Ойынның педагогикалық мәні. мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны



Ойын –балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында «Денсаулық –зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез-келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар деп санаймыз.
«Жас санаты және педагогикалық психология»., А.В. Петровский., М; 1986 ж
«Балалар психологиясы»., Л. Ф. Обухова., М; 1971 ж
«Жас санаты және дифференсалды психология»., ЛГУ., 1990 ж
«Бала психологиясы»., Е. О. Смирнов., М; 1997 ж
«Бала мен балабақша» №6, 2010 жыл Республикалық педагогикалық журнал.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультет
Педагогика - психология кафедрасы

СРО № 3,4

Тақырыбы: Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны

Орындаған: Қуанышбекова.М.М
Топ: П-403у
Тексерген: Кулмышева Н.А

Семей 2015 жыл
Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында Денсаулық - зор байлық деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру - жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез-келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар деп санаймыз.
Дене тәрбиесінің халықтық педагогикасында маңызды орынды ойындар иеленеді. Ойын дене тәрбиесінің халықтық педагогикасында қазіргі кәсіби қызметтері тәрбиелеудің өз мәнін таба алмаған, салаларын меңгерудегі маңызы зор. Оларға - бос уақытты тиімді өткізу мен белсенді тынығуды жатқызу қажет. Бұл жерде ойыншылардың шығармашылық қабілетіне мүмкіндік беретін ойынға әсер етудің нақты бір және қосалқы тәсілдері басым болады.
Дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы өз мазмұны бойынша жеке тұлғаны тәрбиелеудің түрлі салаларын қамтиды, сонымен бірге дене сапалары мен қабілеттерін дамытуға басым көңіл бөлінеді. Тәжірибелік тұрғыдан дәлелденгені - халықтық ойындармен және спорт түрлерімен шұғылданатын балалардың дене сапалары мен дағдыларын дамытуға әсер ету деңгейі басқа дене тәрбиесінің түрлерімен және құралдарымен салыстырғанда өте жоғары тұрады. Бұл шұғылданушылардың эмоциялық және психологиялық талпынысына үлкен қимыл белсенділігі мен ұзаққа созылған, тұрақты қызығушылығы тән болады.
Ойындардың педагогикалық құндылығы - олар біріге отырып, өз бойына негізгі қимылдар мен іс-әрекеттердің бар аумағын қамтиды. Бұл жаста жігіттердің психологиясы қалыптасады, олардың өзара қарым-қатынастары анықталады, ал бұл мәселелер негізінен, олардың көрсете білетін денелік және ерікті сапаларына, қарсыластық пен жарыстар кезіндегі көшбасшылығын көрсете алу мүмкіндігіне байланысты болады.
Ойындар мен дене жаттығуларының арасында өзіндік көңіл көтеру мәні басымдарының саны артып отыр. Бұл жаста дене өсуі мен дамуы негізінен тұрақтандырылады. Белсенді тынығуға, көңіл көтеруге, ойындарға, қарсыластыққа деген сұраныс артады, өйткені оларда жан-жақтылық пен іс-әрекеттер саналығын талап ететін психологиялық-денелік сапа ғана емес, сонымен бірге тапқырлық, тез шешім қабылдау сияқты қасиеттерді көрсетуге болады.
Ойын баланың алдыннан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес.
В. А. Сухамлинский.
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті - ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс - әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай - ақ заман ағымынада белсене қатысады.

Балабақшаларда оқыту - тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттіліке, шапшаңдылықа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны жайлы
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Ойын - психологиялық феномен жайлы
Қуыршақ театры
Үйлесімді сөйлеуді дамыту балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
Мектеп жасына дейінгі балалар
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен маңызы
Балалар ойыны еркін түрде іске асырылатын әрекет
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану
Пәндер