Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы


МАЗМҰНЫ
3
3. 1
3. 2
ҚР-дағы экстрималды туризмді ұйымдастырудың өзекті мәселелері
Қазақстан аймағындағы белсенді туризмнің даму мәселелері және оны шешу жолдары
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Экстрималды туризмге белсенді және қызық оқиғалы туризмді жатқызамыз - қызметтің «жұмсақ»: кемпинг, жаяу жүру, велосипед тебу, толық жетектегі автомобильмен жүру, табиғатты зерттеу, салт атты серуендеу, құстарды бақылау, балық және аң аулау; және «қатты» түрлерін: каноэда есу, каякпен жүзу, спелеология, тау велосипедін тебу, қиылысқан жермен шаңғы тебу, альпинизм, парапланеризм, плоттармен түсу (рафтинг), тауға өрмелеу және джип-сафарилер қоса алғандағы қызмет түрлері. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа жатады.
Экстрималды туризм - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Экстрималды туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал шытырман оқиғаға толы туризм оның көкейінде түрлі қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді және оның көмегімен бұл мәселені оңайлықпен шешуге болады. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен ляззат алуды қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі таңда экстрималды туризмді дамыту мәселелері өзекті болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты экстрималды туризмді дамытуға ықпал етуші іс-шаралар мен принциптерді зерттеу болып табылады.
Диплом жұмысының міндеттері. Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Экстрималды туризм түрлерінің жіктелімі мен теориялық анықтамалар беру;
- Белсенді туризмнің тактикалық және классификациялық ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстандағы туризмнің даму тенденциялары мен қазіргі жағдайын талдау;
- ҚР-дағы экстрималды туризмнің даму жағдайы мен өзекті мәселелерін ашықтау;
- ҚР-дағы экстрималды туризмнің даму бағыттары мен перспективалық жобалар ұсыну.
Зерттеу пәні болып экстрималды туризмді дамытудағы концептуалды шешімдер және негізгі принциптер әзірлемесі болып табылды.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы экстрималды туризм жіктеліміндегі шытырман-оқиғалы туризм түрлері таңдалды.
Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында шетел және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, Н. Назарбаевтың бекітуімен туризм мәселесі 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Шығыс Қазақстан облысының сайтынан ғаламторлық мағлұматтар алынды. Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, ғаламтор сайттарының мағлұматтары және осыған қатысты т. б. деректер алынады. Жиыны 66 әдебиет пайдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы . Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, оның ішінде әрқайсысы үш бөлімнен тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі 65 бет. Пайдаланылған әдебиеттер, барлық дерлік әдебиет атаулары және ғаламтор желісінің сайттары.
Қорытындыда , Қазақстан Республикасындағы экстрималды туризмнің қазіргі жай күін талдау барысында нақты түйіндемелерге тұжырым жасалынды.
1. ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экстрималды туризм түрлерінің теориялық мәні
Экстрималды туризмді шытырман оқиғаға толы туризм түрі ретінде қарастырсақ болады. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал шытырман оқиғаға толы туризм оның көкейінде түрлі қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді және оның көмегімен бұл мәселені оңайлықпен шешуге болады. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен ляззат алуды қамтамасыз етеді. Экстрималды туризм түрлерінің жіктелімін қарастыра отырып, оларға теориялық анықтама беретін болсақ, төменде келтірген туризм түрлеріне нақтырақ және толығырақ тоқтап өтуге болады.
Тау шаңғысы спорты - арнайы шаңғыда таудан түсуді қамтитын спорт түрі, сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың арасында кеңінен таралған белсенді демалу түрі.
Тәртіп: таудан шапшаң түсу / Даунхилл, супер-гигант, ірі гигант слалом, слалом, таушаңғы комбинациясы, могул, ски-кросс, телемаркинг, фрирайд, фристайл, спид-скиинг, ньюскул, alpine Masters (тау шаңғысы спортының әуесқойлары мен «ардагерлері» үшін арналған жарыстар) [1] .
Су туризмі -белгілі бір су объектілері (өзендер, көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін, арнайы (қайықтар, салдар т. б. ) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер. Су туризмінде қолданатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар, балон қайықтар, кильді қайықтар, катамарандар, тегіс табанды қайықтар т. б. ) су жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше ( желдер, толқындар, сарқырамалар т. б. ) . Су саяхаттарының туризмнің басқа түрлері алдында артылықшылықтары бар. Су туризмі палатканың салмағымен де, көлемімен де қысылмайды, ол өзімен бірге киім, балықтар аулау құралдарын, итін, көбірек азық-түлік алады. Су туризмі спорттық туризмінің бір түрі болып табылады, ол су бетінде болатын арнайы маршруттық кедергілерді өтуді қамтиды. Ол да белгілі бір кедергілерден өтуді қарастырады. Су туризмі өзге де спорттық туризм түрлері сияқты дәрежелерді қамтиды. Ол дәрежесі бар және дәрежесіз деген екі топқа ажыратылады. Мысалыға, 1-ден 6-ға жейінгі дәреже түрі болса, 6-сы ең қиыны болып табылады. Су туризмі белгілі бір түрлерге бөлінеді: каякинг, рафтинг, желкенді қайық көмегімен және өзендерге сплав жасау. Аса қиын емес су жорықтары қарапайым үрлегіш қайық арқылы жүзеге асырылады. Су туризмімен айналысу үшін үрленгіш, ағаш дуалынан жасалған қайықтар қолданылады. Сонымен қатар, коммерциялық түрде сплав жасау үшін рафт жиі пайдаланады [2] .
Су туризмі жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен жағалауларымен тұйықтайды. Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Су саяхаттарының маршруттары жолың күрделілігіне, ондағы бөгет-кедергілердің сипатына және ондағы қиыншылықты жеңіп өтуіне байланысты бес дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежеліге туристердің жеңіл өтуіне болатын кедергілері ғана бар ақырын ағыстағы жазықты өзендер жатады. 2-ші дәрежелі күрделілікке ағысы тез ағатын таулы, орманды өзендер тән. 3-ші дәрежелі саяхаттарға күрделірек бөгеттері бар өзендер мен көлдер бойынша маршруттар енгізіледі. 4-ші және 5-ші дәрежелі маршруттағы саяхаттар анық көрінетін спорттық сипатта келеді, бұндай саяхат әдістемесі арнайы жетекшілікпен болады [3] .
Құрылуы бойынша су саяхаттарының маршруттары мынадай болады:
1) бір немесе бірнеше өзендер ағысы бойынша төмен қарай жүзу;
2) көл немесе су қоймаларын басып өтетін өзендердің ағысы бойынша төмен қарай жүзу;
3) жарты дөңгелекті маршрут - бұнда маршруттың бастапқы немесе дөңгелекті келетін бөлігін ағысқа қарсы жеңіп өтеді. Егер жарты дөңгелектің басы және соңы құрғақ жолмен біріксе, бұндай маршрут айналмалы (кругосветка) деп аталады;
4) топтың бір өзеннен басқаға қайықтары мен жүктерімен ауысып жүруі;
5) аралас типті маршрут. Маршрутты бастайтын немесе аяқтайтын су плоттарымен бірге болатын жаяу-су саяхаттары ең әйгілі;
6) цептік маршрут - бірнеше кезеңге бөлінген қандай да бір су жолы бойынша өтеді. Маршруттарын аяқтай отырып, топ қайықтарын сақтауға қалдырады, өздерінің саяхаттарын келесі каникулдық мерзімде жалғастырады;
7) цептік маршрутта бірнеше топтың арасында қайықтарды қолдануды бөле және кезеңдерді өту кезектілігін бекіте отырып, оны эстафеттіге айналдыруға болады [4] .
Су туризміндегі жеке жабдықтар
Су туризмінде жеке жабдықтарға рюкзак, гидроқап, спальник, төсеніш, гигиеналық жабдықтар, жеке тасу заттары, құтқару күртешелері, каска т. б. жатады. Егер туристік немесе спорттық жорықтар каякта өтетін болса, каяк жеке жабдық болып табылады. Өз кезегінде мынадай қайықтар, рафттар, катамарандар, плоттар немесе бубельдер қоғамдық жабдықтарға жатады.
Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі - шаңғы туризмі . Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т. б. ) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді. Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады. Шаңғы туризмі қыс кезінде, белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (примус, пеш, шаңғы т. б. ) және қонақ жайлары (бивуак, қар үйшіктері, тұрғын мекен жайлар т. б. ) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған [5] .
Шаңғы туризміне қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс (әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда), биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, жоғары немесе төмен түсуге мәжбүр ететін биік қия, жоталар.
Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет. Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30км құрайды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүнді жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын. Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады [6] .
Шаңғы жорығын ұйымдастыру
Шаңғы жорығының ерекшeлігі, біріншіден, қозғалыс құралы ретінде қолданылады, екіншіден, дене шынықтыру, спорттық құрал түріне жатады.
- Шаңғы жорықтарын ұйымдастырғанда топты екіге бөледі.
1. енді үйренушілер тобы;
2. шаңғыны толық меңгерген адамдар; Бірінші топ үшін шаңғы түрлері ерекшелік қолдану тәсілдері керергілерден өту таулы аймаққа арналған түрі болады. Шаңғышылардың аяқты бекіту орындары әр түрлі болып келеді:арнайы ботинкалармен шығатын шаңғылар, тек бекіту орны бар шаңғылар бар. Шаңғы жорықтарының танымдық ерекшелігі сол, ол кез-келген жастағы адамдарға ұйымдастырылуы мүмкін.
- Шаңғы трассаларын 3-ке бөліп қарастыруға болады:
Тау жолы
1. Үйренуші мен балаларға арналған;
2. Әуесқойларға арналған;
3. Спорт шеберлеріне арналған.
Шаңғы жорығындағы кедергілер
Шаңғы жорығында өзіне тән табиғи кедергілер жіктеледі. Осындай кедергілерге жарлар мен жыралар, шұңқырлар мен шұңғымалар, тастар мен жартастар, өсімдіктер дүниесі, қураған ағаштар және құрылыс қалдықтары. Шаңғымен қозғалу кезінде кездескен кедергілерден өтудің әр түрлі тәсілдері бар. Бұл тәсілдерді шаңғышы толық меңгеруі қажет. Ал, шаңғы қозғалысы дене қимылына тәуелді. Сондықтан шаңғы жорығы дене тәрбиесін қажет етеді. Өйткені шаңғыда бұрылу, тежелу, қозғалысқа келтіру дене қозғалысы арқылы жүзеге асырылады. Шаңғыға тұрғаннан кейін оны қозғалысқа келтіру, шаңғы таяқшасының көмегімен адымдап жүру, сырғанау тәсілі пайда болады, ал шаңғымен жүру дене нің толық бұрылуымен ерекшеленеді. Шаңғымен шұңғымалардан және бөренелерден өту кезінде салмақ шаңғының ортасына түседі. Шаңғымен беткейге көтерілудің әр түрлі тәсілдері бар. Бұл беткейдің көлбеулігіне байланысты. Егер беткей 15-20 градус шамасында болатын болса, оған таяқша көмегімен адымдап, жылжып көтерілуге болады. 20-30 градус шамасындағы биікке жартылай демалып, одан рі мүмкін болмаған жағдайда шаңғыны шешу керек. Шаңғы жорықтары қыс айларында адамдарды ынталандыратын жорық түрі болған соң, оның ұйымдастырушылық тәсіліне көп мән беріледі [7] .
Шаңғы туризмінің тактикасының маңызды элементтері
- Шаңғы туризмінің тактикасының маңызды элементтері қатарына:
- маршруттың дұрыс түрін таңдау;
- сол маршрут бойынша болатын қиын жол учаскелерін бөліп, қарастыру;
- жорықты жүріп өту графигін құрастыру және де қиын учаскелерді қауіпсіз түрде өту үшін таңдаулы уақытты таңдау;
- лавина болатын жерлер мен қауіпті, экстремальды жерлерді өту барысында коллективті жұмысты ұйымдастыру.
Дәстүрлі жорықтармен қатар (ақпан, наурыз және сәуірдің басы), күзгі және көктемгі маусымаралық жорықтар (елдің солтүстік аудандарындағы маршруттарға сәйкес), сонымен қатар поляр түні (Полярлы маршруттар бойынша) ұйымдастырылады. Мұндай жорықтар барысында туристер өте жақсы деңгейдегі дайындықта болулары қажет.
Альпинизм - спорттың тауға, шыңға жаяу жүріп, өрмелеп көтерілу түрі. Атауы Еуропа құрлығындағы «Альпі» тауынан шыққан. Алғаш 1786 жылы швейцарлық Мишель-Габриэль Паккар мен Жак Бальма Альпі тауындағы Монблан шыңына (биіктігі 4807 м) көтерілді. Қазақстанда альпинизмнің дамуы 20 ғасырдың 30-жылдарынан басталады. Тұңғыш рет 1930 жылы 17 шілдеде қазақстандық альпинистер Іле Алатауының Кіші Алматы шыңына (4376 м) көтерілді. Еліміздің альпинистері 1982 жылы КСРО командасы құрамында Эверест шыңына (8848 м) шықты. Ал 1991 жылы альпинист Қазыбек Уәлиевтің жетекшілігімен Қазақстан альпинистері Гималайдағы Дхаулагири (8176 м) шыңын бағындырды [8] .
Монблан шыңы.
Альпинизм - 1) биік тау шыңдарына шығумен байланысты спорт түрі;
2) биік таулық туризм. Альпинизмнің тәсілдері мен техникасы биік таулы аудандарда географиялық зерттеулер жүргізгенде, құрылыстар салған кезде және тағы да басқалары қолданылады.
3) . Судағы туризм:
- Виндсерфинг (парустық тақтада жүзу) ;
- Судағы шаңғы;
- Вейкбординг;
- Кайтинг;
- Каякинг;
- Рафтинг [9] .
Судағы туризмнің соңғы екі түрі өте экстремальді және қауіпті, себебі бұлар таудағы өзендерде болады.
4) . Экзотикалық туризм:
- Ғарыштағы туризм;
- Джайлоо-туризм;
- Солтүстік және Оңтүстік полюстегі туризм және басқа да экстремальды орындарда.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz