Өсімдіктердің биохимиялық айналымдағы экологиялық маңызы



Жасыл өсідіктер Жер шарының өкпесі деп тегін аталмаған. Себібі, өсімдіктердің тікелей қатысуы арқасында атмосферада бос оттегі пайда болды, қазіргі биосфера және ондағы тіршіліктің алуан түрлері қалыптасы. Ғалымдардың есептері бойынша орманның әрбір гектары жылына 5-10 т көмірқышқыл газын сіңіреді, ал қылқан жапырақты ормандар бұған қоса фитонцидтерді (жұқпалы аурулардың қоздырғыш микробтарын өлтіретін ұшқыш эфирлер) де бөліп тұрады. Орман ауасымен дем алған адамдардың қан қысымы төмендейді, қан құрамы жақсарады, шаршағаны басылады, себебі орман ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар болады.
Украинаның орманды-далалы аймағында 10 кг жапырағы бар ағаш бір вегетациялық кезеңде ауадан 500 г күкірт қостотығын , 250 г хлор мен 50-60 г фторды сіңіріп, залалсыздандырады, ал жасыл алқаптардың 1 гектары осы мерзімнің ішінде ауадан орташа есеппен 150-200 кг күкірт ангидритін өзіне сіңіріп, ауаны тазартады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырып:Өсімдіктердің биохимиялық айналымдағы экологиялық маңызы

Орындаған: Кенесбекова А.Ө
Тексерген: Жилкыбаева С.Д

2015 жыл
Өсімдіктердің биохимиялық айналымдағы экологиялық маңызы
Жасыл өсідіктер Жер шарының өкпесі деп тегін аталмаған. Себібі, өсімдіктердің тікелей қатысуы арқасында атмосферада бос оттегі пайда болды, қазіргі биосфера және ондағы тіршіліктің алуан түрлері қалыптасы. Ғалымдардың есептері бойынша орманның әрбір гектары жылына 5-10 т көмірқышқыл газын сіңіреді, ал қылқан жапырақты ормандар бұған қоса фитонцидтерді (жұқпалы аурулардың қоздырғыш микробтарын өлтіретін ұшқыш эфирлер) де бөліп тұрады. Орман ауасымен дем алған адамдардың қан қысымы төмендейді, қан құрамы жақсарады, шаршағаны басылады, себебі орман ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар болады.
Украинаның орманды-далалы аймағында 10 кг жапырағы бар ағаш бір вегетациялық кезеңде ауадан 500 г күкірт қостотығын , 250 г хлор мен 50-60 г фторды сіңіріп, залалсыздандырады, ал жасыл алқаптардың 1 гектары осы мерзімнің ішінде ауадан орташа есеппен 150-200 кг күкірт ангидритін өзіне сіңіріп, ауаны тазартады.
1 га шырша орманы жылына 30-35 тонна шаңды сүзіп, ауадан 150 кг күкірт тотығын өзіне сіңіреді.
Арша бұталарының 1 гектары тәулігіне ауаға 30 кг-ға жуық фитонцид бөліп шығарады, бұл шипалық зат 250-300 мың тұрғыны бар қаланың ауасын тазартуға жеткілікті екен.Бұған қоса, арша бұтасының дәні өзінің дәрілік қасиеттеріне байланысты арша бұтасы мұсылман жұртында қасиетті ағаш деп саналады, бұл ағаш 1000 жылғы дейін өседі. Арша бұтасыгның жерге жақын орналасқан бұта-жапырақтары ашық алаңдарға қарағанда 2 текше метрге жуық артық ылғал ұстай алады.
Алматы қаласының жалпы көлемі 18 мың гектар. 1993 жылдың деректері бойынша бұл көлемнің 5,8 мың гектары жасыл желектер (жоспар бойынша 14 мың гектар болуы керек). Қаладағы орталық демалыс саябағының көлемі-97 гектар. Қалада жасыл ағаштардың көлемі әрбір тұрғынға 1978 жылы 11,7 шаршы метрден келсе, 1993 жылы бұл көрсеткіш 5,0 шаршы метр болды, қазіргі уақытта бұдан да азайып кеткен. Жалпы алғанда қала аумағының 65%-ында 50-ге тарта өсімдік түрлерінің экологиялық жағдайы техногенді қысымның салдарынан нашар дәрежеге жеткен.
Жасыл жапырақты өсімдіктердің бірінщі кезектегі (бастапқы, алғашқы), жалпы және таза өнімдерді жасау қабілеттері бар. Бірінші кезектегі өнімділік дегеніміз- жасыл өсімдіктердің фотосинтез құбылысы кезінде күн энергиясын сіңіріп, құралған биомассаны органикалық зат түрінде жинақтау жылдамдығы. Бірінші кезектегі алғашқы өнімділік жалпы және таза өнімділікке бөлінеді.
Бірінші кезектегі жалпы өнімділік (А) дегеніміз- белгілі бір уақыт ішінде өсімдіктің дем алуына шығындалатын биомассаның түзілу жылдамдығын (В) қоса есептегендегі фотосинтез құбылысының жалпы жылдамдығы. Барлық түзілген биомасса жалпы фотосинтез немесе брутто-фотосинтез деп те аталады. Әр түрлі экологиялық жүйелердегі күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін есептеу үшін жалпы фотосинтездің мәнін білу қажет.
Бірінші кезектегі таза өнімділік дегеніміз (С)- белгілі бір уақыт аралығында өсімдіктің дем алуына шығындалған бөлігін алып тастағандағы қалған органикалық заттардың өсімдік ткандарында жинақталу жылдамдағы (С=A-B). Бұл көрсеткіш байқалатын фотоситез немесе нетто-фотосинтез деп те аталады. Табиғи жағдайда бірінші кезектегі жалпы өнімділікті анықтау өте қиынға соғады. Сондықтан, көп жағдайда өсімдіктердің бірінші кезектегі таза өнімділігі мен олардың дем алу жылдамдығы жеке-жеке анықталады. Орташа есеппен өсімдіктердің дем алу құбылысына түзілген биомассаның 40%-ға жуығы жұмсалады. Анықталған осы көрсеткіштерді қосып, өсімдіктердің бірінші кезектегі жалпы өнімділігін шығарады. Көрсетілген өсімдік өнімділіктері бір уақыт бірлігі ішінде көлем бірлігіне келетін құрғақ заттың масса бірлігімен өлшенеді.
Жеке фитоценоздардың бірінші кезектегі өнімділігі шөп қоректі жан-жануарлар пайдаланғаннан артылып қалған органикалық заттардың жинақталу жылдамдығымен есептеледі. Бұл көрсеткішті осы қоғамдастықтың немесе фитоценоздың таза өнімділігі деп те атайды. Гетеротрофты жан-жануарлар бірінші сатыдағы консументтер болып саналады.
Жер планетасы құрлығындағы экологиялық жүйелердің ірі көзқарас тұрғысынан қарағандағы өнімділіктері әр түрлі мөлшерде болады. Мысалы, жер бетіндегі ормандардың жалпы көлемі 40,6 млн шаршы км-ге тең, олар құрлықтың 28%-ын алып жатыр. Орман - тоғай өсімдіктері жылына 1 га жерден 3 тонна көміртегін сіңіріп , 7 тонна бірінші кезектегі өнімді құрайды. Ал , олардың жалпы өнімділігі 28,8 млн тоннаға тең, бұл өнімдердің орташа калориясы 1,4 млн.
Жер бетіндегі агроэкожүйелердің жалпы көлемі 14,5 млн шаршы км немесе құрлықтың 10%-ына жуық. Адам қолымен жасалған осы жүйелер жылына 1 га жерден 2,5 тоннаға дейін көміртегі сіңіріп , 6 тоннадай құрғақ зат түріндегі бірінші кезектегі таза өнімді түзеді.
Далалық жерлер мен жайылымдылықтар құрлықтың 17%-ын алып жатыр, олардың жалпы көлемі 26,0 млн шаршы км болады. Бұл жерлердің шөптері жылына 1 га көлемнен 1,5 тоннаға дейін көміртегін сіңіріп, 4 тоннаға жуық құрғақ зат түріндегі таза өнім береді. Олардың жалпы өнімділігі 10,4 млн тоннадай, ал калориялық қуаты жоғары 4,2 млн.
Шөл жерлер мен тундра жер бетінің 36%-ында, олардың көлемі 54,2 млн шаршы км-ге тең. Бұл жерлердің көміртегі сіңіру қабілеті өте төмен- жылына 1 га жерден небәрі 0,1 тоннаға жуық көміртегі сіңіріліп, 1 тоннадай ғана бірінші кезектегі таза өнім жинақталады. Жалпы өнімділігі 5,4 млн тоннаға тең, орташа калориялық қуаты-2,2 млн.
Жер бетінің 9%-ын мәңгілік мұздар мен мұздықтар алып жатыр, олардың жалпы көлемі 12,7 млн шаршы км болады.
Сонымен құрлықтың жалпы көлемі 148,9 млн шаршы км-ге тең, оның көміртегін сіңірудегі орташа көрсеткіші жылына 1 га жерден 1 тоннаға жуық, ал барлық өнім мөлшері 52,9 млн тоннаға тең деп есептеледі.
Демек көміртегін аса көп мөлшерде сіңіретін орман өсімдіктері жер бетіндегі жалпы биомассаның бірінші кезектегі таза өнімділіктің және калориялық қуаттың ең көп бөлігін құрайды, яғни, мол энергия жинақтайтын экологиялық жүйе деп есептеледі.
Жер бетіндегі әр түрлі экологиялық жүйелердегі өсімдіктердің органикалық заттар түзетін фотосинтетикалық жұмысын олардың бірінші кезектегі жалпы өнім құру қабілетін толық мәнінде атқару осы экожүйелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сілікпе беріктігін анықтаудағы әдістер
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
СИНЭКОЛОГИЯ (Қауымдастықтар экологиясы). ЭКОЖҮЙЕ КОМПОНЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Микроорганизмдердің топырақта таралуы
Техногендік факторлардың әсеріне өсімдіктердің тесттік реакциясы
Экологиялық сукцессиялар
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Түр және түр түзілу процесі
Өсімдіктер мен сулар
Генетика ғылымының даму тарихы
Пәндер