Орман шаруашылығының экономикалық тиімділігі



Кіріспе
1.Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану

2. Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселелері

Қортынды
Пайдаланган әдебиеттер тізімі
Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі – орман болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы өттегі мен көмір қышқыл газ балансын қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады Салыстырмалы түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады. Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқынды жапырақтар – 5 кг, ал арша тектестер – 30 кг-нан астам. Орманда ауру тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен салыстырғанда орманда мұндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей. Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.
Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын) болдырмайды. Орман жердің көркі, жаннаң саясы. Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын - жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.
Орман халық шаруашылығына қажетті қүнды материал - ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс-жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан қунды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.
1. Минц А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов. – М.: Мысль, 1972. - С.64-76.
2. Васильев П.В. Экономическая оценка лесных ресурсов // Сб.: Оценка природных ресурсов. – М.: Мысль, 1968. - С. 122-128.
3. Баймырзаев Қ.М., Ғабдолла О.Ж. Баға және табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың өзара байланысы мен айырмашылығы // ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы. – Алматы, 2002. - № 2, - 118-124 бб.
4. Григорьев В. Оценка предприятия: теория и практика. – М.: ИНФРА-М. 1997. - 318 с.
5. Ильев Л.И., Гордиенко Р.Н. Экономическая оценка лесов многоцелевого назначения. – М.: ЦБНТИлесхоз, 1980. - Вып. I. - С. 49-52.
6. О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс). – Алматы: Юрист, 2004. - 288 с.
7. Каргажанов З.К., Баймырзаев К.М., Калиаскарова З.К. Платежи за пользование природными ресурсами. – Алматы, 1997. - С. 28-32.
8. Нестеров П.М., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок: Учебник для вузов. – М.: Закон и право, ЮНИТИ, 1997. - 413 с.
9. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользования. – М.: АспектПресс, 1995. - 188 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Орман шаруашылығының экономикалық тиімділігі

Дайындаған: Сатмұхамбетов Ә.Б.
ЛД-211
Тексерген: доцент Тойкин С.Х

Семей
2015

Жоспар
Кіріспе
1.Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану

2. Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселелері

Қортынды
Пайдаланган әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі - орман болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы өттегі мен көмір қышқыл газ балансын қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады Салыстырмалы түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады. Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқынды жапырақтар - 5 кг, ал арша тектестер - 30 кг-нан астам. Орманда ауру тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен салыстырғанда орманда мұндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей. Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.
Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын) болдырмайды. Орман жердің көркі, жаннаң саясы. Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын - жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.
Орман халық шаруашылығына қажетті қүнды материал - ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс-жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан қунды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.
Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап - 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3-ге жетеді.
Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпш-лігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.

1.Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану

Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.
Орман адамдарды әртүрлі өнімдерімен және қызметтерімен қамтамасыз етеді. Үй тұрғызуға арналған құрылыс материалдары әртүрлі бұйымдарға арналған ағаштар, бәрі орманнан алынады. Қағаз бұйымдары ағаштан жасалады. Ағаштар - көмірқышқыл газын жұтып, өзінен оттегіні бөліп ауаны тазартады да, адамдар үшін қажетті су қорын құруда маңызды рөл атқарады. Күнделікті өмірде де орманның маңызы өте зор.
Орман - қоғамдық өнімнің құрамдас бөлігі бола отырып, адамдар тұрмысын жақсартудағы елдің экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы орны ерекше. Егер адамдар орман ресурстарын бағалап, оның заңдылықтарын терең біліп, ойластырып тиімді пайдаланса, олар сарқылмайтын қасиетке ие болуы мүмкін.
Табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану ағаш шикізатын, қалдықтарды және қосалқы өнімдерді шаруашылықта кеңінен пайдалануды қарастырады.
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі алдында орман шикізат ресурстарын толығымен қолдану, ағаш шикізатын қайта өңдеудің кешенділігін жоғарылату мақсаты қойылған. Себебі, оларды қолданғанда осы саладағы материалдық шығындардың жарты бағасын қалдық шығаратын орман материалдары құрайды.
Барлық дайындалатын ағаштарды толық және тиімді пайдалану мәселесі орман шаруашылық және орман өнеркәсіптік әрекеттердің шегінен шығуда және ол мәселе салааралық, мемлекеттік мәнге ие болып отыр. Бұл мәселе ағаш шикізатын өндіру жоспарын реттеуді, қалдықтарды есептеуді, ағаштардың жоғалмауын, өнеркәсіпте ағаш қалдықтарын қайта қолдануды ағаш шикізатын пайдалы түрде қолдану коэффициентін көтеруді, ағаш өңдеуде және орман дайындау өнеркәсіптерінде ағаштарды бөліп-жарудағы технологиялық тәртіп деңгейін жоғарылатуды қажет етеді.

2. Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселелері

Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе қунды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан ормән қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жүмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.
Екінші мәселе - ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын уқыпты жургізу керек. Бүл жүмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нүқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда құнды ағаштардың сақталуы, құнды ағаштар кесіліп және оның орнын басқа қүндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы керек.
Үшінші мәселе - орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. онда тек қана күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бүл топтағы ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.
Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бүтақтарын, түбірін, қабығын,қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз құндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бүйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жа-санды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.
Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын кешенді пайдалануды қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық қызметтер үшін сақталады.
Орман қоры өздігінен қалпына келетін табиғат ресурсы болса да, оны пайдалану қарқыны артып отыруына байланысты орман қорын өсіруге қорғауға, еңбек жұмсауға тура келеді. Сондықтан орман халық шаруашылық зерзатына айналды. Осыған сәйкес орман шаруашылығына жұмсалған барлық шығындар, еңбектің нәтижесі, тиімділігі есептелуге тиіс. Орман қорын тиімді пайдалану, қорғау экономикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығының экономикалық тиімділігі жайлы ақпарат
Орман шаруашылығының экономикадағы тиімділігі
Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағында дәрі жеміс-жидек өсімдіктерін тиімді пайдалану
Орман шаруашылығының экономикаға тиімділігі
Орман шаруашылығының экономикалық тиімділіктері
Орман және саябақ шаруашылығын басқару
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Орман шаруашылығы жайлы
Пәндер