауапты
адамдар тағайындалады, бағдарламаның орындалу барысын бақылау тәртібі
анықталады.
А. Сәрсенбаевтың Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасы ақпараттық
саясатының қалыптасу старатегиясы атты докторлық диссертациясында
қауіпсіздік аспектілері сыртқы және ішкі болып жіктелген:
Қауіпсіздіктің сыртқы аспектісі мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығына,
әлеуметтік және саяси процестерге, халықтың сана сезіміне кері әсерін
тигізетін бұрмаланған, жалған, агрессивтік және басқа да сыртқы ақпараттан
сақтануды ұйымдастыру қажеттілігін білдіреді. Мемлекеттің ақпараттық
қауіпсіздігін сақтау - қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сәйкес мемлекет
өзінің ішкі ұлттық ақпараттық кеңістігін сыртқы қауіптен сақтауға құқылы
дегенді білдіреді.
Қауіпсіздіктің ішкі аспектісі ақпараттық кеңістікті ұлттық қауіпсіздікке,
мемлекеттің территориялық бүтіндігіне, егемендігіне, ел азаматтарының
мүддесіне қайшы келетін ішкі ақпараттан қорғауды білдіреді. Сонымен бірге
басқа елдердің ақпараттық жүйелерімен бәсекеге қабілетті ұлттық ақпараттық
жүйе қалыптастыру, ақпараттық арналарды сыртқы шабуылдардан сақтау
шаралары да ішкі қауіпсіздік жүйесіне жатады.
Соңғы уақытта әлем жұртшылығын толғандырып отырған жаһандану процесi
туралы бұхаралық ақпарат құралдарының қай түрiнде болмасын, сонымен қатар
ғылыми еңбектерде, симпозиумдар мен конференцияларда аз айтылып жатқан жоқ.
Жаһандану бүкiл әлемдi ең жаңа озық технологиялар мен ақпараттық кеңiстiк
арқылы қаржы-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени байланыстардың ашық
жүйесiне тартуды бiлдiредi. Бұл обьективтi процесс, оның қарқыны қазiрдiң
өзiнде жеделдей түсуде[6]. Қоғамды жаппай ақпараттандыру халықаралық
қатынастардың дәстүрлі ойыншылары – мемлекеттермен бірге мемлекеттік емес
құрылымдардың рөлінің артуына жағдай жасап отыр. Қазіргі заман қоғамының
тіршілік ету салаларының ішінде жаңа сала – ақпараттық сала бірінші орынға
шықты. Ақпараттық сала жаңа ресурс ретінде ақпаратпен және ақпаратты
иемденуге бағытталған күрестен туындайтын жаңа қайшылықтармен ерекшеленеді.
Осыған байланысты қауіпсіздікке қатысты жаңа қауіп-қатерлер туындайды.
Бұндай жағдайда мемлекеттің аса маңызды функциясы ретінде ұлттық
қауіпсіздік түсінігіне жаңаша көзқарас қалыптасады. Жаһандану жағдайында
әскери күш түсінігі де өзгеріске ұшырап, бұрынғы дәстүрлі әскери қарудан
ақпараттық қарудың маңызы арта түседі. Ақпараттық технологиялардың қорғаныс
саласындағы рөлінің артуы көптеген батыс елдерін, әсіресе АҚШ-ты қарулы
күштер құрылысына жаңа тораптық соғыс сияқты тұжырымдамаларды белсенді
түрде енгізуіне мәжбүр етті.
Көрсетiлiп отырған мәлiметтер ақпараттық қауiпсiздiктiң экономикалық,
техникалық аспектiлерiне байланысты келтiрiлген мысалдардың бiрi ғана.
Ал, ендi әлеуметтiк-рухани қауiпсiздiкке келер болсақ:
– қоғамымызды жаппай ақпараттандыру, әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке шығу
процесi дамыған сайын, оның пайдасымен бiрге, келеңсiз жақтарының да қатар
өсуi заңды құбылыс. Бұқаралық мәдениеттiң ықпалы ұлттық мәдениеттi кейiнгi
ысыруы әбден мүмкiн. Өйткенi бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрiнде
болмасын, сонымен бірге қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарына
теңестірілген Интернет желiсiнде де бiздiң ұлттық мәдениетiмiзге, тәлiм-
тәрбиемiзге жат материалдарды көптеп кездестiруге болады. Газет-журналдарда
жазылып, теледидардан көрсетiлетiн зорлық-зомбылық, соғысты, порнографияны
насихаттайтын хабарлар мен түрлi фильмдер жастар мен жасөспiрiмдердiң
тәрбиесiне керi әсерiн тигiзетiнi айдан анық. Бұны кейбiр ғалымдар
“мылтықсыз майдан” десе, кей-бiреуi “ақпараттық соғыс”, “ақпарат майданы”
деп атап жүр. Американдық мамандар ақпараттық қарсы күрестің (ақпараттық
соғыстың, ақпараттық қарудың) келесі бағыттарын атап көрсетеді:
− басқару жүйелерімен күрес;
− ақпараттық-барлау операциялары;
− электрондық күрес;
− хакерлік күрес (ақпараттық қылмыс);
− ақпараттық-психологиялық күрес;
− кибернетикалық күрес;
− желілік күрес (оның ішінде ақпараттық терроризм);
− экономикалық ақпараттық күрес[7].
Жалпы, қазіргі кезде кез-келген мемлекет үшін қауіпті болып табылатын
ақпараттық соғыстың мақсаты – белгілі бір мемлекеттің (мемлекеттер
одағының) ақпараттық салада басымдыққа ие болып, соның арқасында өздерінің
қарсыластарына ашық немесе жасырын түрде қолда бар ақпараттық ресурстары
арқылы ықпал ету, олардың іс-қимылдарын бақылауда ұстау. Бұндай жағдайда
жеңілген жақтың жағдайын түзеу орасан көп материалдық және интеллектуалдық
шығындарды, ұзақ уақытты талап етеді.
Ақпараттық соғысты тек қорғаныс күштері жүргізбейді және ол тек әскери
объектілерге ғана бағытталмайды. Басқа да үкіметтік органдар мен ұйымдар,
өнеркәсiптiк және коммерциялық құрылымдар ақпараттық соғысқа қатысып, орын
алған қақтығыстардың шешілуіне ықпал ететін өз бетінше ақпараттық
операциялар жүргізеді. Сондықтан ақпараттық соғыс деп мемлекеттің ұлттық
қауіпсіздігі мүддесіне сәйкес, қарсыластармен салыстырғанда ақпараттық
басымдыққа ие болуды қамтамасыз етуге бағытталған, қорғаныс күштері мен
өзге де ұйымдар жүргізетін шаралар мен операциялардың кешені деп айтуға
болады.
Қазiр дүние жүзiнде басқа бизнестен көрi, ақпараттық бизнестiң қарқыны
да, капиталы да тезiрек өсуде. Уақытында үлгерiп, “қызық” мәлiмет бергендер
пайдаға жетiп жатыр. Сондықтан белгiлi бiр ақпаратты әр түрлi формада, әр
түрлi мазмұнымен берiп, соңында қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенi белгiсiз
болып жатады. Ал ақпаратты тұтынушының оның ақ-қарасын айыруға өне-бойы
шамасы келе бермейтiнi рас. Осыдан барып, жеке адамның ақиқат ақпарат алу
құқығы, ақпарат иелерiнiң интеллектуалды меншiк құқығы бұзылады. Бұл ретте
Интернет халықаралық ақпарат желiсi ерекше орын алады, ол өзiнiң ашықтығы
мен қол жетiмдiлiгiне байланысты халықаралық терроризм мүдделерiнде жеке
тұлғаға зорлық-зомбылыққа, ұлтаралық араздыққа, дiни экстремизмге шақыратын
терiс ақпаратпен ықпал ету құралы ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Рухани өмiр
саласында ақпараттық қауіпсiздiкке қатерлердiң алдын алу мен
залалсыздандыру, ең алдымен, халықтың басым бөлiгi үшiн қолайлы әрi елдi
мекен ететiн көптеген этностардың мүдделерiн, мәдени және тарихи
дәстүрлерiн ескерiп әзiрленген мемлекеттiк идеологияны талап етедi. Мұндай
идеология негiзiнде ақпараттық қауiпсiздiкке қатерлердi бағалаудың нақты
өлшемдерi, осы саладағы негiзгi басымдықтар мен мемле-кеттiк саясат
тұжырымдалуы мүмкiн делінген.
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік қоғамның барлық салаларында өзекті
болып табылады. Жаһандану процесiнiң дамуы елдегi экономикалық факторлармен
қатар ақпараттану процесiне, әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке ену жағдайларына
тiкелей қатысты екені мәлім. Сондықтан ұлттық рухты, ұлттық патриотизмді
қалыптастыруда, дәріптеуде ақпараттық кеңістігіміздің, оған қатысушы
субъектілер – мемлекеттік құрылымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының,
қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың рөлі ерекше болмақ.

