ҚР телекоммуникациялар мен көліктің дамуы


ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы : ҚР телекоммуникациялар мен көліктің дамуы
Тексерген : Тойкин С. Х
Орындаған : Кыдыралинов Е. Н
Топ:ГМУ-209
Семей 2015
Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.
2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының шикізат емес секторларына қомақты шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал қалыптасқан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарында болады. Экономика келесі экономикалық дағдарыстарға жақсы дайындықта болады. Қазақстан шектес елдермен және басқа да мемлекеттермен өзінің саяси және экономикалық байланыстарын нығайтады.
2020 жылға қарай ел әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адами ресурстарға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны қарқынды дамыту есебінен өзге әлеммен үзіліссіз байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қызметтер көрсету саласы экономика құрылымында тау-кен өнеркәсібімен қатар лайықты орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде 2009 жылдың деңгейінің үштен бірінен жоғары өседі1. Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды табысты іске асыру есебінен экономиканың қайта өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері 2020 жылға қарай өндіруші салалардың өсу көрсеткіштерінен жоғары немесе оларға тең болады.
Ойластырылған макроэкономикалық саясат жүргізу нәтижесінде
2020 жылға қарай алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) ел экономикасының мемлекеттік және корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) сыртқы борышының көлемінен төмен болмайды. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 %-ын құрайды. Осы кезеңде инфляция жылына орта есеппен 5-8 % деңгейінде сақталып тұрады. Айырбас бағамы саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің теңгерімін қамтамасыз етеді.
2020 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ға төмендейді. Халықтың әлеуметтік осал топтары, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерінің барынша қорғалғанын сезінеді және өздерінің қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде 2020 жылға қарай отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың үлес салмағы 9, 7 %-ға дейін және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың үлес салмағы 2, 2 %-ға дейін азаяды.
Балабақшадан университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді болады, халық денсаулығының жай-күйі айтарлықтай жақсарады. Денсаулық сақтау қызметтері әлемнің үздік стандарттарына сай болады. Қазақстандықтар барынша саламатты өмір салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен алкогольді асыра пайдаланатындар саны азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейеді. Әртүрлі этностық топтар мен діни конфессия өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік, бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүретін болады .
Қазақстанның өркендеуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігінің орнықты тұғыры: түйінді бес бағыт
Таяу онжылдықта түйінді бес бағыт мемлекет қызметіндегі басымдықтар болады:
1) дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
2) индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету;
3) болашаққа инвестициялар - орнықты экономикалық өсуге, қазақстандықтардың өркендеуі мен әлеуметтік әл-ауқатына қол жеткізу үшін адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
5) ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың орнықтылығын қамтамасыз ету.
Экономиканы қалпына келтіруге дайындық процесінде Қазақстан оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін реформаларды жеделдетіп іске асыруға тиіс. Бірінші түйінді бағыт - дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық - нәтижесін онжылдық кезеңнің басында байқауға болатын шараларды қамтиды. Бұл - біршама қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені жетілдіру.
Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді үдемелі индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Бұл экономикалық модельді өзгертуге және экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік береді. Елді инфрақұрылымдық дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады.
Адами ресурстардың саны мен сапасы кез келген елдің болашағын айқындайтын негіз құрушы факторлар болып табылады. Адами капитал - бұл инновациялардың және экономиканың тиімділігін арттырудың негізгі қозғаушы күші. Үшінші бағыт - болашаққа инвестициялар - Қазақстанның адами ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде арттыру үшін қажетті шараларды қамтитын болады.
Төртінші түйінді бағыт - азаматтар үшін қызметтер көрсету шеңберінде - халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тиімді көрсету жөніндегі шаралар күшейтілетін болады.
Бесінші түйінді бағыт - ұлтаралық келісім, қауіпсіздік, халықаралық қатынастардың тұрақтылығы шеңберінде - ішкі тұрақтылықты, қауіпсіздікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту, бейбітсүйгіш сыртқы саясатты дамыту жөніндегі шаралар көзделетін болады.
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бес бағытының негізі ұтымды макроэкономикалық саясат болып табылады. Экономиканы қалпына келтіру және әртараптандыру, оның «қызып кетуін» болдырмау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономиканың өсуі кезеңінде мемлекеттің шығыстарын азайтуды және оларды экономикалық бәсеңдеу кезеңінде ұлғайтуды көздейтін антициклді фискалдық саясат жүргізілетін болады. Бұл ретте келесі онжылдық кезеңнің соңына қарай бюджеттің мұнай емес тапшылығы ІЖӨ-ге қатысты 3 %-дан аспайды. Ақша-кредит саясаты инфляцияны тежеу жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады. Валюталық айырбас бағамының саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталады.
Көліктің дамуы
Көлік қызметтерінің нарығында негізгі тауар көлік өнімі болып табылады. Көлік өнімінің мәні жүктердің орын алмасуы, яғни, бұл - өз кезегінде қызметтердің өндіріс процесі. Көлік өнімінің сипаттамалық белгісі - ол өндірістен жеке тіршілік етпейді, оны жинақтауға, қоймаға жиыстыруға болмайды. Көлік өнімінің құрамында шикізат жоқ, оның құнында жалақы үлесі жоғары (өнеркәсіпке қарағанда 1, 5-2 есе жоғары) . Көлікте айналым қаражаттарының өнеркәсіппен және ауыл шаруашылығымен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылығы бар, себебі жаңа зат ретінде тауар емес, оның қызметінің нәтижесі - орын алмасуы іске асырылады. Сонымен қатар, көлік өнімі кеңістікте өзара алмаспайды, яғни бір орында көлік инфрақұрылымының салаларын шоғырландыру барысында олардың кемшіліктерін өзге жолмен толықтыруға болмайды.
Көлік қызметтерінің нарығын тиімді жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі көлік жиынтығының өзінің түбегейлі жаңа бағытта дамуына әсер ететін, көлікте бәсекелестік қатынасты енгізу болып табылады, бұл жүк қалыптастырушы, өндіруші салалар арасында бәсекелестікті нығайтуға және отандық өнеркәсіп-өндіріс жиынтығын қалыптастырудың қуатты импульсіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Республиканың қазіргі таңдағы көлік қызметтері нарығында темір жол, автокөлік, әуе және құбыр өткізгіш көліктер ұсынылған. Қазақстан көлік бағыттарының ауқымды желісін қамтиды: Қазақстан аумағы арқылы өтетін 14061, 8 км темір жолдар, 85 мың км жоғары автокөлік жолдары, 4 мың км-ге жуық ішкі су кеме қатынасының және 17, 1 мың км магистральдік құбыр өткізгіш бағыттары. Көліктің айтарлық барлық салаларында орын алған жекешелендіру және акционерлеу процесі көлік нарығында бәсекелес шаруашылық субъектілерінің туындауына жол ашты. Қазақстанда 2002 жылы 2171 көлік кәсіпорны болған, олардың 1728 шағын, 373 орта және 70 ірі болып саналған.
Республикада бәсекелестік қағидаларын дамыту үшін жағдай жасалғаны, мемлекеттік емес көлік кәсіпорындарының көптеген көлемі іске қосылғаны белгілі. Алайда, бұл жағдай салалардың барлығында қолайлы даму үстінде емес. Барынша тиімді бәсекелес нарықтық жағдайлар автокөлік, әуе және кеме қатынасы тәрізді көлік түрлерінде жасалған.
Қазақстан экономикасының шикізатқа бағыт алуының нәтижесінде, темір жол көлігі республиканың көлік - коммуникациялық жиынтығында маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің деректеріне сәйкес, көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымының құрылымында салыстырмалы жылдық орташа деңгей 57, 3% құрайды. Қазақстанда көлік ерекше маңызды рөл атқарады. Республика ішкі континентте орналасқан, оның үлесінде жер әлемінің 2% қабаты, Азияның - 6, 1%, бұрынғы КСРО-ның - 12, 1%. Қазақстан көлемі бойынша әлемде 9-орынды алады және 1 км² шаққанда 6, 2 адамнан келетін барынша кем санды аймақтардың бірі. Тұрғындары, табиғи ресурстары және өнеркәсібі дамыған орталықтары елдің аумағында бірқалыпты орналаспаған. Сондай-ақ республика әлемдегі экономикасы дамыған елдерден алшақ, ал экономика мен сауданың құрылымы жүктердің орасан зор көлемде тасымалдану қажеттілігін қамтиды. Осылайша, республика экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін көліктің мәнін бағалау күрделі.
Бірақ бұл беталыс экономиканың басқа салаларының өніміне бағаның өсуімен салыстырғанда жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға тарифтің қарқынды өсуінің, сондай-ақ осы салаларда өндіріс көлемінің айтарлықтай төмендеуінің нәтижесі болып табылады. Тап осы сәтте көлік саласы дағдарыс жағдайында болады. Мысалы, бірыңғай көлік жүйесінің аясында қазақстандық көлік кәсіпорындарының іске қосылуына мүмкіндік беретін республика аралық көлік коммуникацияларының ұтымды желісі осы уақытқа дейін қалыптастырылмаған. Қазақстанда аумақтың бірлік алаңын автокөлік және темір жолдармен қамтамасыз ету деңгейі өте төмен. Қазақстанда темір жол магистральдарының тығыздығы аумақтың 1000 км² шаққанда 5, 2 км құрайды. Салыстыру үшін дамыған Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 50 км-ден 110 км² дейін, ынтымақтас елдердің басым бөлігінде - 1000 км² шаққанда 23-тен 38 км-ге дейін ауытқиды.
Қазақстанда жалпы қолданыстағы қабаты қатты автокөлік жолдарының тығыздығы 1000 км² шаққанда 29, 8 км құрайды. Мысалы, көлемі бойынша Қазақстанға айтарлықтай жол беретін Әзербайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Молдова және Украина елдерінде автокөлік жолдарының жиілігі аумақтың 1000 км² шаққанда 248-296 км құрайды. Батыс елдерінде автокөлік және темір жол желілері жиі орналасқан (Батыс Еуропада осыған сәйкес 100 км² шаққанда 93, 2 және 24, 8, АҚШ-та - 66, 5 және 21, 9 км) . Олардың аумағында әлемдік тауар айналымының ¾ бөлігін орындайтын әлемнің 63% аса порты орналасқан. Сондай-ақ, көліктің негізгі құралдары Батыс елдерінде тұйықталған. Барлық автокөліктердің 80% астамы Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония елдеріне тән.
Республиканың көлік қызметтерінің нарығы тек экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, сонымен бірге аймақтық жиынтықтардың да өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, халық шаруашылығының (агроөнеркәсіп, жылу-энергетикалық, тау-металлургиялық, құрылыстық және т. б. ) салалық жиынтықтарын қалыптастыру арқылы дамыды. Тасымалдау барысына талап қойылатын негізгі тауар өнімі салмақты төкпелі және құйылмалы жүкті алға тартады, мысалы, автокөлікпен тасымалдау тиімсіз болып саналатын көмір, дән-дақыл, мұнай, руда, минералдық тыңайтқыштар және т. б. Қазақстанның жолаушыларды тасымалдау нарығында автокөлік, әуе және темір жол көлігі арасында интермодальдік (көрініс аралық) бәсекелестік орын алған. Соңғы жылдары қашықтағы бағыттардың қалааралық автобуспен тасымалдау сегменті жоғарылады. Жолаушылар үшін автобуспен жүрудің ерекшелігі жүру кестесінің мейлінше қолайлы, бағыт жылдамдығының барынша жоғары және жол жүру құнының айтарлықтай арзан, ал темір жол көлігіне тән ерекшелік жол жүру қауіпсіздігі, тұрақтылық және жайлылық деңгейінің өте жоғары болуы. Сонымен қатар, тап осы сәтте темір жол және автобус көлігінде жолаушылардың жол жүру қызметтерінің біртұтас ұсынысының жүйесі жеткілікті деңгейде дамыған жоқ.
Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығудың тапшылығы, кеме қатынасы көлдерінің орын алуы), аумағының көлемді болуы, өндірістің шикізаттық құрылымы және өндірістік күштердің орналасуы, автожолдары инфрақұрылымының жеткілікті дами алмауы, ел экономикасында темір жол көлігінің рөлі өте маңызды орында екенін айқындайды. Темір жол көлігінің орны келешекте де сақталатындығына сенім мол. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытына сәйкес темір жол көлігі Қазақстан Республикасының көлік қызметкері нарығында жетекші рөл атқарады. Оның үлесі көліктің барлық түрлерінің жүк айналымында 60% жоғары. Сонымен бірге, Қазақстан Еуразия континентінің орталығында бола отырып, бес халықаралық темір жол көлігінің коридорлары бойынша өзінің инфрақұрылымы арқылы транзиттік өткізуді ұлғайту мүмкіндігіне - транзиттік потенциалға ие. Оның ішінде Трансазиялық бағыт ең негізгісі, келешекте Оңтүстік Шығыс Азия - Батыс Еуропа теңіз бағытына бәсекелес болады.
Қазақстан Республикасының темір жолдарының пайдалану ұзындығы 14, 2 мың км жоғары, оның ішінде екі бағытты жол - 4, 8 мың км (34%) жоғары, электрленген жол - 4, 1 мың км (29%) . Басты бағыттардың жалпы ұзындығы - 19, 1 мың км, станциялық - 6, 3 мың км. Кестеде 1998ж. бастап 2008ж. аралығы мерзіміндегі темір жол бағыттарының пайдалану ұзындығы көрсетілген. Республиканың темір жол желілерінде бағыттары дамып отырған 756 жекеленген бекеттер орналасқан. 351 станцияда жүк операциялары жүргізіледі. 21 станцияның автоматты басқару жүйесі бар,
38-і - іріктеу құрылғыларымен (үйінділермен, жартылай үйінділермен және тартқыштармен) жабдықталған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz