Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді талдау («сика» ақ мысалында)



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қысқа мерзімді несиелеу механизмі және оның принциптері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оның критерийлері ... ... ... ... ... .8
1.3 Дамыған мемлекеттерде қысқа мерзімді несиелеудің маңызы ... ... ... ... ... .13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ («СИКА» АҚ МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. «СИКА» АҚ.ның баланс өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.3 «СИКА» АҚ.ның төлем қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.4 «СИКА» АҚ.ның несие қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
3.1 Шаруашылық субьектілерін несиелендірудегі негізгі мәселелер ... ... ... ... 51
3.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
1. Банктердің пассивтік операцияларының мәні мен құрылымы //Ұлттық экономика жаhандану жағдайында. Халықаралық ғылыми симпозиум. ҚР ҰҒА акадимигі, э.ғ.д. О.Б. Баймұратовтың 70 жылдығына арналған. Алматы. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті 21.09.2005 ж. 289-294 бет, 0,4 б.т
2. Қазақстанның аграрлық секторын банктік несиелеудегі негізгі мәселелер //Қазақстанда экономикалық ой-сананың дамуы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары ІІ бөлім. Посвящена 80-летнему юбилею извесного ученого, д.э.н. профессора Кабидиева Д.К. 19.10.2006 ж. Алматы: Экономика 225-321 бет, 0,4 б.т.
3. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау //Экономикалық, саяси және әлеуметтік жаңару жағдайында Қазақстан қоғамының дамуын жеделдету: инновациялық серпіліс стратегиясы.Халықаралық ғылыми практикалық конференцияның материалдары. Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университеті. Қарағанды, 2006ж. 521-524 бет, 0,2 б.т.
4. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері // ҚазЭУ хабаршысы № 2 /2007 ж. 165-169 бет, 0,4 б.т.
5. Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару //Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана № 1/2008 ж. 16-21 бет, 0,7 б.т.
6. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие желісі есебінен қаржыландыру //ҚазЭУ хабаршысы № 2/ 2008 ж. 146-150 бет, 0,4 б.т.
7. Сейітқасымов Ғ.С., «Ақша, несие, банктер » Алматы : Экономика 2001ж
8. Николаева И. П., «Экономическая теория» КНОРУС – 2006ж.- 457 б.
9. Бисенғазиев М.Б., «Макроэкономика» Мемлекеттің экономикалық саяси негіздері - 2005ж
10. Құдайбергенов Қ.С., «Экономикалық саясат» Қызылорда: Тұмар -2003ж.- 108 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қысқа мерзімді несиелеу механизмі және оның
принциптері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оның
критерийлері ... ... ... ... ... .8
1.3 Дамыған мемлекеттерде қысқа мерзімді несиелеудің
маңызы ... ... ... ... ... .13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕНДІРУДІ
ТАЛДАУ (СИКА АҚ МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...19
2.1 Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. СИКА АҚ-ның баланс өтімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..27
2.3 СИКА АҚ-ның төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.4 СИКА АҚ-ның несие қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...45

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕНДІРУ
МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3.1 Шаруашылық субьектілерін несиелендірудегі негізгі
мәселелер ... ... ... ... 51
3.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 68

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе
бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі
болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор
және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына,
өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу
дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді.
Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек
көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік
несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын
коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың
қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің
қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың
дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы,
әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады.
Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады,
несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы
байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп
отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру
мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін
тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік
талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес
несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін
анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы,
несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен
қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске
несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан
экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің
талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi
болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет
тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары
деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi
басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай (1(.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына
қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде
мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай
қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге
бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың
тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда
жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн
жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың
мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс
елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері
кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев,
А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж.
Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі
зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И.
Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров,
Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сияқты ғалымдардың және
көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты
шаруашылық субьектілерін қысқа мерзімді несиелік операцияларын ұйымдастыру
ерекшеліктерін зерттеу. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі
міндеттер қойылған:
- Қысқа мерзімді несиелеудің теориялық негіздерін қарастыру және
оның мәселелерін шешудің түрлі жолдарын көрсету;
- Несиені қайтаруды қамтамасыз ету әдістерін зерттеу;
- СИКА акционерлік қоғамның баланс өтімділігіне, төлем
қабілеттілігіне және несие қабілеттілігіне талдау жасау;
- коммерциялық банктердің қысқамерзімді несиелеу жолдарын
қарастыру.
- Қазақстан республикасындағы шаруашылық субьектілерін
несиелендіру механизмін жетілдірудің жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және
орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы экономикалық
қатынастардың жиынтығы қарастырылады.
Зерттеу объектісі – Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу,
объектісі СИКА акционерлік қоғамының нақты материалдар негізінде
орындалды(.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі . Зерттеу жүргізу барысындағы
алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет атқаратын қаржылық
институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта
даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу
үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 9 кесте, 5
сурет келтірілген.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қысқа мерзімді несиелеу механизмі және оның принциптері

Несиелік операциялар коммерциялық мекемелер ретіндегі банктың негізгі
дәстүрлі белсенді қызметі болып табылады. Несиелерді беру кәсіпкерлік
фирмалардың, компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың
қаржыландыруына іске асырылатын оның басты экономикалық функциясы болып
табылады. Несиелер бәрінен бұрын несиелеу процесінде банктың және оның
клиенттерінің өзара қатынастарындағы келісу сипатында бекітіледі, яғни
несиенің салым және пайыздық ставкалар мерзімі, оны ұсыну мерзімі және
қайтару мерзімі несие шартында айқын белгіленеді. Несиелер тек несиеге
жарамды қарыз алушыларға беріледі. Осы байланыстылықта қазіргі уақытта сол
бір және өзге несиелеу механизмді несие бойынша борыштылықты реттеу
тәсілдерін қолдану, қарызгердің салалық немесе несиелеу объектісінің
(сипатанан тәуелді) несиелеу кезінде банк бақылауының мазмұны бойынша қатаң
реттелу бар.[2]
Несиелеудің жаңа формасы “несиелік” желіні ашу болып табылады. Мұндай
жағдайда қарызгерге несиелік шот ашылады, бұл бойынша несиелеу міндеті
белгіленеді, ал қарызгердің есепті шотындағы қаражаттардың болмауы кезінде
банк автоматты жабдықтаушылардың шотын төлеуді жүргізеді, егер төлем сипаты
несиелік шартта айтылған несиенің мақсатына сәйкес келсе, бірақ көтерілген
пайызды есепке алумен айналымындай тәсілдермен іске асырылады:
- несие шотына есепті шоттағы еркін қандықты күнделікті қадағалау.
- қарызгермен төлемді тапсырыстарымен, мерзімдері келісілген
мерзімдік міндеттемелерімен, несие шоттары несиелік шоттың
негізінде алынады.
Несиелеу мерзімдері негізінен үш түрге бөлінеді: қысқа мерзімді, орта
мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу.
Банктік несиелерді несиелеу объектісіне қарай бөлуге болады. Тар
мағынада объект (лат. Obgectum- зат) дегеніміз- бұл несиелік келісім шарт
жасау үшін берілетін несие. Қазақстандық тәжірибеде қысқа мерзімді несиелер
материалдық қорлардың әр түрлі элементтеріне байланысты беріледі.
өнеркәсіпте, мысалға, банктер шикізатты, негізгі және қосымша
материалдарды, жанар- жағармайды, ыдысты аяқталмаған өндірісті, дайын
өнімді, есептемедегі құралдарды несиелейді. Саудада несиелеудің типті
объектісі ретінде тауар айналымындағы тауарлар жүреді. Ауыл шаруышылық
кәсіпорындарында банктер егін шаруашылығының және мал шаруашылығың
шығындарын, минералды тыңайтқыштарды, жанармайды және т.б несиелейді.
Ал ұзақ мерзімді несиелер келесідей объектілерді несиелеуге
бағытталады:
- өндірістік объектілердің құрылысы;
- өндірістік объектілерді қайта құру, техникалық қайта құру;
- техниканы, құрал- жабдықтарды және транспорттық құралдардың лау;
- жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
- өндірістік емес бағыттағы объектілерге және т.б құрылыс жасау.
Несиені, ол тек міндетті түрде материалдық объектілерді құруға емес,
сонымен қатар қарыз алушы да табиғи- зат түріндегі объектісі болмаса да ала
алады. Бұл жағдайда объект ретінде қарыз алушының қосымша ресурстарға
қажеттілігі жүреді, яғни несиелеудің объектісі кәсіпорынның ағымдық және
келесі төлемдерді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болып келетін меншікті
қаражаттар мен келіп түсетін шығыстар (табыстар) кезіндегі төлем
айналымында уақытша үзілуі мүмкін. Бұл үзілістің себебі, өндірістің
маусымдылығымен, өнімді жабдықтау және өтілімен, төлем кезіндегі ағымдағы
уақытша тұтынумен байланысты объекивті сипатта болады. Жеке жағдайда
несиеде жалпы тұтыну қарыз алушының қызметіндегі кемшіліктерді көрсететін
субъективті факторлармен байланысты болып келуі мүмкін.[3]
Өндірістің төмендеуі жағдайда несиелердің болуы айқын көрініс табады.
Банк- кредиторы үшін осындай несиелер, әрине үлкен тәуекелділікті
көрсетеді, көбінесе олар қиын (проблемалы) несиелерге көше бастайды, банкке
ұзақ мерзімге дейін қайтарылмауы оның несие портфелінің нашарлауына алып
келеді, қарыз алушының несие қабілеттілігін талдауын күшейтуге
қажеттілігіне әкеліп соғады.
Негізінен қысқа мерзімді несие- айналым қаражаты мен айналыс
қорларының ауыспалы айналымына қызмет көрсететін несие. Айналым қаражатының
жекелеген сатыларына қатысатын жоспарлы несие ақшалай ресурстарының тиімді
пайдалануын бақылау үшін қажетті алғы шарттар жасайды. Қысқа мерзімді
несиелер 1 жыл мерзімге беріледі. Сонымен қатар банкаралық несиелер-
мерзімі 90 күнге дейін. Берілген несиелер: бір күндік несиелер (“бүгіннен
ертеңге дейін”, “ертеңге келесі күнге дейін”, “келесі күннен 1 күнге
дейін” қолдану мерзімімен) апталық (“келесі күннен бір аптаға дейін”),
сонымен қатар екі, үш, төрт апталық, екі және үш айлық несиелер қосылады.
Қысқа мерзімді несиелеудің объектісі қарыз алушының айналым
қаражаттары:
- материалдық құндылықтарды қалдықтармен несиелеу;
- жол жүруге есептелген құжаттар;
- өндіріс шығындары;
- кассалық қабыспаудың таратылуына;
- қысқа мерзімді міндеттемелерді және т.б қайта құрылымдауға
несиелеу.
Коммерциялық банктердің сонымен қатар қысқа мерзімді несие түрлеріне
келіп тоқталатын болсақ, олардың келесідей түрлері бар:
- овернайт;
- овердрафт;
- онкольдық несие;
- ломбардтық несие;
- партнерлік несие;
- аралық несие;
- өзі өтімделетін несие;
- талап етілген несие;
- коммерциялық ссуда;
- банкаралық несие.
Овернайт- несие ресурсын бір күнге тарту мен орналастырудың стандартты
мерзімі.
Овердрафт- банктың клиентінің қысқа мерзімді қажеттілігін қосымша
айналым ақша қаражаттарымен жабуға берілетін қысқа мерзімді несие формасы.
Берілген формада клиенттің есеп айырысу шоты ғана сақталып қоймай, сонымен
қатар онда дебеттік қалдық та болады. Бұл жерде жеке қарыз шотын аша
отырып, клиент есеп айырысу шотына өзінің қалдықтары мен қаражаттарының
келіп түсуі банк ресурстары шотының есебінен есеп айырысу құжаттары мен
ақша чектерін қосымша төлеуге құқық береді.
Ондай несиені беру автоматты түрде жүреді және қосымша несиелік келісім
шарт жасауға әкеліп соқтырмайды.
Овердрафт бірінші класты қарыз алушыларға беріледі.
Біріншіден, болжамданған кезеңде клиенттің айналым қаражаттарының
көздері оларды орналастырудан асып түсуі керек.
Екіншіден, берілген банкте мерзімді депозитке клиенттің ақша
қаражаттарын минималды қажетті тұрақты мөлшерін бір жылға салуы үшін оның
(клиенттің) келісімі талап етілместен беріледі.
Мұндай несиенің мерзімі 10-15 күннен аспауы қажет. Шекті сомасы
негізінен белгіленбейді. Овердрафт түріндегі несиені пайдалану кезінде
клиент комиссиялық сыйақы төлеп отырады, оның мөлшері овердрафтты
пайдаланған күннен бастап есептелінеді.
Онкольдық несие- кредитордың бірінші талабы бойынша қарыз алушының
өтеуге міндеттелген қысқа мерзімді коммерциялық несие.
Ломбардтық несие- тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге ала отырып берілетін қысқа мерзімді несие түрі.
Партнерлік несие- сенімді фирмалардың қысқа мерзімді ойда болмаған
шығыстарын жүзеге асыруға берілетін сенімді несие.
Аралық несие- мерзімді қаржы мәселелерін бақылау үшін жұмсалатын
эксплуатациялық шығыстарды жабуға берілетін қысқа мерзімді несие.
Өзі өтімделетін несие- қаражаттардың уақытша (маусымдық)
жетіспеушілігін толтыру мақсатында ағымдағы активтерді қаржыландыру үшін
берілетін қысқа мерзімді несие түрі.
Талап етілген несие- кез- келген уақытта қарсылықсыз талап етілуі және
қайтарылуы мүмкін қысқа мерзімді банкаралық несие.
Коммерциялық ссуда- айналым капиталында қарыз алушының маусымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін берілетін қысқа мерзімді жаңартылатын
ссуда.
Құрылысқа берілетін аралық несиелер. Несиенің бұл түрі көптеген
коммерциялық банктердің қысқа мерзімді несиелеуін қамтамасыз етуінің кең
тараған формасын көрсетеді. Мұндай несиелер үйлер, офистер, сауда
орталықтары және басқа да ғимарат құрылысы үшін беріледі. Бұл жерде
қозғалмайтын мүлікке қарамастан, несие белгілі бір уақыт кезеңіне беріледі.
Олар құрылысшылардың жұмысшыларды жалдауға, құрал- жабдықтарды арендаға
немесе лизингке алуға, құрылыс материалдарын алуға және жер учаскелерін
салуға қажетті қаражаттарды алуға мүмкіндік береді. Құрылыстың соңғы
сатысында банктік несие әдетте мысалы сақтандыру компаниясынан алған басқа
кредитордан алынған кепілдемемен ұзақ мерзімді несиенің есебімен өтеледі.
Банктер әдетте құрылыс немесе жобалық ұйымдарды, клиенттің құрылысты
аяқтаудан кейін оған ұзақ мерзімді қаржыландыруға мүмкіндік беретін кепілге
ала отырып ұзақ мерзімді несиені алу туралы міндеттемені өз мойнына алғанда
ғана несиелейді.
Банк аралық несие- бұл банктер өз араларында несие мекемелерінің еркін
ақшалай ресурстарын тарту және орналастыру.
Банкаралық несиелеуге банкаралық несиелер және банкаралық депозиттер
формасындағы қысқа мерзімді несиелік ресурстар сатылатын- сатылып алынатын
қаржы нарығының ірі сегменттеріне жатады.
Банкаралық несие қамтамасыз етілместен берілу мүмкін. Бірақ та көптеген
келісім шарттарда банкаралық несие бойынша белгілі бір қамтамасыз ету
міндеті жүктелген. Бұған банктермен бір- бірімен ашылған корреспонденттік
шоттары, шот бойынша овердрафт туралы келісімі, банкаралық несие нарығында
қарым- қатынасы туралы бас келісімі жатады.
Банкаралық несие бойынша несиелік келісім шарттың жағдацы банктің
сенімділігіне, олармен қарым- қатынас жасау формасына байланысты болып
келеді. Банкаралық несие бірінші берілген банктен баланстық мәліметтері
жөнінде нақты үлгілерін және олардың аудиторлық компаниялармен
бекітілгенін; несиені қайтаруды қамтамасыз етудің сенімді кепілдемесін
талап етеді; несие өте жоғары процентпен және қысқа мерзімге беріледі.
Несие сомасы сонымен қатар банк- қарыз алушының меншік құралдарының
мөлшерімен шектеледі.

1.2 Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оның критерийлері

Коммерциялық банктердің клиентінің несие қабілеттілігі- қарыз алушының
толығымен және өзінің қарыз міндеттемелерін (негізгі қарыз және процент
бойынша) мерзімінде өтеу қабілеті.[4]
Қарыз алушының несие қабілеттілігі оның төлем қабілеттілігінен
айырмашылығы өткен кезеңге немесе белгілі бір күнге төлемсіздікті
белгілемейді, керісінше болашақта қарызды өтеуге қабілеттілігін болжайды.
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік
қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекл факторлардың іс- әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан- да, банк несиесінің берілу алдын- ала ықпал ететін
факторларды оқып- үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі
клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды
көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы
болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса,
онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің
несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды.
Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ
төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейін, банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым тәуекелдіктерінің дәрежесін
көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын обьективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік
қабілетінің мынандай критерийлерін бөліп қарайды; қарыз алушының
мінездемесі; қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында
қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі)
капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай,
бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт
қызмет етуінен, эканомикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге
сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің
(жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі
беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына
(білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық
жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым- қатынастар
нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге,
несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының
болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір
өкілеттіліктердің болуын небілдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі-
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу
қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды
критерийі болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор.
1) оның жеткіліктілігі, яғни орталық банктің тарапынан
жарғылық қордың (акционерлік капиталдық) ең төменгі
мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левередж
коэффициенті негізінде талданады.
2) Несиеленетін операцияларға меншікті капиталды
жұмсау дәрежесі, яғни ол банкпен қарыз алушының
арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады.
Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек
болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне
ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға
мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және
несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің
(кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы.Мұндағы қосымша
көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың
банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындалуына кепілдік береді.
Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты
болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса
маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы,
сомалардағы ағымдық немесе болжалған эканомикалық жағдай, саяси факторлар
жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз
алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды
және нормативтік негіз барма?. Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы
салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік
өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің
несилік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты
несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының
стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер
қатарына жататындар:
• Іскерлік тәуекелді бағалау;
• Менеджментті бағалау;
• Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
• Қаржылық коэффмциенттерді бағалау;
• Ақша тасқынын талдау;
• Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
• Орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап
отыру;
Отандық банктің тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет етіп отырады.
Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық
жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің
қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне
байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы
қанағаттандыру,
2) несиені қайтару,
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жолақы төлеу,
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айрыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем-қабілеттілігін, шаруашылық- қаржылық қызметін жан- жақты
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады. ҚР-да Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер
орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж
мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген талдауына байланысты банктердің
әдістемелік нұсқауы, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын
әдістемелер де біршама танымал.
Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бұл баланс өтімділігіне
байланысты көрсеткіштер.
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз
міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және
өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, қорлар) көлеміне
байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай
қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды,
пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен
салыстыру арқылы анықталады(5(.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа
бөлінеді:
1) Ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа
да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса, басқа да ақшалай
қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы
жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары);

Кесте 1- Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай негізгі
көрсеткіштер пайдаланылады:

Көрсеткіштер атаулары. Есептеу алгоритмі.
№ 1 2
1 Ағымдағы өтімділік коэффициентіАғымдағы активтер ағымдағы
міндеттеме
2 Мерзімді өтімділік коэффициентіАғымдағы активтер- қорлар
ағымдағы міндеттеме
3 Активтер рентабельділігі Пайда кәсіпорын активтері
4 Ректабельділік сауда Өнімді сатудан түскен пайда
өнімді сатудан түскен түсім
5 Негізгі құралдар мен басқа Пайда негізгі құралдар
айналымнан тыс активтер айналымнан тыс активтер
рентабельділігі
6 Меншікті капитал Пайда меншікті капитал
рентабельділігі
7 Ұзақ мерзімді міндеттеме Пайда ұзақ мерзімді несие
рентабельділігі немесе займдар
8 Қаржы тұтқасы коэффициенті Заемдық қаражаттар меншікті
қаражаттар
9 Тіркелмелі активтерді өтеу Тіркелмелі активтер
коэффициенті ғимараттар және құрылғылар-
амортизация қамтамасыз
етілген несиелер
10 Қарызға қызмет ету Пайда қарыз бойынша шығындар
11 Қор қайтарышы Жалпы пайда – түсім активтер
Ескерту: пайдаланылған әдебиеттер негізінен алынған

2) Жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген,
жөнелтілген тауарлар және таспырылған жұмыстар; берешектермен
есеп айырысулар; өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға
қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу;
банк несиелері және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген
несиелер бойынша жұмысшыларымен және қызметкерлерінде есеп
айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде
төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар
жатпайды.
Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке
алунбайды. Мұнда “өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек
ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу” бабында жақын арадағы үш
ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3) Жеңіл іске асырылатын тауарлы- материалдық қорлар (арзан бағалы
тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар;
аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа
да айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік
коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды.
Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті
қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай
қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары
болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты болып келеді.
Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу
қажет:
• Қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі
үлкен болса, соғұрлым тауарлы- материалдық құндылықтар қоры көп
болады).
• өнеркәсіп және өндіріс саласы (өкімге сұраныс және оны сатудан
түсетін төлемдердің жылдамдығы).
• өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі).
• Материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді қаражаттардың
айналысы).
• Жұмыстың маусымдылығы.
Өтімді қаражаттардың мөлшерінің төмендеуне ықпал етушілерге мыналар
жатады:
• ағымдағы қызмет зияндары,
• өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар,
• өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі,
• күрделі қаржы жұмсалымдарға иммобилизациялануы,
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес, егер де артық болса
айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды.

1.3 Дамыған мемлекеттерде қысқа мерзімді несиелеудің маңызы

Ресейде орташа есеппен берілген несиелердің жалпы көлемінің 95% қысқа
мерзімді несиелер құрайды. Жалпы қысқа мерзімді несиелер орта мерзімді және
ұзақ мерзімді несиелерге қарағанда өтімді болып келеді.
Қысқа мерзімді несиелерді алушы несиелік ұйымдардың негізгі клиенттері
болып бөлшек сауда кәсіпорындары, сонымен қатар сауда делдалдық фирмалар
табылады. Бұл ұйымдарды несиелеудің негізгі объектісі болып тауарларды
ағымдық өткізу, маусымдық және уақытша жинақтау, басқа да тауарлы-
материалдық құндылықтар табылады. Несиелік шот несиелік келісімшарт
негізінде ашылады. Онда несиені беру және өтеу тәртібі, өзара міндеттемелер
және жақтардың эканомикалық жауапкершілігі, проценттік ставкалардың
жоғарылау немесе төмендеу шарттары анықталынады.
Мерзімді міндеттемелерде жауапты орындаушы тұлғаның несиелік шотының
нөмірі мен төлемінің мерзімін көрсетеді.
Қысқа мерзімді несиелеу процесі төрт жолдан тұрады: бағдарламалау,
беру, пайдалану, пайыздық ақшасын төлеумен банктік несиені қайтару(6(.
Несиелерді бағдарламалау несиелік – есеп айырысу қатынастарын анықтауға
және кәсіпкерлік қызметті тұрақтандыру және аймақтық және ұлттық нарықты
дамыту үшін кәсіпорында ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Несиелердің берілген көлемінің есебі кәсіпорынның эканомикалық және
әлеуметтік дамуын болжауды зерттеумен тығыз байланысты. Болжам- жоспарлар
нарықтық шаруашылық механизмінің маңызды бөлігі болып табылады және
өндіріске тапшы құралдары мен халықтың тұтыну тауарларына сұранысын
қанағаттандыруға негізделеді.
Несиені (несиелік желіні ашу) алу үшін кәсіпорын банкпен несиелік
келісімшарт жасайды. Келісімшарт тоқсанға, жылға немесе несиенің жеке
түрлерінен құралуы мүмкін. Келісімшартта несиені беру, мөлшері, мерзімі
және проценттік ставканың көлемінің негізгі белгілері көрсетіледі. Ақша
қаражаттары нарығының (несиеге сұраныс пен ұсыныс) өзгеруі кезінде
келісімшартта көрсетілген шарттар қайта қарастырылуы мүмкін. Айналым
капиталына қатысу ерекшеліктеріне байланысты банктік несиелер аванстық және
компенсациялық болып екіге бөлінеді. Егер несие айналымының бірінші
сатысында меншік құралдары көп болса, онда ол аванстық сипатта болады. Бұл
осы несиелерден шаруашылық- қаржылық қызметтің міндеттемелері бойынша төлем
айналымының құрылатынын түсіндіреді. Шаруашылық айналымға салынған меншік
құралдарының орнын толтыру үшін несиелерді пайдалану компенсациялық сипатқа
ие болады.
Нарықтық эканомикасы дамыған жағдайда кәсіпорындар бәсеке қабілетті
өнім өндіреді және нарықта тұрақты орынды алса, онда банктер төлем
айналымын және айналым капиталын ұйымдастыруды өз жауапкершілігіне ала
отырып, оларға аванстық несиелер береді. Бұл жағдайда несиені қайтару дайын
өнімді сатудан түскен түсіммен кепілдендіріледі. Банктердің мұндай ролі,
мысалы үлкен жетіліктің барлық елдерінде- АҚШ, Англия, Канада, Япония, ФРГ,
Франция және Италияға арналған.
Біздің елімізде нарықтық эканомика енді ғана дамып келе жатыр және
нарықта кәсіпорынның жағдайын есепке алмай аванстық несиелерді беру
хроникалық мерзімі өткен қарызға және операциялық шығынға әкеліп соқтыруы
мүмкін. Бұл жағдайда төлем айналымының ұйымдастырылуына жауапкершілікті
кәсіпорын өз мойнына алады. Бұл барлық төлемдер олардың есеп айырысу
шотымен жүргізіледі, ал банктік несиелер айналым капиталына салынған меншік
құралдарын толықтырады. Бұл модель бойынша материалдық өндіріс сферасы,
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс бойынша барлық
кәсіпорындар несиелендіріледі.
Айналым сферасындағы кәсіпорындар тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін
берілетін аванстық несие формасындағы несиелерді алады. Несиелеудің мұндай
моделі сауда ұйымдары белгілі құралдарға бөлінген және тауарлық қорлардың
құрылуы банктік несие есебінен жүргізіледі. Меншік капитал көмегімен
тауарлар тек жаңа шаруашылық құрылымдар- акционерлік, бірлескен, шағын және
кооперативті сауда- саттық кәсіпорындармен төленеді. Аванстық және
компенсациялық несиелерді берудің басты ұйымдық экономикалық жағдайында
арнайы және жай несиелік шоттар қызмет етеді. Біріншісі несиелеудің барлық
кезеңіне ашылады және тауарлар мен қызметтерге төлем төлеу үшін төлемдік
несиелерді жүйелі түрде беру үшін пайдаланылады, ал екіншісі- заемдық
қаражатты дискретті түрде беру мен жеке шаруашылық іс-шараларды несиелеуге
арналған.
Еліміздің коммерциялық банктерінің несиелерінің негізгі бөлігі
материалдық құндылықтар қорына арналады, себебі тауарлы өнімнің өзіндік
құнында мұндай құндылықтардың үлесі 75% - дан астам болып келеді. Бұл
өндірістік қорлар, аяқталамаған өндіріс, дайын өнім және тауарлар (сатып
алушымен жүктелген). Мұндай кезде олар баланс активінің екінші және үшінші
бөлігінде көрсетіледі, олар “Қорлар және шығындар” және “Есеп айырысудың
ақшалай қаражаттары” деп аталады.
Өндірістік қорлар: өнеркәсіпте- металл, синтетикалық материалдар,
ағаштар, ауыл шаруашылық шикізат өнімдері және оның бірінші өңделген
тауарлары, ауыл шаруашылығында дәнді –дақылдар, бордақыланған жануарлардың
сүт тағамдары, жемдер, тынайтқыш заттар, техниканы жөндеуге арналған
қосымша құралдар, жаңғыш қоспа материалдары, сауда да- ағындағы тауар
айналымындағы тауарлар, мерзімінен бұрын тасып әкілінген, маусымдық
жинақталған, уақытша сақталатын және т.б тауарлар кіреді. Коммерциялық
банктердің несиелерінің басқа бөлігі жеткізіп берушілердің
(жабдықтаушылардың) қарыздық талаптарын төлеу үшін төлем несиелернің
формасында беріледі. Мұндай несиелер құндылықтарды сәйкес түрлері бойынша
өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен есеппайырысу үшін тауарды
көтермелеп және жекелей сатып алу саудалық желісінде ұйымдастырылады.[7]
Несиенің үшінші бөлігі тауарлық өнімді дайндау мен байланысты ағымдағы
өндірістік шығындарды жабуға арналған. Өнеркәсіпте- бұл жаңа өндіру бойынша
шығындар, маусымаралық кезеңдерде персоналды және құрал-жабдықтарды
қамтамасыз етуге арналған шығындар, амортизация мен салымдарды құруда
маусымдық үзілу, ауыл шаруашылығында – егін ету және егін егілетін
алқаптарды өңдеуге және техниканы жабдықтауға кететін шығындар, саудада-
азық- түлік өнімдерін шығару бойынша кәсіпорынның шығындары, жартылай
фабрикаттар мен кәсіпорын үшін қоғамдық тұтынуға арналған тошақтарды
шығаруы кеткен шығындар жатады.
Осылайша жеке шаруашылық операцияларымен байланысты коммерциялық
банктердің мақсатты несиелер тобы жүзеге асырылады. Бұл несиелер:
аккредитивтер мен чектік кітапшаларды сатып алуға, жұмысшылар мен
қызметкерлерге жанақы төлеуге, берілген жылда айналым капиталының өсіміне,
кездейсоқ төлемдерді есептеуді аяқтауға және т.б. арналған.
Соңғы уақыттарда мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге ынталы
несиелер дами бастады. Оларға жергілікті өкілетті органның қатысуымен
жекешелендіру комиссясының шешімі бойынша еңбек ұжымына берілетін жалға
және мүмкін сатып алуға несиелер жатады.
Халық шаруашылығының нарықтық экономикаға қатысуы тауар және қор
биржасының және мамандандырылған биржалық банктердің пайда болуына әкеп
соқтырды. Биржалық банктер тауар айналымын және құнды қағаздар нарығын-
кәсіпорынның акциялары, мемлекеттік қарыз облигацияларын несиелей бастады.
Банктер несиелеу процесінде берілген несиелердің қайтарылуын бақылауды
жүзеге асырады. Несиелеу үшін мүліктің жеткілікті деңгейі және
рентабильділігі бар, шаруашылық- қаржылық қызметті өтімді жүргізе алатын
кәсіпорындарды таңдалады. Ол үшін несиені беру мүмкіндігін кеңейтетін ақша
қаражаттарын сатып алуға несиелік келісім шарт жасайды. [8]
Қысқа мерзімді несиелердің кең тараған түрі вексельдік операциялар
болып табылады. Вексельдік операцияға: вексель есебі және вексель кепілі
жатады. Вексельді ұстаушыдан вексельді сатып ала отырып, банк мерзімі
аяқталғанға дейін вексель бойынша ақшаларды алу құқына ие болады. Себебі,
банк вексель ұстаушыға ақшаны жылдам беріп аванстайды, бірақ вексельдің
мерзімде өтеулуі, мысалы, бір айдан соң өтеледі, банк ол кезде вексель
ұстаушыдан, яғни вексельді есепке алушы, есептік процентті немесе дисконтты
есепке алушыдан алып отырады. Дисконт вексельде көрсетілген сома мен
банкпен вексельді есептеу кезінде төлеген соманың арасындағы айырмашылыққа
тең болады. Вексельдің мерзімі өткен кезде банк қарызгерге өтеу туралы
ұсыныс береді.
Вексельдің кепілдемесінің вексель есебінен айырмашылығы, вексель
ұстаушыдан банкке түтілікті түрде емес, уақытша банктің берген несиесіне
кепіл ретінде жүреді. Несиенің мерзімі өткеннен кейін қарыз алушы оны
өтеуге және ол бойынша проценттерді төлеуге міндетті, сонан соң банк оған
вексельді қайтарып береді. Вексельдің мерзімі жеткен кезде вексель ұстаушы
қарызгерді өтеуге мәжбүрлейді.
АҚШ елінде банктік несиенің маңызды категориясы ретінде сауда-
өнеркәсіп кәсіпорындарына беретін несие (коммерциялық несиелер) жүреді. Бұл
несиелердің жартысынан астамын өнеркәсіп компанияларына айналым капиталын
толықтыруға берілетін қысқа мерзімді несиелер құрайды. Олардың бір бөлігі
маусымдық сипатқа тән және тез өтеледі. Несиелердің басқа бөлігі
кәсіпорындардың күрделі шығындардың жабуға пайдаланылады. Қысқа мерзімді
несиені азық-түлік компаниялары, жеңіл өнеркәсіптер, бөлшек саудада,
өндірістің (қорлар құруға, мысалы орман өңдеуші өнеркәсіптер) маусымдық
режимімен өңдейтің өнеркәсіптерде пайдаланылады.
АҚШ елінде барлық берілген несиелердің 31,6 % -ін сауда өнеркәсіп
кәсіпорындарына берілген несиелер құрайды.
Несиелік операциялардың классификациясы негізінде басқа да критерийлер
жатқызылуы мүмкін, мысалы несиенің мерзімі, қамтамасыз етілуі және т.б.
Сонымен Жапонияда банктердің қысқа мерзімді несиелері келесідей бөлінеді (%-
бен):
- овердрафттар (қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді несиелер) -
12,3
- вексель есебі формасындағы қысқа мерзімді несиелер- -8,8
- вексель кепілімен берілетін несиелер- 37,1.
Шешу үшін, құрылтайшыларға жалақы және дивиденттер төлеу үшін, салық
алымдарын және т.б. төлеу үшін, кезеңінде айналым капиталын толықтыру үшін
несие сұрайды. Сонымен қатар несиенің бұл түрі несиелік желіні ашуға
мүмкіндік береді. Несиелік желі – несие бойынша қарыз алушы банктің
арасында келісімі негізіндегі жетістік, қарыз алушы кез- келген уақытта
несиені банкпен қосымша түрде келіспей ақ белгілі бір мерзімге бекітілген
лимит. Берілген несиенің бұл түрі қамтамасыз етуде жалпы тауарлы-
материалдық қорлар жүреді. Қарыз алушы несиелік желіні ашу кезінде банкке
несиені беру міндеттемесі үшін сыйақы төлейді. Сонымен қатар қарыз алушыдан
банкте (несие берушіде) шотында депозиттік қалдық сақтау талап етіледі,
оның минималды сомасы келісімшарт бойынша (мысалы 3% ) несиелік желіннің
сомасына байланысты болады және қарыз алушымен несиені қолданғандағы нақты
сомасымен (15%) байланысты болады.[9]
Құнды қағаздар бойынша дилерлердің жүргізетін операцияларын
қаржыландыру. Мемлекеттік және корпоративті құнды қағаздармен операция
жүргізетін дилерлер өтімділік проблемасын (жаңа құнды қағаздар сатып алу
үшін ақша қаражаты болмауы және құнды қағаздармен байланысты түрлі биржалық
операцияларды жүргізе алмау мүмкіндігі) басынан жиі кездеседі. Мұндай
несиелерді қамтамасыз етуде құнды қағаздардың өзі жүреді. Коммерциялық
банктер түрлі корпорациялардың, кәсіпорындардың және т.б. жаңа шығарылған
акциялармен облигацияларды орналастыруды өз міндетіне алған түрлі
инвестициялық банктік фирмаларға несиелерді береді. Инвестициялық фирмалар
өзінің инвесторларына бұл құнды қағаздарды екінші нарықта сатқаннан кейін,
ол сатқаннан түскен пайдадан бірден коммерциялық банкке несиені өтейді.
Бөлшек сауданы қаржыландыру. Несиелеудің бұл қысқа мерзімді формасы
банкпен түрлі бөлшек саудамен айналысатын фирмаларға қарыз алушының
қарыздық міндеттемелерімен берілетін орта және ұзақ мерзімді несиелер-
41,8.
АҚШ-та жапондық және батысевропалық тәжірибеге қарағанда банктің
несиенің көп бөлігі нақты бір қамтамасыз етілусіз беріле береді. Ондай
несиелерді тұлғалы клиенттер, тұтыну өнімдерінің активті нарығы бар,
репутациясы жоғары, динамикалық басмылығы бар, тұрақты пайдасы және
қаржылық жағдайы тұрақты фирмаларға бірінші кезекте береді. Мұндай
клиенттерге несиені төменгі ставка бойынша береді.
Қысқа мерзімді несиелер нақты мерзімі анықталмай жиі қолданылады- яғни
талап етілгенге дейін. Бұл анкольдық несие. Ол банктың немесе қарыз
алушының талады бойынша кез келген уақытты өтелуі мүмкін.
Сауда фирмаларына және коммерциялық кәсіпорындарға берілетін қысқа
мерзімді несиелер бірнеше түрлерге бөлінеді, соның ішінде біріншісі-
автоматты түрде өтелетін тауарлық несиелер. Несиенің берілген түрі жалпы
тауарлы- материалдық қорларды сатып алуды қаржыландыру үшін қолданылады
автоматты түрде өтелетін тауарлық несиелер кезінде қаржылық құрамдардың
қозғалыс схемасы келесідей көрсетіледі: а) фирма (қарыз алушы) коммерциялық
банктерден (несие беруші) несиеге қаржы құралдарын алады; б) қарыз алушы
өзіне қажетті тауарлы- материалдық қорларды сатып алады; в) қарыз алушы
қажетті өнімдерді өндіреді; г) қарыз алушы өнімді сатады және сатылғаннан
түскен қаражаттар есебінен банкке несиені өтейді(10(.
Айналым капиталын толықтыру үшін берілетін несие. Несиенің берілген
түрі көбіне автоматты түрде өтелетін тауарлық несиеге ұқсас келеді және
қысқа мерзімді несиенің мерзімі бірнеше күннен бір жылға дейінге беріледі.
өте жиі қарыз алушылар банктен қандай да бір маусымдық шыңдар (ликвидтілік
мәселесін)беріледі. Себебі ол фирмалар белгілі бір уақыт арасында көптеген
сатып алушылар тауарларды сол уақытта емес, белгілі бір уақыт аралығында
төлейді, сондықтан да фирмаларда қаржы жетіспей мәселесі туады, сол үшін
оларға қысқа мерзімді несие беріледі. Бұл несие коммерциялық банкпен өте
тығыз қарым-қатынаста болған және өте жақсы несие тарихы бар бөлшек
саудамен айналысатын фирмаларға беріледі. Бөлшек сауданы қаржыландыру
әсіресе автомобильді дилерлерді несиелеуде үлкен мәнге ие болады.
Активтермен қамтамасыз етілген несие. Бұл несиенің қысқа мерзімді
формасы фирманың өтімді активтермен, яғни ақша қаражатына тез айналатын
(дайын тауарлар және өнімдер, тауарлы- материалдық қорлар және т.б)
активтермен қамтамасыз етілумен жүреді. Бұл несие бірден емес ол сатудан
түскен ақша қаражаттарының мөлшері бойынша жеке төлемдермен өтеледі және
қарыз алушының қарызгерлері өзінің қарыздарын қарыз алушының алдында емес,
керісінше қарыз алушыға несие берген коммерциялық банкке өтеуді жүзеге
асыруына сәйкес факторлигтік келісіммен жүргізіледі. Бұл негізінен қысқа
мерзімді несиелеудің тәуекелді формасы, сондықтан ол бойынша проценттік
ставка жоғары болады. Сонымен қатар несие кезіңде қамтамасыз етілген
активтермен кепіл затына (тауарлар, тауарлы- материалдық қорлар) меншік
құқы коммерциялық банкке өтеді.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЬЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕНДІРУДІ
ТАЛДАУ (СИКА АҚ МЫСАЛЫНДА)

2.1 Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді
талдау

Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін
танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді
тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады.
Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты
ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен
орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн
қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға
құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң
қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi –
бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар
субъектілер жатады(11(.
кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет
және ең бастысы – әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана
жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты – өз кәсiпорынының
пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып
табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына
тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке
жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа
жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң
сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі
жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік
ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік,
бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.
Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi
несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық
несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру
кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (2-кесте).

Кесте 2 – Банктердің кәсіпорындарды несиелеуге әсер ететін
факторлардың топтамасы

Банк тұрғысынан Кәсіпорын тұрғысынан
1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің 1. Несиеге деген жоғары пайыздық
болмауы мөлшерлеме
2. Несиені қамтамасыз етудің 2. Несиелердің қысқа мерзімділігі
өтімсіздігі
3. Қарыз алушы-кәсіпорынның 3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік
қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы кезеңінің жоқтығы
4. Қарыз алушы-кәсіпорынның ақпарат4. Құжаттарды дайындау
тық жабықтығы процедурасының ұзақтығы
5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты 5. Кепілдің бағалау құнын оның
несие тарихы туралы ақпараттарға нарықтық құнынан кемітіп көрсетуі
қол жетпеушілік
6. Банк менеджерлерінің ұзақ 6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ
мерзімді несиелермен жұмыс істеу мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша
тәжірибесінің жоқ болуы жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы
Ескерту – автормен құрастырылған

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, қарастырылған алты жыл
аралығында, шаруашылық субьектілерін берілген несиелердің ағымдағы портфелі
145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және
ұсақ мерзімді несиелер – 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес
салмағының жоғарылығы екінші деңгейдегі банктердің тез айналатын сауда-
делдалдық операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.
Орта және ұзақ мерзімді несиелердің төменгі үлесі өндіріс және ауыл
шаруашылық секторын қаржыландыру қызығушылығының жоқтығын көрсетеді, ол
кепілдікке қойылатын мүліктің жоқтығына, несиелерді алудағы құжаттарды
реттеу қиыншылықтарына және банктердің басқада талаптарына байланысты.

Кесте 3 – Шаруашылық субьектілерін несиелеудің негізгі көрсеткіштерінің өсу
деңгейі

Көрсеткіштердің аталуы Жылдар
2009 2010 2011 2012 2013 2014
Экономика салалары бойынша барлық71,6 93,4 148,8 276,2 489,8 672,4
несиелер, млрд теңге
с.і. – ШКС 22,9 24,3 39,9 74,2 122,0 145,4
Несиелеу мерзімдері бойынша ШКС
несиелері, млрд теңге
- қысқа мерзімді 20,1 17,7 20,4 40,1 60,2 67,6
- ұзақ мерзімді 2,8 6,7 19,5 34,1 61,8 77,8
ШКС барлық несиелері,млрд теңге
- ұлттық валютада 13,0 17,1 2,3 40,7 75,4 53,2
- шетелдік валютада 9,9 7,2 17,6 33,5 46,6 92,2
Ескерту – Қазақстанның ұлттық банкінің 2009-2014 жылдардағы жылдық
есептері мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Қарастырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған несиелік мәселелерді қарастырып, оларды тиімді несиелендіру арқылы шешу жолдарын зерттеу
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
Шағын және орта бизнесті дамытудың, несиелендірудің тиімділігі
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Пәндер