IІ. ТАРАУ. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ

1. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия аймағындағы
геосаяси ахуал және аймақ мемлекеттерінің сыртқы саяси
ұстанымдары

КСРО-ның күйреуінен кейін, өз тәуелсіздіктеріне ие алған Орталық Азия
мемлекеттері өз даму саясаттарын таңдауға мүмкіндік алып, халықаралық
қатынастардың жеке субъектілеріне айналды. Олар халықаралық аренада
өздерінің географиялық жағдайларымен, экономикалық және демографиялық
мүмкіншіліктерімен, басқа мемлекеттермен, әсіресе, көрші елдермен
арақатынастарын дамытуымен және олардың аймақтық және ғаламдық ұйымдарға
қатысуымен халықаралық аренада жаңа рольге ие бола бастады.
Қазіргі таңда жалпы дүние жүзі елдерінің экономикалық және саяси
мүдделерінің бір-бірімен астасып жатуы осы заманғы қауіпсіздік жүйесінің
сақталуына дәнекер болады деп санауға болады. Қауіпсіздік жүйесі ұғымының
астарында мақсатты экономикалық мүдде болмаса, оның мықты қауқары болмасы
анық. Біз әдетте лаңкестікті, есірткі пайдалануды, экологиялық дағдарысты,
ұлтаралық шиеленістерді басты қауіп-қатер деп санаймыз. Бұл баршамызға
белгілі проблемалар.
Орталық Азия табиғи ресурстарға өте бай аймақ. Қазақстан бұрынғы КСРО-
да қола, қорғасын және мырыш т.б. өндіруден бірінші орында болатын.
Қырғызстан металдық сурьма өндірудің монополисі болды, Түркіменстан
стронций түзілетін целестин рудаларының, ал Өзбекстан болса, “ақ
алтынның”(мақта) және “сары алтынның” (алтын) ірі тасымалдаушысы болды.
Орталық Азияның табиғи ресурстары Ресей үшін өзінің зор мәнін сақтап,
бүгінде әлемнің басқа елдерінің де назарын өзіне аудартуда. Тек табиғи
ресурстарға кедей Түркия мен Пәкістан ғана емес, сондай-ақ, жағдайы жақсы
Қытай мен Үндістанның және дамыған – Еуропа, АҚШ, Жапония және Оңтүстік
Корея елдерінің де назарын аударады.
КСРО-ның құрамында болған бұрынғы Азия елдерінде көптеген мөлшерде
ядролық қару және атом энергиясын дамытатын негізгі шикізат – уран рудасы
өндіріледі. Орталық Азия әлемдік уран запасы мөлшері бойынша көрнекті
орынға ие. Орталық Азияда уран запасының, мамандар мен технологияның болуы
аймақтық ядролық қаруды таратпау мәселесін шешуде үлкен рольге ин екендігін
көрсетеді. Аймақтың стратегиялық мәні оның ядролық қаруы бар бес
мемлекеттің екеуі - Қытай және Ресеймен шектесіп, Иран мен Ауғанстан арқылы
Парсы шығанағы мен Үнді мұхитына шығуға мүмкіндігі бар. Орталық Азия
мемлекеттері еуропалық ұйымдардың (ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастықты қамтамасыз ету ұйымы), Солтүстік атлантикалық ынтымақтастық
кеңесінің (САЫК), Еуропалық даму және қайта құру банкінің) және азиялық
(Экономикалық ынтымақтастық ұйымы - ЭЫҰ), Ислам конференциясы ұйымы, Азия
даму банкі, Ислам даму банкі) аймақтық халықаралық ұйымдар мен банктердің
мүшелері болып табылады
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлемде күштер тепе-теңдігі және геосаяси
әсерлердің ауысуына әсер еткен үрдістер жүрді. ХХ-ғасырдың 90-шы жылдарының
басына дейін өмір сүрген биполярлы халықаралық қатынастар жүйесі жойылып,
оның орнына келген жаңа әлемдік құрылым барлық мемлекеттерді өздерінің
сыртқы саяси қайта қарастыруына алып келді. Орталық Азияда саяси
мүдделерінің артуы нәтижесінде аймақ мемлекеттері үшін ең маңыздысы –
аймақта сыртқы күштердің бәсекелестігі артқан жағдайда қарым-қатынастарда
балансты сақтай отырып, ұлттық мүдделерімізге нұқсан келмейтіндей бағытта
даму болды.
Орталық Азия мемлекеттерінің басты маңызды мақсаттарының бірі
дәстүрлі емес қатерледің таралуына жол бермеуге бағытталып отыр. Аталған
аймақтағы тұрақсыздықтың белең алуы көбінесе, Орта Азия мемлекеттеріндегі
саяси үрдістердің толық аяқталмауы мен курмеуі көп әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың әсерінен болып отыр. Сондай-ақ, Орталық Азияның саяси тұрақсыз
аймақтармен (Ауғанстан, Пәкістан, Орта және Таяу Шығыс елдері) географиялық
жағынан көршілес орналасуы оның жаңа қауіп-қатерлердің басқа елдерге
таралуына транзиттік аймаққа айналуына әкеліп соқтырды. Орталық Азия
экономикалық, географиялық, тарихи, діни, мәдени ерекшеліктері жағынан
ұқсас мемлекеттердің басын құраған ауқымды біртұтас аймақ болып табылады.
Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы ең басты
деңгейі – аймақта орналасқан әрбір мемлекетте бәсекеге қабілетті экономика,
белсенді әлеуметтік саясат қалыптастыру, уақыт талаптарына сай реформалар
жасау және қоғамдық бірлік, ұлтаралық және діни кофессиялар арасындағы
келісімді нығайту арқылы жүзеге асырылады. Бұл деңгейде әрбір Орталық Азия
Республикаларының өзіндік таңдаған жолы бар. Қазақстанды мысал ретінде
қарастыратын болсақ, біздің бағытымыздың негізінде: президенттік басқару
формасының сақталуы, реформалардың кезектілігі, қабылданған шешімдердің
тепе-теңдігі, жалпыұлттық диалог және негізгі саяси күштердің
консолидациясы жатыр[8].
Аймақтағы қауіпсіздік және тұрақтылықты сақтау мәселесіне келер
болсақ, қазіргі таңда Орталық Азияда ешбір мемлекет экономикалық, саяси,
әлеуметтік, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті күшке
және құралдарға ие емес. Сонымен қатар, дәстүрлі және дәстүрлі емес қауіп
қатерлерге жалғыз қарсы тұра алмайды. Сондықтан, Қазақстан Орталық Азия
мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының әркелкілілігін
есепке ала отырып, аймақ мемлекеттерінің интеграциясы бастамасын көтерді.
90 жылдардың басынан бастап Орталық Азия мемлекетері аймақта әртүрлі
деңгейде интеграциялық бірлестіктер құрылды. Олардың ішінде Орталық Азия
аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды роль атқаратын
ұйымдардың қатарына құрамына әлемнің 15-тен астам мемлекеті мүше болып
табылатын және 10-жуық мемлекет бақылаушы болып табылатын, беделді
халықаралық ұйымдар да қатысатын АӨСШК ұйымы. Бұл ұйым Еуразия аймағында
және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда ролі зор құрылымға
айналып келеді. 2000 ж. Қазақстанның бастамасымен Ресей, Беларусь және
Орталық Азия мемлекеттері арасында экономикалық интеграцияға және еркін
сауда аймағын құруға ЕурAзЭҚ ұйымы құрылды. Аталған ұйым қазіргі таңда
бұрынғы кеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияның озық үлгісі болып
табылады.[9]
Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздігін қаматамасыз ету аясында аймақтық
интеграциялық бастамаларда әскери-саяси ынтымақтастық маңызды рол атқарады.
Бұл салада Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен 1992 ж. 15 мамырда
құрылған құрылған ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы) және негізі 1996
жылы қаланып, 2001 ж қалыптасқан ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы)
ұйымдарын ерекше атап көрсетуге болады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев атап
көрсеткендей, ҰҚШҰ –сыртқы агрессияның барлық түріне, әскери-экстремистік,
саяси экстремистік және ақпараттық агрессияға қарсы біріге әрекет ететін
одақтастардың басын құрайтын ұйым болып табылады. Еуразия аумағында
экономикалық, әскери саяси және гуманитарлық ықпалдастықты арттыруда ШЫҰ
жетекші роль атқарып келеді. Қазіргі таңда Орталық Азия аумағында әлемдік
күштердің бәсекелестігі жағдайында әлемдік державалар қатарына қайта
оралған Ресей мен аймақтық көшбасшыдан әлемдік акторға айнала бастаған
Қытайдың және Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастырған бірден-бір ұйым
болып табылады. Жаңа геосаяси жағдайда Орталық Азиядағы күштер тепе-
теңдігін сақтау саясатында бұл ұйым аясында алпауыт көршілерімен
ықпалдастық Қазақстан үшін де өте маңызды болып табылады. Алайда, ШЫҰ
белгілі бір мемлекеттерге немесе аймақтарға бағытталған әскери саяси ұйым
емес. ШЫҰ-ның басты мақсаты ұйым аумағында қауіпсіздік, тұрақтылық және
бейбітшілікті сақтау, ядролық қаруды таратпау, лаңкестік және халықаралық
қылмыспен күрес шараларында ұйымның беделін көтеру. ШЫҰ аясында
ынтымақтастың басымды бағыттарының бірі энергетикалық саладағы
ынтымақтастық болып отыр. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылы 16
тамызда Бішкекте өткен ШЫҰ-ның кезекті саммитінде ұйым аясында
Энергетикалық клубтан басқа мүше мемлекеттер арасында Энергетикалық
Агенттік құру жоспарын ұсынды. Бұл энергетикалық нарықта ШЫҰ құрамына
кіретін мемлекетттердің сауда операцияларын ретті түрде жүргізуге мүмкіндік
беретіндігі туралы пікірін білдірді[10].
Орталық Азия мемлекеттері үшін жаңа қауіп қатерлерге қарсы тұрудың
бірден бір құралы – аймақтық интеграция болып табылады. Оның ішінде
экономикалық ынтымақтастық маңызды компоненттердің бірі болып табылады.
Алайда бүгінгі күнге дейін аймақ мемлекеттер арасындағы интеграциялық
үрдістер жеткілікті деңгейде дамымауда. Қазақстан бұл аймақтық
ынтымақтастықты Орта Азия ынтымақтастығы Ұйымы аясында өрбітуге күш салды.
Алайда, бұл әрекеттер көбінесе аяқсыз қалып, аталған ұйым да өңірдегі
интеграциялық үрдістердің түпқазығы ролін атқара алмады. Себебі, Орталық
Азиядағы интеграцияға кедергі келтіретін көптеген ішкі және сыртқы
факторлар бар. Олардың қатарына: ОА-дағы мемлекеттердің экономикалық саяси
реформалардың үлгілері мен қарқындылығының әркелкі болуы, елдердегі ұлттық
заңнамалардағы ерекшеліктер, билеуші элиталардың әркелкі мүдделері мен
мақсаттары, сыртқы саясаттағы әртүрлі басымдықтары, сыртқы әсер ету факторы
және мемлекетаралық қарым қатынастардың жүйесінің толық қалыптасып бітпеуін
жатқызуға болады. Бірақ, жоғарыда айтылып өтілген кері әсер ететін
факторларға қарамастан, Орталық Азия интеграциясын негізі бола алатын
объективті факторлар да жок емес. Олар ең алдымен, аймақ мемлекеттерінің
стратегиялық мақсаттарының (нарықтық экономика, демократия, зайырлы
мемлекет) біркелкілілігі; бүкіләлемдік экономикалық жобаларға қатысудан
түсетін потенциальды дивиденттердің болуы, аймақтың энергоресурстар және
пайдалы қазбаларға бай болуы, тиімді геосаяси жағдай, ортақ қауп-қатерлер.
Осылайша, Орта Азия мемлекеттер үшін аймақтық интеграция ең тиімді даму
жолдарының бірі болып табылады және оның ыңғайлы үлгізін түзу аймақ
мемлекеттерінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Сондықтан аймақ мемлекеттері арасындағы ықпалдастық әрбір мемлекеттің сауда-
экономикалық сала мен қауіпсіздікті сақтаудағы мәселелерді жеке түсінуі
нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін[11].
2006 жылы 2-қыркүйекте Астанада өткен Қазақстан, Қырғызстан,
Тәжікстан, Өзбекстан басшыларының саммитінде аймақтағы интеграциялық
процестерді реттеуге бағытталған маңызды қадам жасалды. Атап айтқанда,
Орталық Азиядағы ең көкейкесті мәселелер болып табылатын су және электр
энергиясымен қамтамасыз ету проблемалары талқыланды. Оның ішінде, Арал
теңізін қалпына келтіру және Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық
консорциумын құру мәселелері басты тақырып болды. Орталық Азия елдерінің
аймақтық проблемаларды шешуде бірлесе әрекет ету қажеттілігі 2007-2008 жж.
анық байқалды. Негізі тұтыну тауарларының бағасының күрт өсуі, өте суық қыс
мезгілі, жауын шашынның шектен тыс көп тусуі мен су тасқындары орын алды.
Бұл жағдайлар климаттың глобальды өзгеруі, жер шары халқының өсуі,
техногендік апаттар, ұлы державалар мен трансұлттық корпорациялардың
аймақтағы экономика, қаржы және сауда саласында шектен тыс өзімшіл
саясатына байланысты болды.

2.2. Орталық Азия аймағында сыртқы саяси күштердің бәсекелестігі
факторы және оның аймақтағы халықаралық саясатқа әсері

КСРО ыдырағаннан кейін Орта Азия мемлекеттері тәуелсіздіктеріне қол
жеткізді. Осы кезеңнен бастап аймақ халықаралық қатынастардың дербес
субъектісіне айналғандықтан, аймақтық аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қажеттілігі туындады. Қазақстан Орта Азия мемлекеттерімен дипломатиялық
қарым-қатынастар орнатып, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға
белсене кірісті.
Қазақстан-Өзбекстан арасындағы қатынастар жеткілікті түрде тұрақты
дамуда. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерінде ықпалдасады олар
халықаралық ұйымдар мен форумдар мысалы ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК мүшелері
болып табылады. Қазақстан-өзбек қатынастары шарт-құқықтық базасын
ынтымақтастықтың барлық саласын қамтитын 100-ден астам құжат құрап отыр. ҚР
Президентінің 1998 жылғы 30 қазандағы Өзбекстанға ресми сапары кезінде екі
жақты қатынастардың негізін салушы Мәңгілік достық туралы шартқа қол
қойылды. 2006 ж. 11 қаңтарда Өзбекстан Президенті И. Кәрімов Астана
қаласында өткен Қазақстан Президентін ресми ұлықтау салтанатты рәсіміне
қатысты. 2006 жылғы 19-20 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Өзбекстанға
мемлекеттік сапары барысында екі ел Президенттерінің жетекшілік етуімен
Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесін (МҮК) құру туралы шешім қабылданды. Ол екі
жақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін тиімді шешуге қызмет етеді. Ол
сондай-ақ Алматыда өткен АӨСШК Екінші Саммитіне (2006 жылғы 17 маусым) және
Астанадағы Орталық Азия елдері президенттерінің ресми емес кездесуіне (2006
жылғы 1-2 қыркүйек) қатысты. 2006 жылдың 4 қыркүйегінде ӨР Президенті
И.Кәрімовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары болды, оның барысында
Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесінің ережесі бекітілді. Сонымен бірге 2006-
2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық және 2006-2008 жылдараға
арналған мәдениеттілі-гуманитарлық ынтымақтастық бағдарламаларына қол
қойылды.
МҮК отырысы кезінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 2007-2016
жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың стратегиясына қол қойылды
және оны іске асыру үшін жұмыс тобы құрылды. 2008 жылдың 22-23 сәуір
күндері Президент И.Кәрімовтің Қазақстанға ресми сапары орын алды, оның
барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық
байланыстарды қарастырды. Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда
аймағын құру, бизнес-орталықтар және Сауда өкілеттіктерін ашу, мұнай
саласында әріптестікті нығайту және т.б. туралы келісімдерді дайындауға екі
жақ уағдаластыққа келді[12].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Түрікменстанда ресми
сапармен 1993 жылғы 19 мамырда, 1999 жылғы 8-9 сәуірде болды, сондай-ақ
2002 жылғы 23-24 сәуірде Ашхабат қаласында өткен Каспий жағалауы
мемлекеттері Басшыларының Бірінші саммитінің жұмысына қатысты.
Түрікменстанның Президенті С.Ниязов Қазақстанда ресми сапармен 1997 жылғы
27 ақпанда, 2001 жылғы 5-6 шілдеде болды, сондай-ақ 2002 жылғы 28 ақпан – 1
наурыз аралығында Алматы қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының
бейресми кездесуіне қатысты. 2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында мемлекет
басшылары Қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын межелеу және
демаркациялау процесі туралы шартқа қол қойды. 2005 жылдың қараша айында
іргелес мемлекеттердің мемлекеттік шекарасында алғашқы шекара бағаналарының
орнатылу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Қазақстан Республикасы мен
Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін
ағымдағы жылы аяқтау көзделген. Қазіргі таңда біздің елдеріміз Каспий
теңізінің құқықтық мәртебесін анықтауға қатысты келіссөз процесіне
қатысуда. Бұл мәселеде Қазақстан мен Түрікменстан ұқсас ұстанымдар
білдіріп,келісушілік танытып жатыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің табанын межелеу
туралы келісімнің жобасын даярлауға байланысты келіссөз процесі жалғасу
үстінде. Сондай-ақ Арал теңізі бассейнінің су қорларын басқару және
трансшекаралық өзендердің су қорларын пайдалану мәселелері қарастырылатын
Аралды сақтап қалу халықаралық қоры шеңберінде Қазақстан мен Түрікменстан
ынтымақтастық танытуда. Географиялық тұрғыдан жақындығы, тарихи тұрғыдан
терең тамырластығы, тілдің, мәдениеттің, салт – дәстүрдің ортақтығы
Қазақстанның Қырғыстан Республикасымен жаңа тиімді ынтымақтастығының
сенімді негізі болып табылады. Екі жақты қарым-қатынас 1993 жылы жасалған,
Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелеріне сәйкес
құрылады. Шартта тараптардың әрқайсысы өз аумағында тұрып жатқан екінші
тараптың азаматтарына жалпыға бірдей танылған азаматтық, әлеуметтік,
экономикалық және мәдени құқықтар мен еркіндіктерге кепілдік береді.
Құжатта сауда-экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқа да
байланыстарды кеңейтуге, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша
маңыз беріледі. Тараптар қоршаған ортаның ластануын болдырмау, табиғатты
пайдаланудың, әсіресе экологиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты
және русурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы
өздеріне міндеттеме алды. Мемлекеттер сейсиология саласында ынтымақтасуға,
өз аумақтарындағы ірі эколгиялық тұрғыдан қолайсыз аудандарда ұтымдылықты
және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау туралы
өздеріне мндеттеме алды. Мемлекеттер сейсмология апаттардың салдарын жоюда
жәрдем көрсетуге, сондай-ақ халықтың тыныс тіршілігі үшін қауіп туғызатын,
табиғи және техногендік факторларға байланысты төтенше жағдайлар туындаған
кезде өзара көмек көрсетуге уағдаласты.
Екі жақты қатынастардың шеңберінде 90-ға жуық құжаттарға қол қойылды.
Олардың ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық принциптері туралы, Еркін
сауда-саттық туралы, Қазақстан мен Қырғыстанның үкіметтері мен ұлттық
банктері арасында есеп айырысуларды ұйымдастыру туралы келісімдер маңызды
болып табылады. Жерді республикааралық пайдалану туралы, өнеркәсіп,
құрамында ураны бар шикізатты өндіру және ұқсату саласындағы бұдан былайғы
интеграция туралы және басқа да келісімдердің маңызы үлкен. Тараптардың
өзара қарым-қатысындағы негізгі арқау – сауда-экономикалық ынтымақтастықты
жан-жақты тереңдету.
Қырғыстанның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Біртұтас экономикалық
кеңестік құру туралы шартқа қосылуы, осы шартқа үш тарапты құжаттың сипатын
беру шын мәнінде Орталық Азия республикаларының арасындағы ынтымақтастықтың
жаңа кезеңі басталғандығын куәландырады, олар өзара тиімді байланыстарды
нығайту мақсатында күш-жігерді біріктіруге деген ұмтылыстарын анық
білдірді. Екі жақты қатынастарды кеңейту үшін Президент А. Ақаевтың 1997
жылғы 8 сәуірдегі Қазақстанға ресми сапарының зор маңызы болды. Екі
мемлекет басшылары мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды. Бұл құжат
Қазақстан мен Қырғыстанның әртарапты ынтымақтастығының тұрлаулы болашағын
белгілеп берді. Екі елдің Президенттері екі елдің арасындағы мемлекеттік
шекараны құқықтық тұрғыда ресімдеудің орындылығы туралы пікір білдірді. Осы
уағдаласты орындау үшін тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз
Республикасы арасындағы шекараны делимитациялауға кірісті. Н. Назарбаевтың
2001 жылғы маусымда Бишкек сапары барысында екі мемлекет басшылары осы
жұмысты тиісті шартқа қол қою үшін жылдың аяғына дейін аяқтау ниеті туралы
мәлімдеді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы Шанхай бестігінен (Қазақстан,
Ресей, Кытай, Қырғызстан және Тәжікістан) құрылған. ШЫҰ-ның негізі – Шекара
аумағында әскери саласында сенімді нығайту туралы Шанхай келісімі (1996
жылы) және Шекара аумағында қарулы күштердің өзара қысқартылуы туралы
Мәскеу келісімі (1997 жылы) болып табылады. Аталған екі тарихи келісімнің
біріншісіне қол қою үшін 1996 жылы Шанхай қаласында бес мемлекет басшысы
кездесіп, ол Шанхай бестігі деген атауға негіз болды. Шанхайдағы, оған
ілесе бір жылдан кейін Мәскеуде өткен саммиттер алты жылдан соң көп жақты
ынтымақтастық ұйымына айналған құрылымның негізін қалады.  Қазақстан,
Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы саясатының басым
бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға ерекше мән
береді. ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын
нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды.
Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени–гуманитарлық салаларға
таралды[13].
Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы
мемлекеттерді  ШЫҰ-ның құрамында бірігуге итермелейді. ШЫҰ – белгілі бір
күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық қоғамдастық емес. Ол –
халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-ның қазіргі жағдайдағы
мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және
қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалық ынтымақтастықтың дамуы.
Шанхай үдерісінің ең жоғары жетістігі – Қытай шекарасындағы
шиеленісушіліктің әлсіреуі. Дипломатиялық және әскери сарапшылардан тұратын
Бірлескен Бақылау Тобы шекара бойындағы 100  шақырымдық қауіпсіздік
аймақтарда өзара тексерістерді жүргізеді. 2001 жылғы Шанхай Саммитінде
терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы келісімшарт
негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның Атқарушы Комитеті 2004 жылдан бері
Ташкентте жұмыс істейді. 2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға
мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды:
ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері
басшыларының мәлімдемесі. 2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға
мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру
және орындалуының тәртібі туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы 23
қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде сауда–экономикалық, көлік,
энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан әрі дамыту туралы мәселелер
талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастықтың Бағдарламасы, ШЫҰ-
ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды. 2004
жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді. 2004 жылы
17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға  мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп,
Ташкент мәлімдемесін  жасады және көптеген құжаттарға қол қойылды. Соның
ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес
туралы келісімдерді атап өтуге болады. 2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға
мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі
жасалды. Антитеррорлық сипаттағы маңызды құжаттар –(терроризм, сепаратизм
және экстремизмге қарсы күресуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық
тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты
өкілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің баяндамасы бекітілді.
Сонымен қатар Пәкістан, Иран және Үндістан мемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы
бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. 2005 жылы 26 қазанда
Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісінде
Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға жәрдем етуде өзара іс-
қимыл туралы келісімдер қабылданды. 2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы
мерейтойлық саммитінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің
аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және
өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағына террористік,
сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру
арналарын анықтау және жолын кесу саласындағы ынтымақтастық туралы және
2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің терроризм,
сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды[14].
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет
жүйелі түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше
мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар
төрағаларының кездесуі ү.ж. қыркүйек айына жоспарланған. 2006 жылы ШЫҰ-да
жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және Іскерлік Кеңес
құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың Форумы өз
жұмысын бастады. Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір
нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері,
БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның
іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр.  2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясында бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде
ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы
қабылданды. ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет,
туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы –  Қазақстанның өкілі
Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры –  Қырғыз
Республикасының  өкілі М.У. Субанов.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қазіргі кезеңде қауіпсіздік пен
тұрақтылықты қамтамасыз ету тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, бүкіл
әлемдік қауымдастығы үшін де ең өзекті  мәселелердің бірі болып
табылады.Қазақстан Республикасы елдегі және өңірдегі қауіпсіздік пен
тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаңа қауіп–қатерлермен халықаралық құқық
арқылы күресуге, төнер қауіпті болдырмау және алдын ала сақтандыру
мәселелерін шешуге, олардың негізінде жатқан іргелі себептерді жоюға
қолайлы жағдайларды туғызу үшін дәйекті түрде қолдау жасайды. Бүгінгі күні
Ұжымдық қауіпсіздік тұралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) өңірдегі тұрақтылық пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл мен үйлестіру
жұмыстарының құралдарының бірі болып табылады. ҰҚШҰ – халықаралық аймақтық
бірлестік, оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,
Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.

2.3. Орталық Азияға қауіп төндіретін негізгі қатерлер және олардың
алдын алу мәселелері

 Орталық Азия аймағы көптеген сарапшылардың пікірінше өзінің геосаяси
орналасуы, табиғат байлықтары, посткеңестік мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия одағы
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
Халықаралық құқықтық норма ұғымы мен белгілері
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
НАТО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Пәндер