Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы :Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары мен кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Тексерген: Бураханова А. Т
Орындаған: Джангулова А. Т.
Тобы: Пх-415
Семей 2015
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығудың әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білім алуына көп жәрдемін тигізеді. Оқу қызығулары оқушыларда оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктеріне байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде-біреуіне нақты тұрақтамайды. Мұндай “көрсе құмар” әуесқойлық қасиеттер адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай, Қ. Б. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов және т. б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше, материалдық, қоғамдық-саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық болып келеді. Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары: оқуға, ғылымға (математика, химия, биология, философия т. б. ), ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің түрлеріне, мамандықтарға байланысты болып бөлінеді.
Эстетикалық қызығулар: кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне және т. б. сәйкес жіктеледі. Адам объектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады, осы тұрғыдан қызығудытікелей және жанамадеп екіге бөлуге болады. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады да, жанама қызығу - бұл әрекеттің түрткі нәтижесін қажетсінуінен туындайды. Мұндай қызығу барысында адам көздеген мақсатқа біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге т. с. с. қызығу. Жанама қызығу тұрақты болып келетін болса, адамның ісі оңға басып, ол әрнәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мысалы: бір адамдар саяси мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға, әдемілікке қызығады. Ал, үшінші біреулері ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым танымдық қызығушылықтармен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар да кездеседі.
Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін бала тікелей бір әрекеттермен айналысуы қажет. Мұғалім не тәрбиеші балалардың қызығуын тәрбиелеудеолардың өзіне әлі де мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру үшін әрекет жасауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, зерігуді білмейтін, жан-жақты, қабілетті адам болып шығады.
Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Оқудың теориялық - əдіснамалық негізі - материалистік таным теориясы (гносеология) . Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды, бірақ оны танып білуге болады.
Таным -
бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі.
Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы - тікелей байқап, сезуден бейнақты ойлауға, одан практикаға өту.
Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандай да құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Бейнақты (абстракт) ойлау əрекеті танымға түскен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтауға, түсінік, пікір, ұғымдарды игеруге, зат не құбылыстар арасындағы мəнді, қажетті де тұрақты байланыстарды ашып, заңдар мен заңдылықтарды өрнектеуге мүмкіндік береді.
Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам жəне адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.
Қызығуды, ақыл-ой қабілетін дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я. А. Коменскийдің XII ғасырда жазған «Ұлы дидактика» атты еңбегінде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет», - деп ерекше атап өтті. Я. А. Коменский дидактикалық принциптерді ұсына келіп, ақыл-ой әрекетін дамытуда мұғалімнің рөлі туралы жазған болатын. Ол: «Таным бастамасы -сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек», -дейді. «Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өздігінен тұжырым жасауын дамытуды - білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын», - деп жазды .
Оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді әдіс-тәсілдермен дамыту мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Мұғалім оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгертеді және оқушыны танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алу жолдарына қалыптастырып, оларға бағыт беріп, жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.
Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыру әдістемесі. Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау т. б. ) оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді. Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту үшін оқу процесі және мұғалімнің жеке тұлғасын ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Яғни, білім беруші мен білім алушы екеуінің арасындағы дидактикалық үдерістің барлық аспектісі педагогикалық тұрғыдан зерттелуі тиіс. Бұл мәселелер тек қана оқыту мен дамыту бағдарламасында ғана шешіледі. Өйткені бұл бағдарламалар балалардың дамуына ықпалын тигізіп, оқытудың барлық тәсілдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады. Оқыту мен дамыту бағдарламалары баланың қабілеттерінің дамуы мен білімді меңгеру бағыттарын бірдей дамытатын бағдарламалар болуы қажет.
Оқу мазмұнын арттырудың бірінші тәсілі, әр тақырыпты терең, шығармашыл сипатта меңгерту болып саналады. Ал екіншісі - тиімділік принципі, пән бойынша идеялар мен түсініктерді ортақ сапа ретінде қолдану оқу материалын тиімді меңгертуге, оқу процесінің тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Зерттеушілер пікірінше, дарынды балаларды осы жүйемен оқыту тиімді деп саналады.
Оқушылар бойына танымдық қызығушылықты сіңіру - көп уақытты, мерзімді қажет ететін үрдіс. Жоғары оқу орындарында педагогикалық үрдісті мектеп бітірушілердің бойындағы ізгі қасиеттерді ескере отырып, ұйымдастырған жағдайда ғана жұмыстың нәтижесі жоғары деңгейде көрінеді. Бұл мәселеден мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық қажеттілігі туындайды.
Мамандыққа бағдар беру жұмысында әр балаға өзінің психологиялық
ерекшеліктерін анықтап, барлық жұмысқа қажетті ашық-жарқындылық,
сыйысымдылық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың мәні өте
терең. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық
оқушылардың жеке-даралық психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың
қызығушылықтары мен қабілетін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық
және сапалық жағынан толық бағалап шығуға болады.
Мамандық таңдау - саналы түрде меңгеретін, өз болашағын жобалау тәсіліндей жеке және кәсіби өзін-өзі анықтау. Мамандық- professio - деген француз тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағынаны береді. Мамандықты дұрыс таңдау әр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан. Мамандық таңдау - адам өмірінің ең күрделі де жауапты қадамдарының бірі, яғни болашақ өмірдің мәні деуге болады. Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз - бұл өмірде белгілі бір орынға ие болу. Кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталу нақты еңбек түріне, еңбек нарығындағы ұтқырлыққа, сол нарықта бағдарлану іскерлігіне және оның өзгерістер тенденцияларына ілесе алуға субъекттік қарым-қатынасты қалыптастыруды қарастырады. Оқушы болашақ өмірінің мазмұны мамандықты дұрыс таңдауына тәуелді екендігін жақсы түсінген жөн. Өмірлік жоспар - бұл жалпы әлемдік көзқарасты іздестіру жолының анықталуы мен нақтылануы. Өмірлік жоспардың мағынасы кең. Ол тұлғаның өздігінен анықталу саласын, яғни моральдық бет-бейнесін, өмірлік стилін, байланыс деңгейін толығымен анықтайды. Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін әлеуметтік факторлар қатары:
- достық қарым-қатынас;
- Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, телебағдарлама) ;
- педагогикалық ұжым: сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, оқу ісінің меңгерушісі және мектеп басшысы;
- жанұя;
- оқу пәндері;
- сыныптан тыс жұмыстар;
- ұйымдастырушылық;
- еңбек өндірісі мен қоғамдық пайдалы жұмыстар;
- мектептен тыс жұмыстар бола алады.
Мамандық таңдау бұл пән емес, тұлғаның рухани даму процесі. Сондықтан, кәсіби тұрғыдан өздігінен анықталудың ғылыми теориясын құру кезінде, өздігінен анықталудың ішкі заңдылықтарына және психологиялық негіздеріне көп мән беріледі. Яғни, мамандық таңдау және тұлғаның дамуы біртұтас жүйе болып саналады. Мамандықты таңдау туралы бала сонау мектеп жасына дейінгі кезеңнен-ақ ойлана бастайды.
Өсе келе, ол нақты соңғы шешімі пісіп жетілгенге дейін бірқатар өзгерістерден өтеді. Адам балалық шынайылықтан әлеуметтік есеюге дейінгі жылдардан өту барысында бірнеше өтпелі кезеңдерден өтеді. Әрбір кезеңде мамандықты таңдаудың әр түрлі принциптеріне басшылық жасайды.
Таңдаудың бірінші сатысы 9 сынып бітіру кезеңінен басталады. Мұнда жасөспірім қандай да бір кәсіби орындарын (кәсіби оқу орны, колледж) таңдау немесе жалпы білім беретін мектептерде оқуды жалғастыруды таңдау керек.
Таңдаудың екінші сатысы - орта мектепті бітірген соң арнайы білім алуды таңдайды.
- Таңдаудың үшінші сатысы- кәсіби саланы анықтау болып табылады. Кәсіби сала бірнеше мамандықтарды қамтитын іс-әрекеттің сферасын қамтиды. Мысалы: заңгер (кәсіби сала) адвокат, прокурор, нотариус, сот т. б. мамандық бола алады.
- Таңдаудың төртінші сатысы- мамандық таңдау.
- Таңдаудың бесінші сатысы- нақты жұмыс орнын таңдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz