С.Мұқановтың ғылыми зерттеулері, еңбектері



Сәбит Мұқанов отызыншы жылдары көптеген сын мақалалар, әдебиет зерттеу еңбектерін жазды. Қазақстан жазушыларының II-III съездерінде әдебиет сыны, проза, поэзия жанрларының даму процестері жайында баяндамалар жасап, қазақ Совет әдебиетінің негізгі салаларынан теориялық мәселелер көтерді. Эпостық жырлар, ақындар айтысы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп көлемді мақалалар жазды. Абай мұралары жөнінде көптеген еңбектер берді. Жазушы «XVIII-XIX ғ.ғ. қазақ әдебиеті тарихының очерктері» атты кітапта кейбір мәселелерді жаңсақ топшылап, қателіктер жіберді. Автор Абай творчествосы туралы жазылған еңбектерінде ертеректе жіберген ағат пікірлерін түзеп, өзінің «Жарқын жұлдыздар» атты еңбегінде ұлы ақынның мұрасын дұрыс бағалады. Әдебиет зерттеу мәселесінде теориялық жағынан тың пікірлер ұсынды.Сәбит Мұқановтың 1937 жылғы Семейге сапары Абайды жазаша ұғынуына бетбұрыс жасады. Абай шығармаларының 1939 жылы бірінші томы, 1940 жылы екінші томы шыққан академиялық басылымына жазған кіріспе сөзде Сәбит Мұқанов Абайды «халықтың ақыны» деп, өзінің бұрынғы пікірлеріне түбірлі түзетулер жүргізді. Мұның алдында біраз уақыт бұрын, 1934 жылы жазушылардың бірінші съездегі баяндамасында Абайды «қазақ феодализмінің либерал беті» деген болатын. 1940 жылы Сәбит Мұқанов Семейге екінші рет келеді. Абайдың туғанына 95 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатынасып, ұйымдастыру, жұмыстарына басшылық етіп, баяндамалар жасайды. Абайтанудағы көзқарасының өзгеруі мен дамуы сапалана түседі және жеделдейді.1945 жылы Абайдың туғанына жүз жыл толу мерекесіне арналып шығарылған академиялық толық жинақтың кіріспе сөзін Сәбит Мұқанов «Абай – қазақ халқының ұлы кеменгері» деп атап жазды.Осы жылы, Сәбит Мұқанов өзі Абай шығармаларының 1939 жылғы бірінші томына жазған алғы сөзінде ескерткеніндей, абайтанумен тиянақты шұғылданып, қалың кітап арнамақ жоспарын орындайды. 1945 жылғы толық жинақтағы кіріспе сөз сол «Абай Құнанбаев» атты монографияның арқауы екен.
1.С.Мұқанов Шоқан Уәлиханов. - Әдебиет және искусство, 1954. - № 7.
2.Қазақ театрының тарихы.- Алматы: Ғылым, 1978. б. 299.
3.Зайруллина Ғ. Жаңа да жақсы пьесалар күтеміз. - Оңтүстік Қазақстан, 1960, 13 ноябрь.
4.Шәріпова З. Қадірлі драматург.Социалистік Қазақстан, 1960, 13 ноябрь.
5. Қаратаев М. Өрлеу жылы.- Қазақ әдебиет, 1978, 1 январь
6. Мұқанов М. Тағылы.- Кәдімгі Сәбит Мұқанов.- Алматы: Жазушы, 1984. – 381б.
7. Мұқанов С. Аққан жұлдыз. Роман. 1 - кітап. – Алматы: Жазушы, 1970. – 488б.
8.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СОБӨЖ
Тақырыбы: С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері (конспект)

Тексерген:Тоқсамбаева А.О.
Орындаған:Мусабекова А.С.
Топ: КЯ-409 (с)

Семей, 2015 жыл

С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Сәбит Мұқанов отызыншы жылдары көптеген сын мақалалар, әдебиет зерттеу еңбектерін жазды. Қазақстан жазушыларының II-III съездерінде әдебиет сыны, проза, поэзия жанрларының даму процестері жайында баяндамалар жасап, қазақ Совет әдебиетінің негізгі салаларынан теориялық мәселелер көтерді. Эпостық жырлар, ақындар айтысы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп көлемді мақалалар жазды. Абай мұралары жөнінде көптеген еңбектер берді. Жазушы XVIII-XIX ғ.ғ. қазақ әдебиеті тарихының очерктері атты кітапта кейбір мәселелерді жаңсақ топшылап, қателіктер жіберді. Автор Абай творчествосы туралы жазылған еңбектерінде ертеректе жіберген ағат пікірлерін түзеп, өзінің Жарқын жұлдыздар атты еңбегінде ұлы ақынның мұрасын дұрыс бағалады. Әдебиет зерттеу мәселесінде теориялық жағынан тың пікірлер ұсынды.Сәбит Мұқановтың 1937 жылғы Семейге сапары Абайды жазаша ұғынуына бетбұрыс жасады. Абай шығармаларының 1939 жылы бірінші томы, 1940 жылы екінші томы шыққан академиялық басылымына жазған кіріспе сөзде Сәбит Мұқанов Абайды халықтың ақыны деп, өзінің бұрынғы пікірлеріне түбірлі түзетулер жүргізді. Мұның алдында біраз уақыт бұрын, 1934 жылы жазушылардың бірінші съездегі баяндамасында Абайды қазақ феодализмінің либерал беті деген болатын. 1940 жылы Сәбит Мұқанов Семейге екінші рет келеді. Абайдың туғанына 95 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатынасып, ұйымдастыру, жұмыстарына басшылық етіп, баяндамалар жасайды. Абайтанудағы көзқарасының өзгеруі мен дамуы сапалана түседі және жеделдейді.1945 жылы Абайдың туғанына жүз жыл толу мерекесіне арналып шығарылған академиялық толық жинақтың кіріспе сөзін Сәбит Мұқанов Абай - қазақ халқының ұлы кеменгері деп атап жазды.Осы жылы, Сәбит Мұқанов өзі Абай шығармаларының 1939 жылғы бірінші томына жазған алғы сөзінде ескерткеніндей, абайтанумен тиянақты шұғылданып, қалың кітап арнамақ жоспарын орындайды. 1945 жылғы толық жинақтағы кіріспе сөз сол Абай Құнанбаев атты монографияның арқауы екен.

Сәбит 20-жылдардағы сыни еңбектерде екі түбегейлі мәселеге ерекше назар аударды. Соның бірі орыс әдебиетінен қалтықсыз үйрену, үлгі-өнеге алу мәселесі. Ұлтшыл ақын-жазушылар дегендермен күресу дәстүрінде кейбір әдеби дәстүрімізді кеміте сөйлегеніне қарамастан, Сәбит Мұқанов білу, үйрену, білгеннен үлгі алу мәселесін күн тәртібіне қойып, өз ойын айтты. М.Горький мен В.Маяковскийдің новаторлық дәстүрлері қазақ әдебиетінде осындай саналы қадамдар мен орын тепті

,-дейді Т.Кәкішев.
Сәбит Мұқанұлының қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын‚ негізінен‚ 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы‚ 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Абайдың әдеби мұрасын тану мәселесінің көптеген қаламгерлер еңбектерінде, сыни ойларында әр қилы деңгейде көрінгені де белгілі.Осы кезеңдегі Мұқанов мақалаларында Абай мұрасы әр түрлі деңгейде керініп, ақынды байдың Абайы - біздің Абай емес дегенді айтты. Бірақ жазушының Абайға өнер иесі ретінде қарап, үлгі еткен тұстары мол болды. Ол Абай - халық ақыны атты көлемді мақаласында өзінің Абай туралы бұрынғы ойларының теріс екенін мойындап, көрісінше ақын шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін әділ бағалау арқылы ағартушы-демократ, ұлттық поэзияның үздігі дәрежесінде таныды. Мұқановтың Абай жөнінде сүбелі зерттеулер жасағанын Жарқын жұлдыздар монографиясы дәлелдейді. Бұл монографиялық еңбегімді 1945 жылы жазып бітірген ем. Ақындық шеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды терең білу, оның мұрасын игеру ісін мен өзіме көзекті міндет тапқандықтан көлемді еңбек жазумен шұғылданып жүретінмін, - дейді. Абай - зор кісі. Ол - зор ақын да, зор ойшыл да, зор қоғамшыл да, зор күресшіл де. Оның осы бейнелерін түгел қамту, әрине, оңай міндет емес. Сондықтан Абайды толық зерттеу, толық ұғу бір жылдың, я бір ұрпақтың міндеті ғана емес, көп жылдардың, көп ұрпақтардың міндеті. Әйткенмен, әр ұрпақ өз қолына түскен материалға сүйене отырып, өз ой өрісі жеткен пікірді айтуға міндетті. Абай және оның шығармалары туралы көпшілік алдына менің алғаш ауыз ашуым - бұдан 22 жыл бұрын - 1923 жыл еді. Сәбиттің құжат жинауы, оны кітапқа орналастыруы керемет қызық. Оларды пайдалануы иненің көзінен ететіндей жып-жинақы десек жалған болар, ал ағыл- тегіл мол дерек жинайтынына және оқушыны сонымен елітіп тастайтынына ешкім шүбә келтіре алмас. Соңдықтан да болар тарихи деректерге аңыздық сипат дарып, көп реттерде осының өзі рас па екен деген күдік те тудырады. Ал, шындығына келгенде өсем әңгімелеңген деректердің негізінде шындық бар. Сондықтан Мұқановтың қаламынан туған макала-зерттеулерге кесек-кесегімен келтіретін мағлұматтарға айрықша ұқыптылықпен қарап, әдеби-мәдени және рухани тарихымыздың кажетіне жаратқан абзап. Абайдың ақындығын танып білуге Сәбит айрықша үлес қосқан зерттеушінің бірі екендігінде сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тәжірибені сәтті уштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян. Қазақ поэзиясының ұлттық табиғатынан туатын екі заң бар: Бірінші - төрт буыннан артық буыны бар сөзді қазақ поэзиясы қабылдаған емес. Төрт буыннан артық буыны бар сөз қазақ поэзиясына кірсе, ондай сөз поэзияның ырғақтық заңын тасталқанғып бұзып, поэзияны прозаға айналдырып жібереді. Екінші - қазақтың сөз буыны дегені, мәселең, орыстың сөз буыны емес. Қазақ сөзінде бес әріпті буын түгіл, жұрт, құрт, сырт сияқты төрт әріпті сөздер сирек көздеседі. Қазақ сөзінің басым көпшілігі үш әріпті буындардан құралады, Қазақ поэзиясы буынында үш өріптен артық әрпі бар сөзді талғап қабылдайды деген теориялық ойлар Сәбиттің ете нәзікте терең зерттеуші екендігін көрсетіп, әдебиеттануға зор үлес болып қосылады. Осы ойын әрі тарамдата келіп, Абайға шейін қазақ өлеңдерінде үш түрлі түр болатын, - деп, жыр мен қара өлеңге тоқтайды да, үшінші түр деп атағанына терең талдау жасамайды. Қалай болғанда, Абайдың ақындық шеберлігін, қазақ өлең жүйесіне жасаған реформалары мен жаңалықтарын ашып берді.Осы үшеуінен басқа өлең түрі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында жоқ. Абай осы үш түрдің үшеуін де өзінің шығармаларында үнемі қолданады. Бірақ қазақ поэзиясындағы өлең құрылысындағы бұл үлгілерді Абай бұрынғы дәстүрлі күйінде ғана қабылдамай, ол үлгілерді өңдейді, өнерлендіреді деп білді. 1939 ж. Абайдың екі томдығына жазған алғы сөзінде Абайдан бұрын қазақ поэзиясында екі-ақ тұр болды деп тұжырымдағанын бірнеше жылдан кейін сынық, кетік жолға бола үшінші түрді шығаруы әрине, тереңірек зерттеуді қажет етері сөзсіз. Қалай болғанда да ғылыми ойлар әр кездегі ізденіс-топшылауларға байланысты өзгеріп отырғаны жөн, әйтпесе, бір рет айттым, енді одан қайтпаймын деп қасарысу әшейінгі менменсіген пенделік болмақ. Ап өзгөріске ұшырау, дамытып отыру, бірде сәтті, бірде шалыс тұсу сөкеттейтін нәрсе емес. 1945 ж. Абай туралы кесек монография жазған шығармаларына тән бір ерекшелікті айрықша айта кеткенжөн. Ол - Сәбиттің тарихи шежірелігі. Абайға байланысты айтылатын ой арқылы қазақ оқырманын өзінің тарихына тереңірек үңілдіретүсу, қызықтыра баяндау машығы осы монографияда мейлінше анық көрінеді. Кейбір зерттеушілер Сәбеңнің бұл тәсілін сюжетті ауырлату, артық деталь деп есептегенімен, өзінің азаматтық тарихы түбегейлеп жазылмаған қазақ сияқты момын халық үшін, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін айрықша қажет. Осы тұрғыдан келгенде Сәбиттің шежірелік түйіндерінің күні енді туды, халық қажетіне енді мықтап жарайды. Абайды айтқанда халықтың тарихын қосарлап отырмаса Абайдың Ұлылығын тануға кеселін тигізер еді. Жалғыз қана емес, қолына қалам алған жанның, ел мақсатын айтпақ болған шешендер мен ойлылардың Абайсыз ауыз ашпайтынын ескерер болсақ, онда Сәбиттің жамбасы қара жерге тигенше ұлы кемеңгер ақынның рухын айрықша ардақтап еткенін көреміз. Қазағым дегенді ұлтым деген мағынада түсінген Абай туған халқының өмір шындығының араламаған түкпірін қоймады және көрген-білгендерінің барлық бейнесін шығармаларына түсіріп отырды. Ол өмір шындығының тіркеушісі емес, көрген-білгендерінің сыншысы және кемкетікті қатты сынау арқылы түзетуге тырысушы. Сондықтан ол ұлт ақыны. Қазақ халқының ұлт әдебиетін, ұлттілін еркендетуде Абайға ешкім тең келмейді. Абайға шейін де, Абайдың тұсында да қазақтың ұлт мәдениетін Абайдай кетерген ақын жоқ. Абай жасап кеткен биік - тым зор биік. Қазақтың Абайдан кейінгі ақындары идея жағынан болмаса, өлеңнің шеберлігін ол биіктен әлі де асыра алған жоқ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, тұңғыш просветитель-демократ, классик ақын - Абай деген қорытынды түжырымы Мұқановтың ғалымдық танымын, жазушылық арын айқын танытады.
Жарқын жұлдыздар монографиясыңда ақын өскен орта, ата-тегі, өмір көзеңдері, дүниеге, сөз енері- не көзқарасы туралы зерттеу жүргізіп, тиянақты тұжырымдарайтты. Жазушы сөзімен айтсақ: Абайды - ататегінде, өз өмірінде, ақындық таланты мен шеберлігін де, оқу-білім де, жалпы адамдық, өз ұлтының пікірлерін де, өміріндегі, шығармаларындағы күшті я әлсіз жақтарын да түгел қамту көзделген. Зерттеуші Абай Құнанбаев дейтін монографиялық еңбегінде даналық қорытындыларға, қанатты, ғибратты ойларға мейлінше бай қарасөздеріне зейін аударады. Қарасөздеріндегі көркемдік шеберліктің бірсыры ақынның дарынды шешендердің мұрасын жетік Һәм терең үйреніп білгендігінен деп түйіндейді. Зерттеуші Абай поэзиясының бейнелілік - суреттілік жүйесіне, ақындық тілі мен құрылысына талдау жасайды.
Ақындық жолда Мұқанов Ұлы Абай шығармаларын зерттеу устінде өзі де одан көп үлағат алды. Мұқановқа Аққан жұлдыз романы үшін Абай атындағы Мемлекетік сыйлық берілген.
Сәбит Шоқан мұраларын алғашқы іздеп - зерттеуші десек артық айтпаймыз. Шоқан Уәлиханов тағдыры Сәбит Мұқановты тым ертеде-ақ қызықтырған. Ең алғаш Шоқан есімін бала күнінде естиді. Кейін Өмір мектебінің 1-кітабында Хан ордасынан Шоқан суреті мен қолжазбасын көргендігін жазған. Бала қиялында Шоқан тұлғасы әбден орнығады. Кейін Ленинградта оқып жүрген кезінде СССР Ғылым академиясы архивінен Ш.Уәлихановтың қолжазбалары мен өміріне байланысты деректер сақталған 23-фондыны тауып алады. Осы кезеңнен бастап Сәбит қиялындағы Шоқан бейнесі жанды образға айналып сала береді. Жазушы Ленинградтан келгеннен соң да Шоқан жайлы ізденулерін тоқтатпайды. Ұзақ жылдар бойы зерттей, үңіле қараған Сәбит ең алдымен тақырыптың психологиясын барлай пьеса жазудан бастады. Сол қажырлы еңбегінің арқасында ол ең алдымен пьеса, кейін роман-дилогия тудырды. Сәбитті Шоқан бейнесі көркем образ ретінде қатты қызықтырған, сол себепті ол ұзақ та күрделі ізденудің барысында Шоқан өмірінің бір кезеңінен сыр шертетін алғашқы шығармасын жазған. Ариаднаның арқауы деп аталған бұл пьеса 1941 жылы жазылып аяқталады. 1945 жылы Искусство баспасынан көрнекті жазушы, әдебиетші Шкловскийдің аударумен Нить Ариадны деген атаумен орыс тілінде басылып шығады. Шығарманың атауы фольклорлық сипатта алынған. Көне грек мифологиясында Ариаднаның жібі жайында аңыз бар. Драматург өз туындысына осы атауды беруі кездейсоқ емес. Ол өзінің бас қаһарманы Шоқанды қоғамдағы шытырманнан алып шығуды басты мақсат етіп ұстанған. Бірақ бұл пьесасына көңілі толмаған драматург Шоқанның азаматтығын, ғылыми енбегін толық ашу мақсатымен пьесаны қайта қарайды, сөйтіп Шоқан Уәлиханов драмасы дүниеге келеді. Пьеса қазақ академиялық драма театры сахнасында 1956 жылы 12 майда қойылды. Шығарма орыс тілінде 1944 жылы, қазақ тілінде 1954, 1955 жылдары жарияланады. ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағатының архивінде Нить Ариадны пьесасының бір нұсқасы, ШоқанУәлиханов пьесасының қазақ тілінде 1943-1944 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нұртазин және Мұқановтану ілімі мәселелері
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
Психология тарихының әдістері
«Адасқандар». романнан повестке
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Сәбит Мұқанов және әдебиет
С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Пәндер