Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру туралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Реферат

Тақырып: Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру

Орындаған: Мерей Ж

Тексерген: Карипбаева Ш. Т

Семей-2015

Жоспар:

I . Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2 . 1 Мұғалімнің өзін - өзі жетілдіру

2. 2 Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы жаңа тұрпаттағы мұғалімді қалыптастырудың педагогикалық негіздері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Мұғалімнің өзін - өздігінен білім жетілдіру - жеке адамның өзі басқаратын мақсаты танымдық іс- әрекеті; ғылымның, техниканың, мәдениетінің, саяси өмірдің және т. б қандай да бір саласынан жүйелі түрде білім алу. Өздігінен білім жетілдіру - өзін - өзі тәрбиелеу құралдарының бірі. Өздігінен білім жетілдірудің негізгі нысандары сан алуан.

  • Адамның өздігінен білім жетілдірудегі мақсаты- біліктілігін немесе білім деңгейін көтеру. Өздігінен білім жетілдіру дағдыларын қалыптастыруда мектеп маңызды рөл атқарады. Оқушылардың өздігінен білім жетілдіру дағдыларын қалыптастыруға сыныптан және мектептен тыс әр түрлі үйірмелердегі, клубтардағы, дәрісханалардағы сабақтар, тәжірбиелік жұмыстар және т. б себептер болады.

Өздігінен білім жетілдіру - кәсіби кемелдену.

Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан - жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.

Аталған талаптар мұғалімнің шығармашылық іспен айналысуын қажет етеді. Жаңашыл мұғалім - өзін - өзі дамытып отыратын түлға. Олай болса «өзін - өзі дамыту немесе жетілдіру » деген не? Соған тоқталайық :

Өзін - өзі жетілдіру дегеніміз - өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, жетілу процесі болып табылады .

Өздігінен білім алудың мақсаты:

  1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;
  2. Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;
  3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;
  4. Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,
  5. Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс.

Мұғалімнің өзін - өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен қажеттіліктері:

  • Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы. Мысалы ата - аналар жиналысын өткізу, сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;
  • Шығармашылық шабыты;
  • Ғылымның қарқынды өсуі;
  • Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оның дамуы;
  • Бәсекелестік (әріптестер арасындағы бәсекелестік) ;
  • Қоғамдық көзқарас, айналасындағы адамдардың осы ұстаз туралы пікірлері;
  • Материалдық стимул. Аттестаттау комиссиясының пікірі, санаты, өтемақы немесе марапаттаулар;
  • Қызығушылық;

Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін

негізгі бағыттар:

  • Кәсіптік (пәнді оқыту бойынша) ;
  • Психологиялық - педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау) ;
  • Психологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті) ;
  • Әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары) ;
  • Құқықтық;
  • Эстетикалық;
  • Тарихи ;
  • Шет тілдері;
  • Ақпараттық-компьютерлік технологиялар;
  • Қызығушылықтары, хоббиі;

Өзін - өзі дамытудың негізгі түйіні неде? Мұғалім өзін - өзі дамыту барысында ақпаратты әртүрлі білім алу көздерінен алады және алған ақпаратын сабақта немесе өмірде пайдаланады. Осындай ақпарат көздері өзіндік, кәсіби өсуге ықпал ететін білім көздеріне бөлінеді.

Өздігінен білім алу көздері:

  • семинарлар мен конференциялар
  • шебер сынып
  • іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар
  • біліктілікті жетілдіру курсы
  • ашық сабақтарға қатысу
  • экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар
  • әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)
  • интернет.

Мұғалімнің өзін - өзі жетілдіру формалары:

Өзін - өзі дамытудың формаларын екіге бөлуге болады.

Жекеленген және топтық.

Мұғалімнің өзін - өзі дамыту процесінің құрамдас бөліктері:

Мұғалімнің өзін - өзі дамыту барысындағы іс - әрекеттерін алатын болсақ, олар - оқу, үйрену, зерттеу, талдау, бақылау және жазу болып табылады.

Осы іс - әрекеттердің мұғалімнің кәсіби аймағындағы рөлі қандай?

  • Жаңа педагогикалық технологияларды, білім беру тәсілдерін, әдістерін үйреніп, қолдану.
  • Әріптестерінің сабағына қатысу, тәжірбие алмасу.
  • Өзінің педагогикалық шығармашылығына жүйелі түрде өзіндік талдау жасау.
  • Қазіргі кездегі психология - педагогикалық аумағында білімін үнемі жетілдіріп отыру.
  • Еліміздегі саясаттағы, мәдениеттегі, экономикадағы жаңалықтардан хабардар болу.
  • Өзінің жалпы мәдениетін, құқықтық білімін көтеріп отыру керек.

Мұғалімнің өзіндік жетілу процессіне тікелей және жанама түрде құрайтын іс әрекеттерін тізбектейік Белгілі бір телебағдарламаларды қарау;

  • Әдістемелік пәндік басылымдарды оқу;
  • Өзінің пәні бойынша жаңа, озық технологиялар туралы ақпаратты ғаламтордан шолу;
  • Кәсіби пәні бойынша есептер, тест, деңгейлік тапсырмалар орындау;
  • Семинар, конференция, on - line сабақтарға, тренингтерге қатысу;
  • Шет тілдерін үйрену;
  • Білім жетілдіру курстарына бару;
  • Ашық сабақтар өткізу;
  • Мектептегі, ауылдағы немесе еліміздегі әріптестерімен байланысу, интернет арқылы тәжірбие алмасу;

Жоғарыда көрсетілген пункттерге тоқталып, әр мұғалім өзінің білім көтеру жоспарын құра алады.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

Қазақстанда және дүниежүзінің басқа да елдерінде белсенді ендіріліп жатқан үздіксіз білім беру тұжырымдамасы кәсіби біліктілікті немесе кәсіби қайта дайындауды, соның ішінде мұғалімдердің де дайындығының сапасын көтеруді талап етеді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін 73, 3 мың педагогикалық қызметкер біліктілікті көтеру курстарынан өтеді. Бірақ біліктілікті көтеру жолдары әлі де нақтылы анықталмаған. Осыған байланысты респонденттерге біліктілікті көтерудің 5 жолын бағалау ұсынылды.

Мұғалімдер біліктілікті көтерудің ең тиімді жолы білім мен тәжірибені өз бетінше меңгеру деп есептейді, респонденттердің 49, 9 пайызы немесе әрбір екінші мұғалім осы жолды қалайды. Мемлекеттік бағдарлама да өздігінен білім алу мен өзін жетілдіруді педагог қызметінің маңызды бағыты деп қарастырады. Ал мұғалімге таңдау мүмкіншілігін беретін біліктілікті жетілдірудің жолын олардың 47, 5 пайызы қалайды. Ал егер біліктілікті көтерудің тегін баламалы курстары болса, оны мұғалімдердің 43, 6 пайызы таңдауға дайын, егер ақылы курстар қызық және пайдалы болса, мұғалімдердің 17 пайызы оны да таңдауға келіседі.

Ал білім жүйесінде дәстүрлі қалыптасқан бір ғана орталықтағы біліктілік курстарын мұғалімдердің 12, 7 пайызы ғана қолдайды.

Зерттеу мұғалімдерді бірсарын, қызықсыз біліктілікті көтеру курстарының жалықтыратындығын, оларға дәстүрлі емес әртүрлі жолдармен өтетін курстардың тартым екенін байқатты.

Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы жаңа тұрпаттағы мұғалімді қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби қызметке де өз ықпалдарын тигізуде. Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.

Демек, жаңаша білім беру - жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Білім - адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік - бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Мұғалім - бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Бұл мамандықтың құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Оның кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты.

Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруды үйретеді. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы да бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады.

Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары - олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Оның мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыруда алатын орны ерекше. «Біліктілік» деп қандай да бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

  1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
  2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.

  1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі) .
  2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу. )
  1. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )

Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген мұғалім өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Педагогикалық кадрларының жұмысы мен аттестациясы
Мұғалім - мектептің жүрегі
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Оқытудың жаңа технологиялары және Визуал Бейсиктің қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz