Құрылыста қолданылатын шыны түрлері, қасиеттері және өндіру әдістері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Құрылыста қолданылатын шыны түрлері, қасиеттері және өндіру әдістері.
Орындаған: Жәнібеков Ғ. Ж
Тексерген: Уркинбаева Ж. И.
Семей
2015
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім. Құрылыстық шыны жəне оның құрамы мен өндірілуі. Парақша шынының түрлері мен қасиеттері. Тыстама шынылар, шыны бұйымдар жəне конструкциялар. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұл жұмыста құрылыстық шыны туралы түсінік, оның құрамы, өндірілуі, парақша шынының түрлері, қасиеттері тыстамалық шынылар, шыны бұйымдар, конструкциялар, табиғи тастарды балқытып немесе балқып тұрған сұйық металлургиялық шлактарды құю арқылы жасалынған бұйымдар жəне шыны-кристалды “ситалдар” деп аталынған материалдар қаралады.
Шыны деп - балқыған затты тез суыту арқылы алынатын аморфтық денелерді айтады. Құрылыста силикаттық шынылар қолданылады. Олар кремний тотығының негізінде алынады. Балқыған силикаттық шыныларды суытқанда, олар тез қоюланып, микробөлшектері (иондары, атомдары, молекулалары) өзара дұрыс орналаса алмай, кристалды емес - аморфтық құрылым түзеді. Құрылыстық шынының химиялық құрамы салмақтық % бойынша шамамен мынадай: 71-73 SiO2; 13-15 Na2O; 8-10, 5 CaO; 1-4 MgO; қалған 1-2, 8%-ті калий, алюминий, күкірт пен темір оксидтерін құрайды; химиялық формуласы Na2O · МgO · 6SiO2 жақын. Құрылыстық шыныны өндіру үшін негізгі шикізат ретінде кварцты құм, сода, əктас, ал қосымшалар ретінде балқыту температурасын төмендететін, бояғыш, т. б. заттар пайдаланылады. Мысалы, мөлдір шыны алу үшін құрамында бояғыш, темір, хром, т. б. оксидтері жоқ таза кварцті құмды қолданып, шихтаға (шикізаттардың араласпасына) мөлдіреткіш зат (натрий, аммоний сульфаттары немесе балқытқыш шпатты) қосу қажет. Шыны өндіру технологиясы мынадай операциялардан (процестерден тұрады) шикізаттардан шыны шихтасын дайындау - шихтаны 800-1500оС-та пісіру-балқыту жəне балқыған шихтаны суытып, жазық келген парақ нұсқалы немесе басқа кескінді бұйымдар өндіру. Шикізаттар керек емес табиғи қоспалардан ажыратылады; керек жағдайда, мысалы əктас - бөлшектелінеді; шихта құрайтын заттардың əрқайсысы өлшелінеді, өзара араластырылады; осылай шыны шихтасы дайындалады. Шихтаны пісіру-балқыту көбінесе ванна тəрізді пештерде жүреді. Бұл процесс үш кезеңнен тұрады. 800-900оС шихтаның сілтілі компоненттері мен кремний оксидінің бөлімі байланысуынан, силикаттар түзіледі (масса-шихта піскен, қатты) ; 1150-1200оС кремний оксидінің қалған бөлімі, силикаттардың еруінен шыны түзеді (масса балқыған, тұтқыр, мөлдір емес - газдар көбіктері көп) ; 1400-1500оС шыны мөлдірлендіріледі (масса газдар көбіктерінен ажыратылады), біркелкі - гомогенді құрам түзіледі (тұтқырлығы 100 пуаз шамасында) . Осындай мөлдірлендірілген, гомогенді шыныдан парақ нұсқалы немесе басқа кескінді бұйымдар өндіру үшін алдымен оның температурасы 200-300оС-ға төмендетіледі. Бұл жағдайда массаның тұтқырлығы мың мен млрд пуаз (П) аралығында болады. Тұтқырлығы одан да жоғарылап, 1013П болса, масса морт (қатты) материалға айналады. Балқыған массадан тез суыту арқылы парақша шыны өндірудің көп тараған əдісінің бірі - қайықша қолдану. Қайықша деп - отқа төзімді материалдан жасалынған ұзын осінде парақша шынының енінен (1600 мм-ге дейін) сəл ұзынырақ (250 мм-ге), қуысы бар брусты атайды. Осындай қайықша, балқыған массаға жартылай батырыла, шыныны лента түрлі етіп тік тартатын машинаның астына орнатылады. Бұл жағдайда қайықшаның түбіндегі қуысы арқылы жоғары қарай ыдысқа масса арнаулы көп білікті машинамен режимді суытылып, лента түрінде тік тартылып шығарылады. Массаны ленталап тарту жылдамдығы 2 м/мин шамасында. Бұл жылдамдылық шынының (лентаның) қалыңдығына байланысты, жұқа шыны тез тартылады. Шыныны тік тартатын машина - суытқыштан, бір-біріне қарсы айналып тұратын 13 пар білік пен автоматтандырылған омыртқыштан тұрады. Шынылы масса лента түрінде ең соңғы қос біліктерден өткен соң, омыртқышпен қажетті ұзындықта көлденеңінен омыртылады- парақтандырылады. Парақтар əрі қарай кесетін цехқа жеткізіледі.
Парақша шынылардың түрлері көп - терезелік шыны, витриналық шыны, мыспен торланған шыны, шыныққан шыны, жылы сəулені жұтқыш шыны, увиолалық шыны, жарықты көмексілендіретін шынылар, т. б.
Терезелік шыны (терезе əйнегі) - парақша шынылардың ең көп тараған түрі. Ол қалыңдығы 2-6 мм, ені 1600, ал ұзындығы 2200 мм-ге дейін парақ ретінде өндіріледі. Қалыңдығы бойынша 6 маркаға бөлінеді: 2; 2, 5; 3; 4; 5; 6 мм; жарық өткізгіштігі өскен сайын төмендейді; жарық жұтқыштығы 2% шамасында; қалған жарық (сəуле) 8% шамасында шағылады (қайтарылады) . Термиялық төзімділігі - температураның өзгеруіне (мысалы, плюстен - минуске) төзімділігі, əдетте материал өлшемінің, көлемінің кеңу коэффициенті, мөлшермен 90оС шамасында сипатталады. Егер шынының қалыңдығы а мм болса, онда оның термиялық төзімділігі 100оС; егер 5 мм болса - 80оС, яғни қысқы аязда əйнекті шыныны сумен жууға болады. Инфрақызыл сəулені жақсы өткізеді, ал ультракөк жарықты өткізбейді десе де болады. Созуға, июге беріктігінің шегі - 30-90 МПа, ал сығуға беріктігі өте жоғары - 700-1000 МПа аралығында. Бірақ бұл шынылар ию жəне созу күштеріне кедергі көрсететін жұқа парақша түрінде қолданылатындықтан, олардың беріктігі - ию, созу беріктігімен сипатталады. Ұруға кедергі көрсете алмайды: шыны морт материал, ұрып игенде тек қана 0, 2 МПа-ға жақын беріктілік көрсетеді. Витриналық шыны. Бұл шынының беті жəй əйнектердің бетінде болатын елеусіз ой-қырдан, жол-жолдан, тілім-тілімнен ажырату үшін арнаулы машинамен тегістелінеді, айнадай жылтырлатылады. Сондықтан витриналық шыны жарықты (сəулені) оптиканы бұрмаламай, заттың кескінін бұзбай көрсетеді. Бұл шыны кинотеатрлардың, вокзалдардың, аэропорттардың залдарын, көрме залдарын, т. б. ғимараттарды əйнектеу үшін қолданылады. Оның қалыңдығы 6…10 мм ені мен ұзындығы 3, 5 х 6 м-ге дейін. Июге, ұруға беріктігін өсіру үшін жасалынады. Сыммен торланған шыны үздіксіз прокат əдісімен өндірілетін парақша шыны массасының бетіне, сымнан істелінген торды батыру арқылы алынады, ал сынғанда быт-шыт болып бөлшектенбейді. Ол басқыш клеткаларын (бөлмешелерін), лифтлердің шахтасын, жоғарыдан электр жарығын тарататын фонарьларды, т. б. əйнектеу үшін қолданылады. Жарық тартқыштығы (өткізгіштігі) 60%-тен кем емес. Ол ғимараттардың төбесін жабуға нұсқасы толқын тəрізді етіліп те өндіріледі. Кейбір шыны материал мен бұйымдардың түрлері: а) сыммен торланған толқынды парақша шыны; ə - шыны блок;
Шыныққан шыны. Шынықтыру үшін шыны 540-6500С аралығында қыздырылады да, біркелкі тез суытылады. Бұл жағдайда бастапқы өндірісте пайда болған, шынының əр жеріне тараған кернеу күштері енді парақтың бар денесіне бірдей тарап, оның ұруға жəне июге беріктіктері жəй (шынықпаған) шынылардың беріктіктерінен бірнеше рет арттырылады. Мысалы, мұндай шыны оған 1, 2 м биіктіктен, салмағы 800 г болат шарды тастаса да сынбайды. Қалыңдығы 9-12 мм, ал ауданы 1-2, 6 м 2 дейін жасалынады. Ол витрина мен шыны есіктер жасауға, балкондарды, басқыштарды қоршау үшін, ал негізінде - транспортта пайдаланылады.
Жылы сəулені жұтқыш шыны. Бұл шынылардың беті темір, кобальт немесе никель оксидтерінің ерітінділерімен өңделеді. Олар инфрақызыл сəуленің 70-75%-ін жұтады, яғни осы сəуленің өтуіне жəй əйнектермен салыстырғанда, 2-3 рет көп кедергі көрсетеді. Сондықтан мұндай шыныларды терезені екі қабатты етіп əйнектеу үшін пайдаланған жөн: терезенің сыртқы жағына инфрақызыл сəуле жылуын жұтқыш, ал іш жағына - кəдімгі терезе əйнегі орнатылады. Осы жағдайда қызған (жылынған) сыртқы əйнек дала ауасы əсерінен салқындайды, ал үй іші əдеттегідей күн сəулесінен қызбайды. əУвиолалық шыны (ультракөк жарықты өткізбейтін) . Кəдімгі шыны құрамында аз болса да қоспа ретінде кездесетін темір, титан, хром оксидтері -оның ультракөк жарықты өткізуіне кедергі көрсетеді. Сондықтан увиолалық шыныны өндіру үшін əсіресе, темір оксидінен əбден тазаланған (Fe2O3 0. 03%-тен артық емес) шикізаттарды пайдалану қажет. Бұл шыны бала бақшаларының, ауруханалардың, өсімдіктерді, əсіресе гүл, көкөністер мен жемістерді қыста өсіретін оранжереялардың терезелерін əйнектеуге қолданылады. Жарықты көмескілендіретін (шашыраңқы) шынылар көбінесе үйдің дəлізге шығатын бөлмелерінің есіктерін əйнектеу үшін қолданылады. Бұл шынылардың жарық өткізгіштігі терезе шыныларымен салыстырғанда төмен: 90-92% орнына 60-70%-ақ. Осындай шыны өндіру үшін парақша шынының бетін құм не басқа əдіспен өңдеп, күңгірттендіреді, яғни оның сəуле тарату қасиетін төмендетеді.
Тыстамалық шынылар: стемалит, кілем өрнекті шыны, смальта, т. б. үй қабырғасының қасбет (фасад) немесе ішкі (интерьер) жағын əшекейлеу жəне олардың атмосфералық құбылыстарға, ылғалға төзімділігін арттыру үшін қолданылады. Олар түрлі-түсті болып өндіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz