Агроөнеркәсіптік интеграцияның қазіргі ахуалы мен жетілдіру жолдары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 3
: 1
МАЗМҰНЫ: ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
: 6
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы . . .
: 6
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар . . .
: 9
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері . . .
: 10
: 2
МАЗМҰНЫ: АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫН ТАҢДАУ . . .
: 14
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Агроөнеркәсіптік интеграциясыны дамытудың мәні және мінездемесі
: 14
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Агроөнеркәсіп кешенде өндіріс тиімділігін арттыру ерекшеліктері
: 16
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыты
: 30
: 3
МАЗМҰНЫ: ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ИНТЕГРАЦИЯНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
: 38
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: ОҚО агроөнеркәсіп кешенінің өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талдау
: 38
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: ОҚО агроөнеркәсіп кешенін дамыту нарығының жағдайын және даму үрдістерін бағалау
: 50
: 3. 3
МАЗМҰНЫ: Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселерін талдау
: 61
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 67
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
: 69

Кіріспе

Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту агарлық саясаттың аса маңызды бағыты болып тұр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті -елімізді азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету. 2013 жылдан бастап Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, аграрлық сала дамуының әлемдік деңгейлеріне жету және индустриялы агроөндірісті қалыптастыру межелегенген мақсат.

Қазіргі таңда бұл бағдарлама «Агробизнес-2020» бағдарламасы ретінде нәтижелі жұмыс жасауда.

Біздің экономикаларымыз Кеңес Одағы кезінен бері тығыз байланысты, олар бір-бірін өзара алмастыруға қабілетті. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді және жаһандық ауқымдағы бәсекелестікке дайындалуға септігін тигізеді. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің ерекше маңыздылығы осында. Мен ұлтүстілік органдарға мемлекеттердің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін ешқандай саяси функциялар беру жоспарланып отырмағанын тағы да атап өткім келеді. Әңгіме тек таза экономикалық интеграция туралы болып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев[1] .

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономика еліміздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу қазіргі заман талабы бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы - іске асады.

Оңтүстік Қазақстан - республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары - мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Сонымен қатар елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде елдің ауылшаруашылығын дамытудың үлкен маңызы бар, осы негізде саланың тиімділігін арттыруда агроинтеграцияны дамыту қазіргі таңда өте жоғарғы маңыздылыққа ие.

Бүгінде Қазақстанның алдында жаңа, кезек күттірмейтін міндеттер тұр. Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап көрстеуде. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, қызмет етіп отыр.

Ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпін беретін елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту, ол үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Мұндай ұмтылыстарға қол жеткізу үшін, сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен инновацияларды дамыту арқылы жаңа технологияларды ауыл шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптердің табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс екендігін атап көрсетті.

Ауыл шаруашылығы саласындағы өнеркәсіпті, экономиканы әртараптандыру мен инвестициялар тартуды белсенді ету мақсатында туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, астық кластері, металлургия, мұнай-газ, мәшина жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы секілді 7 басым кластерді дамыту жұмыстары серпінді іске аса бастады.

Қазақстанда іскерлік ортаны жетілдіру және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар қабылданып, нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Ғылыми жұмыстарды, арнайы әдебиеттерді, мерзімдік басылымдарды, әдістемелік құралдарды және басқа да жинақ, еңбектерді талдау нәтижесі суармалы егіншілік шаруашылығының мәселелерін зерттеу саласында елеулі, әрі маңызды ғылыми жұмыстардың бар екендігін көрсетті.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - Еліміздегі ауыл шаруашылығы саласында интерацияны дамытудың ролі және саладағы кәсіпорындардың тиімділігін арттыырудың жолдары қарастырылған. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығындағы өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын зерттеу, экономикалық тұрғыдан бағалау және ауыл шаруашылығының бағытында мамандандырылған кәсіпорындардың тиімділігін жетілдірудің мәселелерін зерттеу.

Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстанның ауылшаруашылығы саласындағы интеграцияның ролі және өндіріс тиімділігін қамтамасыз етудегі еліміздегі іске асырылған іс-шаралар мен Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына баға берілген.

Зерттеу тақырыбы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласынң даму деңгейі, кәсіпорындардың тиімділігін арттырудың жолдары және Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өндірістік тиімділігі, жалпы елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде салаға экономикалық тұрғыдан бағалау және ауыл шаруашылығындағы ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу, экспорттық өнімдердің пайызын арттыру болып табылады.

Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары даму қажет. Инвестициялардың өндіруші секторларға салынуы, еліміздің әсіресі агроөнеркәсіптік саласын дамытудағы ықпалы зор. Осының нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп, машина жасау химия өнеркәсібі және басқа да салалар өнімдері нарық талаптарына сәйкес емес болып, оларда өткізу мәселесі шиеленісіп, не мүлдем өнім өндірілмей өнеркәсіп салалары терең дағдарысқа түсті. Міне осылар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі салаларында, біріншіден, өндеріс құлдырауының ең жоғарғы көрсеткіштері, екіншіден, жинақ үшін қор жетіспеушілігі, үшіншіден, ескірген өндірістік құрал - жабдықтар мен машиналарды алмастыру үшін мүмкіндіктердің және инвестициялық ынталандырудың болмауы байқалуда. Көптеген кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің төмендігі олардың шаруашылық қызмет нәтижелеріне, олармен байланысы бар басқа да субьектілер нәтижелеріне кері әсерін тигізді.

«Өндіріс тиімділігін арттырудағы агроөнеркәсіп интеграциясының ролі» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсіптің өндіріс тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет :

  • Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін қарастыру;
  • Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың көрсеткіштерін талдау;
  • азық -түлік нарығын тұрақтандыру ;
  • импорттық тауарлардың тасқыны күшейген қазіргі жағдайда халықтық отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу ;
  • аграрлық саладағы тереңдетіп өңдеу мен қайта өңдеу өндірістерін жетілдіру;
  • кәсіпорындардың өндірістің тиімділігін үйлестіре отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету;
  • ауыл шаруашылығында шығарылатын өнімдердің экспортқа шығару жолдарын қарастыру.

Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы - ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.

Осы мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы [2] .

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұарқты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын даму тенденцияларына тоқталып өту;

Дипломық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.

Бірінші бөлімінде жалпы экономикалық тиімділік көрсеткішінің теориялық аспектілері ашылады.

Екінші бөлімінде жалпы Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік интеграцияның қазіргі ахуалын таңдау қаржы экономикалық жағдайы, өндірісінің экономикалық тиімділігі көрсеткіштері талданды.

Үшінші бөлімінде Өндіріс тиімділігін арттырудағы агроөнеркәсіптік интеграцияны жетілдіру жолдары қарастырған. Агроөндірісінің дамуы және жетілдіруін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүзеге асырылуы, өндіріс тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

1 ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.

Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсіпорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы) . Даму деген - шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру [3] . Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.

Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.

Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда -ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.

Әлемдегі агроөнеркәсіп бойынша, барлық салаларда өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипаттайды. “Уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда”-деп атап көрсетті К. Маркс[4] .

Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі - жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.

Л. Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз -ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі [5] . Ал М. Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі - бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория [6] .

Н. Уоол, Л. Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік - ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен

- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім өндіру) ;

- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;

- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі) [7] .

Тиімділік - жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы-деп қарастырады қазақстандық ғалым Н. Қ. Мамыров [8] . Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның технологиялық және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.

Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.

Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т. б көмегімен өлшенеді.

Агроөндірістің экономикалық тиімділігі - кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді - ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.

Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді [9] . Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:

- өндірістің технологиялық базасын дамыту;

- өндірістегі инновоция;

- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;

- инвестициялық саясатты оңтайландыру,

- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.

Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді [10] .

- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;

- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау;

- бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;

- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;

- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;

- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;

Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:

  1. өнім көбейеді, шығындар азаяды;
  2. өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
  3. өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
  4. өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
  5. өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр - түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.

1. 2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар Өндіріс тиімділігін басқару - оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларның мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.

Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар [11] . Олар келесілер:

- ҒТП - тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;

- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;

- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;

- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.

Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.

Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік мәдениет және т. б. жатқызамыз. Ішкі факторлар негізі және негізі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жатады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы, шаруашылық, қаржы және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет саналады.

Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көңіл бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет. Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындықтан, олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тікелей әсер етеді.

Қорытындылай айтқанда, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жекелей есепке алу ғана емес, оларды өзара толықтыру және оңтайлы сәйкестендірудің әдістерін табуды талап етеді.

Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері табылады.

1 . 3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Экономикалық тиімділік деңгейі екі өлшем - экономикалық тиім (нәтиже) және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономикалық тиім көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен экономикалық нәтиже алынғанын көрсетеді.

Экономикалық тиімділік жалпы (абсалютті) және салыстырмалы деп ажыратылады [12] .

Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (сала, кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің жалпы шамасын анықтайды.

Салыстырмалы тиімділік - белгілі-бір өндірістік-шаруашылық міндетті шешу үшін екі немесе бірнеше нұсқадағы технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы есептеледі. Бұлұтымды нұсқаны таңдау, оны басқалармен салыстырғанда технико-экономикалық, әлеуметтік және прогрессивті артықшылықтарын анықтау үшін пайдаланылады. Салыстырмалы тиімділікті қарастырғанда ең бастапқы кезеңі - негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру болып табылады: капитал салымдары, өзіндік құн және табыс, еңбек өнімділігі және қор сиымдылығы, материалдарды пайдалану көрсеткіштері және т. б. Бірнеше нұсқаларды осы көптеген көрсеткіштер арқылы салыстыра келе кәсіпорын экономикалық тиімдісін таңдайды.

Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.

Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтағанда экономикалық нэтиже еңбек, материал шығындарымен, өндірістік қорларымен (негізгі және айналым), капитал салымдарымен және табиғат ресурстарымен сәйкестендіріледі[13, 14] .

Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы айқындалады:

1. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі (қор қайтарымы және қор сыйымдылығы) .

2. Инвестициялардың тиімділігі (капитал қайтарымы және капитал сыйымдылығы) .

3. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі (еңбек өнімділігі, еңбек сыйымдылығы) .

4. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі (материал қайтарымы, материал сыйымдылығы) .

5. Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігі ( пайдалылық ) .

Қор қайтарымы - 1 теңге өндірістік қорларға есептегендегі өндірілген өнім құнын көрсетеді.

Fқ =Dn / F (1)

Ол өнімді өткізуден түскен табыстың ( Б ) негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құнына (Ғ) қатынасымен анықталады.

Қор қайтарымын анықтағанда өнім көлемі құндық (өнімнің кең номенклатурасын шығаратын кәсіпорындарда), заттай және шартты (тек бір ғана өнім түрін өндіретін кәсіпорындарда) өлшеммен есептелуі мүмкін.

Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қайтарымына оң әсерін тигізеді.

Қор қайтарымына кері көрсеткіш қор сыйымдылығы - өнім бірлігіне санағандағы өндірістік қорларды

fc=1/fқ немесе fc=Ғ/ D N (2)

2. Капитал салудың қайтарымы мына формуламен анықталады:

Кқ= Q/К (3)

Мұндағы: Кқ - капитал қайтарымы

Q - капитал салымы нәтижесінде өнім көлемінің өсімі

К -капитал салымы

Капитал сыйымдылығы - өнім көлемінің бірлігінің өсіміне қажетті негізгі қорларды құру үшін жұмсалған капитал салымдарын көрсетеді, капитал қайтарымына кері шама:

Кс=К/ Q (4)

3. Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші - бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім көлемі болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.

Бұл тәуелділік мына формуламен көрсетіледі:

Wо= D N *r/ R*r = D/r * r/R (5)

Мұндағы: R - жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны;

г - жұмысшылардың тізімдік орташа саны;

D N / r - бір жұмысшыға шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім;

г/ R - жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері
Экономикадағы интеграциялық процестер
Қазақстандық ірі кәсіпорындардың интеграциялану үрдісі мен бәсекеге қабілеттілігі
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен жайлы
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоспарлау
Нарық және экономикалық интеграция
ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz