Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар

Орындаған : Қанатова Б.

Тобы: ВМ-201

Тексерген : Муратбаев Д. М.

Семей 2015 ж

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Шешек анықтамасы

2. Қой шешегінің қоздырушысы

3. Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.

Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т. б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.

Шешек интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру.

Шешек туралы алғашқы деректер б. д. д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б. д. д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә. Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.

Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.

Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі) .

Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады.

Қоздырушысы. Шешек вирустары Рохviridае (ағылшынша рох-шешек) тұқымдастығының Сһоrdорохvіrіпае тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқа да түрлері бар.

http://grounde.ru/wp-content/uploads/2014/04/lechenie-ovec-ospa-cenuroz-5-520x245.jpg

Аурудың өтуі мен симптомдары . Әр түрлі жануарларда сол түліктің ерекшеліктеріне, жасына, вирустың уыттылығына, денеге енген жолына байланысты шешектің клиникалық байқалуы әр алуан болып келеді. Сондықтан да шешек сүт қоректі жануарларда үзікті, тұтасқан және қанталаған түрде кездеседі.

Үзікті түрде шыға бастаған шешек көбеймей, барлық өрбу сатысынан өтпестен тез жоғалып кетеді. Жалпы күйі оншама өзгермейді, дененің ыстығы да аса көтерілмей ауырған мал тез сауығады,

Тұтасқан түрі кезінде терінің мол аумағын қамтыған везикулалар бір-бірімен қосылып қолдырап тұрады.

Кейіннен қабыршақтанып, оның астына ірің жиналады. Тұтасқан шешек кезінде дененің ыстығы жоғарылап, жануардың жалпы күйі нашарлайды.

Қанталаган, немесе қара шешек кезінде пустулалардың іші мен тері қаңталап, жануардың танауынан қан кетіп, қан құсып, ішінен қан өтеді. Мал тез арып, өліп кетеді.

Қойда (қоздырушысы - Sһеер сарrіорохvirus ) жасырын кезеңі 7-8 күн. Бастапқы клиника алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп, селсоқтанып, жемшөпке зауқы болмайды. Көбінесе катарлы конъюнктивит, ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады. Одан кейін көздің қабактары домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде, басында шешек шыға бастайды. Алдымен пайда болған розеола қара қошқылданып, өліеттеніп шеті қызарған, ортасы сұрғылт, тығыз келген папулаға айналды. Оның бетіндегі эпидермис сыдырылып, астындағы суланып қабынған қызылшақа тері көрінеді.

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=e12ac6c2b818b650ce087bcf08fbc84f&n=33&h=190&w=277

Кейде папулалар бір-бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып түскен қабышақтардың орнында ақтаңдақтар пайда болады. Егер терінің астыңғы қабаттары да өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн немесе одан да ұзақ уақыт өткен соң ғана барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созылады да, зілсіз өткенде негізінен мал жазылып кетеді. Өлім көрсеткіші әдетте 2-3% шамасында. Тұтасқан, әсіресе, қанталаған, шешек кезінде ауырған малдың өлімі 100% дейін жетуі мүмкін.

Дерттенуі . Вирус денеге тері арқылы және ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енеді. Теріден оның жарақаттанған немесе сызат түскен жерлерінен өтеді, ал А гиповитаминозы кезінде зақымданбаған теріден де өтуіне мүмкіндігі бар. Қанда вирустың көбеюіне байланысты аурудың бастапқы кезеңі дененің ыстығы көтеріліп, көрінетін кілегейлі қабықтардың қызарып, танаудан сұйықтың бөлінуі аркылы байқалады. Аурудың одан әрі өрбуі қоздырушысының эпителийге әуестігінен туындайтын теріде экзентема (қызамық) пайда болуына байланысты. Шешек бөртпесі деп аталатын бұл құбылыстар бірнеше сатыдан тұрады:

розеола - ауру жұққаннан кейінгі 1-2 тәулік ішінде байқалатын қызарған дақтар;

папула - келесі 1-3 күнде пайда болатын бөріткендер;

везикула - бөріткендердің 5-6 күнде қолдырап, сарғыш түсті сұйыққа толуы;

пустула - везикуланың ішіндегі сұйықтың 2-3 күнде түсі күңгірттеніп, іріңге айналуы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар туралы
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар жайлы
Шешек кезінде қолданылатын биопрепараттар
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Мал шикізат өнімдері
Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар
Тауық шешек - дифтерит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Қой шешегі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz