Қорытпалар күйі диаграммасы. Темір көміртекті қорытпалардың фазалары мен компоненттері. Темір – цементит жүйесі күй диаграммасы



КІРІСПЕ 3
1 Қорытпалар күйі диаграммасы туралы түсінік 4
2 Темір көміртекті күй диаграммасы 8
3 Темір . цементит күй диаграммасын фазалық анализдеу 10
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 14
Қарастырып отырған жүйедегі кез келген қорытпа күйін оның концентрациясы мен температураға байланысты графикалық бейнелеу күй диаграммасы деп аталады. Күй диаграммасы тепе – тең, орнықты күйлерді, яғни белгілі жағдай кезінде қайсысы ең кіші ішкі энергияға ие болатынын көрсетеді. Күй диаграммасының теориялық және практикалық маңызы өте үлкен.
Темір көміртек күй диаграммасы – темір көміртекті қорытпалардың болат пен шойын құрылымы бойынша тура негізгі түсінік береді. Темір көміртек диаграммасының негізін қалаған 1968 ж. Д.К. Чернов болып табылады. Чернов ең бірінші болып болатта критикалық нүктелердің барын және көміртегі мөлшері бойынша олардан орналасуының тәуелділігін көрсетті. Темір көміртек диаграммасы темірден көміртекке дейін таралуы тиіс. Темір көміртекпен химиялық қосылыс түзеді – Fe3C.
Темір көміртекті қорытпалардың компонеттері мен фазалары. Темір көміртекті қорытпалардың компонеттері, көміртегі және цементит болып табылады.
1 Технология металлов и материаловедение. Кнорозов Б.В., Усова Л.Ф., Третьяков А.В. и 124 беттер.др. М.: Металлургия, 1987. 800 б.
2 Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение: Учебник для ВУЗов. – М.: Машиностроение, 1990. – 528с.
3 Омаров А.К. Металдармен конструкциялық материалдар технологиясы – Алматы: Мектеп, 1972. – 307 б.
4 Сыздықов О. , Оразбаев Б. , Нысанбаев Ғ. Конструкциялық материалдар технологиясы. Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1993. – 290 б.
5 http://freeref.ru/wievjob.php?id=265724
6 http://1referat.kz/fizika-ximiya/kuj-diagrammalary-turaly-ugym.html

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Химия кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Қорытпалар күйі диаграммасы. Темір көміртекті қорытпалардың фазалары мен компоненттері. Темір - цементит жүйесі күй диаграммасы.

Орындаған: Абекова Т.Б.
ХН - 221
Тексерген: Тлеуғали Е.Т.

Семей 2015 жыл
Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1 Қорытпалар күйі диаграммасы туралы түсінік4
2 Темір көміртекті күй диаграммасы8
3 Темір - цементит күй диаграммасын фазалық анализдеу10
ҚОРЫТЫНДЫ13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР14

КІРІСПЕ
Қарастырып отырған жүйедегі кез келген қорытпа күйін оның концентрациясы мен температураға байланысты графикалық бейнелеу күй диаграммасы деп аталады. Күй диаграммасы тепе - тең, орнықты күйлерді, яғни белгілі жағдай кезінде қайсысы ең кіші ішкі энергияға ие болатынын көрсетеді. Күй диаграммасының теориялық және практикалық маңызы өте үлкен.
Темір көміртек күй диаграммасы - темір көміртекті қорытпалардың болат пен шойын құрылымы бойынша тура негізгі түсінік береді. Темір көміртек диаграммасының негізін қалаған 1968 ж. Д.К. Чернов болып табылады. Чернов ең бірінші болып болатта критикалық нүктелердің барын және көміртегі мөлшері бойынша олардан орналасуының тәуелділігін көрсетті. Темір көміртек диаграммасы темірден көміртекке дейін таралуы тиіс. Темір көміртекпен химиялық қосылыс түзеді - Fe3C.
Темір көміртекті қорытпалардың компонеттері мен фазалары. Темір көміртекті қорытпалардың компонеттері, көміртегі және цементит болып табылады.

3
1 Қорытпалар күйі диаграммасы туралы түсінік
Қарастырып отырған жүйедегі кез келген қорытпа күйін оның концентрациясы мен температураға байланысты графикалық бейнелеу күй диаграммасы деп аталады. Күй диаграммасы тепе - тең, орнықты күйлерді, яғни белгілі жағдай кезінде қайсысы ең кіші ішкі энергияға ие болатынын көрсетеді. Күй диаграммасының теориялық және практикалық маңызы өте үлкен.

1 - сурет. Құраушылары сұйық және қатты күйінде бірі екіншісінде шексіз еритін күй диаграммасының тұрғызуы: а - салқындату қисықтары; б - күй диаграммасы.

Кез келген қорытпаны зерттеу алдымен жүйенің күй диаграммасын құру мен зерттеуден басталады, өйткені күй диаграммасы қорытпаның структуралық және фазалық құраушыларын зерттеуге мүмкіндік береді.
Диаграмманы пайдаланып термиялық өңдеуді жүргізу мүмкіндігі мен оның режимдерін және қорытпалардың құйылу температурасы мен ыстық пластикалық деформациялану температураларын белгілеуге болады.
Диаграмманы тұрғызу эксперименттік тәсілмен іске асырылады. Ол үшін көбінесе термиялық анализді пайдаланады. Жүйеден компоненттерінің массасы әртүрлі қатынастағы бірнеше қорытпалар таңдап алынады.
4
Қорытпаларды отқатөзімді тигельдерге салып, пеште қыздырады. Балқығаннан кейін тигельдерді қорытпамен бірге ақырын салқындатып, салқындау жылдамдығын белгілеп отырады. Алынған мәліметтер бойынша уақыт - температура координатасына салқындау қисықтарын тұрғызады.
Эксперимент нәтижесінде бірнеше салқындау қисықтарын алады, онда фазалық түрлену температураларында қисықтың майысу нүктелері мен температура аялдамалары байқалады.
Фазалық түрленулерге сәйкес келетін температуралар аумалы нүктелер деп аталады.
Қорытпалар кристалдануы басталатын температуралар ликвидус, аяқталатын температуралар солидус нүктелері деп аталады.
Алынған аумалы нүктелерді компоненттер концентрациясы - температура координатасына көшіріп, қарастырып отырған жүйенің күй диаграммасын тұрғызады.
Кез келген жүйеде тепе-теңдікте болатын фазалар саны ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты болады. Жүйеде өтетін өзгерістердің барлық заңдылықтары фазалар ережесі немесе Гиббс заңы деп аталатын тепе теңдіктің жалпы заңына бағынады.
Фазалар ережесі. Күй диаграммасы мен қорытпалардың салқындату қисықтары Гиббс заңы немесе фазалар ережесі бойынша тексеріледі:
С = К - Ф + 1
мұндағы: С - жүйе еркіндік дәрежесінің саны;
К - жүйе құраушыларының саны;
Ф - тепе-теңдік жағдайдағы фазалар саны;
1 - сыртқы факторлар саны.
Еркіндік дәрежесі саны немесе жүйе варианттылығы деп тепе-тең жағдайдағы фазалар санын өзгертпей, күйін өзгерте алатын ішкі және сыртқы факторлар санын айтады.
Күй диаграммасының бірінші түріне құраушылары сұйық күйінде бірі екіншісінде шексіз еріп, қатайғанда механикалық қоспа түзетін қорытпалар
5
жатады. Бұл күй диаграммасы бойынша Pb - Sb, Al - Si, Pb - Ag жүйелері кристалданады.

Күй диаграммасының екінші түріне құраушылары сұйық және қатты күйінде бірі екіншісінде шексіз еріп, қатты ерітінді түзетін қорытпалар жатады. Бұл күй диаграммасы бойынша Cu - Ni, Co - Ni, Fe - Ni, Fe - Cr, Co - Cr жүйелері кристалданады.
III типті диаграмма бойынша Fe - Fe3C, Sn - Bi жүйелері кристалданады. Бұл күй диаграммасын құрайтын қорытпалардың құраушылары сұйық күйінде бірі екіншісінде шексіз ериді, ал қатты күйде белгілі шекке дейін ериді.

6
IV типті күй диаграммасы бойынша құраушылар сұйық күйде бірі екіншісінде толық еріп, қатты күйде тұрақты химиялық қосылыс түзеді. Ni - Al, Ag - Si т.б. жүйелер IV типті күй диаграммасы бойынша кристалданады.
Академик Н. С. Курнаков алғаш рет күй диаграммаларының типтері мен қорытпалар қасиеттерінің арасындағы байланысты ашты. Ол қорытпалардың қаттылығы, электрөткізгіштігі және диаграмма типі арасындағы тәуелділікті қарастырды.

