Экспо көрмесі – Қазақстанның әлеуетін көрсетудің мүмкіндігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . … . . . ………. . . . 3
- ЭКСПО КӨРМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Әлемдік ЭКСПО көрмесінің даму тарихы және өзіндік символдары . . . 8
1. 2 ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі: әлеуметтік, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарас . . . 11
1. 3 ЭКСПО көрмесінің Қазақ халқы үшін маңызы . . . 20
II. ЭКСПО КӨРМЕСІ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨРСЕТУДІҢ МҮМКІНДІГІ
2. 1 Астананың ЭКСПО -2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуы - Қазақстанның жетістіктерінің танылуы . . . 23
2. 2 ЭКСПО -2017 көрмесінің әлеуметтік тұғыры және оған арналған туристік бағдарлама және оның болжамы . . . 37
2. 3 ЭКСПО көрмесі арқылы Қазақ елінің даму болашағы . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ …… . . . . . . 50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …… . . . 51
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тәуелсіз қазақ елі өз орнын әлемдік деңгейде таныта білуде тарихи қиын-қыстау жолы мен дағдарысқа мойымай өз сара жолын таңдаумен мәлім болды. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді»
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардыңөтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Қазақстан экономикасы соңғы жылдары ақиқатында да зор даму биіктеріне шықты. Лондон қаласында өткен соңғы Олимпиадада Қазақстанның Көк байрағы ондаған рет көтеріліп, дүние жүзін жас егемен елдің ерен жеңістеріне тәнті етті. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Енді, міне, XXI ғасырдың ғажайыбы атанған Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өткелі отыр. Осы жаһандық шараны өткізу барысында Қазақстан Республикасы тағы да үлкен қырларынан танылмақ. Қазақ елі төрткүл дүниеден келген қонақтарға өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени зор жетістіктерін паш етеді. Қарашаның 22-сінде Франция астанасы Париж қаласында Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы өтіп, онда әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын Астанаға алып берді.
2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО -2017 Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болмақ. Халықаралық «ЭКСПО» көрмесінің Астанада өткізілуі - жаһан жұртшылығының Қазақстанды мойындай білгендігінің белгісі.
Ұсынылып отырған 2017 жылы халықаралық «ЭКСПО» көрмесі Астанада 3 айға - 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылады. Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 халықаралықұйым қатысады, көрмеге 5 миллион адам келеді деп күтілуде. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ [1] .
Елбасы, Н. Ә. Назарбаев: «ЭКСПО бұл - тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық сахнадағы ең үлкен жетістігі!» -деп ерекше атап өтті [1] .
Шынында, «ЭКСПО - 2017»-мен ауқымы жөнінен елімізде өткен ешқандай іс-шара деңгейлесе алмайды. «ЭКСПО - 2017» қазақ елінің бұрын-соңды болмаған ең ірі «имидж-жобасына» айналмақ. Қазақстан Президенті «ЭКСПО» енді бес жылдан кейін қайда өтеді?» деген сауалдың жауабын адамзат бүкіл әлем болып іздегендігін айтады. Себебі Халықаралық көрмелер бюросына дүниежүзіндегі 161 тәуелсіз мемлекет мүше, сайлауға сол елдердің барлығы қатысты. «Олардың барлығы Қазақстанның қайда екендігін, Астананың не екендігін талқылады, олардың барлығы өз таңдауларын білдіру үшін біздің еліміздегі ахуалды саналы түрде зерттеді. Олардың барлығы ақыр соңында осынау жаһандық ауқымдағы көрмені өткізуді Қазақстанға, Астанаға саналы түрде сеніп тапсырды» деп түсіндіреді Елбасы [3] .
Рас, «ЭКСПО»-ны өткізу үшін ел бюджетіне біраз шығын шығаруға тура келмек. Ал «ЭКСПО» Қазақстанға қандай пайда бермек?
- Біріншіден, әлемнің осыншама елінің Қазақстанды «ең лайықты» деп тануының өзі өте маңызды, - дейді Мемлекет басшысы. Бұл бізге жат қылық емес. Қазақ пейілі де жері де кең, батыры мен ақсақал данагөй қариялары да әр қашанда елдікті, бірлікті туы еткен.
- Екіншіден, 100-ден астам ел Астанада өз павильондарын салу үшін келеді. Шет елден инвистиция тарту, елді таныту. Даму үшін ең оңтайлы мекендердің бірі ретінде танылу. Елдердің өз еріктерімен қазақ елі заң талаптарына бағына отырып қимыл жасауына қолайлы негіздің бар екенін таныту.
-Үшіншіден, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне біз ұсынған «Болашақтың қуаты» ұраны негізінде елордамызға жаһандағы мемлекеттер өздерінің жаңа технологияларын жеткізеді, паш етеді. Іс жүзінде ІІІ-индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде «жасыл экономика» болса, соныңқолында жаңа технологиялар бар. Ал жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни «ЭКСПО - 2017» Қазақстан үшін экономикалық дамудың түбегейлі жаңа бетін ашудағы бетбұрыс бекетіне айналмақ!
ЭКСПО өткізу кезінде Астана қаласы дүниенің әр бұрышынан келген әр түрлі мәдениет үндеріне толады. Күн сайын көрме аумағында концерттер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады. Туристтер мен көрмеге қатысушылардың көп саны оларға қызмет көрсетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады. Өйткені келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауыққажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады. Студенттар мен жоғары сынып оқушылары үшін бұл көрме өзге тілдерді үйренудегі тіл жаттықтыруға, жетекші әлемдік ғылыми мектептермен танысып, бұдан былайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндіктерін бермек.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша: «Дүниежүзінде дағдарыстың жалғасып, ал әлем елдерінің қиындық кешіп жатқандығына қарамастан, Қазақстан өз халқының өмірін жақсартып, әл-ауқатын арттырып келеді [4] . Иә, тура 5 жылдан кейін, кезінде Парижге - Эйфель мұнарасын, Лондонға - Хрусталь сарайын сыйлаған, ал Венаға әлемдегі ең үлкен мұнарасы бар павильон тұрғызған дүниежүзілік көрме Астанада өтетін болады. 2017 жылы егемен еліміздің елордасында өтетін бұл өркениет көрмесі шындығында да ғажап құбылыс. Ал ЭКСПО көрмесін өткізу - беделімізді асқақтатар тағы бір осындай үлкен шара болмақ. Әрине, төрткүл дүние көз тіккен халықаралық шараны абыроймен өткізу біз үшін зор мақтаныш, биік белес екені сөзсіз. Ендеше, осы ұлы шараны ұялмай өткізер күнге жеткенше асықпыз. Тәуелсіздік тарихы қазақ елінің алтын әріптермен жазылатын дастаны болмақ. Алел шежіресі әрбір жеке адамның тарихынан құралады. Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері ел тұрғындарының өлшеусіз еңбегінің арқасы.
ЭКСПО-2017 көрмесі - экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және т. б. қоғамдық салалардағы жетістіктерді жариялап көрсететін демонстрация. Бұл мемлекеттің әлеуметтік тұрақты дамуын көрсетумен қатар, елді танытудың келелі жоспарлы шарасы деп атасақ та артық болмас. Әлеуметтік тараптан қарағанда көрменің көптеген түрлері бар: жергілікті, ұлттық, халықаралық, дүниежүзілік, жалпы және салалық. Салалық көрмелерге көркемөнер, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық көрмелері жатады. Уақытына байланысты көрмелер уақытша және тұрақты болып жіктеледі [5] .
Көрмелер кез келген елдер мен халықтар үшін үлкен тәрбие мен нәтижеліліктің көрінісі болып табылатынын естен шығармайық. Адам жөнінде, қоғам қатынастары мен қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның даму негізі деп қарасақ экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерумен қатар осындай шараларды биік деңгейде өткізуге мүмкіндіктер жасайды. Көптеген елдің ұлттық байлықтарының талдап жатпастан, дүниежүзілік сарапшылардың Қазақ елін ЭКСПО өтілетін орын етіп алуы да тегін емес.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған алпауыт елдер бар, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де басым түсетіндері аз емес. Бұл салада отандық тәжірибеде көп ұлтты зайырлы мемлекет ретінде дамып келе жатқан қарқынымен көзге түсті. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде осындай әлемдік маңызы бар шаралардың атқарылуы түсінікті ақ.
Көрмелер тақырыбын ашатын болсақ, адамзат мәдениетінде ЭКСПО (ЭКСПО) көрмесінің орны ерекше. Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар, заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабылдауында сарапшы қызметіне көп мән береді. ЭКСПО көрмесінің шығу тарихына мән беретін болсақ жаңа мәліметтерді танып білеріміз сөзсіз.
ЭКСПО техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды [6] .
Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017 жылға жоспарлануда, алайда, ол үшін Халықаралық шешім мен қолдау керек, оның шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында жарияланады.
Бұл жұмыстың өзектілігі - ЭКСПО көрмесінің маңыздылығы мен оның біздің еліміз үшін беретін артықшылығын қарастырудан туындап отыр. Бұл тікелей халықтар әлеуетін арттырып қана қоймайды түрлі мемлекеттер арасындағы байланыстарды түзеді. Көрмелер мемлекет үшін экономикалық табыс көзі ғана емес ол өз мәдениетін өзгелерге таныту, жаңғыру методологиясын әлемге паш ету болып та табылады.
Жұмыстың зерттелу денгейі . Бұл тақырып тарихы сонау ежелге кеткенімен арнайы зерттеліп келе жатыр десек дұрыс болмас. Бір қызығы бұл өз құндылығын жоймайтын, әрі қайта-қайта зерттеуді қажет ететін жыл өткен сайын сараптаулар жүргізе беретін аса қызығушылықпен қарайтын жұмыстар қатарында. Әлемде барлық мемлекеттер осы тұрғыда сөз қозғап өзіндік таңбасын қалдыруға тырысып жатады. Оны жас ұрпақ білуі керек.
Ағылшын ғалымы А. Формедеган «Мәдениеттегі көрмелер тарихы» еңбегі мен Д. Белдің «Өнер туындылары» атты еңбектерінде көрмелер жөнінде жалпылама сипаттамалар жасалған. Біздің қңірімізде келешекке жоспарланған жұмыстар жөнінде тарихта әлі айтыла жатар демесек бұл тұрғыда тереңнен толғаған зерттеулер жоқ. Газет пен ақпарат құралдарындағы бірін-бірі қайталап толықтыруларды көреміз. Мен осы жұмысты бірінші ғылыми жұмыс деп атасам да артық болмас.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесінің қазақ елі үшін маңызын таныту үшін төмендегідей мақсаттар мен міндеттер белгіленді:
- ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесінің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы даму көрсеткіші ретіндегі келешекке жоспарлы көзқарас жасау;
- ЭКСПО көрмесінің Қазақ халқы үшін маңызы. Мемлекет тарапынан жоспарлы жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысын таныту;
- ЭКСПО - 2017 көрмесінің әлеуметтік тұғыры және оған арналған мәдени ел таныту бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын талдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Ұсынылып отырған диплом жұмысында төмендегідей ғылыми жаңалықтар анықталған:
- Мемлекет құрылымындағы дамуға бағытталған өзгерістер ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесінің әлеуметтік және экономикалық тұрғыда тыңғылықты жетістіктерге жетуімен анықталады. Арнайы сараланатын әлеуметтік материалдарды қолдану арқылы оның мәдени-тәрбиелік маңызы анықталды. Бұл қазіргі қоғамда дамушы жастардың санасынан сөзсіз орын алады.
- Қазіргі дағдарыс пен жаһандық процесстерді өтудегі рухани негіздердің тарихи қажеттілігі ғана емес жаңа даңғыл жол салу екенін Елбасы танытқан тарихи жолды таныту.
- Әлеуметтік қарым-қатынасты зерттеуші ұйымдар тарапынан жасалған зерттеулерден алынған мәліметтерге қарай жасалған жұмыстар нақты зерттеліп, жаңа ұсыныстар берілді.
Зерттеудің методологиялық негізі болып Елорда жасаған Елбасының берген жалпыхалықтық сұқбаттары, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттерінің жоспарлы бағдарламасы, Н. Қаппаров ҚР қоршаған ортаны қорғау министірінің «ЭКСПО-2017 өте ұтымды жоба», Бірінші Назарбаев оқулары “ Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” 17. 11. 2013 және де басқа көптеген еңбектер есептеледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ЭКСПО КӨРМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Әлемдік ЭКСПО көрмесінің даму тарихы және өзіндік символдары
ЭКСПО техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды. Осы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2011 жылы 160 жыл толады екен.
Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017 жылға жоспарлануда, алайда, ол үшін Халықаралық шешім мен қолдау керек. Қазақстан (Астана) көрмесі Бельгияның (Льеж) көрмесімен бақталастырып отыр.
Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты [7] .
Өткен 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы халықаралық қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә. Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала берді.
Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіләлемдік көрмелер - бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаудары, құндылықтар мен басымдықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпінділігі бүкіләлемдік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына белгілі бір ықпалы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Әр бүкіләлемдік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді.
Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.
Олардың басты мақсаты - жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.
Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды. Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
Ел ішінде ХКБ-нің өзіндік мұрасы пайда болды: Лондондағы Хрусталь сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр III көпірі; Венадағы Ротонда - әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны.
ЭКСПО бес жылда бір өткізіледі және алты айға созылады. ЕХРО мамандандырылған халықаралық көрмелері екі Дүниежүзілік көрмелердің аралығында өтеді. Міндетті түрде ХКБ бекіткен тақырыпқа ие болады әрі үш айға жалғасады.
Оңтүстік Корея, 1993 жыл, «Дамудың жаңа жолын таңдау»:
ЕХРО-93 бүкіләлемдік көрмесі Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында 1993 жылғы 7 тамыздан 7 қарашаға дейін жалғасты. Көрменің тақырыбы - дамудың жаңа жолын таңдау.
Осы жылы өткен ЕХРО-ның басты символы - ғарыштан келген Кумдори сәбиі. Символды ойлап тапқандардың пікірінше, сәби техникалық жаңғыртуға жетелеуі керек. Кумдори адамның ғылым мен техника туралы арманын бейнеледі.
ЕХРО-93 мақсаты - түрлі елдердің қоршаған әлемді танып білудің ғылыми-техникалық әдістерін әзірлеуге әртүрлі елдердің қосқан үлесін көрсету, адамның қоршаған ортаны қорғау арқылы болашақ алдындағы жауапкершілігін көрсету болып табылады. ЕХРО-93 ашылуына ЭКСПО Bridge көпірі салынды. Өткізілген орны үш бас облыстан тұрды - халықаралық, корпоративтік және саябақтың қызықты зонасы.
Мамандандырылған көрме болғандықтан, халықаралық зонадағы павильондардың көбі дайын болып, бағдарлама уақытына түрлі халықаралық қатысушыларға жалға берілді. Жүз сегіз мемлекет Тэджонда бұрын-соңды өтпеген ірі көрмелердің бірі ЕХРО-93 көрмесіне қатысты.
Корпоративтік зона да ерекше сиқырға ие болғандай. Корейліктер әдемі сәулет, мазмұнды көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, ЕХРО символы «Kumdori» құрметіне Kumdori Land қызықты саябақ зонасы да сән-салтанатымен қызықтырды.
Көрменің орталығы - биіктігі 93 метрлік pinnacled Hanbit немесе Үлкен Жарық Мұнарасы. Жалпы ЕХРО-93 көрмесі үлкен технологиялық көрсетілімдер арқылы танымал болды.
Испания, 1992 жыл, «Жаңалықтар ғасыры». ЕХРО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы - «Жаңалықтар ғасыры» [8] .
Оның символы - Curro болды. Curro - ұзын тұмсығы, түрлі-түсті айдары, пілдің аяғы бар үлкен ақ құс. Оны жасаған неміс жобалаушысы Хайнц Эделман.
ЕХРО-1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Көрмені өткізуге Чикаго қаласы да қатыспақ болды, дегенмен қаржыландырудың жеткіліксіз болғандығынан аталмыш қала қатыспады.
215 га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросыың мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.
Австралия, 1988 жыл, «Техника ғасырындағы бос уақыт» [9] .
Жасыл құрлықта өткен бүкіләлемдік алғашқы көрме Австралиядағы Брисбен қаласында 1985 жылғы 30 сәуір-30 қазан аралығында ұйымдастырылды. Көрме тақырыбы - «Техника ғасырындағы бос уақыт».
1988 жылғы көрме символы ЕХРО Оз аталатын австралиялық platypus. Оны әзірлеген Диснейдің Imagineering бөлімшесі.
ЕХРО-1988 көрмесін 30 сәуір күні Австралия Корольдігінде Элизабет II ашты. Жәрмеңке 18 млн астам келушіні тартты. ЕХРО-1988 көрмесі Квинсленд қаласын Австралияның дамыған қаласына айналдырды.
Көптеген мүсіндер мен ғимараттар бүгінгі күнге дейін сақталды. ЕХРО-88 52 үкіметтен 100-гу жуық павильонды тартты. Көрмеге көптеген елдер қатысты.
Ванкувер, 1986 жыл, «Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем»:
ЕХРО-1986 - Ванкувер қаласының жүз жылдығына орай 1986 жылғы 2 мамыр мен 13 қазан аралығында өткізілген II санатты дүниежүзілік көрме. ЕХРО-86 ресми символы Эрни болды. Ол адамға ұқсас робот. Он жылдар өтсе де, ол Ванкувердегі танымал символдардың бірі болып табылады [10] .
Көрменің тақырыбы: «Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем». Қатысаушы елдер саны жүзе жуық, ал келушілер қатары 6, 5 млн адамды құрады. 86 жылғы ЭКСПОны 1986 жылғы 2 мамырда ханзада Чарльз Уэльский, ханшайым Диана Уэльская және премьер-министр Брайан Малрони ашты.
Жапония, 1985 жыл, «Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту»:
ЕХРО -1985 Бүкіләлемдік көрмесі 1985 жылғы 17 наурыздан 16 қыркүйекке дейін жапондық Цукуба қаласында өтті. Көрменің тақырыбы - «Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту».
ЕХРО-1985 ресми символы - Cosmo Hoshimaru. Көрме техникалық «Диснейлендке» ұқсады. Көрмеде роботтар басым болды. ЭКСПОзиция 3500 шаршы метр аумақты алды. Көрмеге жалпы 20 млн адам келді және 111 мемлекет қатысты[11] .
Дүниежүзілік ЕХРО көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық халықаралық алаң болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz