Органдар биохимиясы туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының білім беру министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Органдар биохимиясы
Орындаған: Советбекова М. Д
Группа:БТ-407
Тексерген: Кайрханов К. К
Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster - қарын) - азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын - бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.
Бір бөлімді қарын
Бірбөлімді қарын күйіс қайтармайтын жануарлардың құрсақ қуысында, көкеттен кейін орналасады. Оның сол жағында өңешпен жалғасатын кардиальды тесігі, ал оң жақ ұшында он екі елі ішекке ашылатын пилорикалық (қақпақтық) тесік болады. Қарынның қабырғасы түтікше ағза ретінде үш қабықтан: ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - етті қабықтан және сыртқы - сірлі қабықтан тұрады. Қарынның өңеш тәріздес кілегейлі қабығын - көп қабатты жалпақ эпителий, ал ішек тәріздес кілегейлі қабығын - жалаң қабат призма тәрізді эпителий астарлайды. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын бездері болады. Олар орналасу орындары мен құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) бездер болып үш топқа бөлінеді. Олар аталуына сәйкес қарынның кілегейлі қабығының кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) аймақтарында орналасады.
Қарынның етті қабығы өз кезегінде ішкі - қиғаш қабаттан, ортаңғы - сақинаша қабаттан және сыртқы - ұзынша қабаттан, ал сірлі қабығы борпылдақ дәнекер- ұлпалық қабаттан және жалаң қабат жалпақ эпителий (мезотелий) қабатынан тұрады. Қарынның сірлі қабығынан үлкен және кіші шарбылар түзіледі.
Көп бөлімді қарын
Көпбөлімді қарын күйісті жануарларда болады. Ол өз кезегінде: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар бөлімдерінен құралған. Бұлардың алдыңғы үшеуінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Ұлтабар- безді қарын. Қарындағы азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық өңдеу нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.
Кейде қарын 2 бөліктен құралады:
- бұлшық етті;
- безді.
Көптеген омыртқасыздарда қарын ерекшеленген және ішкі бөлігі болып есептеледі. Көптеген буынаяқтылардың қарнында қоректік зат бөлшектенеді. Өрмекшітәрізділерде бітеу өсінділері бар ортаңғы ішектің алдыңғы бөлігі қарын. Жәндіктерде қоректік затты бөлшектеп шайнау қарны жақсы жетілген, ал безді қарын тек кейбір түрлерінде ғана байқалады. Ұлулардың қарнына ас қорту бездері ашылған, (бауыры) . қарны екі бөліктен тұрады: өңешпен байланысты кардиалды және ішекпен байланысты пилорикалық. Екеуінің ортасында қарын түбі орналасқан. Құстарда қарын екі бөліктен, бұлшық етті және сөлді қарыннан тұрады. Сөлді қарында ас қорыту сөлін шығаратын бездер жақсы жетілген. Сүтқоректілердің қарны жақсы жетілген. Қарапайым бір камералы қарын оларда 4 бөліктен тұрады: өңеш бөлімі, кардиалдық, қарын түбі және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөлімнен. Қоректік затпен қоректену ерекшеліктеріне сәйкес жануарлар қарыны әртүрлі болады. Күйіс қайыратын жануарлардың қарнының өңеш бөлімі жақсы жетілген, одан арнайы 3 камера пайда болған: жалбыршақ, тақия, таз қарын, тек ұлтабар ғана нағыз безді қарын. Адамдар мен жыртқыштардың қарны бір камералы, қарын түбі, кардиалды және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөліктерінен құралған. Адам қарынның көлемі 1, 5-2, 5 л ол әйелдерге қарағанда еркектерде біраз үлкен.
Тоқ ішек топографиялық анатомиясы
Тоқ ішек бөліктері 1 - жоғары бағытталған бөлік, 2 -көлденең жатқан бөлік, 3 - төмен бағытталған бөлік, 4 - сигмотәрізді ішек, 5 - тік ішек.
Тоқ (жуан ) ішек (лат. intestinum crassum) ащы ішектің оған келіп жалғасатын жерінен ( илиоцекалды бұрыш) басталады да, тік ішекпен аяқталады. Тоқ ішектің бірнеше бөліктерін ажыратады: соқыр ішек (соесum), жоғары бағытталған бөлік (colon ascendens), көлденең жатқан бөлік (colon transversum) пен төмен бағытталған бөлік (colon descendens), сигма тәрізді бөлік ( colon sigmoideum) . Сигма тәрізді ішектің жалғасы тік ішек ( rectum) артқы тесікпен (anus) бітеді. Тоқ ішек ( ободочная кишка, colon) - жалпы ұзындығы 1-2 м, диаметрі 4-7 см.
Тоқ ішектің бөліктері
Тоқ ішектің келесі бөлімдерін ажыратамыз:
- соқыр ішек
- жоғарлаған бөлім
- көлденеңдеген бөлім
- төмендеген бөлім
- сигматәрізді ішек
Тоқ ішекке тән ерекшеліктер:
1. Ерекше бойлық бұлшық ет таспалар (teniae coli ) болуы;
2. Өзіне тән қампайманың (haustra coli) болуы;
3. Mайы бар сірлі қабық өсіндінің (appendices epiploicae) болуы;
Жоғарылаған ішек (colon ascendens) мезапертонеальді орналасқан, алайда сирек жағдайда жеке қысқа шажырқайымен интраперитонеальді орналасуы мүмкін. Ол оғ жақ қабырға астында бауырлық иірім жасап, көлденеңдеген болікке өтеді. Көлденең ішектің ұзындығы 50-60 см, интраперитонеальді орналасқан. Ол сол қабырға астында көкбауырлық иірім жасап, төмендеген ішекке ауысады. Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 180-200 см, ал диаметрі 5-6 см. Оның бірнеше иілімдері бар. Бірінші бауыр иілімі ( flexura coli dextra), ал екіншісі көкбауыр иілімі (flexura coli sinistra) және солармен қатар сигма тәрізді бөлігі мен тік ішек шекарасындағы иілімдер. Алғашқы аталған екі иілімдер тұсында және көлденең бөлігінде тоқ ішекті бекітіп тұратын арнайы байламдар бар ( lig. Hepatocolicum et lig nefrocolicum, lig. Gastrocolicum)
Тоқ ішектің бұлшықет қабаты
Тоқ ішектің бұлшықет қабаты екі түрлі бұлшықеттерден құралады. Біріншісі ішкі немесе циркулярлы және сыртқы бұлшықет қабаттары. Сыртқы бұлшықет қабаты ішектің ұзындығын бойлай орналасады. Бұл қабат ішектің сыртқы жағында үш жолақ тәрізді болып көрініп тұрады және үшеуі соқыр ішектің күмбезінде, яғни оған құрт тәрізді өсіндінің жалғасатын жерінде түйіседі. Ішкі жақта орналасатын бұлшықеттер (циркулярлы бұлшықет) ішектің белгілі бір аймақтарында қалыңдап физиологиялық қысқыштар (сфинктерлер) құрайды. Тоқ ішектің оң жақ бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарғы шажырқай артериясынан келетін мықын-тоқ ішек артериясы (a. iliocolica ), оң жақ тоқ ішек артериясы (a. colica dextra) және ортаңғы тоқ ішек артериясы (a. colica media) . Тоқ ішектің сол жақ бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуі төменгі шажырқай артериясымен жүзеге асады. Тоқ ішектің сол жақ артериясы (a. colica sinistra) тоқ ішектің ортаңғы артерия тармағымен аностомоз құрып Риолан доғасын құрайды. Сигма тәрізді ішекті aa. sigmoideae қанмен қамтамасыз етеді. Веналық қан аталған артериялардың жандарында орналасқан көктамырлар арқылы жүреді. Лимфа сұйығының жүрісі, негізінен, төрт лимфа түйіндеріне қарай (эпиколикалық, параколикалық, аралық және орталық түйіндер) бағытталады. Тоқ ішектің иннервациясы симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Тоқ ішекте су сіңу процесі және ащы ішекте ыдырағанмен, толық сіңбеген қоректі заттардың одан әрі сіңуі жалғасады.
Тоқ ішектің қызметі.
Тоқ ішектің қызметі: моторлы, сіңдіру және бөліп шығару. Тоқ ішекте судың 95%, электролиттер және кейбір газтәрізді заттардың сіңірілуі жүреді. Ішек микрофлорасының өмір сүруіне байланысты тоқ ішек В витаминдер тобы мен К витамин алмасуына қатысады.
Бүйрек - Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан. Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан. Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады. Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады. Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз. Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.
Бүйрек - адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120-200 г-дай, ұзындығы 10-12 см, ені 5-6 см, қалыңд. 3-4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында - соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс - бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары - милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 - 15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігі нефрон деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 - 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.
Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys - бұлшықет, kardia - жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард) . Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz