Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани маңызы туралы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани маңызы.

Орындаған: Нұрмұханбет Ә.

Топ: ИЯ - 311

Тексерген: Санкайбаева П. С.

Семей қаласы - 2015 жыл

Батырлық жырлар, батырлар жыры- ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді.

Қазақ ауыз әдебиетiндегi тарихи аңыздар, әңгiмелер, өлеңдер мен жырлар өткен ғасырда-ақ жинаушылар мен зерттеушiлердiң назарын аударған. Қазақстан даласына әр түрлi себептермен келген Европашылар, миссионерлерi, белгiлi ориенталист-ғалымдары қазақ елiнiң тарихы мен этнографиясын бiлiп, зерттеу барысында халық ауыз әдебиетi үлгiлерiн, оның сан-салалы түрлерi: аңыздар, әңгiмелер, ертегi, шежiрелер, сондай-ақ батырлық және ғашықтық жырлар, лирикалық және тарихи өлеңдер нұсқаларын хатқа түсiрiп жазып алып отырған.

Белгілі ғалымдарымыз жазып алған шығармаларын жарыққа шығарып, iздену жұмыстарына пайдаланып, тiптi арнайы түрде зерттеген де. Солардың iшiнде В. Радлов, И. Березин, Г. Потанин сияқты ғылымға қалтқысыз қызмет етiп, қазақ фольклорын зерттеуге көп еңбек сiңiрген қайраткерлердi бiрiншi кезекте атаған жөн.

Халқымыздың ұлы перзентi Шоқан Уәлихановтың еңбегiн айрықша атау қажет. Оның қазақ ауыз әдебиеті туралы толғаған ой-тұжырымдарын былай қойғанда, фольклорлық тарихи шығармаларды жинап, олар туралы маңызды-маңызды пiкiрлер айтып, зерттеулер қалдырғанын еске алсақ та жеткілікті.

Мәселен, Ұлы жүз қазақтарының аңыздары мен әңгiмелерi атты еңбегiнде қазақ ауыз әдебиетiнде тарихи элементтiң ерекше орын алатынын айтады. Сондықтан да шежiренi аңыз-деп фольклорлық тарихи шындық ретiнде қарайды. Демек, Шоқан қазақ фольклорында тарихи аңыз бен әңгiмелердiң бар екенiн бiрiншi болып байқаған зерттеушi. Шоқан бiрталай еңбектерiнде өзi жазып алған эпикалық тарихи жырлық нұсқаларына ғылыми талдау беруге тырысқан. Ол қазақ фольклорында тарихи жырдың жеке жанр екенiн атай отырып, олардың бiразын iрiктеп, мысал келтiредi:

«Другой джир называется Урак-батыр. В нем повествуются похождения Урак-батыра, родом караульца, который, отправившись в пабег на Россию, был взят русскими в плен и содержался в тюрьме 10 лет, потом женился в России, прижил детей, но соскучился по родному аулу, опять уехал в степь и там остался . . . »-деп жазады.

Шоқанның «другой джир» деп отырғаны батырлық жырдан басқа дегенi, яғни ол тарихи жырды айтып отыр. Тiптi ол «тарихи жыр» («исторический джир») терминiн де қолданған.

Демек, Шоқан тарихи жырды батырлық эпостан өзгеше, өзіндік ерекшелiктерi бар жанр деп бiлген.

Ол ерекшелiктердiң бастысы - өмiрде болған оқиғалар негiзiнде шығатындығы, яғни эпосқа қарағанда тарихқа жақындығы. Мiне, осыны ескерген ғалым тарихи жырды арнайы түрде зерттеуге тырысқан. Тарихи жырға арналған еңбектерiнде Ш. Уәлиханов өмiрде деп айтсақ. ХVIII ғасырда болған қоғамдық мәнi бар оқиғалар мен оларға белсене қатысып, айтарлықтай ролі атқарған қайраткерлер мен батырлар жайлы тарихи фольклорды түгел қамтып, олардың шындық негiздерiн қарастырған.

Қазақ ауыз әдебиетiнiң барлық жанрын, оның iшiнде тарихи жыр үлгiлерiн де жинап, жарыққа шығару iсiнде аса көп еңбек сiңiрген ғалымның бiрi - академик В. В. Радлов. Ол өзiнiң атақты 10 томдық, жинағының.

3-томына қазақтың бiрнеше тарихи жырын енгiзген. В. Радлов тарихи жырды жеке жанр ретiнде бөлмеген. Сондықтан ол батырлық жырды да, тарихи жырды да «Қазақтың бұрынғы батырлары туралы сөз» деп атаған. Ал жекелеген кейбiр тарихи жырды қысқа қиссалар тобына жатқызады.

Әрине, ХIХ ғасырдың 70-жылдарындағы фольклористиканың жағдайында қазақ ауыз әдебиетiнiң барлық жанрын дұрыс салалап зерттеу мүмкін емес едi. Оның үстiне В. В. Радлов қазақ поэзиясын жетiк бiлмедi және оның ішкі ерекшелiктерi мен -өзіне тән белгілерін аңғара алмады. Сол себептi ол «батырлар жыры», «ғашықтық жыр», «тарихи жыр» деп дәлдеп бере алмады, бiр жанр деп есептедi.

Тарихи жыр нұсқалары Г. Н. Потанин архивтерiнде де бар. Ол жазып алған «Қабанбай» жырының үзiндiсi 1972 жылы шыққан «Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина» атты жинақта жарық көрдi.

Ал Томск архивiндегi материалдарда Г. Н. Потанин ХV ғасырда өмiр сүрген Бөгенбай, Жанбай, Боран-Бердiқожа батырларды атап, олар туралы да өлең-жырлар бар екенiн айтады. Эпос пен проза жанрын көп зерттеген Потанин кейбiр салыстырмалы еңбектерiнде Шыңғыс хан, Ер-Көкше жайындағы аңыздарды пайдаланады. Бiрақ, тарихи өлең немесе жырды бөлiп қарастырмаған және оларды дербес жанр ден санамаған.

Тарихи адамдар мен оқиғаларға байланысты әңгiмелер, аңыздар, прозамен берiлген жыр мазмұндары революциядан бұрын «Дала уалаяты» газетiнде де анда-санда жарияланып тұрған. Бұл ретiнде әйгiлi «Еңлiк - Кебек» пен «Қалқаман - Мамыр» туралы әңгiмелердi атауға болады. Газетте бұлар проза түрiнде берiлген, көркемдiгi нашар, бiрақ оқиға мен сюжетке айрықша назар аударылған.

Қолда бар деректерге қарағанда, тарихи жырлар мен әңгiме, аңыздарды Ә. Диваев та жинаған. 1920 жылы Ә. Диваевтың қатысуымен болған Жетiсу экспедициясы материалдарының есебiнде «Шыңғыс хан туралы аңыз» («Предание о Чингиз-хане»), «Қалдан хан мен Абылай» («Алдан-хан и Аблай»), «Ақсақ құлан - Жошы-хан» («Аксак кулан и

Джучи-хан»), «Кенен ақынның туралы өлеңi (Кенена-акына события 1916 года сияқты атауларды кездестiремiз.

Алайда, Диваев тарихи жырды арнайы жинамаған және зерттемеген. Рас, кейбiр шежiреге, жер аттарына байланысты туралы айтылған пiкiрлерi бар. Бiрақ олар тарихи фольклор деген жалпы ұғым болмаса, тарихи поэзия (дәл айтқанда, жыр мен өлең) келе бермейдi. Осы жерде айтатын бұл жыр көп елдiң ауыз әдебиетiнде тарихи фольклор деген атау бар. Тiптi орыс фольклористикасы берiге дейiн тарихи ертегi деген жанрды белгілеп келдi.

Ал қазақ фольклорында белгiлi бiр кiсi, ру, жер аттары туралы (өлең мен жырдан басқа) көптеген әңгiме, аңыз, тiптi ертегiлер де көп. Оларды қалай саралау керек, қалай атап, қайда жатқызу керек. Мiне, бұл дәл шешуiн таппаған, ойластыруды қажет ететiн әзiрше, олардың бұл тарихи фольклорлық шығарма деп шартты түрде қолдануға тура келедi.

Тарихи өлең мен тарихи жырды совет заманында зерттеген жұмыстарға шолу жасағанда, оны қазақ совет фольклористикасы тарихынан бөлiп қарауға болмайды. Бұл жанрларды кең түрде жинап жарыққа шығару, ғылыми тұрғыдан зерттеу iс ғылымын тек совет одағы қолға алынды. Бұл тұста бүкiл қазақ совет фольклористикасының негiзiн қалап, қалыптастырып, дамытуда орасан зор ролi бар М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов сынды аса көрнектi жазушыларымыздың еңбегiн айрықша атау керек. Совет өкiметiнiң алғашқы жылдарынан бастап, олар қазақ фольклорын саралап, 3 терминологиялық ұғымды қалыптастыру iсiн де қолға алып, оны орнықты түрде жүзеге асыра бiлдi. Мысалы, тарихи өлең терминiн фольклористикамызға алғаш енгiзiп, жүйелi түрде зерттеген М. О. Әуезов болды. Ол өзiнiң қазақ әдебиетiне арналған алғаш еңбектерiнiң бiр бөлiмiн «Тарихи өлеңдер» деп атаған да, оған Исатай, Махамбет, Бекет батыр туралы жырларды енгiзді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани маңызы
Қазақтың ғашықтық жырлары
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Мифология және қазақ мифтері
Түркі халықтарының алтындай таза мұрасы болған «Қорқыт ата» және оның кітабындағы негізгі тәрбие беретін әңгіме, өлең, мақалдардың мазмұны, оның халықты тәрбиелеудегі орыны
Шоқан Уәлиханов – фольклоршы
Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани жағынан маңызы
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz