Шикізат және қосымша материалдар


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Еңбек техникасы және кәсіби білім» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Шикізат және қосымша материалдар

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жер байлықтарының түрлері.

2. Жер байлықтарының маңызы мен пайдаланылуы.

3. Жер байлығын сақтай біл.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жер байлықтары - бұл биосфераның минералдық негізі, табиғаттың бірінші құрылымды бөлігі. Жер байлықтарының бастысы - пайдалы кендер.

Пайдалы кендерге барлық табиғи минерал байлықтары жатады. Олар өнделген күйде немесе мол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде пайдаланылады, ал мыс, қорғасын, темір т. б. қазбалы байлықтап өндегеннен кеін ғана кәдеге жарайды. Көптеген табиғат ресурстары жердің сыртқы қабатында жатады. Минералды ресурстар суда да болады. Мысалы, сулардан фосфорды, калиді, магнийді, темірді т. б. өндіруде пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер мол.

Минералды кен ресурстары өздерінің, табиғи сапасына және пайдалану бағыттарына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.

1) Отын-энергетика ресурстары - мұнай, газ, көмір, жанатын сланец, торф, уран т. б.

2) Кен ресурстары - темір және марганец рудалары, хромит, боксит, мыс, қорғасын-мырыш, никель, вольфрам, молибден, қалайы, бағалы металл рудалары т. б.

3) Тау-химия шикізаттары - апатит, фосфорит калий, магнезий, ас түзы, күкірт, барий, тау рудалары, және иод қоспалары бар ерітінділер т. б. (4-сурет) .

4) Табиғи құрылыс материалдары, минералды руда емес табиғи қазбалар - мрамор), гранит, азот, тау хрусталы, корунд, алмаз т. б.

5 Су минералды ресурстары - жер асты тұщы сулары мен минералды сулар. 1926-1983 жылдары жүзіндегі минералды ресурстар өндіру 252, 8 млр; болды, оның ішінде көмір -128, 4 млрд т, мұнай конденсатын қоса есептегенде) - 67, 3, темір рудасы 26, 2 млрд т, табиғи газ -30, 8 трлн м 3 болды. Сонғы жылда минералды шикізатты өндіру қарқыны бұдан 100 жыл бүрынғы мөлшерінен асып түсті. Мұның. өз көптеген региондардың экологиялық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырды.

Дүние жүзінде жыл сайын жер қойнауынан 100миллиард тоннадан астам руда түрлері, құрылыс материалды көмір, мұнай т. б. өндіріледі. Осы өндірілген шикізаттардан 850 млн тонна металл түрлері қорытылып 100 млн тоннадан астам тыңайтқыштар, 4 млн: тонна түрлі улы қосылыстар, 50 млн тоннаға жуык, синтетикалық материалдар алынады.

Біздің республика табиғи минералды ресурстар қоймасы деп тегін айтылмаған. Қазақстан жерінен дүние жүзінде кездесетін минералды байлықтардың бәрі де өндірілсді. Мұнда бұрынғы Одақтағы фосфориттің 36. 1%, хромит рудаларының 96, 5°/о, газдың 17%. темірдің 10 % асбестінің 40%, көмірдің 18% өндіріледі. 'Минералды ресурстар жанатын отын (мүнай, көмір,, табиғи газ, жанатын сланецтер) және металл мен металл емес қазбалы байлықтарына бөлінеді.

Бұл айтылған екі жер байлығың біріншісінің қоры көп жылдар ішінде қалпына келуі мүмкін, ал екіншісін азды- көпті мөлшерде қалпына келтіру үшін ұзақ мерзім керек. Егер бірінші айтылған жер байлығының қорын бұрын шыққан жерден өндіруге мүмкіндік болса, екінші айтылған жер байлығын байырғы жерден өндіру мүмкін емес.

Жер байлығының маңызы мен пайдаланылуы

Халық шаруашылығы үшін минералды ресурстардың Маңызы зор. Металдар машина жасау енеркәсібінде, мұнай, газ, көмір халық шаруашылығының көптеген салаларында тіпті тамак өнеркәсібініде де пайдаланылады. Сонғы жыллдар мәліметі бойынша, адамзат баласы су ресурстарынан энергияның 2%-ін, атом күшінен-1% шамасында, ағаш пен торфтан - 1%-тен астамын, мүнайдың - 48%-ін, газдын, - 18%-ін, кемірдіа- 30%-ін алып отыр.

Егер 2000 жылдарға карай атом энергиясын пайдаланудан барлық энергияың тек қана 20%-ін қанағаттандыруға болатынын ескерсек, болашақта жанатын табиғи ресурстарды пайділану тез өсетініне көз жеткізу қиын емес. Есептер көрсетіп отырғанындай, дүние жүзі бойынша рудаларды қазып алу кезінде жер койнауында бір жылдың ішінде алынбай қалатын мыстың мөлшері 600 мын. т тонна, қорғасын -300 мын. тоннадан астам, мырыш -500 мың тонна шамасында. Жезқазған мен Ащысай комбинаттарында осындай руда ысырабы 22- 30%-ке жетіп отыр. Егерде осы көлемдегі руданы мысқа айналдырсақ жыл сайын Жезқазған комбинаты бойынша алынбай қалатын руда мөлшері Қоңырат пен Саяқ рудниктерінде бір жылда өндірілетін руда көлемімен пара-пар болар еді.

Шикізат түрлерін өндіру технологиясын жетілдірмеу салдарынан қазірдін. өзінде мұнайдың 55-70%, калий тұздарының 70%, табиғи газдың 15-40% жер қойнауынанда қалып қояды. Оларды өндіруді молайту максатында жаңа жерлерде барлау жұмыстары жүргізіледі, ол интен сивті түрде игеріле бастайды, осының, салдарынан жердің. беті айқы-шүйқы жыртылып, оның экологиясы бүзылады. Республикамыздың алдында тұрған негізгі мақсат жер байлықтарын тиімді пайдалану аркылы - оның қорын сақтау, талан-таражға салуға жол бермеу.

Осыған байланысты металл үнемдеу, технологиялы процестерді жетілдіре беру бірінші орынға қойылуы керек. Металлургия өнеркәсібінде өндіріс орындарын; 40% шикізатты екінші рет пайдалану нәтижесінде жұмыс істеп отыр.

Пайдалы кен байлықтарын үнемдеу арқылы ғана минералды ресурстарды қорғауға болады, мұны әр азамат естен шығармауы керек.

Жер байлығын пайдалану табиғат қорына зиян келтірмеуі керек. Біздің, уақытымызда жер жүзінде әрбір 15-16 жыл сайын пайдалы қазбалы кендер шығару көлемі екі есе өсіп отырады. Ал біздің. елімізде бұл көлем әрбір 8-10 жыл ішінде жүзеге асады. Адамдардың шаруашылықтағы әрекеті геологиялық күштерді меңгерумен тығыз байланысты. Мысалы, адамдар жыл сайын өзінің шаруашылық процесінде бір текше шақырым (1 км 3 ) тау жыныстарын аударыстырады. Жер қойнауынан 150 түрлі пайдалы кендер алынады. Қазір бір адамға шаққанда жылына 25 т минералдық шикізат келеді.

Шикізат қоры, оның, өңделмеген күйде сыртқа шығарылуы қаншама тиімді, оған әлі экономиялық баға берілген жоқ, шикізат қорына ғылыми тұрғыдан негізделген баға да қойылмай отыр.

Қен қойнауы өнеркәсіпке шикізат беріп қана қоймады, ауыл шаруашылығы өндірісін де минералдық тынайтқыштармен және ұлы химикаттармен жабдықтайды. Соңғы кезде ғылыми техникалық прогрестің дамуына байланысты кең байлықтарын шаруашылықтың көптеген салаларында пайдалануға мүмкіндік туды. Кен байлықтарын жасауға (шикізат ретінде) адам еңбегі жұмсалмағанмен республикамыз территориясында молынан орналасуы, . Қазақстанның экономикалық потенциалын көтерудің басты бағыты болып саналады. Сондықтан да жер байлығы мол деп, оны таусылмастай көріп, шашаберудің жөні болмайды. Оны тиімді пайдалануға өз үлестерін қосу - жастардын, абыройлы борышы.

Жер байлығын сақтай біл

Бұл жердс әңгіме тау-кен байлықтарын тиімді пайдалануға келіп тіреледі. Ғасырлар бойы кен орындарын отырып, адам баласы минералды табиғи ресурстардың биологиялық ресурстармен салыстырғанда өзінің бұрынғы қалпына келмейтініне мән берген жоқ Жетілдірілген техниканьң күшімен кен байлықтарын ойсырата пайдалану, онын, тереңде орналасқан қорын алудың қиынға соғып, қымбатқа түсіп отырғаны, қазба байлықтарды сақтаудың, оны жоғарыда айтылғандай, кұн жағынан бағалаудын, керектігін тудырып отыр. Қазба байлықтардың оңай алынатын түрлері қазірдің өзінде сарқылды, оны өндіру қашық, табиғат жағдайы ауыр аудандарда орналасқан. Олар: Сібір, Қиыр Шығыс, Қазақстанның халық аз мекендеген климаттық жағдайы ауыр жерлері -Теңіз, Қаламқас, Қаражанбас т. б. Бұл жерлердің қазба байлықтарын ендіру бір жағынан, қымбатқа түссе екінші жағынан, олардың сапасы да жоғары емес құрамы күрделі. Мысалы, Теңіздін, мүнай-газ құрамында ауаны ластайтын, өндіру қүрал-саймандарын қоятың, оларды тез істен шығаратын күкіртсутек қоспасы бар. Сондықтан да Теңізден мұнай мен газ алу үшін өте қымбат тұратын, тотықпайтын, улы газға желінбейтін кұ бырлар, құрал-саймандар керек. Бұдан біз қолда бар отын ресурстарын тиімді пайдаланудың, оны ысырапқа салмаудың қаншама пайдалы екенін, жаңа кен орындарын ашып, оны тезірек пайдалануға асығудың барлық жағдайда бірден тиімді емес екендігін көреміз.

Сол сияқты кемір ресурстарын пайдалануда да табиғат қорғауға бағытталған жұмыстар шұғыл жүзеге асырылмаса, оның жер астындағы қорын тез жой алуымыз мүмкін. Қөмір, темір, мыс т. б. қатты түрде кездесетін қазба байлықтарын әңгіме еткенде, олардың ерекшеліктерін айта кетуіміз керек. Жоғарыда аталі жер асты байлықтары өзінің орналасқан жерінде тұр ты жатып қалады, басқа горизонтқа ауыспайды. (Сондықтан да территориямызда табылған көмір, темір, мыс т. б. қорын тез пайдалана салуға асықпай оны өте керек кездерге дейін сақтап, кейіннен пайдалануға көңіл бөлу керек. Бұлармен салыстырғанда мұнай қоры мұндай тұрақты емес, горизонт қабаттарында орын ауыстыруы мүмкін. Осыған байланысты мына жағдайды айта кеткен жөн: қазір зерттеген жер асты мұнай қорын (алынуға тиісті) тек қана 30-35% тәжірибеде өзін ақтап жүр. Дәлірек айтқанда: жер астынан өндіріліп жүр, ал қалғанын жер асты қабатынан басқа бөліктеріне көшіп кететіндіктен, түгелдей алуға мүмкін жоқ. Бүл болашақта аса көңіл бөлетін мәселе. Егер зерттелген мұнай қорының 70% жер астында кала беретін болса, біздің табиғи байлықтарымыз ысыраппен пайдаланылатын болады.

Жер асты байлықтарын тиімді пайдалану керектігін оны игерудің алғашқы жылдарынан бастап қолға алынуы керек. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына мысал келтірейік: жуық мерзім ішінде синтетикалық сұйық отынның қорын молайту көзделуде. Мұнай мен газ өндіруге кететін шығыннын, жыл сайын өсіп келе жатқаны жоғарыда айтылды. Сол себепті, оларды синтетикалық өнімдермен, әсіресе, көмірді жағудан түсетін өніммен айырбастаған тиімді. Жер шарындағы көмірдің, қоры мүнай мен газдың қоса есептегендегі қорый 5 есе көп. Моторға керекті отын - бензин, керосиин жуық жылдар ішінде кемірден өндірілетін болады.

Химия өнеркәсібі де көптеген шикізатқа мұқтаж болып отыр. Авиацияда, космостық техникада, электрондық өнеркәсіпте ыстыққа тезімді және өте қатты қосындылар керек. Тұрғын үй құрылысын дамыту құрылыс материалдарын тез өсіру міндетін қоюда. Осылардың бәрі жер асты ресурстарын сақтау міндетін, қалдықтарды екінші рет пайдалануды өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да материал шығынын аз шығаратын, тіпті шығын шығармайтын технологияға көшуді міндеті отыр.

Кейбір кен байлықтарын өңдегенде, қосымша ресурстар шығын болады. Мысалы, мұнай, көмір өндіргенде біраздаған металл қоры алынбайды. Ал калий тұздарын өндіргенде металл шығыны оның жартысына дейін барады. Қалайы ұқсату комбинаттарында мыс, мырыш, қорғасын, ал қорғасын мен мырыш өндіру ісінде қалайының 70%-ке дейіні текке жоғалады.

Сондықтан, да тау-кен өнеркәсібінің шикізатын комплексті пайдалану, оларды шығынсыз технологияға көшіру жолдары қарастырылуда.

Металлургия өнеркәсібінде металл-серіктерді ауаға жібермей өнім алу үшін пайдалану бір жағынан, жалпы өнімнің 20 %-ке дейін өсуіне көмегін тигізеді, екіншіден, ауа, су, жер ластанбайды, үшіншіден, жаңа кен көздерін, құнарлы топырақты қопарылыстыра беруге азды-көпті тыйым салынады.

Қазіргі кезде тасымалдау процесінде өндірілген шикізат және өнделеген өнім ісарап болады. Мысалы. Минералды тыңайтқыштарды тасымалдау және сақтау ойдағыдай емес. Өндірілген тыңайтқыштың 12% осының салдарынан шығын болып отыр.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарғанда олардан көптеген қалдық қалады. Оларды тыңайтқыш ретінде пайдалану көптеген қаржыны үнемдеген болар еді және кен көздерін қорғауда да зор көмегі бар. Мысалы, Жамбыл суперфосфат заводында, Шелісай руднигінде фосфор тыңайтқыштарын шығару кезінде ортаға үлкен зиян келтірілуде, ауа ластануда, жер бетінің ландшафты бұзылуда. Егер мүндай заводтар шығаратын өнімнің белгілі-бір бөлігін өнеркәсіп пен ацыл шаруашылығы өнімдері қалдығын пайдалану арқылы қамтамасыз етсек, табиғи отанын білдіру процесі де азайған болар еді.

Мұнай, газ, көмір - табиғи ресурстардың қайтадан келмейтін түрлері бұлардың қорын жасауға миллиондаған жылдар керек. Сондықтанда, оларды үнемдеу экономикадағы басты бағыттың бірі. Ол үшін халық шаруашылығына қызмет ететін табиғи ресурстардың қалыпқа келетін түрлерін кеңінен пайдалану керек. Олар үйлерді жылыту үшін, теплица шаруашылықтарында пайдаланылуы керек. Қазақстан жерінде оның қоры мол болғанымен тиімді пайдаланылып отырған жоқ. Сол сияқты тау жыныстары астындағы жылу көздерін де пайдалану экономикамыз үшін тиімді. Ол жер астының 4-5 шақырым тереңдігінде жатады. Температурасы 200 0 C жоғары болады.

Республикамыздың көптеген региондарынын. жел энергиясын пайдалануда үлкен мүмкіндіктері бар. Әсіресе, қатты желдер жиі болып тұратын К, азақстан территориясы үшін жел энергиясын пайдалану практикалық жағынан жүзеге асатын бағыт. Мысалы, Жезқазға Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылор; т. б. облыстарда жыл бойы қатты желдер үзбей соғып тұрады.

Жел энергиясына негізделген қуаттьілығы 1-30 квт қондырғыларды жайылымдарға энергия беру үшін, мал шаруашылығын электрлендіру және жер суаруда кеңінен пайдалануға болады. Бұл жер асты қорларын қорғаудың сенімді бір түрі. Егер осы тегін элергияны халық шаруашылығында пайдалансақ, жер асты байлықтарын өндіру үшін соншама көп қаржы шығындалмас еді, табиғи орта қазіргідей зардап шекпес еді.

Республикамыздың оңтүстік аудандары Шымкен Жамбыл, Талдықорған, Алматы облыстарында күн көзі энергиясын пайдалануда үлкен мумкіндіктер бар. Аталған энергия көзі үйлерді жылытуға, ауаны кондициялауға, теплицаларда өсімдіктер өсіруге кеңінен пайдаланылуы керек. Осының көмегімен қалпына келмейтін кейбір жер асты байлықтарын үнемдеуге мүмкіндік туады.

Геологиялық іздеу жұмыстарьш жүргізгенде территорияны бүлдірмеуге, жер асты суларын ластамауға көбірек көңіл бөлінуі керек. Соңғы мәліметтер көрсет отырғандай, министрліктер мен ведомстволар өз өндірісінің саласына керекті шикізатты өндіріп алады да территорияның (топырақтың, ауаның, судын) сақталуна аса көңіл бөлмейді. Мұны Орал облысының Қарашығанақ, Атырау облысының Теңіз, Ақтөбе облысының Жаңа жол мұнай-газ шығатын жерлерін пайдалану тәжірибесінен көріп отырмыз. Жер асты байлықтарын пайдаланудағы басты міндет - өнеркәсіп саласы ме территориянық мүдделерін ұштастыра жүргізу, өнеркәсіптің бір саласына шикізат өндіру мақсатында осы шикізат шығатын территорияны істен шығардай етіп ысыраппен пайдалану - болашақ экономиканың дамуына кесел келтіру болып табылады. Соңғьі кезде бұл бағыттың үлкен қылмыс екенін көпшілік қауым мойындап отыр. Профессионалдық-техникалық училище түлектері халық шаруашылығының әр саласында еңбек ете жүріп, осы негізгі қағиданы естен шығармауы тиіс.

Табиғи байлық көздерінің азая түсуі - табиғат қорғау жұмысының кеңінен қолға алуды, мұнда ғылым жетістіктерін еңгізуді керек етеді. Қазіргі кезде табиғатты қорғау ісінде ғылыми-техникалық жетістіктер тым баяу пайдаланылуда. Жаңа құрылыстардың және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру жобаларында әлі де ескірген шешімдер негізгі алынады. Қалдықсыз және қалдығы аз технологиялық процестер нашар еңгізіледі. Пайдалы қазбаны өндеу кезінде шығарылған кеннің басым бөлігі қалдыққа кетіп, айналадағы ортаны ластайды. Бұл арада экономикалық, праволық, тәрбиелік сипатта неғұрлым батыл шаралар қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Глинозем мен силикат материалдардың химиялық технологиясы»
Материалдарды қабылдау туралы акті
Өнеркәсіптің шикізаттық ресурстары
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
Қорлар бойынша синтетикалық шоттар
Өндірістің рентабельділігі, пайдасы және өнімділігі
Пайдаланылатын шикізат ресурстары
Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz