Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы



1.Латын алфавиті .
2. Латын тілінің тарихы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Латын алфавиті -дүние жүзіне кең тараған алфавиттің бір түрі. Б.з.б 7-ғ-да Ежелгі Римде грек және этрус алфавиті негізінде шыққан, б.з.б 1 ғ-да біржола қалыптасты. Алғашқы кезде бұл алфавитпен бір жола оңнан солға қарай, келесі жол солдан оңға қарай жазылып, жазу бағыты үнемі ауысып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан жазу тек солдан оңға қарай жазыла бастады. Латын алфавитінде 23 әріп белгіленген, ал Өркендеу дәуірінде бұған қосымша J, U, W әріптері қолданылды, сөйтіп, жалпы саны 26 әріпке жетті.
http://kk.wikipedia.org/
1 Большая Энциклопедия Кирилла и Мефодия с изменениями и дополнениями: монография. – М. : Сварог, 2003. – 456 с.
2 Ботвинник М.Н., Рабинович М.Б., Стратановский Г.А. Жизнеописание знаменитых греков и римлян: книга для учащихся. – М. : Просвещение, 1988. – 205 с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРС

Тақырыбы: Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы

Орындаған: Айтмұханбетова.Б.Д
Тексерген: Билялов Е.Е
Топ: ВС-505

2015ЖЫЛ

Жоспар
1.Латын алфавиті .
2. Латын тілінің тарихы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Латын алфавиті -дүние жүзіне кең тараған алфавиттің бір түрі. Б.з.б 7-ғ-да Ежелгі Римде грек және этрус алфавиті негізінде шыққан, б.з.б 1 ғ-да біржола қалыптасты. Алғашқы кезде бұл алфавитпен бір жола оңнан солға қарай, келесі жол солдан оңға қарай жазылып, жазу бағыты үнемі ауысып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан жазу тек солдан оңға қарай жазыла бастады. Латын алфавитінде 23 әріп белгіленген, ал Өркендеу дәуірінде бұған қосымша J, U, W әріптері қолданылды, сөйтіп, жалпы саны 26 әріпке жетті.
Баслуы

Жазлуы

Аталуы

Оқылуы

A a

B b

C c

D d

E e

F f

G g

H h

I i

J j

K k

L l

M m

N n

O o

P p

Q q

R r

S s

T t

U u

V v

X x

Y y

Z z

A a

B b

C c

D d

E e

F f

G g

H h

I i

J j

K k

L l

M m

N n

O o

P p

Q q

R r

S s

T t

U u

V v

X x

Y y

Z z

а

бэ

цэ

дэ

э

эф

гэ

һа

и

йота

ка

эль

эм

эн

о

пэ

ку

эр

эс

тэ

у

вэ

икс

ипсилон

зэта

а

б

ц, к

д

э

ф

г

һ

и

й

к

ль

м

н

о

п

к

р

с, з

т

у

в

кс, гс

и

з

Латын тілі (Linqua Latina) - бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация - сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды. Рим өркениеті 2 мың жыл бұрын пайда болса да, біз ежелгі римдіктердің өмірі туралы көп нақтылы мәліметке иеміз, бірақ бұлардың барлығы тарихи фактілер емес. Ол көбінесе аңыздармен, ертегілермен, риторикалық қиялдармен тығыз байланысты (кейде тіпті әдейі бұрмаланған). Мысал ретінде Тит Ливийдің Со дня основания города атты 142 кітаптан тұратын монументтік шығармасы алынады, кезінде ол замандастар арасында үлкен беделге ие болып кеңінен тарағанын айтуға болады.Археологиялық қазбалар адамдардың Италияда палеолит дәуірінен бастап пайда болғанын нақтылайды. Олар үңгірлерде өмір сүріп, аңшылықпен айналысқан. Шамамен б.з.д. 1800 жылы түбекте солтүстіктен келген жаңа қоныстанушылар пайда болды, олар өздерімен бірге террамаре мәдениетін ала келген (итальянша - қара, майлы жер).Рим құрылғанға дейін Италияға Еуропаның басқа елдерінен түрлі халықтар қоныс аударған. Шамамен алғанда б.з.д. 2000 жылдан бастап орталық Еуропаның қоныстанушылары Альп тауларынан өтіп, көбінесе Италияның солтүстік-батысында тұрақталған (олардың ішінде қазір латындар деп аталатын тайпалар да бар). Кейбір қоныстанушылар, финикийліктер деген атпен таралған тайпалар тобы, Сицилияға, Сардиния мен Корсикаға Солтүстік Африкадан қоныс аударған. Шамамен, б.з.д. 750 жылы Грециядан шыққан қоныс аударушылар оңтүстік Италия мен Сицилияның жағалауында тұрақтала бастаған. Бұлардың осы аудандағы ықпалы басым болғандықтан, римдіктер бұл ауданды Ұлы Греция деп атаған. Негізінен, Италия Апеннин түбегінің оңтүстігінен басталады. Мәдениет тарихында өзінің рельефіне байланысты, орталық Италияның батыс бөлігі, маңызды рөль атқарып кеткен.Мұнда Этрусс (Флоренция орналасқан),Латын (орталығы Рим болған) және Кампан (Капуя мен Неаполь орналасқан) деген үш жазықтық жатыр. Тибр өзенінің сағасында кеме қатынастары үшін ыңғайлы табиғи порттары бар жағалаулар да орналасқан. Түбекте кеме қатынастары бар өзендерге тек Тибр мен По жатады. Италия деп алғашқыда түбектің тек оңтүстік бөлігі аталған (латынша vitalus - бұзау, өйткені мында жақсы жайылымдар болды). Осыдан VITALIA - ITALIA. Кейін бұл атау Апеннин түбегінің барлық территориясына жайылды. Тибр өзенінің жағалауында орналасқан солтүстік-шығыстан Сабин, шығыстан Албан,ал оңтүстік жағынан Вол тауларымен қоршалған Латын жазықтығының орналасуы түбектің тарихында латын тайпасының ерекше рөл атқарып маңызды ықпал етуіне себеп болды. Керісінше, Италияның шығыс бөлігі негізінен жазықтықсыз маңызды рөл атқармайтын таулардан тұрады, мұнда керемет Умбрия бақтары, Ассизи мен Анкон қалалары, олардан оңтүстікке қарай марс, пелигн, марруцин және вестиндердің отаны жабайы Сабель таулары мен Самний қыраты орналасқан. Орталық Италияның шығыс бөлігінде ыңғайлы аймақтар жоқ, ал оңтүстік Италияның жағдайы өзгеше. Оның батыс бөлігінде самнит туыстас таулық тайпалар мекендеген Лукания мен Бруттий таулары орналасқан. Шығыс бөлігінде өзінің Тарент шығанағымен Грециядан шыққан колонистерді қызықтырған, су тапшылығы мәселесі алаңдатып отырған Апулия мен Калабрия жатыр. Көптеген грек отарлары: Тарент, Регий, Кротон, Метапонт, Посидония, Элея және басқалары бұл жақты дамудың әлемдік орбитасына ерте қатыстырды (кейіннен Ұлы Греция деп аталған). Италияға жақын орналасқан аралдардың ішінен мәдениет тарихының дамуына үлкен үлес қосқан - Сицилия. Аралдың шығыс және оңтүстік бөлігін игерген гректерден басқа мұнда Панорм (қазіргі Палермо) мен Лилибей (қазіргі Марсала) қалаларын құрған финикийліктер келген. Қатал климатты, құнарлы Сардиния мен жабайы таулы Корсика аса маңызды болмаған.Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі - Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары - рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары - Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы Анналы эпикалық (Жылнама) поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар - Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.
Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.
Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) - эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын Заттар табиғаты туралы философиялық поэманың авторы.Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) - әр жақты жазушы және шешен. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын алфавитінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы мәлімет
Латын тілінің шығу тарихы туралы
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңыздылығы
Пәндер