Механикалық қоспа түзетін қорытпалардың қаттылығы мен электр өткізгіштігі түзу сызық бойынша өзгереді. Мұндай жағдайда таза компоненттеріне қарағанда қаттылығы мен электр өткізгіштік қасиеттері жоғары қорытпа алу мүмкін емес. Бұл қорытпалар тез балқиды, сұйық аққыштық қасиеті жақсы және эвтектикалық құрамы болады.
Шексіз қатты ерітінді түзілген жағдайда қорытпалардың қасиеттері диаграммаға сәйкес өзгереді. Таза металға аздап екінші компонентті қосқанда қорытпаның қаттылығы айтарлықтай жоғарылап, электр өткізгіштігі кемиді. Сондықтан өткізгіштерді таза металдардан жасап, ал электр кедергісі жоғары қорытпалар алу үшін қатты күйінде бір-бірінде шексіз мөлшерде еритін металдар пайдаланылады. Сонымен бірге олардың қорытпадағы мөлшері бірдей болуы керек (мысалы мыс пен никель).
Компоненттері ерігіштігі шектеулі қатты ерітінділер түзетін
7

қорытпалардың қорытпа құрамы - қорытпа қасиеттері диаграммасы жоғарыда қарастырылған екі диаграмма тәрізді болады.
Химиялық қосылыс түзетін қорытпалардың қасиеттері секіріспен өзгереді. Белгілі бір қасиеттері бар жаңа қорытпалар алу үшін қорытпа құрамы - қорытпа қасиеттері диаграммасының практикалық маңызы зор.

2 Темір көміртекті күй диаграммасы
Темір көміртек күй диаграммасы - темір көміртекті қорытпалардың болат пен шойын құрылымы бойынша тура негізгі түсінік береді. Темір көміртек диаграммасының негізін қалаған 1968 ж. Д.К. Чернов болып табылады. Чернов ең бірінші болып болатта критикалық нүктелердің барын және көміртегі мөлшері бойынша олардан орналасуының тәуелділігін көрсетті. Темір көміртек диаграммасы темірден көміртекке дейін таралуы тиіс. Темір көміртекпен химиялық қосылыс түзеді - Fe3C. Әр тұрақты химиялық қосылысты компонент түрінде, ал диаграмманы бөлімдермен қарастыруға болады. Практика жүзінде көміртегі мөлшер 5% дейінгі металдың қорытпалар қолданылғандықтан, құрамында 6,67% көміртегі бар цементитті күй диаграммасын қарастырамыз.
Темір көміртекті қорытпалардың компонеттері мен фазалары. Темір көміртекті қорытпалардың компонеттері, көміртегі және цементит болып табылады.
Темір - өтпелі, ашық, күміс түсті металл. Жоғарғы балқу температурасына ие - 1539°С +- 5°С. Қатты күйде темір екі модификацияға ие бола алады. Полиморфты түрленулер 911°С және 1392°С температураларында өтеді. 911°С төмен көлемдік центрленген кубтық торы
КЦК(ОЦК) Fe α орналасқан. 911°С және 1392°С температуралар араларында қырлық центрленген кубтық ҚЦК(ГЦГ) торлы Fe γ тұрақты болып келеді. 1392°С температурадан жоғары темір көлемдік центрленген кубтық торға ие және Feδ деп аталатын немесе жоғары температуралы Feα. 768°С ден төмен
8
температурада темір ферромагнитті, ал жоғары температурада парамагнитті. 768°С температурада темірдің Кюри нүктесі G деп белгіленеді. Техникалық таза темір жоғары емес қаттылық (80 НВ) пен беріктікке (беріктік шегі - 38, аққыштық шегі σт = 20 МПа ) және жоғары пластикалық қасиетке ие. Темір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темір көміртекті қорытпалардың фазалары мен компоненттері туралы ақпарат
Темір-цементит жүйесі күй диаграммасы. Қорытпалар күйі диаграммасы.Темір көміртекті қорытпалардың фазалары мен компоненттері
Темір-цементит жүйесі күй диаграммасы
Материалтану туралы
Көміртекті аспапты болаттар
Қорытпалардың күй диагрммасы
Аустенит цементит феррит
Аустенитті - ферритті болаттар
Металдардың электрондық теориясы
Мышьяк негізіндегі оңтайлы қасиеттерді қамтамасыз ететін легірлеуші кешендерді таңдау
Пәндер