Эксперттік жүйелер мен қолдану аудандары


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Эксперттік жүйелер мен қолдану аудандары

Орындаған:Қайырбек А. С

Тобы: ВТ-211

Қабылдаған:Курушбаева Д. Т

СЕМЕЙ 2015

Жоспар:

  1. Эксперттік жүйе түсінігі
  2. Эксперттік жүйе қолданылу облыстары
  3. Пайдаланған әдебиеттер

1. Адам қызметінің әр түрлі салаларында нақты алгоритмі немесе әдісі жоқ міндеттер жиі кездеседі. Ол міндеттерді тек қана сол кәсіппен шұғылданатын білімді мамандар шеше алады. Ол аппаратураны диагностикалау, жұмыс аптасын жоспарлау, операцияны болжау, аппаратурада жұмыс жасап үйрену және т. б. жұмыс түрлері. Негізінен мұндай міндеттер болжау, оқыту, модельдеу сияқты салалармен қоса медицина, заң, ғылым мен техниканың алуан түрлі салалары, экономика, экология, әскери іс және т. б. кездеседі. Осындай міндеттерді шешу үшін арнайы бағдарламалар кешені - эксперттік жүйелер (ЭЖ) бар. Олар нақты емес қойылымы бар міндеттерді арнайы білім базасына (ББ) жолыға отырып шешеді, яғни ол базада пайда болған проблеманы шешуге арналған мәліметтер бар. Шешімді ЭЖ өз бетімен табады. Сонымен қатар, ЭЖ әдетте мамандардың өздеріне ББ-сын жасауына мүмкіндік беріп, оны өзгертуге немесе толықтыруға, басқаруға жол ашады. Нарықтағы бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚЕ) әдетте өте қымбат тұрады. Соған байланысты, қазіргі кезде екінің бірі өз ортасына ЭЖ тарата алмайды, және де тиімді ЭЖ өзіне сондай қымбат аппараттық қамтамасыз етуді талап етеді.

Экперттік жүйе дегеніміз бұл әдістер мен ұйымдастыру жолдарының жиынтығы, күрделі міндеттерді шешуге арналған білімдердің сақталуы мен қолданылуы. Эксперттік жүйе берілген шешімдердің арасынан ең үздігін таңдай отыра, жоғары сапалы мамандар тобының тәжірибесіне сүйену арқылы өзінің тиімділігін арттырады. Оларды стратегия құрылымы кезінде бағалай отыра, үлкен көлемдегі жаңа факторлардың әсерін талдайды, алдын ала болжау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Заманауи ЭЖ - білім базасын қалыптастыратын, міндеттерді шешу кезінде жинақталған білім базасының көмегімен адам-маманның әрекетін модельдейтін мамандандырылған компьютерлік бағдарлама. ЭЖ-ні ойлап табу және пайдалану ақпараттық технологиялардың дамуының концептуалды кезеңі болып табылады. Проблеманы шешудің интеллектуалдық негізіне белгілі бір іс-әрекет саласындағы тәжірибелі сарапшы-мамандардың білімдерін жаңғырту алынады.

2. Қазіргі кезде эксперттік жүйелердің технологиясы ең алуан түрлі
мәселелі облыстарда, қаражат, мұнай және газ өнеркәсібі, энергетика,
транспорт, фармацевтикалық өндіріс, ғарыш, метуллургия, тау кен ісі, химия,
білім, целлюлозды - қағаз өнеркәсіп, телекоммуникация және байланыс және т. б сияқты әр түрлі түрдегі міндеттерді (интерпретация, болжау, диагностика, жоспарлау, құрылымдау, бақылау, ретке келтіру, инструктаж, басқару) шешу үшін қолданылады. Эксперттік жүйелерді орындаудағы үш негізгі түр өзгешілік белгілі.

Жеке бағдарлама түрінде орындалған экспертті жүйелер, бұл
бағдарламаның тікелей бөлігі болып келетін кейбір алгоритмдік тілдегі білім
базасы. Ережеге сай, мұндай жүйелер бір бекітілген пәндік облыста міндеттерді шешу үшін арналған. Мұндай жүйелерді құру кезінде дәстүрлі рәсімді PASCAL, C тілдерімен қатар, жасанды интеллектің мамандандырылған тілдері LISP, PROLOG қолданылады. Экспертті жүйелердің қабыршақтары - белгілі бір пәндік облыс үшін арналған көрсету тәсілдеріне иеленуші бағдарламалық өнім. Қолданушының міндеті тікелей бағдарламауға емес, ал ұсынылып отырған қабыршақтар мүмкіндіктерін қолданумен жұмыс жасау мен білімді енгізу жасалынады.

Бұл жүйелердің кемшілігі барлық бар пәндік облыстарды
бір жүйемен ұстап тұру мүмкін еместігінде. Мысал болып ИНТЕРЭКСПЕРТ,
РС+, VP-Expert қызмет етеді.

Көптеген қолдану облыстарының толық тізіміне тоқтамай ғана, тек қана
эксперттік жүйелер әдістемесі сәтті қолданылған дамыған мемлекеттердің
халықаралық шаруашылық салаларының кейбіреуін ғана атап кетуге болады:
химия, ауыл аруашылығы, электроника, білім, қаражат, геология, медицина,
әскери іс, бағдарламалық қамтамасыздандыру және т. б. Олар шешетін
есепулердің негізгі типтерінің тізімінен интерпретация, болжау, диагностика,
жобалау, жоспарлау, басқару, бақылау, ретке келтіру, жөндеу, оқуды атап
кетуге болады.

Қазіргі таңда шетелдерде кеңінен таралған эксперттік жүйелердің тізім
және олардың тізімін келесі түрде атап кетуге болады: : INSIGT, LOGIAN,
NEXPERT, RULE MASTER, KDS, PICON, KNOWLEDGE CRAFT, KESII, S1,
TIMM және т. б.

Заманауи эксперттік жүйелер тәжірибені және жетекші мамандардың
білімін тарату үшін тәжірибе жүзінде барлық сфераларда кеңінен қолданылады.
Дәстүрлі түрде білімнің екі түрі бар - ұжымдық білім және жеке білім. Егер де пәндік облыста білімнің көп бөлігі ұжымдық түрде көрсетілген болса, онда бұл пәндік облыс эксперттік жүйелерге мұқтаж емес.

Егер де пәндік облыста білімнің көп бөлігі жоғары деңгейдегі
мамандардың (эксперттердің) жеке тәжірибесі болса және де егер бұл білімдер қандай да бір себептердің салдарынан әлсіз құрылымдалған болса, мұндай пәндік облыс эксперттік жүйеге мұқтаж.
Білімге негізделген, жүйелердің қолдану облыстары бірнеше негізгі
класстарға топталынады: медициналық диагностика, басқару және бақылау,
механикалық және электрлік құрылғыларың аұаулықтарының диагностикасы, оқып үйрену.

а) Медициналық диагностика. Диагностикалық жүйелер ағза қызметінің
бұзылуы мен олардың мүмкін болатын себептерінің арасында байланыс орнату үшін қолданылады. Бактериалды инфекция және менинигит кезінде науқастың жағдайын бақылау мен диагностика жасауға арналған MYCIN ең танымал диагностикалық жүйе. Оның алғашқы нұскасы 70-жылдарда Стэнфорд университетінде өңделді. Қазіргі уақытта бұл жүйе дәрігер-маман деңгейінде диагноз қояды. Ол медицинаның басқа да салаларында қолданылуына мүмкіндік беретін кеңейтілген білім қорына ие.

ә) Болжам жасау. Болжам жасаушы жүйелер мүмкін болатын нәтижелерді
немесе объектінің қазіргі жағдайы жөніндегі мәліметтер негізінде оқиғаларды болжап айтады. “Уолл-стритті жаулап алу” бағдарламалық жүйесі нарық коньюктурасын талдай алады және алгоритмдердің статистикалық әдістерінің көмегімен болашаққа капитал жұмсалуының жоспарын өңдей алады. Ол дәстүрлік бағдарламалаудың алгоритмін және процедурасын қолданатындықтан, білімдерге негізделген жүйелер қатарына жатпайды. Әзірге өздерінің нарық коньюктурасы жөніндегі ақпараттарының есебінен капиталды ұлғайтуға қабілетті ЭЖ болмағанымен, болжам жасаушы жүйелер жолаушылар легін, астық түсімін және ауа-райын болжай алады. Тіпті, білімдерге негізделген қарапайым жүйені орнатып, жеке компьютерде
жіргілікті ауа-райының болжамын алуға болады.

б) Жоспарлау. Жоспарлаушы жүйелер көп айнымалылармен берілген
есептерді шешуде нақты мақсаттарға жетуге лайықталған. Informat Дамаск
фирмасы алғаш рет сауда тәжірибесінде сатып алушылар қарамағына олардың қажеттілігі мен бюджетіне төмен деңгейде жауап беретін компьютер таңдауға көмектесу мақсатында 15 минуттық тегін кеңес беретін өз кеңселерінің холында орнатылған 13 жұмысшы станциясын ұсынады. Бұдан бөлек, Boeing компаниясы ЭЖ-ні ғарыштық станцияларды жобалауға, сонымен қатар, тікұшақ жөндеу мен ұшақ қозғалтқыштарының істен шығу себептерін анықтауға қолданады. DEC фирмасымен құрылған XCON эксперттік жүйесі VAX типінің және сатып алушының талаптарына сәйкес компьютерлің жүйесінің конфигурациясының өзгерту немесе анықтау үшін қызмет етеді. DEC фирмасы сатып алушыларға қажетті конфигурациясы бар есептеуіш жүйелерді тағдау кезінде көмектесу мақсатында XCON жүйесінің білім қорын өзіне қосатын әрі қуаттырақ XSEL жүйесін өңдеуде. XCON жүйесіне қарағанда XSEL жүйесі интерактивті болып саналады.

г) Түсіндіру. Түсіндіруші жүйелер бақылау нәтижелерінің негізінде нақты қорытынды алу қабілетіне ие. PROSPECTOR жүйесі түсіндіруші типтегі көбірек танымал жүйелердің бірі, ол тоғыз эксперттің білімін біріктіреді.
Экспертизаның тоғыз әдісінің үйлесімін қолдана отырып, жүйе бағасы миллион доллар болатын кен шоғырын анықтай алды, сонымен бірге, тоғыз эксперттің бір де бірі бұл кендердің барын болжаған жоқ. Түсіндіруші басқа жүйе HASP/SIAP. Ол акустикалық байқау жүйелерінің мәліметтері бойынша тынық мұхиттағы кемелердің типтері мен орналасқан жерін анықтайды.

д) Бақылау мен басқару. Білімге негізделген жүйелер бақылаудың
интеллектуалды жүйелері ретінде қолданылуы мүмкін және аздаған ақпарат
көздерінен түскен мәліметтерді талдай отырып, шешім қабылдай алады.
Мұндай жүйелер атом электростанцияларында жұмыс жасайды, медициналық бақылауды жүзеге асырады және әуе қозғалысын басқарады. Олар сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қызметін тұрақтандыруда пайдалы болуы мүмкін және қиын жағдайларда шешім шығаруға көмек көрсетеалады.
е) Электрлік және механикалық құрылғылардағы түзелмейтіндіктің
диагностикасы. Бұл салада білімдерге негізделген жүйелер механикалық және электрлік машиналарды (автомобильдерді, дизельдік локомотивтерді және т. б. ) жөндеу кезінде де, компьютерлердің бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуіндегі қателер мен түзелмейтіндікті жою кезінде де ауыстыруға келмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экспертті жүйенің қолданылу аудандары
Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру
VP-Expert эксперттік жүйенің жазбасы
Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі. Ақпаратты қорғау негіздері
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі
Эксперттік жүйені жасақтау технологиясы
Компьютерлік вирустар. Программалық вирустар.
VP-Expert эксперттік жүйенің жазбасы жайлы
Ақпараттық технологиялардың базалық ішкі жүйелері
Жалпыланған экспертті жүйенің құрылымдық сұлбасы және компоненттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz