Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРС
Тақырыбы: Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Тексерген: Абдуллина Г. К.
Орындаған: Сұңғатқызы А.
Семей-2
Аддиктивтік мінез-құлық - девианттық мінез-құлық түрлерінің бірі. Ғалымдар З. И. Файнбург, Т. А. Донских бұл мінез-құлықтағы адам ақиқаттан жасанды жолмен, психикалық күйін жасанды өзгертумен шығады деп түсіндіреді. Аддиктивті түрге бейім жеке адамның негізгі мотиві оларға қызықсыз, «сұр» болып көрінетін психикалық күйінің өзгеруі болып табылады. Мұндай адамға іс жүзінде оның назарын аударып, қызықтыратын қандай да бір қызмет саласын табуға мүмкіндік туады. Өмір оған қызық емес сияқты, біркелкі қараңғылық болып көрінеді.
Қоғамда қалыпты болып табылатын жайттарды, мысалы, бір нәрсе жасау қажеттілігін, қандай да бір іспен, қызметпен айналысуды, отбасында немесе қоғамда қабылданатын қандай да бір дәстүрлер мен нормаларды сақтауды жаны қаламайды, оны қабылдамайды. Аддиктивті мінез-құлқы бар индивидтің күнделікті өмірдегі белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, аддиктивтік сипатты таңдау адамның өміріндегі өзін қанағаттандыратын саласында әрекет етуге алып барады, нәтижесінде мақсатына жетуде күтпеген белсенділікті көрсетеді. Мұндай мінез-құлыққа аддиктивтік түрлерінің көрініс беруіне байланысты келесі психологиялық ерекшеліктер тән:
- Қиыншылықтарды бастан кешіруге төзімділігінің төмендігі;
- Сыртқы ортаға икемделу келбетінің толыққанды еместігі;
- Тұрақты эмоциалық жағдайда қорқыныш сезімінің басым болып, социабильдікпен үйлесетіндігі;
- Көп жағдайларда өтірік айтуы;
- Айыпты болмаса да басқаларды айыптауы;
- Шешім қабылдауда жауапкершіліктен бас тартуы;
- Жағымсыз стереотиптік мінез-құлықты қайталауы;
- Өзгелерге тәуелділігі;
- Өзінен күштілерге алаңдаушылығы.
Қылмыс - адамзат кеселінің көрінісі. Бүгінге дейін бірде-бір қоғам оны жоюға қол жеткізе алмады. Қазіргі кезде шынайы міндетке - қылмыстың өсу қарқынын төмендетуді және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұруды әлеуметтік, саяси шыдамдылықпен бақылауға алуға жұмылдыру қажет.
Ішімдікке салыну (алкоголизм) . Бұл девианттық мінез-құлықтың келесі формасы. Ежелгі қоғамдарда ішімдік және кейбір есірткілер (мысалы, улы саңырауқұлақтар), наным-сенімдер мақсаттарында қолданылған. Ежелгі гректер мен римдіктерде тіптен шарап Құдайы (Вакх және Либер) болған. Антикада шарапты ішудің алдында оның жартысына су қосқан. Ішімдікті ішуге тек 30 жастан асқан ер адамдарға рұқсат етілген.
Орта ғасырда күшті ішімдіктер байлардың иелігінде болған. Шаруалар мен қолөнершілер негізінен мейрамдарда ішетін еді. Этил спиртін өндіру ашылғаннан кейін (ХVІІІ ғ. ) дамыған елдердің төменгі топтары ішімдікті жиі тұтынуға мүмкіндік алды. Осы кезден бастап ішімдікке салыну проблемасы қоғамдық маңыздылыққа ие болды.
Ішімдікті тұтыну деңгейінің көрсеткіші тұтыну құрылымы туралы мәліметтермен үйлестіргенде ғана мағынаға ие болады. Сондай-ақ мысалы, тұтынудың жиілігі, ұзақтығы, ас қабылдаумен байланысы сияқты бірқатар сипаттамаларды да ескеру қажет. Халық арасында ішімдіктің жалпы көлемін бөлу ерекшеліктері де: ішетіндердің, ішпейтіндердің, орынды ішетіндердің саны мен құрамы; ер адамдар мен әйел адамдардың арасында, жасына қарай және басқа да әлеуметтік-демографиялық белгілері бойынша ішімдікті тұтынуды бөлу де маңызды.
Бір дәрежеде мас болудағы мінез-құлықты және осы мінез-құлықты бағалауда социомәдени және этникалық топтарда мәнді айырмашылықтар бар. Жоғарыда айтылған барлық сипаттамалар ішімдікті тұтыну моделі ұғымына кіреді.
Қоғамның ішімдікпен күресі тарихынан оның екі бағытта жүргізілгенін байқауға болады. Біріншіден, ішімдікке қол жеткілікті шектеу, оларды сатуды және өндіруді қысқарту, бағаны арттыру, тыйым салулар мен шектеулерді бұзған үшін жазалау шараларын күшейту. Екіншіден, ішімдікті тұтынуды азайту бағытына күш салу, өмірдің әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту, жалпы мәдениет пен руханиятты арттыру, ішімдіктің зияндығы туралы байыпты, салмақты ақпарат тарату, халықта ішімдіксіз мінез-құлық стереотиптерін қалыптастыру.
Ішкіштікпен күрес тарихы кейбір елдердің аумағында (Англия, АҚШ, Финляндия, Ресей) «құрғақ заңды» енгізуге тырысудың болғанын да біледі. Олардың бәрі де өз мақсаттарына жетпеді, өйткені ішімдіктің болуы ішімдікке салынудың бір ғана және басты себебі ғана емес. Маскүнемдік пен ішімдікке салынуды жою проблемасы аса күрделі болып табылады, ол экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық, демографиялық, заңдық және медициналық аспектілерді қамтиды. Тек қана барлық аспектілерді есепке алып, оны табысты шешудің мүмкіндігі бар.
Осылайша, ішімдікке салынумен күресті мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық және медициналық ұйымдар жүргізеді. Ішкіштерге олардың туыстары мен жақындары үлкен ықпал ете алады. Өзін-өзі тежеу өте маңызды. Оған ішімдіктің денсаулық үшін зияны туралы және маскүнемдіктің әлеуметтік салдарлары жөніндегі дер кезіндегі ақпаратта ықпал етеді.
Есірткі. Есірткі тұтыну девианттық мінез-құлықтың келесі бір формасы болып табылады. Наркомания термині гректің «narke» - естен айырылып қалушылық және «mania» - «құтыру, есалаңдық» сөзінен шыққан.
Есірткіні өсіру мен тұтыну дәстүрінің кем дегенде 2, 5 мың жылға жететінін айту керек. Скифтердің шарап сияқты «жемістер түтініне» мас болғаны жөнінде кезінде Геродот та жазып кетті. Есірткіні тұтыну мәдениеті Шығыста - Үндістан, Қытайда, Араб елдерінде көбірек тараған. Еуропа мен Америкада есірткі заттарын тұтыну отарлық дәуірде тез тараған еді. Бұған химияның, көліктің дамуы, адамдардың көші-қоны, медицинадағы табыстар ықпал етті. Қазіргі кезде есірткі заттарын өсірудің ірі орталықтары Үндіқытайда, Колумбияда, Ауғанстанда жұмыс істейді.
Дамыған және дамушы елдердегі он миллиондаған адамдар есірткіні тұтынады. АҚШ-та, мысалы, олар 30 млн. адамнан асады. Есірткі проблемасы Ресейді де айналып өтпеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2002 жылдың соңына қарай нашақорлардың саны 3-3, 5 млн. адамға артқан, ал есірткінің дәмін алғаш татқандардың жас мөлшері 11 жасқа дейін төмендеген. Бұл ұлттың денсаулығы мен генофонына өте қауіпті. Есірткі проблемасы балалар өлімі, жаңа туған балалардан бас тарту, білім деңгейінің төмендеуі, есірткі саудагерлерінің енуіне мемлекеттер шекараларының ашықтығы, заңнаманың жетілдірілмеуі, полицияның, кеденнің есірткі заттарын өсіруге, тасымалдауға, сатуға, таратуға жұмысының әлсіздігі сияқты әлеуметтік және саяси проблемалармен байланысқан.
ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басында есірткі проблемасы Қазақстанда жалпы ұлттық масштабқа айналды. Есірткіні тұтыну нашар қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген отбасыларынан шыққан жасөспірімдерде, жұмыс істейтін және оқитын жастарда, балаларда (әсіресе үйсіз-күйсіз), жұмыссыздар мен бомждарда айтарлықтай кеңінен тарады.
Есірткіні тұтыну мен СПИД, гепатит С вирусының жұғуы, антитазалық пен қауіпсіздік шараларын сақтамау жағдайында тамыр іші инъекция арқылы берілу арасында тығыз байланыс бар.
Қазіргі кезде ғылымда есірткіні тарату мен тұтыну проблемаларын зерттеудің алуан түрлі амалдары қалыптасқан. Әлеуметтану амалы тұрғысынан әлеуметтік факторлар анықтаушы болып табылады: әлеуметтік жағдайлар (кедейшілік, жұмыссыздық), әлеуметтік орындар (мәртебесінің төмендігі, баюға тырысу), мәдени және діни дәстүрлер. Психологиялық амалды жақтаушылар индивидуалдық факторларды басты назарға алған: көңіл көтеру, ләззат алу, жан рахатына тырысу, шынайы проблемалардан кетуге ұмтылу.
Есірткінің биологиялық тұжырымдамасы бұл құбылысты адам организмінің физиологиялық негізде және оның тұлғаның мінез-құлқына ықпалы негізде түсіндіреді.
Осылайша есірткі - бұл ең алдымен жастардың әлеуметтік-саяси проблемасы. Нашақорлардың айтарлықтай бөлігі, әсіресе «радикальді» (опийлық мак өндіретін) есірткі деп аталатын есірткіні тұтынатындардың өмірі кемел жасқа жетпейді.
Бүгінде нашақорлыққа қарсы әрекеттің басты бағыттары болып саяси шаралар (есірткіні таратуға қарсы күрестің ұлттық бағдарламасын жасау, қажетті заңдарды қабылдау, бюджеттен қаражат бөлу және т. б. ), құқықтық және әкімшілік шаралар (есірткі заттарын өсірумен, өндірушімен, сатумен және солармен жалғасатын қылмыстармен күрес), денсаулық сақтау шаралары (психологиялық және медициналық ақтау, есірткіге тәуелділерді емдеу, салауатты өмір салтын насихаттау) .
Суицид. Суицид (өзіне-өзінің қол салуы) - бұл өз өмірінен саналы түрде айырылатын девиантты мінез-құлықтың формасы. Бұл саналы түрде өз өмірін тоқтату, сондықтан 5 жасқа дейінгі балалардың өз өмірлерін тоқтатуы ес-түсін білмейтін күйдегі суицид деп мойындалмайды.
Өзіне-өзі қол салуды индивидуалдық әрекет ретінде, яғни нақты адамның суициді ретінде түсіндірумен қатар, белгілі бір қоғам өмірінде орны бар статистикалық тұрақты әлеуметтік құбылыс та түсіндіріледі.
Осылайша, суицид - өз өмірін саналы түрде тоқтату, өзін өлтіруге жасалған артықша тәуекел. Енжар типті ауытқыған мінез-құлықтың бұл формасы шешілмейтін проблемалардан, өмірдің өзінен кетудің тәсілі болып табылады.
Әр дәуірдің және әр мәдениеттің бұл құбылысқа берген өз бағалары болды: өзіне-өзі қол салуды жиі айыптады (христиан моралі тұрғысынан өзін-өзі өлтіру ауыр күнә саналған), кейде белгілі бір жағдайларда оған жол берді, оны міндетті деп санады (мысалы, Үндістанда жесірлердің өзін-өзі өртеуі сати салты немесе самурайлардың харакириі) . Нақты суицидтік актілерді бағалау тұлғаның ерекшеліктеріне, уәждер мен жағдайға байланысты. Зерттеудің көрсеткеніндей, суицидтік мінез-құлықты арандататын фактор болып саналатын ерекшелікті қисындастыруға: жыныс, жас, білім, әлеуметтік және отбасылық жағдай сияқтылар жатады. Өзіне-өзінің қол салуын зерттеудің әлемдік тәжірибесі суицидтік мінез-құлықтың негізгі заңдылықтарын анықтаған. Суицидтер көп жағдайда жоғары дамыған елдер үшін тән және бүгін де олардың санының арту тенденциясы орын алып отыр. Суицидтік белсенділіктің белгілі бір уақыт циклы бар. Көктемгі-жазғы үдеме фактісін және оның күз бен қыста төмендейтін кезінде Э. Дюркгейм атап көрсеткен. Өзіне-өзі қол салу саны сейсенбі күні артады, ал сәрсенбі-бейсенбі күндері төмендейді. Аптаның соңы ер адамдар үшін «қауіпті». Өзін-өзі өлтіру іске асқанда ерлер мен әйелдер арасындағы ара салмақ шамамен 4:1 және 4:2 талаптан көрінеді, яғни ер адамдардың суицидтік мінез-құлқы трагедиямен жиі аяқталады. Ауытқудың бұл формасының көріну ықтималдығы жас тобына байланысты атап өтілген. Өзін-өзі өлтіру 55 жастан кейін және 20 жасқа дейін жиі жасалады, бүгінде тіптен 10-12 жастағы балалар да өзін-өзі өлтіретін болды. Әлемдік статистика суицидтік мінез-құлықтың қалаларда, жалғыз бастылардың арасында және қоғамдық иерархияның соңғы полюстерінде жиі болатындығын дәлелдеп отыр.
Революцияға дейінгі Ресей мен Қазақстан да өзіне-өзі қол салу деңгейі төмен елдердің қатарына жатты. Отбасылық қатаң байланыстар, үлкен отбасында өмір сүру дәстүрі, деревня, ауыл қауымдастықтары, олардың сыбайластығы, балаларға тұрақты қамқорлық жасау, отбасын асырау - осының бәрі қоғамның ынтымақтастығын нығайтты.
Сонымен бірге индустриаландыру және урбанизация үрдісі, мәдени және әлеуметтік жіктелу қоғамдағы ынтымақтастықтың төмендеуіне жеткізді, бірте-бірте өзін-өзі өлтіру деңгейін арттырды.
Бұрынғы КСРО аумағындағы суицид мінез-құлқын зерттеу бірқатар ерекшеліктерді анықтады. Кеңес Одағының бұрынғы барлық республикаларын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: бірінші - бұрынғы КСРО Еуропалық бөлігіндегі республикалар, Ресей, Грузия бұларда қала халқы арасындағы өзін-өзі өлтіру деңгей селолықпен салыстырғанда төмен және ол шамамен 70 % құрайды; екінші - Орта Азия, Закавказья (Грузиядан басқасы), Қазақстан Республикалары, мұнда селолық жерлермен салыстырғанда қалаларда өзіне-өзі қол салу деңгейі орта есеппен 2 есеге артық. Бірінші арақатынасты еуропалық деп айтуға болады, ал екінші - өзін-өзі өлтірудің тараған азиялық типі. Өзіне-өзі қол салудың азияттық типінің тарауы ұлттық-діни дәстүрлермен түсіндіріледі, тұлғааралық қатынастар ерекшеліктерімен, көп балалы отбасының санының көптігімен, урбанизациямен айқындалады; еуропалық-селодағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қолайсыздығымен, деревнялық өмірдің тұралауымен, еңбекке қабілетті селолықтардың қалаға кетуімен, село тұрғындарының жас ұлғаюымен түсіндіріледі. Осы себептермен қалалар арасында өзін-өзі өлтіру бойынша шағын және орташа қалалар көш бастап келеді.
Суицид проблемасына, жоғарыда атап өтілгеніндей, қоғам жағдайымен қатар басқа да факторлар ықпал етеді. Мысалы, ХХ ғасырда білім деңгейі және әлеуметтік мәртебе суицидтік фактор саналған. Сонымен бірге қазіргі Қазақстанда білім және әлеуметтік орын деңгейі төмен әлеуметтік топтарда (жұмысшылар, жұмыссыздар, тұтқындар) суицид тәуекелдігі жоғары. Суицид тәуекелдігі жоғары топқа, сонымен қатар әскери қызметкерлерді (әсіресе мерзімді қызметтегі), өздерінің қоршағандармен байланысын жоғалтқан адамдарды жатқызуға болады.
Егерде өзін-өзі өлтірудің басты себебі қоршағандармен байланысын жоғалтудан тұрса, онда суицидті емдеу және ескерту ең алдымен индивидке өзінің нақты адамдарға, жалпы қоғамға қажеттілігі мен пайдалығын көрсету арқылы оның әлеуметтік топпен байланысын қалпына келтіруден, нығайтудан тұруы тиіс. Әсіресе мұндай көмекті психикасы тұрақсыз, эмоционалды адамдар, көңілшек кісілер, ортақ істен қол үзген, саясатқа қызықпайтын, елімен бірге өмір сүрмейтін адамдар қажетсінеді.
Психопатологиялық девиацияларды емдеу оларға дер кезінде медициналық көмек беруден және одан кейін девианттың медициналық-психологиялық және әлеуметтік ақталуынан (реабилитациядан) тұрады. Психикалық ауру адамдардың емделуі мен ауруының алдын алуды реттейтін қазіргі ізгі заңнаманың болуы аса маңызды.
Әлеуметтану ғылымында бүгінгі күнге дейін аддикция проблемасы аз зерттеліп отырғанын айтуымыз қажет (аддикция - бірдемеге зиян жасауға бейімділік) . Бұл құбылыстың пайда болу және өту механизмін түсінбейінше, менің көзқарасымша, ішімдікке салынуға, нашақорлыққа және басқа да девианттық, деструктивтік мінез-құлық формаларына талдау жасау қиын.
Аддиктивтік мінез-құлықтың мәні белгілі бір нәрселерге немесе қызмет түрлеріне кейбір заттарды қабылдау арқылы немесе назар тоқтату
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz