Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Құқықтық мемлекетті нығайтудағы Президент Жолдауларының маңызы
1. 1 Президент Жолдауларларына сәйкес құқықтық мемлекетті нығайту негіздері . . . 8
1. 2 Мемлекеттік билік жүйесін дамытудағы Президент
Жолдауларының ролі . . . 26
1. 3 Құқықтық мемлекетті нығайтудағы адам құқықтарын
қорғау мәселелері . . . 39
2 Құқықтық мемлекетті дамытудағы Президент Жолдауларының тиімділігі
2. 1 Мемлекеттік қызметті және құқық қорғау жүйесін реформалаудың қажеттілігі . . . 49
2. 2 Азаматтық қоғам субъектілерінің құқықтық әрекет ету механизмі . . . 57
2. 3 Заңнамаларды жаңарту мен жетілдірудегі Президент
Жолдауларының орны . . . 62
Қорытынды . . . 72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы . Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауларының маңыздылығы зерттеледі. Президент Жолдауларына сәйкес құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезеңдері, мемлекеттік билік органдарының, соның ішінде заң шығару, атқару және сот билігінің даму жағдайлары және демократияны дамытудағы Елбасы Жолдауының басты қадамдары, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік реформаларындағы Президент жолдауларының орны зерттеледі.
Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі .
Тәуелсіздік алған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары сана мен сезімнің ширығуы жағынан ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған кезеңдер еді. Сол кезде қабылданған дұрыс шешім еліміздің дамуының алдағы бағыт-бағдарын нақтылады. Қазақстанның сол жылдардан бері тұрақты дамуының биік көрсеткіштері стратегиялық бағытымызды айқындаудағы тұңғыш Президентіміздің әрқашанда халқымен санасқан көрегенді саясаты мен салмақты ұстанымын көрсетеді.
Өркениетті даму жолына түскен Қазақстан қоғамның барлық саласында маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Біздің ойымызша, бұл реформалардың күрделі бағыты - құқықтық реформалар. Қоғамдық қатынастарды реттеуге бағыт беретін Президент Жолдауларының, Қазақстанда құқықтық мемлекетті орнықтыру мен оны басқаруда ерекше орын алады десек болады. Қазақстан Республикасының перспективалық даму бағыттарының бірі - құқықтық мемлекет орнықтыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан өзін-өзі құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде орнық- тыратындығы» бекітілген. Сонымен бірге, мемлекет саясатының негізгі стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізде құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетілген.
Республика Президентi жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жолдау арнайды. Еліміздің өсіп-өркендеуі мен әлеуетінің дамуы тұрғысында Президенттің әрбір жылда жолдаған Жолдауларында көтерілген құқықтық мәселелердің мазмұны мен маңызын халыққа насихаттаумен қатар, ғылыми зерделеуді қажет етеді. Сондай-ақ қазіргі таңдағы жеткен құқықтық жетістіктеріміз және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделді орнын Қазақстанның Тұңғыш Президенті- Елбасының салихалы саясаты мен сара жолының бастауы бола білген, оның халыққа берген жолдауларының ролі екендігін айтқымыз келеді. Сондықтан Қазақстанның құқықтық дамуына Президент Жолдауларының басты бағдар екендігін дәлелді тұжырымдармен талдау жасай отырып, қазіргі таңда атқарылып жатқан құқықтық реформаларды зерделеуді қажет етеді.
Қазақстан Президентінің жыл сайынғы халыққа берген жолдаулары аясында еліміздің түкпір-түкпірінде бірнеше насихат-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жоғарғы оқу орындарында ғылыми-теориялық конференциялар өткізіледі. Мәселен, 2013 жылдың 1 қарашасында Қазақ-Ресей Халықаралық университетінде «Интеллектуальная нация как основа правового Казахстана и повышения благосостояния граждан» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілген.
Сондай-ақ Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универ- ситетінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында жыл сайын «Назарбаев оқулары» ұйымдастырылады. 2013 жылдың 29 қарашасында «Назарбаев оқулары: Қазақстан-2050 стратегиясы аясында мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық дамуының негізгі бағыттары» атты ІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы ұйымдастырылса, 2014 жылдың 27-28 қарашасында «Назарбаев оқулары: құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы экономикалық юриспруденцияның ролі» атты ІІІ республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.
«Қазақстан Республикасының Заң шығару институты 2012 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар шегінде Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі туралы және оның Қазақстанның тәуелсіз, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық дамуы, бәсекеге қабілетті мемлекет болып құрылуы мен қалыптасуындағы сіңірген еңбегі туралы басылымдар қойылған «Президент және Қазақстанның құқықтық дамуы» тақырыбындағы кітап көрмесін ұйымдастырды.
2013 жылы маусым айында Түркия астанасы Анкарада түрік тілінде шығарылған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік ауқымдағы көшбасшы» атты кітабының тұсаукесері болды.
Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен жүзеге асырылу жолдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл сайынғы халыққа беретін жолдауларында ерекше орын алады. Елбасы Н. Назарбаев жыл сайынғы халыққа берген Жолдауларында құқықтық мемлекеттің қалыптасуы әрі даму деңгейіне тоқталып отырады.
Қазақстанның дамуы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылып келеді, олардың ішінде барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейтін «Қазақстан-2030» президенттік стратегиясы басты орын алады.
Республиканың негізгі бағдарламалық құжаттарында және Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттар көрініс тапқан.
Қазақстан адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға қол жеткізуге және оларды сақтауға жүйелі әрі дәйекті түрде ұмтылып келеді.
Республикада адам мен азаматты қорғау жүйесі қалыптастырылып, тиімді
жұмыс істеуде. Олардың іргелі құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын негізгі халықаралық шарттар ратификацияланды.
Конституцияда шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына қарамастан адам және азамат құқықтарының теңдігіне кепілдік берілген.
Мемлекеттің басты қоғамдық байлығы ішкі саяси тұрақтылығы мен халқымыздың бірлігі болып табылады.
Біздің жас тәуелсіз мемлекетіміз дербес дамуда әлеуметтік және этностық қақтығыстарға соқтықпай өте алды.
Республикамызда азаматтық қоғам институттары мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері кезең-кезеңмен жетілдірілуде.
Осы аталған жетістіктеріміз Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа берген жыл сайынғы Жолдауларының маңызы десе болады, сондықтан Президент Жолдауларының Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруға қосқан үлесін зерделеу ғылыми жұмысымыздың өзектілігін білдіреді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның даму жолындағы Прези- дент ұстанған саясаттың айқындылығы туралы бірнеше отандық саясаттанушы және басқа да ғалымдарымыздың, атап айтқанда Б. Т Есполов, Т. Сәдуақасов, У. Қалижан, Г. Толмачев, Б. Сапаралы, А. Ақылбек, О. Видова, Д. Досжан, Қ. Олжай, Б. Майлыбаев, С. Салқынұлы, Ж. Шайкақова, С. Мәдуан еңбектерінде қарастырылады. Бұл тақырыпты зерттеу аясында бірнеше заңгер ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып зерттеулер жүргіздік. Олар: Зиманов С., Сартаев С. Сапаргалиев Г., Баянов Е., Бижанов А. Х., Джунусова Ж. К., Жотабаев Н. Р., Котов А. К., Касымбеков М.
Президент Жолдауларының құқықтық маңыздылығының өзекті мәселелері дербес зерттеу нысанына алынбағандықтан, осы мәселелердің жүйелі түрде құқықтық жағынан талданбағанына көз жеткіздік. Сондықтан да Президент Жолдауларының Қазақстанның құқықтық мемлекетті қалып- тастырудағы басты бағдар екендігін талдауда кешенді зерттеудің қажет екендігі айқындалып отыр.
Зерттеу жұмысының құзыреттілігі: Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық құзыретіне сәйкес жыл сайын халыққа беретін Жолдауларының құқықтық дамуымызға бағыт бағдар екендігін, соның ішінде мемлекеттік құқықтық құбылыстарға қатысты жолдауда көтерілген мәселелердің тәжірибелік негіздерін игеру. Президент Жолдауларында айқындалған құқықтық проблемалардың тәжірибеде іс-жүзіне асырылуына өзіндік үлесімізді қосу. Мемлекеттің құқық қорғау саласына қызмет жасаған кезде Президент жолдауларына сәйкес құқықтық тапсырмаларын орындауға атсалысу және ғылыми-зерттеу жұмыстарында негізгі басшылыққа алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан
Президентінің өз құзыретіне сәйкес халыққа беретін Жолдауларының құқықтық мемлекетімізді нығайтудағы басты бағдар екендігінің маңыздылығын ашу, соның ішінде мемлекеттік құқықтық құбылыстарға қатысты жолдауда көтерілген мәселелердің теориялық және тәжірибелік құқықтық негіздерін айқындау болып табылады.
Алға қойған мақсат төмендегідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Президенттің Жолдауларына сәйкес Қазақстанда құқықтық мемлекетті нығайту негіздерін зерттеу;
- мемлекеттік билік жүйесін дамытудағы Президент Жолдауларының ролін айқындау;
- құқықтық мемлекеттің бір белгісі ретінде адам құқығының басты назарында тұратынын түсіндіру;
- Қазақстанда заңнамаларды жаңарту мен жетілдірудегі Президент Жолдауларының орнын зерделеу;
- мемлекеттік қызметті реформалаудағы Президент жолдауларында көрсетілген батыл қадамдарға талдау жүргізу.
- Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде нығайтудағы Президент Жолдауларының маңызы мен тиімділігін зерттеу болып табылады.
Жұмыс құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 Құқықтық мемлекетті нығайту Президент Жолдауларының маңызы
1. 1 Президент Жолдауларларына сәйкес құқықтық мемлекетті нығайту негіздері
Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құқықтық мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды.
Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.
Демократиялық мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар, идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді, олардың біразы күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын мемлекеттік егемендік позициясын жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен қорғаудың жоғарғы формасы заң деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай былай деп жазды: «бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті жарғысын» білу қажет».
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституциясы да дәлелдеп отыр. Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы Қазақстанды құқықтық мемлекет деп жариялайды. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясы 1-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары».
Демек Қазақстан құқықтық мемлекет құру және оның негізгі белгілерін конституциялық бекіту жолында тұр.
Құқықтык мемлекет дегеніміз - жеке адам және коғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекеттің бір белгісі мемлекеттік билікті ұйымдастыруда биліктерді бөлу қағидаттарын жүзеге асыру болып табылады. Тұңғыш рет ол жүйе құрушы қағидат ретінде 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның 7-бабында айшықталды. Соған сәйкес, мемлекеттік биліктің барлық жүйесін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 3-бабының 4-тармақшасында Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидатына сәйкес жүзеге асырылады деп атап көрсетілген [1] .
Заң шығарушы билікті Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушыны - Үкімет, сот билігін - Жоғарғы сот және Қазақстан Республикасының төмен тұрған соттары жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның өзіндік ерекшелік-терінің бірі. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның мүшелерін орнынан босатуы жатады. Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі құрылуда. Республикада конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясына міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі болып табылады [2, 9 б. ] .
Конституциялық кеңес заңдар және басқа да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін, мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді [3, 11-12 б. ] .
Конституция Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам қалып-тастыруға ықпал жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық және саяси әралуандылық танылатынынан айқын көрінеді (5-бап) . Бұқаралық билікті саяси әралуандылық негізінде жүзеге асырады. Конституция саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға саяси және мемлекеттік өмірге қатысу үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші ретіндегі қандай да бір идеологияның белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің әралуандылығымен сипатталады.
1995 жылғы Конституцияның басты бір жетістігі барлық деңгейдегі соттардың тәуелсіздігінің кепілдігі болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі судьялардың өкілеттігін сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот құрамын құруға Жоғарғы Сот Кеңесі және Әділет біліктілік комиссиясы сияқты тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады. Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген (79-бап, 1-т. ), судьялар өмірлікке сайланады және тағайындалады. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда Парламент енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді демократизациялауға бағытталған. 75-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады [1] .
2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, өзгерістері және толықтыруларымен, соттарды жеке билік ретінде бекіткен, соттар өз қызметінде заң шығарушы және атқарушы биліктерден тәуелсіз.
Құқықтық мемлекеттің негізі:
- Құқықтық мәдениет;
- Азаматтық қоғам;
- Заңдылық және құқықтық тәртіп;
Құқықтық мемлекеттің белгі-нышандары:
- Заңның үстемдік етуі.
- Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
- Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.
- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.
- Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.
- Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
- Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған. Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық [4, 8-9 бб. ] .
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналып отыр. Себебі, адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға қолға алынуда. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады. Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.
«Тәуелсіздік алған тұстары әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал шын мәнінде сын көтермес еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылай бағаланды: экономикасы әлжуаз; қазынасы бос, саяси жүйесі балаң; Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық»[5] . Өзінің келешегін өзі айқындаған қазақ ұлтының жас егеменді мемлекеті қалыптасқаннан соң қоғамдық ортада орын алған саяси және экономикалық қатынастар өзгере бастады. Қоғам мен экономика барған сайын ашық сипатқа ие бола бастады. Демократияның дамуы, меншіктік қатынастарды реформалау және толыққанды жүйелі нарыққа қадам жасау экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы ретінде танылды, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін еншілеген соң алдағы кезеңде адамның құқығы мен бостандығына, саяси және идеологиялық плюрализмге кепілдік беретін, тұрақты татулық пен ұлтаралық келісімді, сенімді қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, меншіктің алуан түрін әлеуметтік жауапты кәсіпкерлігі, салауатты бәсекелестігі бар, шетелдік инвесторлар парасатты қатысатындай дамыған нарықтық экономикаға сүйенетін және айқын әлеуметтік бағыты бар, бәріне бірдей өзінің қабілетін жұмсауға әрі материалдық жағынан игілікті өмір сүруіне тең жағдай жасап, мүмкіндік туғызатын демократиялық, бейбітшілік сүйгіш мемлекет құруды көздеді.
Мемлекетіміздің негізгі заңы - тұңғыш Конституцияда мемлекеттің экономикалық қызметінің құқықтық негізі бекітілді. Біріншіден, мемлекетке мемлекеттік меншікпен бірге жеке меншікті де қорғау жүктеледі. Меншіктің барлық нысандарын кімнің тарапынан болсын заңсыз араласушылығынан қорғай отырып, мемлекет оларды пайдалану, кеңейту үшін қолайлы жағдай жасайды. Екіншіден, мемлекеттік органдар заңдарда меншіктің субъектілері мен объектілерін, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шегін белгілейді. Үшіншіден, мемлекет мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық қызметін тура және тікелей реттейді, мемлекеттік меншік объектілерін пайдаланудың құқықтық режимін айқындайды. Жалпы мемлекет аталған экономикалық қатынас саласын тікелей басқару мен реттеуді жүзеге асырады [6, 137 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz