Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң



1. Қазақстан Республикасының Шағын және Орта бизнес саласындағы заңнамалары
2. Жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы заң:
2.1 Жалпы тарау саны және атаулары
3. 4.тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекетттік қолдау:
3.1 18.бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгi бағыттары
3.2 19.бап. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
1. Закон КазССР от 11 декабря 1990 г. N 391-XII О свободе хозяйственной деятельности и развитии предпринимательства в Казахской ССР
2. Закон Республики Казахстан «О защите и поддержке частного предпринимательства» от 4 июля 1992г. N 1543-XII
3. Официальный сайт АО «Фонд развития предпринимательства «Даму», www.damu.kz
4. Қазақстан республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қарқынды индустриалдық-инновациялық дамудың 2010-2014 жж арналған Мемлекеттік бағдаралмасы
2010 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №301 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
Жеке кәсіпкерлік туралы заң.

Орындаған: Разуева Д.Т.
Тобы: ПСМ – 411
Тексерген: Есенбекова З.Ж

Семей
2015 жыл
Жоспар:

Кіріспе:
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер
ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: Қазақстан
өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан
халқына Жолдауында: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік
әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы
ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың
өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
жұмысты күшейту қажат,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық
экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі
жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан
шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық
жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар
мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Негізі:
1. Қазақстан Республикасының Шағын және Орта бизнес саласындағы заңнамалары
2. Жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы заң:
2.1 Жалпы тарау саны және атаулары
3. 4-тарау. Жеке кәсіпкерлікті мемлекетттік қолдау:
3.1 18-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгi
бағыттары
3.2 19-бап. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының Шағын және Орта бизнес саласындағы заңнамалары
Тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекет шағын және орта бизнесті
қолдау бойынша іс шараларды мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылдау
және жүзеге асыру арқылы біртіндеп іске асырып жатыр, олардың мақсаты болып
ұсақ жеке кәсіпкерлікті жандандыру табылады.
Еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құқықтық, экономикалық
және әлеуметтік негіздерді белгілейтін алғашқы заңнама актілерінің бірі
болып Қазақ ССР-нда шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту
туралы 1990 жылдың 11 желтоқсанында қабылданған Қазақ ССР Заңы табылады.
Заңға сәйкес кәсіпкерлік Қазақ ССР-нда және қолданыстағы заңнама,
шаруашылық және өзге қызмет шеңберінде және өз жер және өзге мүліктері
есебінен болатын қаражат және барлық қатысушылар үшін өзара пайдалы нәтиже
мен табысқа қол жеткізу үшін бастамашы ретінде белгіленді.
Кейін Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы ҚР Заңы 1992 жылғы
4 шілдеде қабылданды, жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау нысандары мен
әдістерін белгіледі, ол мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметіне қол сұғуынан
бас тартуды, жеке кәсіпкерлердің еркіндігін, коммерциялық құпияны қорғауды,
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жеке кәсіпкерлер құқығын
бұзуға қатысты жауапкершілігін анықтады. Жеке кәсіпкерлік азаматтар мен
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайда көруге бағытталған, азаматтардың
(жеке кәсіпкерлердің) өздерінің меншіктері және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) негізінде жасалған және
азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан әрекет ететін
және мүліктік жауапкершілік алатын бастамашы қызметі ретінде анықталды.
Бұдан кейін Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлікті дамыту және
қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Ресеубликасы
Президентінің 1992 жылғы 5 мамырдағы Қаулысы, 1994 жылғы 10 маусымда
Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 1994-1996
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулысы қабылданды.
Келесі қадам Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандыруды
үдету бойынша шаралар туралы ҚР Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы
№3398 Жарлығын орындау үшін Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құрылуы
табылады, оның мақсаты ҚР-да шағын кәсіпкерлік субъектелерінің қалыптасуын
және экономикалық өсімін ынталандыру табылады, шағын бизнесті қолдауға
бағытталған мемлекет қаражатын тиімді пайдалану табылады. Кейін 2007 жылдың
соңында Қор мәртебесі Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ болып
өзгертілді, бұның салдарынан қолданыстағы шағын және орта бизнесті қолдау
бойынша өкілеттіктер кеңейтілді; Қаржы институтынан Қор мемлекет бөлетін
қаржы активтерін басқару операторына айналды.
1997 жылғы 19 маусымда Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР № 135-1 Заңы және
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы №131-1 Заңы қабылданды, ол
жеке кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлғаларды қалыптастырмаймын,
жұмысшылар саны 50 аспайтын, активтердің жалпы құны айлық есептік
көрсеткіштен алпыс еседен аспайтын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар
табылады деп көрсетілді.
1999 жылы Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және
қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдаралмасы туралы ҚР
Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы №4189 Жарлығы күшіне енді, оның
мақсаты болып шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету,
экономиканың басым салаларында шағын бизнес үлесін арттыру, жаңа жұмыс
орындарын құру, нақты бәсекеге қабілетті орта құру, меншік иелерінің
бұқаралық жігін қалыптастыру табылды. 2001 жылы Қазақстан Республикасында
шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдаралмасы туралы ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы
№597 Жарлығы күшіне енді. Оның басты мақсаты болып шағын кәсіпкерлік
саласында өнімділіктің динамикалық дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік
қолдау саясатын жетілдіру табылды.
2005 жылы Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылық
жолында деп аталатын 2005 жылғы 18 ақпандағы ҚР Президентінің Жолдауына
сәйкес ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен Қазақстан
Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 2005-2007 жылдарға
арналған жылдам шаралар бағдаралмасы қабылданды. Жылдамдатылған шаралар
бағдаралмасы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіруді,
өмір сүруге қабілетті инфрақұрылым жүйелерін құруды, шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау элементі ретінде Даму Қорының рөлін арттыруды, шағын
кәсіпкерлік секторын несиелеу көлемін арттыруды пайымдады.
2006 жылғы 31 қаңтарда Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан
Республикасының №124-III заңы қабылданды. Өз мазмұны бойынша аталған Заң
бұған дейінгілерге қарағанда жеке тұлғалармен және мемлекеттік емес заңды
тұлғалар арасындағы қатынастарды реттеуде біршама тиімді деп танылды, ол
Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз етуде
негізгі құқықтық және әлеуметтік шарттарды анықтайды.
Алайда жоғарыда аталғанды түйіндей келе шағын және орта бизнесті
біртіндеп қолдауға қарамастан бірқатар себептердің әсерінен (заңнаманың
жетілмеуі, қолдау инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымауы)
қабылданатын шаралар нәтижелері күтілетін көрсеткіш бермеді.
2010 жылдың 1 ақпанында мемлекет басшысы өзінің Жарлығымен ҚР 2020
жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарын бекітті. Енді шағын
кәсіпкерлікке, елдің барлық бизнес-қауымдастығы секілді, Қазақстанның
дағдарыстан кейінгі дамуына дайындықта маңызды рөл беріледі. Осыған
байланысты мемлекет отандық кәсіпкерлер үшін де, сонымен қатар халықаралық
инвесторлар үшін де бизнес жүргізу құнының төмендеуіне бағытталған белсенді
шараларға бастама жасайды. Әкімшілік рәсімдердің оңтайлы шеңберлерін
белгілей және оларды жүзеге асыруда айқындылықты жоғарылата отырып,
мемлекет бюрократияның және сыбайлас жемқорлықтың Қазақстандағы іскери
климаттың маңызды аспектілеріне ықпалын төмендетуге ұмтылады.
Бұған дейінгі стратегиялық жоспарға қарағанда, аталған құжат ашық
жуылған шараларға емес, нақты нәтижелерге, әрі белгілі бір уақытта қол
жеткізетін нәтижелерге бағытталған. Мысалы, 2011 жылға қарай билік бизнесті
тіркеу және жүргізу үрдісінде орын алатын операциялық шығыстар деңгейін
қысқартуды, оның ішінде 2008 жылмен салыстырғанда шығындар мен уақытты 30%-
ға төмендетуді көздеп отыр. Ал 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ұқсас
төмендету жүзеге асырылады. Сәйкес шараларды жүзеге асырдың басты
түпкілікті нәтижесі болып 2020 жылға қарай елдің ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 7–10%-
ға жеткізу табылады.
Бұл, атап айтқанда бизнестегі әкімшілік кедергілерді біртіңдеп жою және
әскери ортаны жақсарту, отандық бизнес тарапынан оған деген сенімді
арттыруға арналған құқыққорғау жүйесінің реформасы, жаңа бизнес-
бастамаларды ынталандыру, қолданыстағы кәсіпорындарды сауықтыру және
мемлекет бөлген қаражатқа мониторинг жүргізу – аталған бағыттағы алдын ала
қадамдар болып табылады.
Ел дамуының 10 жылдық стратегиясын жүзеге асырудың бірінші 5-жылдық
индустриалдық жоспары болып Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген Қарқынды индустриалдық-
инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
болды, оның мақсаты болып әртараптандыру арқылы экономиканың тұрақты және
теңгерімді өсімін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру табылады.
2015 жылға дейінгі кезеңде қарқынды интустриализация саясатының негізгі
басымдылығы болып экономиканың дәстүрлі экспортқа бағытталған секторларында
ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру табылады, ол Қазақстан мазмұнын,
кейін қайта жасау мен өндеуді мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес
үшін жаңа бизнес мүмкіндіктер мультипликациясын жасайды.
Жалпы мемлекеттің экономиканың әртараптануын қолдау макро-, және
секторлық деңгейде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай ақ
экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың іріктелген
шараларын жүзеге асыру арқылы орындалады.
Қазақстанның бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде 2014 жылға қарай
келесі нәтижелерге қол жеткізіледі: ЖІӨ өсімі – 2008 жылғы деңгейде 50%,
өндеу өндірісінде еңбек өнімділігін кем дегенде 1,5 есеге арттыру, шикізат
емес экспортының үлесін 40%-ға дейін арттыру, ЖІӨ энергиясыйымдылығын 10%
төмендету, сондай-ақ қолданыстағылардың саны ішінде инновациялық
кәсіпорындар үлесін 10% арттыру.
Бағдарламаны негізінен аймақтар жүзеге асырады, сондықтан барлық
деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысы мына көрсеткіштер
негізінде бағаланады:
- еңбек өнімділігі;
- тартылған тікелей инвестиция көлемі;
- шикізат емес экспортын арттыру;
- инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі;
- жаңа жоғарыөнімді жұмыс орындарының саны.
ҮИИДМБ шеңберінде Қазақстан индустриализациясының республикалық және
аумақтық карталары жасалды. Қазақстан индустриализациясы картасының
кәсіпорындарының төрттен бірі агрөнеркәсіпптік кешенге және ауыл
шаруашылығына келеді. Жалпы индустриализация картасына 237 республикалық
және өңірлік маңыздағы жоба енді, жалпы сомасы 7,26 трлн. теңге. Бірінші
жартыжылдықта 72 инвестициялық жоба іске қосылды.
Бағдарлманы жүзеге асырудың маңызды құралы болып өндірістік қуаттарды
орналдастыру табылады, оларға келесілер енеді:
- отын-энергетика ресурстарының болжамдық теңгерімдері (электроэнергия,
мұнай, газ,көмір);
- минералды-шикізаттық база (рудалар, жергілікті құрылыс материалдары),
су және жергілікті ресурстар дамуының болжамдық теңгерімі;
- еңбек ресурстарының болжамды теңгерімі;
- құбыр, теміржол, автожол, теңіз және әуе көлік инфрақұрылымы;
- ӘЭМ дамудың ұзақ мерзімді жоспары, индустриалдық аймақтар.
Схема бизнес пен мемлекетке басты, сервистік және қолдау өндірістерін
орналастыру бойынша келісілген шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Бизнестің жол картасы
2020 бағдарламасын іске асыру басталды, оның мақсаты – экономиканың
шикізаттық емес сектордағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді
өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар қазіргі уақытта бар және жаңа тұрақты
жұмыс орындарын жасау.
Бағдарламаны іске асыру аясындағы тапсырмаларды шешу үш бағыт бойынша
жүзеге асырылады: жаңа іскерлік-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды
сауықтыру, экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау.
Бірінші бағыт аясындағы мемлекеттік қолдау жобаларды іске асыру үшін
банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы;
жобаларды іске асыруға бағытталған бантердің несиелері бойынша ішінара
кепілдеме беру арқылы; өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
істі жүргізуде сервистік қолдау арқылы іске асырылады.
Экономиканың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарын сауықтыру
борышкердің орын алған банк несиелері бойынша (мақұлдау кезіндегі) және
мақұлдаудан кейін пайда болатын бір несиелік сызық аясындағы жаңа қарызға
пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, борышкерге бюджетке (төлемнің қайнар-
көзінде ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) салықтық борышын өтеу бойынша
Салық кодексінде көзделген тәртіпте қарастырылған өсімақыны есептеусіз
мұрсат беру мәселесін қарастыру; Қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары
аясындағы кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, соның ішінде Қазақстан қор
биржасында орналасқан облигациялар бойынша ішкі несие берушілер алдындағы
борыштары бойынша басқа іс-шаралар сияқты қолдаудың түрлерін көздейді.
Өнімдерді сыртқы нарыққа экспорттаушы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау
орын алған банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау арқылы
іске асады.
2010 жыл Бағдарламаны іске асыруда алғашқы болғандықтан, Біртұтас
Үйлестіру Кеңесінің (әрі қарай - БҮК) отырыстарында, өңірлерде, орындарда
өткен кеңестерде оның орындалу барысы талқыланды және бизнес-қоғамның,
жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде, оны іске асырудың
шарттарын, критерийлерін және тетіктерін жетілдіру бойынша өзгерістер
енгізілді.
БҮК шешімдерін ескеру арқылы Бағдарламаға оның барлық бағыттары бойынша
валюталық несиелерді субсидиялау мүмкіндігі енгізілген; жоба бағасының 30%-
ына дейінгі айналымдағы қаржыны толықтыруға бағытталған несиелерді
субсидиялау мүмкіндігі; кәсіпкерлік қызмет аффиляцияланған тұлғалар тобымен
жүзеге асырылған жағдайда экспорты аффиляцияланған тұлғамен бірлесіп жүзеге
асатын өнімді өндіретін кәсіпорындарды субсидиялау мүмкіндігі берілген.
Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша негізгі сандық және
сапалық нәтижелері ретінде – ЖІӨ құрылымындағы өндеуші өнеркәсібі үлесінің
12,5%-ға дейін ұлғаюы; үшінші бағыт бойынша – шикізаттық емес экспорт
үлесінің экспорттың жалпы көлемінің 40%-на дейін өсуі және шикізаттық емес
экспорттың көлемінің өндеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісінің 43%-ына дейін
өсуі болады деп жоспарланған. [5]
Жеке кәсіпкерлік туралы заң. Осы Заң жеке және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруына байланысты туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке
кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық
және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субьектілері және олардың жұмыс істеу жағдайлары
3-тарау. Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау
саласындағы қызметі
4-тарау Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
5-тарау. Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктерін құру және олардың
нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасауға қатысуы
6-тарау. Жеке кәсіпкерлік субьектілерін тіркеу және тарату
7-тарау. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi және түрлерi
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, дамыту
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы ақпарат
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту туралы ақпарат
Пәндер