Мемлекеттің пайда болу себептері туралы теориялар


Жоспар:
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1) Теологиялық (діни) теория
2) Патриархалдық теория
3) Күштеу теориясы
4) Органикалық теория
5) Қоғамдық келісім теориясы
6) Психологиялық теория
7) Материалисттік теория
III) Қорытынды
IV) Қолданылған әдебиеттер және сілтемелер
Кіріспе
Мемлекет - қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған және нақты қоғамдағы саяси жүйедегі биліктің орталық институты болып табылатын саяси құрылым. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады. Себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері мыналар болып табылады:
- Теологиялық (діни) теория
- Патриархалдық теория
- Күштеу теориясы
- Органикалық теория
- Қоғамдық келісім теориясы
- Психологиялық теория
- Материалисттік теория
Мұндай теориялардың, көзқарастардың әр алуандығы, келесі мән-жайлар негізделген:
- мемлекет пайда болуына бір қатар факторлар, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, табиғи-климаттық, өнегейлік-діни, тарихи-ұлттық, мәдени-рухани, экологиялық-психологиялық және басқа да факторлар әсер етті;
- бұл үрдіске түсінік беретін ойшылдар әртүрлі тарихи кезеңдерден тұрды, әрине, мемлекеттің пайда болуын түсіндіруде әртүрлі адамзаттың білім қорын, ғылыми жетістіктерді пайдаланды;
- ғалымдар мемлекет пайда болу үрдісін түсіндіре отырып, мемлекеттің пайда болуын түсіндіру үшін өз аймақтар ғана алады;
- мемлекеттің пайда болуын түсіндірген авторларыдың көзқарастарына өздерінің философиялық және идеологиялық тұжырымдары әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және әртүрлі тарихи жағдайда қалыптасқан, мемлекеттік биліктің өздеріне тән ерекше белгілері бар. Мемлекеттің қалыптасуы ұзақ үрдіс және әртүрлі халықта әртүрлі жолмен жүрді.
Теологиялық (діни) теория
Мемлекет пайда болуының теологиялық теориясы - көбінесе орта ғасырда дамыды. Оның негізін салушысы Фома Аквинский. Қазіргі кезде теологиялық теория ислам дінінің, католик шіркеуінің өкілдері дамытуда (Маритен, Мерсье және т. б. ) .
Бұл теория өкілдерінің айтуы бойынша, мемлекет - құдай еркінің өнімі. Осыған орай, мемлекеттік билік - мәңгілік және олар діни ұйымдар мен қызметкерлерге байланысты. Әрбір адам құдайға бағынған сияқты, мемлекетке де бағыну керек. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және адамдардың құқықтық теңсіздігі құдайдың еркіне байланысты және онымен барлығы келісуі керек, жердегі құдайдың билігіне қарсы келмеуі керек. Мемлекеттік билікті тыңдамау, құдайды тыңдамау білдіреді.
Бұл теорияның өкілдері мемлекетті және мемлекет басшысын қасиетті деп жариялау, қоғамдағы тәртіпті, келісімді, руханилықты бекітуге атсалысты және олардың беделін көтерді. Бұл жерде құдай мен мемлекеттік билік арасындағы делдалдарға басты назар аударылды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын-абыздар билігін, шіркеудің рөлін, діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін.
Дегенменде, аталмыш теорияның өкілдері мемлекеттің пайда болуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерін, мемлекеттік нысанды, құрылымдарды жетілдіру жолын ұсынбайды. Теологиялық теория дәлелдеуге жатпайды, өйткені, ол сенімге негізделген.
Патриархалдық теория
Мемлекет пайда болуының патриархалдық теориясының ең беделді өкілдеріне Аристотель, Фильмер, Михаиловскийді жатқызуға болады.
Бұл теория өкілдерінің айтуы бойынша, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, отбасын құруға тырысатын ұжымдық субъектілер. Адамдардың бірігуінен отбасы дамиды. Бұл отбасының көбеюі, дамуы соңында мемлекеттің пайда болуына әкеледі.
Осыдан мемлекет басшысының билігі отбасындағы отағасының (әкесі) билігінің жалғасы және ол шексіз болды. Сондықтан да, барлығы отбасы иесіне бағынған сияқты, мемлекет басшысына да бағынуы керек. Оған ешкім қарсы келмеуі керек. Мемлекет басшысы барлық адамдар үшін, қажетті өмір сүру жағдайын жасайды.
Отбасындағы отағасы сияқты, монарх сайланбайды, тағайындалмайды және ауыстырылмайды.
Әрине, мемлекет пен отбасының ұқсастығы болуы мүмкін, өйткені, қазіргі кездегі мемлекеттің құрылымы бірден пайда болмай, қарапайым нысанда дамыды. Сонымен қатар, бұл теория мемлекеттік билікті құрметтеуді, бір мемлекетте барлық адамдар туысқан екендігін айтып өтеді.
Дегенменде осы теорияның өкілдері мемлекеттің пайда болу үрдісін қысқартады да, “отбасы” ұғымын “мемлекет” ұғымына ауыстырады, ал “әке”, “отбасы мүшелері” санатын тиісінше “монарх”, “бағынышты” санаттарымен негізсіз теңестіреді. Сонымен қатар, тарихшылардың айтуы бойынша алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін мемлекетпен бірге отбаса да (әлеуметтік институт ретінде) пайда болды.
Күштеу теориясы
Мемлекет пайда болуының күштеу (озбырлық) теориясы ХІХ ғасырда пайда болы, оның өкілдері Л. Гумплович, К. Каутский, Е. Дюринг.
Олардың айтуынша, мемлекеттің пайда болу себебін экономикалық-қоғамдық шарт, құдай күшінен емес, әскери-саяси фактор - күштеу, яғни, бір тайпа екінші тайпаны басып алудан көрінеді. Басып алған халықты, аймақты басқару үшін, күштеу аппараты қажет. Сол аппараты ретінде мемлекет құрылды.
Аталмыш теория өкілдерінің айтуы бойынша, мемлекет - бұл бір тайпа екінші тайпаны билеу үшін, табиғи жолымен пайда болатын ұйым. Ал бұл күштеу бағыныштыларды өзіне бағындыру экономикалық үстемдіктің пайда болу негізі болып табылады. Соғыстың нәтижесінде тайпалар тапқа, кастаға, сословиеге айналды. Жаулап алушылар өзіне бағындырған адамдарды құлдарға айналдырды.
Демек, мемлекет қоғамның іштей дамуының нәтижесі емес, сыртқы күштің әсерінің нәтижесі.
Бір жағынан, мемлекеттің пайда болуының әскери-саяси факторларын толығымен жоққа шығаруға болмайды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей күштеу элементтері көптеген мемлекеттердің пайда болу үрдісінде болды.
Екінші жағынан, бұл үрдісте күштеуді пайдалану деңгейі әртүрлі болды. Сондықтан да, күштеуді мемлекет пайда болуының басқада себептерінің бір ретінде қарастыру қажет. Сонымен қатар, әскери-саяси факторлар кей аймақтарды мемлекет пайда болуының қосымша факторы ретінде қарастырылды.
Органикалық теория
Мемлекет пайда болуының органикалық теориясы ХІХ ғасырдың екінші ортасында кең тарады . Бұл теорияның өкілдері Г. Спенсер, Вормс, Х. Прейс.
Осы теория өкілдерінің айтуынша, мемлекет - бұл тірі организм, оның бөліктері арасындағы қарым - қатынастар организмнің бөліктері арасындағы қарым - қатынастарға ұқсайды, яғни мемлекет - әлеуметтік эволюцияның өнімі және биологиялық эволюцияның бір түрі.
Мемлекет биологиялық организмнің бір түрі ретінде өзінің миы (мемлекет басшысы) және оның шешімдерін орындайтын қолдары (халық) болады.
Табиғи іріктеудің нәтижесінде қоршаған ортаға бейімделген биологиялық организмдер қалады. Сол сияқты әлеуметтік организмдерде күрес пен соғыс барысында мықты мемлекет, үкімет қалыптасады, басқару құрылымы дамиды. Осы себептен мемлекет биологиялық организмге теңестіріледі.
Мемлекеттің пайда болуына әсер еткен биологиялық факторларды жоққа шығаруға болмайды, өйткені адамдар тек әлеуметтік емес, сонымен қатар биологиялық организмдер.
Сондай-ақ, тек биологиялық эволюцияға тән заңдылықтарды әлеуметтік организмдерге қолдануға болмайды. Бірақ та, олар бір-бірімен байланысты болса да, әр түрлі заңдылықтарға бағынады және пайда болу себебі де әртүрлі.
Қоғамдық келісім теориясы
Мемлекет пайда болуының шарттық теориясы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған . Оның өкілдеріне Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д. Локк пен Т. Гоббс, Францияда Ж. -Ж. Руссо, Ресейде А. Радищев жатады.
Олардың пікірінше, мемлекет саналы шығармашылықтың өнімі, алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың келісімге келуі нәтижесінде пайда болды.
Мысалы, А. Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс.
Мемлекет - бұл адамдар арасындағы келісімге негізделген, олардың тиімді бірлестігі. Осыған сәйкес, олар өз бостандығының және өз биліктерінің бір бөлігін мемлекетке береді. Нәтижесінде, басқарушы мен азаматтар арасында құқықтар мен міндеттінің кешені, олардың орындамағаны үшін, жауапкершілік пайда болады.
Мысалы, мемлекеттің заң қабылдау, салықтарды жинау, қылмыскерді жазалауға құқығы бар, бірақ та, өз аумағын адамның құқықтары мен бостандықтарын, меншіктерін қорғауға міндетті. Азаматтардың өз бостандықтары мен міндеттерін қорғауға мемлекет басшысының билікті асыра пайдаланғаны үшін, онымен шарты бұзуға құқығы бар. Сондай-ақ, олар заңдарды сақтауға, салықтарын төлеуге міндетті. Бір жағынан бұл теория мемлекетті танудағы басты қадам, Өйткені мемлекет пен саяси биліктің пайда болуының діни түсініктерін жоққа шығарады. Бұл тұжырымдардың терең демократиялық маңызы бар, жағамсыз басқарушыны биліктен құлатуға халықтың табиғи құқығына кепілдік береді.
Екінші жағынан, бұл теорияның кемшілігі, алғашқы қауымдық құрылыс туралы абстракттілік көзқарастың болуы, яғни, өзінің белгілі бір даму кезеңінде адамдар мен басқарушы арасында келісім керектігін түсінеді. Сондай-ақ, мемлекеттің пайда болуының объективті факторларын (әлеуметтік-экономикалық, әскри-саяси және т. б. ) ескермей, субъективті факторларына көп мән берген.
Психологиялық теория
Мемлекет пайда болуының психологиялық теориясының ең көрнекті өкілдері ретінде З. Фрейд, Петрожитский, Тардты айтуға болады. Олар мемлекет пайда болуына адамдардың басқаларды билеуге тырысуы, бағынуға және ұқсауға ұмытылуы сияқты адамның психикасының ерекше қасиеттері әсер етті деп ойлайды.
Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет пайда болу себебін алғашқы қауымдық құрылыстағы абыздар, көсемдер, бақсылар да болған ерекше қабілетеіліктерімен байланыстырады. Олардың магиялық күші, психологиялық энергиясы алғашқы қауымдық құрылыстағы адам санасының жоғарыда аталған абыздар, көсемдер, бақсыларға бағындыруға жағдай жасайды. Осы абыздардың, көсемдердің, бақсылардың билігінен мемлекет билігі пайда болды.
Бірақ та, әрқашанда билікпен келіспейтін қандай да бір қарсылыққа ұмытылатын адамдар болады. Осындай адамдардың психологиялық бастауларын бір қолда ұстау үшін, мемлекет пайда болды.
Осыдан барып, мемлекет қоғамдағы белгілі бір тұлғалардың бұқара топтың бағыну, тындау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және кей адамдардың агрессивті қарсылықтарын басу үшін қажет. Мемлекеттің табиғаты адам санасының заңдылықтарына негізделген психологиялық құбылыс. Осы теория өкілдерінің айтуынша, мемлекет - бұл жауапты шешімдерді қабылдай алатын белсенді адамдар мен осы шешімдерді орындауға ғана қабілетті, бәсенді бұқаралық топ арасындағы психологиялық қарама - қайшылықты шешудің өнімі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz