Пәндік аймақтарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау


Пәндік аймақтарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау.

Пәндік аймақ - зерттеуге жататын нақты дүниенін бөлігі, басқаруды ұйымдастырып, сосын автоматтандыру. Пәндік аймақ үзінділердің жиынымен ұсынылған. Мысалы, кәсіпорын - цехтермен, әкімшілікпен, бухгалтериямен, т. б. пәндік аймақтын әр үзіндісі объектілер жиынымен сипатталады және объектілерді қолданатын процесстермен, және пәндік аймаққа әр көз қарастары бар қолданушы жиынтығы.

«Динамикалық түрде өзгеретін» сөйлемді былай түсінуге болады: пәндік аймақтын күйі және мәліметтер қоры арасындағы тиістілік мерзімділік түрде қамтамасыз етілмейді, тек нақты уақыт режимінде. Осы жағдайда бір мәлімет әр қолданушылар тобы өзінің қажеттілігіне тиісті әр түрлі ұсынуы мүмкін. Мәліметтер қорынын айырмашылығы: мәліметтер өзінің бейнелеуімен бірге сақталады.

Ақпаратты жүйелерді жобалау теориясында пәндік аймақ үш түрде қарастыруға болады:

  • Пәндік аймақты табиғи түрде қарастыру.
  • Адам қабылдайтын түрде немесе деректер қорын жобалайтын түрде.
  • Символдар түрінде оны қалай сипаттауға болады.

М әліметтер қоры облысындағы зерттеулер қазіргі уақыттағы ақпараттық жүйелерді дамытуда маңызды роль атқарады. Оның іргелі құрауыштары - деректер, аппараттық қамтамасыз ету, программалық орталар өз мәнін сақтап қалғанымен, оның көлемдері, қуаты, мәліметтер қоры мүмкіндіктерінің спектрі шексіз өсуде. Деректер құрылымының күрделену тенденциясы да бақылану үстінде. Сандар мен мәтіндік жолдар түрінде бейнеленетін ақпараттың қарапайым түрлері өз мәнін жоймастан, бүгінде көптеген мультимедиялық құжаттармен, графикалық образдармен және т. б. күрделі ақпараттық формалармен толықтырылуда.

Мәліметтер қоры (МҚ) - қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты - нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары - объект, атрибут, байланыс.

Мәліметтер қорын ұйымдастырудың 2 жағы бар:

- объектілердің машинадан тыс өзара байланыс логикасын ұйымдастыру

- объектілердің машина ішілік әрі қарай физикалық тарату.

Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі функциялары:

· мәліметтерді анықтау

· мәліметтерді өңдеу

· мәліметтерді басқару

Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар:
− мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы;
− мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кезкелген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.
МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады.

MS Access мәліметтерқоры, оның негізгі ұғымдары.
MS Access - мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:
− негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;
− кестелер арасында байланыстар орнату;
− кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;
− туынды объектілерді - пішім, сұраныс, есепберу, макрос, модуль - құру, түрлендіру және қолдану.
MS Access басқада Office бағдарламалары сияқты басты менюден іске қосылады немесе Windows ортасында қарастырылған басқада стандарты тәсілдерді қолдануға болады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандарты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.
МҚ файлына Access-тің негізгі объектілері - кестелер, формалар, сұраныстар, есептер, модульдер және макростар енеді.
Мәліметтер қоры файлын құрғаннан кейін келесі амалдарды орындауға болады:
− әртүрлі мәліметтер типі бар кестелерді жобалау;
− кестелер арасында байланыстар орнату;
− кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;
− енгізілген мәліметтерді формада қарау;
− әртүрлі кестедегі мәліметтерді байланыстыру;
− есептер құрастыру.
Access көп терезелі қосымша болып табылады, сондықтан кезкелген уақытта 1мәліметтер қоры ашылуы мүмкін. Сохранить командасы кезкелген объект үшін қолданылады.
Access интерфейсі. Access программасының интерфейс элементтеріне мыналар кіреді:
Access-ті шақыру терезесі;
− Стандартты файлер;
− Негізгі терезе;
− Балалық терезе;
− «Схемаданных» терезесі;
− Көлденең меню;
− Қалып-күй жолы.
Access-ті іске қосқаннан кейін бірден экранда шақыру терезесі пайда болады. Бұл терезеде келесі нұсқалардың бірін таңдау қажет:
- Новая база данных
- Мастера, страницы и проекты базы данных;
- Открыть базу данных.
Стандартты файлер. МҚ құру немесе ашу командаларының бірін таңдағаннан кейін Стандартты файлер ашылады. Мұнда құрылатын немесе ашылатын файлдың атын және орнын көрсету қажет.
Негізгі терезе. МҚ құрғаннан немесе ашқаннан кейін қосымша терезесінде Негізгі терезе немесе МҚ терезесі ашылады. Негізгі терезе кітаптың мазмұны сияқты МҚ құрылымын көрсетеді.
Access МҚ-да қолданылатын мәліметтер типтері. Access МҚ-да мәліметтердің келесі типімен жұмыс істеуге болады:
Мәтіндік - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (ұзындығы 255 символға дейін) .
МЕМО өрісі - бірнеше жолдардан тұратын мәтін (ұзындығы 65536 символға дейін) .
Сандық -кез келген типтегі сандар.
Күн/уақыт (Дата/время) - күнді/уақыттты құрайтын өріс.
Ақшалық (денежный) - ақшалай шаманы сақтауға арналған.
Санағыш (счетчик) - жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі.
Логикалық - логикалық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндік аймақтарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау жайлы
Пәндік ақпараттарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау
АҚАЖ (ЗАГС) бөлімінің құжат айналымын автоматтандыру
Нақты социологиялық зерттеу бағдарламасы
Дәріхана деректер базасын жобалау
Мәліметтер қоры. Delphi ортасы
Пәндік ақпараттарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау туралы
Мектепке дейінгі балалар жөнінде деректер қорына инфологиялық модель құру
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері
Delphi ортасында жұмыс жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz