Лайды радияциялық өңдеу


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Лайды радияциялық өңдеу.
Орындаған:Смагулова А. Е.
Тексерген: Байтакова А. К.
Семей-2015ж
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімЛайды өңдеуде радиалды тұндырғыштар қолданылуы. Тұнба алаңдары. Лайды өңдеу және пайдалану.
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Белсендi лай - сапасы оның сыртқы түрiмен микроорганизмнiң болуы мен түр құрамдарымен лайлық индексiмен, ерiтiлген оттегiнің санымен сипатталатын биологиялық тазартудың негiзгi факторлары болып табылады. Лайлық индексi лайдың отыру қабiлеттiлiгiн көрсетедi. Бұл белсендi лайдың 1 грамм құрғақ затының жарты сағат iшiнде тұнған миллилитрдегi көлемi. Аэротенкалар үшiн толық тазартуға қажеттi лай индексi 70-100 мл. құрайды.
Биологиялық тазартудың барысы мен бағытын ең дәл сипаттайтын азот топтарының болуы туралы көрсеткiш болып табылады. Тазартылған судағы нитраттың өсуi тазарту процесiнің табысты жүргенiн дәлелдейдi. Төгiндi суды тазарту барысында пайда болған тұнбалар (лай, қалдықтар) залалсызданып, сусызданып жоюға жiберiледi. Тұнбаның ашуы метатенкаларда жүргiзiледi. Оның жұмысының тиiмдiлiгi тиелген және түсiрiлген тұнбаның ылғалдығы мен күлдiгiмен, бөлiнетiн газдың санымен, сұйық лайдың және ашыту газының талдауымен бағаланады. Тұнбаны сусыздандыру лай алаңдарында және әртүрлi типтегi сүзгілеу қондырғыларында жүргiзiледi.
Лай алаңдарын тексеру барысында қабаттың нақты қалыңдығына, қабылдаған жүктемеге, құрғатудың уақыты мен дәрежесiне, механизациялау дәрежесiне және технологиялық режиммен белгiленген тұнбаларды алу мерзiмдiгiне, наулардың шеттерi арқылы тұнбалардың ағылу орындарының болуына, қашыртқы сулардың тазартқыш ғимараттарына қайтарылуына, маңайдағы аумақтың батпақтануына назар аудару керек.
Сүзгiлеу қондырғыларының жұмысын тексеру кезiнде тұнбаның сусыздану дәрежесiне және фильтраттың тазартқыш ғимараттарына түсуiне назар аудару қажет.
... жалғасыЛайды өңдеуде радиалды тұндырғыштар қолданылуы.
Екінші сатылы тұндырғыштар аэротенкпен тазарған су арқылы түсетін белсенді лайды болмаса биологиялық сүзгіштерден түсетін биологиялық үлпекті тоқтату үшін қызмет етеді.
Екінші сатылы тұндырғыштар тік, көлденең және радиалды болады. Өткізу мүмкіншілігі ықшам станцияларда тік, ал үлкен және орташа станцияларда көлденең және радиалды екінші сатылы тұндырғыштар пайдаланылады. Тік екінші сатылы тұндырғыштардың конструкциясы бірінші сатылы тұндырғыштардан айнымайды, бірақ, биіктігі төмендеу болады. Екінші сатылы тұндырғыштарда тұнған белсенді лайдың ылғылдылығы 99, 2 - 99, 5 % болады. Бұл лайдың негізгі бөлігі регенерацияға түсіп қайтадан аэротенкке беріледі - бұл лай рециркуляциялы лай деп аталады. Микроорганизмдердің қызмет ету нәтижесінде белсенді лайдың үздіксіз көбейгендіктен артық белсенді лай пайда болады. Бұны рециркуляциялы лайдан бөліп келесі өңдеу ғимаратына (метантенкке, сусыздандыратын қондырғыға және ауылшаруашылықта пайдалану үшін) жібереді.
Жоғары ылғалды артық белсенді лайдың үлкен массасын метантенкке жіберу тиімсіз болғандықтан, оны қосымша нығыздайды. Бұл ғимарат тұнба нығыздағыш деп аталады. Қазіргі кезде аэрация бекеттерінде тұнба нығыздағыштар міндетті түрде керек.
Белсенді лайдың өсуі тазартылатын судың құрамындағы қалқымалы және еріген заттарға, бірінші сатылы тұндырғыштардың жұмыс істеу тиімділігіне байланысты. Бірінші сатылы тұндырғыштар неғұрлым жақсы істесе, соғұрлым белсенді лайдың артығы аз болады.
![]()
Екінші сатылы радиалды тұндырғыш
1 - лас су әкелу құбыры, 2 - металдан жасалған бағыттаушы цилиндр, 3 - жинау науасы, 4 - тұнба жиғыш, 5 - белсенді тұнбаның кері қайту құбыры, 6 - сарқыту құбыры, 7 - тұнба денгейін өлшейтін датчик, 8 - электр сымының құбыры, 9 - тастау камерасы, 10 - лас су әкету құбыры.
Тұнба алаңдары
Тұнбаларды оңай және қарапайым сусыздандыру тәсілі тұнба және нығыздағыш алаңдарында табиғи құрғату болып келеді. Тұнбаның ылғалдылығы жерге сіңеді, бірақ жартысынана көбі булану арқылы жойылады. Сондықтан тұнбаның көлемі азаяды. Құрғатылған тұнба ылғал жердің құрылымын алады. Оны күрекпен көлікке тиеп қажетті жерге жеткізіп, пайдалануға болады. Тұнба алаңдарын дренажсыз табиғи негізінде мынадай жағдайларда қолданады:
· Жер қабатында жақсы сүзгіш қабілеті болғанда;
· Жер асты су деңгейі картаның жоғарғы деңгейінен кемінде 1, 5 м тереңдікте болғанда;
· Санитарлық шарттар бойынша дренажда сіңген суларды жер қабатына шығаруға болатын болса.
Тазарту бекеттерінде тиімді пайдалану мақсатында жеке картаның енін 10 м - ден аз етіп қабылдайды. Үлкен бекеттерде картаныңені 35-40м болады. Картаның өлшемдер қабатының қалыңдығы 0, 25 - 0, 3 м жазда және 0, 5 м қыста бір рет шығарылатын тұнбаны сыйдыру есебімен жасау керек.
Қазіргі кезде үлкен тазарту бекеттері үшін тұнба алаңдарында тұнбаны құрғату ылғи мүмкін бола бермейді, себебі үлкен алаңдарды қажет етеді. Тұнба алаңдарынан иіс пайда болып, шыбындар көбейеді. Сондықтан үлкен бекеттерге тұнбаны сусыздандыру үшін вакуум - сүзгілерді, центрифугаларды және сүзгі - нағыздау қолданылады. Лас суды жер қыртысымен тазарту тәсілдері жер қыртысының өзі тазартылу қабілетіне негізделген.
Суландыру алаңдары дегеніміз лас суды тазартуға арналған, арнайы дайындап жоспарланған жер бөлігі. Егержер бөлігі лас суды тазарту үшін ғана арналған болса, онда сүзу алаңы деп атайды. Лас суды жер қыртысы арқылы сүзгенде оның жоғарғы қабатында қалқымалы және коллоидты заттар ұсталынады.
Суландыру мен сүзу алаңдарында лас суды тазарту дәрежесі қыс мезгілінде баяулайды және төменгі температурада тоқтатылуына әсер етеді. Бұл мезгілде алаңдар қойма қызмет атқарады.
Лайды өңдеу және пайдалану.
Қаланың лас суларын, механикалық және биологиялық тазарту нәтижесінде тазартатын ғимаратттарда әртүрлі минералдық және органикалық заттардан тұратын тұнбалар пайда болады. Ол - торларда ұсталынатын қалдықтар, бірінші сатылы тұндырғышта тұнатын тұнба, аэробты биологиялық су тазартқыш ғимаратында пайда болатын белсенді лай.
Тұнбаның жалпы көлемі өңдеуге берілген судың 1 % - нан аспайды, соның ішінде белсенді лайдың есебіне өнген тұнбаның 60-70% келеді.
Тұнбаның ылғалдылығы 92-96% нашар қышқылды реакциясы болады, үлкен дәрежеде микроорганизмдермен қаныққан (оның ішінде патогенділермен) және құрамында гельминттердің жұмыртқалары болады. Шикі тұнбаны өңдеу және ашыту үшін үш түрлі ғимараттар қолданылады:
1) септиктер - лас су шығыны 25 м 3 / тәу. Дейін бөлек орналасқан объектілерден және кіші мекен-жайлардан шыққан лас суды қосымша өңдеу үшін қолданады.
Септиктер жоспарда төртбұрышты немесе баяу ағыс кезінде қалқыма заттар түсетін дөңгелек тәрізді резервуар болады. Түскен тұнба резервуарда 6 айдан 12 айға дейін аэробты шіріту үрдісі жүреді. Лас судың қозғалу жылдамдығын азайту үшін және тұнбаның келу ұзақтығының мүмкіндігі үшін септиктердің көлемі өте үлкен болу керек. Мұның артықшылығы, ол судағы араласпаған заттардың ұсталу жоғары.
2) екі қабатты тұндырғыштар - лас суды тұндыру үшін, түскен тұнбаны ашыту және нығыздау үшін қолданады. Олар түбі пирамида тәріздес төртбұрышты немесе цилиндрлі ғимарат. Ғимаратттың жоғарғы бөлігінде тұнбалы науалар орналасқан, ал төменгі бөлігі батпақты камера болып келеді.
Лас су ағатын тұнбалы науа көлденең тұндырғыштың функцияларын жасайды және сонда қалқымалы заттар шөгеді. Тұнба түскен қабырға бойымен жылжып барып науаның төменгі бөлігімен ені 0, 15 м болатын тесік арқылы лайлы камераға түседі. Тұнбала науалардың тереңдігін 1, 2 - 1, 5 м етіп қабылдайды, себебі үлкен тереңдікте су ағысы біркелкі болмайды.
Екі қабатты тұндырғыштар дұрыс жұмыс істегенде тұнбаның түсу үрдісі иіс шығу, газ тәріздес өнімдерді бөлмей шығарады.
Екі қабатты тұндырғыштың лай бөлігін (тұнба бөлігін) жерге тереңдетеді немесе жан - жағын құммен жабады. Ғимараттың жоғарғы жағын қыстың күні қалыңдату керек.
3) метантенктер - жоспарда цилиндрлі темір бетонды резервуар, түбі және жоғарғы беті конус секілді болып келеді. Жоғарғы жағында газ жиналатын қақпақ болады.
Метантенкте негізгі қондырғылардың көмегімен тұнба ысытылып және араласып тұрады. Температураға байланысты тұнба ашытылып екі үрдіс өтеді.
1. Мезфильдік ашыту, ол температура 30 - 35 0 С болғанда;
2. Термофильдік ашыту, ол температура 50 - 55 0 С болғанда болады.
Термофильдік ашыту арқылы тұнбаны дегельминтизациялау толық болады, ал мезофильдік шартта негізгі артықшылығы ол процесті жылумен қамту және газды жағу арқылы тұнбаны ашыту.
Ашыту үрдісінен кейін араласқан тұнбаның жалпы ылғалдылығы 96, 2 - 97% болады. Минералдандыру үрдісінде
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz