Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негіізгі бөлім

  1. Шәкәрімнің өмірбаяны
  2. Шәкәрім шығармашылығының рухани шыңы.
  3. Ақынның ақырғы күзі.
  4. Шәкәрім Құдайбердіұлының ұрпақтары.

Қорытынды

Тарихнамасы

Ш. Құдайбердиев мұрасын жинауға, баспаға даиындауға, ғылыми зерт-теуге белгілі ғылым Ы. Дұйсенбаев едәуір ұлес қосты. Ш. Құдайбердиев туралы ол әдеби энциклопедияға мақала жазды.

Шәкәрімнің қолжазбаларының, бұрын жария етілмеген бірсыпыра өлеңдері мен прозалық шығармаларының табылуына оның баласы, мұғалім Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев көп еңбек етті. Шәкәрім Құдайбердиевтің мұрасын бағалауда «Қазақ әдебиетінің даму заңдылықтарын зерттейтін» ғылыми-координациялық совет пен М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми советі бірігіп, 1969 жылы 3-декабрьде өткізген мәжілістің маңызы болды. Онда С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, М. Базарбаев. ЬІ. Дүйсенбаев, С. Қирабаев, Ә. Нұрпейісов т. б. сөз сөйлеп, Ш. Құдайбердиевтің творчествосын зерттеу туралы пікір алысты.

Мәжілісте С. Мұқанов былай деген еді: «Шәкәрім бір қазаққа хат жазған жоқ, маған ғана бір хат жазған еді, сол хаты менде бар, сонда барлық пікірін жазған. Қандай принцип ұстаған, не істеп жатыр, шығармасы қашан жазылған, осылары бар. Осы хатта біраз мән бар. Хаты жазушылық жолының есебі, сияқты. »

Көптеген кедергілерге қарамастан Шәкәрім Құдайбердиев өлеңдерінің топтамасын орыс тілінде жариялал, өмірбаянын жазып, белгілі жазушы, ғалым М. Мағауин үлкен адамгершілік, батылдық жасады. Ақын мұрасын халық қазынасына айналдырудың қажеттігі туралы белгілі жазушылар Ә. Әлімжаиов пен Ә. Нұрпейіеов «Литературная газетада» жариялаған мақалаларында жазды.

Абай шәкірттерінің ішінде көп жасағаны да, көп жазғаны да - Шәкәрім. Ол - әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, ол -композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол - терең ойшыл әрі бармағынан мәр тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәднииет қайраткері.

Мұхтар Әуезов "Абай ақындығының айналасы" атты мақаласында "Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен" ақындар туралы айта келіп: "Мұндай ақын - төртеу, - дейді. Оның екеуі - Ақылбай, Мағауия; Абайдың өз балалары . . . Қалған екеуі - Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері, Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие-алудан басқа, оның өлең мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығы-мен өз жандарынан жырлар да жазған . . . Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзудің жолын айтады. Дәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының мектебі сияқты болады.

ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз - Шәкәрім. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген.

Ғұлама ақын ғұмырнамасының бүгінгі тандағы зерттелу деңгейі қандай? Ақын алғаш рет саяси "жылымықта", 1958 жылы, ақталды да "Қазақ әдебиетінде" өлендері мен шығармашылығы туралы мақала жарияланды. Амал қанша, саяси ахуал қабағы тағы өзгеріп ақын есімі қайта жабылды. Жиырма жыл өткеңде, яғни 1978 жылы "Поэты Казахстана" атты кітапта жазушы Мұхтар Мағауин ақыннын өмірі мен шығармашылығы туралы мақаласын жариялаған еді. Алайда, жалғыз қарлығаш көктем әкелмейді. Шәкәрім мұрасынын халқымен қайта қауышуы бұдан соң да ұзақ он жылға созылды.

Ақыры, 1988 жылы Шәкәрім шығармалары жинағының екі кітабы бір уақытта басылып шықты. Біріншісі - "Жазушы" баспасынан шыққан көлемі 560 беттік "Шәкәрім шығармалары"' атты кітап. Онда Шәкәрімнің өмірі мен өнері жайлы Әбділда Тәжібаев пен Шәмшиябану Сәтбаеваның "Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) " деген мақаласы берілді. Шәкәрімнің өлендері мен поэмалары топтастырылған "Жалын" баспасынан шыққан көлемі 254 беттік "Жолсыз жаза" атты екінші кітапта Мұхтар Мағауиннің "Абайдың інісі" деген Шәкәрімнің өмірі жайлы мақаласы жарияланды. Осы жылдын 15 сәуірінде жұртшылық "Қазақ әдебиеті" газеті бетінен Қайым Мұқаметхановтың Шәкәрім атты енбегін оқып, ақын ғұмырнамасына қаныға түсті. Ал, бұлардан төрт жыл кейін, яғни 1992 жылы "Жұлдыз" журналының 11 санында Шәкәрімұлы Ахаттың "Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім" атты көлемді естелігі жарық көрген болатын.

Міне, Шәкәрім ғұмырнамасы жазылуынын қысқаша тарихы осы. Аталған енбектерде ең өзекті мақсат - ұмытылған Шәкәрімді туған халқымен қайта қауыштыру болды. Екіншіден, олар кешегі кеңестік саяси көзқарас дәуірінде жазылды. Сондықтан Шәкәрімнің қазақтың ақыл-ойы мен философиясына қосқан үлесі, ақынның толысу кемелдену кезеңдерін саты-сатылап анықтау сияқты мәнді тақырыптарга тұсау салынды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Ақынның «Мұтылғанның өмірі» деген өмірдерек өлеңінде келтірілген өлең сөзде Шәкәрімді ата-анасы бес жасынан сабақққа бергеніне, әкеден жетім қалды деген аты болмаса, Құнанбайдың ерке немересі болып өседі. Шәкәрім оқуға өте зерек болып, хатта тез таныған. Осы қабілетті байқаған әке-шешесі Шәкәрімге өзге балалардан гөрі баса көңіл бөліп, әсіресе, шешесі кенже ұлына арап, түрік тілдерін қосымша үйетіп отырған. Ғұламаның «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» деуі осыдан.

Шәкәрім әкеден жетім қалды даген аты болмаса, жетімдік көрмеген Құнанбайдың ерке немересі болып өсті. «Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақұрым қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім», - дейді өз өлеңінде. Бірақ, туысынан талантты, табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын білуге құштар, зерделі, зерек, қабілетті, талапты жасқа ғана тән ерекше мінез. Жас шағынан бастап, құштар болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмір бойы шыңдап, өркендеп, өсіріп отырған Абайдың: «Адамның адамдығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес», - дейтіні осы болатын. Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой-өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, Ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.

«Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, - дейді ол шежіре кітабында - қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек, дана кісі еді. Ер жеткен соң, сол кісіден тағлым алып, әртүрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім», - дейді.

Шәкәрім ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университетіде - Абай болды.

Шәкәрім жасынан «Мың бір түн» әңгімелерін оқып, ертек қып айтып, араб, парсының бәйіттерін де төгілдіретін болған. Шәкәрімнің қолөнерімен көп әуестенген. Оның үстіне домбыра, скрипка, гармонды шебер меңгереді. Он бес жасқа келгенде Шәкәрім қаршыға ұстап, құс баптап аңшылық жолға түсті. Ол өз тұсындағы құсбегі, мерген болғандардың алды болды. Бала, бозбала Шәкәрімнің нәр алған, үлгі - өнеге көрген қайнары - қырдағы қазақ мәдениеті, дәстүрлі көшпелі қазақ ортасы болды.

Ақынның жан әлемі осы өзгеше хәл мен күйден енді айрылмайды. Оны: «Жиырмадан өткенде, аз ғана ғылым оқыдым. Алғызып кітап шеттен де, көңілге біраз тоқыдым» және «білмегенді сұрадым, жиыстырдым, құрадым. Оқыған сайын ұнадым, жолына түстім осының» деуімен паш етеді. Тағы бір дәлел - 1930 жылдары жазылған «Кейбіреу безді дейді елді мені» деп басталатын өлеңі. Онда ақын «елу бес жыл жинаған қазынамды, оңашада қорытам ойға салып» деген сөзінен ақындығының басы 17-18 жас екені анық.

Шәкәрімнің өзінің жазған өмірбаянынан: «Жиырмадан өткенде, аз ғана ғылым оқыдым . . . » деген сөзіне байланысты Мұхтар Әуезовтың осы кезең туралы жазғанына мысал келтірейік: «Ысқақты төртінші сайлауда: енді болыстықты Бәкемнің орнына беремін» деп, жасы жиырмаға әрең толған Шәкәрімді болыс қылып сайлатады. Бәкең - өзінің үлкен шешесі Күнкеден туған Құдайберді деген ағасы болып табылады. Ол кісі ертерек өліп, атында екі - үш баласы жетім қалған. Осы ағасының әруағын сыйлағандықтан, жасы жетер - жетпестен, Ысқақты өкпелетіп, Шәкәрімді сайлайды. Шәкәрім бір сайлау болыс болып, 1984 жылдың сайлауына келгенде, Абай ендігі болыстықты өзімен бірге туған кенже інісі Оспанға бермек болады», - дейді. Бұл жөнінже өзінің өмірбаянында жазған болатын. Сөйтіп, Шәкәрім ел ісіне еріксіз араласқанын өмінің өкінішті бір кезеңі деп біледі.

Шәкәрімнің өміріне қатысты қазір Семейдегі жаңа тарихи құжаттар орталығынан (бұрынғы Семей мемлекеттік архиві) біраз құнды құжаттар қолға тиіп отыр. Мысалы, соның бірі - 1917-1918 жылдары Семейде күн сайын шығып тұрған "Дело" газеті. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін жарық көрген басылым болса керек. "Дело", общественно-политическая газета, N 145, Органь Семипалатинского областного комиссариата, четверг, от 30 (13) ноября 1917 года" деп жазылыпты. Газеттің осы санында Керенский басқарған Уақытша Үкіметтің қаулысына сәйкес Семей уездік Земстволық комитетінің жергілікті халықтық билік органына депутаттарды сайлау туралы, жалпы өткізілген сайлау қорытындысы жайлы хабарландырулары, ресми құжаттары берілген. Онда ғұлама ақын Шәкәрім Құдайбердиевтің қоғамдағы, қазақ өміріндегі осындай саяси оқиғалардан сырт қалмай, сол кездегі Көкбай Жанатаев, Иманбек Тарабаев, Иманбазар Қазанғапов, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсеков, Ахметжан Қозбағаров, Әлімхан Ермеков, Мұстақым Малдыбаев, Нәзипа Құлжанова тәрізді қазақ зиялыларымен бірге Семей уездік Земстволық жиынына депутат болып сайланғаны жайлы тың дерек бар.

«Жиырма мен қырықтың арасы; жас өмірдің сарасы, бос өткенін қарашы», - деп налиды. Көзін ашып өсіп өзгерген санамен жаңарып, жаңғырған ұғыммен ғылым дүниесін терең бойлауға берік бекінеді. Шығыс тілдерін, орыс тілін емін - еркін меңгеруге бой ұрады. «Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз» деген Абай қағидасын берік ұстанған Шәкәрім діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерінің азғындығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да толғаусыз табына бермей, өз ақылына жүгініп, сыншыл көзімен қарап оқыды.

Шәкәрімнің табиғи ақындық қуатын, өнер -білімге құштарлық қасиетін және зор қабілетін ерте танып, ерекше бағалаған Абай оған ең алдымен қазақ шежіресін жазуды тапсырып, мәслихат етеді.

  • Абай қазақ шежіресін жаз деп, он тоғыз жасымнан қазақ шежіресін жинай юастадым. Абайдың ұқтаруымен және сол кісінің ел - елге кісі жіберіп, хат жазып жинақтаған мағлұматтары да шежіреде бар, - дейді Шәкәрім. Қазақтың түбі қайдан шыққанын ғылыми дәлелді, тарихи деректі етіп, қазақ шежіресін Шәкәрімге Абай өзі бастап көрсетіп берген. Шәкәрім Абайдың мәслихаты бойынша тарихшы ғалымдардың, оқымысты жазушылардың сол кездегі қолы жеткен кітаптарын ізерлеп оқып, терең зерттеп, ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, мол мағлұмат жинап, тұңғыш қазақ шежіресін жазуға кірісті. Шежіре кітабының кіріспесінде Шәкәрім былай дейді: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген - білгенімді жазып алып, әртүрлі жұрттың шежіре кітаптарына оқыдым. Оқыған кітаптарымның мұсылманшасы: Табари «Тарих гумуми», «Тарих ғұсмани», «Тарих ант шар ал - салам», Нәжип Ғасымбектің «Түрік тариы», Абұлғазы Баһадүр ханның жазған «Шежіре түрік» және әртүрлі кітаптардан алынған сөздер», орысша кітаптарды оқығаным - Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түрік нәсілі туралы, дүниедегі әртүрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірілен сөздері оның ішінде түріктің ең ескі замандағы шежіре кітаптары «Құдатқу білік» деген кітаптарының сөзі. Қытайдың Юань - Чао -Ши деген жазушысының сөзі. Және ғарап, парсы, рум, европа жазушыларының сөзі» - дейді.

Шәкәрім материалистік дүниетаным мен идеалистік дүниетанымның өткен, кеткен тарихынан мол хабардар әрі осы екі танымның мән -мағынасына өзіндік сыншылдық көзқараспен қарай білген үлкен аумақтағы қайталанбас ойшыл тұлғадағы ақын.

Шәкәрім Мекке сапарына қамқор ағасы, ұлы ұстазы Абай дүниеден қайтқан соң, ғ бір жылдан кеін барған. Негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар - Париж, Самбул қалалары болған. Онда көптеген кітаптарды оқып, өзінің 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Мұсылмандық шарты» және 1928 жылы аяқтаған еңбегінің бірі «Үш анық» деп аталатын философиялық трактатының жазуға негіз болды. Соынң ішіндегі мұсылмандық шарты ембегін жазудағы себебіне тоқталсақ: бұл еңбектің жазылуына түрткі болған сол замандағы саяси - әлеуметтік жағдайлардың түп -төркіндері мен кейбір орын алған астарлы мәні бар рухани құбылыстардың болмысы болып табылады.

Бұл кітаптың жазылу себебін автор, бір жағынан: « . . . оқығандарыңыз кітаптан, оқымағандарыңыз молдалардан есітіп білген шығарсыздар. Олай болса, біздің қазақ халқыныың өз тілімен жазылған кітап жоқ болған соң, араб, парсы кітабын білмек түгіл ноғай тіліменен жазылған кітаптарды да анықтап ұға алғаан жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман - ғибадат турасын шамам келгенше қазақ тіліменен жазайын деп ойландым. Бұл кітап әрбір қазақ оқуға оңай болып, әрі оларға пайда, әрі өзіме сауат болар ма екен деп . . . үміт еттім», -деп қалың қауымға иман - ғибадаттың мәнін қазақ тілінде дұрыс ғұындыру деп қараған.

Шәкәрім өлеңдеріндегі ойшылдық, философиялық пікір танымдары «Үш анық» деп аталатын еңбегінде бүкіл рухани болмысындағы ақындық өнер мен ойшылдық танымы өзіндік сыры мол, айтылар пікірінің астарлы қабаттары көрсетілген. «Үш анықтағы» басты ойдың өзекті келісіде Абай мұрасындағы мораль философиясына орай кеңнен таратылатын «Жан құмары» мәселесімен тікелей байланысты жатқан құбылыспен астасады.

Шәкәрім «Үш анығын» жазу жолында айтарлықтай алдын ала зор даярлықтан өткен. Шығыс пен Батыстың рухани қазына көздеріне бас қойғанда, ондағы идеалистік, материалистік бағыттағы еңбектермен таныстығы мол болған себептері. Осы арқылы Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы теологтардың дүниетанымы бірінші, екінші аық деп көрсетеді. Өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы үшінші анықты ұсынады. Ол - үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын «Ұждан» туралы күрделі проблеманы көтерді. Яғни, Шәкәрімнің үш анықтағы мақсаты ар түзейтін бір ғылымды табу болғандықтан, өмір бойы осы жолда ізденген. Өзіндік жан сырын Абайдағы «Нұрлы ақыл» ұғымымен сабақтастыра қарайды, яғни Шәкәрім «Үш анық» деп аталатын философиялық трактатын жазуға даярлықты 1898 жылдан бастап кірісіп, отыз жылдай ізденіп, жиған -тергенін өз ой көрігінен өткізіп қорытындыны 1928 жылы аяқтады.

Шәкәрімнің «Үш анығында» сөз болтын басты мәселе ар ілімінің негізі болып табылатын нәрсе «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып «Ұждан» деген шығады - бұған нала алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарт аламайды . . . Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды», - деп тебірене терең ой толғауы бүгінде халқымыздың алға қойыа отырған рухани жағынан жаңару талабына да үндес келіп жатыр.

Ақынның бес дастаны

Шәкәрімнің әзірге белгілі бес дастаны бар. ''Оятқан мені ерте - Шығыс жыры" деп өзі айтқандай, ақын бал дәурен балалық кезінен Шығыстың ұлы шайырларынан сүйіп оқып, олар жайлы мағлұматқа қанық болған. Атақты шайырлар салған дәстүрдің бірі - артқыға кемінде бес дастан қалдыру еді. Осы әдіспен бір-бірімен күш сынасу, творчестволық бәсекеге түсу шығыстың бұрын-сонды өткен ұлы ақындары үшін жазылмаған қағида есепті еді. Осыны жақсы білген Шәкәрімнің бес дастан жазуы кездейсоқтық болмаса керек.

Бес дастанның үшеуі - қазақ өмірінен алынған, қалған екеуі ("Ләйлі-Мәжүн". "Дубровский") - аударма туындылар. Үшеуінің бірі - "Нартайлақ-Айсұлу" дастанын Сәбеңс хатында "25 жаста жазғаным" деп Шәкәрімнің өзі атап көрсеткендіктен оның 1883 жылғы тырнақалды поэма екені күмән туғызбауға тиіс. Сондықтан қазіргі сөзді "Қалқаман-Мамыр" және "Еңлік-Кебек" дастандарынан бастайық. Екеуі де 1912 жылы Семей қаласында "Жәрдем" баспасында басылып шыққан, қалың қазақ сүйіп оқыған, халық арасында кеңінен танымал дастандар. Екі кітап та автордың таныстыру есепті кішкене кіріспе сөзімен ашылады. Өкінішке қарай, екі дастанның жазған уақыты да мәлімсіз. Ахат Шәкәрімұлы 1992 жылы "Жұлдыз" журналында жарияланған естелігінде "Қалқаман-Мамыр" 1888 жылғы, ал "Еңлік-Кебек" 1891 жылғы деп дерек береді.

Енді төртінші "Ләйлі-Мәжнүн" дастанына келейік. "Ләйлі-Мәжнүн" -Шәкәрімнің ең жақсы, ең көлемді дастаны. Дастан алғаш "Шолпан" журналының 1922-23 жылдардағы 2-3 сандарында жарық көрген еді. Дастанға түпнұсқа болған "Ләйлі-Мәжнүн" парсының атақты ақыны Мұхаммед Физули Бағдадидін (910-975) мұрасы. Көне ақынның бұл туындысы "бүкіл дүниежүзі әдебиетінен өзінің мәнерлі сұлулығымен, терең мағына, ғажайып фантазиясымен үлкен орын алатыны" мәлім. Сөйтіп, шығыс әдебиетінің ең озық үлгісімен қазақ әдебиетін байытқан, казақ тіліне өлеңмен еркін аударма жасаған Шәкәрім ақын болатын.

"Ләйлі-Мәжнүн" дастанының жазылу жылын автордың өз белгілемеген. Ал, 1988 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген "Шәкәрім шығармалары" жинағында "Ләйлі-Мәжнүн" поэмасы 1907 жылы жазылған деп көрсетілген. Бірақ бұл датаны растайтын дерек жоқ. Сондықтан ендігі сөз арқауы - поэма қай жылғы деген мәселе болмақ.

Шәкәрімнің соңғы бесінші дастаны - "Дубровский әнгімесі". Бұл шығарма жайында 1988 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан жинақта: "Дубровский әңгімесі" - орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің "Дубровский" атты повесінің аудармасы. Қазақша өлеңмен аударылған бұл хикая Ахат Құдайбердиевтің айтуына қарағанда, 1903-1909 жылдары аударылса керек. Осы пікірдің дұрыстығын 1924 жылы Семей қаласынла жеке кітап болып басылған "Дубровский әңгімссі" атты кітаптың алғы сөзі де растайды. Мұнда: "Дубровский" ерте жазылған екен. Жазушының қолайы келмей, қолжазбамен ел арасына тарап жүрген. Сондай бір қолжазба комиссияның қолына түсіп, кімдікі екенін білген соң, жазушының өзінен нағыз жазбасын алдырып, жаңа жазумен, көшіріп қана баспаға бердік", - делінген", - деген тиянақты мағлұматтар бар.

Сонымен, сөзімізге жеті жыл ішіндегі өлеңдері куә, ақынның басты бағыты - ағартушылыққа саяды. Және, ағартушылық қызметтің келешек кеменгер ойшыл үшін аса қажетгі үлкен саты болғандығы күмәнсіз.

"Қазақ айнасы" жинағы 1912 жылы Семей қаласында жаңа ашылған "Жәрдем" баспасында жарық көрді. Көлемі - 50 бет. Барлығы - 30-ға тарта өлең. Өлеңдердің жазылған жылы белгіленбеген. "Қазақ айнасы" дегені - елдің қисығын түзейтін, оң-терісін көрсететін айна екенін білдіреді. Әдебиетші ғалымдар Ә. Тәжібаев пен Ш. Сотбаеваның пікірінше, аталмыш кітап ақын өлеңдерін "сұрыптап, өзі жүйелегендігімен, және, өзі бастырғандығымен де қымбат".

Қорыта келгеңде Шәкерім Құдайбердіұлы Абайдан соңғы ірі "жаңа бағыт ақыны" болды. Оның ғасырлар тоғысына, 1898-1905 жылдарға келетін жазушылық еңбегі осының айғағы. Әсіресе, "бел астым" деп өзі айтқандай, қырық жастан асқанда, айналасы 4-5 жылдың орайында жазылған "Қазақ айнасы" жинағы Шәкәрімнің ұлттың классик ақыны биігіне көтерілуінің куәсі есепті. Асу бермес асқардай алып Абайдың қасында жүріп өлеңге, азаматтық лирикаға бару оңай шаруа болмаса керекті. Жанкештіліктің, батылдықтың белгісі. Осының өзінен ғана Шәкәрім өлеңдері жай ғaна ақындық талапттың жемісі емес, халқына жан-тәнін пида етуден туған дүниелер екенін түйсіне аласыз. Осы қырымен де Шәкәрім үздік тұлға.

Шәкәрім қалай ұсталды? Оған қандай айып тағылды? Бұл жөнінде қауіпсіздік органдарындағы мұрағат құжаттары нендей сыр шертеді? Енді сол деректерге назар аударайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу
Шәкәрім шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz