Жүйелі талдаудың негізгі кезеңдері туралы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.

ОӨЖ

Тақырыбы: Жүйелі талдаудың негізгі кезеңдері.

Орындаған:Мусина А. Б.

Топ:АГ-213

Тексерген:Сагандыков С. Н

Семей 2015

Жоспар

  1. Жүйелі талдаудың негізгі кезеңдері.
  2. Проблема таңдау ( тапсырма тағайындау) .
  3. Тапсырма құру және оның күрделілігіне шектеу қою.
  4. Жүйені структуралау.
  5. Қорытынды.
  6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Жүйелі талдаудың негізгі кезеңдері.

Егіншілік пен өсімдік шаруашылығы бағытындағы тапсырмаларды орындау барысында олардың экологиялық, технологиялық және экономикалық ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып, Дж. Джеффер тұжырымдарына сүйене отырып жүйелі талдау жүргізген жөн.

Проблема таңдау ( тапсырма тағайындау) . Алғашқы кезеңде егіншілік мәселесіне қатысты кез келген сұрақты жүйелі талдау арқылы шешуге болатынына назар аударған жөн. Жүйелі талдауды күрделі мәселелерді шешуде қолдану ойлағанда оңай жұмыс емес. Тәжірибе барысында күрделі мәселелерді қарапайым тәсілмен шешу кезінде егіншіліктің кейбір бағыттар ескеріле қалмай қалуы мүмкін, сонымен қатар жүйелі талдау жүргізген кезде аса көп шығын шықпайды. (Джефферс, 1981)

Жүйелі талдау көптеген жоспарлау кезеңінде кездесетін стратегиялық проблемаларды шешуге септігін тигізеді, сонымен қатар қарапайым өмірде кездесетін проблемаларды да шешуге көмегін тигізеді.

Осылайша бірінші кезеңде келесі мәселелер шешімін табады:

  • Пайда болған проблеманы шешудегі жүйелі талдаудың маңыздылығы;
  • Егіншіліктің функциялық жүйесінің кемшілігі неде;
  • Жүйені дұрыс бағытқа жүйелі талдаусыз өзгертуге не кедергі жасайды.

Жүйені және оның бөлімдерін мамандардан артық ешкім жетілдіре алмайды деген болжам бар, мәселен мал азығын дайындау, тыңайтқыштарды қолдану және тағы басқа.

Жүйелі талдау әдістемесін толықтай меңгермеген маман қорытынды нәтижесіне әсер тигізетін барлық фактор ескердім деген пікірге келуі мүмкін. Алайда бұл мәселенің шешімі өте тереңде жатыр. Мұндай жағдай мамандардың білімсіздігінде емес. Мәселе әрбір маман жүйелі талдауды толықтай меңгермеген жағдайда барлық факторларды ескеру қиынға түсетінінде.

Алғашқы кезеңнің жұмыстың орындалу барысында маңызы өте зор. Нәтижеде жетістікке жету маманның осы бағыттағы еңбек тәжірибесінің мол болуына байланысты. Жоғарғы және сапалы нәтижеге жету үшін білікті мамандардан топ құрған абзал.

Тапсырма құру және оның күрделілігіне шектеу қою. Берілген мәселені шешу үшін арналған жүйелі талдау нақты болған жағдайда барлық негізгі факторларды ескере отырып оны мейлінше жеңілдету жолдарын табу керек. Нәтиженің оң немесе теріс болуы көбінесе жүйелі талдаудағы тепе теңдікке байланысты.

Зерттеу мәселесі мен қорытынды мақсаты, олардың еарархиясын орнату. Тапсырмаларды орнатып олардың күрделілік деңгейіне шектеу қойғаннан кейін міндетті түрде қорытынды мақсаттарын бекіту керек. Қойылатын мақсаттардың әртүрлі деңгейде екендігін ескеру керек. Мысалы: мал азығын дайындаудағы жүйенің негізгі мақсаты ресурстарды пайдалана отырып мол әрі сапалы азық алу. Мұндай жағдай да азықтарды даярлау, оларды дұрыс сақтау аса маңызды рөл атқарады.

Мәселені шешудегі әдісті талдау. Әрбір мәселенің бірнеше шешімі болады. Берілген кезеңде мәселені шешу үшін ең оңтайлы шешім қаблданады.

Жүйені структуралау. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты зерттеу объектісінің барлық бөліктерін ескеру, олардың өзара байланысына назар аудара отырып оның жүйелік структурасын анықтау. Структура ол бірнеше бөліктің өзара байланысы. Жүйенің өзін структуралау оны бөліктерге бөлуден тұрады. ( Мамиконов 1981)

Структуралау кезеңі зерттеліп отырған барлық ішкі және сыртқы мәселелердің өзара байланысын анықтаумен аяқталады. Келесідей байланыс түрлері болады: көлденең(бір деңгейдегі жүйешелер байланысы), тігінен(иерархияның әртүрлі деңгейдегі жүйешелер байланысы), ішкі ( ішкі жүйелер арасында), және сыртқы ( жүйе мен сыртқы орта арасындағы байланыс), кіріс ( ішкі ортадан сыртқы ортаға бағытталған) . Қайта байланыс принципі Кибернетика принциптерінің негізгілерінің бірі болып табылады. ( Кравченко, Скрипка, 1974)

Жүйешелерді жеке дара жүйе ретінде қарастыру мүмкіндігі болғандықтан, кез келген байланыс әрбір жүйелерден дара болып қарастырыла алады.

Өндірістік тексеріс және нәтижелерді енгізу. Өндірістік тексеріс және технологиялық, жоспарлы шешімдерді енгізу барысында жүйелі талдаудың кезеңдеріндегі кемшіліктер шыға бастайды.

Жоғары да айтылып кеткендей, әрбір жүйеше ол үлкен жүйенің бәр бөлігі болып табылады. Осыған орай жүйені зерттеу үш жағдайға бөлуге болады.

Бірінші жағдай. Жүйені тұтастай макродеңгей түрінде қарастырады. Мұндай жағдайда жүйенің сыртқы ортамен байланысына аса назар аударылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Экономикалық қызметті талдау әдістемесі
Экономикалық талдау
Оқу сабақтарын талдауға жүйелі келістің әдістемесі мен технологиясы
Жүйелі талдаудың негізгі кезеңдері
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Сабақты жоспарлау
Есеп және аудит
Жобаны сараптамалық бағалау
Социология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz