Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар туралы



1. Кіріспе
2. Аурудың өтуі мен симптомдары
3. Ауруды ажыратып балау
4. Емі алдын алу
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.
Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі).
Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады.
Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі.
Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады .
1. Бакулов, И.А. Пастереллез, как зооантропонозная инфекция / И.А.Бакулов, Д.А. Васильев, Д.И.Козлова. // Вопр. вет. микробиол., эпизоотол. и вет.-сан. экспертизы. - Ульяновск, 1994.- С. 26-32. 2. Бакулов, И.А. Эпизоотология с микробиологией / И.А.Бакулов, В.А. Ведерников, А.Л. Семенихин. - М. - Колос, 1997. - С. 220-221. 3. Сайдуллин, Т. Ветеринарлық індеттану. / Т. Сайдуллин, - Алматы, 1999. – 231 б. 4. Сосов, Р.Ф. Пастереллез / Р.Ф. Сосов. Эпизоотология. – М. – 1974. – С.99-101. 5. Ярцев,М.Я. Пастереллезы животных и птиц: специфическая профилактика, лечение и методы борьбы / М.Я. Ярцев, В.И. Белоусов, Г.П. Дубинина. – Госагропром СССР, ВАСХНИЛ. – М. – 1989. – 57с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ

Тақырыбы: Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар.

Тексерген:Мұратбаев Д.М.
Орындаған:Сқабаев О.Д.

Жоспары

1. Кіріспе
2. Аурудың өтуі мен симптомдары
3. Ауруды ажыратып балау
4. Емі алдын алу
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.
Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі).
Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады.
Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі.
Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады .
Індеттен ада шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану арқылы расталынады.
Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түріне байланысты) тұрады.
Патологиялық материалды алу және оны зерттеу әдістемелері. Материал алмас бұрын шешектің әртірлі кезеңіндегі жарақаттардың (везикула папула, пустула) беті спирттелген немесе эфирленген дәкемен сүртіледі. Везикуланың сұйығы, папула мен пустуланың қырындылары Пастер түтігіне алынып, түтіктің аузы қыздырылып дәнекерленеді. Жарақаттардан төсеніш әйнектерге де жағынды дайындалады. Алынған патологиялық материалдар жаз айларында міндетті түрде мұзы бар термоспен жіберілуі қажет.
Гистологиялық зерттеуге алынған материал ішінде 50%-ды глицерин, 10%-ды формалин ерітінділері бар пиала сауытқа салынып жіберіледі.
Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртібі. Материал шыны келіде келсаппен ұнтақталынады. ұнтақтан физ. ерітіндіде 10%-ды езінді дайындалып, центрифуганың 2500 айнмин 10-15 минут айналдырады. Тұнбаның бетіне түзілген мелдір сұйық бөлініп алынып, үстіне пеницилин, стрептомицин, нистатин қосылып шайқалып, 4°С 8-12 сағат ұсталынады.
Биологиялық сынама вакцина егілмеген жануарлар мен құстарға ғана қойылады. Оларға жоғарыда көрсетілген тәртіппен дайындалған материял физиологиялық ерітіндіде сұйытылып (1:1) әртүрлі жолмен жұқтырылады. Қой мен ешкінің құйрығының астының тері ішіне, доңыздың бүйіріне енгізеді. Тауық балапандарының бірнеше мамығы жұлынып, орындары щетканың көмегімен дайындалған материалмен ысқыланады.
Сынама 10 күн бақыланады. Материал жұқтырылған тері аймақтарында ауруға тән жарақаттар байқалып, вирусологиялық әдістер оң нәтиже көрсетсе лабораториялық зерттеу доғарылып шешектің нақтылы балауы қойылады.

Аурудың өтуі мен симптомдары
Әр түрлі жануарларда сол түліктің ерекшеліктеріне, жасына, вирустың уыттылығына, денеге енген жолына байланысты шешектің клиникалық байқалуы әр алуан болып келеді. Сондықтан да шешек сүт қоректі жануарларда үзікті, тұтасқан және қанталаған түрде кездеседі.
Үзікті түрде шыға бастаған шешек көбеймей, барлық өрбу сатысынан өтпестен тез жоғалып кетеді. Жалпы күйі оншама өзгермейді, дененің ыстығы да аса көтерілмей ауырған мал тез сауығады,
Тұтасқан түрі кезінде терінің мол аумағын қамтыған везикулалар бір-бірімен қосылып қолдырап тұрады.
Кейіннен қабыршақтанып, оның астына ірің жиналады. Тұтасқан шешек кезінде дененің ыстығы жоғарылап, жануардың жалпы күйі нашарлайды.
Қанталаган, немесе қара шешек кезінде пустулалардың іші мен тері қаңталап, жануардың танауынан қан кетіп, қан құсып, ішінен қан өтеді. Мал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар
Қой шешегі кезіндегі биопрепараттар жайлы
Шешек кезінде қолданылатын биопрепараттар
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Мал шикізат өнімдері
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар
Тауық шешек - дифтерит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Қой шешегі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Пәндер