Шетел инвестицияларын тартудың негізгі жолдары және олардың тиімділігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Кафедра: Қаржы

Тақырыбы: Шетел инвестицияларын тартудың негізгі

жолдары және олардың тиімділігі

Қазақстанның инвестициялық саясаты

Қазақстанның инвестициялық саясаты шетелдік, сондай-ақ отандық инвестицияны тартудың қажеттілігімен тікелей байланысты. Өткен кезеңде инвестициялық қызмет жүргізу барысында негізінен, инвестицияның басты әрі нақты көзі болып табылатын шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға айрықша назар аударылады. Әйтсе де, мемлекеттің шетел инвестициясын ынталандыруға бағыталған құқықтық базаны қалыптастыру және инвестицияның енуіне қолайлы жағдай туғызу секілді шараларды жүзеге асырғанына қарамастан, қазіргі шетелдік инвестициялау моделі күткендегідей нәтиже бере қоймады. Бұған ұзаққа бармай-ақ, экономиканың көптеген салаларын кеңінен қамтыған, әсіресе, өндіріс саласындағы терең инвестициялық дағдарысты атасақ та жеткілікті.

Қазақстан өз егемендігін алған күннен 1997 жылдың соңына дейінгі аралықта сырттан 6, 4 млрд. доллар алды. Оның ішінде 3, 2 млрд. доллар тікелей инвестиция құраса, соманың қалған бөлігі - әртүрлі қарыздар.

1997 жылы Қазақстан шетел инвестициясы көлемі жағынан таяу шетелдер арасында, тіпті халқының саны мен жер көлемі жағынан бізді бірнеше орап алатын Ресейдің өзін артта қалдырып, бірінші орынды иеленсе, Венгриядан кейінгі екінші орында тұрды. Сол уақытта Қазақстан Республикасының инвестицияға деген сұранысы шұғыл артып, мамандардың болжауынша ол 50 млрд. долларды құраған. Десекте, осында келтірілген мәселелерді назарда ұстай отырып, қазіргі тартылған күүйіндегі шетел инвестициясы Қазақстан экономикасының ірі де күрделі проблемаларын шеше алады деп айту қиын.

Пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық және қаржылық емес активтеріне салынған барлық шетел капиталдары екі үлкен топқа: тікелей инвестиция және сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді. Қазіргі кезде халқаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі кредит беруге құштар болып отырғаны анық байқалуда. Мұның сыры өзінен-өзі түсінікті. Несие үкімет кепілдігімен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы ұзақ мерзімді қажет етеді әрі мұнда тәекелдің үлесі жоғары.

Экономикалық қаіпсіздік жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде тиімсіз жақтары бар. Займдар елдің сыртқы қарызын көбейтеді, оның өтемі елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей инвестицияның тиімсіз жағы, инвесторлар қаржысын өзі қалаған жағына салады да қазақстандықтардың мүддесі, қажет еткен сала ескерусіз қалады.

Үкімет кепілдігімен сырттан тартылған займдар мен несиелердің экономиканың өндірістік және кәсіпкерлік секторын инвестициямен қамтамаысыз ету мақсатында алынғандығы белгілі. Алдын-ала болжағанындай бұл шара (сырттан қарыз алу көлемін арттыру) экономиканын тұрақтылығын сақтап қана қоймай, оны дамытуға тиіс еді.

Әйтсе де бүгінгі таңда Қазақстанда сырттан несие алудың жай-күйін салыстырмалы түрде қалыпты деңгейде деуге болады, біртіндеп борыштарды өтеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан ахуалды қалыпты деп айта аламыз. Алайда, сырттан несие алу мен сыртқы қарыздың өсуінің жоғары қарқыны осы күйінде сақталып, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайтын болса, онда таяу болашақта сыртқы қарызды өтеуге байланысты күрделі проблемалар туындауы мүмкін.

Сөйтсе де сыртқы қарыз елдің экономикалық қаіпсіздігіне әсер ететін басты қатерлердің қатарында саналғанмен, оған бір жақты қарауға болмайды. Егер сырттан алынған қаржы әлемнің озық технологиясын өндіріске енгізуге пайдалануға жұмсала, ол қаіупсізғана емес, қайта экономиканы нығайтып, дамытуға ықпал етпек. Бұл ыңғайда Жапония тәжірибесі үлгі бола аларлықтай. Олар соғыстан кейінгі жылдары шетелдік несиені бірыңғай әлемнің озық технологиясы мен құрылғыларын сатып алуға жұмсаған еді. Соның нәтижесінде әбден тұралған халық шаруашылығын 5 жылдың ішінде (1945-50) 80-100 процентке аяғынан тік тұрғызуға мүмкіндік алады. Біздің ойымызша, қазір біз бірінші кезекте осы мәселені қолға алғанымыз жөн. Шетелдік капиталды тиімді пайдаланудың осыған ұқсас тәжірбиесін Қытай экономикасынан да көруімізге болады.

Осылайша, кредит пен (займ) түрінде тартылған шетелдік инвестицияны экономиканың нақты секторларын дамыту бағытында пайдалану, кез келген елде өзінің онды нәтижесін береді және экономикалық дамуды қамтамасыз етеді деп айтуға толық ғылыми негіз бар.

Біз қазірше шетелдік инвестицияның қандай түрін болмасын қабылдап отырмыз. Тіпті, өте қымбаттығына қарамастан экспорттық кредитті де алудамыз. Оның үстіне олар нысаналы мақсатта пайдаланылмауда.

Шетелдік капиталды тартудың басқа түрлері

Әлемнің көптеген дамыған елдерінің тәжірибесі көрсеткеніндей, сырттан қарыз алудың өркениетті түрі мемлекеттік құнды қағазды орналастыру болып саналады. Бұл орайда Қазақстан белгілі бір дәрежеде біршама жетістіктерге жетті, яғни 200 млн. доллар көлемінде 3 жылдық айналым мерзімімен шығарылған тұңғыш қазақстандықевронот сыртқы қаржы рыногына орналастырылды. 40 процентке жуық евронот АҚШ инвесторларына өткізілсе, 40 процентке және 20 проценттейі Еуропа мен азия инвесторларының үлесіне тиеді. Сол сияқты 350 млн. доллар көлемінде 5 жыл мерзімге екінші рет шығарылған евронотты бірқатар тиімді шарттармен халықаралық рыноктарға орналастырудың республиканың экономикалық ахуалын түзеуге оң ықпалы болды.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық құрылымында халықаралық қаржылық ұйымдардың займы -22 процентті, кредиттік қаржысы - 28, шетелдік тікелей инвестиция - 49, 2 портфельдік инвестиция - 1 процентті құрайды.

Шетелдік капиталды тартудың басқа түрлерімен салыстырғанда, тікелей инвестиция анағұрлым тиімді. Ол қызмет көрсету мен тауар өндірісін дамытуға қажетті қаржының көзі болып табылады. Сол арқылы ноу-хау, маркетинг пен өндіріс саласында қолданылып жүрген тиімді әдістерді, озық технологияны өндіріске енгізуге болады. Сондай-ақ ол сыртқы займ мен кредитпен салыстырғанда сыртқы қарызға қосымша ауыртпалығын түсірмейді, қайта оны өтеуге қажетті қаржыны табуға жағдай жасайды. Сонымен, тікелей инвестиция бір-бірімен тығыз бірліктегі өндірістік және ғылыми -техникалық кооперацияны құрудың арқасында ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа тиімді интегграциялануына жол ашады

Бүгінгі таңда Қазақстан шетелдік тікелей инвестиция тарту көлемі жағынан ТМД елдері арасында екінші орынды иеленеді. Тікелей инвестиция, негізінен, бірлескен кәсіпорындарқұру, еншілес кәсіпорындар ашу және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге шетел капиталын қатыстыру есебінен іске асырылуда. Өкінішке қарай, Қазақстандағы көпшілік бірлескен кәсіпорындар мен шеьелдік кәсіпорындар экономиканың жанама секторларынғана қамтып отыр, әрі оған қомақты қаржы салмауда. Олардың басым бөлігі сауда-саттық, материалдық-техникалық ету, т. б. салаларда жұмыс жүргізуде. Аталған салаларда бірлескен кәсіпорындардың 40 проценті шетелдік фирмалардың 68 проценті қызмет етеді.

Тағы бір қынжыларлық жәйт, Қазқстанға негізнен алып- сатарлық мақсаты ғана көздеген ұсақ-түйек кәсіпорындар келуде. Ал өзінің қомақты капиталымен келген ірі кәсіпорындардың саны саусақпен санарлықтай-ақ.

Шетелдік инвесторларды қызықтыратыны, негізінен, өнеркәсіптің жылу-шикізат саласы. Бұл салада шетелдік инвестицияның салмағы басым. Қазіргі кезде, Қазақстандағы тікелей инвестицияның 60 проценті мұнай-газ саласының үлесіне тиеді. Басқа өнеркәсіп салалары бойынша инвестицияның үлесі мардымсыз. Мәселен, қара металлургияда -

5 процент, тамақ өнеркәсібінде -5 процент, басқа салаларда - 2 процент. Мұның ішінде, түсті металлургияда ғана оның үлесі көптеу, 28 процентті құрайды.

Соңғы жылдары елімізде мұнай өнеркәсібі жедел өркендеп, мемлекеттің валюталық түсімінің негізгі көздерінің біріне айналды. Бұған республика үкіметі де айрықша назар аударып отыр. Алайда, экономика саласындағы мамндардың атап көрсеткеніндей тек өндірістің бір ғана саласын инвестициялауға басымдық беру, экономиканың басқа саласының тұралауына алып келеді. Мұның салдары мынадан көрінеді. Еліміз жоғары өндірістік потенциалы мен табиғи байлығының мол қорының болуына жоғары білікті маман кадрларының көптігіне қарамастан әлемдік рынокта тек шикізат өндеуші ғана болып қалмақ. Сондықтан, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен, парасатпен, біліктілікпен қарап, қолда бар мүмкіндіктерімізді орнымен, тиімді пайдалануға жағдай жасау қажет. Мүнда керегі, тек барды ұқсата білетін мамандардың көп болуы ғана.

Жалпы қазіргі кезде тікелей инвестицияның көп тартылған саласы мұнай-газ кешені (47%) , түсті металлургия (24 %), энергетикалық кешен (5%), қара металлургия (4%) болып қалып отыр. Бірақ та, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат саласы есебінен ғана көтерілген экономика, түбіндетығырыққа тіреледі, бұнда индустриалдық даму туралы айтудың өзіқиын. Жоғарыда тап көрсетілгендей шикізат саласын жедел дамытуға бағытталған инвестициялық салымдар өндірістің өңдеуші саласының тұралап күйреуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда өңдеуші сала ішкі рынокта энергия құны мен жұмысшы күшінің бағасы өсуіне байланысты өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Отандық өндірістің жоқтығы не аздығы қажетті өнімдері шеттен алуға мүжбүр етеді. Бұл дегеніміз мемлекетке елеулі шығын алып келеді, валюта шетке кетеді. Ашығын айтқанда, жоғарыда термеленіп өткен барлық негативті жағдайлар қазіргі экономикамызда орын алып отыр және бірте-бірте өзінің қорқынышты салдарының көлемін ұлғайтып келеді. Инвестицияның өндіруші салаға ғана салынуының тағы бір теріс әсері мынада. Шикізат бағасында қосымша құн үлесінің аз болуы өндіріс тиімділігін азайтады. Бұл, әрине, халықтың тұрмыс деңгейінің де төмендеуіне елеулі түрде ықпал ететіні айтпасада түсінікті. Оның үстіне шикізат бағасының дайын өнім бағасынан әлдеқайда арзан екені белгілі.

Тағы да бір теріс факторлардың елеулісі Оңтүстік -Шығыс Азия елдеріндегі, Ресей мен Латын Америкасындағы өткір қаржылық дағдарыстың шикізатқа деген әлемдік сұранысты азайтуы және дамушы елдерге деген инвесторлардың сенімсіздігін тудыруы болды. Яғни дамушы елдерге шетел инвестициясының ағыны тежелді, кредит бөлудің шарттары күшейіп кетті. Осында айтылғандары Қазақстан да толықтай өз басынан кешіріп отыр.

Шикізатқа деген әлемдік сұраныстың күрт азаюы тек өндіріс қарқынының бәсеңсуіне ғана әкеліп соқтырған жоқ, сонымен бірге осы салаға құйылатын инвестиция көлемінің кеміне де өз ықпалын тигізді. Соңғы әлемдік уақиға көрсеткішіндей, тек шикізаттық өндіріске бағыт ұстаған экономикалық саясат, ішкі экономикалық тұрақсыздыққа ұшыртады. Ұлттық экономикаға, әрине, сыртқы рынок коньюнктурасының елеулі түрде өзіндік әсері бар.

Сөйтіп, зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, шетел инвестициясының республика экономикасын жедел көтеріп жіберетіндігі туралы әңгімені айту әлі-әзір ертерек. Тікелей шетел инвестициясының негізгі бөлігі қаржы саласына кредит пен займ түрінде құйылуда. Оның үлесіне тікелей инвестицияның 65 проценттен астамы тең келеді. Несие мен займға салынған қаражат қысқа мерзімді болып келеді. Ол тек шикізат арқылы өтелмек. Инвестиция салымның жалпы сомасының акционерлік және теңестірілген капиталы 707 млн. долларға (77%) құрады. Ал ренвестициялаудың үлесіне бар болғаны 17 млн. доллар немесе 1% қана тиді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Тікелей шетел инвестициялары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту: мәселелері және шешілу жолдары
ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың нысандары мен бағыттары
Қазақстандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің экономикадағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz