"Адам" ұғымы, адам мәселесі


1. "Адам" ұғымы, адам мәселесі
2. Қоғам ұғымы
Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.
Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Пән: Адам. Қоғам.
Сынып:
Сабақ:
Күні:
Тақырыбы: Адам және қоғам
Пән Адам және Қоғам
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адам және қоғамның не екені туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
1)жаңа материалды меңгеру;
2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;
3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;
4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
5)аралас;
6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізде ніс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
1. "Адам" ұғымы, адам мәселесі
2. Қоғам ұғымы
Аданың даму сатысы
Өмір сүрген уақыты
Табылған жері
Епті адам
1 млн 750 мың жыл бұрын
Африка Кения жеріндегі Олдувайда
Питекантроп адам
1 млн жыл бұрын
Ява аралы
Синантроп адам
500-200 мың жыл бұрын
Қытайда
Неандерталь адам
100-35 мың жыл бұрын
Германияда
Саналы адам
40-35 мың жыл бұрын
Европада
Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері -- қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.
Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.
"Адам" ұғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен -- жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.
Адам -- Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.
Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары -- көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.
Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол -- әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш -- қоғам ғана.
Қоғам ұғымы. Қоғам дегеніміз - адамдардың жиынтығы, олардың бірігуі (бірлестігі), бір-біріне қарым-қатынасы. Белгілі социолог П.Сорокиннің атап көрсеткеніндей, қоғам деген - ол бір адам емес, ең кемінде бір-бірімен байланысты екі адам. Адам - жаңа қоғамды орнатушы ғана емес, әрі оның иесі, басқарушысы. Қоғамның заң-тәртібін, міндет-мақсат, бағыт-бағдарын оның өзі белгілейді. Белгілейді де, олардың орындалуын бақылайды, жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қоғамды зор да күрделі машина десек, әр адам сол машинаның бір-бір тетігі. Оның әрқайсысы өз орнында отырып, өз міндетін атқаруы арқылы әлгі машина - қоғамды қозғалысқа келтіреді, басқарады, оның бей-берекесіздікке айналып кетуіне жол бермейді. К.Маркс "Қоғам дегеніміз - адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі" деп есептеді. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынандай жағдайлар қажет:
1. Адамдар өмір сүруі үшін тұрғылықты жер территориясының ортақтығы. Әдетте ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді.
2. Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы.
3. Өздігінен ұдайы өндіру, өзін-өзі қамтамасыз ету және өзін-өзі басқару.
4. Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы.
Қоғамның анықтамасы: ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен ұдайы өндірілетіндігімен, өзін-өзі реттеуімен, қажетті мәдениет деңгейіне жеткен жетістігімен ерекшеленіп, сипатталатын адамдардың жиынтығы.

Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § Адам және қоғам

Пән: Адам. Қоғам.
Сынып:
Сабақ:
Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адам құқығы, азаматтық, олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен ҚР азаматтығы туралы заңынан азаматтық, азамат құқықтары мен бостандықтары және міндеттері жайлы қағидалардың мазмұнын түсіндіру.
Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.
Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, азаматтық туралы ой тұжырымдау.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?
2. Конституциялық құқық дегеніміз не?
3. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру

Конституциялық құқық нормасының құрылымы
Конституциялық құқық нормасының құрылымы

гипотеза
гипотеза
санкция
санкция
дизпозиция
дизпозиция

Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі
Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі
Құқық субектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі
Құқық субектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі
Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық-құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жғдайларда ғана кездеседі
Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық-құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жғдайларда ғана кездеседі

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығының түсініктері мен қағидаттары.
3. ҚР-ғы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері.
4. Жеке адамның конституциялық міндеттері.
Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы Адам және азамат деген II бөліміндеіргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысының маңызды негіздерінің бірі - адамның мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы саналуында.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының азаматтық туралы Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:
- туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
- басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Философия тарихындағы адам мәселесі
Философиядағы адам мәселесі
Топтағы жеке адам мәселесі
Абай Құнанбаевтың дүниетанымындағы адам мәселесі
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Философиялық сана таным және ондағы адам мәселесі
Адам проблемасы
Адам құқығы
Адам экологиясы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь