Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев



1. Өмір жолы
Шәңгерей — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында - хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік кермей өседі. Жасынан оқып, білім алады. өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищеге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады.
2. Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот (мировой судья) болып жұмыс істейді. Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау жолындағы ой-санасы осы тұста қалыптасқан сияқты. Ол әкімшіл-төрешіл биліктің зорлық, алдау, парашылдық сыр-сипатын көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ салуды ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет істегеннен кейін қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, патша тарапынан дворян атағын алып, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеледі де, еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың Жәнібек жағындағы Көлборсы деген жерді өз меншігі етіп, сол кездегі орыс помещиктері сияқты тұрақ жай тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мектеп, медресе, мешіт салғызып, туыстарының балаларын оқытады. Бау-бақша, алма ағашын ектіріп, егін салады. Асыл тұқымды мал өсіреді.
Шәңгерей ашқан мектепте білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай бала оқытқан, білімді әрі талапты мұғалімнің бірі көрнекті ақын Ғұмар Қараш (1876—1921) еді, Ол Шәңгерейді аға тұтып, жиі араласып тұрады. Шәңгерей оның ой-өрісінің кеңеюіне, орыс әдебиетімен танысуына ерекше ықпал етеді. Ғ.Қараш «Жәңгір ханның немересі, сұлтан Шәңгерей Сейіткерейұлына» деген толғауында:
Алғыр жүйрік сұлтаным,
Ақылын жетіп алысқа
Ілгеріні болжадың.
Болжағанның белгісі,
Атаңнан мұра қалған су —
Көлборсыны меншіктеп,
Жағасынан жер алдын...
Кешегі өткен бабаңыз —
Хан Жәңгірден үлгі алдың,—
деп жырға қосқан. Сонымен қатар Шәңгерейдің ақындығын, тілге шешендігін, сөз асылын қадірлеген көсемдігін, серілігін тамаша суреттеген

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев

Орындаған:_______________________
Тексерген:_______________________

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев
(1847—1920)
1. Өмір жолы
Шәңгерей — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында
қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс
Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында - хан ордасында
дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде Алпыс
бөлме, жүз есік көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі
Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей
ауқатты ортада жетімдік кермей өседі. Жасынан оқып, білім алады. өнерге,
өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша
білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищеге түседі. Одан кейін
Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс
әдебиеті, мәдениетімен танысады.
2. Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот (мировой
судья) болып жұмыс істейді. Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау жолындағы
ой-санасы осы тұста қалыптасқан сияқты. Ол әкімшіл-төрешіл биліктің зорлық,
алдау, парашылдық сыр-сипатын көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ салуды
ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет істегеннен кейін қызметін тастап, өз
еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, патша тарапынан дворян
атағын алып, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеледі де,
еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың Жәнібек жағындағы Көлборсы деген
жерді өз меншігі етіп, сол кездегі орыс помещиктері сияқты тұрақ жай
тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мектеп, медресе, мешіт
салғызып, туыстарының балаларын оқытады. Бау-бақша, алма ағашын ектіріп,
егін салады. Асыл тұқымды мал өсіреді.
Шәңгерей ашқан мектепте білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай бала
оқытқан, білімді әрі талапты мұғалімнің бірі көрнекті ақын Ғұмар Қараш
(1876—1921) еді, Ол Шәңгерейді аға тұтып, жиі араласып тұрады. Шәңгерей
оның ой-өрісінің кеңеюіне, орыс әдебиетімен танысуына ерекше ықпал етеді.
Ғ.Қараш Жәңгір ханның немересі, сұлтан Шәңгерей Сейіткерейұлына деген
толғауында:
Алғыр жүйрік сұлтаным,
Ақылын жетіп алысқа
Ілгеріні болжадың.
Болжағанның белгісі,
Атаңнан мұра қалған су —
Көлборсыны меншіктеп,
Жағасынан жер алдын...
Кешегі өткен бабаңыз —
Хан Жәңгірден үлгі алдың,—
деп жырға қосқан. Сонымен қатар Шәңгерейдің ақындығын, тілге
шешендігін, сөз асылын қадірлеген көсемдігін, серілігін тамаша суреттеген.
Бұл толғауы ақынның 1914 жылы Уфада шыққан Аға тұлпар жинағында
жарияланған.
Осыдан бастап Шәңгерей өз мекенінде оқшау өмір сүріп, аңшылықпен
айналысты, жақсы ат, қыран кұс, құмай тазы ұстаған. Құс салып, ит жүгіртіп,
саятшылық өнерін қызықтаған.
3. Шәңгерейдің ерекше көңіл аударған бір ісі - әдебиет, өнер, ғылым
болады. Ол орыстың классик жазушыларының шығармаларымен танысады.
Лермонтовты, Гогольді сүйіп оқиды. Ән-күйге, сурет өнеріне, сән-салтанатқа
ерекше көңіл қойған ол ақын, әнші, күйші, домбырашы, суретші сияқты
өнерпаздарды өзіне жақын тартып, олардың өнерін тамашалайды. Ол қадір
тұтқан өнер адамдарының бірі — орыс суретшісі Мальцев деген досы. Оған
шеберхана да салып берген. Орыстың Фет, Тютчев сынды ақындарының да
өлеңдерін оқып, әсерленеді. Шәңгерейдің бай кітапханасы болған. Ғылыми
әдебиеттерді, әр түрлі қазақ және орыс тіліндегі газет-журналдарды алдырып
оқыған. XX ғасырдың басында қазақ, татар тілінде басылған ақыңдардың
кітаптарын оқып, қоғамдық, әдеби өмірдің беталысынан үнемі хабардар болып
отырған.
1911—1913 жылдары қазақ зиялыларының ұйымдастыруымен Оралда
Қазақстан газетін шығару мәселесі сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған
қажетті қаржыны толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді.
Шәңгерей прозалық шығармалар жазған деген де дерек бар. Қара мұрт атты
роман, Сұрау-жауап деген көлемді әңгіме жазса керек. Әңгіме жазса керек,
бірақ ол туындылары сақталмаған. Ол 1917 жылы шамасында Көлборсыдағы
қонысын тастап, аталас төре тұқымдары мекендеген Ақбақай деген жерге (Батыс
Қазақстан облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы) көшіп келеді. Қоныс аудару
себебі де мәлімсіз. Бізге белгілісі - өмірінің соңғы кезінде ел ішінде
даулы, талас-тартысты мәселелерге көп ара-ласпай, оқшау өмір сүрген.
Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның біраз
өлендері Шайыр (1910) және Көк-селдір (1912) деген жинақтарда
жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған Ғ. Қараш еді. Кеңес дәуірінде
Қызылорда қаласында ақын өлендерінің жинағы (1933) басылады.
4. Ақындығы
Шәңгерейдің бізге белгілі шығармалары әлеуметтік өмірдің әр түрлі
жақтарын қамтиды. Отаршылдық салдарынан туындап жатқан өзгерістерді көре
білген ақын бұрынғы хандық дәуірдегі өмірді аңсайды. Оның қоғамдық ой-
пікірлер, топшылаулары бірде өмір шындығын айқын көрсетсе, бірде өткенге
алаңдау сарынында келеді. Жер-судың құты кетті, сәні кетті, бәрі адыра
қалды. Бұрынғы асыл адамдар енді жоқ, бұрынғыдай бедер, ерлер енді тумайды
дейді.
Адыра дедім Нарынды,
Құсы ұшып көлінен,
Құты кетіп жерінен,
Саба кұрсақ билерден,
Еңіреген ерлерден,
Айрылып адыра қалғанда..,-

дейді. Ақын өз кезіндегі жаңалықтардың бәрін бірдей қабылдай бермеген.
Қазақ даласындағы ел билеудегі жаңалықтар мен заң, тәртіптер, біртіндеп
еніп жатқан капиталистік қарым-қатынастар, отаршылдық, сауда-саттық,
халықтың жерден қыспаққа ұшырауы сияқты өзгерістер Шәңгерейдің көз алдында
өтіп жатты. Бұрынғы хан ордасындағы ата-баба билігі мен беделі жайлы ұғым-
түсініктер оның ақындығын сол бағытта оқшауырақ калыптастырды. Бұл кезеңде
хан тұқымдарының да еркіндігі шектеле бастаған еді. Ақынның:
Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қараңды үзіп барасын,
Бізден де, қайран дүния...
деуі содан туған. Сондықган да ақын бұрынғы ата-баба дәуірі еркіндік дәуір
еді, ешкімге тәуелді емес едік, дегенді білдіреді. Ағасың ақылың артық
асқармен тең өлеңінде:
Ағасың ақылың артық асқармен тең,
Асылдың арқар ұранды тіреуі - сен.
Ала ту Абылайдың ала аттансаң,
Аламан артындағы біреуі - мен..,
деп, ұлы дүбір шықса қалмас едім, ел тәуелсіздігі үшін аттанған сарбаздың
қатарында мен де Абылайлап аттанар едім дейді. Хан тұқымдары арасында
Абылай ханның ел тәуелсіздігі үшін өткен тарихи еңбегі дәріптеліп, есімі
қастерленді.
Ақынның өмір мен өлім туралы пәлсапалық толғанысынан өмір шындығының
елесі көрінеді. Ол тумақ, өлмекті табиғи құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ойын
өлеңінде лирикалық бейне арқылы жеткізеді. Барлық қауіп-қатерді себеп-
салдарлы түрде көрсетеді. өмірдің өтуі өлеңінде қырдағы құланның аман
жүрмегі жоқ, құдыққа кұлан құласа, кұлағында құрбақа ойнар, суға құлан
шұбырса, жолын тосқан жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол да аман
қалмайды. Бөкен терісін бөрік еткен, сексеуілді күрке еткен мерген жалғыз
оқпен оның да қазасын жеткізеді. Мерген де ажалдан кұтылмайды. Кім болса да
ажал оғынан кұтылмақ емес дейді. өз заманындағы әлеуметтік құрылысқа
жатырқай қараған ақын алдағы болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі қоғамдық
құрылыстың күйреуін белгілі мөлшерде өз басының да трагедиясы деп түсінетін
сияқты.
Бұл дүние пәнилығын етеді екен,
Бір дөурен өтіп, бірі жетеді екен...
өзіне халық аузын қаратқан ер,
Тіріге, өлсе, қадірі кетеді екен...
Бұл сөздерінен де өмірдің өтуі, ескінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәңгерей Бөкеев шығармалары
Жәңгір ханның немересі
Шәңгерей Сейіткерейұлының өмірімен шығармашылығының қалыптасу жолы
Ш. Бөкеев пен Ә. Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны. Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығының философиялық сипаты. М. Сералиннің өмірбаяны. Жаңа әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуы
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)
Шәңгерей Бөкеев
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары туралы
Қазіргі заман газеттеріндегі фото жанрлар
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары
ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм
Пәндер