Ресейдегі И. Грозный және Ұлы Петр



Иван Грозный (25.8.1530 – 18.3.1584) – бүкіл Русьтің ұлы князі (1533 жылдан), алғашқы [[Ресей патшасы (1547 – 84),Мәскеудің ұлы князі ІІІ Василийдің баласы.
Маргарет Хильда Тэтчер — 1979—1990 жылдары аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі, баронесса (1992 жылдан бастап). Бұл лауазымда болған алғашқы және әзірше жалғыз әйел адам. Сонымен қатыр, еуропа мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі. Тэтчердің премьерлігі XX ғасырда ең ұзақ саналады. Кеңестік үкіметті қатты сынағаны, әрі «тэтчеризм» саясатының бір бөлігі болып кеткен консервативтік шаралары үшін «темір ханым» аталып кеткен.
Маргарет Тэтчер, қыз кезiндегi аты-жөнi Маргарет Робертс, 1925 жылғы 10 Қазанда бақалшы отбасында дүниеге келдi. Aқылды және сабырлы қызға әкесiнiң табысы мектепте оқуға және 19 жасында Оксфорд университeтiнe түсуге жеттi. Оны «Органикалық химия» мамандығы бойынша 5 жыл оқып бiтiргеннен кейiн Маргарет бipаз yaқыт химия кәсiпорындарында icтeді.
Алайда заң iлiмiне деген зор құштарлық өз дегенiн icтетiп, ол көңiлi хош көрген заң курстарында дәрiс алды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1.Ресейдегі И.Грозный және Ұлы Петр: саяси портреттері 2.
М.Тэтчер-темір ханым.

Орындаған:Тоқтарова А.С.

Тексерген: Санкайбаева П.С.

Семей-2015
Иван Грозный (25.8.1530 – 18.3.1584) – бүкіл Русьтің ұлы князі (1533
жылдан), алғашқы [[Ресей патшасы (1547 – 84),Мәскеудің ұлы князі ІІІ
Василийдің баласы.
Сыртқы саясат
Өзі құрған Таңдаулылар радасы (1549) көмегімен мемлекетте орталық билікті
нығайту үшін 1549 – 60 жылдары реформалар жүргізді. Земство жиынын шақыруды
жолға қойды, Жаңа сот жүргізу құжаты қабылданды (Судебник, 1550), Мәскеуде
алғашқы типография ашылды, Англиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды
(1553). Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болған Қазан, Қажы
Тархан, Қырым, Сібір, Ақ Oрда, т.б. хандықтар арасындағы өзара тартысты
пайдаланып, оларды жеке-жеке талқандауға кірісті. 1547 – 52 жылдары Қазан
хандығын, 1556 жылы Астрахань (Қажы Тархан) хандығын жаулап алды, Үлкен
Ноғай ордасы (1557) мен Сібір ханы Едігерді (1555) өзіне қаратты.
Мемлекеттің шығыс шекарасын кеңейткеннен кейін, батыстаБалтық теңізі бойын
жаулап алуға тырысты. Бірақ Ливон соғысы ұзаққа созылып,
Ресейге Литва, Польша, Дания, Швеци яменсоғысуға тура келді. Нәтижесінде
Ресей мемлекеті өзінің батыстағы бұрын жаулап алған жерінің бәрінен
айрылды.
Ішкі саясат
Ішкі саясатта Иван ІV Ресейді бөлшектеуге тырысушылармен қатал күрес
жүргізді. Осы мақсатта 1565 жылы опричнина (өзінің жер иелігі, әскері,
басқару аппараты бар арнаулы жазалау жүйесі) құрды. Жеке дара биліктің
ресми идеологиясы жасалынып, Ресей бір орталыққа бағынған қуатты мемлекетке
айналды. Иван ІV өз билігіне қарсы шыққан саяси қарсыластарын, сондай-ақ,
үкіметке бағынбаған шаруалар мен қала тұрғындарын мыңдап қырды. Адамдарды
азаптап, жазалап өлтіруге тікелей өзі қатысты. Өмірінің соңына қарай
мінезіндегі ешкімге сенбеушілік асқынып, жұрттың бәріне өзіне қастандық
жасайтындай күдікпен қарады. Тіпті, өзінің Иван есімді ұлын өлтіруге дейін
барды (1582). Алайда Иван ІV өз заманының сауатты адамы болған. Ежелгі
дәуір әдебиеті мен философиясын жақсы білген. Ол мемлекет басқарған тұста
Ресейде көптеген сәулет ескерткіштері салынды.
І Петр немесе Ұлы Петр (9.6. 1672, Мәскеу — 8.2.1725, Петербург) — мемлекет
қайраткері, орыс патшасы (1682 — 1725), Ресей императоры (1721), қолбасшы,
реформатор. Романовтар әулетінен шыққан.
Петрдің ерте жылдары
Бала кезінде үй тәрбиесінде білім алды. 1682 жылы ресми түрде таққа отырды.
Бірақ 1689 жылға дейін оның атынан апайы София билік құрды. София билік
құрған жылдары (1682 — 89) Преображенск полкында әскери қызметте болды.
София биліктен тайдырылғаннан кейін 1689 — 96 жылдары ағасы Иван
Алексеевичпен бірге, ол қайтыс болған соң жеке дара билік құрды. І Петр
елшілік құрамында шет елге кетіп, 1697 — 98 жылдары Кенигсбергте зеңбірек
жасауды үйренді, Амстердамверфтерінде балташы болып істеді, Англияда кеме
жасаудың теор. курсын бітірді. Оның бұйрығы бойынша шет елден кітап, құрал-
сайман, қару-жарақ сатып алынды, шеберлер мен ғалымдар
шақырылды, дворян балалары шет елге оқуға жіберілді.
Ресей империясының жасауы
I Петрдiң реформалары
Таптық қайшылықтардың шиеленiсуi орталықтағы және жергiлiктi
самодержавиелiк аппаратты нығайта түсудi, соғыс жүргiзе алатын тұрақты
армия құруды талап еттi. Реформалардың алғышарттары XVII ғасырдың өзiнде-ақ
қалыптасты. Бұл уақытта мемлекет Романовтар әулетiнiң алғашқы өкiлдерiнiң
мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiнде Аласапыран жылдардың салдарынан
туындаған әлеуметтiк-экономикалық және саяси дағдарыстан шыққан едi. Iшкi
нарықтың қалыптасуы сауда ережелерiн реттеу қажеттiгiн туындатты. Осыған
байланысты 1653 жылы “Жарғылық кедендiк грамота” қабылданды. Қаржылық және
салықтық жүйелер жетiлдiрiлдi. Монархияның сословиелiк-өкiлдiк формасының
саяси құрылысы бұрынғыдан да абсолюттiлiкке ұмтыла түстi: бiртiндеп
земстволық соборлардың қызметi тоқтатылды, патша атақтарының iшiнен шексiз
билеушi дегендi қолдану жиiледi. Боярлар думасының билiгiн шектеудегi
алғашқы қадам жергiлiкшiлдiктi шектеу (1682) болды. Жалпымемлекеттiк
заңнама — Соборлық ереже (1649) рәсiмделдi. Қарулы күштердiң сословиелiлiгi
мемлекет қажеттiлiгiн ендi қанағаттандырмады, сондықтан жатжерлiк үлгiдегi
полктер құрыла бастады. Мәскеу мемлекетiнiң империялық сипатқа ие болған
сыртқы саясаты iштей нығайып, белсендi әрекет ете бастады. Елде реформалар,
негiзiнен, күш қолдану әдiстерiмен және мемлекеттiң экономикаға белсендi
араласуымен қатар жүрдi.Олардың көпшiлiгiнде ойластырылмаған, асығыстық
сипат болды, бұл соғыстағы сәтсiздiктерден, сондай-ақ кадрлардың,
тәжiрибенiң жоқтығынан және өкiмет билiгiнiң ескi аппаратының қысым
жасауынан көрiндi.I Петрге дейiн елдiң қарулы күштерiн соғыс болған
жағдайда шақырылатын, соғыс аяқталған соң үйлерiне таратылатын жергiлiктi
дворяндық жасақтар мен тұрақты атқыштар әскерi құрады. XVIII ғасырдың
алғашқы бөлiгiнде дворяндық жасақтар, атқыштар әскерi жойылып, оның орнына
қуатты тұрақты армия құрылды. Сонымен қатар қарулы күштердiң құрамында
украиндық, дондық, жайықтық және жергiлiктi казактар ұйымы және ұлттық
құрамалар (башқұрттар, қалмақтар) сақталып қалды. I Петр патшалығының
соңында жаңа тџрақты армияда 126 полк болды. Жалпы әскер саны 200 мың
солдатқа жеттi. Ол кезде казактардың тұрақты атты әскерiнде 100 мыңнан аса
адам болды.Әскери реформа, iс жүзiнде тұтас мемлекеттiң мақсат-мүддесiн
айқындады. I Петр армия мен флотты басты қамқорлыққа алды. 1694 жылы орыс
армиясы жүргiзген iс-шаралар, сондай-ақ Азов жорықтары (1695, 1696) әскери
құрылым қуатының қаншалықты төмен екендiгiн көрсеттi. Жаңа армияның негiзi
1687 жылы құрылған Преображенск және Семенов “ойын-ермек” полктерi болды.
Армияны жасақтаудың негiзiне рекруттық жүйе (1705) алынды. Соған сәйкес
қатардағы құрамға шаруалар мен басқа да салық төлейтiн сословиелердiң
өкiлдерi алынды,23 ал офицерлер корпусы дворяндардан құрылды. Әскери
мiндеткерлiк өмiр бойғы және тұрақты болып жарияланды.Мiндеткерлiктiң
мәжбүрлеушi сипатына қарамастан, I Петр уақыт өте келе тұрақты ғана емес,
сондай-ақ жалдамалы армиядан мүлдем ерекшеленетiн бiр ұлтты армияға да ие
болды.
І Петр Ресейдің әскери қуаты мен халықаралық беделін арттыруға тырысты.
Тұрақты орыс армиясы мен әскери-теңіз флотынқұрып, әскери мектептің негізін
қалады, әскери өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлді. 1695 — 96 жылдары
Ресей түріктермен соғыс нәтижесінде Азов бекінісін алып, Азов
теңізіне шықты. 1700 жылы Түркиямен бейбіт келісімге келіп, Еуропадағы ең
қуатты держава — Швециямен соғысқа кірісті. 1700 — 21 жылдары Солтүстік
соғыс нәтижесінде Ресей жеңіп, Еуропадағы қуатты державалар қатарына
қосылды. 21 жылға созылған Солтүстік соғыста жеңіске жеткен
ол император атанып, Ресей империяға айналды. 1721 жылы Ништадт бейбіт
келісім бойынша Ресей Карелияға, Рига мен Нарва қалаларына иелік
етіп, Балтық теңізіне шықты. 1722 — 23 жылдары Парсы жорығы нәтижесінде
Ресей Дербент және Баку қалаларымен бірге Каспий теңізінің Батыс жағалауына
иелік етті.
Ресейді қайта құру
Санкт-Петербург Балтық теңiзiнiң жағасында құрылысының идеясы, Alexandre
Benois, 1916
І Петр басыбайлылық құқықты, помещиктердің қоғамдағы жоғары орнын сақтай
отырып, Ресейдің дамыған Батыс Еуропа елдерінен артта қалуын жоюға
бағытталған реформалар жүргізді. Бұл реформалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі фармацияның дамуы
Ресейдегі тарихи оқиғалардың қысқаша жылнамасы
Ресей тарихы көне заманнан бүгінге дейін
Толстой Алексей Николаевич
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
Ресей федерациясы жайлы
XVII-XIX ғғ. аралығындағы Ресей империясы
Ресей Федерациясының тарихы
Тарихи қосалқы пәндер дәрістер
Орыс өнерінің қалыптасу кезеңдері
Пәндер